Педагогиканы оқыту үдерісіндегі диагностика мен бақылау



1.Педагогиканы оқыту үдерісіндегі диагностика мен бақылау
1.1 «Диагностика», «оқыту нәтижелерінің диагностикасы» және «бақылау» ұғымдарының мәні
2. Бақылау педагогиканы оқыту үдерісінің міндетті бөлімі ретінде
3. Педагогика бойынша бақылау жүргізудің түрлері, әдістері мен формалары
Диагностика (грек. «диа» - мөлдір, таза және «гносис» - ілім) – оқылатын нысан немесе үдеріс туралы алдын-ала ақпаратты алудың жалпы тәсілі . Соңғы жылдары жоғары мектеп тәжірибесінде диагностикаға педагогтардың оқыту, тәрбиелеу және білім беру нәтижелерін өлшейтін арнайы қызметінің жүйесі ретінде қарауға көп көңіл бөлуде. Оқыту нәтижелерінің диагностикасы – білім алушылардың жүйелі түрде меңгерген білім, іскерліктері мен дағдыларын анықтау, талдау және бағалау. Оқытудың нәтижелілік – бұл диагностикалау кезінде көздеген мақсаттың жүзеге асу деңгейін көрсету дегенді білдіреді.
Бақылау – білім алушылардың оқу іс-әрекетінің нәтижесін көрсететін білімін, іскерлігін бағалау, өлшеу, анықтау. Білім алушылардың білім, іскерліктерін бақылау, бағалау әрқашан оқыту үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады. Диагностика жеке бағытталған сипатқа ие болады, яғни, нақтылы білім алушының оқу жетістіктері басқа білім алушының емес, белгілі бір уақыт аралығындағы өзінің жетістіктерімен ғана салыстырылып, талдалуы болып отырады. Әр адам өзіне тән тұлғалық-психологиялық ерекшеліктерімен, ойлаудың белгілі бір деңгейінде болатыны, өзіне тән ес, есте сақтау қабілеттерімен ерекшеленетіні аян. Диагностика мен бақылау оқытушылық, дамытушылық сипатта болу керектігін ұмытпау керек, сонымен қоса өзін-өзі бақылаумен қосылып, ең бірінші білім алушының өзіне қажетті, пайдалы болуы тиіс. Диагностика мен бақылау обьективтілік, жүйелілік, көрнекілік принциптеріне сүйенеді. Обьективтілік принципі оқу бағдарламасының негізгі бөлімдерін қамтитын тапсырмалардың, сұрақтардың, тестердің ғылыми негізделген мазмұнына байланысты болады, білім алушылардың теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін тексеруді қамтамсыз етеді. Жүйелілік принципі оқыту үдерісінің барлық кезеңдеріне – білімді о баста қабылдаудан бастап оны практикада қолдана алуына дейін диагностикалық бақылауды жүргізу қажеттілігімен анықталады. Жүйелілік диагностикалауды жүргізуге кешенді түрде қарауды талап етеді, ондағы бақылау мен тексерудің, бағалаудың әдістері мен құралдары, формалары өзара тығыз байланыста, бірлікте болып, бір мақсатқа бағынады.
Көрнекілік (жариялылық) принципі білім алушылардың білім, іскерлік пен дағдыларын бір талаптар аясында тексеруден тұрады. Көрнекілік принципі тексерудің, оларды талдау мен талқылаудың нәтижелерін жариялап, талдауды қажет етеді.
1. Педагогика Қазақ университеті Алматы 2006 ж.Ахметова Г.К.
2. Педагогика Қазақ университеті Алматы 2006 ж. Ахметова Г.К. Исаева З.А. Әлқожаева Н.С.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар :
1.Педагогиканы оқыту үдерісіндегі диагностика мен бақылау
1.1 Диагностика, оқыту нәтижелерінің диагностикасы және бақылау ұғымдарының мәні
2. Бақылау педагогиканы оқыту үдерісінің міндетті бөлімі ретінде
3. Педагогика бойынша бақылау жүргізудің түрлері, әдістері мен формалары

Әрбір баға - бүл тек қана білімді есепке алу емес,
ол тәрбиелік құрал
К.Д. Ушинский

1.1 Диагностика, оқыту нәтижелерінің диагностикасы және бақылау ұғымдарының мәні
Диагностика (грек. диа - мөлдір, таза және гносис - ілім) - оқылатын нысан немесе үдеріс туралы алдын-ала ақпаратты алудың жалпы тәсілі . Соңғы жылдары жоғары мектеп тәжірибесінде диагностикаға педагогтардың оқыту, тәрбиелеу және білім беру нәтижелерін өлшейтін арнайы қызметінің жүйесі ретінде қарауға көп көңіл бөлуде. Оқыту нәтижелерінің диагностикасы - білім алушылардың жүйелі түрде меңгерген білім, іскерліктері мен дағдыларын анықтау, талдау және бағалау. Оқытудың нәтижелілік - бұл диагностикалау кезінде көздеген мақсаттың жүзеге асу деңгейін көрсету дегенді білдіреді.
Бақылау - білім алушылардың оқу іс-әрекетінің нәтижесін көрсететін білімін, іскерлігін бағалау, өлшеу, анықтау. Білім алушылардың білім, іскерліктерін бақылау, бағалау әрқашан оқыту үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады. Диагностика жеке бағытталған сипатқа ие болады, яғни, нақтылы білім алушының оқу жетістіктері басқа білім алушының емес, белгілі бір уақыт аралығындағы өзінің жетістіктерімен ғана салыстырылып, талдалуы болып отырады. Әр адам өзіне тән тұлғалық-психологиялық ерекшеліктерімен, ойлаудың белгілі бір деңгейінде болатыны, өзіне тән ес, есте сақтау қабілеттерімен ерекшеленетіні аян. Диагностика мен бақылау оқытушылық, дамытушылық сипатта болу керектігін ұмытпау керек, сонымен қоса өзін-өзі бақылаумен қосылып, ең бірінші білім алушының өзіне қажетті, пайдалы болуы тиіс. Диагностика мен бақылау обьективтілік, жүйелілік, көрнекілік принциптеріне сүйенеді. Обьективтілік принципі оқу бағдарламасының негізгі бөлімдерін қамтитын тапсырмалардың, сұрақтардың, тестердің ғылыми негізделген мазмұнына байланысты болады, білім алушылардың теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін тексеруді қамтамсыз етеді. Жүйелілік принципі оқыту үдерісінің барлық кезеңдеріне - білімді о баста қабылдаудан бастап оны практикада қолдана алуына дейін диагностикалық бақылауды жүргізу қажеттілігімен анықталады. Жүйелілік диагностикалауды жүргізуге кешенді түрде қарауды талап етеді, ондағы бақылау мен тексерудің, бағалаудың әдістері мен құралдары, формалары өзара тығыз байланыста, бірлікте болып, бір мақсатқа бағынады.
Көрнекілік (жариялылық) принципі білім алушылардың білім, іскерлік пен дағдыларын бір талаптар аясында тексеруден тұрады. Көрнекілік принципі тексерудің, оларды талдау мен талқылаудың нәтижелерін жариялап, талдауды қажет етеді.
Оқыту нәтижелерін диагностикалаудың негізгі қызметі:
-талдамалық - оқушының оқу жағдайын және сипатын талдау;
-бақылау-бағалаушылық - білім алушылардың білімділік жағдайын бағалау мен бақылауды жүзеге асыру;
-түсіндірушілік - білім алушылардың білімділік деңгейіне түсініктеме беру, нормадан ауытқушылық болса оның себептерін түсіндіру;
-дамытушылық - білім алушылардың оқыту нәтижелерін диагностикалау олардың өз бетімен білімдерін арттыруына, өз-өздерін жетілдіруге себеп болады;
-ақпараттық - білім алушыларға олардың оқыту нәтижелерінің деңгейі туралы ақпарат беру;
-прогностикалық - білім алушылардың білімділік деңгейін ары қарай арттырудың мүмкіндіктері мен болашағын болжау және шамалау;
-ұйғарымшылдық - білім алушының білімділік деңгейін ары қарай арттырудың жолдарын анықтау;
-кері байланысушылық - диагностика тиімділігін бағалау мен қателерді жоюдың білімділік диагностикасының нәтижелері туралы ақпаратты алу мен талдау.
Осылайша, диагностика ұғымы бақылауға қарағанда неғұрлым кең. Диагностикалауға бақылау, тексеру, есепке алу, бағалау, мәліметтерді жинақтау, оларды талдау, рефлексия, оқыту барысын түзету, оқу үдерісін ары қарай жетілдіруді болжау жатады. Диагностиканың негізгі дидактикалық қызметі педагог пен білім алушылар арасында кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу материалын меңгеруі жайлы ақпараттар алу, дер кезінде білім алушылар біліміндегі кемшіліктерді анықтап, күшті және әлсіз жақтарын тауып, түзету жұмыстарының жоспарын белгілеп беру болып табылады.

2 Бақылау педагогиканы оқыту үдерісінің міндетті бөлімі ретінде
Педагогиканы оқыту барысында маңызды және жауапты кезеңдердің бірі білім алушылардың оқыту нәтижелерін бақылау мен бағалау, оны түзету кезеңдері болып табылады. Оқытудың тиімділігі бақылаудың саны мен сапасына, толықтығына, дер кезінде ұйымдастырылуына, айқындылығы мен обьективтілігіне байланысты. Бақылауды жүзеге асыру үшін қолданылатын ұғымдар мәнін, тиімділігіне әсер етуші факторларды анықтау қажет. Қазіргі таңдағы педагогикалық теориядағы бағалау, бақылау, тексеру, белгілеу ұғымдары қатаң түрде қалыптасқан жоқ. Олар өзара араласып, өзара алмасады, бір мағынасынан келесіде басқа мағынада қолданады. Осы түсініктердің әрқайсысына жеке тоқталайық. Олардың арасында ортақ қолданылатын бақылау, ол білім алушылардың білім, іскерлік, дағдыларын өлшеуді, анықтауды білдіреді. Анықтау мен өлшеу тексеру деп аталады. Сондықтан тексеру бақылаудың құрамдас компоненті болып табылады. Тексерудің негізгі дидактикалық қызметі оқытушылар мен білім алушылар арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу материалын игеру жайлы объективті ақпарат алу, дер кезінде білім алушылар біліміндегі түзетуді қажет ететін кемшіліктерді анықтап отыру. Тексеруден басқа бақылаудың құрамына бағалау (үдеріс ретінде) мен баға (нәтиже ретінде) енеді. Бағалар белгілер түрінде (шартты белгілер, бағаның сандық түрлері) тіркеледі. Бағалау кезіндегі пікірлер алшақтығы бірнеше себептермен түсіндіріледі. Олар келесі: бір оқытушылардың білім алушылар білімін бағалауда жақсы түсіну мен материалды қайталап айтуына көңіл бөлетінін, ал екіншілердің алған білімдерін туындаған жағдаятты шешуге қолдана алатынын, үшіншісі ғылымның әдіснамалық негізін білуін, төртіншісі сын тұрғысынан ойлау алуы мен білімін қалыптан тыс жағдайларда қолдана алуын, бесіншілері студенттердің өз жауабын дұрыс құрып, материалды баяндау жоспары мен формасын дұрыс таңдай алуына назар аударуларынан болады. Заманауи дидактикадағы талап етілетін бақылаудың негізгі қызметтері мен принциптерін ашып көрсетейік. Бақылау мен бағалау жүйесі келесідей негізгі қызметті атқарады:
-білім берушілік, үлгерімді бақылау кезінде білім, іскерлік пен дағдылары тереңдетіліп, білімділік деңгейі, ақыл-ой еңбегінің мәдениеті артады, білім алушының өз бетімен жұмыс істеуіне негіз болатын жағдайда жүзеге асырылады;
-дамытушылық, бақылау нәтижесінде тұлғаның көңіл, ес, ойлау секілді психикалық үдерістері жетілген тұста, танымдық белсенділіктері артқан кезде туындайды. Бұл қызмет түрі бақылау тапсырмалары (сұрақтары) түсіндіруді, дәлелдеуді қажет еткенде жүзеге асады;-тәрбиелік, үлгерім бақылауымен қатар жүретін баға білім алушының жетістіктері туралы қоғамдық пікірді бейнелейді. Ол үлкен моральдік ықпал жасайды, оқу алдындағы парызын мойындатып, ерік-жігерді, тәртіпті, принципшілдікті дамытады;
-басқарушылық, үлгерімді бақылау үздіксіз жүретін кері байланысты туындатады, осының нәтижесінде оқытушы мен білім алушы өз жетістіктерін байқап, ары қарай үлгерімді жақсарту шараларын қолдануға себеп болады;
-бақылау-бағалаушылық, білім алушының оқу іс-әрекетінің нәтижелерін, оның барысын қадағалауға мүмкіндік береді. Осы қызметте бақылау жүйесі оқытушы тарапынан бақылаудан, білім алушының өзіндік бақылауынан туындайды. Өзіндік бақылау мәнін психологтар дәлелдеп көрсеткен. Егер адам өзінің қателіктерін мойындамаса, жетіспейтін жақтарын көрмесе, өз іс-әрекетінің нәтижелеріне сыни бағалай алмаса бірнеше мәрте үздіксіз қайталай бергеннен іс-әрекетінің нәтижесін ешқашан жетілдіре алмайды;
-ұйымдастырушылық, тұрақты түрде жүргізіліп отыратын бақылау білім алушының жұмысын жақсы ұйымдастырады, жоғары оқу орынның талаптарын орындауға ұмтылдырып, өзіндік жұмыстары үшін уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Аталған қызмет түрлері бақылау мен бағалауды ұйымдастырудың принциптерін сақтаған жағдайда педагогикалық жағынан тиімді болып саналады. Олардың ішінде жүйелілік, жан-жақтылық, обьективтілік, бақылаудың жеке сипаты, дифференциалды амал және бақылаудың тәрбиеушілік сипаты ең бастылары болып табылады. Бақылаудың жүйелілік принципі оқу үдерісін ретке келтіреді, білім алушылардың оқу жетістіктерін көрсететін сапалық және сандық мәліметтердің жеткілікті көлемін алуға мүмкіндік туғызады. Бақылаудың жан-жақтылық принципі бақылау кезінде оқу бағдарламасының барлық бөлімдерін қамтып, білім мен іскерліктерін тексеруді қамтамасыз етеді. Бақылаудың обьективтілік принципі білім алушылардың білім, іскерліктерінің деңгейі туралы педагогтың әдейі, субьективті және қате бағалау пікірлерінің болмауын көздейді. Бақылаудың жекелік сипатты принципі барлық топ жұмысының нәтижелерін жекелеген оқушының нәтижелерімен алмастырмайтындай білім алушының әрбірінің іс-әрекетін, жұмысын жеке бақылауды талап етеді. Дифференциалды амал принципі педагогиканы оқу пәні ретіндегі ерекшелігін, сонымен қатар білім алушылардың жас және жекелеген ерекшеліктерін есепке ала отыра оқытушы бақылаудың мақсаттарына сай әдістері мен формаларын таңдайды.
Бақылаудың тәрбиелік принципі білім алушылардың педагогиканы оқуға деген саналы қатынастарын арттырып, танымдық қажеттіліктерінің артуын ынталандырады, педагог кәсібін меңгеруге деген оң әсерін тигізеді. Студенттердің үлгерімін бағалау олардың білім, іскерлік, дағдыларын тиімді игерудің критерилеріне сай жүргізіледі. Ең маңызды критерилері деп көлем, жүйелілік, ұғу, беріктік пен пәрменділік (ұтымдылық) саналады. Бұлардың әрқайсысына жеке тоқталайық:
-білім көлемі - студенттің жеке бөлім, модуль, тақырып немесе жеке сабағы бойынша меңгерілетін фактілер, түсініктер, ережелер, заңдар жиынтығы;
-білімнің жүйелілігі - оқылатын пәннің қисынын, оның идеясы мен заңдылығын түсіну, оқылған материалды белгілі бір тәртіппен орналастыра білу іскерлігі, бір фактіні, ұғымды, ережені екінші бір фактімен, ұғыммен, ережемен дұрыс байланыстыра білу;
-білімнің ұғынықтылығы - пікірдің айқындылығы мен дұрыстығы, әр қырлы сұрақтарға жауап бере білу іскерлігі, түсіндіру және практикалық міндеттерді шешу үшін теориялық білімді қолдану;
-білімнің беріктігі - оқылған материалды есте мықтап ұстау және игерген білімін түрлі жағдайларда дұрыс қолдана алу;
-білімнің пәрменділігі - алған білімді әр түрлі танымдық және практикалық іс-әрекетте қолдана алу, теория мен практиканы өзара байланастыра білу.
Білім алушылардың үлгерімін бағалаудың негізі болып бақылау нәтижелері болып табылады. Бұл жағдайда олардың жұмыстарының сандық та, сапалық та көрсеткіштері есепке алынады. Сандық көрсеткіштер балл мен пайыздық мөлшерлеме түрінде, ал сапалық жақсы, қанағаттанарлық т.б. бағалау пікірімен тіркеледі. Әрбір бағалау пікіріне алдын ала келісілген, тағайындалған балл, көрсеткіш сәйкес келеді (мысалы, үздік немесе өте жақсы деген бағалық пікірге 5 баллы сәйкес келеді).
Факторлардың көптүрлілігі субьективтілікке әкеліп соғады, сонымен қатар оқытушыға білім алушының іс-әрекетіне сәйкес бағаны қою кезінде ерекше жауапкершілік жүктейді. Ортақ талаптар мен обьективті амалды қамтамасыз ету мақсатында педагогика ерекшелігін есепке ала отырып студенттердің жауабын бағалау критерийлері белгіленді. Осыған дейін қолданылып келген амалдарды жинақтай отырып, жауаптарға қойылатын бағалардың критерийлерін құрастыруға болады.
Өте жақсы (балдар - 3,67-4,0; % тік мазмұны - 90-100%; әріптік жүйе бойынша - A-, A) деген баға үшін пәннің оқу бағдарламасына сай меңгерген білім көлемінің тереңдігі; негізгі әдебиеттерді білуі; берік білім мен дағдыларды айқын байқататын дұрыс әрі нық әрекеттер; оқу материалын толық, анық, сауатты әрі қисындық бірізділікпен құра білу; тәжірибелік сұрақтарды талдау барысында теориялық білімді еркін қолдана алу жатады.
Жақсы (балдар - 2,67-3,33; % тік мазмұны - 75-89%; әріптік жүйе бойынша - B-, B, B+) - деген баға үшін осы талаптар, бірақ студенттің жауабында оқытушыға ескерту, түзету жасатуға негіз болатындай көрсетілген кейбір талаптар бойынша біраз қателіктер кездеседі.
Қанағаттанарлық (балдар - 1,0-2,33; % тік мазмұны - 50-74%; әріптік жүйе бойынша - D, D+, C-, C, C+) деген бағада осы талаптар, бірақ студент жауабында оқытушы көмек ретінде түзетіп, ары қарай жауабын айтуға жетекшілік жасау үшін ескертпелер, түзетулер қолданатын қателіктер кетеді.
Қанағаттанарлықсыз (балдар - 0; % тік мазмұны - 0-49%; әріптік жүйе бойынша - F) деген бағада - бағдарламаның негізгі сұрақтарын баяндауда пәнді дұрыс түсінбегенін білдіретін қателердің кездесуі; практикалық міндеттерді шешу барысында оларды шешудің жолдарын білмеуі; материал жүйесіз әрі сенімсіз баяндалады.
Бақылау педагогиканы оқытудың қажетті компоненті болып табылады. Біріншіден, ол сыртқы кері байланысты қамтамасыз етеді (педагог бақылауы) және, екіншіден, ішкі байланыс (білім алушының өзін-өзі бақылауы). Бақылау ақпаратты алуға бағытталған, педагог оны талдай келе педагогиканы оқыту үдерісіне қажетті түзетулерін енгізеді. Өзгертулер мазмұнға, оқыту әдістері мен формаларына, білім алушылардың оқу іс-әрекетіне және т.б. енгізіледі. Өзін-өзі бақылау білім алушыға өзінің артық, кем жақтарын көруге, білімінде кездескен әлсіз тұстарды байқауға көмектеседі және де олардың орнын толтыру жұмыстарын арттыра түседі.
3 Педагогика бойынша бақылау жүргізудің түрлері, әдістері мен формалары
Педагогиканы оқытудың әр кезеңдерінде бақылаудың бірнеше түрлері қолданады: алдын-ала, ағымдық, тақырыптық (аралық) және қорытынды. Алдын-ала бақылау - оқытушы білім алушылардың даярлық деңгейлерін алдымен анықтап, алынған нәтиже бойынша өз жұмысын, білім алушының оқу іс-әрекетін жоспарлау үшін білім, іскерлік, дағдыларын анықтауға бағытталған бақылау түрі.
Ағымдық бақылау - педагогика пәні бойынша студенттердің білімін академиялық кезеңнің (семестр) барысында дәріс, семинар, зертханалық сабақтарда, сонымен қатар СӨЖ кезінде жүйелі түрде бақылау. Бақылаудың бұл түрі жүйелі түрде ұйымдастырылады, яғни білім алушының білімі, іскерлігі, дағдысы жаңа материалды игеру мен оны бекіту жұмыстары (практикалық қолдану кезінде) жекелей немесе жаппай жүйелі бақылаудан тұрады. Ағымдық бақылау үдерісінде студенттердің жаңа материалды меңгерумен байланысты білім, іскерлік, дағдылары да тексеріледі. Ағымдық бақылау мақсаты әр оқу модульді, тақырыпты меңгеру көлемін, сапасын, тереңдігін анықтау; жақсы жұмыс істеуге бөгет келтіретін себептерді, кемшіліктерді айқындау және олардың алдын алу шараларын тағайындау. Сонымен қоса ол болашақ педагогтардың мамандыққа деген қызығушылықтарын, оқу материалымен жүйелі жұмыс істеу дағдысын арттырады. Тақырыптық бақылау (аралық) педагогиканың жаңа оқу модульдерін (бөлімдерін) өту барысында ұйымдастырылады. Бұл бақылаудың мақсаты білім алушылардың педагогика бойынша білімдерін жүйелеу және оқу материалы бөлігінің қалай игерілгенін тексеру, өйткені онсыз материалдың келесі бөлігін меңгеру мүмкін емес болады.
Қорытынды бақылау - педагогика бойынша білім мен іскерліктердің деңгейі мен сапасы анықталатын өткен оқу материалын меңгерудің қорытындысы. Ол семестр соңында және білім беру мекемесіндегі оқу аяқталған кезде өткізіледі.
Бақылау түрлері бақылау формаларымен тығыз байланысты. Бақылаудың жеке, топтық және жаппай деген формалары бар. Аталған формалар бақылауға қатысатын адамдар санымен және сұрақтар сипатына байланысты болады. Олар оқыту әдістемесіне сәйкес қарастырылуы тиіс.
Бақылау әдістері - бұл білім алушылардың оқу-танымдық және де басқа іс-әрекеттері мен оқытушының педагогикалық іс-әрекетінің нәтижесін анықтайтын тәсілдер. Қазіргі дидактикада білім алушыларды бақылаудың және өзін-өзі бақылаудың ауызша (жеке, топтық, жаппай), жазбаша (жеке, топтық, жаппай), практикалық (зертханалық), электрондық сияқты әр түрлі бірліктегі әдістері қолданылады. Ауызша жеке бақылаудың мақсаты жеке білім алушының білім, іскерлік, дағдысын анықтау. Студентке бір жалпы сұрақ беріледі, ары қарай ол бірнеше нақты, дәлелді сұрақтарға бөлінеді. Жеке бақылаудың артықшылығы білімді және оны меңгеру дәрежесін анықтауында болып келеді.
Ауызша жаппай бақылау мақсаты - көлемі шағын оқу материалын қайталау және бекіту. Бақылаудың бұл түрі барлық білім алушылардың оқу іс-әрекетін белсендендіреді, сонымен қатар белгілі бір уақыт аралығында бірнеше студенттен жауап ала отырып, уақытты үнемдеуге де мүмкіндік береді.
Жазбаша бақылау мақсаты - білімді, іскерлік пен дағдыны жеке тексеру. Бұл бақылаудың артықшылығы барлық білім алушылардың білім, іскерлік және дағдысын бір уақытта тексеруі мен уақыт бойынша үнемділігінде.
Практикалық бақылау мақсаты - қалыптасқан іскерлік пен дағды деңгейін тексеру. Бұл тексеру артықшылығы қалыптасқан іскерлік пен дағдыны бағалауында тұрады.
Электронды бақылау мақсаты - оқылған оқу модулі немесе педагогика курсы бойынша теориялық білімдерін тексеру. Оқытушының білім алушының қалыптасқан білім деңгейін тексерудегі обьективтілігі бақылаудың артықшылығы болып табылады.
Өзін-өзі бақылау мақсаты - білім алушылардың өз қателерін өз бетімен анықтауға, сол қателердің болу себептерін талдауға үйрету.
Бақылау әдістері мен қатар педагогикалық дереккөздерде келесі белгілері бойынша топтастырылатын бақылау түрлері көрсетіліп жүр:
-оқыту мақсатының ауқымы бойынша - стратегиялық, тактикалық, жедел;
-оқыту кезеңдері бойынша - алдын-ала, ағымдық (аралық), қорытынды, аралық (тақырыптық);
-уақыт бағыттылығы бойынша - ретроспективті, ескертпелі, алдын-ала;
-бақылау жиілігі бойынша - бір жолғы, мерзімді, жүйелі;
-бақылау ауқымына байланысты - жергілікті, ішінара, тұтас;
-оқытудың ұйымдастырушылық формалары бойынша - жеке, топтық, жаппай;
-оқу сабақтарының түрлері бойынша - дәрістерде, семинарларда, практикалық және зертханалық сабақтарда, сынақтарда, коллоквиумдарда және емтихандарда;
-бақылауды жүзеге асыратын тәсілдер бойынша - жазбаша, ауызша, стандартталған, машиналық және т.б.
Педагогиканы оқу барысында әр түрлі бақылау әдістері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогиканы оқыту әдістемесі Оқу құралы
Инновациялық оқыту туралы
Педагогикалық жүйелердің әдіснамасы
Педагогиканы оқыту әдістемесінің әдіснамалық негіздері
Педагогикалық ғылымның құрылымдық элементтері
Оқытудың белсенді оқыту әдістері
Болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастыру
Диагностика жүйесінің дәйектілігі мен сабақтастығы
Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының педагогикалық-психологиялық диагностикасы
АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер