Қысымда жұмыс істелетін ыдыстар мен бұйымдардың эксплуатациялық қауіпсіздігі


ҚЫСЫМДА ЖҰМЫС ІСТЕЛЕТІН ЫДЫСТАР МЕН БҰЙЫМДАРДЫҢ ЭКСПЛУАТАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ

Қысымда жұмыс істелетін ыдыстар мен бұйымдардың жалпы сипаттамасы.

Химиялық өнеркәсіпте қысыммен жұмыс істелетін бұйымдар, ыдыстыр және коммуникациялар кеңінен қолданылады.

Эксплуатациялаудағы негізгі қауіптілікті газдар мен булардың адиабаталық кеңеюінен болатын ыдыстардың бұзылуы (физикаклық жарылыс) . Физикалық жарылыс кезінде ортаның қысылған энергиясы аз уақыттың ішінде сынған ыдыс бөліктерінің кинатикалық энергиясына және соққы жарылысына айналады.

Ерекше қауіптілікті ыстық ортадағы жарылыс тудырады, себебі қалдықтары айналаға шашырап өрт тудырады, адамдар мерт болады.

Қысымда жұмыс істелетін ыдыстар мен бұйымдардың апат пен жарылысты тудыратын себептерін тізейік:

  • Максималды температура мен қысымның ыдыс құрылымына сәйкес келмеуі;
  • Қысымды шекті мәннен асыру:
  • Механикалық мықтылықты жоғалту (металдың ішкі ақауы болған жағдайда, коррозия) ;
  • Қабылданған жұмыс тәртібін бақыламау, мамандық қызметкерлердің жетіспеуі және техникалық қадағалаушының болмауы.

Осындай бұйымдар мен ыдыстардың эксплуатациялау кезінде қауіпсіздігінің талаптары арнайы ережелерде жетік баяндалған.

Ережеде жобалаудың, қондырғылардың, дайындаудың, реконструкцияның реттеудің, монтаждаудың жөндеудің техникалық диагностикалаудың және эксплуатациялаудың талаптары қарастырылған және төмендегілер бойынша таратылады:

  • Су қысымында 1150С температурадан жоғары немесе гидростатистикалық қысымның есебісіз 0, 07 МПа (0, 7 кгс/см2) қайнау температурасынан жоғары температурада жұмыс істейтін сұйықтықтардағы ыдыстар;
  • 0, 07 МПа (0, 7 кгс/см2) бу және газ қысымында жұмыс істейтін ыдыстар;
  • 0, 07 МПа (0, 7 кгс/см2) қысымнан жоғары қысылған, сығылған және ерітілген газдар енгізілген баллондарды тасымалдауға және сақтауға арналған ыдыстар;
  • 0, 07 МПа (0, 7 кгс/см2) қысымнан жоғары қысылған, сығылған және ерітілген газдар, сұйықтықтар мен шашырайтын денелерді тасымалдауға немесе тасымалдауға арналған цистерналар және ыдыстар;
  • Барокамералар.

Қысымда жұмыс істелетін ыдыстар

Ыдыс - химиялық, жылулық және басқада технологиялық процестерді жүргізуге, сонымен қатар газ тәрізді және сұйық заттарды тасымалдауға арналған герметикалық жабық сиымдылық. Ыдыс шығатын және кіретін штуцермен шектелген.

Ыдыстарды және олардың элементтерін жобалау, сонымен қатар жобаның монтажын немесе реконструкциясы арнайы ұйымдарда жүзеге асырылады. Ыдыстарды дайындаудағы жобалар, техникалық жағдайлар және жоба мен нормативті құжаттардың мүмкін болатын өзгерістері уәкілетті органның келісімімен бекітіледі.

Ыдыс құрылымы сенімділігін және мерзімінің барлық уақытындағы эксплуатациясының қауіпсізідігін қамтамасыз ету және техникалық куәландыру, тазалау, шаю үрлеу, жөндеу және метал мен қосылыстың эксплуатациялық бақылауын жүргізуге мүмкіндікті қарастыру қажет.

Ыдысты ішінен және сыртынан қарауға кедергі келтіретін қондырғылар (араластырғыш, жыланшалар, табақша, қоршаулар және тағы басқалар) аланатын болу керек. Ыдыста суды толтыратын және төгетін, сонымен қатар гидравликалық сынақ кезінде ауаны жоятын штуцер болу керек. Ыдыстарды жасап шығаруға арналған материалдар берілген іске пайдалану шарттарын, ортаның құрамы мен сипатын және қоршаған ауа температурасының ықпалын ескере отырып, есептік қызмет мерзімінің ішінде олардың сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тиіс.

Газбен қыздырылатын қондырғы ыдыстардың құрылымында қабырғаларын қажетті температураға дейін салқындататын сенімді тоңазытқыш болу керек.

Ыдыстар қажетті люктармен және көрсеткіш люктармен қаматамсыз етіледі, сол кезде көруге, тазалауға және жөндеуге сонымен қатар ішкі қондырғыны монтаждау мен жемонтаждауға болады.

Ыдыстардың ішкі диаметрі 800 мм жоғары болса үлкен люк, ал 800 мм төмен болса кіші люк деп аталады.

Үлкен және кіші люктер қызмет көрсетуге ыңғайлы жерде орналасады. Люк қақпақтары аланытың болу керек.

Ыдыстардың түбі келесідей болады: элиптикалық, жартылай сфералы, торосфералы, конустық, жазық және тағы басқа.

Дәнекерленген тігістер тесіктерді бітейді. Олар ыдысты дайындау кезінде бақылауға, монтаждауға және эксплуатациялауға ыңғайлы болу керек. Үлкен және кіші люктердің және штуцердің тұтқалары дәнекерленген тігістен алшақ орналасу керек.

Ыдыстарды жасап шығаруға арналған материалдар берілген іске пайдалану шарттарын, ортаның құрамы мен сипатын және қоршаған ауа температурасының ықпалын ескере отырып, есептік қызмет мерзімінің ішінде олардың сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тиіс.

Ыдыстарды және олардың элементтерін дайындауда, монтаждауда және жөндеуде қасиеті мен сапасы стандартпен және техникалық жағдайлармен бекітілген материалдар қолданылады.

Ыдыстарды және олардың элементтерін дайындау, реконструкциялау, монтаждау, реттеу және жөндеу жұмыстарын қажетті сапада орындайтын, қажетті бұйымдармен қатамасыз етілген арнайы ұйымдар жасайды.

Дәнекерленген тігістер эксплуатация кезіндегі жоғарғы сапа сенімдіклікті көрсететін, сонымен қатар ақауларды тауып беретін әртүрлі әдістермен бақыланады.

Термиялық өңдеу, метал деформациясы секілді барлық технологиялық процестерден кейін бұйымды, жиналмалы бірліктерді және дәнекерленген байланыстарды тағы бір рет бақылайды. Әртүрлі бақылау нәтижелері есептік құжаттамада (журнал, формуляр, хаттама, маршрутты паспорт және тағы басқа) тіркеледі.

Ыдысты гидравликалық (пневматикалық) сынағынан өткізу. Осындай сынаққа эксплуатацияға дайын барлық ыдыстар ұшырайды.

Дайындалған жерінде бітетін және монтаждау үшін бөлшектеп тасымалданатын ыдыстар монтаждайтын жердің өзінде гидравликалық сынақтан өткізуге болады. Қорғаныс беті (изоляция) немесе сыртқы қаптамасы бар ыдыстар гидравликалық сынаққа қорғаныс бетті немесе сыртқы қаптамасын орнатқанша өткізеді.

Ыдыстарды гидравликалық сынақтан жұмысшы қысымнан 1, 25 есе үлкен үлгілі қысымда, ал бөлшектері құйылу жасалған бұйым жұмысшы қысымнан 1, 5 есе үлкен үлгілі қысымда жасалынады.

Ыдыстардың гидравликалық сынақ кезінде 5 бастап-40 дейінгі 0 С температурадаға суды қолданады.

Үлгілі қысымдағы ыдыстарды ұстау уақыты қабырға қалыңдығына тәуелді және 10 минут пен 30 минут аралығында болады, ал бейметалдардан құйылған көп қабатты ыдыстар 60 минут уақыт аралығында ұсталады.

Үлгілі қысымда ұсталғаннан кейін есепті қысымға дейін төмендетіледі, содан кейін барлық беттік қабаттар сонымен қатар алынатын бөлшектер және дәнекерленген тігістер қаралады.

Ыдыс гидравликалық сынақтан өтті деп есептейді, егер сызат, тамшылар, дәнекерлеңген тігістердің терлеуі және негізгі металдағы көрінетін қалдық ақаулар, манометрдегі қысымның төмендеу болмаған кезде. Ақаулар табылған ыдыстар мен оның элементтері қайта гидравликалық сынақтан өткізіледі.

Гидравликалық сынақ жүргізу мүмкін болмаған жағдайда (мысалы, фундаментке қатысты су массасының кернеу үлкен болған жағдайда, қабат аралық қоршау болған жағдайда немесе ыдыстың өзіндегі қоршаудың болған жағдайында, суды құрту қиын болғанда, суды толтыруға кедергі келтіретін ыдыс ішінде футеровка болғанда және тағы басқалар) пневматикалық сынақ жүргізіледі. Оны акустикалық эмиссия әдісімен қысылған ауаның немесе инертті газды қолдану арқылы жүзеге асырады.

Пневматикалық сынақ кезінде келесідей қосымша қауіпсіздік шараларын қолданады: сыналатын ыдыс бар бөлмеден қысым көздерінің вентілді және манометрлерді алшақтап орнатады, ғимараттан қашық шығарады, адамдарды сынақ кезінде қауіпсіз орынға апарады.

Ыдыстардың маркалары мен құжаттамалары. Әрбір ыдыс паспортпен және эксплуатацияға қажет қосымша жетекші бетпен қамтылады, онда төмендегілер көрсетіледі:

  • Тауарлық белгі немесе дайындаушының аты;
  • Ыдыстың аты немесе белгіленуі;
  • Дайындаушының нумерация жүйесіндегі ыдыстың реттік нөмірі;
  • Дайындалған мерзімі;
  • Жұмысшы, есептік және үлгілі қысым, МПа;
  • Қабырғаның шекті жұмыс температурасы, 0С;
  • Ыдыс массасы, кг;

Бұл мәліметтер ыдыстада болу керек.

Арматура, бақылап-өлшегіш құралдар, қорғағыш қондырғылар. Жұмысты басқаруда және ыдыстарды эксплуатациялағанда қауіпсіздікті қамту үшін мақсатына байланысты тірегіш және тіреп-реттегіш арматуралар, қысым мен температураны өлшейтін құралдар, қорғайтын және сұйықтықтың деңгейін көрсететін қондырғылар қолданылады.

Тірегіш және тіреп-реттегіш арматуралары ыдысқа тікелей жалғанған штуцерге орнатылады немесе ыдысқа қосылып, жұмысшы ортадан шығатынтүтікке орнатылады. Тірегіш арматурада ашу мен жабу кезіндегі бағыт көрсетіледі.

Әрбір ыдыс тікелей әсер ететін манометрмен қамтылады. Манометр ыдыстағы штуцерде немесе тірегіш арматура мен ыдыс арасындағы түтікте орналасады. Манометрлердің дәлдік класы - ыдыстың жұмысшы қысымы 2, 5 МПа (25 кгс/см 2 ) төмен болғанда 2, 5-тен төмен болмау керек, ал ыдыстың жұмысшы қысымы 2, 5 МПа (25 кгс/см 2 ) жоғары болғанда 1, 5-тен төмен болмау керек.

Манометр шкаласын таңдаған кезде жұмысшы қысымы үштен екі бөлімінде қызыл сызықпен белгіленгенін ескеру қажет.

Манометрдің көрсеткіші қызметкерлерге анық көрінетіндей етіп орналастыру қажет.

Қабырғасының температурасы өзгеріп тұрып жұмыс істелетін ыдыстарда ыдыстың ені мен биіктігіндегі қызуды есептеу үшін термометрмен және жылу алмасуды бақылау үшін реперлармен жабдықталған.

Әрбір ыдыс қысымды шекті мәннен аспағанын өлшеу үшін қажет қорғағыш қондырғыларымен жабдықталады.

Қорғағыш қондырғылар ретінде пружиналы қорғағыш немесе рычаг-жүкті қорғағыш клапандар, импульсті қорғағыш қондырғылар, бұзылатын мембранасы бар қорғағыш қондырғылар (мембраналы қорғағыш қондырғылар) жатады.

Қорғағыш заттарды ыдысқа тікелей жалғанған түтікке, түтікті қызмет көрсетілетін жерге орналастырады.

Ыдыстағы ортаның шекарасы бар сұйықтықтың деңгейін өлшеу үшін сұйықтықтың деңгейін көрсеткіштер, дыбысты, жарықты және басқада дабылдағыштар, сонымен қатар деңгейді тұйықтайтын қондырғылар қолданылады. Ыстық жалынмен немесе газбен қыздырылатын ыдыстардағы сұйықтықтың деңгейі шектік мәннен асып түскенде екі тікелей жалғанған деңгей көрсеткішті қолданылады. Олардың әрқайсысында шекті жоғарғы және төменгі шекара деңгейлері белгіленеді.

Ыдыстың орналасуы. Ыдысты адамдар жиналмайтын алаңда немесе ғимараттан алшақ орналастырады.

Ыдысты ғимараттың ішіне қойғанда оның жан-жағы қабырғалармен қоршалған, қызметкерлердің тек қана арматураға кіруге рұқсаты болу керек немесе ыдысты терен қазылған жерге орнату болады. Сондай жағдайда ыдыс қабырғалары коррозиядан қорғалу керек.

Қондырғыны үйлердің арасында, қоғамдық және тұрмыстық ғимараттарда, сонымен қатар ғимарат жанына орналастыруға болмайды.

Ыдыстарды қарауға, жөндеуге және іші мен сыртын тазалауға мүмкін болатын құру керек.

Ыдыста ыңғайлы қызмет атқару үшін алаңдармен және сатылармен жабдықтайды.

Ыдыстарды техникалық куәландыру. Монтаждан кейін және жұмысқа дейін ыдыстарды техникалық куәландыру қажет. Периодты түрде экслуатация процесінде кезексіз куәландыруды техникалық қондырғылардың (ыдыстардың) өндірістік қауіпсіздігінің сараптама жасайтын экологиялық, технологиялық және атомдық надзор бойынша Федеративті қызметтегі лицензиясы бар арнайы ұжым жүргізеді.

Қоршаған ортада бұзылысты және физика-химиялық айналымды тудыратын материалдар сыртқы және ішкі тексеруге 4 жылда бір рет, ал гидравликалық сынаққа 8 жылда бір рет түседі.

Біріншілік куәландыруда ыдыс ережеге сәйкес қондырғылануы мен орнатылғаны және ешқандай кемшілігі жоқ екеніне көз жеткізіледі. Периодты және кезексіз куәландыруда ыдыстың істен гшықпағанын және оны ары қарай эксплуатациялауға қолдануға болатыны көрсетіледі.

Ыдыс элементінің мықтылығы мен оның қосылысының тығыздығын тексеру мақсатында арматурамен жалғанған ыдыс гидравликалық сынаққа түседі.

Ішкі тексеру мен гидравликалық сынақтан өткізу үшін ыдыс ең алдымен жұмысынан тоқтатылады, салқындатылады, жұмыс ортасынан босатылады, барлық түтіктер қысым мен басқа көздерден өшіріледі. Металдық ыдыстар металға дейін тазартылады. Қауіптілігі 1-ші және 2-ші кластағы зиянды заттармен жұмыс істелетін ыдыстар мұқият өңделуге жіберіледі (нейтрализация, дегазация) . Электр қыздырғыштар мен ыдысқа қосылатын сымдар ажыратылуы керек.

Эксплуатациядағы ыдыстың кезексіз куәландыру келесі жағдайларда жүреді: егер ыдыс 12 айдан артық эксплуатацияланбаса; егер өздігінен бетінің дөнестігі немесе батқан жерлер түзелсе, сонымен қатар қысыммен жұмыс істелетін элементтер күйдіріліп немесе балқытылып реконструкция немесе жөндеу жұмыстары жүргізілсе; ыдыс қабырғасына қорғағыш қабатты салар алдында; апаттық жағдай болған кезде, уәкілетті органның талабы бойынша ыдыстың техникалық жағдайын тексергенде және эксплуатациялағанда. Кезексіз куәландыру жүргізгенде не себепті куәландыру жүргізілгені туралы мәлімет келтірілуі керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Өрт сөндірудің автоматты қондырғысын жобалау
Сұйытылған көмірсутекті газдарды пайдалану
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімі
Компрессорлық қондырғыларды сипаттау
Өрт сигнализациясы
Химия өнеркәсібі географиясы
Тәулігіне жиырма тонна өсімдік майын өндіретін өнеркәсіптік ғимарат
Уви-0,15 инъекциясын үшін су алуға арналған қондырғы
Өрт және оның түрлері, өрт қауіпсіздігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz