Аса қауіпті инфекциялық ауру қоздырғыштары тараған кезде халықтың іс-әрекеті


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

СӨЖ

Тақырыбы:

Аса қауіпті инфекциялық ауру қоздырғыштары тараған кезде

халықтың іс-әрекеті

Орындаған:Мех-мат 1 курс ИС-3А

Қажыбек Айгерім

Тексерген:Абдибаттаева М. М.

Алматы, 2013ж.

Жоспар:

1. Кіріспе

А) Жұқпалы аурулар

Б) Жұқпалы аурулар түрлері

2. Негізгі бөлім

А) Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу

бойынша санитариялық қағидалары

Б) Жедел ішек инфекциялары

В) Ішек инфекциясымен күресу шаралары

3. Қорытынды

А) Сауықтыру шаралары

Б) Індет ошағын жою.

Жұқпалы аурулар - зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды. Олар: а) ішектің; б) жоғарғы тыныс жолдарының; в) қанның; г) сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.
Ішек ауруларында (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады. Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді. Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді. Сыртқы қабықтардың аурулары (құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі. Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді (мысалы ішекте, не тыныс жолдарында) . Екіншісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды (шешек, қызылша, полиомиелит) . Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі - баяу ауру. Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы, шығып кетеді де, иммунитет пайда болады. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді. Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды. Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз - ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.

Жұқпалы аурулардың түрлері. Жұқпалы аурулар инфекциялық аурулар (лат. іnfectіo-жұқтыру) - 1) тірі организмдерге ауру тудырушы микроорганизмдердің (бактерия, риккетсия, вирус, саңырауқұлақ) енуінен пайда болатын кесел; 2) осы аурулардың белгісі мен даму барысын зерттеп, оның дәл диагнозын қойып, емдейтін клиникалық медицинаның арнайы бір саласы. Жұқпалы аурулар туралы деректер ертеден белгілі болған. Ежелгі грек ғалымы Гиппократ, ортағасырлық ғалым Әбу Әли ибн Сина өз еңбектерінде кейбір аурулардың науқас адамнан, жануарлардан жұғып, тез таралатыны, оған көзге көрінбейтін “миазмалар” себепкер болатыны туралы айтқан. 15 ғасырда жазылған Ө. Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты еңбегінің қолжазбасында дерттің пайда болуын адам денесіне құрттардың (көзге көрінетін және көрінбейтін) енуімен түсіндірген. 19 ғасырда бактериология, микробиология және иммунология ғылымдарының дамуы Жұқпалы ауруларды толық зерттеуге мүмкіндік берді. Әсіресе, француз ғалымы Л. Пастер, неміс микробиологы Р. Кох (1843 - 1910), орыс ғалымдары И. И. Мечников (1845 - 1916), Н. Ф. Гамалея (1859 - 1949), т. б. еңбектерінің маңызы зор болды. Жұқпалы аурулар пайда болуының үш факторы бар: ауру қоздырғышы (микроб), сыртқы орта және қабылдаушы сезімтал организм. Ауру қоздырғышына әр түрлі патогенді микроорганизмдер (мыс., бактерия, вирус, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, риккетсия, микоплазма, хламидия, т. б. ) жатады. Бұлар адам организміне әр түрлі жағдайда енеді. Мысалы, іш сүзегі, паратиф, дизентерия, т. б. - су, тағам, шыбындар арқылы; тұмау, қызылша, дифтерия, т. б. - ауру адамнан; әр түрлі тері дерттері - ауру адам мен жануарлардан; бөртпе сүзек, кене энцефалиті, безгек - сау адамға ауру адамнан (жануарлардан) қан сорғыш буынаяқтылар (мысалы, бит, безгек масасы, кене, т. б. ) арқылы; сондай-ақ құрсақтағы анасының қанымен жұғады. Жұқпалы аурулар жасырын (инкубациялық), күмәнді (продромалдық), ауру дамуы және айығу (реконвалесцениттік) кезеңдерінен тұрады. Әрбір кезеңнің өту мерзімі аурудың түріне, организмнің жағдайына байланысты болады. Жалпы Жұқпалы ауруларға шалдыққан адамдарға ортақ белгі: селсоқтанып мазасы кетеді, дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, ұйқысы қашады. Бауыр мен талақтың ісінуі мүмкін. Осындай ерекше белгілеріне қарай іш сүзегін тырысқақтан, безгекті бөрте сүзектен, т. с. с. ажыратуға болады. 20 ғасырда диагноз қою, емдеу және одан сақтану әдістерінің жетілдіруіне байланысты Жұқпалы аурулардың кейбір түрлері жойылды. Бірақ микроорганизмдердің эвол. даму өзгергіштігінің, әлеуметтік, экология, ғұрып-дәстүрлік, т. б. себептердің нәтижесінде Жұқпалы аурулардың жаңа түрлері пайда болды. Мысалы, жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы, гепатиттің ерекше түрлері, т. б. Жұқпалы аурулардың белгісі білінісімен-ақ санитарлық-эпидемиология стансаларға хабарлануы тиіс. Науқас адам ауруханаға алынып, аурудың түріне қарай емделеді. Жұқпалы аурулар клиникалық медицинаның арнайы бір зерттейтін саласы болғандықтан - бактериология, вирусология, иммунология, эпидемиология, паразитологиямен тығыз байланысты . Антибиотиктер (пенициллин, тетрациклин және т. б. ) - бактерия туғызған белгілі бір ауруларды емдеуге көмектесетін дәрілер. Вирустардан пайда болған салқын тию, тымау, қызылша, мысқыл және т. б. сияқты ауруларға антибиотиктер әсер етпейді. Вирустық инфекцияларды антибиотиктермен емдеуге болмайды. Олар көмектеспейді, тіпті зиянды да болуы мүмкін.

"Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары .

1. Осы "Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалар (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алуға бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және ветеринариялық-санитариялық бақылау органдары өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
3. Осы Санитариялық қағидалар мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) аса қауіпті инфекциялар - халық арасында өлім-жітімді көбейтіп, жаппай белең алатын, үлкен аумақтарға тез таралатын және адамдардың көпшілігін зақымдайтын, адамнан адамға берілуге қабілетті аурулар (эпидемиялық белең алулар мен эпидемиялар) ;
2) мәжбүрлеп сою - қырылуды болдырмау мақсатында немесе емдеудің экономикалық жағынан тиімсіздігіне байланысты ауру малды сою;
3) инфекциялық ауру қоздырғышының резервуары - патогенді микроорганизмдердің биологиялық иелері;
4) инфекция тасымалдаушылар - табиғатта ауру қоздырғыштары болып табылатын жылы қанды жануарлар, ең алдымен кеміргіштер және басқа да ұсақ сүт қоректілер (сирек жағдайда құстар) ;
5) инфекция таратушылар - негізінен салқын қанды омыртқасыз жануарлар, атап айтқанда қан соратын жәндіктер, кенелер;
6) инсектоакарицидтік қасиет - құралдың (препараттың) жәндіктерді ғана емес, кенелерді де жоятын қасиеті;
7) импрегнация - адамға қан сорушыларды жақындатпау мақсатында сыртқы киімді инсектицидтермен немесе репеллентермен өңдеу;
8) контаминация (жанасу) - қоршаған ортадағы заттарда микроорганизмдердің табылуы;
9) қауіп төндіретін аумақ - күйдіргі бойынша қолайсыз елді мекенмен тікелей шекараласатын аумақ немесе адамдар мен жануарлардың ауруға шалдығу қаупі бар аумақ;
10) қорғаныш аймағы - инфекция тасымалдаушылары және/немесе таратушылары жойылған елді мекеннің айналасындағы аумақ;
11) резистенттілік - пестицидтердің, улы химикаттардың және басқа да агенттердің әсеріне шыдамдылық;
12) күйдіргі бойынша стационарлық-қолайсыз пункт (СҚП) - топырақты ошақ немесе адамның немесе жануардың күйдіргіге шалдығу жағдайы тіркелген аумақтағы пункт;
13) табиғи ошақ - белгісіз ұзақ уақыт бойы сырттан әкелместен ауру қоздырғышының айналымы жүзеге асырылатын жер бетінің учаскесі;
14) топырақты ошақтар - күйдіргіден қырылған малдың өлген, сойылған, мүшеленген және өлекселерінің заңсыз көмілген жерлері;
15) физикалық күресу әдісі - пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданбастан, кеміргіштерді немесе буын аяқтыларды жоюдың агротехникалық іс-шараларын, механикалық құрылғыларды, жабысқақ массаларды және басқа да әдістерді қолдану;
16) химиялық күресу әдісі - инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын таратушыларды және тасымалдаушыларды пестицидтер мен улы химикаттарды пайдалана отырып жою;
17) эпидемиялық ошақ - науқас адамның тұратын жері;
18) эпизоотиялық ошақ - инфекция қоздырғышының көзі, берілу факторлары және сезімтал жануарлар орналасқан, шектелген орын.

Біздің қаламызда Астана қалалық мемсанэпид қадағалау Департаментімен және жалпы республикалық көлемде, тұрғындар денсаулығына бағытталған және олардың арасында ішек инфекцияларының алдыналуға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілуде. Бұл - ауыз судың, су көздері мен су айдындарының қауіпсіздігіне, азық-түлік өнімдерінің дайындалу, тасымалдану және тарату ережелерінің сақталуына, сауда және тамақтану кәсіпорындарының, мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелердің санитарлық-гигиеналық жағдайына жүргізілетін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау. Бірақ ішек инфекцияларымен күресу оңай емес - ауруды тудыратын қоздырғыштар өте көп, олардың пайда болужолы әртүрлі, диагностикасы қиын, инфекцияның берілу жолдары әрқилы. Сол үшін ішек инфекцияларының пайда болуы мен таралуының алдыналуда Сіздің белсенді күресіңіз қажет.

Жедел ішек инфекциялары - бұл бактериялар, вирустар, қарапайымдылар тудыратын және балалар мен ересек адамдарда ішек қызметінің бұзылуымен (диарея) сипатталатын жұқпалы ауру. Бұл әлемде ең көп таралған инфекциялардың қатарына жатады. Барлық ересектердің, әсіресе, балалардың дизентериямен, сальмонеллезбен, колиэнтеритпен және басқа да жедел ішек инфекцияларымен ауырмаған бірде бір ел жоқ. ДДҰ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының) мәліметтері бойынша жылына ішек инфекцияларынан емізулі жастағы 3 миллионға жуық бала қайтыс болады. Ішек инфекциялары бұрынғы заманнан бері кір қолдың ауруы деп аталып келіп, онымен салақ адамдардың жиірек ауыратындығы дәлелденген. Шынында біз күн сайын күні бойына қолымызбен айналадағы кір заттармен жанасамыз, айтар болсақ, қоғамдық көліктерде тепе-теңдікті сақтау үшін тұтқаны ұстаймыз, неше түрлі адамдар ұстаған қоғамдық мекемелердің есік тұтқасын ұстаймыз, дүкендерде сауда жасағанда сатушымен, көліктерде кондуктормен есеп айырысамыз, ақша санасамыз, таныстарды көргенде қол беріп амандасамыз. Осыдан келіп, «жұмыстан, серуендеуден үйге келгенде, тамақ дайындаудың, ішердің алдында, сондай-ақ балалармен ойнарда және оларға күтім жасағанда қолыңызды сабындап мұқият жуыңыз» деген қарапайым ережелер туындайды. Осындай қарапайым ережемен Сіз өзіңізді де және отбасы мүшелерін де әртүрлі инфекциялардан қорғай аласыз. Ішек инфекцияларының пайда болуының алдыналу үшін тағамдық азық-түліктердің жарамдылық сапасы өте маңызды - көптеген тағамдарда бактериялар тек қана өміршеңдігін сақтап қана қоймай, олар ауру тудырушы қасиетімен адамның қолымен тағамды ауызына апарғанда асқазан-ішек жолына кір қолы арқылы, ластанған су арқылы, сапасыз азық-түліктер арқылы түсіп қарқынды түрде көбейеді. Әсіресе, тұтынар алдында термиялық өңдеуден өтілмейтін тағамдар өте қауіпті. Ондай тағамдарға салаттар, винегреттер, сондай-ақ жемістер мен жидектер жатады. Салаттар мен винегреттерді, әртүрлі тұздықтар мен гарнирлерді тоңазытқышсыз түнге қалдыруға болмайды. Жаз және күз маусымында сүт және сүт өнімдерінде бактериялардың көбеюіне қолайлы жағдайлардың туындайтынын білу керек. Жеке адамдардан сатып алған құйылып сатылатын сүтті міндетті түрде қайнату керек. Ал пастерленген ірімшіктен пісірмелер, пудингтер, сырниктер дайындаған дұрыс. Дайын тағам қалдықтарын міндетті түрде тоңазытқышта беті жабық ыдыста, шикі мен дайын тағамды бөлек ыдыста сақтау керек, оларды бөлек тақтайларда арнайы пышақтармен бөлу керек. Бұл ретте тұрғындарды жуылмаған және бұзылған көкөністерді, жемістер мен жидектерді, қауын, қарбызды тағамға қолданбауға шақырамыз. Өкінішке қарай, қаладағы арнайы емес орындардағы, әсіресе базарлар маңындағы аймақтардағы сауда бойынша ахуал мәз емес. Өзіңіз білетіндей және көріп жүргендей, азық-түлік өнімдері жерден қолмен, арнайы киімсіз, санитарлық кітапшасыз сатылады. Бейберекет сауда, ауру тудырушы бактериялардың тағамдық азық-түліктерде өміршеңдігі мен көбеюіне және таратылатын азық-түлік өнімдерінің (жеке адамдар сататын салаттар, тандыр күлшелер мен тандыр самсалар, бәліштер, түскі астар мен әртүрлі сусындар және т. б. ) сапасының төмендеуіне ықпал етеді. Сондықтан, кездейсоқ адамдардан тағамдық азық-түліктерді сатып алмағандарыңыз дұрыс. Сонымен қатар, салаттарды, крем қосылғаникондитерлік (пирожный, заварной, трубочка, эклер, рулет, начинкасы бар кекс пен торт) және кулинарлық(сэндвич, пицца, хот-дог, самса, беляш, чебурек, чизбургер мен гамбургерлер) өнімдерді тоңазытқыш витринасыз сөрелерде сақтаса, өнімді шығарушы, шығару мерзімі мен сақтау мерзімі көрсетілмесе сатып алмаңыз. Есіңізде болсын, тоңазытқыш витриналарда салаттар 12 сағаттан артық, сэндвичтер, хот-догтар мен кондитерлік өнімдер 72 сағаттан артық уақыт сақталмауы керек. Ішек инфекциялары мен сальмонеллезбен сырқаттанған адамдарға жүргізілген талдаулар бойынша, соңғы кездері жұмыртқаны және тауық етін тұтынумен байланысты жағдайлардың жиілегенін көрсетіп отыр. Дүкендерде тауық еті сатылғанда +2, +3 градустық температурада 2 тәуліктен артық болмауы керек, бөлме температурасында жұмыртқа 25 тәуліктен артық сақталмауы керек. Құс еті мен жұмыртқаны сатып алғанда, олар қорапта болса да, бөлек пакеттерге салу керек. Өнімдердің жақсылап қуырылуы мен қайнатылуына көңіл бөліңіз. Етті қайнатқанда ірі кесек жасамай 1 сағаттан кем емес, жұмыртқаны 15 минуттан кем емес қайнату керек (осы уақыт аралығында сальмонеллалар толығымен жойылады) . Жұмыртқаны шикі немесе шала қайнатылған күйінде қолданбаңыз.

Сіз білесіз бе, кездейсоқ жерлерден су іше салу және ластанған, шомылуға арнайы көрсетілмеген жерлерде шомылу Сіздің денсаулығыңыз үшін өте қауіпті. Ауру жұқтырмас үшін, маңызды гигиеналық дағдыны әдетке айналдыру керек - суды тұтынар алдында кішкентай бір күдігіңіз болса, оны міндетті түрде қайнатыңыз немесе бөтелкедегі суды ішіңіз. Ал ең кішкентай нәрестелерге келсек, оларды аурудан сақтау үшін қарапайым санитарлық-гигиеналық ережелерді, оларды күту кезінде: баланы әрбір тамақтандырар алдында және тамағын дайындар алдында қолды жақсылап сабындап жуукерек, оның әрбір затын, ойыншықтарын, бөтелкесі мен емізіктерін таза жағдайда ұстау керек. Аурудың себептерін анықтау барысында көптеген аналар, әсіресе жас аналар, балалар қоспасына арналған бөтелкені ыстық сумен шаюдың орнына бірнеше рет қолданатындықтарын айтады. Балалар арасындағы ішек инфекцияларының басты себебіне балалар қоспалары мен шырындарын тоңазытқышсыз ұзақ уақыт сақтау да себеп болып отыр, олардың сақталу температурасы +8 0С аспау керек. Ішек инфекцияларының алдын алуға болады және алдын алу керек. Бұл үшін алдын алудың қиын емес, бірақ өте тиімді ережелерін білу керек және қатаң түрде сақтау керек. Кей жағдайларда ауру өте ауыр түрде өтіп, өмірге қауіп тудыруы мүмкін. Сол үшін «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөздер әрқашан да өз маңызын жоймайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аса қауіпті ауру қоздырғыштарын
Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары туралы ақпарат
Жұқпалы аурулардың түрлері
Биологиялық қауіпті улардың организмге әсері
Химиялық қауіпті нысандағы авария». Апаттың туындау себептері мен белгілері
Биологиялық (биологиялық - әлеуметті) төтенше жағдай. Биологиялық қару, эпидемия, жұқпалы аурулар
Оба тектес қоздырғышы
Жіті ішек инфекцияларының алдын алу
Инфекциялық ауру туралы түсінік
Дезинфекцияның химиялық заттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz