Алдыңғы қатардағы әлемдік қонақ үй торларының қызметі


Алдыңғы қатардағы әлемдік қонақ үй торларының қызметі
Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Қонақ үй торлары
2. Қонақ үй бірлестіктерінің артықшылықтары мен ықпалы
III Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер
Қазіргі таңда мейманханалық корпорациялар мейманханалық қызмет нарығында берік тамыр жайған. Әлемдегі әрбір ірі қалада қонақ үй торларына кіретін отелдер болады. Отель қызметінің сапасын анықтайтын көрсеткіштердің бірі оның қай қонақ үй торына енетіні болып табылады.
Қонақ үй торы дегеніміз бірдей қызмет көрсету деңгейі, жеке қызметтер жинағы бар және дизайн мен клиентпен жұмыс істеуі ұқсас болатын мейманхана мекемелерінің бірлестігі.
Әдеттегідей, бір қонақ үй сол желіге кіретін басқа қонақ үйлер жайында түсінік бере алады. Осылайша, желіге кіретін қонақ үйлер бірдей басқаруда болады және қызмет көрсету мен бірдей материалдық-техникалық стандарттар жүйесін қадағалайды. Желілер бір немесе бірнеше мемлекеттердің қонақ үйлерін қамтуы мүмкін, яғни олар ұлттық немесе халықаралық болуы мүмкін.
Қазіргі кезде 2 000 000 жуық нөмірлерлер фондын құрайтын 100 астам қонақ үй торлары бар. Ірі қонақ үй торларына төмендегілерді жатқызады:
1) Holiday Inn;
2) Best Western;
3) Sheraton;
4) Ramada Inn;
5) Accor;
6) Hilton Corporation;
7) Club Med;
8) Novotel;
9) Marriott International;
10) HFS Ink.
Қонақ үй торларының пайда болуы қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын әлемдік туристік нарықта жылжытуға мүмкіндік береді. Әрбір қонақ үй торы өзінің жеке классификациясын, отелдің орналасу орнын (курорттық, бизнес отель, қалалық) өзі анықтай алады. Бір қонақ үйге әртүрлі категориялардағы отельдер кіруі мүмкін. Formula 1, Etap, Premier Class европа желілері сияқты қымбат емес отельдер бірлестіктері болады, сондай-ақ Sheraton, Forte, Le Meridien және тағы басқалар сияқты жоғарыклассты қонақ үйлер бірлестігі болады.
Көптеген ірі қонақ үйлер торларының АҚШ-та өз штаб-пәтерлері бар, алайда қонақ үй бизнесінің рөлі басқа елдерде де өсіп келеді.
Корпоративті желілерге кіретін қонақ үйлерге осы тордың меншігі болу шарт емес. Бұл қонақ үйлердің өз қожайындары болуы мүмкін, ал тордың мүшесі болуы бронь жасау, жүктеу кезінде артықшылықтар беретін жалға алу, франчайзинг және т. б. келісімдерімен байланысты.
Халықаралық қонақ үй торлары орталықтандырылған жабдықтау кәсiпорындарын, оқу орталықтарын, жөндеу фабрикаларын және жиhаз өндiрiсiн және жабдықтарды құрады.
Негiзiнен, халықаралық қонақ үй торлардың рөлi, туризм, былайша басқа салалар және экономика үшiн сөз жоқ, өте маңызды. Олар нені ұсынатынын толығырақ қарастырайық.
Қонақ үй торлары
Әр түрлi салалардағы экономикалық өрлеу және дамыған елдердегi адмның өмiр деңгейiнiң өсуi іскер адамдар мен туристердiң әлемнiң әр түрлi өлкелерiнде жиi орын ауыстыруларына әкелді.
Мейманханалық индустрияға қазiргi технологиялар, қызмет көрсетудiң формаларының жаңартуға, жаңа құрылыс енгiзуiне, мейманханалық базасының жаңартылуына қомақты инвестициилар бағытталды.
Қонақжайлылық индустриясының дамытуында қонақ үй торлары маңызды болады. Олар әлемдік туристік нарыққа қызмет көрсетудiң биiк стандарттарын, сонымен бiрге туристерге қонақжайлық қызмет көрсетуді қолдауда әсер етуге мүмкіндік береді.
Қонақ үй торлары өндіріс ұйымының деңгейiнiң және туристерге қызмет көрсету сапасының көтерілуіне және тарауына әсер етеді, оны басқа елде жүрген турист кездестіргенде өзін үйдегідей таныс және жайлы сезінеді.
1950 жылдардан бастап әлемдік қонақ үй индустриясында қонақ үйлерді басқарудың құрылымында қонақ үй ісін ұйымдастырудың әртүрлі модельдері қалыптасты.
Бірінші модель
- швейцариялық кәсіпкер Цезарь Ритцпен байланысты Ритц моделі. Әлемнің көптеген беделді отельдері оның есімімен аталады. Мысалы, Париждегі «Ритц» отелі.
Бұл қонақ үйлердің негiзгi артықшылығы әсемдiк пен еуропалық ақсұйектiліктiң пен таңдамашылық дәстүрлерге мән беруі болды. Қазіргі кезде бұл модель дағдарыста.
Екінші модель - американдық кәсіпкер Кеманси Уильсонмен (қонақ үй торы «Холлидей инн») . Модель клиенттiң қажеттіліктерін өтеудегі үлкен ыңғайлылық пен қызмет көрсетуде жеткілікті жоғары стандарттарды ұстау үйлестілігімен ерекшелінеді.
Мұндай модель түрімен ұйымдастырылған қонақ үй торларына қойылатын негізгі талаптар мынадай:
- стиль бірлігі (архитектура, интерьер) ;
- мағыналар мен сыртқы мәліметтердің бірлестігі;
- кең және функционалды холл;
- клиенттер регистрациясының жылдамдығы;
- үнемі тоқтайтын клиенттерге арнайы нөмірлердің қарастырылып қоюы;
- таңғы ас «шведский стол»;
- конференц-залдың болуы;
- тарифтердің ыңғайлы жүйесі;
- бірдей басқару, маркетинг және коммуникация қызметі.
Екінші модель бойынша басқарылатын қонақ үй торларының қарамағында әлем бойынша қонақ үй нөмірлерінің 50% астамы бар.
Үшінші модель
- «тәуелсіз» қонақ үй торлары (мысалы, «Best Western») Бүл жағдайда қай елде орналасқанынан тәуелсіз, қандай да бір стандарттар мен қызметтер жинағына төзімсіз келетін, бірдей сауда маркілерінде біркелкі белгілері бойынша қонақ үйлерді біріктіреді. Қонақ үйлер - қонақ үй торлары мүшелері - ортақ жарнама, маркетинг қызметі және өнімді жылжытуға жұмсалатын ортақ фондқа төлемдер төйлеп отырады. Осылай бола тұра, олар өз бетінше қаржылық-экономикалық және басқару істерін жүргізуін толық сақтап қалады. Екінші мен үшінші моделдің тіркесуі мүмкін. Мысал - «Аккор» қонақ үй торы. Бұл Европадағы ірі қонақ үй торы. Ол әртүрлі класс отелдерін және нарыққа беделді маркалармен шығатын отельдерді ұсынады. «Пульман», «Софитель», «Новотель» маркалары - бұл жоғары класс отельдері. «Алтеа/Меркур» маркасы - орта класс отелі.
Қонақ үй торына қосылған да оның меншігіне айналуы міндетті емес. Мұндай жағдайда, келісімге сәйкес, ірі қонақ үй торларына кірген (франчайзинг) және тәуелсіз қонақ үйлер торларына кіргендер, соңғыларының коммерциялық мақсатта желінің фирмалық белгісін қолдануға, техникалық және коммерциялық ақпараттар мен брондау жүйесі ақпараттарын қолдануға, техникалық көмек алуға, персоналдың оқытудан өтуге және басқаларға құқықтары бар. Франшиздік мекеме компенсациялық келісімдегі осы шарттарға сәйкес төлемдер төйлейді.
Құрамына кіретін қонақ үйлер санына қарай ірі қонақ үйлер
Қонақ үй статистикасына бір қарағаннан-ақ, бүгінде тәуелсіз қонақ үйлермен жасалған операцияларға қарағанда қонақ үй торлары арқылы жасалынатын операциялар көлемі бірнеше есеге көп екеніне көз жеткізуге болады. 1980 жылы АҚШ-та қонақ үй торлары нөмірлер фондының 62%-ын құраған. 10 жылдан кейін бұл сан 75%-ға көтерілген, ал қазір 90% қонақ үйлер торларына тиесілі.
Мұндай жылдам өсудің себебі неде. Жауап қарапайым - тиімділік.
Тәуелсіз қонақ үйлер қонақ үй торларымен бәсекелестікке түскенде олардың әдетте, торлардың тиімділік саясатына қарсы тұра алатын үш альтернативтері бар. Біріншіден, тәуелсіз қонақ үйлер шығындарды қадағалай отырып, қызмет бағасын төмендете алады. Бұл жол аса белгілі, бірақ бір сәтте қауіпті. Екіншіден, тәуелсіз қонақ үйлер инвесторлардан алынған қаражаттарды модернацияға, жаңартуға және жылжытуға жұмсай алады. Бұл амал жақсы ойластырылған және көптеген тәуелсіз қонақ үйлермен қолданылады. Және соңғы, үшінші амалға сәйкес, бір қонақ үйді тиімді сату арқылы алынған қаражатты басқа объектілерді қолдауға жұмсайды. Бірақ, қандай да бір тордың иесі тек белгілі сол аймақ нарығына ену жолын білсе және сол үшін жаңа қонақ үй салғанша дайынын қолдануды жөн көрсе бұл амал пайдалы.
Қонақ үй торлардың артықшылықтары келесі пунктерді қарастырады:
- Тауарлардың және қызметтердің ірі партиясын төмен бағалармен сатып алу. Тордың иесі бірнеше объектілерді басқаратындықтан, ол ірі, төмен бағалармен сатып алушылық жасай алады және тор мүшелеріне нөмірлерге арналған жабдықтар, жинақтайтын, жуатын және тазартатын препараттар, байланыс құралдарын және т. б. төмен бағалармен жіберіп отыра алады.
- Адам ресурстары. Тордың әр мүшесін шығындарын біршама үнемдейтін қонақ үй мамандарының орталықтандырылған дайындықтарын жасайды. Онымен қоса, торға мүшелік жоғары бағаланатын мамандар - бір қонақ үй жеке өзі төйлей алмайтын өз облысындағы эксперттердің қызметімен қолдануға мүмкіндік береді. Көбінесе, көптеген тәуелсіз жеке қонақ үйлер мұндай мүмкіндіктерге ие емес.
- Жылжыту және жарнама. Ұлттық деңгейдегі жарнама компаниясы - газеттерде, безендірілген журналдарда, радио мен телевидениде. Бұл тәуелсіз қонаө үйлер бюджетіне қиындық туғызады. Сонымен қоса, толардың сауда маркасы клиенттерге қосымша жарнама болады.
- Брондау. Орталықтандырылған брондау жүйесі жеке мүшелеріне өз бизнестерін біріктіргенге мүмкіндік береді. Сақтық қорда сақтаудың үлкен көлемі бір желідегі қонақ үйлермен жасалынады, басқа жағдайда ол бәсекелестеріне кетіп қалар еді.
- Қаржыландыру. Қонақ үйлер тобына жеке иесіне қарағанда қаржыландыру алған оңайырақ. Торларда капиталды жұмылдыру, кеңеюге немесе өз жұмысының нәтижелігінің өсуіне бағыттау жеңілдірек.
- Орталықтандырылған жүйе. Бухалтерлік есептің, маркетингтік зерттеулердің, жылжымайтын мүліктік операциялар мен құрылымының орталықтандырылған жүйесі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz