Табиғат ресурстарын пайдалану төлемдері


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТӨЛЕМДЕРІ

Төлем түрлері мен анықтау ұстанымдары.

Нарық қатынастарына негізделген экономиканың негізін тауар айналымы құрайды. Бұл жағдайда қоғамдық қарым-қатынасқа қатысатын табиғат ресурстары, оның ішінде табиғи ортаның сыйымдылығы, өндіріске, тіршілікке қолайлығы тауарға айналады.

Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың ең басты шарты олардың ақылы болып келетіндігі. Өйткені, табиғат ресурстарын пайдалану тегін болса, оларды үнемдеп, ұтымды пайдалануға, табиғатты қорғауға, қорын молайтуға жұмылдыратын экономикалық механизм тудырмайды, мүдде арқылы ынталандырмайды. Ол табиғат ресурстарының ысырабына әкеп соғады.

Табиғат ресурстары жалпыхалықтық (мемлекеттік) меншікте болып, пайдаланушыларға тегін берілген жағдайда үнемдеу нормалары болуына, олардың мемлекет тарапынан үнемі қадағалауына қарамастан, ысырапшылыққа жол берілді. Мысалы, жалпыхалықтық меншікті қолдайтын бұрынғы Кеңес Одағында жалпы өнімнің бір өлшеміне әлемде ең көп мөлшерде табиғат ресурстары жұмсалды.

Сондықтан төлемдерді табиғат ресурстарын ұтымды үнемдеп пайдалануға, табиғатты қорғауға, оның байлықтарын сақтауға, молайтуға жұмылдыратын ең басты экономикалық басқару тетігі деп қарастырамын. Соған қарамастан, төлемдердің қызметін әр түрлі мағынада түсінушілік кездеседі:

  1. табиғатты пайдаланудағы арендалық (жалақы), дифференциалдық төлем;
  2. табиғат ресурстарының орнын толтыру шығындары;
  3. айып төлемдер;
  4. табиғат ресурстарын қалпына келтіру шығындары және дифференциалдық рента;
  5. кендерді іріктеп өндіргенде, бос жыныстар араластырғанда төленетін айып;
  6. пайдалы компоненттерді толық өндірмегені, жоғалтқаны үшін айып төлеу;
  7. кендерді өндіру ұқсату технологиясын орындамағанда төленетін айып;
  8. табиғат қорғау шығындарын қайтару;
  9. табиғи ортаны ластағаны үшін төлем;
  10. табиғи ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру;
  11. табиғат ресурстарын пайдалану салығы деп атайды.

Енді біреулер төлемдерді бюджетке қаржы жинау көзі деп ұғынады. Осындай әр түрлі көзқарастың болуына байланысты төлемдердің мағынасын, атқаратын қызметтерін қарастырып, сұрыптау қажет болады.

Табиғатты пайдалану төлемдері, негізінен, табиғат қорғау, тиімді пайдалану мақсатында экономикалық ынталандыру үшін қолданылатын басқару тетігі болып табылады. Олар табиғат қорғау заңдарының іске асырылуын қамтамасыз етеді және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға көмегін тигізеді. Ал, ең негізгі қызметі табиғатты қорғау, тиімді пайдалану шараларына ынталандыру, жауапкершілікті арттыру болып табылады.

Табиғат ресурстарының түріне байланысты әмбебап пайдаланатын, арнайы пайдаланатын ресурстарға төлемдер ерекшеленеді. Әмбебап пайдаланатын ресурстарға жер, су, ауа және т. б. ресурстар жатады. Арнайы пайдаланатындар - орман, биоресурстар, минералдық шикізаттар.

Экономикалық мағынасына, атқаратын қызметіне қарап төлемдерді:

  1. табиғат ресурстарын пайдалану құқығы;
  2. табиғат ресурстарын пайдалану;
  3. табиғат ресурстарын қорғау, қалпына келтіру, жаңғырту, өсіру;
  4. табиғат ресурстарын пайдалануды шектегені үшін;
  5. табиғи ортаны қорғау;
  6. табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін төлемдер деп сұрыптауға болады.

Табиғат ресурстарын пайдалану құқығы үшін төлемнің негізі табиғат ресурстарына меншік, иелік құқығы болып табылады. Меншік құқығы осы төлем арқылы көрініс табады. Меншік иесі өзінің құқығын басқа табиғат пайдалануыларға жалға немесе иелікке беру арқылы олардан төлемақы алады. Табиғат ресурстары жалпыхалықтық иелікте болғанда, иелік құқығын олардың атынан мемлекет атқарады. Табиғатты пайдалану құқығын алушылар мемлекеттік бюджетке ақы төлейді. Төлемдердің бұл түрінің мөлшері шығындарға немесе табысқа онша байланысты емес, негізінен, екі жақтың келісімі бойынша анықталады. Теориялық тұрғыдан меншік иелері төлемдер арқылы өздерінің (жалпыхалықтық меншік болғанда халықтың) әлеуметтік жағдайларын қаржыландыруға тырысады. Сондықтан төлем негізін әлеуметтік шығындар деп алуға болады. Екінші жағынан төлем шамасы табиғат ресурстарын пайдалану құқығын алушылар өздерінің табыстарының қанша бөлігін бөлісуге келісетінін көрсетеді. Олар үшін, яғни табиғат ресурстарын пайдалану құқығы үшін төлем алғашқы өндіріс шығындары болып табылады. Сондықтан алынатын өнімнің өзіндік құнына қосылады. Сөйтіп, ең негізгі төлем төлеуші өнімді тұтынушылар болады. Осы тұрғыдан алғанда, табиғатты пайдалану құқығы үшін төлемнің ең басты қызметі - табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды ынталандыру. Осы мақсатта қоғам табиғат ресурстарынан алынатын өнімдердің бағасын біраз қымбаттатуға мәжбүр болады және ол табиғат ресурстарын тегін пайдаланудан әлдеқайда тиімді болады. Мәселен, қосымша шығындар тұрғысынан қарайтын болсақ, төлем мөлшерін алмастыру шығындарымен анықтауға болады. Егер табиғатты пайдаланушылар табиғат ресурстарының нақты түріне пайдалану құқығы үшін төлемнен бас тартса, онда ол оны басқа ресурспен алмастыруына тура келеді. Осы жаңа ресурсқа жұмсайтын шығын төлемнің баламасы бола алады. Төлем шамасы балама шығыннан аз болғанда табиғат пайдаланушы, әрине төлем төлеуге келіседі. Төлемнің шамасына сонымен қатар, елдегі банк процесінің өсімі, монополиялық рента және т. б. әсер етеді.

Табиғат ресурстарын пайдалану төлемдерінің мөлшері оның құндылығына, экономикалық бағалану шамасына байланысты болады. Ал, экономикалық бағалану шамасы дифференциалдық рентаға тікелей тәуелді екенін білеміз. Дифференциалдық рента өз кезегінде табиғат ресурстарының табиғи «өнімділігінен», пайдалану тиімділігінен туындайды.

Табиғатты пайдалану төлемдерінің негізгі бөлігі болып табылатын ренталық табиғат ресурстарын пайдаланушылардың қосымша табысының есебінен төленеді. Сондықтан төлемнің бұл түрі ынталандыру қызметімен қатар, табиғат ресурстарын пайдаланушыларға біркелкі бәсекелестік жағдай туғызу қызметін де атқарады. Төлемнің құрамына дифференциалдық рентамен қатар, табиғат ресурстарын пайдалану төлемі де кіреді. Ол абсолютті рента негізінде анықталуы мүмкін.

Табиғат ресурстарын пайдалану төлемі ресурстың түрлері бойынша оның әрбір өлшеміне белгіленеді.

Табиғат ресурстарын қорғау, қалпына келтіру, жаңғырту, өсіру төлемдері осы мақсаттарға жұмсалған шығындар бойынша анықталады және негізгі қызметі шығындарды қайтару болып табылады. Төлем шамасы қоғамдық қажетті шығындармен анықталады. Табиғат ресурстарын қорғау, қалпына келтіру, жаңғырту, өсіру және өндіріске даярлау шығындары өндірістік шығындардың құрамды бөлігі болып табылады. Сондықтан олар өнімнің өзіндік құнына және бағасына қосылады.

Төлемдердің келесі тобы табиғатқа келтірілген зиянның орнын толтыру қызметін атқарады. Табиғатқа зиян келтірушілер: жеке азаматтар немесе заңды тұлғалар зиянның орнын толтыруға, зардабын жоюға міндетті. Осы төлемдер арқылы «ластаушы - төлейді» принципі жүзеге асырылады. Бұл төлемдерді кейде экологиялық төлемдер деп те атайды. Зиянның шамасы нормалы шамадан аспағанда төлем зиянның орнын толтырады немесе зиянды болдырмау үшін жұмсалатын шығындарды қайтарады. Нормадан артық шамада айып төлемдері алынады. Нормалық шамадағы төлемдер өнімдердің өзіндік құнына қосылады, ал одан артық шамада таза табыстан алынады.

Төлемдер атмосфераға ластаушы заттар шығарғаны, суға ластаушы заттар төккені және жерге қалдықтарды орналастырғаны үшін алынады. Төлем нормативі ластауды болдырмау және ластану зардаптарын жою шығындары бойынша ластаушы заттардың әрбір шартты өлшеміне белгіленеді.

Төлемнің келесі түрі табиғат ресурстарын пайдалану (тиімді пайдалану) шектелген жағдайда алынбаған (жоғалтқан) табыстың орнын толтыру қызметін атқарады. Төлем табиғат ресурстарын шектеуші заңды тұлғалардың немесе жеке азаматтардың шаруашылық пайдасынан алынады. Шектеудің сипатына қарай төлемдер бір мерзімдік немесе ағымдағы болуы мүмкін. Төлемдердің бұл түрін қолдану, әсіресеі, әмбебап ресурстар (жер, су) үшін аса маңызды. Ресурстардың шектеулілігі оларды бір мақсатқа пайдалану үшін екінші мақсатқа пайдалануды шектейді. Мысалы, ауыл шаруашылығына тиісті жерге құрылыс салынғанда, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мүмкіндігі шектеледі.

Табиғат қорғау заңдары, ережелері, тәртіптері бұзылғанда алынатын төлемдер айып салу сипатында болады және келтірілген зияннан артық мөлшерде белгіленеді.

Аталған төлемдерден басқа жер қойнауын кен өндіруден басқа мақсатқа пайдалану, техногендік минералдық ресурстарды пайдалану және т. б. төлемдер алынады.

Экономикалық бағытына қарап табиғатты пайдалану төлемдерін: орнын толтыру, қайтару, алмастыру, компенсациялық ренталық, айып, сыйлық төлемдері деп бөлуге болады.

Табиғатты пайдалану төлемдерін топтастыру.

Төлем тобы
Негізгі түрлері
Атқаратын қызметтері
Анықтау көрсеткіші
Төлем көзі
Төлем аудару
Төлем тобы: Иелік (меншік) құқығы
Негізгі түрлері: Пайдалану құқығы үшін
Атқаратын қызметтері: Табиғат ресурстарын ұқыпты пайдалану, әлеуметтік-экономикалық даму
Анықтау көрсеткіші: Табиғат ресурстарынан алынатын өнім (шикізат) құны. әлеуметтік шығындар
Төлем көзі: Өнімнің өзіндік құны
Төлем аудару: Бюджет
Төлем тобы: Қалпына келтіру
Негізгі түрлері: Геологиялық барлауға, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге, қор аудару
Атқаратын қызметтері: Табиғат ресустарын қалпына келтіру, молықтыру, өсіру, қорғау
Анықтау көрсеткіші: қалпына келтіру, қорғау, өсіру шығындары
Төлем көзі: Өнімнің өзіндік құны
Төлем аудару:

Табиғат

ты қорғау қоры

Төлем тобы: Үлестіру
Негізгі түрлері: Ренталық төлемдер
Атқаратын қызметтері: Біркелкі бәсекелестік жағдай туғызу, ренталық табысты алу
Анықтау көрсеткіші: Дифференциалдық рента I
Төлем көзі: Қосымша ренталық табыс
Төлем аудару: Бюджет немесе рента қоры
Төлем тобы: Өтем
Негізгі түрлері: Табиғи ортаны нормалы ластанғаны үшін
Атқаратын қызметтері: Табиғатты қорғау шығындарын қайтару
Анықтау көрсеткіші: Халық шаруашылық зиян
Төлем көзі: Өнімнің өзіндік құны
Төлем аудару:

Табиғат

ты қорғау қоры

Төлем тобы: Табиғатты пайдалануды шектегені үшін
Негізгі түрлері: Мүмкін табыстың орнын толтыру
Атқаратын қызметтері: Алынбаған табыс
Анықтау көрсеткіші:

Шаруа

шылық шығын

дары

Төлем көзі: Бюджет немесе зиян шеккенге
Төлем тобы: Айып
Негізгі түрлері: Табиғи ортаны шектен артық ластағаны және табиғи ресурсты ысырап еткені үшін
Атқаратын қызметтері: Ысырапқа, ластауға жол бермеу
Анықтау көрсеткіші: Халық шаруашылық зияндарды еселеп қайтару
Төлем көзі: Таза табыс
Төлем аудару:

Табиғат

ты қорғау қоры

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ТӨЛЕМДЕРІ .

Еліміздің минералдық ресурстары әлемнің барлық елдерінің қызығушылығын танытып отыр және қарқынды игерілуде. Көптеген тау-кен кәсіпорындары, металлургия комбинаттары шетелдік компанияларға контракт негізінде берілді. Осындай жағдайда минералдық шикізат қорын пайдаланғаны үшін төлемдер, әсіресе көмір сутектер мен металды рудалар үшін төлемдер бюджеттің негізгі көзіне айналды. Сондықтан минералдық шикізат қорына төлемдерді дұрыс анықтау және қолдану экономикамыз үшін өте маңызды.

Минералдық шикізат қорын пайдалану төлемдері ең күрделі, әрі жан-жақты қызметтер атқарады.

  • Кен орындарын іздеу, барлау жұмыстарына жұмсалған шығындарды қайтарады, геологиялық жқмыстарды қаржыландыруға қор жинақтайды. Мұндай төлем бұрыннан қолданылып келеді.
  • Минералдық шикізат халықтың игілігі және әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етуі тиіс. Сондықтан пайдалану құқығы үшін төлемдер белгіленеді.
  • Минералдық шикізаттың бір түрінің өзінің әр кен орнындағы сапасына, орналасуына байланыты тиімділігі әр түрлі. Тауар кен орындарын пайдаланушылар ренталық табыс алады. Оны ресурс иесі алуға құқылы және сол арқылы ресурс пайдаланушыларға біркелкі бәсекелестік жағдай туғызылады.
  • Пайдалы қазбаларды өндіргенде, байытқанда және өндегенде табиғи ортаға залал келтірмеу үшін күрделі табиғатты қорғау шараларын ұолдану керек. Оларды қаржыландыру үшін табиғат қорғау төлемдері алынады.
  • Минералдық шикізатты ұтымды пайдалануды ынталандыру мақсатында ысырапшылдыққа жол бермеу және материалдық жауапкершілікті арттыру үшін табиғатты пайдалану нормаларын, заңдарын бұзғандарға ысырапқа, шектен артық ластауларға жол бергендерден айып төлемдер алынады.

1991 жылы сол кездегі Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар мемлекеттік комитеті жер қойнауын пайдалану төлемдерін анықтаудың әдістемелік нұсқауларын жасап, төлемдерді алу тәртібін белгілед. Онда:

  • Пайдалы қазбалар кен орындарын пайдалану құқығы үшін төлемдер;
  • Табиғат потенциалын қорғау, қалпына келтіру, геологиялық барлауға қор аудару төлемдері;
  • Минералдық шикізатты ұтымсыз пайдаланғаны үшін айып төлемдер қарастырылған.

Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (салық кодексі) кодексіне (2001жыл) сәйкес жер қойнауын пайдаланушыларға арнайы салықтар мен төлемдер белгіленген. Олар:

  1. Үстеме пайдаға салық;
  2. жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері:бонустар а) қол қойылатын, (тіркелген, автор) ;

ә) коммерциялық табу (ашу, автор)

  • роялти
  • өнімді бөлу бойынша ҚР үлесін есептеу мен төлеу

Бонустар - бір жолғы тіркелген төлем болып табылады және жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шартта белгіленген мөлшерде және тәртіппен ақшалай нысанда төленеді. Жер қойнауын пайдаланушылар бонустың барлық түрін төлеушілер болып табылады.

Келісілген (тіркелген) бонус - жер қойнауын геологиялық зерделеу, зерттеу мен одан кейінгі өндіру немесе өндіру құқына бір жолғы тіркелген төлем және жер қойнауын пайдаланушылар заңда белгіленген тәртіппен тиісті операцияларға шарт жасалған жағдайда төленеді. Бонустың бастапқы шамасын ҚР Үкіметі белгілейді, соңғысын конкурс нәтижесі бойынша комиссия анықтайды, бірақ алғашқыдан кем болмауы керек.

Коммерциялық ашу (табу) бонусы - келісім-шарт аумағында ашылған, өндіруі экономикалық тұрғыдан тиімді болатын пайдалы қазбалардың белгілі түріне бір жолғы талон. Келісім жасалған территорияда ашылған кен орындарына бонус төленеді. Бонустың шамасы өндірілетін пайдалы қазбалар қорының көлеміне, алынатын құндылықтарға, яғни есептеу базасына сәйкес анықталады. Алынатын құндылықтар биржалық бағалармен, егер ол анықталмаған жағдайда өндіру шығындарымен нормалы пайдасы ескеріліп есептеледі. Коммерциялық ашу бонусы есептеу базасының 0, 1% кем болмауы керек.

Роялти - пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік құрылымдарды қайта өңдеу төлемі болып табылады. Роялти өндірген пайдалы қазбалардың немесе қайта өңделген техногендік құрылымдардың көлеміне белгіленеді. Кең тараған пайдалы қазбаларға, жер асты суына роялти ҚР Үкіметі белгілеген мөлшерлемемен, басқа пайдалы қазбаларға - келісімде көрсетілген мөлшерлемемен төленеді. Роялти шамасы төлем базасына, нысанына және төлем мөлшерлемесіне сәйкес анықталады.

Төлем нысаны өндірілген пайдалы қазбаның көлемі немесе нақты өндірілген пайдалы қазбадан алынған алғашқы тауарлы өнім:1) мұнай, төлем базасы ретінде есептелетін құндылықтар:табиғи газ, газ конденсаты, көмір, жанғыш тақта тас, тауарлы руда, жер асты суы, смола, асбест, құрылыс материалдары шикізаты, металлургиялықбейруда; 2) бағалы металдар, құмдағы, кендегі, ; 3) қара, түсті, сирек, радиоактивті, минералдық химиялық шикізат концентраттары; 4) алғашқы өңдеуден өткен бағалы тастар, жылтырауық тастар, пьезооптикалық шикізаттар; 5) алғашқы өңдеуден өткен басқа пайдалы қазбалардың материалдық шикізаты.

Құндылықтар: өндірілген мұнайдың, жер асты суының, қатты пайдалы қазбалардың құны орташа сатылу бағасымен; алтын, күміс, платина құны әлемдік биржа бағасымен; кең таралған пайдалы қазбалар құны жергілікті бағамен есептеледі.

Роялти мөлшерлемесі кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын қоспағанда:

- көмірсутектері боиынша өндіру көлеміне қарай белгіленген пайыз ретінде өзгермелі шкаламен бүкіл пайдалану кезеңінде жинақталған көлеміне қарай немесе әр жылдағы өндіру көлеміне қарай белгіленеді;

- қатты пайдалы қазбалар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген пайыз түрінде белгіленеді;

- кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты сулары бойынша төмендегі тіркелген мөлшерлемемен;

- металлургиялық бейруда, қалыпқа салынатын құм, глиноземді жыныстар (далалық шпат, пегматит), әк, доломит, әк-доломит жыныстары тамақ өнеркәсібіне арналған әк үшін - 1%; басқа бейруда шикізат, отқа төзімді балшықтар, каолин, вермикулит, ас тұзы -3, 5% ; жергілікті құрылыс - 4, 5%; жер асты сулары - 10%.

Салыстырмалы түрде тәуір тбиғат жайындағы әрекеттенген қосымша табыс алатын немесе салыстырмалы тәуір нарық жағдайында өндірілген өнімді өткізетін қазба байлықтарды пайдаланушылар үстеме пайдаға салық төлейді. Үстеме пайдаға салық төлеудің тәртібі, мөлшері мен басқа да жағдайлары шартта көрсетіледі. Үстеме пайдаға салық мөлшерлемелері салық кезеңіндегі таза кіріск мынадай мөлшерде белгіленеді:

Пайданың ішкі нормасының 20%-дан асатын шамасына: 5%ға дейін -15%, 5тен-15%ға дейін -30%, 15тен-30%ға дейін -45%, 30%-дан жоғары -60%.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғат пайдалану төлемдері
Табиғат ресурстарын төлемді пайдаланау
Минералдық шикізат қорын экономикалық бағалау
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Жер қойнауын пайдаланушылар мүдделерін қорғау
Жердің экономикалық бағалануы
Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға ынталандыратын, жауапкершілігін артыратын экономикалық механизм мен тетіктер жүйесі
Табиғатты пайдалану экономикасы дәрістер тізімі
Орман шаруашылығы жайлы
Баға және табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау теориялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz