Мемлекет пен бизнес


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І Мемлекет пен бизнестің арақатынасының теориялық негізі . . . 5
- Мемлекет пен бизнестің серіктестігі: маңызы, шарты, факторы . . . 5
- Мемлекет пен бизнестің арақатынасының дүниежүзілік тәжірибелері . . . 10
- Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің ұйымдық -құқықтық негіздері. . 25
ІІ Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің даму болашағы . . . 33
2. 1 Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің ерекшеліктері . . . 33
2. 2 Мемлекет пен бизнестің өзара арақатынасының мәселелері . . . 37
2. 3 Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің негізгі бағыттары . . . 59
Қорытынды . . . 79
Пайдаланған әдебиеттер . . . 81
КіріспеТақырыптың өзектілігі: Қазіргі жағдайда мемлекеттің экономикалық құрылымын жоспарлау оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес. Бұл жүйе қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпыэкономикалық қатынастардың құрамды бөлігі. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады.
Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық экономикалық құрылымын қалыптастыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттің қаржылары әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.
Қаржы жүйесі мемлекеттің көптеген қаржыландыру институттарын қамтиды. Олар әр түрлі бағыттағы несие институттарымен тығыз байланыс негізінде әрекет жасайды.
Мемлекеттік бюджеттің кірістері біріншіден, орталық және жергілікті органдар жинайтын салықтардан, мемлекеттік заемдардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады.
Мемлекеттік табыстың жалпы материалдық негізін ұлттық табыс құрайды, мұны бөлу және қайта бөлу негізінде бірқатар шаралар жүзеге асырылады. Мұндай қайта бөлу механизмінің негізгі және тұрақты буындары - салықтар, мемлекеттік заем, бюджеттен тыс қорлардан алынған төлемдер.
Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі-салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 процент.
Қазіргі кездігі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны Жалпы Ұлттық Өнімнің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда. Мұндай ықпал көп бағытта жүргізілуде. Табысқа салық салу арқылы манипуляция жасап, мемлекет капиталының қорлану процесіне айтарлықтай әсер етеді.
Салық арқылы реттеу әдістері салалардың бәсекелестігін ынталандыруға, капиталдың қорлануына қолайлы жағдай жасауға, корпорациялардың әлеуметтік қызметін қолдауға кеңінен пайдаланылады. Осы мақсатта түрлі салық жеңілдіктерін беру қажет. Салықтық жеңілдіктер беру арқыла мемлекет өндіргіш күштерді аймақтық орналастыруға, инфрақұрлым объектілерін салуға және тағы басқалары арқылы айтарлықтай әсер ете алады. Салықты реттеуде мемлекет тек жекелеген шаралар жүргізіп қоймай, сонымен қатар барлық шаруашылық конъюнктураға ықпал етеді. Экономикалық тоқыраудан шығу үшін мемлекет салық салудағы жеңілдіктер беру жолымен күрделі қаржыны ынталандырып, тұтыну мен инвеститцияны қолдап, товарларға жиынтық қоғамдық сұраныстың болуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Қазіргі кезде нарықтық экономиканың белсенді құрылысшылары- кәсіпкерлер, іскер адамдар немесе бизнесмендер.
Кәсіпкерлік туралы көзқарас мыңдаған жылдар бойы өндіргіш күштің дамуымен меншік қатынастарымен, Ғылыми-техникалық прогресстің және қоғамдағы өндірісті ұйымдастырудың түріне, оның шоғырлануы дәрежесіне қарай өзгеріп тұратынын атап өту қажет.
Әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғамдық қатынастарды камтидыю Кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық жағдайларында жатыр.
Кәсіпкерлік қызметтің мәні-өндіріс құрал-жабдықтарын шаруашылық объектісі ретінде иемденуде және табыс алу мақсатында өндіріс факторларын тиімді пайдалану. Кәсіпкерлік қызметтің өркениетті дамуы үшін мемлекет тарапынан жағдай жасалуы қажет.
Сондықтан да, Қазақстан Республикасында шағын және кіші бизнес субъектілерінің дамуын мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудың салықтық аспектілері деген актуалды болып табылады.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты- Қазақстан Республикасында мемлекетпен бизнестің ара қатынасын дамуын қарастыру, мемлекет тарапынан қолдау жасау.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегі сұрақтар қарастырылады:
- Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық алғы шарттары;
- Мемлекет пен бизнестің өзара арақатынасының дамуы;
- Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің ұйымдық -құқықтық негіздерін қарастыру
- Мемлекет пен бизнестің арақатынасының дүниежүзілік тәжірибелерін анықтау.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдалан-ған әдебиеттерден тұрады.
І Мемлекет пен бизнестің арақатынасының теориялық негізі
- Мемлекет пен бизнестің серіктестігі: маңызы, шарты, факторы
Бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын франсуз экономисі Р. Контильион (18ғ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функционалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.
Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады. Қазіргі уақыттағы алдыңғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент.
Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына тура келеді, бұл бір қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта талқылаудан қорғайды.
Кәсіпкерліктің анықтамасына тоқталмас бұрын кәсіпкерлікті қандай категорияға жатқызу керек екендігін нақтылап алайық.
Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы құрамдас элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қаклыптасқан мәселелерді өз кезеңінде байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.
Осы ерекшеліктеріне сай кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.
Ірі кәсіпорындар - нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар - эконамика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі.
Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ - түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.
Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 50 адамнан аспайтын жұмысшылар саны бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылмайды.
Қазақстанда бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, форьмалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.
Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші субъектілерінде «кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз байланысты. Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын (тек заңмен тыйым салынбаған) еркін шаруашылықты білдіреді.
Бірақ «кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылғанымен. «Бизнес» түсінігі нарықтық экономика тұрғысынан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қағамның қажеттілігін қамтамасыз ететуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады. Бизнес нарықтық экономиканың барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес - бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады [1] .
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес (жалпы бөлім) : « кәсіпкерлік - азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады» [2] .
Соған қарамастан, тәжірбиеде « кәсіпкерлік » пен «бизнес» терминдері бірін - бірі алмастыруда. Нақтылап кететін жағдай, «кәсіпкерлік » және « шағын бизнес» бірі - біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Әрі қарай, мен, осы дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын боламын. Бәрімізге белгілі, бизнесте жеке секторлар басшылық етеді. Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды? Келесідей себептерді бөліп көрсетуге болады; пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалық әне материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың мативі ретінде келесілерді көрсетге болады: тұлғалардың өзін - өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмытылу.
Енді мемлекет пен бизнес серіктестіктің ел экономикасындағы рөліне келетін болсақ, әлемдік тәжірибеде мемлекет пен бизнес серіктестіктің экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенің көрсетіп отыр. Ол мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде бизнес субъектілері маңызды роль ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін артырытын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, мемлекет пен бизнес серіктестіктің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін талдайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетін көпір болуы қажет. Түрлі қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан бизнес даму үстінде, экономиклық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді шеше отырып қарқын алуда.
Осы барлық аталған және басқа да мемлекет пен бизнес серіктестіктің экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызылып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырылады. Бірақ мемлекет пен бизнес серіктестіктің ролін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын себептерді айтпауға болмайды.
Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы күрделі экономикалық жағдай (инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлемеушілік, несиені пайдаланудағы жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуы) .
Екіншіден, кәсіптіліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз өздерін теңгеруі.
Үшіншіден, халықтың кәсіпкерлерге толық сенімнің болмауы.
Төртіншіден, мемлекет пен бизнес серіктестікті мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі, тіпті, керісінше мемлекеттік органдардың жиі араласуы.
Бесіншіден, қазіргі заманға сай ақпаратардың жеткізілуі, құрал - жабдық, технологияның болмауы, күрделі есеп беру жүйесінің және арендалық төлем құнының жоғары болуы [4] .
Сонымен кәсіпкерліктің одан ары кеңеюі мемлекеттік маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, кәсіпкерлер мәселелерінің шешу үшін әкімшілік - ұйымдық, технологиялық, техникалық ресурстар қолданылуы қажет.
Қазіргі уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда мемлекеттік тікелей немес жанама қолдау көрсететін елеулі ресурстары жоқ. Сондықтан, барлық күш жағымды сыртқы ортаны қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін келесідей шаралар қажет: заңдық және нормативтік базалар ары қарай қалыптасуы мен дамуы, өндірісті қолдайтын инфрақұрылымының барлық қажетті элементтерін қалыптастыруы, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен кәсіпкерлікті қаржылық қолдлау аясын кеңйтуге әсер ету, тиімді инвестициялық климатты қалыптастыру, мемлекеттік бақылауды тәртіпке келтіру.
Соңғы жылдары мемлекет пен бизнес серіктестікті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Мемлекет пен бизнес серіктестіктің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қарыздан 10% - тен аз болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агегнттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімдердің қызметін қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.
Сонымен, көріп отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған бизнес саясаты стагнациялық экономикадан шығудың балама жолы бола алады, өйткені ол екі макроэкономикалық проблемелармен байланыстырады - жұмыспен қамту және өндірістің жандануы. Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды ынталандыру және шағын кәсіпорындар ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық мәселесінен шығатын жол ретінде қарастырылады.
Соңғы он жылдықта дамыған елдердегі экономиканың даму тенденциясы шағын бизнес саласына өтумен байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану және инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу саласына айналған. Мемлекеттік протекционистік шағын бизнестің нақтылануы қажет еткен, адрестілігін, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға берілетін. Шағын кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай - ақ шағын кәсіпорындарды басқару және меншікті біріктіру дәрежесі болып табылады.
Кез келген процесс сияқты мемлекет пен бизнес серіктестіктің дамуы мен қолдауын басқару қажет. Кәсіпкерлік басқару объектісі ретінде өзінің ерекшеліктері бар. Егер бұл сұраққа басқару қызметі жағынан келетін болсақ, онда басқарудың келесі қызметтерін көрсетуге болады:
- жоспарлау (стратегиялық менеджмент, маркетинг стратегиясын әзірлеу, бизнес жоспарды әзірлеу) ;
- ұйымдастыру (барлық деңгейде кәсіпкерлікті сәйкес басқару құрылымын құру) ;
- мотивация (кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыратын механизмді қалыптастыру) ;
- бақылау (жоспарланған істерден ауытқуды анықтау және сәйкес түзетулер енгізу) [5] .
Біздің елімізде шағын бизнестің рөлі әрқашан өсіп отырады.
Дей тұрғанмен өзінің іс-әрекетінде кәсіпкерлік оның дамуын тежейтін көптеген мәселелрге тап болады. Қазақстанның экономикасындағы кәсіпкерліктің қазіргі рөлінің маңыздылығын мойындай отырып, үкімет басшылары кәсіпкерлікті қолдайды.
Кеңес дәуірінде шаруашылық субьектілерінің әр түрлі формалары онша маңызды болмады. Себебі, мемлекет барлық кәсіпорындарды басқарып отырды. Кеңестер заңнамасына сай, кәсіпорынның тек бір түрі ғана шаруашылық іс-әрекеттің барлық түрін туғызатын - мемлекеттік кәсіпорын болды. Өйткені, өнеркәсіп шикізаттары мемлекетттің меншігінде болды. Ал басқа шаруашылық субьектілер ол кезде болған жоқ.
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты мемлекет пен бизнес серіктестікті мемлекеттік қолдаудың құқықтық базасы қалыптаса бастады.
1997 жылы маусым айында ел парламентінің шешімімен қабылданған «Шағын кәсіпкерлікті мемлекттік қолдау туралы» заңы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуындағы маңызды қадамы болып табылады.
Мұнда іс-әрекеттің негізгі бағыттары және мелекеттік, жергілікті бағдарламаларды жасау үшін заңды алғышарттар жасалды.
Кейіннен «Тура инвестицияларды мемлекеттік қолдау» туралы заң Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен қабылданған «Шағын кәсіпкерліктің дамуын және оны мемлекттік қолдауды күшейту туралы» заңымен келісілген және оның жалғасы болып табылады.
- Мемлекет пен бизнестің арақатынасының дүниежүзілік тәжірибелері
Әлемдік эканомикада мемлекет пен бизнес серіктестікті ұйымдастырып, жүзеге асырудың әртүрлі механизмдері бар. Ол механизмдер көптеген факторларға байланысты болып келеді. Бұл факторларға эканомиканы мемлекеттік реттеудің ерекшелігі, нақты кезеңдегі эканомиканың хал-ахуалы, ғылыми потенциалдың мүмкіндігі, тұрғылықты халықтың менталитеті. т. с. с. Осы факторларды ескере отырып, дамыған шет елдердің шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудағы тәжірибелерін біздің жағдайға бейімдеп қолданғанның маңызы зор.
Кейінгі онжылдықтарда экономикасы дамыған Батыс елдеріндегі бәсекенін дамуы әсерінен бизнес рөлі арта түсті. Мұның басты себебі-экономикалық сектордың кәсіпорындарына тән артықшылықтар. Тұрақты экономикалық жүйеде шағын кәсіпкерлік: динамикалық түрде дамуы мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне тез бейімделе алады, бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді, экономикалық құрылымдық қайта құрылуына әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жаңа кәсіпкерлк топ пен меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды, елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен үлеске ие бола алады, мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы сомаларын береді.
бизнесті дамыту үшін Қазақстан бизнесті басқару процесін жетілдіруге көп күш жұмсау қажет. Шетелдік мамандардың айтуы бойынша қазіргі бизнес ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді.
Бизнестің ішкі және сыртқы ортасын сараптаудан екі факторды есепке алған жөн: ішкі және сыртқы ықпалдардың көлемі және ортаның өзгеру деңгейі.
Кәсіпкерлікке барлық сыртқы ықпалдарды өз кезегінде макроэкономикалық және салалық деп бөлуге болады.
Ортаның бизнеске макро ықпалы.
- Әлеуметтік факторлар;
- Технологиялық факторлар;
- Ресурстық факторлар.
Көптеген шетел мемлекттерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бизнеске байланысты мемлекеттік саясат маңызды өз бетінше жүйелік бағыт болып табылады. Ұйымдық құрылымдарды және шағын кәсіпкерлікді қолдау механизмдерін басқа мемлекеттерде зерттеу қандай да болмасын ұлттық ерекшеліктерге қарамастан барлық сипаттамаларға анықтауға мүмкіндік береді. (2-кесте) .
Кесте 2 Дамыған мемлекеттер тәжірибесі мен Қазақстан Республикасы деңгейін бағалау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz