Жамбыл облысының туристік географиясы
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Республикамыздың әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясын айқындап, елу елдің қатарына кіру үшін 7 кластерді дамыту керек екендігін атап көрсетті. Бұл жеті кластердің бірі – туризм кластері. Туризм – әрі экономика, әрі саясат Мемлекет басшысының туризм кластерін дамыту арқылы Қазақстанның халықаралық беделін көтеру, сала жұмысының тиімділігін арттыру арқылы оны табыс көзіне айналдыру жайлы үкімет алдына мәселе қойып отыр. Туризм бүгінгі күнде жай ғана демалыс емес, қай мемлекетте болмасын шағын және орта бизнесті дамытатын қозғаушы күш. Бұл сала сонымен қатар, валюттік түсімдердің қайнар көзі әрі жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз етудің де құралы. Әлемдік статистика мәліметтеріне сүйенер болсақ, келген турист қай елге болмасын орта есеппен мың доллар көлемінде қаржы түсіріп, тоғыз адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді екен. Жер бетінің ұлтарақтай ғана аумағын мекен еткен Андора, Лихтенштейн, Монако, Сан-Марино тәрізді егжейлі мемлекеттерден бастап әлемдік саясатқа ықпал жасап келе жатқан Ұлыбритания, Германия, Испания, Франция, Қытай, Канада тәрізді іргелі державаларға дейін туризмді экономиканың негізгі табыс көзі айналдырған.
Жерінің кеңдігі жағынан тоғызыншы орында тұрған Қазақстанның табиғаты ешбір елден кем емес екендігі бесенеден белгілі. Әр аймағы өзіндік қасиеттерімен ерекшеленетін біздің жеріміз батысы мен шығысы, солтүстігі мен оңтүстігі бірін-бірі қайталамайтын көрікке ие. Аспанымен бой таластырған қарлы шыңдар мен биік таулар, құмды, шөлді далалар, ну ормандар мен қалың тоғайлар, өзендер мен көлдердің де неше атасы біздің жерімізде орналасқан.
Жамбыл облысында туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіншіліктер бар. Бастауын б.д.д. үшінші мың жылдықтан алатын Ұлы Жібек Жолының пайда болуы мен дамуы тарихи негіз болып табылады. Табиғи климаттық жағдайларына байланысты, Қазақстан рекреациялық ресурстарға, ерекше әсем табиғи ескерткіштерге бай және қазақ даласында ата-бабамыздан келе жатқан баға жетпес құнды мәдени мұралары да шексіз. Айтарлықтай туристік – ресурстық потенциалы, түрлі табиғи ортасы және жануарлар әлемі бай елдің экологиялық туризмді дамытуға үлкен мүмкіншілігі бар. Экотуризмнің дамуы облыстағы барлық табиғи-шаруашылық кешенніңдамуына, сонымен қатар, елдің әлеуметтік-экономикалық басты мақсаты тұрғындардың салауатты өмір сүру үшін қоршаған ортаның жақсы жағдайда болуын қамтамасыз етеді.
Қолайлы табиғи-климаттық ахуал мен алуан түрлі мәдени-тарихи ресурстар танымдық, экологиялық, спорттық, сауықтыру және «тәуекелдікке толы» туризмді дамытуға септігін тигізері сөзсіз.

1. Тараз. Жамбыл облысының энциклопедиясы «Қазақ энциклопедиясының» бас редакциясы Алматы, 2003 ж. -5-80, 144, 273 б.
2. Кокина, Рысбаев. Жамбыльская область, Тараз. «Сенім» 2006 ж. –3-16, 27, 56.
3. Дәдібаев Жанғара. Атыңнан айналайын Тараз. Алматы, 2002 ж. –16-21 б.
4. Бекболатов А.Ә. Жамбыл облысының экологиялық жағдайлары //Қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми-теориялық және практикалық аспектілері: проблемалар, стартегия. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Тараз, 2006 ж. 313-314 бет
5. Туристерге жол бастар Жамбыл облысы. Жамбыл облысы әкімиятының кәсіпкерлік және өнеркәсіп Департаменті 2006 ж. –3-22 б.
6. Теңізбаев Ж.С. Капиталдық салымдар Жамбыл облысының экономикалық өсу факторы ретінде // «Жас ғалым» - 2005 атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Тараз, 2005 ж. 1-2 бөлім. 114-117 бет.
7. Инвестициялық мүмкіндіктер. Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау Департаменті 2006 ж. –3-27.
8. Жамбыл облысының статистика бөлімшесі 2007 ж.
9. Ешмаханов М.К. Талас өзені алабының табиғи жүйесінің экологиялық орнықтылығы Тараз, 2006 ж. 116 бет
10. Кекілбайұлы, Әбіш. Талайғы Тараз. Астана, 2002 ж. –115-117 б.
11. Кәрім Баялиев. Жасырған Жамбыл жерінде, Тараз, 2000 ж. -18-25 б.
12. М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті, 2002 ж. -12-18 б.
13. К.Байпаков, К.Байбосынов. Ұлы Жібек жолы және Тараз. Тараз 2005 ж. –115-125 б.
14. Бахтияр Әбілдаұлы. Талас. Айша бибі, Қарахан. Алматы Санат, 2002 ж. -215-218 б.
15. Қазақстан Республикасының Тарихи және мәдение ескерткіштер жиынтығы. Жамбыл облысы. Алматы, 2002 ж. –156-178 б.
16. Байпаков К. Қазақстанның ежелгі қалалары. Алматы 2005 ж. -25-29 б.
17. Күзембай Байбосынов Жамбыл өңіріндегі тас мүсіндер. Алматы, 1996 ж. –89-93 б.
18. www.rambler.kz
19. www.google. kz
20. www. zhambyl.kz
21. Әбіл А., Мамыт А. «Жамбыл өңірінде жүзеге асырылып жатқан оң істер көп» // Ақ жол. -2005-9 сәуір -1 б.
22. Әлімбай С. Жадігерлер жинақталған киелі орын: облыстың тарихи өлкетану мұражайы туралы // Ақ жол 2006 ж. 18 мамыр, 8 б.
23. Әлиев С. Тас мүсіндер: Жамбыл облысыныдағы археологиялық ескерткіштер туралы // Қазақ тарихы 2004 ж. №3 -15-19 б.
24. Әмзаұлы Ә. Тарихи-мәдени ескерткіштердің бүгіні мен ертеңі //Ақ жол 2005 ж. сәуір, 5 б.
25. Әуелбеков З., Әлімбаев Б., Бар байлықты пайдалан білейік: Жамбыл облысының өзендерінің су ресурстарын пайдалану мәселелері //Ақ жол 2005 ж. 13 желтоқсан, 2 б.
26. Қамбаров Р. Елу елдің бірі болу – мүддеміз //Республика ұстаздары 2007 ж. 22 наурыз, 1 б.
27. Бөкейханқызы Р. Туризм – мемлекеттің жарнамасы: елімізде туризм саласын дамыту жайында // Қала мен дала 2006 ж. 16 маусым, 5 б.
28. Ахметова Қ. Туризм – мемлкеттік имиджі: Жамбыл облысындағы туризмнің дамуы // Евразия 2006 ж. 21 сәуір, 7 б.
29. Сарыбай Б. Туризм – табыс көзі (Тараз қаласы туралы) // Дала мен қала 2005 ж. 1 шілде, 16 б.
30. Ахметова Б. [Матен] // Ақ жол 2006 ж. 25 ақпан, 5 б.
31. Мауленов Б. Тарихын таспен жазған халықпыз: Тараз төңірегіндегі тас мүсіндер, Ақыртас деген қала туралы // Дала мен қала 2006 ж, 28 шілде, 8 б.
32. Досымбаева Айман Мерке – Жетісу Түркілердің киелі жері Тараз Сенім 2002 ж. -45-56 б.
33. Айдапкелов Серғали Шежірелі Сарысу Тараз, 2003 ж. -76-101 б.
34. Боздақтар. Жамбыл облысы Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2000 ж. -314-318 б.
35. Амангелді Омаров Достық пен мүдде жолы. Жібек жолы кеше, бүгін, ертең. Алматы 1996 ж. -222-233 б.
36. Мекентас Мырзахметұлы Түркістан Тараз арасы…Астана, 2002 ж. –112-125 б.
37. Мекентас Мырзхаметұлы, Исмаил Жеменей Көне Тараз Алматы 2000 ж. –9-10 б.
38. Кәрім Баялиев Жасырған Жамбыл жерінде Алматы, 1980 ж. –3-4 б.
39. Карл Байпаков Ұлы Жібек жолы және орта ғасырлық қалалары: Алматы «Қазақстан» 1992 ж. –68-74 б.
40. Бахтияр Әбілдаұлы Айша мен Қарахан Алматы, 2002 ж. –18-34 б.
41. Мадияр Елеуов Шу мен Талас Алматы, 1998 ж. –6-13 б.
42. Сечим Айдын. Туризм саласының дамуындағы кезедесетін мәселелері және оларды шешу жолдары// I түркі әлемі туризм құрылтай. –Түркістан, 2005 ж. –129-133 б.
43. Фүсүн Истамбулну Динчер, Суна Мұған Эртұғрал. Қазақстанның туризм потенциалын анықтау және қазақ-түркі туризм байланыстарын күшейтуге бағытталған іс-шаралар// I түркі әлемі туризм құрылтай. –Түркістан, 2005 ж. –4-21 б.
44. Қазақстан туризмі 2006 жылғы: статистикалық жинақ ҚР стат. агенттігі; ред. басқ. Қонаев Е.А. –Алматы, 2006 ж. 114 б.
45. Дүйсен Ғалымжан Мұстахимұлы. Основы формирования и развития индустрии туризма в Казахстане. – Алматы, 2002 г. 94 б.
46. Ердавлетов С.Р., Назарчук М.К., Кораблев В.А. Мифы и реальность Казахстанского туризма. Роль туризма в устойчивом развитии РК./ под.ред. С.Р.Ердавлетова, Алматы, 2001 г. 150 с.
47. Алиева Жанна Нарикбаевна. Экологический туризм. Алматы, 2001 ж. 101с.
48. Дуйсен Г.М. Основы формирования и развития индустрии туризма в Казахстане. Алматы, 2001 г. 94 с.
49. Журнал “Континент” №19 (131) Октябрь 2004 г. –13-26 с.
50. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 4 том. 554 б.

Кіріспе
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Республикамыздың әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясын айқындап, елу елдің қатарына кіру үшін 7 кластерді дамыту керек екендігін атап көрсетті. Бұл жеті кластердің бірі - туризм кластері. Туризм - әрі экономика, әрі саясат Мемлекет басшысының туризм кластерін дамыту арқылы Қазақстанның халықаралық беделін көтеру, сала жұмысының тиімділігін арттыру арқылы оны табыс көзіне айналдыру жайлы үкімет алдына мәселе қойып отыр. Туризм бүгінгі күнде жай ғана демалыс емес, қай мемлекетте болмасын шағын және орта бизнесті дамытатын қозғаушы күш. Бұл сала сонымен қатар, валюттік түсімдердің қайнар көзі әрі жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз етудің де құралы. Әлемдік статистика мәліметтеріне сүйенер болсақ, келген турист қай елге болмасын орта есеппен мың доллар көлемінде қаржы түсіріп, тоғыз адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді екен. Жер бетінің ұлтарақтай ғана аумағын мекен еткен Андора, Лихтенштейн, Монако, Сан-Марино тәрізді егжейлі мемлекеттерден бастап әлемдік саясатқа ықпал жасап келе жатқан Ұлыбритания, Германия, Испания, Франция, Қытай, Канада тәрізді іргелі державаларға дейін туризмді экономиканың негізгі табыс көзі айналдырған.
Жерінің кеңдігі жағынан тоғызыншы орында тұрған Қазақстанның табиғаты ешбір елден кем емес екендігі бесенеден белгілі. Әр аймағы өзіндік қасиеттерімен ерекшеленетін біздің жеріміз батысы мен шығысы, солтүстігі мен оңтүстігі бірін-бірі қайталамайтын көрікке ие. Аспанымен бой таластырған қарлы шыңдар мен биік таулар, құмды, шөлді далалар, ну ормандар мен қалың тоғайлар, өзендер мен көлдердің де неше атасы біздің жерімізде орналасқан.
Жамбыл облысында туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіншіліктер бар. Бастауын б.д.д. үшінші мың жылдықтан алатын Ұлы Жібек Жолының пайда болуы мен дамуы тарихи негіз болып табылады. Табиғи климаттық жағдайларына байланысты, Қазақстан рекреациялық ресурстарға, ерекше әсем табиғи ескерткіштерге бай және қазақ даласында ата-бабамыздан келе жатқан баға жетпес құнды мәдени мұралары да шексіз. Айтарлықтай туристік - ресурстық потенциалы, түрлі табиғи ортасы және жануарлар әлемі бай елдің экологиялық туризмді дамытуға үлкен мүмкіншілігі бар. Экотуризмнің дамуы облыстағы барлық табиғи-шаруашылық кешенніңдамуына, сонымен қатар, елдің әлеуметтік-экономикалық басты мақсаты тұрғындардың салауатты өмір сүру үшін қоршаған ортаның жақсы жағдайда болуын қамтамасыз етеді.
Қолайлы табиғи-климаттық ахуал мен алуан түрлі мәдени-тарихи ресурстар танымдық, экологиялық, спорттық, сауықтыру және тәуекелдікке толы туризмді дамытуға септігін тигізері сөзсіз.
1 Жамбыл облысының туристік географиясы
0.1 Географиялық орны және тарихы
Жамбыл облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Шу-Іле таулары мен Балқаштың батыс жағалауы, Қаратау жотасы, Қырғыз Алатауы мен Бетпақдала аралығында орналасқан. Облыс оңтүстігінде Қырғыз Республикасымен, батысында Оңтүстік Қазақстан, шығысында Алматы облысымен шектеседі. Жер көлемі 144,3 мың км2. Тұрғындары 1001 (2006 ж) мың адам. Орталығы - Тараз. Облыс аумағында халық бірдей қоныстанбаған, олар негізінен таулы жерлерде қоныстанған. Облыс әкімшілік ауданға бөлінген: Жамбыл, Байзақ, Жуалы, Сарысу, Талас, Мойынқұм, Қордай, Шу, Меркі және Тұрар Рысқұлов [1].
Жері негізінен жазық. Солтүстік бөлігі (Бетпақдаланы есептемегенде) негізінен, Талас және Шу өзендері алаптарында орналасқан. Шу аңғары облысты екіге бөледі. Солтүстік бөлігінің батысы түгелімен ойысты-сортаңды, шығыстан ұсақ шоқыны - жартасты Бетпақдала шөлі алып жатыр. Оның теңіз деңгейінен биіктігі 350-500 метр. Мұндағы ең биік жері - Байқара тауы (665 м). Шу өзенінің оңтүстік бөлігі - төбешікті - қырқалы келген Мойынқұм құмды алқабына (теңіз деңгейінен биіктігі 300-600 м) ұласады. Оның орта бөлігіндегі құм бұйраттардың арасында көптеген шұраттар (оазистер) кездеседі. Бұл жерлерде жер асты суы (грунт суы) жер бетіне жақын жатыр.
Облыстың шығысында Шу-Іле тауларының аласа келген Желтау, Айтау, Хантау, Майжарылған таулары және Қопа, Қараой үстіртті жазықтары орналасқан. Осылардың биіктіктері 500 метрден аспайды. Беткейлері көлбеу, жоталары жазық келеді. Облыстың қиыр оңтүстік-шығысында Іле Алатауына қабысып, кіндіктас пен Жетіжол таулары жатыр. Шу-Іле тауларынан бастау алатын өзендердің барлығы дерлік жаз айларында кеуіп, құрғақ арналарға айналады. Шу-Іле тауларының оң жағалық аңғарын ала солтүстік - батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созыла орналасқан Сарыой үстіртті жазығы мен сексеуілді даласы жатыр. Сарыой жазығында мемлекеттік Андасай қорықшасы орналасқан. Облыстың оңтүстік, оңтүстік-шығысында Қырғыз Алатауының Қазақстанға қарасты солтүстік, солтүстік-батыс бөлігі орналасқан. Облыс аумағындағы оның ең биік жері - Меркі өзені бастау алатын тұсы (4099 м). Облыстың оңтүстік-батысында облыс аумағына, Талас Алатауының қиыр солтүстік бөлігі кіреді. Таудың облыс амағындағы бөлігінің ең биік жері - 4027 м. Мемлекеттік Ақсу - Жабағылы қорығының солтүстік-шығыс бөлігі (Жуалы ауданы аумағында) осында ораналасқан [9]. Облыстың оңтүстік-батыс аумағын Қаратау жотасының солтүстік-шығысындағы үлкен Ақтау мен оңтүстік-шығыс бөлігі (кіші Қаратау) кіреді. Оның облыс аумағындағы ұзындығы 150 км шамасында. Ең биік жері кіші Қаратау жотасының орта тұсы (1610 м). Оңтүстік-шығысында ірі фосфорит кен орындары, полиметалл кентастары бар. Облыстың орталық өңіріндегі сазды-тақтасты, құмды төбешікті жерлерінде бұлақтар, ұсақ тұзды көлдер, құдықтар көптеп кездеседі.
Климаттық тұрғыдан облыс аумағының жазық өңірі Балқаш-Арал, Жоңғар (Жетісу) - Шу - Іле және Қаратау Қызылқұм климаттық облыстарына жатады. Олар өз тұрғысынан бірнеше климаттық аудандарға бөлінеді. Облыс аумағын қамтитын аудандарға орталық Қазақстан климаттық ауданының оңтүстік бөлігі (Бетпақдала), Балқаш маңы климаттық ауданы, (Балқаш көлінің батысы), Мойынқұм климаттық ауданы, Шу-Талас климаттық ауданы жатады. Облыстың климаты біршама құрғақтығымен және континенттілігімен ерекшеленеді. Мұны облыс аумағының Еуразия құрлығының орта тұсында орналасқандығы, мұхиттардан алыстығы, ауа райының ашық болуына мүмкіндік туғызатын атмосфералық айналымның ерекшелігі, сондай-ақ күн шығуының молдығын қамтамасыз ететін оңтүстік ендікте орналасқандығымен түсіндіруге болады. Облыс бойынша ауаның орташа тәуліктік температурасы 00С-тан жоғары кезең 225-245 күнге созылады. Аясыз кезең жазық өңірлерде 5-6 ай, тау бөктерлерінде және тауда 4-6 ай болады. Жазық өңірлерде жауын-шашын аз (100-300 мм). Қар қабаты жұқа (10-15 см). Оңтүстік аудандарда тұрақты қар жамылғысы болмайды. Туризмді дамытуға өте қолайлы.
Облыста жер беті ағыны біркелкі таралмаған. Өзендер, негізінен, облыстың оңтүстігіндегі Қырғыз және Талас Алатауларының солтүстік беткейлерінен бастау алады. Олдардың басым бөлігі Шу мен Талас өзендері алқабында жатыр және осы өзендердің салалары болып табылады. Облыс аймағындағы ең ірі және ұзын өзен - Шу (1186 км.). Ол Қырғызстан аумағында Тянь-Шань тауларынан басталады. Теріскей Алатауы мен Қырғыз Алатауындағы мұздықтардан басталатын Жуанарық, Қошқар өзендерінің қосылуынан қалыптасады.
Табиғат көркем Буалі шатқалынан өткен соң облыс аумағына кіреді. Облыстағы оның ұзындығы 800 км. Шатқалдан өткен соң ағысы баяулап жазықтығы кең аңғарлы өзенге айналады. Облыс аумағында оған жалғыз Қорағаты өзені қосылды. Қызылордада, Оңтүстік Қазақстан жерлеріндегі Ащыкөл-Ақжайқын ойысына құяды. Ірілі-уақты 80 саласы бар. Қорағаты, Меркі, Ақсу, т.б. облыстың Мойынқұм, Бетпақдала арқылы ағады. Арнасының ені 50-100 м, ең терең жері 4,8 м. Негізінен, мұздық және қар суымен толығады. Жылдың аяғының 15%-ға жуығы көктемде, 58%-ы жаз-күз айларында, 27%-ы қыста өтеді. Жылдық орташа су өтімі 77 м3с. Желтоқсан-Наурыз айларында қатады, мұзының орташа қалыңдығы 64-74 см., шілде-тамыз айларында суы мол болады. Жазда судың орташа температурасы 22-23 [0]С, ең жоғарғы температурасы 26,7 [0]С жетеді. Өзенде сазан, табан, жайын т.б. балықтар бар. Шу бойында Тасөткел бөгеті, Тасөткел суару жүйесі салынған. Егіндік пен жайылымды суару және суландыруға Шу өзені суының 55% жұмсалады.
Облыстағы екінші үлкен өзен Талас, Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен. Ұзындығы 661 км су жиналатын анабы 52700 км[2]. Қазақстандағы бөлігі 453 км. Негізінен Жамбыл облысының Байзақ, Талас, Сарысу аудандары жерімен ағады. Қырғыз Алатауы мен Талас Алатауы мұздықтарынан шығатын Қарақол және Үшқома өзендері қосылған жерден басталып, Мойынқұмдағы Айдын көліне жетпей құмға сіңіп, тартылып қалады. Аңғары жоғарғы бөлігінде тар шатқалды, ені 1-2 км, жазыққа шыққан төменгі бөлігінде кең, 25-30 см көп жылдық мұз, жауын-шашын суынан толысады. Маусым-тамыз айларында тасиды. Тараз қаласынан төменгі ағысында Таластан бірнеше тармақ (Шалқы, Көделі, Тасарық т.б.) таралады. Суы көктемде, күзде тұщы, ауыз суға жарамды.
Тараз қаласынан 10 км жерде Киров бөгені, сағасынан 197 км жерде Юбилейный, 275 км-де Жінәлі, 280 км-де Қазақбай бөгендері және Талас-Аса каналы салынған. Егін суаруға пайдалану үшін Талас-Аса каналы тартылған. Таласқа оның ірі саласы - Аса өзені (ұзындығы 253 км) сол жақтан құяды.
Облыстағы көптеген кішігірім өзендер (Шабақта, Борандай, Бүркітті, Теріс, Шалсу т.б.) Қырғыз Алатауына, қаратау жотасынан бастау алады. Шу-Іле және қаратау жотасынан басталатын өзендердің барлығы дерлік жаз айларында құрғап қалады, не жылғаларға айналады [24].
Облыс аймағын Балқаш көлінің оңтүстік-батыс бөлігі кіреді. Облыс аумағындағы ең ірі көл - Бишікөл. Бишікөл - Шу-Талас алабындағы көл. Тараз қаласының солтүстік-батысында 60 км жерд, Қаратаудың солтүстік беткейіндегі тектоникалық ойыста орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 438 м. Аумағы 88 км[2], ұзындығы 18 км, ені 7,5км-ге дейін, орташа тереңдігі 3,5 м, ең терең жері 8 метр. Жауын-шашын мол жылдары су көп. Суы тұщы. Бишікөлге Аса өзені шығыс жағынан құйып, солтүстігінен ағып шығады. Көлде сазан, шабақ, табан балық, ақ амур, майшабақ, т.б. бар. Көл суын төңірегіндегі шаруашылықтар егін суаруға және демалыс орнына пайдаланады.
Жамбыл облысы - сан алуан жануарлар мен құстардың мекені. Кәсіптік маңызы бар сүтқоректілерден: артаутеке (тау-тасты, тік жарлы, құзды жерлерде тіршілік етеді), елік (аршалы ормандарда), марал (жазда субальпілік белдеуде, қыста тоғайлы жерде), ақбөкен (бетпақдалада); қоңыр аю (Батыс Тянь-Шань жаталарында), доңыз (Шу мен Талас өзендері аңғарларында) кездеседі. Басқа жыртқыштардан - қасқыр, қызыл түлкі, сусар, ақкіс және аңқалық сияқты терісі бағалы аңдар кең тараған, ондатр жерсіндірілген. Қанаттылардан ұлар, үкі, сақалтай (қозықұмай), шымшық, бұлдырық, т.б. кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардан кесіртке, қалқантұмсық жылан мен сұр жылан бар. Өзендер мен көлдерде алабұға, қарабалық, сазан, көксерке, табан, қызылқанат балық, жайын тіршілік етеді. Облыс аумағы, сондай-ақ, сирек кездесетін, жылдан-жылға саны азайып, қорғауға алынған, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген бүркіт, ителгі, Қаратау арқары, мензибр суыры, көкқұс, лашын, т.б. құс - жануарлардың мекені. Облыс аумағында Қазақстандағы тұңғыш қорық - Ақсу-Жабағалы қорығы, ақбөкендердің қысқы мекені - Андасай қорықшасы (зоологиялық) және Ақсай қорықшасы орналасқан [4].
Жамбыл облысының аумағында тас ғасырынан, полеолит дәуірінен бері адамдар өмір сүріп келеді. Бұл жерде андрон мәдениеті мен ұзақ ғасырлар бойы бір-бірін алмастырған сақтардың, үйсіндер және қаңлылар және басқалардың мәдениеттері қалыптасты. Мұнымен қатар өңірдің тарихы мен мәдениеті тамыр жайған Тараз қаласын басып өтетін Ұлы Жібек жолы, және сол кездің Қытай, Үндістан, Византия, Парсы, Батыс Еуропа және ежелгі Русь сияқты ірі елдермен саяси-экономикалық байланыстары өңірдің қарыштап дамуына қолайлы жағдай туғызды.
Шу, Талас, Аса өзендерін кесіп өтетін бұл өңірде іргетасы шартты түрде біздің эрамызға дейінгі 586 жылы қаланды деп есептелінетін ежелгі Талас қаласының пайда болуына ықпал еткен коңыржай климат, құнарлы топырақ, бай жайылым оны ары қарай өсіп-өркендетті. Қытай саяхатшысы Сюань-Цзяньнің деректеріне қарағанда 630 жылы өзінің көлемі жағынан замандастары Самарқанд, Шашу (Ташкент) қалаларынан кем түспесе, Исфиджаб, Қасан және басқа қалалардан асып түскен. Бұл жерде әр елден келген көпестер тауарларын саудалайтын. Өзінің ең гүлденген сәтінде 11-12 ғасырларда жеткен қаланың қыштан жасалған құбырлар пайдаланылған жерасты су желісі, тас төселген көшелер мен аяқжолдар канализациялық коллектор мен күйген кірпіштен көпкүмбезді ғимарат ретінде соғылған моншасы болған.
1220 жылы Орта Азияның түгелге дерлігін және қазақ елінің едәуір жерін жаулап алған моңғол шапқыншылары ақырына дейін қарсылық көрсетіп баққан Тараз қаласын тыптипыл ғып тастады. Бұдан кейін Тараз өзінің мәні мен мәртебесін жоғалтып алды. Бұл аймақта толассыз жүрген өзара соғыстар, Батыс Еуропа мен Үндістанға ашылған теңіз жолы арқылы Ұлы Жібек жолымен сауда-саттықтың тоқтауына және бұның бойында жатқан қалалардың токырауына әкеп соқты. Тарихта ірі оқиға ретінде Тараз туралы 1513 жылы оған Қасым ханның жорығы кезінде айтылады. Нәтижесінде, бір замандары атағы шыққан қала 15 ғасырдың басында Қазақ хандығына қосылғанжай қоныстардың біріне айналды. Археологиялық қазбалардың материалдары, мазарлар мен тастардағы бейнелер ортағасырлық Тараз бен ең ежелгі қазақтарды біріктіретін мәдени байланыстар болғанын айғақтайды. Ұзақ жылғы археологиялық, тарихи-сәулет зерттеулерінің нәтижесінде табылған ескерткіштер облыстың тарихи-мәдени мұрасының құнды қоры болып табылады. 19 ғасырдың басында бұл аймақта шекара мен керуен олдарың күзету үшін бірқатар камалдар салынды. Осылай ежелгі Тараздың үйінділерінің орнында орналасқан жері тиімді болғаннан кейін тез дамуға бет алған қамал бой көтерді. Уақыт өте қалаға айналған қамалдың аты Наманган-Коче болды. 1856 жылы ол Әулиеата болып өзгертілді. Бұл атын ол Қарахан батырдың құрметіне алды. Әулиеата өзінің сыртқы келбеті мен жоспарлануы басқа ортаазиялық қалалардан ерскшеленген жоқ. Орталығында көптеген сауда орындары мен қолөнершілері орналасқан қалада 2-3 мың тұрғын болды.
Кеңес Өкіметі өзі үстемдік құрған алғашқы күнінен бастап, бұрынғы тәртіпті түбегейлі өзгертіп, жергілікті билікті нығайтуға кірісіп кетті. Осының айғағындай, 1936 жылдың 10 қаңтарында Әулиеата Қазақ компартиясының бірінші хатшысы Мирзоянның құрметіне Мирзоян деп аталды. Ал, 1937 жылы 5 маусымда қала аты Жамбыл тауларында дүниеге келген қазақтың белгілі ақыны Жамбыл Жабаевтың атымен аталды. Қалаға оның тарихи атауы 1997 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен қайтарылып, Жамбыл қаласы Тараз боп өзгертілді.
Талас... Тараз... Әулиеата... Мирзоян... Жамбыл... Тараз.
Осылай ғасырлар бойына атауы сан өзгертілген қаланың тағдыры оңай болмаған [5].
1.3 Аудандар бойынша туристік рекреакциялық потенциал
Жамбыл ауданы - Жамбыл облысының оңтүстік-батысындағы әкімшілік бөлік. 1928 жылы құрылған. Жері 4,3 мың км2. Тұрғыны 75,6 мың адам Ауданның Әкімшілік орталығы облыс орталығынан 27 шақырым жерде орналасқан Аса ауылы. Аудан аумағында 45 елді мекен бар. Аудан жері таулы (Қаратау мен Қырғыз Алатауының түйіскен жері), ауданның орталығы қыратты, ал солтүстікке қарай жазық келеді. Ауданның ең биік жері орта тұсында (Үлкен Бұрылтау, 1138 м). Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық. Ауаның жылдық орташа температурасы қаңтарда - 6-70С шілдеде 22-260С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 250-400 мм. Аудан жерімен Талас, Көделі, Аса өзендері ағып өтеді. Жері тау-шалғынды, сұр, шалғынды батпақ топырақты келеді, жусан, жантақ, сортаң шөп, қамыс-құрғақ, бұталы өсімдіктер, т.б. өседі. Ақбөкен, арқар, қоян, түлкі, қасқыр, шиебөрі, қырғауыл т.б. мекендейді. Аудан аумағында 38 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Жамбыл ауданындағы халықтың басым көпшілігі қазақтар (95,5%). Халық біршама тығыз орналасқан. Халық қоныстануының орташа тығыдығы 1 км2-ге 16 адамнан келеді. Аудандағы ірі елді мекендер: Аса (7,9 мың адам), Жалпақтөбе (7,6). Жамбыл ауданында 99 мәдени-тарихи ескерткіштеге ие. Оның 89-ы археология, 7-і тарихи, 2-уі сәулет және 1-уі монументалды өнер ескерткіші. Археология ескерткіштері негізінен ең ежелгі керуен жолдарының бойынан табылған. Олардың ішінде Әулиебастау, Бектөбе сияқты ірі қалалар мен ерте темір және орта ғасырдағы Ақтөбе, Күзембайтөбе, Кішімүрде қоныстары, Ақыртас заңғар кешенінің, қарауыл мұнараларының қалдықтары, бейіттер мен қорғандар (қорымдар) бар. Ортағасырлық сәулет өнерінің ғажайып ескерткіштері Айша бибі мен Бабаджы қатын кесенелері де мұнда орын тепкен.
"Төменгі Барысхан" - IV-XIV ғасырлар. Тараздың іргесінде орналасқан ғажайып қала. Қаланың топографиясында бұрыштары мен көлденеңінен орналасқан мұнаралардың төбешіктері мен мұжылған тіреулерімен қоршалған жәдігерлер бой көрсетеді. Қала екі сатыдан тұратын, төбе неғұрлым жарыққа бағытталған болып келеді. Қалаға кіреберісте мұнаралап көп салынған. Территориясында қауыздардың қалдығы, суағарларға ыңғайланған еңістер байқалады. Қаланың шығыс бөлігінде оның ауылшаруашылық аймағын құрайтын усадьбалардың қалдығы - жекелеген төбешіктер көзге түседі.
Тектұрмас сәулеттік кешені X-XVI-ғасырлар. Талас өзенінің жағасына, Тараз қаласының оңтүстік-шығыс бөлігіне, айнала ортадағы биік төбеге салынған ежелгі қаиетті орын. Тектұрмас қасиетті сұлтан Махмуд хан жерленген жер деп саналады. Кешен негізі VII-XI-ғасырда, Ислам діні енгенге дейін қалана бастады. Ислам дәуірінде салынған кесененің өзі 1935 жылы қиратылған. Қазіргі оның орнына ортағасырлық үлгідегі жаңа кесене салынып, қалпына келтірілді. Дәл қасында қазақтың ұлы батыры Мәмбет батырдың моласы үстіне соғылған кесене бар. Кесене орналасқан төбеден төменде жатқан Тараз қаласының бар көрінісі жақсы көрінеді. Іргеде ағып жатқан, көне қалаға аты берілген Талас өзені адам әсерін күшейте түседі. Осы жерде X-XIII ғасырларда керуеннің өтуін жүзеге асыратын тас көпір болған. Сәулеттік кешен, сондай-ақ зиярат ету орны болып табылады [23].
Қарахан (Әулие Ата) кесенесі - XI ғасыр. Тараз қаласынынң орталық бөлігінде, Төле би және Байзақ батыр көшелерінің қиылысында орналасқан. Кесене ортағасырлақ Траза аумағында құрылған қасиетті-мемориалды кешенге жатады. Қарахан кесенесі өзінің әсемдігі Ресей сәулет өнерін бағалаушыларын 1902 жылдың өзінде ежелгі Тараздың теңдессіз жасампаздығы ретінде таңдандырыпты. Археологиялық қазбалар қазбалар көрсеткеніндей, бұл ғимаратты әрлеу үшін өте шеберлікпен әзірленген 30 түрлі өрнекті кірпіштер пайдаланылған. Құрылыс қараханидтер дәуірінде, XI ғасырда жасалған. Оның құрылысы Айша бибі мен Бабажы қатын кесенесіне тікелей байланысты. Оның жерленуін тарих, біздің аймақты X-XII ғасырларда билеген Қараханидтер әулетінің хандығымен байланыстырады. "Әулие Ата" атануы да содан. Кешен қасиетті жер саналады.
Айша бибі кесенесі. XI-XII ғасырлардағы аса тамаша ескерткіш. Жамбыл ауданында Айша бибі ауылы маңында, Тараз қаласының 20 шақырым батысында орналасқан. Айша бибі кесенесі тек Қазақстан аумағында ғана емес, бүкіл Орта Азияда толықтай тілінетін терракотпен әрленген тарихи-сәулет ескерткштерінің ерекше бағалылары тізімімен ЮНЕСКО-ға енгізілген. 60 түрлі терракотты плиткаларының барлық ойылуы қолмен, өте шеберлікпен орындалған. Кесене халқымыздың бағзы өмірінің ерекше құндылығын көрсететін өзіндік мұражайы болып табылады.
Бабажы қатын кесенесі - XI-XII ғасыр. Айша бибі кесенесінің қасында Жамбыл ауданында орналасқан, XI-XII ғасырдың ең ерекше ескерткіші болып табылады. Қос қисығы бар 16 қабырғалы шатыр төбелі өзінің ерекшелігімен әйгілі. Шатырлы, қабырғалы жабуы орта ғасырлақ сәулет өнері қазіргі заманғы кесенелердің еш бірінде жоқ. Ондағы эфиграфиялық айшық мұнда жерленген әйелдің аты-жөнін бізге жеткізіп отыр. Ол аңыз бойынша Айшаның күтушісі еді. Айшаға осы бір қасіретті сапарда жолбастаушы болған болатын. Айша қайтыс болғаннан кейін, сүйікті тәрбиеленушісінің моласы басында оның шамын жағып өтті. Екі кесене де тек зияратету орны емес, сонымен бірге мұсылман әлемінің қасиетті орындары болып табылады.
Әбдіқадыр мешіті - 20 ғасырдың басында салынған сәулет өнері ескерткіші. Тараз қаласында Әбдіқадыр атты кісінің қаржысына салынған. 20 ғасырдың 30-жылдарында бұзылып, алдыңғы беті мен азаншы мұнарасы ғана қалған. Ескерткіш 1975-80 ж. жөндеуден өткен. Оның аумағына жаңа медресе ғимараты салынды. Ә. м. Орта Азияның осы тектес құрылыстары үлгісінде салынған. Алдыңғы қабырғаның дәл ортасында жебе тәрізді арқалы терең ойық жасалып, екі жағында сүйірлене шыққан жіңішке мұнара тұрғызылған. Күмбезбен жабылған азаншы мұнарасында қарама-қарсы 6 терезе бар. Мешіт күйдірілген кірпіштен қаланған [23].
Облыстың басым көп жерін құмды шөл, жазық дала алып жатқанына қарамстан, табиғаты тамаша таулары, өзен, көлдері бар табиғи ресурстарға бай өлке. Шу өзені, биіктігі төмен Қаратау беттері, жоғары биіктіктегі Талас Алатау беткейлері. Этнопарктер, халықаралық туристік базалар ашуға өте қолайлы жерлер бар. 4 мемлекеттік қорғауға алынған қорықшалар бар. Олар: Берікқара, Андасай, Қарақоңыз, Жусандала.
Облыс табиғи рекреациялық ресурстарға бай. Бұл ресурстарды емделу үшін қолдануға болады. Тұрар Рысқұлов атындағы шипа жай. Қазақстанда тіпті ТМД елдерінде құрамы жөнінен теңдессіз, 2003 жылы ғана іске қосылған табиғи минералды сумен ваннаға түсіру, ішу асқазанды, өт жолы мен қабын, ішекті, әйелдердің жыныс мүшесін жуу арқылы жақсы емдеуде.
Сол сияқты, бұл табиғи су жүрек-қантамыры ауруларына (жүректің I-II кезеңіндегі гипертония және т.б. ауруларға); орталық және перифериялық нерв жүйесінің аурулары мен жарақаты зардаптарына; қозғалыс мүшелерінің қабынуына және дегенеративтік өзгерістеріне, әртүрлі себептерден пайда болатын артриттерге, полиартриттерге, остеохондрозға, жатыр мен оның маңының қабынуына, функционалдық ауруларына дауа.
Жаңа табиғи минералды суды үнемі ішіп жүргенде:
oo ас қортыу ағзаларының секторлық қызметі қышқылы астам, сақталған және созылмалы гастрит пен асқазанның ас қортыу, айдау қызметі асқынбай бұзылғанда, артқы ішекке, созылмалы шаншуға және энтроколитке, ішектің тамақты әртүрлі себептерден пайда болған созылмалы ауруларына (гепатитке, холециститке, ангнохолитке);
oo зәр-жыныс ағзаларының созылмалы цистит, тас пайда болу, созылмалы пиоленефрит, созылмалы простатит ауруларын емдегенде де пайдалы;
oo зат алмасу және эндокрин жүйесінің қант диабеті, дене қозғалысының жетімсіздігінен семіру, май алмасуды реттеудің жүрек қызметі бұзылуына жеткізбеген подагра, зәр жолына құм, тас жиналуынан болған диатез ауруларын емдегенде де шипалы;
oo минералды су ауыр металмен, фосформен кәсіби уланғандарға да ем.
Алқым бездері ауруларының алдын алуға да мүмкіндік береді. Минералды суда бром, темір, йод, хром, күміс, молибден, стронций болуы да бұл шипалы судың емдік қасиетін арттыра түседі.
Сондай-ақ, шипажайды емдік балшықпен:
oo қозғалыс ағзаларының буын, омыртқа, сүйек, бұлшық ет, сіңір аурулары, нерв жүйесінің перифериялық аурулары мен жарақаттары, құяң (радикулит), полирадикулит, неврит және полиневрит, солярит, плексит, неврология, ганглионит, әйелдер мен еркектердің жыныс мүшелеріндегі созылмалы қабыну процестері, сальпингофорит, созылмалы метрит, улма инфальтизмі, созылмалы қабыну аурулары салдарынан болған бедеулік емделеді.
Шипажайда сол сияқты физиологиялық емдеу түрлері, душтың барлық түрлері, қолмен және микрокомпьютерлік биоэлектрмен массаж жасау құралдары қолданылады [24].
Жуалы ауданы - облыстың оңтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бөлік. 1928 жылы құрылған. Алғашында Шымкент облысы (Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы) құрамында болған. 1951 жылы Жамбыл облысының құрамына кірді. Жерінің аумағы 5,1 мың км2. Тұрғыны 48,4 мың адам (2007). Ауданда 533 елді мекен бар. Орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылы.
Жуалы ауданы Теріс (Асы) өзенінің жоғарғы және орта ағысында, жерінің көпшілік бөлігін Жуалы таулы үстірті (биіктігі орталығында 900 м) алып жатыр. Солтүстігі мен солтүстік-шығысын Қаратау жотасы, батысы мен оңтүстік-батысынан Боралдай тауы, оңтүстіктен Талас Алатауы қоршайды. Таулы үстірттің климаты қоңыржай континенттік, қаңтардың орташа температурасы -20С-дан -70С-қа дейін, шілдеде 24-260С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 400 мм шамасында, оның көпшілігі көктемде түседі. Басты өзендері теріс (төменгі жағы Асы деп аталады), Ақсай, Боралдай өзендері. Билікөл көлі ауданның солтүстігінде орналасқан. Адамның таулы үстіртінің сұр топырағында жусан, астық тұқымдас өсімдіктер, боз, сеелу, түрлі шөптер, жуа, кекіре т.б. бидайлық аралас өсімдіктер өседі. Өзендердің бойында бұталы тоғайлар кездеседі. Адамның оңтүстік бөлігінде Талас Алатауының беткейлері - альпілік және субальпілік шалғын. Бұл өңір Ақсу-Жабағылы қорғанының солтүстік бөлігі саналады. Жабайы жануарлардан қарақұйрық, жабайы шошқа, шиебөрі кездеседі. Құстардан қырғауыл, кекілік бар. Билікөлде Сазан ауланады. Ауданда халық біркелкі орналаспаған. Халқының орташа тығыздығы жалпы аудан бойынша 1 км2-ге 14,9 адамнан келсе, орталық бөлігінде 30 адамнан, солтүстігінде 7 адамнан келеді. Елді мекендер көбінесе темір жол бойында орналасқан. Ірі ауылдары: Бауыржан Момышұлы, Қайрат. Жуалы ауданында ұзын ырғасы 75 ескерткіш бар. Оның 65-і археология, 5-уі тарих, 3-уі монументалды және 2-уі сәулет өнерінің ескерткіштері. Археология ескерткіштерінің көбі Қаратау тауының жотасы мен Билікөл көлінің айналасында шоғырланған.
Қалалар мен қоныстар, қарауыл мұнаралары негізінен орта ғасырға жатады. Бұлардың ең ірілері Безымяное, Бурнооктябрьское, Кремневское, Мүрделітөбе. Бейіттер мен мүрделер біздің эрамызға дейін пайда болса, Берікқара, Жосалы, Жетітөбе, Саясу және басқа қоныстары орта ғасырға дейін пайда болған. Тастағы бейнелердің пайда болуы да біздің эрамызға дейінгі 2 мың жылға жатқызамыз. Ауданда 9 мәдениет үйі, 8-ауыл клубтары, қазақтың хас батыры, аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлыға қатысты экспонаттар мен ол туралы деректер жиналған мұражай бар.
"Берікқара шатқалы" мемлекеттік кешенді қорықшасы. Өсімдіктері жойылып бара жатқан түрлерін сақтап қалу мақсатымен 1971 жылы Жуалы ауданында аудан орталығы Б.Момышұлы ауылынан 30 шақырым жерде құрылды. Кейіннен Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы қаулысымен жер аумағы кеңейтіліп (17,5 мың га) "Берікқара шатқалы" мемлекеттік табиғи қорықшасы деп жарияланды. Жуалы ауданы мемлекеттік орман қоры жерінде орналасқан.
Табиғат қорығында қызыл кітапқа енгізілген ағаш-бұта және шөптердің сирек тұқымдары кездеседі (жабайы алманың сирек кездесетін түрі, тарэндемикалық түр Берікқара терегі, Грейг қызғалтағы). Жануарлар әлемінен: қаратау арқары, үнді дикобразы, қабан, қосаяқ, қоян, сұр құр, қырғауыл, қасқыр, түлкі, жұмақ шыбын аулағышы және басқалары.
Сонымен қатар, бірге оның құрамына 5 табиғат шатқалы енеді: саясу, жұрынсай, Берікқара, Шымырбайсай, Ақсақалсай.
"Көксай шатқалының" етегі мен Жуалы таулы аймағымен түйісетін көксай каньоны мен Батыс Тянь-Шань Талас Алатауы.
Шамамен 10 мың гектар жерді алып жатыр. Әкімшілік орналасуы Жамбыл облысының Жуалы ауданы.
Көксай Шатқалының етегі Ақсу-Жабағылы табиғат қорығының буферлік аймағы болып табылады да, Оңтүстік Қазақстан облысына бағынады. Бұл аймақ, биологиялық құндылықтарға толы: тоғайлар, арша тоғайлары, таулы альпі шалғындары шалғынды далалармен алмасып отырады. Тоғайларда қайыңның жойылып бара жатқан түрлері (талас және тянь-шань қайыңдары), ұсақ жапырақты тас, түркістан рябинасы, ағашты және бұталы аршалар өседі. Таулы далалар мен шалғындар түр құрамына бай, олар бағалы сәндік және дәрілік өсімдіктердің тектік қоры болып табылады.
Мәселен: мыңжапырақ, зверобой, зезифира, сиыршан, ромашка, кипрей, мускат, самарқант тмині, шалфей, хвощ эфедрасы, қызғалтақтардың түрлері қоңыр-қауын сушөбі, ятрышник, талас акониті.
Каньон мен шатқал Жамбыл облысының табиғат мұрасының ең бай объектісі. Бұлар Республикалық "Ақсу Жабағылы" қорығына келген туристердің назарын аударып отырады.
Қаратау-Билікөл табиғат аймағы. Шамамен 60 мың гектар жерді алып жатыр. Жамбыл облысы Жуалы ауданының территориясында.
Қаратау Батыс Тянь-Шанның алдыңғы жотасы. Бұл аласа таулы рементті өлке, мұнда үшінші кезеңнің кұндылықтары сақталған. Жамбыл облысының территориясында Қаратау-Билікөл табиғат аймағы ерекшеленеді. Оған Қаратау жотасының солтүстік шығыс беткейі және оған жақын тау етегіндегі жазықтықтар дала көлдерімен бірге енеді. Қаратау флорасы сирек кездесетін бағалы эндемикалық түрлерге бай, сонысымен ботаника музейі іспетті.
Мәселен Берікқара шатқалының биік жерлерінде Берікқара терегінін бірнешесі ғана өседі. Ол дүние жүзінің еш жерінде кездеспейді. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай, тек Қаратауда Қаратау арқарының жойылып бара жатқан сирек кездесетін түрі өмір сүреді [5].
Қордай ауданы - облыстың оңтүстік-шығысындағы әкімшілк бөлік. Алғашында 1928 жылы Алматы округінің құрамында, кейіннен (1939 жылы) Жамбыл облысына берілді. Аумағы 9,0 мың км2. Тұрғын саны 104,9 (2007). Аумағында 41 елді мекен, 18 ауылдық әкімшілік округтері бар. Орталығы - Қордай. Қордай ауданының жері, негізінен, таулы. Солтүстік және шығыс бөлігін Шу-Іле таулары алып жатыр. Кіндіктас, Жетімжол т.б. тау жоталары ауданның орталық және оңтүстік - шығыс бөлігін алып жатыр. Шу аңғары жазық келген. Климаты континенттік, қысы-жазы жиі-жиі Қордай желі соғып тұрады. Ауаның қаңтардағы орташа температурасы -8-100С, шілденікі 22-240С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 300-350 мм, олардың басым көпшілігі күз және қыс айларында жауады. Аудан жерімен Шу өзенінің оң саласы саналатын Ырғайты, Қалғұты, Қарақоңыз, Қалқатас пен Жетімжолдан бастау алатын бірнеше кішігірім өзендер ағады. Аудан жерінде жусан, бетеге, боз, қамыс, тал өседі. Жануарлар дүниесінен таутеке, елік, қасқыр, түлкі, борсық, қоян мекендейді.
Ауданда негізінен қазақтар (49%) тұрады. Одан басқа орыстар (17,6%), дүнгендер (23,1%), өзбектер т.б. ұлт өкілдері бар. Халықтың орташа тығыздығы. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге шаққанда 11,6 адамнан келеді. Халық негізінен ауданның оңтүстік және оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан.
Мұндағы халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 37,2 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Қордай (24,9 мың адам), Сортөбе (10,8), Масаншы (9,0), Отар (4,4) т.б.
Қордай Тараз қаласынан 370 шақырым жерде орналасқан. Қордай ауданында бар-жоғы 225 ескерткіш бар. Оның 138-і археология, 22-і тарих, 3-і сәулет және 2-і монументалды өнердің ескерткіштері. Археологиялық ескерткіштер Шу өзенінің бассейіні және биіктеу жерлерде орналасқан суайрықтар мен кіндіктас тауының белдеуінде шоғырланған. Олардың -көпшілігі қола дәуірі және ерте темір ғасырындағы қорғанды бейіттер. 7-14 ғ.ғ. типтегі (үлгідегі) 7 қаланың ең ірілері Қымышы, Георгиевское, Қақпатас, Майбұлақ. Қол дәуірі мен ерте темір ғасырындағы тастағы бейнелер мен тас мүсіндер. Сонымен бірге ауданда 28 мәдениет үйі, 2 музей, 38 кітапхана, 7 ауыл клубтары бар.
"Қарақоңыз шатқалы" мемлекеттік ботаникалық табиғат қорықшасы.
Іле Алатауының батыс жағын және Қарақоңыз ауданының орталығынан 65 шақырым жерде орналасқан мемлекеттік табиғи-ботаникалық қорықша. Қорықша 1974 жылы Қордай ауданының мемлекеттік орман қоры жерінде бекітілген. Жер аумағы 3,07 мың гектар.
Ботаникалық қорықшаның құрылуының мақсаты түрлі бағалы сирек кездесетін ағашты, бұталы және шөптік өсімдіктерді қорғауды күшейту. Қорықшада өсімдіктердің 520 түрі бар. Қазақстанның сирек кездесетін тоғайлары, алма, шие, алша, жүзім отырғызылған участоктар үйеңкі, акация, тұт, грек жаңғағы орманымен алмасады. Ағаштар мен бұталардың басқа тұқымдары Семенов үйеңкісі, емен, талдар кең таралған. Қазақстанның "қызыл кітабына" кірген кавказ тауындағы, кәдімгі пісте, недзвецкий алмасы, жабайы жүзім, гладиолус, күшала, сасыр, жуа, қызғалдақтар мен жанаргүлдердің көптеген түрлері бар. Қорықша аумағында ағаш егу тек санитарлық түрде жүргізіледі.
Тұрар Рысқұлов ауданы - облыстың оңтүстігінде орналасқан әкімшілік бөлік. 1938 жылы Луговой ауданы болып құрылды. 1999 жылдың наурыз айынан қазіргі атымен аталады. Жерінің көлемі 9,1 мың км2. Халқы 61,1 мың адам. Ауданда 44 елді мекен және 1 кенттік округке біріктірілген. Орталығы - Құлан ауылы.
Аудан аумағының басым көпшілігі жазық келген тек оңтүстігі ғана таулы. Мұнда Қырғыз Алатауының Ашамайлы, Қорғантас, Қарақыр, Қайыңды, Сөгеті, Мамай таулары орналасқан. Ауданның солтүстігі Мойынқұм шөліне ұласып кетеді. Климаты континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, солтүстігі қуаң. Ауаның қаңтардағы орташа температурасы -6-8 0С, шілдеде 22-26 0С. Жауын-шашынның орташа мөлшері 250-350 мм, таулы бөлігінде 500 мм-ге дейін жетеді. Аудан жерінен Қорағаты, Қарасу, Шалсуы, Жарлысу, Қорғантас, Қайыңды, Сарыбұлақ өзендері ағып өтеді. Олардың барлығы бастауын Қырғыз Алатауынан алады. Аудан аумағында аумақтары шағын келген Белогорка, Байтелі, Шілік, Қосапан, Көккөл көлдері бар. Өсімдіктерінен тау шатқалдарында бұта аралас қайың, терек, жеміс ағаштары, сексеуіл, ши т.б. өсімдіктер өседі.
Тұрар Рысқұлов ауданының басым көпшілігі қазақтар, (87,6%), одан басқа орыстар (7,8), татарлар (1,1) т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге шаққанда 6,8 адамнан тұрады. Тұрғын халықтың басым көпшілігі 87-89%-ы ауданның оңтүстігінде қоныстанған. Мұнда 1 км2-ге 18 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Құлан (12,3 мың адам), Луговой кенті (9,9), Көгершін, Ақыртөбе және тереңөзек ауылдары бар.
Тұрар Рысқұлов ауданында 90 тарих және мәдениет ескерткіштері бар. Олардың 77-сі археология, 5-уі тарих, 3-уі монументалды өнерге тиесілі. Аргеология ескерткіштері негізінен қырғыз алатауының солтүстік сілемдеріенде және Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Бұл жәдігерлер біздің эрамызға дейінгі мыңыншы жыл мен орта ғасырдың аяғына дейінгі аралықты қамтиды. Тастағы бейнелер қола дәуіріне жатады, 36 қарағанда бейіттер мен ерте темір ғасыр мен орта ғасырға дейінгі қорымдар, 6-12 ғ.ғ. Құлан, Бектөбе, Өрнек, Қорағаты Еңбекші сияқты 5 қала, 5 қоныс, 3 бекініс, төрткүлдер, 7-13 ғ.ғ. керуен сарайлар және тағы басқалар. Тарих және монументалды өнер ескерткіштері, олардың біреуі өндірістік іс-әрекетке, 1-уі әскери тарихқа, 2-уі Әбілхайыр хан тұлғасы мен Сұңқайтыға байланысты. Сонымен бірге 7 мәдениет үйі 5-ауыл клубтары, мұражай бар.
Ауданда орыс, неміс, өзбек, шешен, ұлттық мәдениет орталықтары құрылған.
Бесқызыл шатқалы ауданы, Қырғыз Алатауы. Аумағы шамамен 20 мың гектар. Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының территориясында орналасқан. Шатқал Қырғыз жотасының солтүстік беткейінде. Биіктігі мәңгі қар жататын участоктарымен алғанда 3800 метрге жетеді. Тау шалғындарының ерекшелігі - қызыл кітапқа енгізілген эндемикалық өсімдік эремурустың кең таралғандығы. Таудың етегінен жоғарыға өрлей өскен эремурус ақ гүлдерін ашқан кезде басқа еш жерде кездеспейтін тамаша көрініс береді.
Шалсу-Талдысу шатқалы ауданы, Қырғыз Алатауы. Ауданы шамамен 60 мың гектар, Жамбыл облысы, Рысқұлов ауданының территориясында орналасқан.
Бұл аудан әсем көрінісі мен биологиялық сан түрлілігімен ерекшеленеді. Шатқал тік жарқабақтар, сарқырамалар, жартастар, көлшіктер, мөлдір таза сулары бар тау өзендерімен бай. Мұнда сирек кездесетін жануарлар мекендейді: қар барысы, арқар, қосаяқ, аю. Таулы шыңдармен астасып жатқан әсем табиғат көрінісі, арша өсетін ормандардың шипалы ауасы, таза тау суы, биік шөпті тау шалғыны танымдық және сауықтыру саяхаттарын жасауға зор мүмкіндік береді.
Мақпал шатқалы ауданы, Қырғыз Алалатауы . Шамамен 20 мың гектар жерді алып жатыр. Жамбыл облысы, Рысқұлов ауданының территоиясында орналасқан.
Мақпал шатқал Қырғыз жотасының солтүстік баурайына 2800 м биіктікке орналасқан. Шатқалдың сирек кездесетін эндемикалық түрлер өсетін тоғайларында: талас, тянь-шань қайыңдары, Сиверстің жабайы алмасы, Регель алмұрты, долана өседі. Шатқалдың альпі шалғындарында сирек кездесетін сәндік және дәрілік өсімдіктердің қызыл кітапқа енгізілген жойылып бара жатқан түрлері кең кездеседі: пион, тмин, мия, девясил, горечавка, вероника, иристер, қызғалдақтардың түрлері (Грейг, Кауфман, Альберт қызғалдақтары).
Байзақ ауданы - облыстың оңтүстігіндегі әкімшілік аудан. 1938 жылы құрылған. 1996 жылға дейін Свердлов ауданы болып аталған. Жерінің аумағы 4,5 мың км2. Тұрғыны 76,0 мың адам (2007). Ауданда 43 елді мекен бар. Орталығы - Сарыкемер ауылы.
Аудан жерінің басым көпшілігі жазық, тек оңтүстігінде ғана Қырғыз Алатауының тау алды аласа қыраттары мен қырқалары орналасқан. Ауданның ең биік жері оңтүстгінде (1637 м) Солтүстігінде Мойынқұмның қырқалы - ұялы және шағылды құмды алқабы, орта бөлігінде Талас өзенінің аңғары жатыр. Климаты тым континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, қуаң, солтүстігі (Мойынқұм) аңызақты. Ауданның орташа температурасы қаңтарда -6-90С, шілдеде 23-26 0С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 150-300 мм. Өсімдіктерден жусан, еркекшөп, көкпек, жыңғыл, секседіл, өзен бойында қамыс, құрақ өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, суыр, борсық, ақбөкен.
Аудан аумағынан Талас, Көделі өзендері және олардың салалары мен тармақтары оңтүстіктен солтүстікке қарай ағады. Өзендерде сазан, алабұға, шортан, шабақтың бірнеше түрлері кездеседі.
Аудандағы халықтың негізін қазақтар құрайды (78,8%). Одан басқа 30-дай ұлт өкілдері тұрады. Байзақ ауданы облыстағы халықтың тығыз орналасқан аудандарының бірі. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 15,5 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Сарыкемер (15,6 мың адам), Бурыл (5,0) қызыл жұлдыз және Жетібай. Аудандағы шет елдерден келген оралмандар саны 2557 адамды құрайды. Мейлінше игерілген, қалың қоныстанған ауданда 114 тарихи және мәдени ескерткіш. Оның 102-і археология ескерткіштері. Олардың арасынан Очхум, Түймекент, Қараторкүлтөбе, Қоңырбайтөбе ортағасырлық қалаларын, Шөлтөбе кесенесін, Құрманбайтөбе қонысын, төрткүлдер, қорғанды бейіттерді және 8 тарих ескерткіш пен 4 монументалды өнер және сәулет ескерткіштерін айтуға болады. Сонымен қатар 16 мәдениет үйлері мен клубтар бар.
Ақыртас сарай кесенесі Жамбыл облысыныдағы ғана емес, Қазақстандағы жұмбақ әрі қызықты құрылыс. Ақыртас тарихын зерттеу 130 жылдан бері жүргізіліп келеді., бірақ ол өз ғажайыптарын тауысар емес. Тараз қаласынан 40 км шалғайда Ақшолақ темір жол станциясының 6 км оңтүстігінде, Қырғыз алатауының етегінде Т.Рысқұлов ауданында орналасқан.
Қазіргі кезде ҚР Ұлттық ғылым академиясы жанындағы археология және этнография институтының басқаруымен кешен аумағында қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы кезде республикалық "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында мұражай кешенін құру жоспарлануда.
Құрылыс материалдары тас және пішімі малға шөп салатын ақырғы ұқсас болуына байланысты Ақыртас деп атаған. Ол алыстан көрініп тұруы үшін таудың үстіне төртбұрышты жобамен салынған. Археологиялық зерттеудің соңғы нәтижелерінің деректері бойынша Ақыртас Ұлы Жібек Жолындағы орта ғасырлық қала байланыстыруға болады. Қазіргі кезде қабыргаларының сақталған сілімдері 160, 146 және 140 м шамасында. Қорғанның 4 қақпасы бар, біреуі солтүстігінде, үшеуі оңтүстігінде. Тұрғын үйлер ішкі ауланың төңірегінде топтастырыла салынған қызмет көрсететін және шаруаға қажетті бөлмелер кешенінен тұрады. Ауланың түпкі жағында Ақыртас иесінің жатын және қонақ үйі орналасқан. Солтүстік есік жақтағы үйлер қызмет ететін адамдар мен күзетшілерге, бір бөлігі ат қораға арналған. Туристердің түйсігін құрылыстың алыптығы, кеңдігі, құрылысқа тастарды пайдалану шеберлігі таң қалдырады. Сарай кешенінің іргетасы 4 метр тереңдікте қаланған. Сәулетші Т.Бәсеновтың жазуына қарағанда Ақыртас салынып бітпей қалған ірі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz