Катонқарағай ауданы


Катонқарағай ауданы 1963 жылғы 1 қаңтарда Катонқарағай ауданы Большенарым ауданымен біріктіріліп, аудан орталығы болып Большенарым селосы анықталды. 1970 жылы 4 желтоқсанда Катонқарағай ауданы орталығы Катонқарағай селосы болып қайтадан құрылды. 1997 жылы 23 наурызда Большенарым ауданы жойылып, Катонқарағай ауданының әкімшілік орталығы Большенарым селосына көшірілді. Аудан облыс аумағының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Аудан солтүстік және солтүстік-шығыста Ресей Федерациясының Алтай Республикасымен, оңтүстік-шығыста Қытай Халық Республикасымен, оңтүстікте Күршім ауданымен, солтүстікте-Зырян ауданымен шекаралас, ал батыста Бұхтарма бөгенінің суымен шектесіп жатыр. Климаты мен бедерінің әр түрлілігіне және де тағы басқа топырақ құрастырушы факторларына байланысты. Облыс аумағында топырақ жазықтық және таулы болып ерекшеленеді. Облыстың жазықтық топырағы суббореалды зона топырақ құрамына жатады. Топырақтың басым түрлері: сілтісізденген қара топырақ, кәдімгі және оңтүстік: қою-каштан; каштан; ашық каштан; күрең; сұр-күрең болып келеді. Ұсақ шоқылы аумақтарда аз дамыған және дамымаған ұсақ тасты топырақтың нұсқалары басым, тау бөктерлі жазықтық және тау аралық аңғарларда - тау алды нұсқалары басым. Таулы аудандарда басымды топырақтар түрінің үш топырақты провинциялары бөлінеді (жоғарыдан төмен) . Алтайлық солтүстік-батыстық (таулы-шалғындыдын ашық каштандыға дейін) ; Алтайлық оңтүстік (қарапайым таулы-тундралыдан таулы-орманды қою-сұрға дейін) ; Сауыр-Тарбағатайлық (қарапайым дамыған альпілі таулы-шалғындыдан ашық каштандыға дейін) . Содан басқа облыс аумағында ішкі аймақты (орманды, қою және ашық шалғынды-каштанды т. б. ) және аймақ аралық топырақтың (батпақты, шалғынды, сортаңды және т. б. ) түрлері де бар. Катонқарағай ауданы агроклиматтық жағдайы бойынша таулы және қатты-континенттік ауа-райлы альпілік аймақта орналасқан, қатты ұзаққа созылатын қысымен, ыстық және баяу өтетін жазы мен күзі арқылы сипатталады. Аудан аумағы анық төрт климаттық аймаққа бөлінеді:
- Биік тау аймағы (тундра-шалғынды)
- Таулы-орманды, артық ылғалды
- Таулы, ылғалды орманды дала
- Таулы - далалы.
Биік таулы және таулы-орманды аймақтың ауа-райы өте ылғалды, қоңырсалқын суық, кей жерлерде өте суық. Аймақтың солтүстік жартысында бір жылда 550-560 мм ылғал түседі. Шілделік ылғалдың ызғары әсіресе анық сезіледі. Желдің орташа айлық жылдамдығы бір жыл ішінде 1, 7 м/сек құрайды. Қатты желді күндер саны жылына 7 күнді, ал шаңды боран -10 күнді құрайды.
Өсімдік жамылғысы өз таралымында, ауа райы мен жер жамылғысы тәрізді вертикалды аймаққа бағынады. Биік таулы тундралық аймақтарда жасыл қыналар, тал-шілік, бұталар басым. Биік таулы шалғынды аймақ дәнді өсімдіктер, сан алуан шөп түрлерінің басымдығымен ерекшеленеді. Альпі белдеуінде өсетін өсімдіктер жерге жақын, аймақта тақыр жерлер көбірек, ал субальпілік белдеуде өсетін өсімдіктер неғұрлым жиірек және биік болып өседі. Биік таулы альпі шалғындары Оңтүстік Алтай мен бір бөлігі орталыққа кіретін, атмосферасы ылғалмен жақсы ылғалданатын аймақтарда орналасқан. Таулы-тайга және шалғынды - тайга аймақтары өсімдік жамылғысында қою қылқан жапырақты және ашық қылқан жапырақты тайга ормандарының басымдығымен ерекшеленеді. Орман арасындағы ашық жерлерде жылы және құрғақ ауа райына өсіп үйренген шөптер және қыналы шөптер, әр түрлі дәнді өсімдіктер, шөптер, бұталар және сирек орман таралған. Таулы тайга ормандарында шөптің орташа биіктігі 120-150 см болса, қалыңдығы 80 100 % құрайды. Ірі шөптердің үлесі басым болғандықтан, шөптердің азықтық құндылығы төмен, мал жөнді жемейді және улы деуге де болады. Таулы және орманды-шалғын-дала аймағы тайга ормандарынан қырға ауысады. Ол өсімдік жамылғысында ормандар, орман шалғындары, дала шалғындары мен шалғындық-дала бұталық -шөп тоғайлары өседі. Бұл аймақтағы ормандар ұсақ жапырақты, көк теректі және ақ қайыңды болып келеді. Оңтүстікте, батыста, аздап шығыста, әсіресе тік тау баурайларында -шалғындар, шалғынды далалар, тал шілік тоғайлары секілді ашық ландшафтылар салтанат құрған. Орманды далалы және орманды-шалғын-дала (Нарым және Бұхтарма өзендері бассейні) белдеуінің төменгі бөлігінде негізінен қайыңды-бал қарағайлы және бұталы-шөпті ормандар орын алған. Ашық алаңқайларда және орман алаңдарында бұрынғыдай сансыз көп орман бұталары ( кәдімгі мойыл, орта таволга, тікенді және қылқанды итмұрын, татар бөріжидегі және т. б. ) және әр түрлі орманды шалғын шөптері өседі. Аумақтың оңтүстік-шығыс бөлігінде шөпті -бұталы- қарағайлы ормандар таралған, онда қарағайлы орманның бір бөлігі аралас, кей жерлерде тұтас шөпті-бұталы тоғайлар. Таулы және далалы аймақтардың өсімдік жамылғысын дала дәнді өсімдіктері, даланың әр түрлі шөптері құрайды. Большенарымның тау арасындағы алқабында, оның шығыс (жоғары) бөлігінде әр түрлі шөпті- бетегелі, ал батыста (төмен) - бетегелі құрғақ далалар жатыр.
Аудан аумағының топырақ жамылғысы әр түрлі және негізінен жердің бет-бедеріне тәуелді. Тау жамылғылары 30 %-ға дейін тамырлы жыныстар арқылы шыққан таулы-тундралы, 50 %-ке дейін альпілік және субальпілік таулы- орманды, 30 %-ға дейін кәдімгі таулы қара топырақты болып келеді. Бұл жамылғылар жоғары таулы рельефі жағдайында 2500-2800 м-ден жоғары биіктікте қалыптасқан. Тау жамылғылары жазғы отардағы жайылым ретінде, мал күтуге қысқа мерзімге пайдаланылады.
Ауданның гидрографикалық желісі сансыз көлдер, өзендер, бұлақтардан тұрады. Аудан аумағының солтүстік шекарасынан ағып өтетін Бұхтарма өзені - ең ірі су ағымы болып табылады. Ауданды шығыстан батысқа қарай қиып өтетін Нарым өзені - екінші ірі су ағымы. Көптеген бұлақтар басын таудан алып, үлкен жылдамдықпен ағысы 1-2 м/сек ағады. Дария тау мінезді. Судың сапасы жақсы, тұрмыста және ауыл шаруашылығында қолдануға жарамды.
Жер асты суларының қуаттылығы 60-80 м-ден
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz