Ұлттық экономика және экономикалық жүйелер



Кіріспе

1. Ұлттық экономика және экономикалық жүйелерді
құрылымдаудың теориялық негіздері.

2. Ұлттық экономика түсінігі
3. Экономикалық жүйе құрылымы

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму Стратегиясының жүзеге асуы барысында экономиканы модернизациялау орталық әлеуметтік-экономикалық үрдіске айналды. Ұлттық экономика жүйелерін дамыту үшін жаһандандырудың ықпалы өндіріс факторларының өзгеруі, олардың ақпараттық, интеллектуалды, инновациялық құраушыларының өсуіне де байланысты.
Бұл тенденциялар халық шаруашылығында болып жатқан сапалық іргерулермен байланысты. Оның негізінде даму стратегиясы мен тактикасының инновациялық бағытталуы жатыр.
Қазіргі күнгі нарықтық өзгерулер жағдайында ғылыми-техникалық үрдістің жетістіктерін енгізу, өнім, қызмет пен техникаларды жаңарту, нарықтың түрлі сұраныстарына бағытталған экономиканы модернизациялауға бағытталған қаржылық, материалды және адами ресурстарды шоғырландыру маңызды болып келеді.
Модернизация Қазақстан экономикасынан бөлінбейтін сипатқа ие болып келе жатыр. «Қазақстан - 2030» стратегиясының сатылы жүзеге асуы Қазақстанның ары қарай даму үрдісіне сенімді негіз құрды. Қазақстан модернизациясы - елдің дамуының жалғыз дұрыс жолы [1].
Бір экономикалық жүйенің дамуы көбінесе территориялық-салалық қимада ұлттық экономиканың құрылымымен анықталады. Ол қоғамдық өндірудің бір секторында өндіретін өнімнің үлесіне, халықтық қоғамның пайдалы еңбектерінің нысанына сай.
Әлемдік тәжірибе нарықтың түрлі болатынын және әр кезде тиімді бола бермейтінін көрсетеді (мысалы, төмен дамыған елдер). Сондықтан шаруашылық нарықтың нысандарына өту, әлі табысқа кепілдік бермейді. Еркін баға, тұрақты ақша жүйесі мен мүлікті жекешелендірумен басқа өндірістегі құрылымдық өзгерулерде көрініс табатын басқа экономикалық мәселелерді шешуге байланысты салмақталған, ғылыми- негізделген тәсілдер қажет.
КСРО экономикасы (және Одақтың құрылымдық бірлігі ретінде кеңестік Қазақстанның) кезінде өндірістің ауырлатылған құрылымы мен экспортта өндірумен байланысты салалардың көптігінен, ал оған жауап ретінде импортпен азық-түлік, машина жасау өнімдері мен тұтыну тауарлары әкелінуімен сыналды. Содан бері егер көмірқышқыл газының экспортының өсуін айтпасақ, экономиканың нақты секторындағы құрылымдық жағдай жақсармады, керісінше одан да қиындай түсті.
Бұл ең бірінші, өндірістің, құрылыс пен ауыл шаруашылығының материалды-техникалық базасын индустриализацияламау мен деградациялаумен; көрсетілген салалардың дамыған әлем елдерінен ғылыми-техникалық артта қалуы мен бүкіл кеңестік аймақта, соның ішінде Қазақстанда 15 жылға таяу уақыт бойы жасалмаған, жаңа, заманға сай өндірістердің болмауы көрсетілді.
1. Послание Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева народу Казахстана «Новый Казахстан в новом мире». Астана, 16 -бет.
2. Садыков А.С. Модернизация экономики Казахстана: теория, тенденции и механизмы: учебное пособие – Шымкент: Кітап, 2007.-300 бет.
3. Сағадиев Ә. «Инновация – негізгі қозғаушы күш» // Егемен Қазақстан, 24 наурыз, 2006 ж.
4. Авдашева С., Ястребова О. Государственная поддержка в регионах: состояние и проблемы реорганизации // Вопросы экономик, 2001, №5.
5. Тургумбаев Г.А. Актуальные вопросы реструктуризации производственных предприятий // Материалы международной научно-практической конференции «Государство и бизнес в ХХ веке». Алматы, КазНУ, 2003, бет. 135-139.
6. Пригожин А.И. Методы развития организаций М., МЦФЭР, 2005, 864-бет.
7. Материалы доклада агентства РК по статистике «Экономика Республики Казахстан в годы реформирования» - Астана, 2000.
8. Республика Казахстан: 2004 // Краткий статистический справочник, Алматы: Агентство РК по статистике, 2004.
9. Республика Казахстан: 2004 // Краткий статистический справочник, Алматы: Агентство РК по статистике, 2005.
10. Статистический ежегодник Казахстана. Алматы: Агентство РК по статистике, 2006.
11. Материалы доклада агентства РК по статистике «Экономика Республики Казахстан в годы реформирования» - Астана, 2000.
12. Ежемесячный информационно-аналитический журнал «Социально-экономический журнал Казахстан». – 2003. - №12.
13. Ежемесячный информационно-аналитический журнал «Социально-экономический журнал Казахстан». – 2004. - №1.
14. Давильбекова Ж.Х. Особенности реформирования промышленности Казахстана в переходной период (теория, методика, практика). – Алматы: РГП «Институт экономических иследований», 2002. – 92-бет.
15. Шокаманов Ю.К. Жаһандану процессі // экономика. 2007. - №3. – 38-39-бет.
16. Бопиева Ж.К. Оценка структурных изменений в экономике Республики Казахстан // Сборник материалов международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы образования и науки на современном этапе», (том 1) – Кокшетау: Кокшетауский университет имени А.Мырзахметова, 2005. – 45-бет.
17. Назарбаев Н.А. К конкурентноспособному Казахстану, конкурентноспособной экономике, конкурентноспособной нации. Послание Президента народу Казахстана // Казахстанская правда, 2004, 19 марта.
18. Диверсификация российской экономики: современные проблемы и задачи (доклад Минэкономразвиия РФ) // Вопросы экономики, 2003, №12, 4-23-бет.
19. Прохоров И. Пародоксы экспорта // Казахстанская правда , 2004, 27 февраля.
20. Жумагулов Б. Наука в стратегии развития страны // Казахстанская правда, 2006, 28 февраля.
21. www.stat.kz

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1. Ұлттық экономика және экономикалық жүйелерді
құрылымдаудың теориялық негіздері.

Ұлттық экономика түсінігі
Экономикалық жүйе құрылымы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму Стратегиясының жүзеге асуы барысында экономиканы модернизациялау орталық әлеуметтік-экономикалық үрдіске айналды. Ұлттық экономика жүйелерін дамыту үшін жаһандандырудың ықпалы өндіріс факторларының өзгеруі, олардың ақпараттық, интеллектуалды, инновациялық құраушыларының өсуіне де байланысты.
Бұл тенденциялар халық шаруашылығында болып жатқан сапалық іргерулермен байланысты. Оның негізінде даму стратегиясы мен тактикасының инновациялық бағытталуы жатыр.
Қазіргі күнгі нарықтық өзгерулер жағдайында ғылыми-техникалық үрдістің жетістіктерін енгізу, өнім, қызмет пен техникаларды жаңарту, нарықтың түрлі сұраныстарына бағытталған экономиканы модернизациялауға бағытталған қаржылық, материалды және адами ресурстарды шоғырландыру маңызды болып келеді.
Модернизация Қазақстан экономикасынан бөлінбейтін сипатқа ие болып келе жатыр. Қазақстан - 2030 стратегиясының сатылы жүзеге асуы Қазақстанның ары қарай даму үрдісіне сенімді негіз құрды. Қазақстан модернизациясы - елдің дамуының жалғыз дұрыс жолы [1].
Бір экономикалық жүйенің дамуы көбінесе территориялық-салалық қимада ұлттық экономиканың құрылымымен анықталады. Ол қоғамдық өндірудің бір секторында өндіретін өнімнің үлесіне, халықтық қоғамның пайдалы еңбектерінің нысанына сай.
Әлемдік тәжірибе нарықтың түрлі болатынын және әр кезде тиімді бола бермейтінін көрсетеді (мысалы, төмен дамыған елдер). Сондықтан шаруашылық нарықтың нысандарына өту, әлі табысқа кепілдік бермейді. Еркін баға, тұрақты ақша жүйесі мен мүлікті жекешелендірумен басқа өндірістегі құрылымдық өзгерулерде көрініс табатын басқа экономикалық мәселелерді шешуге байланысты салмақталған, ғылыми- негізделген тәсілдер қажет.
КСРО экономикасы (және Одақтың құрылымдық бірлігі ретінде кеңестік Қазақстанның) кезінде өндірістің ауырлатылған құрылымы мен экспортта өндірумен байланысты салалардың көптігінен, ал оған жауап ретінде импортпен азық-түлік, машина жасау өнімдері мен тұтыну тауарлары әкелінуімен сыналды. Содан бері егер көмірқышқыл газының экспортының өсуін айтпасақ, экономиканың нақты секторындағы құрылымдық жағдай жақсармады, керісінше одан да қиындай түсті.
Бұл ең бірінші, өндірістің, құрылыс пен ауыл шаруашылығының материалды-техникалық базасын индустриализацияламау мен деградациялаумен; көрсетілген салалардың дамыған әлем елдерінен ғылыми-техникалық артта қалуы мен бүкіл кеңестік аймақта, соның ішінде Қазақстанда 15 жылға таяу уақыт бойы жасалмаған, жаңа, заманға сай өндірістердің болмауы көрсетілді.
Өңдеуші өнеркәсіптердің де өз құрылымын оптималды дей алмаймыз, себебі онда мұнайхимиясын дамыту, металллургиядағы жаңа өзгертулер, мұнайгаздық машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі арқылы өндірісті келешекте диверсификациялау үшін үлкен жүзеге аспаған мүмкіндіктер бар.
Ұлттық экономика құрылымын қарастыруда жаһандандыру түсінігін анықтаудан бастаған жөн. Ұлттық экономика құрылымы дегеніміз, сол мерзімде экономикада әр қилы факторлар ықпалымен, қоғамдық еңбек бөлінісі мен қоғамдық ұдайы өндіріс пропорцияларын сипаттайтын салалардың арақатынасы. Жаһандану бүгiнгi таңда ең көп тараған әрi жиi қолданылатын ұғымға айналды. БҰҰ Бас Ассамблеясының сессияларында, "Үлкен сегiздiк" елдерi мен Еуроодақтың саммитерiнде, ғылыми конференцияларда, БАҚ-тарда жиi айтыла бастады. Бұл сөз бiреулерде сүйiнiш пен таңданыс тудырса, басқаларда ашу тудыратын болды.
Дегенмен жаһандану қазiргi таңда тоқтатуға келмейтiн уақыт талабына айналды. Ол дүниежүзiлiк экономиканың дамуына, жетiлген компьютерлiк технологияға, бiрiккен ақпараттық кеңiстiк құруға негiзделген. Сондықтан бұл жерде бөлектенiп қалудың мағынасы жоқ. Жаһандану үрдiсi адам өмiрiнiң барлық саласына: экономика, саясат, мәдениет, тiл, бiлiм, рухани-адамгершiлiк даму, халықаралық қатынастарға әсерiн тигiзiп отыр. Бұл салалардың барлығы ақпаратты игеру мен ауыстырудың жылдам қарқынына тартыла отырып, жаңа сапалық қасиетке ие болды. Бұдан бiз жаһанданудың күрделi, көпдеңгейлi, қарама-қайшылықты үрдiс екенiн көремiз.

1. Ұлттық экономика және экономикалық жүйелерді құрылымдаудың теориялық негіздері
1.1. Ұлттық экономика түсінігі
Құрылым - экономиканың белгілі бір құрылым құрушы белгілері бойынша негізгі бөлімдерге (құрылымдық элементтер) бөлінуі.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) - өндіріс стадиясында салалық экономиканың қосылған құнның құнын көрсететін, ал тұтыну стадиясында - соңғы тұтыну, жинақтау немесе экспортқа бағытталған тауарлар мен қызметердің құнын көрсететін жалпылаушы көрсеткіш.
Физикалық көлем индексі - шаруашылық субъектердің барлығы бойынша натуралды көрсеткіштерге сүйенетін бірнеше уақыт кезеңі бойынша өнім көлемінің өзгеруін сипаттайды.
Ұлттық экономиканың құрылымы жалпы өнімнің ұлттық салалық құрылымы арқылы көрініс алады.
Ұлттық экономиканың салалық құрылымындағы сияқты, жұмыспен қамту саласында да осы заңдылықтар байқалады, ауыл шаруашылығында қызмет ететіндер үлесі күрт қысқарады да, өнеркәсіп өндірісіндегі еңбек ететіндер үлесі артады. Қазіргі кезеңде ұлттық экономиканың құрылымына ғылыми-техникалық революция шешуші ықпал етеді. Ғылыми-техникалық рефолюция қоғамның өндіргіш күштерін дамытуда жаңа тарихи дәуірдің бетін ашып отыр. Ғылым қоғамның өндіргіш күштерінің маңызды элементтерінің біріне айналып отыр.
Ұлттық экономика және оның қызмет ету деңгейі барысында қоғамның басты өндіргіш күші - адамның өндіріс процесіндегі ролі мен орны түбегейлі өзгереді. Техника дамуының әр қилы тарихи кезеңдерінің критерийі атқарушы қызметтің адамнан техникаға көшуі, осыған сәйкес адамның машинамен байланысының технологиялық әдісі түбірлі өзгеріске ұшырады. Осы критерийге сай қоғамдық өндіріс дамуының былайша айтқанда, технологиялық өндіріс әдісінің дамуының негізгі кезеңдерін бөлуге болады:
1. Қол еңбегіне негіздеген өндіріс. Бұл кезеңнің ерекше сипаты технологиялық процесте адамның техникамен байланысының күшеюінде, адам еңбек процесінің материалдық негізіне, ал еңбек құралдары оның жұмыс орындарына қуат беріп отырады.
2. Еңбек процесін механикаландыруға негізделген машина өндірісі. Еңбек процесінің материалдық негізін машина қалайды, адам оны толықтырады.
3. Автоматтандырылған өндіріс. Өндіріс процесінің материалдық негізін машина автоматтар құрайды. Адам өндіріс қатарында творчестволық, жасампаздық қызмет атқарады. Мұндай жағдайда өндіріс технологиясы адамның физикалық және психологиялық мүмкіндіктерімен де шектелмейді.
Енді дамыған елдердің қоғамдық өндірісіндегі құрылымдық өзгерістердің қазіргі тенденциясын қарастыруға көшелік, ол барынша жоғары дәрежеде ғылыми техникалық революциялық дамуымен сипатталады. Бұл мыналармен байланысты,
- біріншіден, ғылыми-техникалық прогресс жетістігі, принципиалды жаңа технологиялар, осымен байланысты ұлттық экономиканы қайта құруды талап етеді.
- екіншіден, салалық құрылымдағы интенсивті қозғалыс пен өзгерістер ғылыми-технологиялық жетістіктердің қолдану дәрежесін, қоғамның өндіргіш күштерінің дамуының объективті қажеттілігі дәрежесінің көрсеткіші. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың дамуының негізгі бағыты экономиканы қайта индустрияландыру, ол болса бүкіл қоғамдық өзгерісті одан әрі интенсивтендіруді мына негізде қамтамасыз етеді: өндірісті принципиалды жаңа ресурстар мен энергияны үнемдейтін, әрі экологиялық тұрғыдан таза технология негізінде қайта құру, өндірілетін өнімдер мен өндірістің техникалық-экономикалық параметрінің сапасын жақсарту, өнеркәсіптің сапасын жақсарту, өнеркәсіптің ғылымды көп қажет ететін салаларын одан әрі дамыту және олардың жалпы ұлттық өнімдегі үлесін көтеру, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін енгізу жолымен өндірістік емес саланы индустрияландыру.
Алға қойылған міндеттерді практикалық тұрғыдан шешу жолы мемлекеттің экономикалық саясатын, ең алдымен инвестициялық саясатының икемділігіне тәуелді. Ұлттық өнімнің өсу қарқынын тезделуге бағытталған мемлекеттің экономикалық процестерді реттеуге белсенді араласуын қолдайды.
Мұндай жағдайда мемлекеттің инвестициялық саясаты күрделі қаржы көлемін сандық тұрғыдан өсіру арқылы өндіріс көлемін ұлғайтуға бағытталады. Қоғамдық өндірісті интенсивтендіру негізінде экономиканы құрылымдық қайта құрудың міндеттері жаңа инвестициялық саясатты ұсынады [2].
Өнеркәсібі дамыған елдерде бүгінгі таңдағы салалық құрылым ғылыми-техникалық революцияның негізгі бағыттары мен ауқымын анықтайтын өндірістің ғылыми сыйымдылығы жоғары салаларға біртіндеп ауысуда. Ұлттық экономиканың мұндағы негізгі қызметі өнеркәсіптің ғылыми сыйымды салаларына тек сандық өсім ғана емес, сапалық өлшемдерде тән. Ең алдымен мұнда еңбек өсімділігінің өсу қарқыны басқа салалармен салыстырғанда 2,5 - 3 есе жоғары. Соншалықты еңбеу өнімділігінің жоғары қарқынмен өсуі осы салалық қазіргі жоғары автоматтандырылған материалдық базасы есебінен қамтамасыз етіледі. Әр жыл сайын бөлінетін күрделі қаржының үштен бірі және өңдеуші өнеркәсіпті ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаржының 75-80% осы саланың үлесіне тиеді.
Дәстүрлі салаларда қайта құру мен модернизациялауды жүргізудің мақсаты:
Біріншіден, өте тиімді жабдықтарды енгізе отырып, өндіріс шығындарын азайту және осы саланың өнімдерінің бәсекелік қабілетін көтеру.
Екіншіден, шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайына, экономикалық жаңа құрылымына бейімдеу, мұнда жетекші рөл өндірістің ғылыми сыйымды саласына ауысады. Сонымен, ұлттық экономиканың қызмет ету деңгейі, барысында құрылымдық қайта құру ең алдымен шаруашылықтың дәстүрлі салаларының арасындағы өзара тәулділік пен дара байланыстылықты күшейтеді. Қазіргі кезеңдегі ғылыми жұмыстар мен зерттеулердің ауқымы соншалықты, қоғамдық өндірістің құрамында ғылыми-зерттеу және конструкторлық сынақ сияқты жаңа бір саланың орын алғаны ғылыми-техникалық прогреспен қызмет етеді.
Ұлттық экономикадағы белгілі дәрежедегі түпкі өнім бойынша фирмалардың ғылыми зерттеу бюджетіндегі қаражаттың құрылымы да маңызды. Өнеркәсіп фирмаларының мақсаты пайданы көп келтіру, түптеп келгенде, бүкіл-ғылыми зерттеулер мен жұмыстар шығындарын азайтуға және өндіретін тауарлардың бәсеке қабілетін көтеруге бағытталған. Бұл принцип ұлттық өнім экономикасы түрлерін өндіру немесе технологиялық процестер мен өндірісті жетілдіру жолымен мүмкін болады.
Мұнда корпорацияның экономикалық және ғылыми-техникалық стратегиясы алғашқы екі бағыт жағына қарай ауысады.
Дамыған елдердің көпшілігінің ұлттық экономикасының басынан кешіп жатқан қазіргі құрылымдық қайта құру тағдырын ғылыми-техникалық революция анықтайды. Қазіргі құрылымдық өзгерістер жай сандық өзгерістермен емес, сапалық белгілермен сипатталады, ол болса болашақта құрылымдық қозғалыстарды зерттеу мекемесіне жаңаша қарауды талап етеді.
Алғашқы рет ұлттық есеп-шот жүйесінің кестесі 1953 жылы БҰҰ-ның статистикалық бөлімінде басылып шықты. Қазір барлық әлемдегі елдерде ол стандарт ретінде қабылданды. Ұлтық есеп-шот оның жүйесінде метрикалық түрде бейнеленген, онда әрбір есеп-шот табыс және шығын матрицаларда көрсетілген. Ұлттық деңгейін құрудағы ертеректегі талпыныстан А.Стоун ұсынған айырмашылық сол, ал алғашқы рет макродеңгейде екі еселей жазу принципін қоғамдық матрицаларда қолданады.
Стандарттық сипаттамалар - ұлттық өнім тұтыныс, сауда балансы және басқалары солай топталған, олар экономика құрылысы мен оның қызмет жасау процесіне толыққанды бейнеленгенін көрсетеді. Мұнда сондай-ақ қаржы балансы ұлттық есеп-шот жүйесі және демографиялық есептеп шығару жүйесін құру енген.
Қоғамдық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіштерінің ең маңыздысы: жалпы қоғамдық өнім, жалпы ішкі өнім.
Стандарттық сипаттамалар ұлттық өнім, тұтыныс, сауда балансы және басқалары солай топталған, олар экономика құрылымы мен оның қызмет жасау процесіне толықтанды бейнеленгенін көрсетеді. Мұнда сондай-ақ қаржы балансы ұлттық есеп-шот жүйесі және демографиялық есептеп шығару жүйесін құру енген.
Қоғамдық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіштерінің ең маңыздысы жалпы қоғамдық өнім, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс болып табылады.
Жиынтық қоғамдық өнім мөлшерін анықтауда дәстүрлі көзқарас бойынша, қызмет көрсетудің материалдық емес өндіріс оған еңбейді.
Бұл өнім жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім (ЖҚО) болып аталады. Дүниежүзілік шаруашылық практикасында қалыптасқан келесі көзқарас бойынша, қоғамдық өнім мөлшерін есептегенде мынаны ескереді:
Өндірілген өнім массасы материалдық өндіріс өнімнің ғана емес, сондай-ақ қызмет көрсетудің материалдық емес өндірістің қызметтерін де өндіреді. Бұл өнім жалпы ішкі өнім болып табылады.
Қоғамдық өндіріс нәтижесінің жалпылама көрсеткішіне жиынтық (жалпы) қоғамдық өкіледі жатқызамыз, себебі ол қоғамдық өндірістің бір жылда құралған материалдық илігінің (өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттары) жиынтығын бейнелейді. Жиынтық қоғамдық өнім (ЖКӨ) екі түрде өндіріледі: натуралды заттай және құндылық, ЖКӨ натуралды заттай түрінде өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарынан тұрады. Осы тұрғыдан барлық қоғамдық өндіріс екіге бөлшектенеді, өндіріс, құрал-жабдықтар өндірісі (І-ші бөлімше) және тұтыну заттары өндірісі (ІІ-ші бөлімше).
Қоғамдық өнім жиынтық қоғамдық өнімнен шикізат пен материал айналымын алып топтау жолымен құрылады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТҰРПАТТАРЫ
Экономикалық жүйелердің негізгі үлгілері
Экономикалық жүйелер туралы
Аймақтық экономика дамуының приоритет
Ақпараттың басқару тиімділігіне әсері
Несиелік қор менеджментінің экономикалық ақпараттық жүйесі
Экономикалық жүйенің мәні мен тұрпаты және оның салыстырмалы тиімділігі
Экономикалық жүйеге құрылымды және өркениетті жолмен жету
Экономикалық жүйелер негізі
Қоғам дамуының негізгі категориялары: қоғамдық өндіріс және экономикалық жүйе түрлері
Пәндер