Геодезия (сұрақ-жауап)


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:
1. Геодезия ғылымы және оның міндеттері
Геодезия-Жер туралы ертеден келе жатқан ғалымдардың бірі. «Геодезия» деген сөздің өзі грек тілінен аударғанда, «жерді бөлу» мағынасын білдіретіндігі, оның адамзаттың тыныс тіршілігіне жер учаскелерін өлшеуге, бөлуге байланысты пайда болғандығының дәлелі. Қазіргі замандағы геодезия-жерді бөлу мағынасы шеңберінен әлдеқашан шыққан, күрделі ғылыми, ғылыми-техникалық және инженерлік мәселелерді геодезиялық, т. б. да аспаптар көмегімен арнайы өлшеу және қлшеу нәтижелерін математикалық-графиктік өңдеу арқылы шешетін жан-жақты ғылым саласына айналып отыр.
Сөйтіп, геодезия-Жердің пішіні мен көлемін анықтауда, оның жекелеген бөліктерін планға, картаға түсіруде, жердің қималарын жасауда, инженерлік жұмыстарды жобалауда, жүргізуде және пайдалануда қолданылатын әртүрлі өлшеу әдістері туралы ғылым.
Геодезия ежелгі ғылымдардың бірі бола тұрса да, адамзат қоғамының, ғылым мен техниканың жедел дамуына байланысты өзінің мазмұнын өзгертіп отырды. Сонын нәтижесінде геодезия бірнеше дербес ғылыми және ғылыми-техникалық салаларға бөлінеді.
- Жоғарғы геодезия-жердің және планеталардың фигуралары мен көлемдерін зерттеу, сондай-ақ геодезиялығ негізгі тірек жүйелерін құру жөніндегі міндеттерді шешеді.
- Геодезияның еншісіне жер бетінің шағын аймақтарын жазықтық ретінде
Қарап, оны өлшеу мен қағаз бетіне кескіндеу тиген.
- Картографияда жер бетінің едәуір аймақтарының кескіндерін әртүрлі мақсаттағы түрінде жасау әдістері мен процестері және көбейту технологиясы зерттеледі.
- Аэрофототопография-аэросуреттер бойынша топографиялық карталар мен пландар жасау әдістерін зерттейді және жетілдірумен шұғылданады
- Қолданбалы геодезия-ізденістер, құрылыстар мен инженерлік ғимараттарды салу және пайдалану, құрылыс жабдықтарын монтаждау, табиғат байлықтарын пайдалану, т. б инженерлік жұмыстар кезінде атқарылатын геодезиялық жұмыстардың әдістерін зерттеумен айналасады.
Геодезия пәнінің негізгі ғылыми-техникалық міндеттеріне мыналар жатады:
- жер бетіндегі нүктелердің координаттарын белгілі бір жүйеде анықтау
- тау-кен кәсіпорындарын жобалау, салу және пайдалану кезінде қажетті әртүрлі өлшеулерді жер бетінде, жер қойнауында, атмосфера қабатында, теңізде және ғарыш кеңістігінде жүргізу
2. Геодезияның дамуынан қысқаша сипаттама
Адам баласының барлық тіршілігі жермен байланысты екені бәрімізге аян. Сол себепті жерді зерттеуге арналған ғылымдардың бірнеше түрлі тараулары бар. Грек тілінде жерді «геоид» дейді, осыған байланысты жерге арналған ғылымдардың көпшілігі осы буынмен басталады: геодезия, геология, геофизика, геоботаника, геомеханика және т. б
Бұл ғылымдардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты және өлшеу мәселесі қоғамның даму тарихымен тікелей ұштасып жатыр.
Қоғам тарихының әр дәуірінде жермен шұғылдану дәржесі де әр түрлі сатыда болып келеді. Адам қоғамының даму дәрежесінің өзі сол жер байлығын пайдалана білу тәсіліне тәуелді. Сол себептен жер өлшеу әдістерінің дәрежесі адам қоғамының даму тарихын көрсететін бір айқын дерек болып табылады. Осы айтылғандарға мысал ретінде геодезия мен маркшейдерия ғылымдарының әрбір тарихи кезеңдерде қандай орын алып келгендігіне қысқаша тоқталамыз.
Жер өлшеу әдістері мен ірі құрылыстардың көрнекті ескерткіштері дүние жүзінде бірнеше жерлерде бар. Мысалы, біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда Ніл өзенінің бойында салынған суару жүйелері мен каналдарда геодезиялық өлшеулер қолданылады. Ежелгі Мысыр елінде орасан зор құрылыстар салғызған пирамиданың ішіндегі ең үлкен Хеопс пирамидасының төрт қырының әрқайсысы 230, 13 метрден де, ал бір-бірінен айырмашылығы 2см-ден аспайды. Египет пирамидадары «Әлемнің жеті кереметінің» бірі болып саналады. Мұндай құрылыстар салу, арнаулы геодезиялық өлшеулерсіз жүргізілуі мүмкін емес.
Жер өлшеу өнерін египеттіктерден үйренген гректер, оны алғашкы кезде «геометрия» деп атады. Геометрия заңдары жер өлшеуде әрдайым қолданады, Аристотель өлшеу ғылымын геометриядан бөліп алу үшін оны «геодезия» деп атаған.
Бұдан кейін геодезия Үндістанда, Орта Азияда, Араб елдерінде дамыды. Айтылған құрылыстар сол дәуірде жоғарғы дәрежелі мәдениеттің болғанын дәлелдейді. Жоғарғы мәдениеттің қалыптасуына жер өлшеу ғылымы да өзіндік рөл атқара отырып, сол мәдениеттің арқасында өзі дамып жетілді.
Араб мәдениетінің дамыған кезінде Аристотельден кейінгі жүзінде білім мен мәдениеттің «екінші ұстазы» Әбу Насыр аль Фараби геодезия ғылымы, геодезиялық оптикалық аспаптар жөнінде өзінің «ғылымдардың тізбегі» атты еңбегінде былай деген: « Геодезия ғылымы арқылы адамзат алыс орналасқан, көз жетпейтін заттардың мөлшерін, шамасын бір затпен екінші заттың арақашықтығын, биіктігін, теңдігін, анықтауға болады. Кейде қателеспес үшін өлшеулерде әртүрлі оптикалық аспаптар қолданылыды» деген.
Геодезияның дамуына Кеңес үкіметі кең жол ашты. Геодезиялық ғылыми жұмыстарды жүргізуге арналған геодезиялық орталық ғылыми-зерттеу институттар мен мамандар даярлайтын көптеген оқу орындары ашылды.
3. Геодезия ғылымының басқа ғылымдармен байланысы
Алдына қойылған міндеттерін атқаруда геодезия, математика, физика, астрономия, география, геоморфология, фотографияметрия, механика, радиоэлектроника сияқты ғылымдардың деректеріне сүйенеді. Геодезиялық өлшеулердің нәтижелерін өңдеуде осы күнгі ғылыми математикалық өңдеу әдістері мен есептеу техникасы қолданылады.
Физика геодезияны электроникамен және электротехникамен қатар оптикалық, оптикалық-механикалық және электронды-оптикалық аспатар мен жүйелердің жобалау есептерінің негіздерімен толықтырады. Астрономия геодезияны геодезиялық тірек жүйелерін дамыту үшін бастапқы мәліметтермен қамтамасыз етеді. Автоматика, телемеханика және радиоэлектроника салаларындаға ғылым мен техника жетістіктерінің негізінде аса жаңа геодезиялық аспаптар құрастырылады. Географияны білу жер бедерін құрайтын ландшафт элементтерін, жер бетінің табиғи жамылғыларын және адам қызметінің нәтижелерін дұрыс түсіндіруді қамтамасыз етеді. Жер бедерінің пішіндерін және олардың өзгеру заңдылықтарын танып білуде геология мен геоморфология көмекке келеді.
4. Халық шаруашылығының дамытудағы геодезияның рөлі
Бүгінгі таңда геодезия жоғары ғылыми деңгейде, аса жаңа техникалық базада дамып, халық шарушылығының барлық салатының мұқтаждарын қанағаттандыруда. 1925 жылдан бастап бұрынғы одақта мемлекеттік крталар жасау үшін жер бетін әуеден суретке түсіру қолданылды. Ал ол бүгінгі күндері жердің бетін картаға түсірудің ең негізгі әдісі болып табылады. Ал геодезия жұмыстары үшін авиацияны қолдану қысқа мерзімде бұрынғы ТМД территориясының 1:1 масштабтағы топографиялық карталарын жасауға мүмкіндік берді. Соғыстан кейінгі кезеңдегі геодезиялық қызметтің елеулі жетістігі 1954 жылға ғарай 1:1 масштабтағы карталар жасау болды. Қазіргі кезең 1:25000 ірі масштабтағы карталарды жасау болып отыр.
Келешекте халық шаруашылығының шұғыл өсіп отыратын қажеттерін ғарыштан суретке түсірмей жүзеге асыру мүмкін емес. Қазірдің өзінде ақ жасалған ғарыштық борттық аппаратуралардың мүмкіндіктері сондай орбитадан қабылданған бейне ақпаратты өзіне қойылған міндетті шешуге қабілеттілігі жағынан белгіленген масштабтағы карталардың көпшілігін жасауға мүмкіндік береді, демек олар кең диапазонды масштабтағы карталарды тікелей даярлауға жағдай туғызып отыр деуге болады.
5. Жердің пішіні мен көлемі туралы түсінік
Ғылым мен техниканың көптеген салалары (жердің жасанды серіктері мен ғарыштық ракеталарды ұшыруда, авиацияда, теңізде жүзу, радиобайланыс, т. б) әсіресе жер бетін картада дұрыс кескіндеу, жердің пішіні мен көлемін дәл білуді қажет етеді.
Жер-Күн жүйесіндегі планеталардың бірі мен оның қыртысы әртүрлі қыраттар мен ойпаттардан тұрады. Жердің шамалы ғана бөлігі 20%құрлық, ол 71%-ын дүниежүзілік мұхит алып жатыр.
Д/ж мұхиттың орташа тереңдігі 3800 м-ге жуық, ал құрлықтағы кейбір таулардың, мәселен, Эверестің биіктігі 9000м-ге жетеді. Теңіз деңгейінен биіктігі 875 м-ге тең. Сонымен құрлықтың көлемі дүниежүзілік мұхитқа қарағанда едәуір аз және де құрлықтың мұхит тереңдігі, қыраттармен салыстырғанда онша биік болмағандықтан, мұхит деңгейін жердің пішіні ретінде қабылдау қажеттілігі туды. Сол себептен, жер беті үшін шамамен дүниежүзілік мұхит пен теңіз суларының тыныш жағдайына сәйкес келетін деңгей беті алынады. Құрлық астынан ойша жүргізілген мұндай бет тұйық фигура жасайды және кез-келген нүктесінде жердің ауырлық центріне бағытталған тіктеуіш сызықты тік бұрыш жасап қиып өтеді. Яғни мұндай тұйық беттің кез келген нүктесі ауырлық күшінің бағытына перпиндикуляр. Осы деңгей бетпен шектелген денені геоид деп атайды. Геоид- гректің ge- жер, daio-бөлу. Геоидтың пішіні күрделі оның пішіні мен көлемін дәлірек анықтау үшін жер бетінің барлығына өлшеулер жүргізіледі.
Сөйтіп, геодезияда жердің пішіні үшін жер эллипсоиды деп аталатын сфероит алынды. Жер эллипсоиды өзінің үлкен және кіші жарты осьтермен (а, в) және полярлық сығылушылығымен сипатталады.
Ԃ= a-b\a
A, b және Ԃ шамалары градустық өлшеулер арқылы анықталады, ол үшін меридиан доғасының ұзындығын әр 1 ͦ сайын өлшеу керек.
Меридианның әртүрлі жерлеріндегі градустың ұзындығын біле отырып, жердің пішіні мен көлемі анықталады.
Жер пішінің көлемі өте жоғары дәлдікті қажет ететін геодезиялық тірек торларын құруда толық ескеріледі. Ал, жер бетінің шағын учаскелерінде геодезиялық жұмыстармен қатар, көптеген инженерлік есептерді шығаруда эллипсоид сығылушылығының аз болғандығынан, жердің пішіні үшін шарды қолдануға болады.
6. Референц-Эллипсоид
Жер эллипсоидының көлемдерін 1940 жылы үлкен дәлдікпен Красовский мен Изотовтың басқаруымен орыс ғалымдары анықтады,
а=6378245, б=6356863. С=1+2982
Алынған бұл өлшемдер 1946 жылы үкіметтің қаулысы бойынша еліміздің барлық геодезиялық және картографиялық жұмытары үшін қабылданып алынып, «Красовский элипсоиды» деп аталды. Кейбір елдерде геодезиялық өлшеулер нәтижесінде шығарылған өз элипсоидтарының қолданылатындығы, олар сол немесе бірнеше елдің территориясын ішінара не толық қамтиды. Мұндай элипсоид-«референц элипсоид» деп аталады, Нақты бір елде геодезиялық өлшеулерді өңдеу үшін қолданылатын, жер денесінде белгілі турде бағдарланған, нақты көлемі анықталған элипсоид.
Қазіргі кезде Красовскийдің референц-элипсоиды Ресейде ғана емес, бүкіл ТМД және Батыс Еуропаның бірнеше елдерінде қолданылады.
7. Тікбұрышты координаттар жүйесі
Тік бұрышты жазық координаталар жүйесі. Шағын аймақтары біршама қысқа арақашықтықтарға байланысты есептерді шешкенде, тік бұрышты Х және У осьтерінен тұратын жазық координаталар жүйесі пайдаланады. Бұл жүйеде координаталар басы шартты түрде алынады, яғни еркін бір нүктеден басталады. Тік бұрышты координаталар Х осі -абсцисса, ал У -ордината осьтері боып белгіленеді. Горизанталь жазықтық координата осьтерімен төрт ширекке бөлінеді. Математикада қолданылатын декартық тік бұрышты жүйеден геодезиядағы бұл жүйенің айырмашылығы - ширектен басталып, сағат тілінің бағытымен есептеледі. Әлбетте, мұның өзі геодезиялық есептеулер кезінде тригонометриялық формулаларды ешбір өзгеріссіз пайдалануға мүмкіндік береді.
8. Гаусс- Крюгердің зоналық тікбұрышты координаттар жүйесі
Зоналық тік бұрышты жазық координаталар жүйесі. Жер бетінін едәуір территориясын планға, картаға түсіру үшін жер бетіндегі нүктелерді эллипсоид бетінен жазық бетке кескіндеу қажет болады. Міне, осындай кескіндеу кезінде мына төменгі шарттар сақталуы керек:
1) Жер бетіндегі ара қашықтар өзгерістерінін ауытқу мөлшерінін шамалы болуы
2) Жер бетіндегі бұрыштың проекцияға ешқандай өзгеріссіз түсірілуі
3) Географиялық координаталардан тік бұрышты координаталар жүйесіне көшу мүмкіндігі
Осы жоғары айтылған шарттарға көлденең цилиндрлік деп аталатын немис ғалымы Гаусс ұсынған проекция тәсілі сәйкес келеді. Бұл проекцияға жер эллипсоидының беті зоналарға бөлінген. Ол зоналар шығысы мен батысында меридиандармен шектеліп, оңтүстік полюстен солтүстік полюске қарай созылып жатады.
Зоналардың бойлықтығы ені 6 ͦ-тық болып келеді, нөмірлері Гринвич меридианынан шығысқа қарай белгіленеді. Қазақстанның кең байтақ территориясы 6 ͦ-тық зоналар бойынша есептегенде 8-ден 15-ші занаға дейінгі аралықты алып жатыр. Гаусс проекциясында зоналардың орталық меридианы жазықтыққа ешқандай өзгеріссіз проекцияланады, ал осьтіктмеридианнан алыстаған сайын, қашықтықтар аздаған өзгеріске ұшырайды.
Сөйтіп, әрбір зонанын ортадағы меридианы -осьтік меридиан деп аталады. Шығыс жарты шарындағы кез келген зонанын осьтік меридиананың бойлығы мына формула арқылы анықталады:
λ=6 ͦ N-3
мұндағы N-6 ͦ тық зонаның нөмірі.
Координаталық осьтер мен тік бұрышты координаталар басының әрбір зонада толық анықталған географиялық орны болғандықтан, тікбұрышты және географиялық жүйелері өзара байланыста болады. Ендеше, нүктенің тікбұрышты координаталарынан геодезиялық координаталарға көшуге немесе керісінше жасауға толық мүмкіндік бар.
9. Геодезияда қолданылатын координаттар жүйесі
Кеңістік координаталар жүйесі. Жер бетіндегі орнын оның координаталары, яғни алынган координаталар жүйесінің бастапқы жазықтары мен сызықтарына қатысты ізделіп отырған нүктелерді сипаттайтын шамалар арқылы анықтайды. Геодезияда қолданылатын барлық координаталар жүйелері кеңістік және жазықтық жүйелері болып екіге бөлінеді.
Координаталардың кеңістік жүйелерінін ішінде көпшілікке танымалысы географиялық координаталар жүйесі. Бұл жуйеде нүктенің жер бетіндегі орны жалпы дүниежүзілік маштабта аныкталады. Оларды географиялык ендік -φ және географиялық бойлық -λ дейді. Геодезиялық (φ) экватор жазықтығы мен бекітілген Р нүктесі арқылы өтетін тіктеуіш сызық арасындағы бұрыш. Ендік экватордан бастап, берілген нүктеге дейінгі географиялық меридиананың доғасы мен өлшенеді де, экватордан екі жаққа солтүстікке қарай 0 ͦ тан 90ͦ- қа дейін өзгерип отырады.
Геодезиялық бойлық (λ) бастапқы меридиан жазықтығы мен берілген нүкте арқылы өтетін меридиан жазықтығы арасындағы бұрыш. Бойлық бастапқы меридиан батысқа (батыс бойлық) және шығысқа (шығыс бойлық) қарай 0 ͦ тан 180 ͦ -қа дейін салынады.
Географиялық координаталар жүйесі бүкіл жер шарына ортақ және олар астраномия, сфералық геометрия, картография, ғарыш мәселелерін шешуде жиі қолданылады.
Жазық координаторлар жүйелері ішінде геодезияда ең кеңінен тарағандары -тік бүрышты және полярлық координата жүйелері.
Тік бұрышты жазық координаталар жүйесі . Шағын аймақтары біршама қысқа арақашықтықтарға байланысты есептерді шешкенде, тік бұрышты Х және У осьтерінен тұратын жазық координаталар жүйесі пайдаланады. Бұл жүйеде координаталар басы шартты түрде алынады, яғни еркін бір нүктеден басталады. Тік бұрышты координаталар Х осі -абсцисса, ал У -ордината осьтері боып белгіленеді. Горизанталь жазықтық координата осьтерімен төрт ширекке бөлінеді. Математикада қолданылатын декартық тік бұрышты жүйеден геодезиядағы бұл жүйенің айырмашылығы -ширектердін оң жаққа қарай нөмірленулері, яғни солтүстік - шығыс ширектен басталып, сағат тілінің бағытымен есептеледі. Әлбетте, мұның өзі геодезиялық есептеулер кезінде тригонометриялық формулаларды ешбір өзгеріссіз пайдалануға мүмкіндік береді.
Зоналық тік бұрышты жазық координаталар жүйесі. Жер бетінін едәуір территориясын планға, картаға түсіру үшін жер бетіндегі нүктелерді эллипсоид бетінен жазық бетке кескіндеу қажет болады. Міне, осындай кескіндеу кезінде мына төменгі шарттар сақталуы керек:
1) Жер бетіндегі ара қашықтар өзгерістерінін ауытқу мөлшерінін шамалы болуы
2) Жер бетіндегі бұрыштың проекцияға ешқандай өзгеріссіз түсірілуі
3) Географиялық координаталардан тік бұрышты координаталар жүйесіне көшу мүмкіндігі
Осы жоғары айтылған шарттарға көлденең цилиндрлік деп аталатын немис ғалымы Гаусс ұсынған проекция тәсілі сәйкес келеді. Бұл проекцияға жер эллипсоидының беті зоналарға бөлінген. Ол зоналар шығысы мен батысында меридиандармен шектеліп, оңтүстік полюстен солтүстік полюске қарай созылып жатады.
Зоналардың бойлықтығы ені 6 ͦ-тық болып келеді, нөмірлері Гринвич меридианынан шығысқа қарай белгіленеді. Қазақстанның кең байтақ территориясы 6 ͦ-тық зоналар бойынша есептегенде 8-ден 15-ші занаға дейінгі аралықты алып жатыр. Гаусс проекциясында зоналардың орталық меридианы жазықтыққа ешқандай өзгеріссіз проекцияланады, ал осьтіктмеридианнан алыстаған сайын, қашықтықтар аздаған өзгеріске ұшырайды.
Сөйтіп, әрбір зонанын ортадағы меридианы -осьтік меридиан деп аталады. Шығыс жарты шарындағы кез келген зонанын осьтік меридиананың бойлығы мына формула арқылы анықталады:
λ=6 ͦ N-3
мұндағы N-6 ͦ тық зонаның нөмірі.
Координаталық осьтер мен тік бұрышты координаталар басының әрбір зонада толық анықталған географиялық орны болғандықтан, тікбұрышты және географиялық жүйелері өзара байланыста болады. Ендеше, нүктенің тікбұрышты координаталарынан геодезиялық координаталарға көшуге немесе керісінше жасауға толық мүмкіндік бар.
Жазық полярлық координаттар жүйесі. Геодезиялық жұмыстарды жүргізген кезде, көптеген нүктелердің орындарын бастапқы бағыт немесе бағдар ретінде қабылданған белгілі бір нысанадан анықталатын жазық, полярлық координаталар жүйесі қолданады. Осы координаталар жүйесінің элементтері: 1. Бастапқы бағыт, полярлық осі, ох осіне кез келген жаққа бағыттауға болады. 2. О нүктесі координаттар басы, түсірістер кезінде полюс ретінде теодолиттіу жүрістер нүктесі қабылданады. Полярлық бұрыштар полярлық осьпен сағат тілінің бойымен 0 мен 360 градус аралығында өлшенеді. Жазық полярлық координаттар жүйесі теодолиттік түсірістер мен жобадан жергілікті жерге құрылыс обьектілерінің нүктелерін көшіргенде қолданылады.
10. Географиялық координата, бойлық, ендік
Кеңістік координаталар жүйесі. Жер бетіндегі орнын оның координаталары, яғни алынган координаталар жүйесінің бастапқы жазықтары мен сызықтарына қатысты ізделіп отырған нүктелерді сипаттайтын шамалар арқылы анықтайды. Геодезияда қолданылатын барлық координаталар жүйелері кеңістік және жазықтық жүйелері болып екіге бөлінеді.
Координаталардың кеңістік жүйелерінін ішінде көпшілікке танымалысы географиялық координаталар жүйесі. Бұл жуйеде нүктенің жер бетіндегі орны жалпы дүниежүзілік маштабта аныкталады. Оларды географиялык ендік -φ және географиялық бойлық -λ дейді. Геодезиялық (φ) экватор жазықтығы мен бекітілген Р нүктесі арқылы өтетін тіктеуіш сызық арасындағы бұрыш. Ендік экватордан бастап, берілген нүктеге дейінгі географиялық меридиананың доғасы мен өлшенеді де, экватордан екі жаққа солтүстікке қарай 0 ͦ тан 90ͦ- қа дейін өзгерип отырады.
Геодезиялық бойлық (λ) бастапқы меридиан жазықтығы мен берілген нүкте арқылы өтетін меридиан жазықтығы арасындағы бұрыш. Бойлық бастапқы меридиан батысқа (батыс бойлық) және шығысқа (шығыс бойлық) қарай 0 ͦ тан 180 ͦ -қа дейін салынады.
Географиялық координаталар жүйесі бүкіл жер шарына ортақ және олар астраномия, сфералық геометрия, картография, ғарыш мәселелерін шешуде жиі қолданылады.
11. Масштабтар мен олардың дәлдігі
Масштаб дегеніміз пландағы, картадағы сызықтың өзіне сәйкес жер бетіндегі ұзындығының горизонталь проекциясына қатынасы. Масштаб сандық, сызықтық, көлденең болып бірнеше түрге бөлінеді.
Егер план 1:1000 масштабында жасалса, онда жер бетіндегі ұзындығы 1000 см-лік арақашықтық планға 1 см-лік кесінді түрінде кескінделген болады. Мұндай масштаб сандық масштаб делінеді.
Сандық масштабтың қағаз бетіне график түрінде бейнеленуін- сызықтық масштаб деп атайды . Сызықтық масштаб бір түзудің бойын масштаб негізі деп аталатын біріне бірі тең бірнеше кесінділерге бөлгеннен шығады. Масштаб негізі әдетте 1 см-ге тең болып келеді. Сол жақтағы шеткі негіз тең 10 бөлікке бөлінеді де, оның оң жақ ұшы 0 деп белгіленеді. Сандық масштабтың да кемшілігі бар, ол сызықтық масштабпен пайдаланғанда, оның 0-ден сол жақтағы негізінің ұсақ бөлшектерінің аралығын көз мөлшермен бағалаудан тұрады. Сондықтан өте үлкен дәлдікті қажет ететін өлшеулер үшін көбіне көлденең масштаб қолданалыда. Түзу сызық бойын масштаб негізін 2 см ге тең етіліп, бірнеше бөліктерге бөлінеді. Оң жақтағы 0, 2, 4, 6, 8 нүктелерінен перпендикуляр тұрғызылып, олар төменге түзу сызықтан бастап, әрқайсысы 2 не 3 мм-ге тең оң бөлікке бөлінеді. Бөлінген нүктелер арқылы бастапқы түзу сызыққа паралель сызықтар жүргізіледі. Сол жақтағы масштаб негізінің төменгі және жоғарғы қабырғалары 10 ға бөлініп, масштабтың кіші негізі алынады. Олар қиғаш сызықтармен қосылады. Масштаб дәлдігі мына формуламен анықталады:
t = ab = AO\mn =a\mn
мұндағы а масштабтың негізі 2 см; n- масштаб негізі бөліктерінің саны; m- масштаб биіктігі бөліктерінің саны.
Өте үлкен дәлдікті қажет ететін өлшеулер үшін көбіне көденең масштаб қолданылады.
12. Топографиялық карталар мен пландарда жер бедерін кескіндеу
Жер бетіндегі таулардың, сайлардың, жота ойпаттардың жинағын жердің бедері дейді. Ал, жер бетіндегі әр түрлі құрылыстар, жолдар, т. б жиынтығын геодезияда ситуация дейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz