Би-би-си телерадиокорпорациясы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3-10
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. Би-Би-Си тарихына шолу
1. 1. Би-Би-Си-дің Дүниежүзілік радио жэне телеқызметі 11-22
1. 2. Би-Би-Си-дің халықаралық хабар тарату қызметі және олардың берілу ерекшеліктері 23-30
II. Би-Би-Си радиосының Дүниежүзілік Қазақ қызметі
2. 2. Би-Би-Си радиосындағы Дүниежүзілік Қазақ қызметінің
казақ тіліндегі хабарлары 31-40
ҚОРЫТЫНДЫ 40-46
Сілтемелер көрсеткіші 47-48
Пайдаланылған әдебиеттер тізііиі 49-50
КІРІСПЕ
Бүгінгі нарық заманында ақпарат беру әдісі бұрынғыдан тым өзгеше, мүлдем жаңаша сипатқа ие болғаны ақиқат. Бұл бүгінгі заманғы акпараттың уақыт кеңістігін еркін әрі батыл, эрі көз ілеспес шапшаңдықпен билеп алуына байланысты туындап отырған жайт. Дэл осы тұргыдан алғанда, электронды бұқаралық ақпарат кұралдарының ішінде телерадионың бірінші орында тұрғанын кімде-кім мойындайды. Радио - сөз қ ұдіретінің басымдылығымен, қиялдау мүмкіндігінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Хабар тыңдап отырған кезде, дауыс ырғағының эсерінен оқиға желісін ойша көз алдыңызға келтіріп отырасыз. Адам даусы да радио аркылы кез-келген жерге, миллиондаған үйге бірден ене алады. Сондықтан да, көпшілік қауым үшін радионы қандай жағдайда болмасын тыңдау мүмкіндігі басым. Ал телехабарлар тыңдарманның сезіміне түрткі бола алады. Басқа ақпарат кұралдарына қарағанда, телебағдарламалардың мүмкіндігі, яғни, адамдармен қатынасқа баруы тіпті оңай. Оның басты ерекшелігі де, негізгі артықшылығы да осында жатса керек-ті.
Бүгінгі күні миллиондаған, мыңдаған радиостанциялар, миллиардтаған радиоқабылдағыштар, сансыз шығып жатқан газет-журналдар, сан-салалы басылымдардан келіп түсіп жатқан хабар-ақпарат тасқынында ешқандай тосқауыл жоқ.
Қоғамдық телерадио кеңесі кез-келген елдің хабар тарату жүйесіндегі ең жоғары басқарушы мекеме боп саналады. Сол себепті де оның мүшелері кандай да бір саяси партияның немесе кәсіподақтың қүрамында болмаулары керек. Елдегі телерадио заңына бағына отырып, теле жэне радио өнімдерін тіркеу және оларды эфирге беру, қоғамдық телеарналар үшін жиналатын лицензиялык төлемакыны реттеу, бақылау мүның бәрі осы кеңестің атқаратын қызметтеріне кіреді. Сондықтан кеңестің эу бастагы атқаратын ісін қоғамдық арнадан әсте бөліп карауға болмайды.
Сондай-ақ, қогамдық телеарнаның халықпен байланысы элбетте абоненттік төлемге тэуелді болады. Телеарна қажетті каржысының біраз мөлшерін жарнама кірісі арқылы да түгендеуге қүкылы.
Қоғамдық телеарнаның болсын, радионың болсын бағдарламалық хабар тарату саясаты елдегі БАҚ туралы заң арқылы реттеледі. Заңның телерадиоға берері сол, мемлекеттік, я қоғамдық телеарнада болсын мейлінше еркін ақпарат тасымалдауға кепілдік болады. Ал түрлі мемлекеттік құзырлы мекемелердің телерадио қызметіне араласуы тек заңдық-кұкыктык негізде ғана жүзеге асады.
Отандық телевизияға қойылатын талап та оның адамгершілік-кұкыктык сипатқа сай болып, қоғамның діни наным-сенімін қастерлеуі мен христиандық қүндылықтарды аяқ асты етмеуді ұсынады. Ал қоғамдық телеарнаға артылатын жауапкершілік оның халықтың үдесінен шығып, көрерменнің қажеттілігін қанағаттандыра білуде ақпараттық, танымдық, мәдени, діни, саяси және шетелдік хабарлардың міндетті түрде камтылуын талап етеді. Жарнамалық өнімдердің мөлшері сағатына 12 пайыздық көрсеткіштен артыдмауы керек. Эфирлік көрсетілімдерді аяк астынан жарнама арқылы бөліп жіберуге мүлдем рүқсат етілмейді. Темекі мен алкоголь өнімдерін насихаттауды айтпағанда, қыл аяғы дәрі-дәрмектің өзін жарнамалауға жол жоқ.
Енді "Бүгінгі көпшілік неге халықаралық радиохабарларды, әлем елдеріне тарайтын телеарналарды тыңдауға құмар?" деген сұрақка аз-кем жауап іздеп көрейік. Бұл сауалға кезінде ЮСИА коммуникациялык зерттеулер бастығы Шервуд Демиц "Оның басты себебі - бүгінгі қоғамның ақпараттарды шынайы қалпында тыңдаіысы келетіндігінен" деп жауап берген екен. Айта кететін нэрсе, халықаралық жэне ішкі жағдайлардағы дағдарыс кезеңдерінде де радиохабарлардың да, телебагдарламалардың да бағасы арта түсті. 1991 жылдан бастап қысқа толкынды радиокабылдағыштар қолдан-қолға тимеді, -деп жазады Голландияның "Медиа Нетуорк" апталығының редакторы Джонатан Маркс /1/. Дүниежүзінде сыртқа радиохабарларын тарататын елдер қатары күннен-күнге көбейе түсуде. Сонда мемлекеттер арасындағы халықаралық қатынастарды реттеуде электронды ақпарат құралдарының рөлі кандай, телерадионың маңызы неде? Бізді ең алдымен өзге елден казақ тілінде тарайтын радиолардағы хабарлардың қаншалықты өз аудиторпясын тауып жатқандығы, нендей деңгейде өз тыңдаушыларына жетіп жатыр, тыңдармандар мөлшері қанша деген сұрактар мазалайды. Халықаралық радиолар жайлы, олардың насихатгық рөлі туралы кеңестік кезеңдердің өзінде еңбектер көп жазылды. Бірак "кырғи-қабақ соғыс" әсерінен ол кітаптардың сарыны бөлектеу. Халықаралық хабар алмасу мәселелері, шетелдерге хабар тарату, журналистердің жұмыс істеу тәртібі, шарты, радио-теле хабарлар*ға қатысты көптеген мәселелер жыл сайын елімізде өтетін Еуразиялық Медиа Форумда да, Тынық Мүхиты аймағы елдерінің Бас Ассамблеясында да талқыланып келеді. Елбасы Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаевтың "БАҚ халықтың үні ретіндей сөйлейтін болсын, халыққа жақ, санаға сақ болсын" 121 деген түжырымы бүгінгі журналистиканың қай саласында болмасын, негізгі қағидаға айналуы тиіс. Жақында ғана Алматыда өткен бесінші Еуразиялык Медиа Форумда Елбасы бүгінгі қазақ журналистикасының алдындағы маңызды міндеттердің бірі -халықаралық дещейге жету және әлемдік ақпарат кеңістігінен өз орнымызды табу екендігін қадап айтқан болатын. Міне, осы міндеттерді жүзсге асыру үшін, әлемдік ақпарат үлгілерінің тәжірибесінс сүйснеміз. Қоғамның жаңаруы, жаңаша саяси ойлау, акпараттар алмасу нәтижесінде тар шеңберден шығып, ең бастысы дамыған елдермен тікелей қарым-қатынас жасауға кол жеткізіп. өз көзімізбен көру мүмкіндігіне ие болдық. Әлемдік ақпараттарды каз-калпында "Рейтер", ЮПИ, АП секілді агенттіктерден алып, "Америка даусы", "Би-Би-Си", "Азаттық" сиякты халықаралық радиоларды кез-келген уақытта тыңдауға мүмкіндік туып отыр. Әңгіменің турасына көшетін болсақ, қазір шетелден казақ тілінде тарайтын электронды ақпарат қүралдары санаулы ғана. Қазақ тілінде шетелден тарайтын электронды БАҚ дегенде, ең алдымен Би-Би-Си-дің Қазақ қызметін еріксіз атаймыз. Сондай-ақ, Прагадан тарайтын каншама жылдык тарихы бар 'Азатіык радиосы" қазақ қызметінің де халықаралық радиожиілікте алагын орны айтарлықтай. "Америка даусы", "Би-би-Си" спякты радиостанциялардан қалыс қалмайтын "Азаттық" пен Монголиядагы 130 мың казаққа хабар тарататын "Бай-өлке" аймақтык радиосының табиғаты эр түрлі болса да тегі бір, көтеретін мпселе^і ортак.
Жалпы, ұлттык сана-сезімнің дамуында шетелден казақ тілінде тарайтын радиостанциялардың о рны бөлек. Бүкіл казақтың руханн. мәдени қажетіне жарайтын бұл ақпарат кұралдары әлі дс герең, молырақ зерттеуді талап етеді. Біреуі -Еуропадаи, бірі - Азиядан ана тілінде хабар тарататын радиожиіліктер дүниежүзіндегі қазақтардың бірлігін сақтап, рухани, мәдени, тілдік дэстүрлерін өрістетуге одан әрі ықпал жасайтындыға айқын. Шетелде тек экономикалық жағынан ғана емес, рухани мұраға бай казак ұлтының өкілдері бар екендігі көпке белгілі. Шет аймақта да мерзімдік басылымдар, қазақ тілінде бар. Халықаралық радиостанциялар мен телебағаналар қашаннан сыртқы саяси насихаттың басты қаруы болуымен ерекшеленсе, ал қазіргі кезде аймақтық, жергілікті радиолар мен телеарналардың қызметі мен рөлі де біршама артып отыр.
Жариялылық кезінде Би-Би-Си, "Америка даусы", "Азаттық" радиоларының тыңдаушылары азайган жоқ. "Әлемдік диапазондағы" бұл станцияларды бір мезетте ең кем дегенде 200 миллионнан астам адам тыңдайды. Тыңдарманы ең көп - Би-Би-Си - 150 миллион адам, одан кейінгі орында "Америка даусы", содан соң "Азаттык" пен "Азат Еуропа" радиостанциялары.
Әлемді қамтыған бостандық толқыны нэтижесінде аудитория халықаралык радиоға өте-мөте көңіл аударды. Қазіргі таңда Би-Би-Си-ді тұрақты түрде әлем елдерінде миллиондаған адам тыңдайды, ақпарат алмасады. ¥лыбританияның тарихымен біте қайнасып жатқан Би-Би-Си телерадиокешенінің бүгінгі таңда өзіндік мақсат-мүддесі де айқындалған. Алдына койған міндеті де ерекше: "Мы ставим перед собой цель быть самым творческим и доверяемым вещателем и создателем программ, стремясь при этом удовлетворять запросы всей нашей аудитории, информируя, образовывая и развлекая ее, обогащая жизнь зрителей и слушателей так, как не сможет один только рынок коммерческих вещателей. Мы стремимся руководствоваться нашими общественными целями; поощрять самые выдающиеся новаторские таланты Соединенного
Королевства; действовать независимо от чьих-либо интересов и искать вдохновение в высочайших этических нормах: Точность . . . , Честность . . . , Представление полного и честного взгляда на людей и традиции . . . , Редакционная целостность и независимость . . . , Уважение к частной жизни . . . , Уважение к нормам хорошего вкуса и приличия . . . , Стремление избегать имитации антиобщественного и преступного поведения . . . , Охрана благополучия детей . . . , Честность в отношении интервьюируемых . . . , Уважения разнообразия аудитории в Соединенном Королевстве . . . , Независимость от коммерческих интересов . . . " /3/ - деп жазады Би-Би-Си-дің редакция алқасы.
Бұл әлемдік ақпарат айдынында орны ерекше Би-Би-Си радиосының алға қойған мақсаты мен міндеті деп түсіну керек.
Басты байлыгымыз саналатын қазақ тілін шетелдердегі қандастарымыз, атап айтқанда, Еуропа қазақтары эфир арқылы әлемнің дүйім жүртшылыгына қалай таратып отыргандыгын негізгі бөлімде тоқталатын боламын. Ал, негізгі бөлімнін бірінші тарауында Би-Би-Си радиосының қалай дүниеге келгендігі, дамуы халықаралық жағдайға сэйкес әңгімелеуге тырыстым. Сондай-ақ, Би-Би-Си-дің Дүниежүзілік Қазак қызметінің "әлемдік диапазондағы" орны да сипатталды.
Бітіру жұмысыныц негізгі нысанасы Дүниежүзілік Би-Би-Си қызметінің халықаралык хабарлар таратудағы ерекшелігіне талдау жасау, олардың жасалу әдістерін ұғыну, сондай-ак халықаралык Қазақ қызметінің ^ыр-сырын жан-жақты ашып корсету болып табылады. Белгіленген міндетті игеру үшін іздену барысында мына міндеттер мен мэселелердің басын ашу көзделді:
Би-Би-Си радиосының күделікті беріліп отыратын жаңалықтар бағдарламасының маңыздылығын айқындау;
Би-Би-Си радиосы Қазақ қызметінің жаңалықтар жасауда қолданылатын әдіс-тәсілдеріне талдау жасау;
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: тыңдарман мен көрерменге ақпаратты тартымды етіп жеткізіп жүрген Би-Би-Си қызметінің ерекшелігіне тоқталу, сондай-ақ әлем елдеріне Лондоннан тарайтын Қазақ қызметінің ақпарат таратуда қолданылып жүрген эдіс-тэсілдері қарастырылады.
Зерттеу жүмысыныц ғылыми жаңалығы: диплом жұмысында Би-Би-Си Қазак қызметінің ең алғаш ашылып, хабар тарата бастаған уақытынан бергі жаңалықтар ерекшелігі сараланды. Мәселен, 5-10 минут емес, жарты сағат бойы кешкі сағат 19. 00-де тарап келген қазақ тіліндегі радиохабарлардағы журналистердің оқиға орнындағы дыбыстық жазбаларды диктофонға түсіріп, сол күйінде тыңдарманға жеткізуіне, яғни жанды дыбыспен ерекше жүмыс істеуіне жэне тікелей эфир барысында жүргізушінің Ташкенттегі, Ашхабадтағы қазак журналистерімен тілдесуіне мән берілді. 2004 жылы Лондондағы Би-Би-Си-дің Қазақ қызметінен арнайы өндірістік тэжірибеден өтіп, осының бәрін көзбен көруге мүмкіндік алғаным зерттеу нысанасының жүйелі зерттелуіне жол ашты.
Зерттеудің тәсілдік негіздері: бітіру жүмысында салыстырмалы-сараптамалық баға беру, мәселен Би-Би-Си радиосының қазақ тіліндегі хабарлары мен Азаттық радиосының казак тіліндегі хабарларын салыстыру арқылы дэлелдеу эдістері қолданылды.
Жүмыстыц теориялық және метод ологішлық негізі: BBC World Servise орыс кызметі мен казак кьізметінің галамтор парақшасы, сондай-ақ Намазаны Омашев пен P. Бегімтаеваның "Қазіргі шетел журналистикасы" атты ғылыми еңбегіне сүйену, сондай-ақ ВВС журналистеріне арналган нүсқау ережелері, Любимовтің "70 лет радиовещанию Великобритании" еңбектері қолданылды.
Зерттеудің негізгі нысаны: басты деректемелік негіз ретінде BBC World Servise орыс қызметі мен казак қызметінің ғаламтор парақшаларына сілтеме жасалынды. Өйткені халыкаралық хабарлардың мэтіндік нү_сқасы сол интернет паракшаларында жарияланады. Сонымен қатар, Би-Би-Си телеарнасының кейбір хабарлары мен М. Барманкүловтың журналистика факультетінің студенттеріне арналған оқулықтары косымша кұрал ретінде пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі екібөлім, қорытынды, сілтемелер жэне пайдаланылған эдебиеттер тізімінен тұрады.
«
I. БИ-БИ-СИ ТАРИХЫНА ШОЛУ
1. 1. Би-Би-Си-дің Дүниежүзілік радио және телеқызметі
XX ғасырдың 1920 жылдарында отар империялар сияқты Англия елінде де езілген халықтардың ұлт-азаттық қозгалысы өрістеді. Өз билігін сақтап қалу мақсатында олар да қолдан келгеннің бэрін жасап бақты. Ал, бүл мақсатта ең қолайлы құрал радио болатын. Сөйтіп, Би-Би-Си өз отарына кысқа толқындагы алгашқы хабарларын 1927 жылдың караша айынан бастады. Осы тэжірибелік хабарлары аркылы ұйымдастыру, техникалық жэне саяси жетілу негізінде Би-Би-Си өз хабарларын 1932 жылы тұрақты түрде жүргізе бастады. Британ империясы үшін радиобагдарламалардың салтанатты ашылуы дәл осы жылдың 19 желтоксанында болды. Соңынан Би-Би-Си-дің империялық қызметі кұрылды. Негізінен империялық қызмет аймақ үшін жүмыс аткарды деуге әбден болады, олар: Австралия, Үндістан, Оңтүстік Африка, Батые Африка мен Канада. Ал, империялық қызметтің негізгі мақсаты империяның ісін қалың бұқараға жан-жақты насихаттау, өзіндік ішкі бірлікті сактау, британдық өмір салтын, британ әдет-гұрпын, сондай-ак дэстүрді кең түрде гЛүмкіндігінше барлык елге таныстыру болды. Империялық кызмет өз кезегінде ең жаңа әрі бейтаныс кызмет болғандықтан, көптеген елдердің тыңдаушыларына ие болды. Айта кетерлік жайт, алгаш ашылған империялық қызметті Форин-офис қаржыландырып отырды. Хабарлары тек қана ағылшын тілінде таратылып, ағылшын
тілінде берілгеніне қарамастан, Орта Азия елдері де кейіннен бұл радиоға ыкылас таныта бастады. Радиохабарлары тек қана ағылшын тілінде тараган Англияның халықаралық радиокызметі ағылшын тілінің баска аймақтарға да өрістеп дамуына едэуір үлесін косты. Сөйтіп, 1920-30 жылдар аралығында Англияның билік басында отырган басшылары енді өзге аймақтарға басқа тілдерде хабар тарату мәселесін көтерді. Лондон радиосының шет тілінде ашылған алғашқы бөлімі бұл - Араб кызметі болып саналады. 1938 жылы дүниеге келген Араб қызметі Англия мен Италия арасындагы үлкен текетірестен кейін көп ұзамай-ак хабар тарата бастады. Каирдің жергілікті радиосынан екі радиожүргізуші арнайы шақырылды. Алгашкы кезде олар ақпараттық және әртүрлі саладағы хабарларды жүргізді, кейіннен радио арқылы Құранды оқыды. Араб кызметі негізінен дін такырыбына терең үңілді. Мәселен, жыл сайын Рамазан айында Би-Би-Си-дің Араб қызметі эфирден ерекше хабарлар беріп тұрды. Екінші жактан, Би-Би-Си Дүниежүзілік қызметі діни хабарларды беру арқылы араб елдерінің сеніміне эбден кіріп алды.
Ал, Би-Би-Си-дің Дүниежүзілік неміс, ағылшын, француз қызметтері 1930 жылдардың соңында гана қызмет корсете бастады. Жалпылама атауда "Еуропа қызметі" деп айдар тагылган бұл кызметтің алғашқы ашылуында сол кездегі премьер-министр Чемберленнің өзі арнайы сөз сөйлеген-ді. Дүниежүзілік Би-Би-Сидің Еуропа радиоқызметіне дара тоқталар болсак, бұл кызметтің радиожелісі бес елге дейін тартылды. Олар - Шығыс Еуропа, Орталық Еуропа, Оңтүстік Еуропа, неміс жэне француз қызметтері. Аталган бес қызметтің өзі хабар тарату аймагы мен тіліне орай бірнеше секцияга бөлінеді. Жалпы Еуропа кызметінің өзі іштей бес аймакка, яғни,
Африка, Араб, Шығыс, Қиыр Шығыс және Латын Америкасы елдері үшін кызмет көрсетеді. Енді солардың әркайсысына ерекше тоқталайык. Африка кызметі негізі өз құрлығындағы үш тілде, яғни, суахили, хауси, сомали тілдерінде хабар таратады. Ара-тұра француз жэне ағылшын тілдерінде де хабарлар қосыны беріліп түрады. Ал, Шығыс кызметі тек Оңтүстік Азия елдері үшін ғана арналған десе де болады. Оның ішіне Иран, Үндістан, Бангладеш жэне Бирма елдері кіреді. Шығыс қызметі бенгали, урду, тамиль, бирма, хинди, сингалез және непал тілдерінде түрлі саладағы хабарларды дайындайды. Ал, Қиыр Шығыс қызметі Қытай, Жапония, Оңтүстік және Шыгыс азия елдері үшін арналган. Багдарламалары да қытай, жапон, Вьетнам, малай, индонез, тай тілдерінде жүргізіледі. Латын Америкасы Қызметі испан жэне португал тілдерінде кызмет көрсетеді. Бұл кызмет Латын Американың 18 еліне хабар таратады.
Англияның халықаралық радиохабары XX гасырдың орта белінде қалыптасып, екінші дүниежүзілік соғыстың басында сыртқы саяси насихатын жүргізетін басты кұралға айналды. Американ зерттеушілері Л. Уайт пен Р. Ли Би-Би-Си радиохабарларының согыс кезінде кеңінен өрістегенін айтқан. Қос зерттеуші "¥лыбритания өзінің радиохабарлары арқылы дүниені жаулап алды" деп мойындауга мэжбүр болган. Шынтуайтына келер болсақ, 1940 жылдардың аягында Батыстың қандай радиостанциясы болмасын, Би-Би-Си-ге тең келе алмады. Сол кездің өзінде халықаралық радиоқызмЪті шетелге аптасына 600 сагатқа дейін хабар таратты. Бағдарламалар 40 тілге дейін жүргізілді. Согыстан кейінгі 1946 жылы "қырғи қабак согыстың" эсерінен Би-Би-Си орыс тілінде тұрақты хабар тарата бастады. Бүл кездің өзінде Би-Би-Си-дің орсы радиоқызметі апта сайын 30 сагат хабар таратты. Ал, чех жэне словак тілдерінде - 22 сағат, венгр тілінде - 18, болгар тілінде - 14, румын тілінде - 16, сербохорват тілінде - 16 сағат багдарлама жүргізді. Сөйтіп, Би-Би-Си-дің Дүниежүзілік қызметі 90 жылдардың ортасына дейін ТМД елдеріне тек орыс тілінде гана хабар жүргізіп келді. 1950 жылдары орыс хабарларының көлемі 33 сагатқа дейін жетті, ал сол кезде мүндай сағаттық көлем үлкен көлем болып саналды.
Би-Би-Си-дің сыртқы хабары 1948 жылы күрт өзгеріске ұшырады. Барлық радионасихат басшылыгы бір орталыктандырылып, бір жерге гана шогырландырылды. Ал, бүгінгі таңда Би-Би-Си-дің сыртқы кызметінде 3 мыңнан астам журналист қызмет атқарады. Ал, хабарлар қоржыны 52 студияда әзірленіп, аптасына 700 сагатқа дейін жетеді. Багдараламалар реті 37 тілде жэне агылшын тілінде тәулік бойы кызмет көрсетеді. Айта кету керек, Би-Би-Си-дің әр елдің жергілікті тілдерімен катар тек қана агылшын тілінде хабар тарататын "агылшын жүйесі" деген арнайы бөлімшесі бар. Бүл Би-Би-Си-дің нағыз әлемдік қызметі (BBC World Servise) . Бұл қызмет күн сайын елуден астам ақпараттар бюллетенін береді. Оның жартысы халықаралық такырыпқа, ал қалгандары коммерциялық, экономикалық, спорттык ақпарат болып келеді. Сонымен катар, баспасөзге шолу, музыка, гылым мен техника, өнер . . . тақырыптары беріледі. Әлемдік қызметің хабарлары дүниежүзінің бәріне де ретрансляцияланады. Сондай-ак, әлемдік кызметке аймактык кызмет те ішінара * кіреді. Вест-Индия, Австралия, Жаңа Зеландия, Фолкленд аралдары, АҚШ пен Канадага хабар таратады. Әлемнің көптеген елдерінде 76 передатчик қысқа, орта жэне үзын толқында жұмыс істейді. Алыс аймақтарды қамту үшін Кипр, Мальта, Малайзия, Либерия сиякты мемлекеттерде ретранслияторлары бар. Би-Би-Си-дің передатчиктері Батые Берлинде орта толқынды қамтамасыз етіп, бүкіл Еуропаға тарайды.
Би-Би-Си радиосының құрылымы бірнеше бөлімнен тұрады. Олар - жаңалықтар бөлімі, эңгіме және радиооченрктер айдарлары, күнделікті оқиғалар, ағылшын тілі сабақтарының бөлімі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz