Тау туризмі


Кіріспе
Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып көрікті жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы туристік ресурстарға - туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экологиялық, рекреациялық, спорттық, әлеуметтік, діни туризм, тау туризмі, т. б. түрлерге бөлінеді.
Туризмнің жоғарыда көрсетілген түрлерін дамыту барлық туристік-рекреациялық кешеннің экономикалық тұрақтылығын және табыстылығын қамтамасыз етуге, елдің құнды табиғи емдік ресурстарын сақтауға және ұтымды пайдалануға, туристік-рекреациялық қызметтерді көрсету деңгейін арттыруға, елде бәсекеге қабілетті туристік индустрияны қалыптастыру және дамыту үшін жағдайлар туғызуға ықпал жасайды.
Тау туризмі ертеден қалыптасып, өзінің табиғи ерекшелігімен адамдарды қызықтыратын туризмнің басты объектісі болып саналады. Тау туризмі арқылы танымдық, спорттық және мәдени-тәжірибелік жорықтар ұйымдастыруға болады.
Алматы қаласының жоғары оқу орындарында тау туризмі, альпинизм (шыңға шығу), спорттық туризм 1950-60 жылдары дами бастады. Мұның нәтижесінде туристік нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С. Күдерин, Ү. Үсенов, Н. Дубицкий, В. Г. Хомулло, т. б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмді, соның ішінде тау дамытуға үлкен үлес қосты [2] .
Бүгінгі таңда Қазақстан үшін тау туризмін дамытудың жоғары өзектілігі бар, өйткені оны дамыту жекелеген өңірлерде әлеуметтік-экономикалық дамудың негізіне айналып отыр. Еліміздің бірегей табиғи жағдайлары жайлылық пен қызмет керсетудің жоғары деңгейі тау туризмі, соның ішінде тау шаңғысы кешендерін салуға мүмкіндік береді.
«Туризмді дамыту жөніндегі 2007-2011 жылдарға мемлекеттік бағдарламада» тау туризмі басым бағыттардың бірі ретінде айқындалып және оны дамыту жөнінде ұлттық, өңірлік және жергілікті саясатты әзірлеу көзделген болатын [3] . Алайда, бүгінгі күні тау туризмін бірыңғай ұйымдастыру тәсілдерін әлі де болса жетілдіру қажеттігі туындап отыр. Себебі тау туризмі табиғи таулы аймақтарға туристік ағындарды көбейтуге бағдарланбаған. Осыған орай таулы аймақтардағы туристік маршруттар мен турларды ұйымдастыру жолдарын зерделеу мақсатында зерттеу тақырыбымызды «Таулы аймақтардағы туристік маршруттар мен турларды ұйымдастыру жолдары» деп таңдап алуымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты - таулы аймақтардағы туристік маршруттар мен турларды ұйымдастыруды теориялық негіздеу және практикалық маңыздылығын анықтау.
Зерттеу нысаны - жоғары оқу орындарында туризм пәнін оқыту үдерісі.
Зерттеудің міндеттері:
- Қазақстанның таулы аймақтарына сипаттама беру;
- еліміздің таулы аймақтарының туристік бағыттарына талдау жасау;
- таулы аймақтардағы туристік маршруттар мен турларды ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу әдiстерi:
- зерттеу мәселелерi бойынша әдебиеттер мен ақпараттық деректерге талдау жасау.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы:
Зерттеу жұмысының нәтижелерін жалпы білім беретін мектептерде, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелеріндегі оқыту үдерісінде және қосымша білім беру ұйымдарында пайдалануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты, зерттеу нысаны, пәні, зерттеудің міндеттері, зерттеу әдістері сипатталған.
« Қазақстанның таулы аймақтары » атты 1-бөлімде зерттеу мәселелеріне қатысты әдебиеттерге талдау жасай келе, Қазақстан аумағындағы тау жүйелерінің орналасу ерекшеліктеріне, еліміздің ірі таулы аймақтарына физикалық-географиялық сипаттама берілді.
« Республикадағы таулы аймақтардың туристік бағыттары » атты 2-бөлімде Еліміздегі туристік табиғи нысандарға талдау жасалып, таулы аймақтарда туризмді дамыту жолдары мен туризмнің белсенді түрлерін ұйымдастырудың маңызы қарастырылды.
«Туристік маршруттар мен турларды ұйымдастырудың практикалық маңызы» атты 3-бөлімде Таулы аймақтардағы туристік маршруттар мен турларды ұйымдастырудың ерекшеліктеріне, тау туризмін ұйымдастырудағы қауіпсіздік шараларына және таулы аймақтарда туристік маршруттар мен турларды ұйымдастырудың болашағына сипаттама берілді.
Қорытындыда зерттеу мәселелерi бойынша әдебиеттер мен ақпараттық деректерге негiзделген тұжырымдар мен ұсыныстар берiлдi.
Қосымшада Қазақстанның ірі таулы аймақтарының түрлі-түсті суреттері және т. б. келтiрiлдi.
1. Қазақстанның таулы аймақтары
1. 1 Қазақстан аумағындағы тау жүйелерінің орналасу ерекшеліктері
Қазақстанның қазіргі жер бедері палеогеографиялық дамудың талай ұзақ кезеңдерінен кейін, теңіздік және континенттік жағдайлардың алмасып отыруынан, климаттың үнемі өзгеріске ұшырауынан және тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Республиканың орталық бөлігінде болған варийлік (герциндік) тау жүйелері жоғарғы палеозойдан бастап қарқынды континенттік мүжілуге ұшырау салдарынан, қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға айналды. Тек қана Торғай қолаты мен республиканың солтүстік-шығыс бөлігін кайнозойдың мореналық алаптарының жекелеген шығанақтары, ал оңтүстік-батыс бөлігін тұтасымен бор және неогендік теңіз басып жатты. Төрттік кезеңде ғана Маңғыстау түбегі мен оған жапсарлас аудандар климаты қуаң жазық құрлыққа айналды. Қазақстанның оңтүстік-шығысында неоген-төрттік кезеңде түзілген биік таулы аймақтың қалыптасу процесі бүгінге дейін созылуда. Оған жер қыртысының осы аймақтағы қозғалыстары мен сілкінулері дәлел. Таулы өңірді табиғат тарихында 3 рет мұз басқан, соның салдарынан мұнда қар, мұздықтық аңғарлар, мореналық материалдар ұшырайды .
Республиканың шығысында Алтай тау жүйесі (Оңтүстік Алтай мен Кенді Алтай ғана Қазақстан жерінде) созылған. Алтай жер бедерінің құрылысы сатылы келеді, жұмыр жоталары мен тау массивтерінен сеңгір жалдары және тік шыңдары оқшаулана жеке-дара тұрады. Жүйенің орташа биіктігі 2500-3500 м, биік жері Мұзтау - 4506 м. Одан солтүстік-батысқа және оңтүстікке қарай Алтайдың ірі жоталары тарайды. Алтайдың жағасы - Қалба жотасы Ертістің сол жағалауында жатыр. Алтайдан Зайсан ойысымен бөлінген Тарбағатай тауының Қазақстан жеріне тек батыс бөлігі кіреді, ал шығыс жартысы Қытай аумағында. Бұл жотаның ұзындығы 300 км, орташа биіктігі 2000-2200 м, ең биік жері 2992 м.
Тарбағатайдың шығыстағы жалғасы Сауыр жотасы (3816м) . Тарбағатай жотасы Алакөл ойысы арқылы Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі ірі тау жүйелерінің бірі - Жетісу (Жоңғар) Алатауына ұласады. Ұзындығы 450 км, ені 100-250 км. Көксу аңғары тау жүйесін 2 жотаға (Солтүстік және Оңтүстік Жетісу жоталары) бөледі. Солтүстік Жетісу жотасының орталық бөлігінде бүкіл тау жүйесінің ең биік жері - Бесбақан шыңы (4464 м) бар. Тау батысқа қарай біртіндеп аласарып, Баянжүрек, Қойтас, т. б. жоталарға тарамдалып кетеді. Оңт. Жетісу жотасы негізінен ірі Тоқсанбай, Мұзтау, Бежінтау, Тышқантау жоталарынан құралады. Жетісу Алатауының басты ерекшеліктері - мұнда терең аңғарлар мен шатқалдар көп, шыңдары үшкір, сеңгір келеді, көпшілік бөлігін мұз басқан. Жетісу Алатауы оңтүстігінде Іле ойысымен шектеседі. Ойыстың батыс бөлігі Қараой үстіртін қамтиды [4] .
Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында Тянь-Шань жүйесіне жататын көп жылдық қар мен мұздықтар басқан аса ірі тау жоталары жатыр. Осындағы Хантәңірі шыңынан батысқа және солтүстікке қарай Солтүстік және Орталық Тянь-Шаньнның жоталары тарайды. Хантәңірі шыңы - бүкіл Тянь-Шаньдағы мұзданудың негізгі торабы. Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігіне сонымен қатар Теріскей Алатау жотасының шығыс сілемдері, Күнгей Алатаудың шығыс бөлігінің солтүстік беткейі және Кетпен (Ұзынқара) жотасы кіреді. Солтүстік Тянь-Шаньнның ірі әрі биік тау жотасы - Іле Алатауы, оның ұзындығы 350 км, ең биік жері - Талғар шыңы 4951 м. Жотаның солт. беткейі тік сатылы, жалдары үшкір келеді. Беткейлері терең шатқалдармен және аңғарлармен тілімделген. Іле Алатауы - сейсмикалық өңір және мұнда ірі мұздану ошақтары (393 мұздық) көп. Шығысында Шарын шатқалымен шектеліп, батысында Кіндіктас тауына ұласады да, одан солтүстік-батыста аласа таулы, төбешікті Шу-Іле таулары жалғасады. Қазақстанның оңтүстігіне Қырғыз Алатауының солтүстік беткейі, ішінара Талас Алатауы, сонымен қатар Қаратау жотасы кіреді. Алдыңғы екеуінің дені Қырғызстанда орналасқан.
Ұсақ шоқылы Сарыарқа өз алдына жеке геоморфологилық облыс. Ең биік жері - Қызыларай тауындағы Ақсораң шыңы (1565 м) . Таулық жер бедеріне осындағы Көкшетау, Баянауыл, Ұлытау, Қарқаралы таулары және Шыңғыстау жотасы жатады. Сарыарқаның оңтүстік-батысы оқшауланған аласа таулы, қырқалы келген кең аумақты шөлді Бетпақдала үстірті орналасқан. Батыс Қазақстандағы Мұғалжар тауы Орал тау жүйесінің тікелей жалғасы саналады және оңтүстігінде біртіндеп жекелеген қырқалар мен шоқыларға бөлініп кетеді. Маңғыстау таулары аралары ойыстармен бөліне қатар жатқан 3 жотадан тұрады. Ең биік жері Қаратау жотасында - 556 м. Көршілес Үстірт өңірі Маңғыстаудан Қарынжарық ойысымен бөлінген, шығысында Арал теңізіне дейінгі өңірді қамтиды. Ендік және бойлық бағытта 800 км кең аймақтағы Маңғыстау түбегі мен жазық Үстірт ағын судың тым тапшылығына байланысты нағыз шөлге айналған. Каспий маңы ойпаты теңіздің солтүстігіндегі Жалпы Сыртқа дейінгі ені 500 км астам кең өңірді алып жатыр. Ойпат жер бедеріне құм төбелер, шағын көл қазаншұңқырлары, саздақты тегіс шағын жазықтар және бор шөгінділері толған күмбез тәрізді қыраттар бір-бірімен алмасып отырады. Негізінен жазық келген Тұран ойпатының тек солтүстік бөлігі ғана Қазақстанға енген. Балқаш - Алакөл ойысы құмды (Тауқұм, Сарыесікатырау, Мойынқұм, т. б. ) шөл боп келеді. Сонымен қатар, бұл өңірде саздақты жазықтар да кеңінен таралған. Шу өзінінен оңтүстік жақтағы өңірді Мойынқұм алып жатыр. Батыс Сібір жазығының оңтүстік етегі Қазақстанның солтүстігінде Сарыарқаға ұштасады (Солтүстік Қазақстан жазығы) . Жазықтың Қазақстан жеріндегі орташа биіктігі 150-200 м және Ертіс жазығы мен Есіл жазығынан тұрады.
Орал тауы мен Сарыарқаның аралығында ені 300 км-дей қырқалы Торғай үстірті жатыр. Орта бөлігін ұзына бойы құрғақ арналы шағын өзен және ұсақ қалдық көлдерге бай Торғай қолаты алады. Қолат беті негізінен тегіс, төрткілді келеді [5] .
Қазақстанның таулы аймақтары өсімдігі жағынан бай өлке болып саналады. Әсіресе, Батыс Тянь-Шаньда Орта Азия мен Жерорта теңізінің бай флорасы сақталған. Онда палеоген дәуірінен қалған грек жаңгағы, платан, бадам, түркістан үйеңкісі, алмұрт және т. б. түрлері кездеседі. Сырдария- Қаратау флорасы бұдан да бай. Онда 1000-нан асатын өсімдік түрі, оның 150 түрі тек осы ауданға ғана тән, басқа жерде ұшыраспайтын өсімдіктер. Тянь-Шаньның, Алтайдың, Жетісу Алатауының тау беткейлерінде қылқан жапырақты ормандар таралған. Оларда шыршалардан, май қарағай, бал қарағай, самырсын түрлері өседі. Биік таулы белдеу шымды-шалғынды, бұталы шалғынды болып келеді. Тау алды мен аласа таулы белдеулерде дала зонасына тән өсімдіктер өседі. Алтайдың таулы даласында итмұрын, долана, бөріжидек бұталары мол. Жетісу Алатауы мен Тянь-Шань тау жүйесінің тау алды жазықтары шөлге ұқсайды. Оларда эфемерлер мен эфемер тәріздес өсімдіктер (қияқөлең, қоңырбас, көкнәр, қызғалдақ және т. б. ) кең тараған. Аласа таулы белдеулер теректі, қайыңды, жабайы ағашты, алма, өрікті, доланалы ормандардан тұрады.
Қазақстанның таулы аймақтарының да өзіне тән жануарлары бар. Мұндай аймақтар қатарына Алтай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань және Сарыарқаның аласа таулары жатады. Оларды мекендейтін жануарлар типі де біркелкі емес. Негізінен, оларда солтүстіктен және оңтүстіктен, Жерорта теңізінен, Қытайдан ауып келген аңдар көбірек кездеседі. Таулы аудандардың жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты ағаштарынан қорек алатын, грек жаңғағын шағатын, пісте, бадам жемістерін жейтін аңдар (тиін, орман тышқаны, саңырау құр, қарабауыр шіл, үкі, қаршыға, тоқылдақтыңкей түрлері, т. б. ) мол. Бұлардан басқа Алтайда қоңыр аю, тундра құры, may ұлары кездеседі. Жерорта теңізінен ауысып, Алтайға жетпей, Тянь-Шань, Тарбағатай (Барқытбел) шекарасынан өтпей қалған құстар қатарына гималай ұларын, байғызды атауға болады. Жетісу Алатауы, Күнгей Алатауы бойын бұғы, сілеусін, шиқылдақ торғай, шақылдақ тышқан, шымшық, Батыс Тянь-Шаньдыұзын құйрық тышқан, жайра, көк қарға, суықторғай, шыбыншы торғай, ақтамақ бұлбұл мекендейді. Бұлардан басқа Орталық Тянь-Шаньда алтай суыры, имектұмсық балықшы, қызыл мойын бұлбұл ұшырасады. Іле Алатауының төменгі шөлмен ұласып жатқан зонасынан бастап, суармалы егістігі бойында, одан жоғарғы альпі шалғынында, мәңгі қар жататын тау басында өсіп-өнген жануарлар түрінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Алма, өрік, долана, шетен және т. б. бұталы жемістер алқабында кеміргіштер мен кұстардың ірі түрлері қоныстанған. Шыршалы ормандабұғы, сілеусін, елік, альпі шалғынында таутеке, барыс, арқар кездеседі. Құстардың да әр түрі ұшырасады.
1. 2 Еліміздің ірі таулы аймақтарына
физикалық-географиялық сипаттама
Қазақстанның биік таулы өлкелеріне еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы және
Тянь-Шань тау жүйелері жатады. Бұл таулардың барлығы палеозой қатпарлықтарында көтеріліп, мезозой эрасында тегістелген. Жаңа тектоникалық козғалыстар нәтижесінде қайта жаңғырған. Биік таулы өлкенің аласа таулардан айырмасы жер бедерінің биік әрі күшті тілімделгендігімен ерекшеленеді.
Алтай Сібірдің оңтүстігіндегі ең биік таулы өлке. Негізгі бөлігі Ресей жерінде жатыр. Қазақстан жеріне Алтай тау жүйесінің оңтүстік-батыс бөлігі ғана кіреді. Оны Оңтүстік Алтай, Батыс немесе Кенді Алтай және Қалба жотасы деп үшке бөлуге болады.
Алтай тау жүйесі - Азия құлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созылып жатыр. Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гоби жазығына дейін дейін жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді. Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Саянмен жалғасады.
Алтайдың климаты өте континентті. Қысы суық әрі ұзақ. Қаңтар айының орташа температурасы тауаралық ойыстарда 27-30°С, тау етектері мен жазық жерлерінде 13-16°С. Ең суық орташа температура Марқакөл көлінің маңында (-27, 6°С) . Алтайдың ең жылы шілде айының орташа температурасы 18-20°С, ал 1000-1500 м биіктікте ол 14-16°С аспайды. Ең жоғары температура Зайсан қазаншұңқырында (40°С-қа дейін) . Жер биіктігі артқан сайын, температура инверсиясының нәтижесінде, қысқы температура төмендеп отырады. Сондықтан тауда қыста жылы, жазда салқын, далалар мен жазықтарда қыста суық, жазда ыстық болып келеді. Ылғалды, желге ашық жатқан Батыс және Солтүстік-шығыс Алтайда жауын-шашын мөлшері 1200 мм-ге жетеді (кей жерлерде 2000 мм) . Алтайдың шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын мөлшері 200-300 мм (Шу даласында 100 мм), ал Зайсан қазаншұңқырында 150 мм шамасында. Жауын-шашын көбінесе, көктем мен күз айларында жауады. Өзен бойы мен тауаралық ойыстарды қуалай соғатын тұрақты жел жазда сирек байқалады. Қыста батыстан суық әрі қарлы-боранды "құбыла желі", оңтүстіктен жылы Алтай желі" соғады. Ауа райы Алтайда "құбыла желінен" кейін ашық, аязды болып келсе, "Алтай желінен" кейін онда бұлтты әрі жылы болып, қар жауады.
Алтай өзен мен көлге бай. Олар басын таудағы қар суынан, мұздықтардан алады. Ең үлкені - Ертіс Оған Кендірлік Күршім, Бұқтырма, Үлбі, Үбі т. б. өзендер құяды. Ертіс бойында Өскемен, Бұқтырма, Шүлбі электр станциялары салынған. Олар бүкіл Шығыс Қазақстанға жәнe республиканың басқа жерлеріне электр қуатын береді. Шағын өзендер көп. Олардың ішінде Ақ Берел, Тұрғысын, Березовка, Көкпекті, Кіші Үлбі, Қалжыр, Қалғұты, Ұлан, Білезікті, Қызылсу, Алқабек, Аққаба, Қайыңды, Бөкен, т. б. өзендерді атауға болады. Олар Ертіске, Бұқтырмаға, Нарын мен Күршімге құяды.
Оңтүстік Алтай солтүстігінде Бұқтырма өзені, оңтүстігінде Қара Ертіс өзені аралығында жатыр. Ресеймен мемлекеттік шекарада Алтайдың ең биік Қатын жотасы орналасқан. Оның биік шыңы Мұзтау (4506 м) . Осы жерден оңтүстік-батысқа қарай оңтүстік Алтайдың басты тау жоталары (Оңтүстік Алтай, Сарымсақты, Нарын, Күршім) тарайды. Олардың биіктіктері шығыста 3500 м-ден батысқа қарай бірте-бірте 1200-2000 м-ге дейін аласарады. Шығыстағы биік бөлігінің төбелерін қар мен мұздықтар басқан үшкір шыңды болып келеді. Қалба жотасы - Алтай тауларының Ертіс өзенінен батысқа қарай 400 км-ге созылған жалғасы. Ең биік жері Сарышоқы шыңы (1606 м) . Батысында жота бірте-бірте аласарып, Сарыарқаға ұласып кетеді.
Сауыр-Тарбағатай іргелес жатқан жоталармен бірге біртұтас тау жүйесін құрайды. Ол Сарыарқаның шығыстағы жалғасы болып саналады. Сауыр-Тарбағатайдың солтүстігінде Жайсан қазаншұңқыры, ал оңтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры жатыр. Жайсан көліне жақын жатқан Сауыр таулары Қатайдан Улюнгур көлінің батыс жағынан басталып, терең тілімделген үлкен қазаншұңқырды жағалай шығыстан батысқа қарай созылады. Қазаншұңқырдың оңтүстік беті - Қоңыр тауы Қытай жерінде. Қазаншұңқыр кезінде тектоникалық қозғалыстардан пайда болған. Ол Жайсан көлінің оңтүстік шығысында орналасқан Шілікті қазаншұңқырымен жалғасады. Сауыр жотасының солтүстік етегі Жайсан көлі мен Қара Ертіспен бітеді, оңтүстік беті Шілікті даласына тіреледі. Сауыр сияқты Тарбағатайдың да Қазақстанға батыс бөлігі (Хабарасу асуынан Аягөз өзенінің аңғарына дейін) ғана кіреді. Шығыс бөлігінің оңтүстік беткейі Сауырмен жалғасқан жерінен Хабарасуға дейін Қытай жеріне қарайды. Таудың жалпы ұзындығы 300 км, ені 30-50 км. Батысында ол Шыңғыстаумен (ұзындығы 250 км) жалғасады. Тарбағатай (Барқытбел) бірнеше аласа таулар түрінде Сауырмен іргелес созылып жатыр. Олардың арасын Қандысу, Жоғарғы Еміл (Қытай жерінде) өзендері бөліп жатады.
Сауыр жотасы - аталған тау жүйесінің биік бөлігі. Оның ең биік нүктесі - Мұзтау (3816 м) . Жотаның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 60-65 км. Батысқа қарай ол аласарып, Маңырақ жотасына ұласады. Жайсанның ойпатты даласында Сауыр мен Маңырақ биік көрініп, алыстан көзге түседі. Сауырдың солтүстік беткейі өзінің құрылымы жағынан Алтайды Қытай еске түсіреді. Оңтүстік беткейі құз жартасты, Орта Азия тауларына ұқсайды. Мұндағы мәңгі қар жататын белдеу 3300 м биіктікте. Мұзтауда мұздықтар (ең үлкені 4 - 5 км 2 ) бар. Қазақстан жеріне Сауырдың тек батыс бөлігінің солтүстік беткейі кіреді.
Сауыр-Тарбағатай қатпарланған таулы өлке. Оның негізгі құрылымы жоғарғы палеозойда герцин қатпарлануы кезінде қалыптасқан. Ол Альпі тау көтерілу кезінде жаңғырып қайта көтерілген. Бұл ауданның қазіргі жер бедерінің қалыптасуына ерте замандардағы мұз басу, ағын сулардың эрозиялық әрекеті және кейінгі тектоникалық процестер әсер еткен. Бұл жерде жер сілкіну әлі де болып тұрады. 1990 жылы Жайсандағы жер сілкіну шаруашылыққа бірсыпыра зиян әкелді. Сауыр тауында Кендірлік көмір кені ашылып жанғыш тақтатастың мол коры табылған. Мұнай қабаттарына барлау жасалды.
Тарбағатай (Барқытбел) Сауырға қарағанда аласа, бірақ одан ұзынырақ, 300 км-ге созылған. Биік нүктесі Тастау (2992 м) . Төбелерінде мұздықтар жоқ
Құрылымы жағынан Тарбағатай әр түрлі биіктікке көтерілген ірі үйінді - массивтер сияқты. Бұл үйінділер үшбұрыштанып, құзды шыңдарға айналады. Тау басы жадағай. Оның әр жерінен асулары арқылы жол өтеді, тау беткейі де тілімделген. Тарбағатай онша биік емес. Оның орташа биіктігі теңіз бетінен 2000-2100 м ғана.
Сауыр-Тарбағатай өңірі климаты жағынан Оңтүстік Алтайға ұқсайды. Климаты континентті. Алтайға қарағанда жауын-шашыны аздау. Табиғи ерекшеліктері мен климаты жағынан ол Оңтүстік Сібір мен Орта Азия тауларының аралығындағы өтпелі аймақ тәрізді. Қаңтардағы ауаның орташа температурасы -20°С, шілдеде 22°С. Кейде өзгеріп тұрады. Жауын-шашын мөлшері 350-500 мм, тау іші ылғалды, жазыққа қарай қуаңдау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz