ҚР банктердің шағын бизнес саласындағы несиелік саясаты
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1 БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
1.1. Несиелік саясат түсінігі, мәні және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2. Коммерциялық банктің стратегиясы мен тактикасы ретінде несиелік саясаттың мақсаты және оны анықтайтын факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.3. Несиелік саясатты оңтайландырудың принциптері мен критерийлері ... .19
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ШАҒЫН БИЗНЕС САЛАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы шағын бизнес саласындағы несиелік саясаттың ағымдағы жағдайына талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.2 «Темірбанк» АҚ мысалы негізінде 2010.2012 жылдар аралығындағы шағын бизнес саласындағы несие саясатын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
2.3 «Темірбанк» АҚ шағын бизнесті несиелеу процесінің ұйымдастырылу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51
3 ҚР БАНКТЕРДІҢ ШАҒЫН БИЗНЕС САЛАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..75
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 85
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДИЕБЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 88

Диплом тақырыбының өзектілігі. Несие саясаты нарықтық экономикада маңызды орын алады. Оларқылы банктер өзінің стратегиясы мен тактикасын анықтайды, сол арқылы кәсіпорындар мен ұйымдар, халықтың ақшалай есеп айырысулары мен төлемдерінің едәуір бөлігі жүргізіледі, уақытша еркін ақша құралдарын, халықтың жинақ ақшалары мен табыстарын белсенді әрекет етуші капиталға айналдырады. Несие саясатының мақсаты банктердің несие үрдісіндегі принциптерді анықтау арқылы экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларына және банктің актив операцияларына жатады. Несиелік операциялар - бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншісінен екіншісіне төлемдік, мерзімділік, мақсаттылық және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен алушылардың арасындағы қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға беретін ссудалық капиталға айналады.
Сонымен қатар шағын бизнестің мәселесін жеделдетуді ҚР Президенті өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы ««Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында ең негізгі міндет ретінде қарастырды. Әрине бұл мәселелер Қазақстандағы шағын бизнесті несиелеудің қазіргі жағдайына байланысты туындап отырғандығы анық. Онда нарық заманында Қазақстандағы банктердің несиелері қарқынды дамуы, былай айтқанда бизнесті несиелеу, оның ішінде шағын бизнесті несиелеуді дамыту мәселелері айқын қарасытырылған.
Қаржылық сектордың тұрақтылығымен, халықтың кірісінің өсуімен және экономикалық өсудегі кәсіпорындардың несие бәсекелестілігінің артуымен, халықаралық нарық капиталындағы қаржы қорларының арзандауымен байланысты. Ескеретін бір жайт, шағын бизнесті несиелеу әлемдік тәжірбиедегі банк операцияларының ішіндегі ең көп тараған түрінің бірі. Шағын бизнесті несиелеудің қолдану аясы анағұрдым кең. Қазіргі кезде шағын бизнесті несиені қосқанда,екінші деңгейдегі банктердің қызмет көрсету аясы кеңіген.
Қазіргі кезде елімізді банктік шағын бизнесті несиелеуге байланысты жақсы шарттары бар. Атап айтсақ, біріншіден,бұл – инфляцияның төмен деңгейімен, теңге курсының тұрақтылығымен, нақты Жалпы ішкі өнімнің өсуімен және мемлекеттік бюджеттің көбеюімен байланысты макроэкономикалық шарттардың елеулі жақсаруы. Екіншіден, ел тұрғындарының жеке бизнес дағдыларын үйреніп, дәстүрдің тұтынушыдан кәсіпкерлікке өзгеруі болып табылады. Қазақстанда нарықтық экономиканы білетін және басқару тәжірбиесі бар менеджерлердің қалыптасуы да өзіндік ықпал етеді.

1. 2012 жылғы 14 желтоқсандағы ««Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.
2. Искакова З.Д. Банк ісі. Оқу құралы. Қарағанды, 2003.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-шi басылым, - Алматы: ИздатМаркет, 2005.
4. Жуков Е.Ф., Максимова Л.М., Печникова А.В. «Деньги, кредит, банки»: Учебник для студентов вузов, обучающихся по экономическим специальностям.: М., ЮНИТИ, 2006г.
5. Ажитов С.О. Функции, порядок организации и ликвидации коммерческих
банков // Право и государство 2008 г. №2
6. Давлетова М.Т. Современное состояние банковской системы и перспективы развития рынка банковских услуг в Казахстане// Финансы Казахстана Каржы Каражат. -Алматы, 2009. -№ 9-10.
7. «О текущей ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана, № 1,2- 2011 г.
8. Садвакасова Ж. «Кредитная политика коммерческого банка». // Вестник КазНУ, Серия экономическая. №2. – 2010 г.
9. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 1999 ж. 16 тамызындағы «Екінші деңгейлі банктерді несиелендіру бойынша құжаттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» № 276 Қаулысы
10. Банковские учреждения в развивающихся странах. Том 1. Укрепление руководства и повышение чувствительности к переменам. – Вашингтон: Всемирный банк, 1994.
11. «Темірбанк» АҚ-ның 2010 - 2012 жж. жылдық есебі
12. Веб-сайт. АО «Темірбанк»: www.temirbank.kz.
13. Методика расчета финансового состояния заемщика и определение его рейтинга (при текущем мониторинге), утвержденная решением СД-ов АО «Темірбанк». // Алматы: АО «Темірбанк». – 2003.
14. Л.А. Шоманова, С.Б. Мақыш «Қазақстан экономикасының нақты секторын несиелеу жағдайы». // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №6 – 2009 г.
15. Қазақстан Ұлттық банкінің ресми сайты www.nationalbank.kz
16. ҚР Статистика Агенттігінің ресми сайты www.stat.kz
17. «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігінің ресми сайты www.kt.kz
18. Ұлттық банк жанындағы Қаржы нарығының қызметін қадағалау және реттеу комитеті сайты www.afn.kz
19. Алматы қаласы аймақтық қаржы орталығының рейтингілік агенттілігінің сайты www.rfcaratings.kz
20. "Положение о классификации активов банка условных обязательств и расчете провизий по ним банками второго уровня РК" , 2003.
21. Парламант Республики Казахстан. Закон РК № 2444 от 31.08.1995 года. О банках и банковской деятельности в РК.// Алматы: Жеті -Жарғы,2001.
22. Ахметова К.А. Зарубежный опыт финансирования малого и среднего бизнеса. «Вестник КазНУ» журналы. Экономикалық серия. №2(54). г. Алматы 2006г.
23. Ким Г. Особенности кредитования малого и среднего бизнеса. «Вестник КазНУ» журналы. Экономикалық серия. №4(44). г. Алматы 2004г.
24. Капанов А.К. Проблемы развития малого базнеса в Казахстане «Вестник КазНУ» журналы. Экон. серия. №4(44).2006г.
25. АО «Темірбанк» Кредитная политика. Утверждена решением совета директоров АО «Темірбанк» (протокол заседания от 29 августа 2012 года №139 ). г. Алматы 2012г.
26. Альпари, Экономический журнал, № 4 2009г. Байбулекова Л.А. Каженбаева Р. Особенности кредитования малого и среднего бизнеса в современных условиях. 111-114 б.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1 БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
1.1. Несиелік саясат түсінігі, мәні және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2. Коммерциялық банктің стратегиясы мен тактикасы ретінде несиелік саясаттың мақсаты және оны анықтайтын факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..16
1.3. Несиелік саясатты оңтайландырудың принциптері мен критерийлері ... .19
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ШАҒЫН БИЗНЕС САЛАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы шағын бизнес саласындағы несиелік саясаттың ағымдағы жағдайына талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.2 Темірбанк АҚ мысалы негізінде 2010-2012 жылдар аралығындағы шағын бизнес саласындағы несие саясатын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .38
2.3 Темірбанк АҚ шағын бизнесті несиелеу процесінің ұйымдастырылу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51
3 ҚР БАНКТЕРДІҢ ШАҒЫН БИЗНЕС САЛАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..75
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 85
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДИЕБЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...88
КІРІСПЕ
Диплом тақырыбының өзектілігі. Несие саясаты нарықтық экономикада маңызды орын алады. Оларқылы банктер өзінің стратегиясы мен тактикасын анықтайды, сол арқылы кәсіпорындар мен ұйымдар, халықтың ақшалай есеп айырысулары мен төлемдерінің едәуір бөлігі жүргізіледі, уақытша еркін ақша құралдарын, халықтың жинақ ақшалары мен табыстарын белсенді әрекет етуші капиталға айналдырады. Несие саясатының мақсаты банктердің несие үрдісіндегі принциптерді анықтау арқылы экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларына және банктің актив операцияларына жатады. Несиелік операциялар - бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншісінен екіншісіне төлемдік, мерзімділік, мақсаттылық және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен алушылардың арасындағы қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға беретін ссудалық капиталға айналады.
Сонымен қатар шағын бизнестің мәселесін жеделдетуді ҚР Президенті өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына жолдауында ең негізгі міндет ретінде қарастырды. Әрине бұл мәселелер Қазақстандағы шағын бизнесті несиелеудің қазіргі жағдайына байланысты туындап отырғандығы анық. Онда нарық заманында Қазақстандағы банктердің несиелері қарқынды дамуы, былай айтқанда бизнесті несиелеу, оның ішінде шағын бизнесті несиелеуді дамыту мәселелері айқын қарасытырылған.
Қаржылық сектордың тұрақтылығымен, халықтың кірісінің өсуімен және экономикалық өсудегі кәсіпорындардың несие бәсекелестілігінің артуымен, халықаралық нарық капиталындағы қаржы қорларының арзандауымен байланысты. Ескеретін бір жайт, шағын бизнесті несиелеу әлемдік тәжірбиедегі банк операцияларының ішіндегі ең көп тараған түрінің бірі. Шағын бизнесті несиелеудің қолдану аясы анағұрдым кең. Қазіргі кезде шағын бизнесті несиені қосқанда,екінші деңгейдегі банктердің қызмет көрсету аясы кеңіген.
Қазіргі кезде елімізді банктік шағын бизнесті несиелеуге байланысты жақсы шарттары бар. Атап айтсақ, біріншіден,бұл - инфляцияның төмен деңгейімен, теңге курсының тұрақтылығымен, нақты Жалпы ішкі өнімнің өсуімен және мемлекеттік бюджеттің көбеюімен байланысты макроэкономикалық шарттардың елеулі жақсаруы. Екіншіден, ел тұрғындарының жеке бизнес дағдыларын үйреніп, дәстүрдің тұтынушыдан кәсіпкерлікке өзгеруі болып табылады. Қазақстанда нарықтық экономиканы білетін және басқару тәжірбиесі бар менеджерлердің қалыптасуы да өзіндік ықпал етеді. Сонымен қатар, ішкі сұраныс қазіргі жағдай үшінжақсы болып отыр. Елімізде төлем жүйесі дамып, халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін қаржылық жүйе қызмет етуде. Сол уақытта Қазақстан Республикасы әрі қарайғы тұрақты дамуы екінші деңгейлі банктерде несиелік ресурстардың болуымен анықталады. Бұл қазіргі даму кезеңіндегі қаржылық жүйе құрлымының ерекшеліктерімен түсіндіріледі: банктер несиелік қызмет нарығында монополистер болып табылады. Қаржылық жүйенің басқа элементтерінің озып келе жатқан дамуына қармастан, банк жүйесінің рөлі мен мәні ерекше болып отыр. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктер активтерінің шамамен 60%-ын банктік емес заңды тұлғаларға берілген несиелер құрайды. Осы көрсеткіш бойынша олар АҚШ және Жапонияның банк жүйелерімен бірдей деңгейде. Алайда, несие көлемінің Жалпы ішкі өнімге қатынасы жағынан Қазақстан жоғарыдағы елдерден артта қалған.
Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктерінің ресурстық базасының қазіргі жағдайын сипаттай келе, банктерде қысқа мерзімді ақшалар жинақталып қалғанын атап өту керек. Ал, экономиканың нақты секторына 3 жыл және одан да ұзақ мерзімге несие қажет. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері беретін несиелерінің валюталық құрлымы мен мұнай бағалары арасындағы байланыстылықты көруге болады. Мұнай бағасы төмендегенде шетел валютасындағы несиелердің үлес салмағы өседі.
Қолайлы макроэкономикалық жағдайлар мен ресурстық база өсіп отырған кездешағын бизнесті несиелік нарық қаржы нарығының серпінді даму үстіндегі салаларының бірі болып табылады. Коммерциялық банктердің дәстүрлі базалық қызметі - экономиканы және бизнесті несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларына және банкінің актив операцияларына жатады. Несие, бұл пайыз төлеп қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысына ие. Несие - банктің қаржысын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын, сондай - ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіреді. Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас бөлігі болып табылады. Экономикалық категория ретінде несие, кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай - ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығын және тауарлар мен ақшаның сатылмай, сатып алынбай, таза түрде қарызға берілуін сипаттайды.
Диплом жұмысының мақсаты - шағын бизнесті несиелеу саласындағы банктің несиелік саясаты және шағын бизнесті несиелеу операциялардың нысанымен жан - жақты танысу. Шағын бизнесті несиелеу операцияларының бүгіні мен ертеңін дәлелдеу. Коммерциялық банктің шағын бизнес саласындағы несиелік саясатын зерттеу барысында несиеге байланысты өзекті мәсәлелерді талқылау арқасында тақырыбымды ашу болып табылады.
Көзделген мақсатқа жетуде диплом жұмысының міндеттері төмендегідей:
- банктің несиелік саясаты түсініктерінің мәнін ашу, теориялық негіздеу, экономикадағы маңызын айқындау;
- коммерциялық банктің стратегиясы мен тактикасы ретінде несиелік саясаттың мақсаты және оны анықтайтын факторларын анықтау;
- шағын бизнес саласындағыкоммерциялық банктердің несиелік саясатын оңтайландырудың принциптері мен критерийлерін қарастыру;
- Қазақстандағы банктердің несиелік саясатының ағымдық көрсеткіштеріне талдау жасай отырып, банк секторындағы өзекті мәселелерді анықтап, баға беру;
- Темірбанк АҚ жалпы экономикалық көрсеткіштерін талдай отырып, оның шағын бизнес саласындағы несиелендіру саясатының ерекшеліктеріне талдау жасау;
- банктердегі несие беру процесін ұйымдастыру тәртібін қарастыру;
- Қазақстандағы банк секторындағы несиелік саясатты жетілдіру жолдарын қарастыру.
Зерттеу пәні - коммерциялық банктердің несиелік саясаты аясында қалыптасатын экономикалық қатынастар.
Зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің несие нарығындағы қызметі. Темірбанк АҚ Шымкент қаласындағы филиал мысалында.
Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізі. Қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің коммерциялық банктердің несиелік саясаты аясындағы қызметтерді дамытуда орын алатын негізгі мәселелер мен банктің несиелік саясатының теориялық тұрғыда экономикалық маңызын, ролін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.
Диплом жұмысын даярлау барысында сүйенген негізгі теориялық ақпарат көздері - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Банк және банктік қызмет туралы Заңы, Акционерлік қоғам туралы Заңы, Темірбанк АҚ ішкі нормативтік құжаттары, арнайы экономикалық сайттар, мерзімді басылымдар, отандық әдебиеттер, әдеби-статистикалық мәліметтер.
Диплом жұмысының зерттеу әдістері. Қазақстан Республикасындағы несие жүйесіне теориялық сипаттама беру, шағын бизнесті несиелеу саласындағы несие саясатытуралы түсініктің пайда болуы, олардың қажеттілігі мен мәніне, несиенің формалары мен түрлеріне,несиенің қызметі мен заңдарына толық анықтамалар жасалды. Темірбанк АҚ-на экономикалық сипаттама оның ішінде, Темірбанк АҚ Шымкент қалалық филиалының мысалындашағын бизнес саласындағы несие саясатын, атқаратын операциялары туралы мәліметтер жасалды. Коммерциялық банктің несиелік саясаты (Темірбанк АҚ мәліметтері негізінде) Темірбанк АҚ шағын бизнес саласындағы несиелердің түрлері мен мәнін ашу, несиелендіру тәртібі мен жүзеге асыру жолдарына зерттеу жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы 92 бет көлемінен, негізгі бөлімі кіріспеден, бөлімнен, қорытындыдан, сонымен қатар қолданыған әдебиеттер тізімінен, тұрады. Жұмыста 20 кесте және 18 сурет бар.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, объектісі мен пәні және зерттеу әдістері қарастырылған.
Бірінші бөлімде шағын бизнес саласындағы банктердің несие саясатының мәні мен маңызы, екінші деңгейлі банктердегі шағын бизнесті несие саясатының принциптері мен критерийлері көрсетілген.
Екінші бөлімде Темірбанк АҚ-ның шағын бизнес саласындағы несиелендіруіне, қаржылық көрсеткіштеріне, шағын бизнесті несиелендірудегі саясатына талдау жасалды. Қазақстандағы шағын бизнеске несиенің қазіргі мәселелерімен толықтырылды.
Үшінші бөлімде шағын бизнесті несиелеу мәселелері мен даму болашағы қарастырылды.
Дипломдық жұмысты зерттеудің нәтижелері қорытындыда жинақталған.
1 БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Несиелік саясат түсінігі, мәні және мазмұны
Несие саясаты - бұл жеке және қоғамдық мүдделерге сәйкес ссудалық капиталды орналастыратын кредитор ретінде банктің қызметіндегі іс шаралардың жиынтығы.
Несие саясатының мақсаты мен тапсырмалары:
* несиелендіру бағытын таңдау;
* несиелік операцияларды қалыптастыру технологиясы;
* несиелендіру үрдісін бақылау жатады.
Несие саясатының мақсаты қосымша ақша қаражаттарының түсуінде клиенттердің қажеттілігін қанағаттандыру бағытында банк қызметінің соңғы қорытындысын көрсетеді. Қайтару негізінде түскен бұл қаражаттар кәсіпорынның, ұйымның, басқа да заңды және жеке тұлғалардың өмірлік қызметін қамтамасыздандырады, өндірістік процестердің үздіксіздігіне жағдай жасайды. Банк өзінің клиенттерінің болашақ серіктестестіктері болып, жаңа өнімдердің өндірісіне, жаңа және әрекет етуші ұйымдардың дамуына, жаңа өндіріспен аймақтардың, халық шаруашылығының салаларының дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламаның дамуына көмектеседі. Мұнда банктер коммерциялық кәсіпорын ретінде өздерінің жеке мақсаттары - пайда табу мүддесін жүзеге асырады.[2]
Несие саясатының тапсырмалары :
* Банктік несие құрамының жақсаруымен байланысты болуы мүмкін, айналымдылық жылдамдығының қажеттілігіне қамтылғани ссудалардың үлесінің көлемінің өсуі және т.б.
* Несиелендіру бағытын таңдау несие саясатының мақсатынан шығады,оның орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл элемент банк стратегиясының бөлігі болып табылады. Банктер халық шаруашылығының белгілінген салаларыны, ұйымдарының несие қызметіне өз күшін салады, несиелендіруде негізінен жеке тұлғалар мамандандырылуы керек, банк аралық несиелерді, соның ішінде халықаралық несие операцияларын және т.б дамуы керек.
* Несие саясатында несие операциясын жетілдіру технологиясыда басты орын алады. Тәжірибе көрсеткендей банктер белгіленген ережелерді бұза алмайды, экономикалық және заңдық нормалардың қатынасында қателіктерді жібермеу керек, бұл негативті жағдайларға әкеліп соқтырады.
Банктер бұндай жағдайда өздерінің несиелерін талап ете алмайды, ссудалық пайызды өз уақытында ала алмайды және т.с.с.Несие саясатында тағы бір маңызды элемент болып несиелендіру үрдісінде банктердің жүргізетін бақылауы табылады. Аталған элементтердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Олардың ішінен біреуін бұзсақ несие қызметінде зиянға әкеледі. Банк мысалы, несиелендіруді , оның жүзеге асуын бақылап алмай мақсат қоя алмайды. Ссуда алу үшін құжаттары дұрыс жиналып тұрса да, егер несиелендіру бағытымен мақсаты дұрыс таңдалмаса онда несие операциясының тиімділігіне негативті әсер етеді.
Банк өз бетімен несиелік мекеме бола отырып, кейбір факторларды ескере отырып, өзінің несие саясатын жүзеге асырады. Несие саясатына әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы деп бөледі.
Сырткы факторларға саяси және экономикалық жағдай, банк заңдылығының даму деңгейі; банкаралық бәсекелестік жағдайы; банктік инфрақұрылымның даму дәрежесі және т.б. жатады. Елдегі саяси жағдайлардың тұрақсыз жағдайы, банктердің несиелік салымдарын ұстап қалуы мүмкіндігі,шекарадан капиталдарды шығартпауы мүмкіндігі. Экономикалық жағдай несие операциясының дамуын шешуші болып табылады. Өндірістің құлдырауы кезінде несиеге сұраныс төлем қаражаты сияқты өседі, бұл мезгілде несиені қайтармау тәуекеліде өседі. Экономикалық құлдыраудың артында жүретін инфляция кенеттен ұзақ мерзімді несиелік салымдарды қысқартады, делдалдық операциялар мен сауда сомасына өндірістік сомадан ссудалық капиталдардың құйылуына әкеліп соқтырады.[26]
Елдің ішіндегі экономиалық жағдайлар келесідей әсерлерге байланысты болады;
- Мемлекетің салық саясаты (банктің пайдасына салық қазіргі жағдайда кәсіпорын пайдасына салықтан жоғары)
- Банктердің меншікті капиталына Ұлттық Банктің резервтеу нормасының мөлшерін талап етеді (мысалы несие операциясының дамуы үшін банктер тартылған қаражаттардың 20%-ын өзіне алып қалмайды)
- Кәсіпкерліктің ережелері туралы берілген ұлттық дәстүрлерден тұратын жұмыс ортасы.
Банктердің несие саясатына заңдылық базасының да әсері өте зор. Банктік заңдылық жалпы банк - несие беруші мен несиегердің мүдделерін қорғауынан оның жетілдіру дәрежесін, банктік қызметтің ережелерін анықтайды. Заңдылық базасы мықты болмаса несиелік немесе басқа да банктік операциялардың түрлері дами алмайды.
Мысалы, ипотека туралы заңның болмауы несиелік қатынастарының, яғни әлеуметтік саланың дамуына кедергі келтіреді (үй құрылысына) және шағын бизнестің құрылыс саласының артта қалуына әкеліп соғады. Алайда банктердің үлесті жарналық құрылыстың қазіргі таңда орын алып жатқан проблемаларына қарамастан құрылыс саласын несиелендіру саясаты ынталандырушы фазасында.
Несие операциясының дамуының басты факторы болып банкаралық бәсекелестік табылады.Несие саясатына әсер етуші сыртқы факторларға банктік инфрақұрылым жатады.Бұдан банктің өмірлік қызметін қамтамасыз ететін жүйе түсінігі анықталады. Бұл ақпараттық, әдістемелік, ғылыми және оқуды қамтамасыздандыру, байланыс пен комуникацияның қазіргі құралдары.
Несиелік саясат банктің стратегиясын оның тәуекелді басқару облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік қызметтің төмендегідей негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:
- несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен критерийлерін;
- несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс - әрекеттерін;
- сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің сапалылығын;
- ішкі бақылау қағидаларын.
Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы (әртараптанды-рудағы) іс - әрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірибеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін құрайды.
Нарық жағдайында жалпы экономиканың, салалардың, кәсіпоріндардың кейбір топтарының, жеке клиенттерінің қызметтері туралы кең көлемдегі ақпараттық агенттік жұмыс жасайды. Бір жағдай болып қалғанда Орталық банктер клиенттерге жүргізеді, Коммерциялық банктерге олардың мүліктері, олардың потенциалды борышкерлерінің қаржы жағдайы туралы мәліметтерді береді.[3]
Арнаулы агенттер өздерінің банктерін бағалауды қалыптастырады. Бұл елдерде көптеген статистикалық жинақтар беріледі, анықталған жобаларды несиелендіру туралы сұрақтарды шешуге банктерде пайдаланылатын оперативті мәліметтер жинақталады.
Несие саясатына әсер ететін ішкі факторларға банктің ресурстық базасы және оның құрылымы; несиелік мекемелердің өтімділігі; банктің мамандандырылуы; арнаулы оқылған персоналдың болуы жатады.
Банктердегі ресурстардың болуы несие саясатын жүргізуге шығын болып табылады. Егер несие операциясының кірістілігі жоғары және тәуекелділігі төмен болса, банк несиелендіруге арналған ақша қаражттарының көлемін көтереді; егер тәуекелдер шексіз болса, онда несие операциясының көлемі қысқарады.
Несие саясатында банктерінің ережесіндегі ақша қаражаттарынан тұратын құрылымы әсер етеді. Егер оның құрамында ұзак мерзімді ресурстар біршама үлестік көлемді алса, онда банк ұзақ мерзімді үшін үлкен мүмкіндіктерді қолданады.
Несие саясаты банктің өтімділігінен, банктердегі шоттарда ақша қаражаттарын сақтандыру, заңды және жеке тұлғалардың, несие берушілердің алдындағы міндеттемелерді орындауға мүмкіндігіне байланысты.
Орталық банк коммерциялық банктің сақтауға тиісті өтімділіктерін белгіленген нормативтерін бекітеді. Банктің несие саясатын оның мамандандырылуының сипаттамасын анықтайды. Банк несиелікке емес, басқа (мысалы, валюталық) операцияларға мамандануына болады. Сонда несие саясаты кең көлемді болады, егер банк белгіленген саланың қажеттілігіне қызмет көрсетуге маманданса, онда оның несиелері басқа саланың ұйымдарымен емес, сол саламен өте тығыз байланыста болады.
Несие саясатына банктегі арнаулы оқылған персоналдардың болуы да әсер етеді. Коммерциялық операциялардағы персонал тек оны құрастырудың техникасын білу керек емес. Ол сонымен қатар клиенттердің несие қабілеттігін экономикалық талдаудың әдістерін, несиелендіретін шараның тиімділігін, кепіл бағасын, басқа да несиенің қайтарылуын қамтамасыз ететін нысандарды білуі керек. Борышкерлермен жұмыс жасайтын персонал несие операциясын жүргізу технологияларымен стандарттарын, арнаулы оқу ережелерін оқыған банктік кадрлардің біліктілік бөлігі.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшуінде қызмет ету тиімділігінің өсуі, инфрақұрылымды қалыптастыруы несиелік қатынастарынсыз жүзеге асырылмайды.
Банктердің ақша қаражаттарын орналастыру ҚР Азаматтық Кодексінің талаптарына сәйкес банк пен клиенттер арасындағы несиелік келісім болып табылады. Егер несие Қазақстан Республикасының заңнамасының шарттарына сәйкес келсе, онда ол банктік қарыз келісімі негізінде беріледі.
Несие - өндірістік күштерді ынталандырады, ғылыми - техникалық прогресстің негізінде өндірісті кеңейту үшін капитал көздерін қалыптастырады. Несие арқылы капитал мен ресурстардың ағымы жүзеге асырылады және жаңа құн қалыптасады. Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 31 тамызындағы № 2444 Қазақстан Республикасындағы банк және банктік қызмет туралы Заңында және 1997 жылғы коммерциялық банктерді қадағалаудың Базельдік стандарттарына сәйкес қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін комплекстік механизмдерінің құрамдас бөлігі сияқты банктік реттеу мен қадағалауды тиімді жүзеге асыру ҚР екінші деңгейлі банкттердің несие портфелінің сапасының жоғарылауында ерекше орын алады.[21]
Банк несиені берудің алдында несие саясатын анықтауы (өзінің басқа да қызметтеріне бағытталуы керек, яғни депозиттік, пайыздық, тарифтік, техникалық, кадрлық, клиенттерге қатысты, бәсекелестергк қатысты және тағы басқа), сонымен қатар несие саясатының тәжірибелік қызметіне ауысуын қадағалауы:
Коммерциялық банктің несие саясаты - анықталған қаржылық қорытындыларға жету үшін банкпен жүргізілетін ақша - несие шараларының жүйесін білдіреді және банктік саясаттың бір элементі болып табылады.
Несиені беру мен алу сферасындағы банктің стратегиясы мен тактикасы оның несие саясатының негізі болып табылады. Несие саясаты стратегия бөлімінде несие нарығындағы нақты банктің мақсаттары мен принциптерін, приоритеттерін қосады, ал тактика бөлімінде несие мәмілелерін жүзеге асырғандағы оның мақсатын жүзеге асырудағы банкпен қолданылатын қаржылық және тағы басқа құралдары, несие процесін ұйымдастыру тәртібі.
Шетел тәжірибесінде несие саясатының қалыптасуы, біріншіден, директор кеңесімен бекітілген стратегияны анықтау, екіншіден, банктің стратегиялық бағытталған қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін несиелік операцияларды жүзеге асыру.[8]
Несиелендіру сферасында банктің алдына қойған жеке мақсаттарына келесі шарттар негізгі рөлді атқарады:
а) Келешек периодқа банк қызметінің жалпы мақсатын белгілеу, табыстылықпен және өтімділікпен байланысты;
ә) Мемлекет бойынша орталықтандырылған несие ресурстарын несиелік салымдардың жалпы сомасына қатынасымен қоса, несие нарығын дұрыс талдау;
б) Банктің ресурстік базасын дамыту перспективаларының анықтылығы;
в) Несие портфелінің сапалығын дұрыс бағалау;
г) Персонал квалификациясының динамикалық деңгейін есептеу.
Коммерциялық банктердің несие процесін ұйымдастыру бір - бірімен тығыз байланысты элементтерге сүйенеді:
1) Клиентпен ұзақ мерзімді немесе бір реттік несиелік мәмілені анықтайтын өзара қатынас принципі (клиенттерге қызмет көрсету сапасын жоғарылату, олардың сұраныстарын қанағаттандыру).
2) Несие ісіндегі банк приоритеті, яғни берілген ссудалардың түрімен, сондай - ақ несиені қайтарудағы қамтамасыз ету формасы байланысты болады.
3) Моральды құндылықтар жүйесі, оның ішінде, тәртіптілік, өзара сенімділік, шындылығы.
Несие саясатын қалыптастырғанда банк объективті және субъективті факторларды есепке алуы тиіс. Ақша - несие шараларының жүйесі болып табылатын несие саясатын қалыптастырудың бірінші сатысында банктің аналитикалық және маркетингтік қызметтері жүргізеді. Онда мемлекеттегі макроэкономикалық жағдайды бағалау, потенциалды қарыз алушылардың қызметін бағалау, таңдап алынған несиелендіру бағытының жүйелі динамикасын талдау, ссуда алушылардың әр түрлі категорияларымен банк персоналдарының жұмысқа әзірлігін тексеру, банкішілік нормативті құжаттарын есепке алу жүзеге асырылады.
Коммерциялық банктердің несие саясаты несиелік потенциалдың көздерінен және экономикалық жағдайлардан негіз алады. Оны сәтті жүзеге асыру үшін банкке несиелік потенциалдың қаражатының ағымына әсер ететін факторларды есепке алуы керек. Несиелік потенциал көздеріне келесі негізгі нысандар жатқызылады:
- Банк клиентінің көлемінің өсуі;
- Банктегі клиент пен қатысушылардың қаражаттарының өсуі;
- Банктік ұйымдастырушылық желісінің өсуі;
- Мақсатты бағытталған банктің клиенттері мен қатысушылардың қаражатының бірігуі.
Банктің несиелік потенциалының тұрақтылығына ұйымдар мен кәсіпорындардың қаражаттарының өтімділігі, оны қолдану тиімділігі көрсетіледі.
Банктің несие саясаты несиені рәсімдегенде, оны басқарғанда, ұсынғанда банк қызметкерлерімен басқарылатын процедураларды, параметрлерді, стандарттарды анықтайды, яғни несиелендіру процесін қосатын, несиені берудегі алдын ала жүргізілетін жұмыстарды регламенттейтін тұрақты құжатты жазбаша рәсімдегенде жүзеге асырылады. Несие нарығында банк қызметтерінің аспектілерін регламенттейтін несие саясатының нақты периодының (1 жылға дейін) меморандумын және келесілерді өзіне қосады:
1) Келешек периодқа банктің несиелік жұмыстарының негізін бағыттау, несие тәуекелін сақтандыру және рентабельділігінің деңгейін қамтамасыз ететін несиелік қызметтің көрсеткіштерін.
2) Несие беру тәртібінің ережесі.
Несиені беру мен алу сферасындағы банктің тактикасы мен стратегиясы несие саясатының негізін құрайды және келесі элементтерді қосады:
- Банктің несие портфелі қалыптасатын мақсатты анықтау (қамтамасыз етудің түрлері, мерзімдері, көлемдері және сапасы);
- Несиені өтеу, жүргізу, беру процесіндегі банк бөлімдерінің уәкілеттілігін суреттеу;
- Қажетті құжаттар тізімі;
- Несиені қамтамасыз ететудің жүзеге асырылуы мен бағалаудың негізгі ережелерін қабылдау;
- Несиелендіру операцияларын лимиттеу;
- Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені қалыптастыру саясаты;
- Несие өтінішін бағалау методикасы;
- Қиындық туғызатын несиелерді сипаттау, оларға талдау жасау.
Несие саясатын жүргізу банктің ресурс құрылымымен байланысты, ал несие саясаты банктің өтімділігімен байланысты болады. Несие классификациясының негізгі критериі олардың қамтамасыз етілуі болып табылады, яғни гаранттың бар болуы кредиторға ссуданы қайтаруды және қарыз алушыдан белгілі бір соманы қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Банктік операциялардың нақты түрлерін реттеу және несиелендіру көлемін нормативтік шектеулер көлемімен жүргізіледі және де коммерциялық банктердің өзі өз келешек қарыз алушыларын, несие түрін, ссуда портфелін қалыптастыруын, пайыздық мөлшерлеме көлемін таңдайды.[6]
Несие операцияларының табыстылығының жоғарылауы және олар бойынша тәуекелдің төмендеуі - екі қарама - қарсы мақсат. Қаржылық қызметтің барлық сферасындағыдай, жоғары тәуекелді операциялар инвесторларға тән ережені ұстауы керек - несиелендірудің жоғарғы табыстылығын және жеткілікті тәуекелді салымдарын аз тәуекел деңгейімен салыстыруы керек. Банктік несиелеудің нәтижелілігі үшін маңызды болып банктің өзінің ақшалай-несие іс-шараларының жүйесі ретіндегі банктің несие беруге дейінгі белгілі бір қаржылық нәтижеге жету үшін жүргізетін несиелік саясатын анықтау болып табылады. Банктің несиелік саясаты несиелерді алудың параметрлері мен процедуралары, несиелерді басқару және оларды несиелік саясат түрінде анықтайды. Несиелік саясатты қалыптастыру мен оны таратудың механизмдерін анықтаумен бірге сапалы несиелік банктік портфельдің жағдайын қамтамасыз ететін банктік несиелеу ұйымдары банк операцияларын несиелеудің әр түрі бойынша және қолданылатын қаржы құралдарын несие технологияларын несиелеудің әдістері, түрлері тәсілдері ретінде есепке алады.
1.2 Коммерциялық банктің стратегиясы мен тактикасы ретінде несиелік саясаттың мақсаты және оны анықтайтын факторлар.
Коммерциялық банктердің несие саясаты нарықтық қа - тынастар жағдайында несие беру тәжірибесін жетілдіру, банк ссудаларының қайтарылуын қамтамасыз ету, банк - тер - дің тәуекел шығындарын жоюы мақсатында жасалады.
Коммерциялық банктер несие саясатының жалпы қа - ғи - даларын (меморандум) әзірлеп-жасайды, оның басты мақсатын және несие берудің негізгі бағыттарын қалып - тас - ты - рады. Банктер тәуекелге жол бермеуге, сапалы несие қоржынын қалыптастыруға мүдделілік танытады.
Несие саясаты несие беру және ресімдеу, оны басқаруға жауап беретін стандарттар мен параметрлерді анықтайды. Ақылды несие саясаты несие қатынастарын дамытуға арналған несие стратегиясы мен тактикасын жасаудағы директорлар кеңесі мен несие бөлімі қызметкерлерінің дұрыс әрекетін атап көрсетеді. Банктің айқын несие саясаты несие тәуекелдерін дұрыс басқаруда негізгі бағыт сілтеуші болып саналады.[8]
Коммерциялық банктер ішкі несие саясатын жасау кезінде белсенді болуға тиісті, өйткені несие операциялары банктердің негізгі қызметі болып табылады.
Несие саясатын анықтау кезінде несие стратегиясын клиенттердің құрамы ретінде, сол сияқты оларға берілетін ссудалардың (көрсетілетін қызметтердің) спектрі ретінде ұйымдастыру көзделеді. Банктің несие саясатының мақсаты құқықтық реттеудің белгілі бір элементтерін, қаржыларды алу мүмкіндігін, рұқсат етілетін тәуекел дәрежесін, несие қоржынының балансын қамтуы тиіс.
Банк тәжірибесінде несие саясатына мыналар өз әсерін тигізеді: капиталдың болуы, ссудалардың жекелеген түрлерінің тәуекел дәрежесі, депозиттердің тұрақтылығы, ссудалардың пайдалылығы, жалпы экономикалық ахуал, банк қызметкерлерінің тәжірибесі, банктен қарыз алушы - лар - дың несиені қажетсінушілігі, банкті басқарудың сапасы және т.б.
Несие саясатын айқындау кезінде директорлар кеңесі мен банктің жоғары деңгейдегі қызметкерлерінің алдында жол беруге болатын тәуекел деңгейі мен банктің кірістілігін анықтау қажеттілігі туындайды. Кез келген коммерциялық банктің несие саясатында өзі қызмет көрсететін ауданның (аймақтың) несиеге деген қажеттілігін қанағаттандыруы аса маңызды болып табылады, олай болмағанда банк өз мағынасын өзінен өзі жоғалтады.
Коммерциялық банктің несие саясатының негізгі элементтері саналатындар: қызмет жасау ауданы (жағра - пия - лық бағыты), несие түрлері мен саланы (клиенттерді) таңдау, қолайлы түрде қамтамасыз ету мен несие төлеу қа - бі - леті, ссуданы қайтару мерзімдері және олардың тәуекел - мен өзарабайланысы, банктің өтімдігі, несие берудің ең жоғары шектен асып кетуі, есеп шоттағы өтемақы қал - ды - ғы, қарыз алушыға ссудалар берудегі банк міндеттемесі, ссуда қоржынының көлемі.
Коммерциялық банктердің несие саясаты банк ме - недж - ментінің маңызды бағыттарының мазмұнын ашатын мынадай жағдайлар арқылы қалыптасады:
1. Несие қоржынын қалыптастырудағы банктің мақсаты (несиелердің түрлері, қайтару мерзімдері, несие көлемі, несиелердің сапасы);
2. Несие комитетінің (қызметкерлердің) несиенің ең жоғары сомасы мен түрлерін анықтауға өкілеттігі;
3. Қызметкерлердің міндеттері және ақпараттар беру, тексеру, бағалау және клиенттердің несиеге тапсырыстары бойынша шешімдер қабылдаудағы олардың құқығы;
4. Несие процесі үшін қажетті құжаттардың жиыны (қаржылық есеп, шарттар, кепілдіктер, міндеттемелер және т.б.);
5. Қабылдау ережесі, бағалау және несиемен қам - та - ма - сыз етуді жүзеге асыру;
6. Пайыздық ставкалар саясатын сипаттау, ставкалар мен комиссияларды белгілеу, несиелерді қайтару жағдай - ла - ры;
7. Несиелер сапасының стандарттарын, несие салым - да - ры - ның ең жоғары мөлшерін сипаттау, проблемалық несие - лерді анықтау және талдау.
Комерциялық банктің жалпы мақсаты табыстылық, рентабельділік, өтімділік тәуекелді азайту, портфельді оңтайландыру (депозит саясаты, қаржы рыногындағы саясат несие беру, несие пайызы саясаты жәнет.б. ) тұрғысынан оның саясатының басымдық бағыттарын анықтау болып табылады. Банк әлеуметтік жүйе болғандықтан, ал адамдар өз әрекетінде жеке мақсатын, мүддесін басшылыққа алатындықтан банк мақсаты оның иелерінің, басшыларының, қызметкерлерінің, сондай-ақ банк клиенттері мен банктік қадағалау органдарының жеке мақсатына негізделеді. Әлбетте қожайындар үшінмаңызды мақсат - банктің өсуі (активтің, меншікті капиталдың, клиенттердің, операциялардың, ең бастысы табыс пен акциялар бағасының артуы).Басқарушылар мазмұны мен мерзімі әрқилы мақсаттарды көздейді, өйткені олар жұмыстың тиімділігі мен пайданың өсуіне жауап береді. Банк клиенттері үшін (несиеорлар мен қарызгерлер) табыс табуға байланысты мақсаттары әр түрлі болады, олардың мүдделері қарама-қайшы, бірақ олардың сенімді банкті серіктес еткісі келетін тілегі бір. Банк қызметкерлерінің негізгі мақсаты - ағымдағы табыстылық деңгейін жоғарылату, ал мемлекет банктің қызметін талдай отырып, оның сенімді әрі орнықты болуын қалайды.[3]
Банк мақсатын анықтау үшін қажетті ресурс таңдау да маңызды. Мәселен, маркетинг саласы бойынша банк басшылары қабылдаған банк дамуының түпкілікті мақсаты банктің клиенттер мен әріптестерге қатысты ұстанымын білдіреді. Сонымен бірге банк акционерлердің негізгі құндылығына және даму тәжірибесіне байланысты шағын бизнестік мәдениетке, банктің нарықтағы орны мен роліне, ресурстардың сипаты мен үлесіне, тәуекел дәрежесіне және т.б. айрықша ықылас бөледі.
Аталған жеке мақсаттарды келістіру нәтижесінде мүдделі тараптардың арасында уағдаластыққа ымырашылдыққа қол жеткізу арқылы мақсаттарды үйлестірудің көп факторлы күрделі міндеті туындайды. Сондықтан коммерциялық банктің негізгі мақсаты - кең мағынада қолданылатын оның дамуы. Коммерциялық кәсіпорынның экстенсивті дамуы және интенсивті дамуы (сапалық сипаттамасы), яғни әрекет ету тиімділігінің артуы сондай-ақ, банктің әлеуметтік институт ретінде дамуы: акционерлердің, клиенттердің, банк қызметкерлерінің мүддесін қамтамасыз етуі тұрғысында және банктік қадағалау органдары жағынан дамуы сөз болады.[25]
Банктің несие саясатын банк саясатының бір элементі ретінде қарастыра отырып несие саясатының мақсаты банктің жалпы стратегиялық мақсатымен органикалық байланыста болатыны атап өту орынды. Коммерциялық банктің банк саясаты мен несие саясаты ортақ бірмақсатқа жұмылған - салымшылардың ақша қаражатынан пайда табу, сондай-ақ банктің орнықтылығымен пайдасының өсуіне кепілдік беретін қызмет түрін көбейту және көлемін ұлғайту бағытында банктің үздіксіз дамуы. Бұдан шығатыны: несие саясатының мақсаты тартылған қаржыны тиімді орналастыру үшін жағдай жасау, банк пайдасының өсімін қамтамасыз ету (несие операцияларының табысын көбейту және депозит операцияларының шығынын азайту, сондай-ақ сапасы төмен несие шығынын болдырмау.
Талдау нәтижесі бойынша мынадай қорытындыға келуге болады: комерциялық банктің несие саясатының мақсаты мына мәселелерді біріктіреді: несие рыногын талдау және несие тәуекелін азайту мақсатында мақсатты рынокты анықтау; несие беру және қаржыны депозитке тарту нәтижесінде пайданы көбейту; банктің депозиттік және несие портфелін басқаруды оңтайлагдыру; проблемалық несие үлесін кеміту; несиеті басқару тұрғысынан банк өтімділігін ұстап тұру.
Барлық банктер үшін бірдей, бірыңғай несие саясаты болмайтынын білу қажет. әрбір нақты банк өзінің несие саясатын анықтайды, оның қызмет ету өңіріндегі экономикалық,саяси, әлеуметтік жағдайды ескереді немесе осы банктің жұмысына әсер ететін сыртқы және ішкі тәуекелдердің бүкіл жиынтығын назарға алады. Банктің жиынтық тәуекелі жоғарылайды, болмаса, несие саясатының сапасы төмен немесе несие саясатының негізгі ережелерін нақты атқарушыларға жеткізе білмеген - міне, мұның бәрі оны жүзеге асыруға кедергі келтіреді.
Банктер несие саясатын әзірлеген кезде өздерінің қызметіне тікелей әсер ететін бірнеше факторларды талдайды. Олардың ішінде барлық банктерге ықпал ететін макроэкономикалық факторлар және нақты бір банктің жұмысына әсер етуші микроэкономикалық факторлар бар.
Банк саясаты бүтіндей және комерциялық банктің несие саясаты ішінара нарықтық қатынастардың қазіргі қалыптасу кезеңінде екі түрлі факторға тәуелді. Бірінші топтағы факторлар банктің сыртқы саясатын айғақтайды (нарық жағдайы, тәуекелдер, инфляция деңгейі, бәсеке, банктік операциялар мен қызметтерге сұраныс және т.б.) олардың ішінде ең маңыздысы деп мынаны атауға болады:
* Еліміздің жалпы экономикасының күйі, инфляция деңгейі, ішкі жалпы өнім өсімінің қарқыны, бюджеттің жетіспеушілігі және т.б.
* ҚР Ұлттық Банкі мен ҚР Қаржы министрлігінің ақша-қаржы саясатының ықпалы.
* Орталық банктің тәуелсіздік дәрежесі, банктердің еліміздің саяси өміріне қатысуы және т.б.
* Халық табысының деңгейі, банк қызметін пайдалану деңгейі, әлеуметтік жеңілдіктің болуы және т.б.
* Банк қызметінің өңірлік еркшеліктері.
* Бәсеке деңгейі.
* Банк өнімдері мен қызметінің бағасының деңгейі.
* Қоғамның саяси деңгейі.
* әлеуметтік шиеленіс.
* Клиенттердің банк несиесіне деген сұранысы.
Банктің несие саясатына елміздің жалпы экономикасы сондай-ақ банк орналасқан аймақтың жағдайы әсер етеді. Бұл сыртқы әсерлердің, яғни банк жұмысымен оның клиентіне тәуелсіз тобына жатады (экономикалық, саяси, әлеуметтік). Әдетте дағдарысты экономика кезінде банк жүйесі күшті бола алмайды. Ол инфляцияның бүкіл қиындығын, төлем дағдарысын, бюджеттің жетімсіздігін ІЖӨ, ҰТ және т.б. құлдырауын бастан кешеді.
1.3 Несие саясатын оңтайландырудың принциптері мен критерийлері
Банктің несие саясаты принциптерінің өзара ықпалы арнайы зерттеудің тақырыбы болған емес. Сонымен бірге қоғамның экономикалық дамуының қолданыстағы заңдарының жүйесін ғылыми игеру, олардың әрекет етуін, қолданылу нысанын түсіну несие процесін жетілдірудің алғы шарттарының бірі болар еді.
Несие саясатының принциптері несие процесінің негізі болып табылады, яғни оларды игерген сайын комерциялық банктің өтімділігі мен табыстылығын қамтамасыз етуші қызметі тиімді болады.
Банктің несие саясатының принциптері арнайы зерттеу тақырыбы болмағандықтан және экономикалық баспасөз бетінде талқыланбағандықтан банктің несие саясатының жалпы және өзіндік принциптерін атап өту маңызды.
Несие саясатының жалпы принциптері деп орталық банктің мемлекеттік несие саясаты үшін макроэкономикалық деңгейде жүргізілетін, сондай-ақ әрбір нақты комерциялық банктің несие саясаты үшін жүргізілетін бірыңғай принциптерді түсінеміз.
Банктің несие саясатының принциптері несие қатынастарының субьектілерінің экономикалық мүдделілігін ынталандырады және жалпы халық шаруашылығы ауқымында несие саясатын жүзеге асыруда маңызы зор. Банктің несие саясатының негізгі міндеті несиеті өзінің мәніне қарай қолдануды қамтамасыз ету болып табылады. Осылайша несие саясаты өзінің принциптерін жүзеге асырудың тәсілі ретінде көрінеді. Несие саясатының сапасын оны сипаттайтын принциптердің орындалу деңгейі анықтайды.
Банктің несие саясатының маңызды жалпы принциптері деп біз ғылыми негіздеуді, оңтайландыруды тиімділікті сондай-ақ несие саясаты элементтерінің үздіксіз тығыз байланысын бірлігін айтамыз, өйткені тек ғылыми негізделген несие саясаты ғана өмірдің объективті шындығы мен субъективті факторларын ескере отырып, мемлекеттің банктің (институттық құрылым ретінде) оның қызметкерлері мен клиенттерінің оның ішінде халықтың мүддесін неғұрлым толыққанды білдіреді. Осылайша тек ғылыми негізделген несие саясаты ғана банктің дамуының белгілі бір кезеңінде алдына қоятын мақсаттарға барынша сәйкес келеді. Бұдан шығатыны, тек ғылыми негізделген несие саясаты ғана банк үшін (орталық және комерциялық) оңтайлы, неғұрлым тиімді басымдық бағытта болып табылады.[4]
Комерциялық банктің несие саясатының өзіндік принциптері төмендегідей: табыстылық, пайдалылығы (кез келген комерциялық банк үлкен пайда табуды көздейді), сондай-ақ қауіпсіздік, сенімділік (банк қандай да жолмен емес, нарық ақиқатын ескеріп, табыс табуға тырысады).
Коммерциялық банктің несие саясатының негізгі принциптері:
* Жалпы - өзіндік
* Ғылыми негізделуі
* Оңтайлылық
* Тиімділік
* Несие саясаты элементтерінің тығыз байланысы, бірлігі Табыстылық, пайдалылық
* Қауіпсіздік, сенімділік
Жалпы жоғарыда аталған принциптерді сақтау банктің несие саясатының тиімділігін арттыру үшін маңызды шарт болып табылады.
Осылайша комерциялық банктің оңтайлы несие саясатын жалпылай алғанда банктің шығынын жауып, белгілі бір пайдасын таза табысын әкелетін саясат деп анықтауға болады. Сонымен бірге банк қызметінде табыстың немесе тіпіті шығынның болмауы тиімсіз несие саясатының нәтижесі сияқты қаралмауға тиіс. Банктің несие саясатын әзірлегенде стратегиялық және тактикалық мақсаттар есепке алынады. Шынында да банк қызметіндегі және оның несие саясатындағы басымдық бағыттар банктің несие операцияларының пайдасын, сенімділігін, қауіпсіздігін қамтасыз ететін болу қажет. Жалпы алғанда коммерциялық банктің несие саясатының дәл осы принциптерінің сақталуы тиімді және оңтайлы несие саясатының критериі болып саналады.
Теориялық тұрғыдан келгенде статикалық және динамикалық оптимум деп бөлуге болады. Статистикалық оптимум банк дамуының деңгейін, жүргізілетін операциялар мен қызмет санын, банктің еңбек, материалдық, қаржылық ресурсын анықтайды. Ал динамикалық - мүмкін болатын өзгерістерді ескере отырып, осы параметрлерді болашақ жоспарда әзірлейді. Статистикалық оптимум әдетте есеп балансы бойынша анықталады, өткен кезеңдегі қаржы мен инвестиция көздерінің құрылымы пропорциясы туралы қажетті ақпарат алады. Алайда озық нұсқа таңдау үшін бұл жеткіліксіз, өйткені есеп балансында бұған балама жоқ. Сол себепті экономиканың кез келген субьектісінің, банктердің қызметінің негізі болып табылатын жоспарлы құжаттар (бизнес-жоспар, маркетинг жоспары, несие саясатының жоспарлы құжаты) әзірлеу қажет.Коммерциялық банк несие саясатын зерттеу оның жұмысын талдаудың мынадай бағыттарын анықтайды. 1) клиент сапасын, оның несиетік төлем қабілетін бағалау; 2) несие беру кезеңі (несиені беру және өтеу); 3) несие бағасы, пайыздық ставка деңгейі; 4) арнайы шарттар мәселен жеңілдіктер; 5) несиені өндіруге байланысты шығын деңгейі.
Коммерциялық банктің оңтайлы саясаты дегеніміз банк табысы мен пайдасы шексіздікке, ал шығындары мен тәуекелдері ең төменгі шекке ұмтылатын саясат.[10]
Жалпы қоғамда экономикалық қатынастарды оңтайландыру проблемасы күрделі экономикалық және қаржы мәселелерінің біртұтас кешенін қамтиды: экономика субьектісі деңгейінде оңтайлы шаруашылық жүргізу критериін әзірлеуден бастап, қоғамдық ұлғаймалы өндіріс құрылымын жетілдіруге дейін.
Банк несиесі кәсіпорының, яғни несие алушының есеп айырысу шоттарындағы қаражаттарының мөлшеріне қарамай-ақ беріледі және қолма-қол емес тәртіппен несие алушының қарыз шотынан оның есеп айрысу шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі. Несиелік борышты өтеу тәртібі, нақты мерзімі, әдістері несиелік келісімшартта қарастырылады. Егер несие алушы келісімшартта белгіленіп көрсетілген мерзімінде несиелік борышын өтей алмайтын болса, банк мекемесі алдын ала несие алушының рұқсатынсыз кепілдік берушінің шотынан қарыз сомасын қайтару жайлы талап қояды.
Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері деп атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік меміле жасалмайды. Несие берушілерге мемлекет, банктер (орталық және коммерциялық), банк типтес мекемлер мен қаржылық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары да жатады. Кейбір жағдайларда, несиенің коммерциялық формада берілуіне байланысты несие берушіге өнім өндіруші кәсіпкерлер де жатуы мүмкін. Ал, қарыз алушыларға қаражатқа деген уақытша қажеттілігі бар кез-келген заңды және жеке тұлғалар жатады.
Несиелеу объектісі - бұл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады. Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік шикізат қорларын, негізгі және көмекші матариалдарды, жанармай, ыдыстар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар, киімдер, азықтар және басқа да материалды құндылықтардың маусымдық жинағын және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымдық қорлары жатады. Мұндай қорларды жасау, ең бастысы, өндірілген жөне өнімдерді сату працесімен тығыз байланысты.
Несиелеу обьектісіне, экспортты және импортты тауарлар мен қызметтермен жабдыктау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын занды және жеке тұлғалардың сатып алынған шикізаттары, материалдары, құралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілсрдің кірістері мен шығыстары арасындағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz