Құю өндірісі



1. Кіріспе
2. Құю өндірісіндегі негізгі ұғымдар
3. Құюдың ерекше түрлері
4. Қорытынды
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Құю, яғни сұйық металл қалыптастыру арқасында құйылған бұйым алу металл өңдеудің ең ежелгі тәсілдерінің бірі екені бәріне мәлім. Алғаш құймалар Анатолия, Мессопотамия және Иран аймағында біздің заманымыздан 6,5 мың жыл бұрын өндірілді деп саналады. 4-5-ші мыңжылдыққа қарай құю технологиясы Кавказға, солтүстік Африкаға және Еуропаға таралды. Атақты құюшы ғалым Б.Б.Гуляев құю қалыбы технологиясы дамуын төрт кезеңге бөледі:
1. Арнайы (примитивті) технология – пайда болуынан біздің заманымыздың ХІV ғасырына дейін (шамамен 5800 жыл). Құймалар әуелде тұма мыстан, кейін мыс қорытпаларынан, негізінде қоладан, соңғы кезде асыл металдардан жасалған.
2. Қолөнер технологиясы – ХІV ғасырдан ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі (550 жылдай). Құю өндірісі мен металлургияның өзгерісті кезеңі. Шойын өндіруі жарыққа шықты, металл өнімдері шығару масштабы ұдайы көбейді. Құю дербес қол өнерге ауысып кетті де сериялық бола бастайды. Қолмен қалып жасау технологиясы кемеліне жетті. Кезең аяғында кокилге (металл қалыптарға) құю тәсілі қолданыла бастады.
3. Өндірістік технология – ХІХ ғасыр ортасынан ХХ ғасырдың аяғына дейін. Құймаларды шойыннан, болаттан, кез келген қорытпадан механикаландырылған өндірісте жаппай түрде ала бастады. Машинамен қалып жасаудың тәсілдері ойлап шығарылды. Металл және қабыршақты қалыптарға құюдың ерекше түрлері жүзеге асырылды. Құю өндірісінің химияландыруы арқасында қалып қоспалар үшін көп, әр алуан жасанды байланыстырғыш заттар қолдана бастады.
4. Автоматтандыру – ХХ ғасыр аяғында басталды. Автоматты қалып жасау және құю тізбектерін құрумен, ауыр жұмыстар үшін өндірістік роботтар пайдалануымен, құю өндірісінің технологиялық дайындауын ЭЕМ негізінде автоматтандыруымен сипатталады.
Алайда бүгінгі таңда құю өндірісі машина жасау зауыттарының дайындық базасының негізі бола береді. Көпшілік машина мен механизмдер дайындамаларының 50-70 %, ал машина жасаудың кейбір салаларында 90-95 % дейін құюмен алынады. Бұл зауыттар елде шығарылатын шойынның 50% және болат, түсті құймалардың 60%-ке жуығын тұтынады. Құю арқылы іс жүзінде механикалық өңдеуге қалдырылатын артық мөлшері бар кез келген күрделі дайындамалар алынады, ол бұйымдардың өзіндік құнын кемітеді.
1. Степанов Ю.А, Баландин Г.Ф, Рыбкин В.А «Технология линейного производства», Машиостроение, 1983
2. Рубцов Н.Н «Специальные виды литья» ,1955

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
1. Кіріспе
2. Құю өндірісіндегі негізгі ұғымдар
3. Құюдың ерекше түрлері
4. Қорытынды
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Кіріспе
Құю, яғни сұйық металл қалыптастыру арқасында құйылған бұйым алу металл өңдеудің ең ежелгі тәсілдерінің бірі екені бәріне мәлім. Алғаш құймалар Анатолия, Мессопотамия және Иран аймағында біздің заманымыздан 6,5 мың жыл бұрын өндірілді деп саналады. 4-5-ші мыңжылдыққа қарай құю технологиясы Кавказға, солтүстік Африкаға және Еуропаға таралды. Атақты құюшы ғалым Б.Б.Гуляев құю қалыбы технологиясы дамуын төрт кезеңге бөледі:
1. Арнайы (примитивті) технология - пайда болуынан біздің заманымыздың ХІV ғасырына дейін (шамамен 5800 жыл). Құймалар әуелде тұма мыстан, кейін мыс қорытпаларынан, негізінде қоладан, соңғы кезде асыл металдардан жасалған.
2. Қолөнер технологиясы - ХІV ғасырдан ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі (550 жылдай). Құю өндірісі мен металлургияның өзгерісті кезеңі. Шойын өндіруі жарыққа шықты, металл өнімдері шығару масштабы ұдайы көбейді. Құю дербес қол өнерге ауысып кетті де сериялық бола бастайды. Қолмен қалып жасау технологиясы кемеліне жетті. Кезең аяғында кокилге (металл қалыптарға) құю тәсілі қолданыла бастады.
3. Өндірістік технология - ХІХ ғасыр ортасынан ХХ ғасырдың аяғына дейін. Құймаларды шойыннан, болаттан, кез келген қорытпадан механикаландырылған өндірісте жаппай түрде ала бастады. Машинамен қалып жасаудың тәсілдері ойлап шығарылды. Металл және қабыршақты қалыптарға құюдың ерекше түрлері жүзеге асырылды. Құю өндірісінің химияландыруы арқасында қалып қоспалар үшін көп, әр алуан жасанды байланыстырғыш заттар қолдана бастады.
4. Автоматтандыру - ХХ ғасыр аяғында басталды. Автоматты қалып жасау және құю тізбектерін құрумен, ауыр жұмыстар үшін өндірістік роботтар пайдалануымен, құю өндірісінің технологиялық дайындауын ЭЕМ негізінде автоматтандыруымен сипатталады.
Алайда бүгінгі таңда құю өндірісі машина жасау зауыттарының дайындық базасының негізі бола береді. Көпшілік машина мен механизмдер дайындамаларының 50-70 %, ал машина жасаудың кейбір салаларында 90-95 % дейін құюмен алынады. Бұл зауыттар елде шығарылатын шойынның 50% және болат, түсті құймалардың 60%-ке жуығын тұтынады. Құю арқылы іс жүзінде механикалық өңдеуге қалдырылатын артық мөлшері бар кез келген күрделі дайындамалар алынады, ол бұйымдардың өзіндік құнын кемітеді.
Құю әдісі арқылы өте күрделі үйлесімді бұйымды дайындауға болады. Құйма бөлшектерінің бағасы басқа тәсілдермен дайындаған бөлшектермен салыстырғанда төмен болады. Қазіргі замандағы құйма өндірісі деңгейінің дамуы құйма бөлшектерінің сапасының жоғары болуын көрсетеді. Үнемі ғылыми іздену мен құю техникасының жоғары өнері құюшыларға құю қалыптарын дайындаудың дәстүрлі тәсілдерін үздіксіз жетілдіріп отыруға мүмкіншілік береді. Автоматтандыру мен химия ежелгі тәсіл - құм қалыптарға құюды бірнеше жылдарға төзімді етті. Үлкен қысыммен құм қалыптарды жаншитын автоматтар оларды қажет сападағы құйма бере алатындай дәл және берік етеді. Ал химия құю өндірісіне қалыптар мен өзекшелердің беріктендіру тәсілдерін берді, ол тіпті оның қалыптастыру процесін жеңілдетіп жіберді. Осылармен қатар құюдың арнаулы түрлері өмірге келуде (металл қалыптарға, жойылатын үлгілері бойынша, қысыммен және т.б.). Құйма өндірісінің әр түрлі салаларының жоғары деңгейге жетуіне қарай алатын құймалардың беріктігі мен дәлдігі үзіліссіз жоғарылауда.
2. Негізгі ұғымдар
Құю өндірісі (немесе құю) дегеніміз - бұл құйма деп аталатын құйылған бұйымдар мен дайындамалар өндіру процесі. Құйманы механикалық өңдеу мүмкін, бірақ қысыммен өңдеудің қажеті жоқ. Ол құю қалыбына сұйық балқыманы құю арқылы алынады.
Құю қалыбы деп - балқыған металл құйғанда құйма қалыптасатын жұмыс қуысын құрайтын элементтер жүйесін айтады. Сол элементтерге жататындар:
Жартықалыптар - құйманың сыртқы беттерін қалыптастыратын қалыптың негізгі бөліктері. Қалып көбінесе үстіңгі және астыңғы екі жартықалыптан тұрады. Екі жартықалыптың жанасу жерін қалыптың ажырау беті немесе қалыптың ажырауы деп атайды.
Құю өзекшелері - құйманың ішкі беттерін (қуыстарын, ойықтарын) жасайтын элементтер.
Жеребейкалар - өзекшені қалыпта бекітетін құралдар.
Тоңазытқыштар - құйманың кейбір керекті бөліктерін тез суыту үшін арналған элементтер.
Осы бар элементтерін жеке жасап кейін құрастырады.
Құю қалыбының көп түрлері бар, олар бір реттік және көп реттік, металл және бейметалл, көлемдік және қабыршақты болуы мүмкін. Ең жиі көлемдік бір реттік құмды дымқыл қалып қолданады. Егер оның қасиеттері жеткіліксіз болса, оны термиялық (кептіру) немесе химиялық (қатайту) жолмен бекемдейді де құрғақ қалып алады. Сөйтіп құм қалыбына құюдың екі негізгі түрі бар - дымқылдай құю және құрғақтай құю.
Осындай құю қалыбын жасау үшін көп әр түрлі заттар қажет, оларды қалыптау материалдары деп атайды. Сонымен, қалыптау материалдары дегеніміз, бұл - қалып және өзекше мен қалып қоспасының құйма бетіне күйіп жабысуына қарсы жабындар дайындау үшін қолданатын табиғи және жасанды жадығаттар жиынтығы. Олар неізгі және қосымша болып екі топқа бөлінеді. Негізгі қалыпиау материалдар қалып және өзекше қоспаларын дайындау үшін арналады. Бұларға толықтырғыштар мен байланыстырғыштарды жатқызады. Толықтырғыш деп қалып не өзекше қоспасының құрылымдық қаңқасын құрайтын нәрсені айтады. Ең жиі кездесетін толықтырғыш - кварц құмы. Қоспаның екінші негізгі құраушысы - байланыстырғыш зат - толықтырғыш түйіршіктерін қаптап бір-бірімен біріктіреді. Ол қалып жасаукезінде қоспаға иілімділік қасиетін, ал сол қоспадан істелінген қалыпқа әлде өзекшеге беріктік береді. Байланыстырғыш ретінде балшық, шайыр т.с.с. қолданылады. Басқа қалыптау материалдары қосымша болып табылады. Бұл - құрғақ қалып дайындауға керек қатайтқыштар, қалып қоспасы қасиеттерін жақсартатын технологиялық қосындылар, қоспаның күйіп жабысуына қарсы бояулар мен пасталар жасауға қажетті заттар және т.б.

1-кесте Құюдың арнаулы түрлерінің сипаттамасы
Құюдың түрлері
Қолдану саласы
Салмағы кг-мен
Габаритті өлшемдері,мм
Қабырғаларының қалыңдығы,мм
Дәлдік класы
Жарамдының шығуы,%-тен
Құймалардың минимальды үнемді орынды партиясы, данамен
1
2
3
4
5
6
7
8
Құм-балшықалыптарда (салыстыру үшін)
Кез-келген қорытпаларының құймалары
10-10000
Әр түрлі
3-тен кем емес
Шойын (сұр) құйма үшін 8-13 3-5
30-50
Бірнеше данаға дейін
Балқығыш үлгілер бойынша
Болат және арнаулы қорытпалардан алынған ұсақ күрделі құймалар
0,01-135
700-ге дейін
1,0
5-7 1-2
60
1000
1
2
3
4
5
6
7
8
Қабыршақ қалыптарға
Кез-келген қорытпалардан жұқа қабырғалы құймалар
0,1-30
450*450*150
3-4
7-9
50-56
200-500
Кокильге
Шойын,болат және түсті металдардан алынған құймалар
0,1-5000
Әр түрлі
3 және одан көп
5-10 1-3
40-50

Қысыммен
Түсті қорытпалар мен болаттардан алынған құймалар
0,001-13-34-90 ст- 0,05-0,2
1200-ге дейін
1-6
4-7 1
60
1000
Орталықтан тепкіш машинамен
Барлық қорытпалрдан айналу денесі тәрізді құймалар
0,5-1000
6000-ға
3-200
8-13
95-ке дейін
100-1000
Керамикалық
Көбінесе сапалы қорытпалардан алынған құймалар
3000-ға дейін
2000-ға дейін
1,0
1,2
50-60
5-100


3. Құюдың ерекше түрлері
Металды қалып қоспасынан жасалған қалыптарға құю арқылы құйма алу жолының көптеген кемшіліктері бар. Олар мыналар: қалып бір рет пайдаланылғаннан кейін бұзылады, құйылған құйманың сапасы төмендеп, бүйір бетінің тазалығы нашарлайды, сондықтан механикалық өңдеу үшін көп запас қалдыру керек болады және т.с.с. Осы кемшіліктерді азайту және жою мақсатымен құю өндірісінде соңғы кезде құюдың мына төмендегідей ерекше әдістері қолданылып жүр: металл қалыпқа құю, қысыммен құю, орталықтан тепкіш машинамен құю, балқығыш үлгілер бойынша құю, қабықты қалыптарға құю сияқты ерекше әдістері қолданылып жүр.
Металл қалыпқа құю. Құю өндірісінің бұл әдісінде балқытылған металл ішкі кеңістігінің түрі құйылатын құйманың сыртқы бетінің түріне ұқсас кокаль деп аталатын, металдан жасалған қалыпқа құйылады (1-сурет). Металл қалып шойын, болат немесе түсті металдар мен олардың құймаларынан жасалуы мүмкін. Металл қалыптар оның материалының түріне байланысты 20-дан 500 ретке дейін құйма құюға жарайды. Бұл қалыптарға құйылған құйма үлкен жылдамдықпен суынатын болғандықтан, құйманың құрылымы майдаланып, механикалық қасиеттері артады.

Кокильді құю әдісінің:
* Еңбек өнімділігінің жоғары болуы;
* Құйма өлшемдерінің дәлдігі жоғары болғандықтан, механикалық өңдеуге қалдырылатын запасы мөлшерінің аз болуы;
* Құйманың суыну жылдамдығы жоғары болғандықтан, оның сапасының артық болуы;
* Құю жүйесіне жұмсалатын металл шығынының аз болуы: қалып, өзекше қоспалары мен оларды дайындайтын машиналарды керек етпейтіндігі;
* Қалыптың құйманың бетіне күйіп жабысуы, құйманың металл емес заттармен былғануы азаятындығы;
* ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалыпқа сұйық металды құю
Металлургия өндірісінің қатты қалдықтары
Полимерлерді өңдеу технологиясы
Машина құрылысы өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ НЕГІЗДЕРІ
Қақпақ бөлшегі үшін құйманы жасаудың технологиясын әзірлеу
Шкив бөлшегі үшін құйманы жасаудың технологиясын әзірлеу
Мұнай битумы өндірісі кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
АЛКОГОЛЬСІЗ ӨНДІРІСТІҢ ЕСЕБІ
Металлургия өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
Пәндер