Корпорация бюджетін құру ролі және үдерісі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
Қаржы кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра
меңгерушісі э. ғ. к., доцент
М. Ж. Арзаева
Диплом жұмысы
тақырыбы:
« Корпорация бюджетін құру ролі және үдерісі »
050509- «Қаржы» мамандығы бойынша
Орындаған: Мәсімханова Ф. Ә.
Ғылыми жетекші: Гайсин С. С.
э. ғ. к., доцент
Норма бақылаушы Садыханова Д. А.
аға оқытушы
Алматы, 2012
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес жоғары Мектебі
Қаржы кафедрасы
Қаржы мамандығы
Диплом жұмысын орындауға арналған
ТАПСЫРМА
Студент Мәсімханова Фариза Әуезбекқызы
« Корпорация бюджетін құру ролі және үдерісі »
жұмыс тақырыбы «23» желтоқсан 2011 ж. № бұйрығымен бекітілді.
Дайын жұмысты тапсыру мерзімі « 26 » сәуір 2012 жыл
Жұмыстың бастапқы мәліметтері: «Саба құрылыс» АҚ-ның 2009, 2010 және 2011 жылдарға арналған консолидацияланған бухгалтерлік балансы 2009-2011жж «Саба құрылыс» АҚ-ның қаржылық есебі, ҚР-дағы корпоративтік қаржы саласы бойынша экономист ғалымдардың еңбегі.
Диплом жұмысындағы толықтырылуы қажет сұрақтар тізімі немесе жұмыстың қысқаша мазмұны
а) Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
б) «Саба құрылыс» АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау
в) Кәсіпорынның бюджеттеуді жетілдірудің негізгі бағыттары
Диплом жұмысын дайындау
КЕСТЕСІ
Ғылыми
жетекшіге тапсыру мерзімі
Тапсырманың берілген күні 29. 12. 2011 ж
Кафедра меңгерушісі Арзаева М. Ж.
э. ғ. к., доцент
Жұмыс жетекшісі Гайсин С. С.
э. ғ. к., доцент
Тапсырманы орындауға алған студент Мәсімханова Ф. Ә.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1. БЮДЖЕТТЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ . . . 6
1. 1. Бюджеттеудің мәні және негізгі қағидалары . . . 6
1. 2. Бюджеттеуді ұйымдастыру . . . 11
1. 3. Бюджетті қалыптастырудың технологиясы . . . 19
2. БЮДЖЕТТЕУДІ НАҚТЫ КӘСІПОРЫН
МЫСАЛЫНДА ТАЛДАУ («Саба Құрылыс» АҚ мәліметтерінде ) . . . 24
2. 1. Кәсіпорындағы бюджеттендіруді бағалау . . . 24
2. 2. «Саба Құрылыс» АҚ-ның өткізу қызметін талдау . . . 30
3. «САБА ҚҰРЫЛЫС» АҚ БЮДЖЕТТЕНДІРУ
ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ . . . 37
3. 1. Бюджеттік кезеңнің приоритеттері . . . 37
3. 2. Жиынтық бюджеттің талдауын жетілдіру . . . 50
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 57
Кіріспе
Бүгінгі таңда кез келген кәсіпорынның басты міндеті оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Бұл әрине бәсекелік күрестің қатаңдығы мен сыртқы ресурстарының шектелуімен байланысты. Бұл жағдай бизнестің даму мүмкіндігінің шектелуіне, жаңа нарықтарға шыға алмауына нәтижесінде бәсекеге қабілеттілігінің нашарлауына алып келеді. Осындай жағдайда қоршаған ортада болып жатқан келеңсіз жағдайларға жауап бере алатындай, өзі реттеп отыра алатын бизнес жүйесін құру қжеттігі туады.
Бюджеттеу экономикалық басқару жүйесін қалыптастырудың бірінші кезеңі болып табылады. Бұл кәсіпорынның ресурстарының және қаржылық ағымдарды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде өндірілетін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және бәсекеқабілеттілікті арттыруға жол ашады. Ерекше атап өту керек бюджеттеу, нәтижесінде бәсекеқабілеттілікті арттыратын, кәсіпорынның экономикалық үдерістерін біріктіруге бағытталған барлық шаруашылық операцияларын стратегиялық және оперативтік басқарудың арасындағы байланыстырушы маңызды звено болып табылады. Сонымен мемлекеттің қаржы-экономикалық жүйесін құрайтын әр түрлі құрылымдар үшін бюджеттеудің қажеттілігі туындайды, және осы арқылы таңдап алынған тақырыптың өзектілігі анықталады.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі «Саба құрылыс» АҚ-ның жұмсақ және корпустық мебель өндірісімен айналысатын цехы.
Диплом жұмысының мақсаты - кәсіпорынның жұмысының тиімділігін арттыру үшін бюджеттеудің әдістемелік аспектілерін зерттеу
Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу керек:
• бюджеттеудің негізгі қағидаларын анықтау;
• бюджеттік жоспарлаудың тәсілдерін анықтау;
• бюджеттеу үдерісінің ұйымдастыруын қарастыру;
• бюджеттеу технологиясын зерттеу;
• кәсіпорын бюджеттеуін бағалау;
• бюджеттеу кезңінің приоритетті бағыттарын жасау;
• бюджетті қалыптастыру;
• жиынтық бюджеттің орындалуына талдау жасау;
Қойылған міндеттерге қол жеткізу келесі әдістердің көмегімен іске асады:
•жүйелік талдау
•графиктік әдіс;
• аналитикалық әдіс;
• экономико-математикалық әдіс: коэффициенттер әдісі, орташа шама әдісі және тағы да басқалар.
1. БЮДЖЕТТЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Бюджеттеудің мәні және негізгі қағидалары
Бюджеттеу үдерісі бюджетті қалыптастыру, келісу және бекіту сияқты іс-әрекеттерді білдіреді, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау мен керек болған жағдайда шұғыл түрде өзгертулер енгізуді білдерді. Бюджеттеу екі аспектіні кіріктіреді: ұйымдық және әдістемелік. Ұйымдастыру тарапынан қарағанда кәсіпоырндағы бюджеттеу үдерісі құрамына жоспарлау орталығы (ЦП), қаржылық жауапкершілік орталығы (ЦФО), шығындар орталығы (ЦЗ) кіретін ұйымдық өзара іс-әрекеттер жүйесін білдіреді. Ол кәсіпорын қызметінің функционалды салаларының негізделген бизнес болжамын құруға және соның негізінде алдағы уақытта қаржы-шаруашылық модельдеудің көмегімен бизнес-міндеттер алуға бағытталады.
Жоспарлау орталығы - кәсіпорынның структуралық құрылымы немесе бизнес-болжам жасау көмегімен кәсіпорынның жұмыстарының негізгі тенденцияларын анықтауға құқы бар тұлға. [1]
Нарықтың даму жағдайында, бизнестің бәсекеге қабілеттілігі негізгі мәселе болып тұрған кезінде, тауар өндіруші кәсіпкер тек қана дағдарыстан аман қалуды ойламай, пайда табуды да жоспарлау керек.
Мұндай жағдайда бизнесінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, кәсіпкер өнім өндірудегі бағытын анықтап, фирманың қандай деңгейге жетуін қалайтынын жоспарлауға міндетті.
Заманауи нарқында көптеген тауар өндірушілер үшін табыс табу басты мақсат болып саналады, бірақ ол жалғыз ғана мақсат емес, көп мақсаттардың бірі ғана. Кез келген тауар өндірушінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету дегеніміз, ол өндірілетін өнімнің көлемі мен сапасын арттыру арқылы сату көлемін ұлғайту, табыс табу, сауда белгісінің танымал болуын қаматамасыз ету, соның көмегімен, тауар берушілер мен сатып алушылардың алдында атағы мен мансабын аяқ асты қылмай сақтап қалуды білдіреді. .
Бухгалтерлік басқару есебінде бюджеттендіруді жоспарлау процессі деп түсінуге болады. Соған сәйкес бюджет ол жоспар.
Бюджет - негізделіп жасалған есепке сай, не нәрсеге қол жеткізуге болатынын белгілеу.
Бюджетті шығынның жеткен деңгейінен бастап, өнім бірлігіне жұмсалатын материалдардың, еңбек шығынының бектілген нормаларын қатал сақтай отырып, бірнеше нұсқа етіп жасалады. Бюджет жасаудың арнайы орталықтары бар. [2]
Бюджет жасауға зор ықпал ететін басты көрсеткіш - инфляция. Ертеректе шет елдерде, орын алған инфляцияның күрт өзгерістері үздіксіз жаңарып тұратын бюджеттерді кеңінен қолдануға мәжбүр етті. Бюджет бір жыл бұрын, алдын ала жасалады. Бірінші бақылау кезңінің соңында, инфляция өзгерісі есепке алынып қалған уақытқа сай қайта қаралады. Келешекте орын алатын болжамды инфляция деңгейі есепке алынады. Ол өз кезегінде, келесі жылдың бірінші бақылау кезңінің құбылмалы бюджетін жасауға негіз болады.
Құбылмалы бюджет - тұрақты және айнымалы шығындарды шектеу жолымен, өнім өндірудегі орын алатын өзгерістерге, яғни өнім өндіру көлемінің өзгерісіне сәйкес, оған жауап ретінде өзгеріп отыру үшін жасалған.
Құбылмалы бюджетке негізделген ауытқулар есебін, бюджетке салынған нақты қол жеткен деңгейдегі шығындардың нәтижесімен салыстырады. Дегенмен, төменде жеке айтылатын смета көлемінде орын алған барлық өзгерістерді ол түсіндіре алмайды. Бұл жерде келесі мәселелер маңызды болып саналады:
1. Құбылмалы бюджет кезең басында алдын ала есептелген өндіріс деңгейіне сәйкес бекітіледі. Бұл бастапқы бюджет.
2. Сосын ол өндірістің нақты деңгейіне сәйкес болу үшін өзгеріске ұшырайды.
3. Нәтижесі нақты шығындармен салыстырылады, айырмасы компанияның тиісті басшыларының қарауына ұсынылады.
Бюджетті қолдану ұйымдарға келесідей артықшылықтар береді:
1. Ұйым қызметін бақылауға көмектеседі, жоспарсыз басқарушы жағдайды бақылай алмайды, ол тек қана қарастыра алады. Бюджет кәсіпорын қызметінің нақтылығына және мақсаттылығына әсерін тигізетін жоспардың құрамдас бөлігі болып табылады.
2. Басқарушылық бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады, тұтас ұйымның және оның бөлімшелерінің қызмет нәтижелерін бағалауға объективті негізін құрайды. Бюджет болмаса, өткен мерзімдегі көрсеткіштерді ағымдағы көрсеткіштермен салыстыруда қателесуге болады, нақты айтатын болсақ, өткен кезеңдегі көрсеткіштер төмен өндірістік жұмыстың нәтижесін камтыса.
3. бюджет кәсіпорынның әр түрлі бөлімшелерінің қызметтерін үйлестіру құралы болып атбылады. Ол жеке бөлімшелер басқарушыларына тұтас ұйымға көңіл аударып, өз қызметін жүргізуді үйретеді.
4. Бюджет - жауапкершілік орталықтардың жоспарының орындалуын және олардың жетекшілерін бағалайтын негізі, менеджерлердің жұмысы бюджетті орындау туралы есеп беру бойынша бағаланады; бюджет мәліметтер мен нақты нәтижелерді салыстыру менеджерлердің қызметін қай салаға бұру керек екенін көрсетеді. Бюджеттің көмегімен ауытқудың талдауы жасалады. [3]
Өндірістік қызметті басқару ең алдымен жиынтық фнкциялар арқылы жүзеге асырылады. Ол көп қырлы әр түрлі объектілерді, қызмет түрлерін, міндеттерді және т. б. қамтуы мүмкін. Бұл қатынаста басқару функциясын мына белгілер бойынша жіктеуге ьолады:
• Ұйымның алдына қойған мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз ететін операцияларды жоспарлау;
• Өз жауапты орталықтардың мақсаттарына жеткізу үшін барлық деңгейлердегі башыларды ынталандыру;
• Әр түрлі қызмет түрлерін және бөлімшелерді үйлестіру, тұтас ұйым бойынша топтардың және жеке қызметкерлердің мүдделерін бір арнаға салу,
• Ағымдағы қызметті бақылау және жоспарлы тәртіпті қамтамасыз ету;
• Жауапты орталықтар мен оның басшыларының жоспарды қалай орындағанына баға берудің негізі;
• Менеджерлерді оқыту құралы,
• Ақпарат және басқару;
Бюджеттеу үдерістері.
Батыстық компаниялардың басқару жүйесінің ажырамас бөлігіне айналған бюджеттеу технологиясы бүгінгі күні біздің еліміздің де бірте-бірте кең етек алып келеді. Бюджеттік басқару жүйесі ең біріншіден сол компанияның иесіне және топ менеджментіне керек. ол нақты мақсат қою арқылы, яғни жоспарлау, бекітілген жоспар негізінде бақылау жүргізу, алынған нәтижелерді талдау және оларды жоспарлы көрсеткіштермен салыстыру, олардың ауытқу себептерін анықтау және соған байланысты шешімдер қабылдау арқылы кәсіпорынды тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
Акционерлердің және кәсіпорын басшыларының назарында мақсатты көрсеткіштері деп аталатын кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері тұрады. Олар: салынған капиталдың қайтарымы, активтердің табыстылығы, еңбек өнімділігі және т. б. Бұл индикаторлар кәсіпорынның қаншалықты табысты жұмыс істеп жатқанын көрсетеді. [4]
Өңделіп бекітілген бюджетте кәсіпорын басшыларына тек олардың табатын табыСаба Құрылысын ғана емес, сонымен қатар сол табыстарға жету үшін қандай ресурс және қанша керек екені де көрсетіледі. Мұндай жоспардың болуы кәсіпорын басшыларына болжамды көрсеткіштерді нақтылап қарауға, қолда бар ресурстармен және қажетті жағдайда қаржы тарту мүмкіндіктерін ескере отырып, жетістіктерге жету перспективаларын нақты бағалауға мүмкіндік береді.
Жеткен жетістіктерді жоспардағы мақсатты көрсеткіштермен салыстыру қаржылық ресурстарды қай салаға салу дұрыс екені туралы негізделген шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өнімнің қай түрінен бас тарту керек, кәсіпорынның қандай құрылымдары тиімсіз жұмыс істеп отыр және қай салаға көңіл бөлу керек деген сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді.
1. Бюджеттеу - бұл компанияның мақсатқа жету құралы
2. Бюджеттеу - бұл бизнесті басқару
3. Бюджеттеу - бұл теңестірілген қаржылық көрсеткіштер негізінде басқару
4. Бюджеттеу - бұл бюджеттің көмегімен басқару
5. Бюджеттеу басқарудың барлық контурын қамтиды
6. Бюджеттеу басқарудың барлық деңгейін қамтиды
7. Бюджеттеу үзіліссіз негізде іске асырылады
Бюджет - бұл қаржылық көрсеткіштер негізіндегі кәсіпорынның және оның жекелеген құрылымдарының жоспары. Бюджеттің негізгі бағыты - негізгі үш басқару мәселелерін шешуге қолдау көрсету:
♦қаржылық жағдайын болжау;
♦нақты алынған көсеткіштерді жоспарланған көрсеткіштермен салыстырмалы талдау;
♦анықталған ауытқуларды талдау және бағалау.
Сонымен бюджеттер тек корпоративтік басқарудың құралы. Қандай да бір бюджеттің болуы онымен тиімді басқаруға болады немесе олар кәсіпорынды басқаруда нақты жұмыс істейді деп айтуға болмайды.
Толыққанды бюджеттік басқару жүйесін құру үшін жоғарыда айтылған негізгі жеті қағиданы атап көрсетуге болады. Олардың әрқайсысын жеке-жеке қарастырайық:
1. Бюджеттеу - бұл компанияның мақсатқа жету құралы
Қандайда бір жоспар жасау үшін мақсатты анықтап алу керек. Мақсаты жоқ жоспарлау - мәні жоқ іс. Мақсат корпоративтік басқарудың стратегиялық деңгейінде қалыптасады. Сөйтіп бюджеттеу кәсіпорынның стратегиялық мақсатына жету құралы болып табылады. Осы технологияның көмегімен стратегиялық мақсат пен жоспардың арасында үзілмейтін байланыс қалыптасады. Бюджеттеу кәсіпорынның стратегиясын қозғалысқа келтіреді.
2. Бюджеттеу - бұл бизнесті басқару
Бюджеттеудің негізгі қойылымы қаржылық құрылым болып табылады. Ол бәрінен бұрын кәсіпорынның айналысатын қызметінің түрлері мен бизнестің құрылымын көрсетуі керек. Егер кәсіпорын бір біріне тәуелсіз әр түрлі бизнес түрімен айналысатын болса, онда әр бизнестің өзінің бюджеті болуы керек. Бұл әр бағыттың қызметін дұрыс бағалау үшін, олардың әрқайсысын тиімді басқару үшін керек.
3. Бюджеттеу - бұл балансталған қаржылық көрсеткіштер негізінде басқару
Бюджеттерді дайындауға кіріспес бұрын кәсіпорын басшылары қандай қаржылық көрсеткіштерге бағыт бағдар жасап отырғанын және жоспарлау кезеңінде компания қызметінің жетістіктерге жету критерийі ретінде қандай индикаторларды қабылдау керек екенін анықтап алу керек. Бұл көрсеткіштер стратегиялық мақсаттырмен байланысты болу керек және мүмкіндігінше дәл анықталуы керек. Мысалы негізгі көрсеткіштердің бірі ретінде пайданы аайтатын болсақ яғни айтатын еш нәрсе жоқ. Пайда ұзақ мерзімді немесе ағымдық болуы мүмкін, сондықтан оны уақыт кезеңімен байланыстыру керек. Сонымен бірге пайда маржиналды, жалпы және таза пайда болуы мүмкін. Бұл таңдау компания басшылары және барлық деңгейдегі менеджерлер үшін приоритетті анықтайды.
Сонымен қатар қаржылық көрсеткіштер балансталған болу керек, өйткені бір көрсеткіштің жақсаруы екінші көрсеткіштің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Ең соңында көрсеткіштер қаржылық құрылымның барлық элементтерін қамтитын жүйені көрсететін болу керек.
Мақсатты қаржылық көрсеткіштер мен шектеулердің теңестірілген жүйесі бюджеттеу жүйесінің «архитектурасын» құрайды.
4. бюджеттеу - бұл бюджеттің көмегімен басқару
Бюджеттік басқару технологиясының басты құралы болып негізгі үш бюджет табылады:
♦ өтімділікті басқаруға арналған ақша қаражаттарының қозғалысы бюджеті
♦ оперциялық тиімділікті басқаруға көмектесетін шығындар мен кірістердің бюджеті
♦компания активтерінің құнын басқаруға қажет болжамды баланс
Негізгі бюджеттер жалпы компания үшін ғана емес, әрбір бизнес - бірлік үшін құрылады. Сонымен қатар құрамына өзара байланысты операциялық және көмекші бюджеттерді кіріктіретін бюджет жүйесінің “шыңырау шыңын” көрсетеді.
5. Бюджеттеу басқарудың барлық контурын қамтиды
Кез келген басқару үдерісі жоспарлау этаптарынан, бақылаудан, талдау мен реттеуден тұратын тұйық сызық. Соңғы этаптың нәтижесіне байланысты ресурстарды қайта бөлу туралы шешім қабылдауға, жоспарға өзгерістер енгізілуі, ерекше көрінгендерді мадақтау, кінәлілерді жазалау туралы шешімдер қабылдануы мүмкін.
Сонда да болса, бюджеттеу үдерісінде жоспарлау функциясына көбірек көңіл бөлінеді. Егер жоспар жеткен жетістіктерді талдау мен бақылаудың құралы ретінде, менеджерлер мен жұмысшыларды ынталандыру жүйесін қалыптастырудың негізі ретінде «жұмыс» жасамаса, онда мұндай жоспардың мәні жоқ.
6. Бюджеттеу басқарудың барлық деңгейін қамтиды
Тиімді бюджет жүйесінің маңызды белгілерінің бірі оны ұйымдық құрылымның барлық деңгейіне «тотальды» түрде тарату. Бюджеттеу үдерісіне әрбір қызметкерді тарту және олардың бюджеттің қандай да бір бөлігіне жауап беруі бірнеше маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
•бюджет процесінің күрделілігін оны децентрализациялау арқылы төмендету (тым орталықтандырылған бюджетті іске асыру қиынға соғады) .
•жекелеген нақты орындаушылардың дәрежесін және жекелеген бюджет көрсеткіштерінің орындалуына жауапкершілігін делигировать ету арқылы нақты орындаушылардың жаупкершілігін көтеру.
•компанияның қаржылық жоспарларына байланысты, ынталандырудың тиімді жүйесін құру.
Бюджеттеудің барлық басқару деңгейлернің менеджерлері қатысатын коллективтік жоспарлау екенін түсіну өте маңызды.
7. Бюджеттеу үзіліссіз негізде іске асырылады.
Жасалған жоспардың жұмыс нәтижесін шығару уақыты келген кезге дейін, яғни жылдың соңына дейін сөреде жататын жағдайлар кездесіп жатады.
Бюджеттеу басқа да басқару үдерістері сияқты үзіліссіз негізде іске асып жатуы керек. бектілген жоспар - бұл тек қана жұмысты жоспар бойынша жалғастырудың негізі ғана. Тәжірибеде жоспарлардың бекітілу уақыты келгенде ескіріп қалатын құбылыстар кездесіп жатады. Оның себебі жоспарды дайындаудың негізгі параметрлері мен шарттарының үнемі өзгеріп тұруында. Соған байланысты біздің де түсінігіміз бен жағдайды бағалауымыз өзгереді және жасалған жоспарға үнемі өзгерістер енгізіп отыруымызға тура келеді. Осыған байланысты генерал Эйзенхауердің мынадай сөзі бар: «Жоспарға қарағанда жоспарлау маңыздырақ!». Шынымен де нәтижеге қарағанда оны алуға бағытталған жоспарлау үдерісі маңыздырақ көрінеді. Өйткені жоспарлау кезінде барлық деңгейдегі басшылар коллективті түрде мәселелерді шешуге байланысты біріккен шешімдер жасайды, алда тұрған міндеттерді анықтайды, шектеулерді, мүмкіндіктерді және тәуекелдерді бағалайды. [5]
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе бюджеттеуге келесідей анықтама беруге болады:
Бюджетттеу - негізі теңестірілген қаржылық көрсеткшітер болып табылатын, бюджеттің көмегімен стратегиялық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін, компанияның барлық деңгейіндегі бизнесті басқару технологиясы.
1. 2. Бюджеттеуді ұйымдастыру
Экономикалық әдебиеттерде “жоспар” мен «бюджет» түсініктері арасындағы айырмашылықтар көрсетіледі. Бірінші термин кеңірек мағынада қарастырылып, кейбір мақсаттарға бағытталған іс-әрекеттердің тәртіпке келтірілген барлық шеңберін қамтиды. Сонымен қатар, бұл іс-әрекеттер тек рәсімделген сапалық бағалаудың көмегімен ғана емес, рәсімделуі мүмкін емес процедуралардың қатарын атап көрсету жолымен де сипаттама алады. Бюджет - іс-әрекеттердің жоспарын құндық тұрғыдан сандық көрінісін сипаттайтын тар мағынадағы түсінік.
Сандық бағалау жағынан қарастырғанда, кәсіпорынның ағымдағы қызметін жоспарлаудың негізі болып өзара байланысты операциондық және қаржылық бюджеттердің жүйесін құратын негізгі бюджетті жасау үдерісі жатады. Мұндай бюджеттерді қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерде құру үдерісі бюджеттеу деп аталады.
Негізгі бюджет - бұл алға қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті маркетингтік және өндірістік жоспарлардың анықталған сандық қаржылық көрінісі.
Негізгі бюджет - ( немесе жалпы - master budget ) үш міндетті қаржылық құжаттардан тұрады:
- пайда мен залалдар туралы есептің болжамы жөніндегі құжат;
- ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есептің болжамы жөніндегі құжат;
- баланстық есептің болжамы туралы құжат.
Бюджеттеу үдерісі шартты түрде екі негізгі бөлімнен тұрады: операциондық және қаржылық бюджеттерді құру .
Операциондық бюджетті дайындау келесілерді қамтиды:
- сату көлемі туралы бюджет;
- өндіріс бюджеті;
- өндірістік қорлар бюджеті;
- материалдарға кеткен тура шығындардың бюджеті;
- қосымша өндірістік шығындар бюджеті;
- еңбекақыға жұмсалатын тура шығындардың бюджеті;
- коммерциялық шығындар бюджеті; пайда мен залалдар туралы есеп.
Қаржылық бюджеттің құрамына мыналар кіреді:
- инвестициялық бюджет;
- кассалық бюджет;
- баланстық есеп.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz