Ұлттық қордың қалыптастырылуы мен пайдаланылуының тиімді перспективаларын анықтау


Кіріспе
Зерттелімнің өзектілігі . Қазіргі таңда қазақстан экономикасының жағдайы елеулi дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуалмен анықталады. Республикалық бюджет түсiмдерiнiң табиғи ресурстардан болып отырған қазiргі тәуелдiлiгі Қазақстанның болашағына байланысты бiрқатар мәселелердi мемлекет алдына қояды. Бiрiншiден, бұл табиғи байлықтардың қайта толмайтынына байланысты оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл мемлекеттік кiрiстер мен шығыстар көлемiнiң табиғи ресурстарға деген әлемдiк бағаның күрт әрi алдын ала болжанбаған ауытқуларына тәуелдiлiгін төмендету мәселесi.
Қазақстанның Ұлттық қоры бiрiншiдене елдiң қайта жаңғырмайтын ресурстарынан түсетiн табыстарды қазiргi және болашақ ұрпақтардың бiркелкi пайдалануы үшiн, екiншiден осы табыстарды болашақта бiзге тұрақты кiрiс әкелетiн қаржы активтерiне конвертациялау үшiн құрылғанын білеміз. Осы себепті қазіргі таңда Ұлттық қордың қалыптасыру мен пайдаланудың ерекшеліктерін, пайдалану перспективаларын, қорды барынша халық пайдасына жұмыс істету өзекті мәселеге айналып отыр.
Елбасы қор құру туралы шешім қабылдау кезінде әлемдегі барлық мұнай қорларының тәжірибелерін зерттеп шыққанын еске алады. Соңғы 40 жылда осындай тұрақтандырғыш-жинақтаушы қорлар әлемнің көптеген елдерінде құрылған. Мұндай қорды Бразилия - кофеден, Чили - мыс рудасынан жинаса, Венесуэла, Сауд Арабиясы, Ливия, Оман, Иран, Кувейт, Америка Құрама Штаты Аляска, Канада провинциясы Альберта - мұнай мен газдан түскен табысты жинақтапты.
Аталмыш қорлардың қызметін зерттеу барысында Қазақстан Президенті оларды еліміздің ерекшеліктерін ескере отырып, жүзеге асыру тетіктерін ойластырғанын еске алады. Мысал үшін, Кувейт 50-ші жылдары ірі көмірсутегі кеніштерінің ашылуымен өзінің жалпы резервтік қорын 1960 жылдың өзінде-ақ құруға мүмкіндік алды. Кейінгі жылдары Кувейт экономикасына барлық мемлекеттік инвестициялар аталмыш қор есебінен жасалды.
Қор құру төңірегіндегі идея жұртшылық тарапынан ә дегеннен қолдау таппағаны былай тұрсын, оның қарсыластарының дауыстары да қатты шыға бастады. Президент оларға әдеттегідей дәйекті ұстанымдарын қарсы қоятын. Сонымен бірге Елбасы әділетті сын-ескертулерге де зейін қойғанын жасырмайды. Мысалы, қорды құруға қарсы болғандар оның активтерін шетелдерде орналастырғанда ғана, ол шетелдің экономикасын инвестициялау болып шығады, ал Қазақстанның өзі де инвестициялауға мұқтаж емес пе деген дәйектерді алға тартты.
Дипломдық жұмысты орындаудағы негізгі мақсат экономиканың тиімді дамуы мен оның тұрақтылығын қамтамасыз етудегі мемлекеттің қаржылық ресурстарының маңызы мен Ұлттық қордың қызметтерін, қалыптасуы мен пайдалану мәселесін талдау болып табылады.
Осы мақсатты орындау барысында мына төмендегі мiндеттер қарастырылды:
Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі есепті талдау;
Ұлттық қорды қалыртастырудың және пайдаланудың қағидаттарын анықтау;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістері мен шығыстарын құқықтық реттеуін талдау.
Зерттелімнің объекті. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және оны дұрыс қалыптастыру және тиімді пайдалану мәселелері.
Зерттелімнің пәні ретінде еліміздің Ұлттық қорының деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер алынды.
Зерттелімнің теоретикалық және әдістемелік негізі ретінде Ұлттық қорды басқаруға қатысты шешімдер мен қордың көздерін қалыптастырған отандық және шетел ғалым-экономистердің еңбектері алынды. Дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша мәселелерді зерттеу барысында ашық ақпарат көздері мен беделді ұйымдардың жарияланған баяндамалары, Қ. Р. Бюджет Кодексі, Қ. Р. Президенті Н. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаулары мен басқадай материалдар негізге алынды.
Дипломдық жұмыстағы ғылыми жаңалық - Ұлттық қордың қалыптастырылуы мен пайдаланылуының тиімді перспективаларын анықтау болып табылады.
Жұмыстың мазмұны мен құрылымы дипломдық жұмыс кіріспеден, тақырыптың теориялық және практикалық жақтарын толық қамтитын үш бөлімнен, қорытындыдын және пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақарабының көкейтестілігі негізделіп, жұмыстың мақсаттары мен міндеттері қарастырылған. Бірінші тарауда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының теориялық аспектілері зерделеніп, оның қалыптасу тарихы қысқаша қарастырылып, мазмұны және мәні ашылған.
Жұмыстың екінші тарауында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын қалыптастыруға және пайдалануға талдау жасалынған, сонымен бірге осы тарауда Ұлттық қорды қалыптастырдың мен пайдаланылудың қағидаттары қарастырылып, қордың кірістері мен шығыстарына егжей-тегжейлі талдау жасалынған.
Үшінші тарау түгелдей Ұлттық қор шығыстарына арналып, олардың дағдарысқа байланысты рөлі талданған.
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының теориялық негіздері
- Ұлттық қордың қалыптасу тарихы
Қазақстан экономикасының жағдайы елеулi дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуалмен анықталады. Республикалық бюджет түсiмдерiнiң табиғи ресурстардан болып отырған қазiргі тәуелдiлiгі Қазақстанның болашағына байланысты бiрқатар мәселелердi мемлекет алдына қояды. Бiрiншiден, бұл табиғи байлықтардың қайта толмайтынына байланысты оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл мемлекеттік кiрiстер мен шығыстар көлемiнiң табиғи ресурстарға деген әлемдiк бағаның күрт әрi алдын ала болжанбаған ауытқуларына тәуелдiлiгін төмендету мәселесi. Осы мәселелердi шешу үшiн "Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 23 тамыздағы N 402 Жарлығымен Ұлттық қор құрылды.
Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы Қайрат Келимбетов Ұлттық қор құру турасында былай де қорыта айтты:
« Тұрақтандыру қорын құру туралы мәселе сонау 1997 жылдан бастап айтыла бастады. Бірақ 1998 жылдағы экономикалық дағдарыс және мұнайға деген әлемдік бағаның төмендеуі себебінен Қазақстанның көмірсутек шикізатын сатудан түсетін пайда күрт төмендеді. Пайданың асып түскен бөлігін сақтау мәселесі актуальды емес болды. Қазіргі жағдай біршама өзгерді. Біріншіден мұнайға баға өсті, екіншіден Каспий теңізіндегі мұнай қорының көптігі жатыр. Бұл дегеніміз жақын арада Қазақстанға мұнай сатудан түсетін пайда өсуі мүмкін»
1997 жылдың көктемінде Стратегиялық ресурстарды бақылау агенттігінің төрағасы Ғалымжан Жақиянов елде Үкіметке бағынбайтын екінші бюджет құру туралы ой пікір тастады. 1997 жылдың шілде айында ол Қазақстан «голланд дертіне» шалдығуы мүмкін деген мәлімдеме жасады. Зейнетақы мен жалақыны төлеуге, бюджет тапшылығын жабуға және әлеуметтік салаларды дамытуға бюджет қаражаттарының жеткіліксіз болу себебінен, «голланд дерті» турасында әңгіме қозғау орынсыз болып көрінді.
Қорды құру идеясын даярлаушылардың пікірі бойынша, ол тікелей мемлекет басшысына бағынатын және премьер министргеде Ұлттық банккеде бағынбайтын арнайы жетекшілер кеңесімен басқарылатын болды. Қорды құру авторларының ойынша, дәл сол жетекшілер кеңесі, мемлекеттік инвестицияларды реттеу, экспорттан түскен табыстың бір бөлігін шет елге жіберу, мұнай табуды қадағалау, жеке секторды қаржыландыру, тіпті шетел консультанттарының гонорарларын қадағалау жұмыстарымен айналысу керек деп ойлады. Ғалымжан Жақияновтың сөзіне сүйенсек ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы қорды құру идеясын мақұлдап, осыған байланысты нормативтік актілерді дайярлауды тапсырды.
Қорды құру идеясын сынағандардың қатарында сол уақыттағы парламент мәжілісінің төрағасы, атақты экономист Марат Оспанов болды. Оспанов мырза қорды құру идеясын сынауға сол кездегі қызметіне байланысты мәжбүр болды. Өйткені іс жүзінде сөз парламент қадағалауында болмайтын бюджеттен тыс қор құру жайында болып жатты.
1997 - 1998 жылдардағы мұнайға деген бағаның күрт түсуіне байланысты белгілі себептерге байланысты ел басшылығы тарапынан бюджеттен тыс қорды құру мәселесі қозғалмады, есесіне шетел шоттарында елдің құпия резервтік қоры ашылды. Ол қорға роялти, бонустар, үлкен мұнай-газ проектілерінен түскен мемлекеттік үлестер және тағы басқа қаражаттар түсіп отты. Болашақ ұрпақ үшін ойластырылған жинақтаушы қорын құру тек 2000 жылдан бастап қана жаңа қарқынмен ойластырыла бастады, және ол кезде мұнай бағасыда біршама өскен болатын. Осы уақытта қор құру идеясын дамытушылар қатарына ел президентінің өзі де кіріп кетті. Ол кей кездерде шетел шоттарындағы құпия қордың бар екенін ашық айта бастады. Шын мәнінде ел басының қор құру керектігіне жасаған экономикалық дәлелдемесі жеткіліксіз болды.
Қор құрылып, біршама уақыт өткеннен кейін нақты айтсақ 2002 жылы қорға шетел шоттарындағы құпия қордан Ұлттық қорға үлкен айдарымдар жасалды. Осы қаражаттар сол уақыттағы премьер-министр Иманғали Тасмағанбетов мырзаның парламентте сөйлеген сөзінен кейін аударыла бастады. Қаражаттар Қаржы Министрлігінен құпия шоттардан екі траншпен 212, 6 млн. доллар көлемінде түсті. Жалпы сәуір айының қортындысы бойынша қорға 296 млн. АҚШ доллары көлемінде қаражаттар түсті. Қорыта келгенде сәуір айының аяғында Ұлттық қордың активтері 9, 1 % - ға өсіп, 1 млдр. 606, 8 млн долларды құрады. Үкімет тарапынан құпия шоттардағы ақша қаражаттарының қалмағаны туралы ресми мәлімдеме берілмеді. Ұлттық қор ақшалары және қорға аударылған қаражаттар шет елдің қай банкінде сақталғаны турасында ақпарат құпия түрінді қалды. Ұлттық банк бұл құпияны жариялаудан бас тартты. Шет елдердегі құпия қордың заңдылығы туралы Қазақстанның жоғарғы шенеуніктерінің бірі Ұлттық банк төрағасы Григори Марченконың келесі түсініктемесін келтіруге болады:
« Экономист және банкир ретінде айтатыным осы экономикалық шешім сол уақыттағы ең дұрыс шешім болып табылды, бірақ саяси және құқықтық себептерге байланысты басқаша дайындалды. Экономикалық мінге байланысты бұл Ұлттық қорды құрумен құпия шот арасында еш айырмашылық жоқ. Сондықтан біз Ұлттық банк бұл құпия шоттарға еш қатысымыз жоқ екендігін айтамыз. Құпия шоттардағы қалған ақша қаражаттарын Ұлттық қорға аударылуы дұрыс шешім деп ойлаймын».
2006 жылғы 01 тамызға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері он миллиард АҚШ долларынан асып түсті және 10 205, 44 млн. АҚШ долларын құрады.
Құрылған уақыттан бері Қорға 1362, 6 млрд. теңге түсті. Қор түсімдерінің негізгі үлесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбе бойынша шикізат секторы ұйымдарынан түсетін жоспардан тыс түсімдер - 889, 0 млрд. теңгені және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге түсімдер мен кірістер - 280, 8 млрд. теңгені құрады. Қорды басқарудан алынатын инвестициялық кірістер - 53, 1 млрд. теңгені құрады.
Қорды басқаруға байланысты шығыстарды жабуға және республикалық және жергілікті бюджеттердің шығынын өтеуге 9, 6 млрд. теңге, оның ішінде республикалық және жергілікті бюджетердің шығынын өтеуге 7, 5 млрд. теңге, ал Қорды басқаруға байланысты шығыстарды жабуға 2, 1 млрд. теңге жұмсалды.
2006 жылғы 1 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмді перспективаға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі № 1641 Жарлығына сәйкес Қордың жинақтауларын қалыптастырудың жаңа әдісіне көшу жүзеге асырылды.
Қазіргі уақытта күнсайынғы негізде Қорға мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін тікелей салықтардың, республикалық меншiктегі және тау-кен өндiру салаларына жататын мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден және ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелерiн сатудан түскен түсiмдерді Қорға аудару жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 31 шілдесін қоса алғанда Қорға 75, 8 млрд. теңге аударылды.
Сонымен, өткен 2006 жылы Ұлттық қор 699 миллиард теңгеге көбейді. Оның 197-сі мұнайсыз жиналған ақша болса, тұжырымдама жүзеге асырыла бастаған 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап мұнайдың табысы мемлекеттік бюджеттен бөлініп, Ұлттық қор 502 миллиард теңгеге көбейтіліпті. Әйтсе де, бұл болашақ ұрпақтардың мүддесіне сақталып отырған қор бүгінгі ұрпақтың тамағынан жырылып отыр деген сөз емес. Бұл тұрғыда, «Әр жылы республикалық бюджетке Ұлттық қордан кепілдемелі трансферт жұмылдырылатын болады».
2006 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке 76, 6 миллиард теңге сомасында кепілдемелі трансферт бөлінген. Алайда бюджеттік жоспардың толық жүзеге аспай, 100 миллион теңге игерілмей қалуы салдарынан бюджеттің кіріс бөлігі жоспарды 109, 8 пайызға асыра орындалып, ол ақша мемлекеттің бүгінгі тіршілігіне жұмсалған жоқ. 76, 6 миллиард теңге Ұлттық қорда қалды. Жалпы, бұл жай мамандардың айтуынша, мемлекеттік бюджеттің шын мәнінде, мұнайға тәуелсіз бола бастағанын көрсетеді.
Елімізде мұнай саласында жұмыс істейтін 55 кәсіпорын болса, енді соның бәрі баяғы бюджеттік кірісін Ұлттық қорға аударып отырады. Демек, Ұлттық қор жыл сайын бұрынғыдан гөрі еселеп өсе түсуі мүмкін.
Әрине, ақша жүрген жерде лаң жүреді. Қызығушылық та, сұрақ та көп болады.
Ұлттық қорды құру моделі ретінде ресми түрде барлық қорлар қаралғаны туралы мәлімделеді. Үкіметтің мәлімдемесіне сүйенсек Ұлттық қордың негізгі моделі ретінде Норвегниялық Мұнай қоры алынды. Қазақстанның ресми тұлғаларының мәлімдемесіне сүйенсек Новегиялық мұнай қорының модель ретінде таңдалуы бірнеше себептерге байланысты болған, олардың ішіндегі ең негізгілері Норвегия мұнай қоры инвестицияларның жоғарғы қаржылық көрсеткіштері және инвестициялық стратегиясының жақсы құрастырылғанын да айта кету керек. Бір жағынан Ұлттық қордың моделін таңдау кең қауым алдында жария түрде талқыланбай, жоғарғы шенеуніктер шеңберінде шешіліп жатты. Сонымен қатар, шикізат қорларын сатудан түскен жоғарғы пайданы сол уақытында Ұлттық қорға құйып отырылуы және халықтың табысының өсу шегі долларлық эквивалентке шаққанда тұрақтануына байланысты, болашақта әлеуметтік қызметтерді төлей алатындығын есептеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Қазақстандағы әлеуметтік проблемалар қалай шешілетіні қызықтырады.
Екінші жағынан басқа елдердегі мұнай экспортынан түсетін жоғарғы пайданы қолданылуы бір жақты ғана көрсетілуде. Ол елдер Норвегиядан қарағанда Қазақстанға әлеуметтік мәселелерді шешу, экономиканы дамыту бағыттылығы, қоғамдық дәрежені көтеру жағынана жақынырақ. Мысалы Венесэланың мұнай қорын құру тәжрибесіде негатвті көрсетілуде. Себеп, мұнайдан түскен жоғарғы пайданың венесужлалық жастардың шет елдерде оқуына инвестициялау, елдегі Ориноко өзенінің айналасындағы депресивті аудандарды дамыту сәтсіздіктерімен түсіндіріледі. 70 жылдардағы мұнайдан пайда ала алмағаны тағы бар. Бірақ екінші жағынан Венесуэланың тарихи тәжрибесіде маңызды нәтиже.
Мексика және Нигерия мемлекеттерінің тәжрибесіне көңіл аз бөлінді. Себебі, бұл елдердің халықаралық мұнай ұйымдарын қарыздарының өсіп кетуіне әкеп соққан, мұнай сатудан түскен жоғарғы пайданы мақсатсыз жұмсауымен түсіндіріледі. Бірақ Мексикадағы заманға сай өндірістерінің қатты дамуы, әсіресе АҚШ пен шекералас өңірлерінде қалыптастырылған өнеркісіп аймақтар, жақсы дамыған мұнай ұйымдары еленбей қалды.
Ирандағы 50 жылдардағы шахтық режимнің өзінде құрылған мұнайдан түскен пайданың 70 пайызы салынып отыратын жоспарлы ұйымның құрылуына да көңіл аз бөлінді. Шахтың тақтан кетіп орнына Үкімет басына исламдық қожа-молдалықтың келуімен де бұл ұйым кейбір өзгерістемен өз жұмысын ары қарай жалғастырды. АҚШ тың экономкалық қоршауына қалуына қарамастан ирандықтардың мұнай пайдасын өз өндірістерін дамытуы көңіл аудартады. Иран экономикасын көптеп инвестициялау практика жүзінде Қазақстанға айтылғандай ұлттық валютаның құлдырауына әкеліп соқпады.
Араб елдерінің ішіндегі Сауд Аравиясы мен Ливия мемлекеттерінің арнай құрылған ұйымсыз мұнайдан түскен пайдана қорландыру тәжрибесіне де көңіл аз бөлінді. Бірақ Қазақстанның Ұлттық қордың жұмыс істеу процесі осы елдерге ұқсайды. Өйткені Ұлттық қор тек қана Қаржы министрлігінің Ұлттық банктегі шоты ғана болып табылады. Айырмашылығы Ұлттық қор қаражаттарының көп бөлігін бекітілген жарнакіріспен құнды қағаздарға салды, ал арабтар болса қаражаттарды бекітілген жарнакіріссіз жылжымайтын мүлікке салды. Қазақстанның 90 жылдардағы құрылған шет елдегі құпия шоты бар Ұлттық қоры, Кувейттегі Қаржы министрлерінің бірі құрған алғашқы қорына ұқсайды. Қазақстан Үкіметінің мақсаты Кувейт мемлекетінің Үкіметінің мақсаты секілді ақша қаражаттарының жұмсалып кетуіне тосқауыл қою ғана болатын. 70 жылдарда болашақ ұрпақ үшін құрылып барлық мұнайдан түскен пайданың 10 пайызын қорландыру кәзіргі Қазақстанның Ұлттық қорының функциясына ұқсайды. Бірақ инвестициялауларында айырмашылық бар, кувейттіктер арабтар секілді шет елдегі үлкен үлкен компаниялардың басқару пакетіндегі акцияларды алукға тырысады, немесе жылжымайтын мүлікті толық басқаруға тырысады мысалы курорттық комплекстерді алу. Осыған қоса кувейттіктерде әлемнің ең үлкен қаржы орталығы болып табылатын Лондон қаласын өздерінің штаб-пәтері бар. 80 жылдардағы құрылған Норвегияның мұнай қорына қарағанда Кувейттік қор өзін жақсы жағынан көрсетіп ұсына алды.
Америкалық штаты Аляска мен Канадалық Альберт провинциясының қор құру және оның жұмыс істеу әдістерін Қазақстанға қолданатын болсақ, ол Астанадан қорды Қаржы министрлігі емес жергілікті басшылықтың басқаруын талап ететін еді. Бұл әрине унитарлы Қазақстан үшін қолайсыз болатын еді. Екінші жағынан егер қаржылық логикаға сүйенетін болсақ Ұлттық қордың бір бөлігін орны толтырылмайтын ресурстарды өндіріп экспорттайтын елді мекендердің мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін қорландыру дұрысырақ болатын еді. Сонымен қатар өндірілген табиғи ресурстардан кейін бюджетке үлкен жүк болатын еді.
Менің ойымша егер Қазақстан үкіметі аймақтар үшін ақша қаражаттарды сонымен қатар Ұлттық қордың құралдарын орталықтандырмайтын шешім қабылдаса, ең дұрыс модель ретінде аймақтық қорла Канада провинциясы Альберт қорының жұмыс істеу әдісін алып пайдалану дұрысырақ болады. Әрине ол америкалық Аляска штатының қорына қарағанда біршама жол береді. Өйткені екуіде сол 70 жылдарда құрылып, 1976 - 1987 жылдары олардың активтері 8 млрд. долларды құрады, бірақ Канада провинциясы Альберт қоры сол қалпында қалып, ал Америка штаты Аляска қорының активтері 30 млрд. жетті. Бұл Альберт қорының активтернің төмен болуының себептерінің бірі ретінде ақша қаражаттарының әлеуметтік проблемаларды шешуге, қоғамдық парктер, больницалар салу болып табылады. Бірақ қазіргі таңда ешкім Альберт провинциясының қорын сәтсіз құрылған қор деп айта алмайды.
Бір қызығы Қазақстан Ұлттық қорын құру үшін қолданылған қандай модельдер турасында ой пікірлер әр - түрлі. Мысалы бұрынғы вице-министр Даниал Ахметовтың Алматы қаласында болған Еуразилық экономикалық саммитінде айтылған сөздеріне қарасақ қазақстандық Ұлттық қордың моделі ретінде норвегиялық қормен қатар, Чили, Кувейт, Кения секілді елдердің қор үлгілері алынғаны белгілі болады.
Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы орнында болған Қайрат Келимбетовтың айтқан созіне сүйенсек Ұлттық қордың ең жақсы моделі ретінді Новегия, америка штаты Аляска, Кувейт қорларын құру тәжрибелері тиімді болды. /9/
- Ұлттық қордың мақсаты, міндеттері, мазмұны мен мәні
Бізге Ұлттық қордың Қазақстан Республикасының Президентінің 2000 жылдың 23 тамызындағы №402 жарлығымен құрылғаны белгілі. Қордың басты екі мақсаты бар. Біріншіден, Қорды құру мақсаты елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және болашақ ұрпақтар үшін қаржы жинақтау (жинақтау функциялары) болып табылады. Екіншіден, қолайсыз сыртқы факторлар ықпалына тәуелділігін азайту үшін құрылған болатын.
Жарлық бойынша
Ұлттық қордың негізгі мiндеттерi экономикадан басы артық мұнай долларын шығару және теңге бағамына және инфляцияға қысымды тежеу, сондай-ақ табиғи ресурстарды пайдалануды оңтайлы жоспарлау арқылы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады.
Жинақтау мен пайдалану транспарентті болуы тиiс, мұның өзi қойылған мақсаттарға қол жеткiзу кезiнде Ұлттық қордың ойдағыдай жұмыс iстеуiнiң кепiлi болып табылады.
Ұлттық қордың кіріс көздерінің есебінен жүзеге асырылады:
- бір жолғы (республикалық меншiктегi және тау-кен өндiру мен ұқсату салаларындағы мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сату) ;
- түсiмдер көлемi бойынша тұрақты емес (мұнай секторының түсiмдерi) кiрiстер көзi есебiнен жүзеге асырылуы тиiс, оның мөлшерi едәуiр шекте ауытқуы мүмкiн, ол осымен Қазақстанның бюджет саясатына елеулi ықпал жасайды.
Қаражаттарды пайдаланудың мынадай бағыттары айқындалуда:
- -республикалық бюджетке тұрақтанған трансферт;
- -сыртқы қарыздарды өтеу;
- -экологиялық бағдарламаларды қаржыландыру; инвестициялық кірістердің бір бөлігін халық арасында бөлу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz