Жер сілкінсе, жағдайымыз не болмақ? Мекемелер мен мамандар ойлары



Апат айтып келмейді... Бірақ оның айтып келмейтінін желеу етіп, қаннен-қаперсіз отыра беруге тағы болмайды. Қазір әлемдік тәжірибеде жер сілкінісін болжап, алдын ала сақтандыру шаралары кеңінен қолға алынған. Біздің елімізде де жер сілкінісі жиі тіркелетін аймақтар жетерлік. Бірақ соған сай дайындық шараларының кемшін түсіп жататыны жасырын емес.
Мысалы, маусым айының ортасында Алматыда күші 3-4 балдық жер сілкінісі болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, жер дүмпуінің кіндігі Алматы облысы Текелі қаласында тіркелген. Онда жер асты дүмпуінің күші 6-7 балға дейін жеткен. Жер сілкінісі салдарынан ондаған көпқабатты және жекелеген үйлер қирап, жүздеген адам баспанасыз қалған. Табиғи апаттың салдарын жоюға атсалысқан жергілікті билік «табиғи апаттан зардап шеккендер жоқ» деп мәлімдеді. Осы орайда айта кетер жайт, тиісті орындар бүгінде адам шығыны орын алмағанымен ғана өздерін жұбататындай. «Жұтаған шүкірге тоймайдының» кері. Әйтпесе көптеген үйлердің үйіндіге айналып, тұрғындардың баспанасыз қалуын табиғи апат салдарынан мемлекетке келген шығынды елемей қоя салуға бола ма?
Осы адам шығыны жоқтығына ғана мәз болып, табиғи апатты болжау, алдын алу шаралары мүлдем естен шыққандай. Соның аз-ақ алдында мәлімдеме жасаған сейсмологтар «бұл аймақта маусым және шілде айларында қатты жер сілкінісі болмайды» деген болжам жасаған. Ерегіскендей арада көп уақыт өтпей Алматы облысы аумағында жер сілкінісі орын алған. Бұл біздің жер сілкінісін алдын ала болжау қабілетіміздің қаншалықты деңгейде екенін көрсетсе керек. Ендеше, бүгінгі немқұрайдылық салдары ертеңгі күні ірі шығындарға жол ашпасына кім кепіл? Атап айтар жайт, жер қатпарлары жиі қозғалысқа түсіп отыратын Алматы қаласы жер сілкінісіне дайын емес. Жақында екі жылдан бері шаһардың жер қыртысы мен ғимараттарын зерттеген жапон ғалымдары маусым айының басында осындай тұжырым жасаған. Шаһардағы ең күшті жер сілкінісі 1887 жылы тіркелген. Ол кезде жер сілкінісі салдарынан қала халқының екі пайызы қаза тапқан. Осы орайда жапондық ғалымдар егер Алматыда 1887 жылдағыдай зілзала бола қалса, 25 мыңдай адамның құрбан болатынын айтқан. Ал осы мәселеге зерттеу жүргізген ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің өкілдері жер сілкінісі бола қалған жағдайда 400 мыңнан астам адамның зардап шегуі мүмкін екенін жасырмауда. Ал апатты жағдайда қаза болатындар саны жөніндегі болжамдарын іштеріне бүгіп қалды. «Ауруын жасырған өледі» демекші, мұндай жасыру арқылы нені ұтары белгісіз. Ал олардың айтуынша, дәл қазір Алматы қаласында 1,5 миллионға жуық, Алматы облысында 1,6 миллионға жете-қабыл адам сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан көрінеді. Осыдан-ақ адамға төнер қауіптің қаншалықты екенін бағамдай беруге болар. Осы орайда күншығыс елінің мамандары апаттың алдын алу мақсатында қаладағы ескі ғимараттарды сейсмикалық жағынан беріктендіріп, тозығы жеткен коммуникация жүйелерін тез арада ауыстыру қажеттігін айтқан. Негізінен, қала бойынша салынған құрылыстардың дені 60-шы жылдары салынған. Мұндай ескі ғимараттар жер тербелісі кезінде ең бірінші қирайтын көрінеді. Осы орайда жапондық ғалымдар алдыңғы жылғы Қытай елінде орын алған жер сілкінісі Алматыда орын алса, ғимараттардың 30 пайызы қирауы мүмкін деген де болжам жасаған. Сондықтан олар ғимараттарды беріктендіруді ұсынған, ал отандық мамандар ол ғимараттарды беріктендіруден гөрі, жаңасын салған тиімді деуде. Айта кетер жайт, соңғы кездері қаладағы көптеген тұрғын үйлердің астыңғы қабаты жаңадан жоспарланып, мекемелерге, дүкендерге, түрлі қызмет орындарына айналған. Сондай-ақ тұрғындар да балкондарын бөлмелеріне қосып алып немесе ішкі бөлмеаралық құрылыстарын жиі өзгертіп жатады. Алайда қайта жүргізілген мұндай құрылыс жоспарларын көзбен көрмей-ақ қол қойып бере салу тиісті орындардың үйреншікті әдісі көрінеді. Ал мамандардың айтуынша, мұндай қайта жоспарлау әдістері қауіпті екен.

Жер сілкінсе, жағдайымыз не болмақ?
0 1052

Абай Омаров (коллаж)

Апат айтып келмейді... Бірақ оның айтып келмейтінін желеу етіп, қаннен-қаперсіз отыра беруге тағы болмайды. Қазір әлемдік тәжірибеде жер сілкінісін болжап, алдын ала сақтандыру шаралары кеңінен қолға алынған. Біздің елімізде де жер сілкінісі жиі тіркелетін аймақтар жетерлік. Бірақ соған сай дайындық шараларының кемшін түсіп жататыны жасырын емес.

Мысалы, маусым айының ортасында Алматыда күші 3-4 балдық жер сілкінісі болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, жер дүмпуінің кіндігі Алматы облысы Текелі қаласында тіркелген. Онда жер асты дүмпуінің күші 6-7 балға дейін жеткен. Жер сілкінісі салдарынан ондаған көпқабатты және жекелеген үйлер қирап, жүздеген адам баспанасыз қалған. Табиғи апаттың салдарын жоюға атсалысқан жергілікті билік табиғи апаттан зардап шеккендер жоқ деп мәлімдеді. Осы орайда айта кетер жайт, тиісті орындар бүгінде адам шығыны орын алмағанымен ғана өздерін жұбататындай. Жұтаған шүкірге тоймайдының кері. Әйтпесе көптеген үйлердің үйіндіге айналып, тұрғындардың баспанасыз қалуын табиғи апат салдарынан мемлекетке келген шығынды елемей қоя салуға бола ма?

Осы адам шығыны жоқтығына ғана мәз болып, табиғи апатты болжау, алдын алу шаралары мүлдем естен шыққандай. Соның аз-ақ алдында мәлімдеме жасаған сейсмологтар бұл аймақта маусым және шілде айларында қатты жер сілкінісі болмайды деген болжам жасаған. Ерегіскендей арада көп уақыт өтпей Алматы облысы аумағында жер сілкінісі орын алған. Бұл біздің жер сілкінісін алдын ала болжау қабілетіміздің қаншалықты деңгейде екенін көрсетсе керек. Ендеше, бүгінгі немқұрайдылық салдары ертеңгі күні ірі шығындарға жол ашпасына кім кепіл? Атап айтар жайт, жер қатпарлары жиі қозғалысқа түсіп отыратын Алматы қаласы жер сілкінісіне дайын емес. Жақында екі жылдан бері шаһардың жер қыртысы мен ғимараттарын зерттеген жапон ғалымдары маусым айының басында осындай тұжырым жасаған. Шаһардағы ең күшті жер сілкінісі 1887 жылы тіркелген. Ол кезде жер сілкінісі салдарынан қала халқының екі пайызы қаза тапқан. Осы орайда жапондық ғалымдар егер Алматыда 1887 жылдағыдай зілзала бола қалса, 25 мыңдай адамның құрбан болатынын айтқан. Ал осы мәселеге зерттеу жүргізген ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің өкілдері жер сілкінісі бола қалған жағдайда 400 мыңнан астам адамның зардап шегуі мүмкін екенін жасырмауда. Ал апатты жағдайда қаза болатындар саны жөніндегі болжамдарын іштеріне бүгіп қалды. Ауруын жасырған өледі демекші, мұндай жасыру арқылы нені ұтары белгісіз. Ал олардың айтуынша, дәл қазір Алматы қаласында 1,5 миллионға жуық, Алматы облысында 1,6 миллионға жете-қабыл адам сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан көрінеді. Осыдан-ақ адамға төнер қауіптің қаншалықты екенін бағамдай беруге болар. Осы орайда күншығыс елінің мамандары апаттың алдын алу мақсатында қаладағы ескі ғимараттарды сейсмикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Мақатаев поэзиясындағы символизм
Қорадағы ешкілер мазасызданса ауа райы қолайсыз болудың белгісі
Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде төрт түлік малдың алатын орны
Ауа-райы: болжам мен болмыс
Ж.аймауытов шығармашылығы. ғ.қарашев шығармашылығы. б.күлеев - лирик ақын. с.сейфуллин, і.жансүгіров, б.майлин шығармашылықтары
Кеміс балалардың психологиясы мен педагогикасы
Журналист этикасы
Білім беру кеңістігінің көптілділік жағдайында қазақ тілінің орны
Ш.Жәңгіровтың мен Ғ.Қараштың өмірі мен шығармашылығы туралы
Әлеуметтік жұмыстың әдістері және оның жетілдіру жолдары
Пәндер