Әбілқайыр хан жайлы



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Әбілқайырдың шыққан тегі.
2. Кіші жүздің Ресей бодандығын кабылдау және Әбілқайырдың саяси портреті
III.Қорытынды
Тақырыптың өзектілігі.Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтудың маңызды факторы мемлекеттік идеологияны, оның іргетасы – объективтік тарихи сананы қалып­тастыру екендігі баршамызға аян. Өткен өмірдің тағылымдарын дұрыс таразылап, одан тиісті сабақ алмай, қоғамның алға жылжуы мүмкін емес. Қазақ халқы үшін, әсіресе, бірнеше ғасыр бойы бодандық қасіретін шеккен кезеңін зерделеудің ғылыми-танымдық қана емес, саяси, практикалық маңызы ерекше. Осыған байланысты зерттеушілердің Әбілқайыр хан мен оның өмір сүрген дәуіріне әлсін-әлсін бет бұруы заңдылық болып табылады.
Жеке тұлғалардың, тарихи ерекше мемлекеттік қайраткерлерінің туған еліне, халқына сіңірген еңбегін, олардың жеке өмірі мен қоғамдық саяси және әлеуметтік процестердегі рөлін ашу тарихи қажеттілік болып табылады. Тарихи ұлы тұлғалар өз заманында халқының мүддесіне сәйкес саясат жүргізіп, басқа адамдардан әлдеқайда алда тұрып, халықтың мұң- мұқтажын, елдің бірлігі мен жер тұтастығын сақтау жолында күн демей, түн демей өз өмірін құрбан жасауға дейін барулары бүгінгі ұрпақтың рухани қазынасына айналып отыр.
Қазақ тарихындағы күрделі тұлғалардың бірі — Кіші жүз ханы Әбілқайыр. Бүгінге дейін оның қоғамдық-саяси қызметі, тарихи портреті сан мәрте талқыланып, сан қырынан зерттеліп, ой елегінен өткізілгенімен нақты бағасын ала алмай келеді.. Себебі, ол – XVІІІ ғасырдағы қазақ даласында бірімен-бірі астасып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси процестердің жиынтық көрінісі ретіндегі аса ірі және күрделі тұлға.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Әбілқайыртанудың тарихнамасының бастауында революциядан бұрын жазылған орыс зерттеушілерінің еңбектері жатады. Олар П.И. Рычков, В.В.Вельямин- Зернов, А.И. Левшин, Л. Мейер, В.Н. Витевский, А.И. Добромыслов, И.И. Крафт, А.И. Макшеев, М. Красовский, М. Терентьева, Ф. Лобысевиятер. Бұл авторлар қазақ жерінің XVIII-XIX ғасырлардағы қоғамдық саяси дамуының ерекшелігімен жақсы таныс болғандықтан өздерінің еңбектерінде Әбілқайыр ханға көптеген беттер арнаған.
Қазақ хандарының Ресейге қосылуын зерттеу Қазан төңкерісінен кейін жалғаса берді. Аталған мәселеге XX ғасырда Ғ. Мұсағалиев «Қазақ жайында», Х. Досмұхамедұлы «Исатай- Махамбет», С.Д.Асфендияров, Е. Бекмаханов «Присоединение Казахстана к России», Н.Г. Аполлова, М.Қозыбаев «Жауды шаптым ту байлап», Ж. Қасымбаев «Последние годы жизни Абулхайр хана», И. Ерофеева «Хан Абулхайр: полководец, правитель и политик», А. Сабырханов «Қазақстан мен Россияның қарым- қатынасы», В.Я. Басин «Россия и казахские ханства XVI- XVIII вв.», М. Әбдіров «Хан Мухаммед-Абулхаир», С.М. Мәшімбаев, Ә. Қ. Мұхтардың, Ж. Жақсығалиев, Ө.Өмірзақовтардың тарихи зерттеулерінің орны айырықша.
1. Ерофеева И. Хан Абулхаир: полклводец, правитель и политик Алматы «Санат» 1999. 13-15 бб.
2. Мәшімбаев С.М. Әбілқайыр хан Астана- 2007. 8 бет
3. Қасымбаев Ж. Политика Абулхаир хана в принятии Младшем жузом Российского подданства в 30-х годах XVIII века// Поиск 1997. 62-71 бб.
4. Жақсығалиев Ж.Ж. Әбілқайыр хан және Қазақстанның Ресейге қосылуы.// Қазақ тарихы. Алматы, 1999, 10-15бб.
5. Левшин А.И. Описание киргиз- казачьих или киргиз- кайсацких орд и степей. Алматы: Санат, 1996. 161-174, 655-662бб.
6. Рычков П.И. История Оренбургская. Оренбург,1896. 86-95 бб.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыптың өзектілігі.Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтудың маңызды факторы мемлекеттік идеологияны, оның іргетасы - объективтік тарихи сананы қалып­тастыру екендігі баршамызға аян. Өткен өмірдің тағылымдарын дұрыс таразылап, одан тиісті сабақ алмай, қоғамның алға жылжуы мүмкін емес. Қазақ халқы үшін, әсіресе, бірнеше ғасыр бойы бодандық қасіретін шеккен кезеңін зерделеудің ғылыми-танымдық қана емес, саяси, практикалық маңызы ерекше. Осыған байланысты зерттеушілердің Әбілқайыр хан мен оның өмір сүрген дәуіріне әлсін-әлсін бет бұруы заңдылық болып табылады.
Жеке тұлғалардың, тарихи ерекше мемлекеттік қайраткерлерінің туған еліне, халқына сіңірген еңбегін, олардың жеке өмірі мен қоғамдық саяси және әлеуметтік процестердегі рөлін ашу тарихи қажеттілік болып табылады. Тарихи ұлы тұлғалар өз заманында халқының мүддесіне сәйкес саясат жүргізіп, басқа адамдардан әлдеқайда алда тұрып, халықтың мұң- мұқтажын, елдің бірлігі мен жер тұтастығын сақтау жолында күн демей, түн демей өз өмірін құрбан жасауға дейін барулары бүгінгі ұрпақтың рухани қазынасына айналып отыр.
Қазақ тарихындағы күрделі тұлғалардың бірі -- Кіші жүз ханы Әбілқайыр. Бүгінге дейін оның қоғамдық-саяси қызметі, тарихи портреті сан мәрте талқыланып, сан қырынан зерттеліп, ой елегінен өткізілгенімен нақты бағасын ала алмай келеді.. Себебі, ол - XVІІІ ғасырдағы қазақ даласында бірімен-бірі астасып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси процестердің жиынтық көрінісі ретіндегі аса ірі және күрделі тұлға.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Әбілқайыртанудың тарихнамасының бастауында революциядан бұрын жазылған орыс зерттеушілерінің еңбектері жатады. Олар П.И. Рычков, В.В.Вельямин- Зернов, А.И. Левшин, Л. Мейер, В.Н. Витевский, А.И. Добромыслов, И.И. Крафт, А.И. Макшеев, М. Красовский, М. Терентьева, Ф. Лобысевиятер. Бұл авторлар қазақ жерінің XVIII-XIX ғасырлардағы қоғамдық саяси дамуының ерекшелігімен жақсы таныс болғандықтан өздерінің еңбектерінде Әбілқайыр ханға көптеген беттер арнаған.
Қазақ хандарының Ресейге қосылуын зерттеу Қазан төңкерісінен кейін жалғаса берді. Аталған мәселеге XX ғасырда Ғ. Мұсағалиев Қазақ жайында, Х. Досмұхамедұлы Исатай- Махамбет, С.Д.Асфендияров, Е. Бекмаханов Присоединение Казахстана к России, Н.Г. Аполлова, М.Қозыбаев Жауды шаптым ту байлап, Ж. Қасымбаев Последние годы жизни Абулхайр хана, И. Ерофеева Хан Абулхайр: полководец, правитель и политик, А. Сабырханов Қазақстан мен Россияның қарым- қатынасы, В.Я. Басин Россия и казахские ханства XVI- XVIII вв., М. Әбдіров Хан Мухаммед-Абулхаир, С.М. Мәшімбаев, Ә. Қ. Мұхтардың, Ж. Жақсығалиев, Ө.Өмірзақовтардың тарихи зерттеулерінің орны айырықша.
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі Қазақстанның Ресейге қосылуы және Әбілқайыр хан тұлғасы жөнінде біршама көркем шығармалар жарық көрді. Олар: І. Есенберлин Алтын Орда, Ә.Әлімжанов Гонец, Т.Ахтанов, Ә.Кекілбаевтың Үркер, Елең- Алаң атты романдары Әбілқайырдың жеке басының және саясаткерлік образдары сомдалып жазылған.
Орыс, кеңес және Қазақстан тарихшыларымен қатар Әбілқайыр хан туралы шетел тарихшылары да өз еңбектерінде көп көңіл аударып жазды. Бұл жөнінде тарихшы ғалым К.Л. Есмағамбетов XIX-XX ғасырдың өн бойында батыс елдерінде жинақталған қазақтар туралы тарихи сиппаттағы сан алуан материалдарда жинақтай отырып, Кіші жүз қазақтарының Ресейге қосылу себептерін, Әбілқайыр ханның атқарған рөліне назар аударңғандығы жазады. Олар Ю. Скайлер, Г. Булджер, А. Боджер, Х. Сетов, М.Б. Олкотт т.б Әбілқайыр хан туралы пікірлеріне тоқталып өтейік.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: таңдап алған тақырыптың өзектілігі және мәселенің зерттелу деңгейімен анықталады. Жұмысымыздың басты мақсаты - Кіші жүз ханы Әбілқайыр ханның саяси портретін ашып корсету.Осыған орай төмендегідей міндеттер алға қойылды:
Әбілқайр ханның шыққан тегін қарастыру;
Қазақ хандығының Ресей бодандығын қабылдау процесін жан- жақты қарастыру;
Әбілқайыр ханның жүргізген саясатын талқылау;

Жоспар:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Әбілқайырдың шыққан тегі.
2. Кіші жүздің Ресей бодандығын кабылдау және Әбілқайырдың саяси портреті
III.Қорытынды

1.Әбілқайрдың шыққан тегі.
Әбілқайыр Мұқамбет Ғази Баһадүр хан (1693-1748).Кіші жүз ханы. Шыңғысханның он бесінші ұрпағы.Әбілқайырдың шыққан тегі қара сұлтандарға жатқан, ол тұқымынан хан шыққан жоқ, сондықтан ол хан болуға болмайды,- деп өз заманында Кіші және Орта жүз сұлтандары хандық билікке тасқан шақта алдарына әкеліп айтып, негізгі сылтау жасап отырған. Бірақ Әбілқайыр хан жеке басының қасиеті оның Кіші жүз ханы болуына себепші болды. XVIII ғасырда қазақ қоғамында қара сүйек тұқымынан хан болу, тек қана адамның жеке басының ерлігі мен қажымас қайсар өжеттілігі ғана, жаңадан хан мұрагерлігін қалыптастыруға Кіші жүзде Әбілқайыр ханның ұрпақтары бірінен соң бірі хан болып келді. Бұл жөнінде атақты шығыстанушы В.В. Григорьевтің сол заманында хан тұқымынан шықпаған адамның хан болуы үшін, он должен обладать огромной решительностью, чтобы присвоить себе титул верховного правителя.
Әбілқайыр ханның Шыңғыс тұқымынан шыққан, әз- Жәнібектің Өсеке деген баласынан тарайды. Ол әз- Жәнібектің сегізінші баласы. Әбілқайырдың әкесі Ырыстың баласы Қажы деген адам болатын. Әбілқайырдың шығу тегі туралы жазбаша деректер жеткілікті.
1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты батыр Бөгенбай тағайындалды. XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліскке ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді. Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін 1736 жылы оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді: Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін... Кіші орда оны хан сайлады. Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіліске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді. Алайда бұл жеңілістен кейін де жау әлі күшті күйінде қалды. Жағдайға қанық Әбілқайыр жаңа шабуыл бастады. 1730 жылы көктемде Балқаштың оңтүстік шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды. Алайда дәл осы кезеңде Болат хан қаза табады. Сондықтан да басқа ханды тағайындау төңірегінде сауал туындайды. Қат-қабат келген жағдайларға байланысты, Болат ханның жас ұлы Әбілмәмбет хан сайланды. Билік басына келген жаңа ханды Әбілқайыр құптамай, бас сардар атағынан бас тартып, өз әскерімен кіші жүзге келеді. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады. Күллі қазақтың әскері ыдыраған соң, әр жүз жаудан жеке өзі қорғана бастады. Бұл кезеңде Кіші жүз тұрғындары өте ауыр әскери жағдайға тап болды, төрт жағынан бірдей қоршаған жаудың қыспағында қалды. Тығырыққа тірелген Әбілқайыр Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болды. Ресейдің қоластына еніп, жан сақтап қалу үшін Әбілқайыр 1730 жылдың күзінде елші жібереді. 1731 жылы Ресей қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді. Бұл антты 1738, 1740, 1742 ж. қайталады. Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, оның қарамағына өткен башқұрт пен Еділ қалмақтарының қазақ қоныстарына шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғар қалмақтарының қол астында қалған қазақ жері мен қалаларын қайтарып алуды, империя әкімшілігіне сүйеніп, қазақ арасындағы беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды көздеді. Сөйтіп ол жеке мүддесімен бірге халықты апаттан сақтауды да ойлады. Алайда Ресей саясаты да тереңде жатты. Империя қазақ жерін бүтіндей отарлауды ойлады. Әбілқайыр Петербург сарайы мен оның Орынбор әкімшілігінің саясатын дер кезінде түсінді. Ханның өз ұлы Қожахметті аманаттан қайтарып алудағы Ресей әкімдерімен тартысы, императрицалар Анна Ивановнаның, кейіннен Елизавета Петровнаның талаптарына мойынсұнбауы, Кіші жүзде дербес саясат жүргізуге тырысуы, ел тәуелсіздігін сақтау бағытындағы шаралары отаршылдықтың барлық көріністеріне қарсылығын байқатады. Орыс үкіметімен әр түрлі қатынастарды үзбей, Әбілқайыр сонымен қатар, жоңғар қоңтайшысы Қалдан Серенмен (пэренмен) астыртын байланыста болды. Жоңғар шапқыншылығы әлсіреген сайын Ресейден бойын аулақ салуға тырысты. 1740 жылы Хиуаны басып алып, аз уақыт осында хан атанды. Бірақ Иранның Нәдір шаһынан ығысып, тастап шығуға мәжбүр болды. Әбілқайыр үш жүздің қадірлі билерімен, белгілі батырларымен, саяси қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынас жасады. Өзінен жас, беделі өсіп келе жатқан Абылаймен әр кезде түсінісе білді. Абылайдың бір әйелі Қарашаш - Әбілқайырдың қызы. Кіші жүз ханы ретінде оның саясатында қайшылықтар да бар. Қазақ даласын отарлаудың тірегі болған Ор бекінісін салуды өзі ұсынды. 1737-38 жылғы башқұрт халқының отаршылдық езгіге қарсы көтерілісін басуға қатысуы туысқан екі елдің қарым-қатынасын шиеленістірді. Әбілқайырдың дербестігі мен қазақ даласына жайылып кеткен атағы кейбір сұлтандарға ұнамады. Солардың бірі - Орта жүздің сұлтаны Барақ Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайырмен ен далада кездесіп қалып, оны өлтіреді. Ханның серіктері де сол жерде қаза тапқан. Бірақ Барақ Әбілқайырды орысшылдығы үшін емес, өзінің жеке басының мүдделерін көздеп қарақшылық іске барған еді. Әбілқайырдың моласы Қабырға өзенінің Ұлқұяққа құятын тұсында, Торғай қаласынан 80 шақырым жерде.Кейін бұл ара хан моласы аталды.
2. Кіші жүздің Ресей бодандығын кабылдау және Әбілқайырдың саяси портреті.ХVIII ғасырдың басында Ресей империясының "Шығыс саясаты" жандана түсті. Шығыс жақтағы отарлау қозғалысының күшеюіне əр түрлі жағдайлар əсер етті. Қазақ даласы Ресейді Шығыс елдерімен байланыстыратын көпір іспеттес еді. Қазақ жерлері арқылы Европа мен Шығысты байланыстыратын ең қысқа сауда жолдары өтті. Сонымен қатар, бұл аймақтың жер қойнауындағы мол байлықты иелену, оны империяның мұқтажын өтеуге ұмтылыс та орын алды. Алайда, ХУ111 ғасырдың басында Ресей Қазақстанға қарсы ашық отаршылдық саясат жүргізе алмады. Өйткені I Петр патшаның алдындағы басты мақсат - "Европаға терезе ашу", яғни елдің батыстағы позициясын нығайту болды.
Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбілқайыр ханның өмір жолы
Шайбани ханның қазақтарға жасаған жорықтары
М.Х. Дулати – қазақ мемлекетінің алғашқы тарихшысы
Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары
Орта Азия халықтарының Ресеймен қарым - қатынасының басталуы
Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар
XV - XVII ғғ. қазақ тарихынан..
Ақтөбе облысындағы археологиялық ескерткіштер
Әбілқайыр хандығының күшеюі және әлсіреуі
VI – VIII Қазақ Хандығы
Пәндер