Студенттер мен күресшілердің дене дайындығының функционалды мүмкіндіктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР . . . 4

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 5

АНЫҚТАМАЛАР . . . 6

КІРІСПЕ . . . 7

1 Студенттер мен күресшілердің дене дайындығының функционалды мүмкіндіктері . . . 9

1. 1Студенттер мен студент-күресшілердің дене дайындығының функционалды мүмкіндіктері айқындалуындағы тыныс алу жүйесінің маңызы . . . 9

1. 2 Студенттер мен студент-күресшілер дене дайындығының жүйесі . . . 10

1. 3 Оқытудың кредиттік жүйесі жағдайында жоғары оқу орындарындағы дене шынықтыру сабақтарын өткізу ерекшеліктері . . . 15

2 ЗЕРТТЕУ МІНДЕТТЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ. 30

2. 1. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиеттер сараптамасы . . . 30

2. 2 Зерттеудің ұйымдастырылуы . . . 32

2. 3 Дене шынықтыру-спорттық қызметтің инновациялық педагогикалық технологиялары . . . 35

3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ САРАПТАМАСЫ

3. 1 Студенттер мен күресші-студенттердің тыныс алу жүйесі көрсеткіштерінің динамикасы . . . 36

3. 2 Функционалды дайындықты бағалау . . . 51

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 74

ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСЫ . . . 75

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 76

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

Берілген диссертацияда төмендегідей Мемлекеттік стандарттар қолданылды:

Каталогтық және библиографиялық түсініктемелердегі қысқартылған орыс сөздері және сөз тіркестері ГОСТ 7. 12-70.

Мөлшерлерді және шекті ауытқуларды енгізу ГОСТ 2. 307-68.

Өлшемдер жүргізуді стандарттау және аттестациялау ГОСТ 8. 010-72.

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ТЖ - тыныс алу жиілігі

ӨТС - өтпенің тіршілік сыйымдылығы

Рдаа - резервтік дем алу ауасының көлемі

Рдша - резервтік дем шығару ауасының көлемі

СТҚ- сыртқы тыныс алу көлемі

ЖДД - Жалпы дене дайындығы

ӘТД - Әдістемелік техникалық дайындық

АҚҚ - Артерияляқ қан қысымы

БЖСМ - Балалар мен жас өспірімдер спорт мектебі

ЖСЖ - Жүрек соғу жиілігі

ОЖЖ - Оқу-жаттығу жиыны

ӨКС - Өкпе көлемінің сыйымдылығы

БДТ - Бақылау дисперстік талдау

КДД - Күресшінің дене дайындығы

АНЫҚТАМАЛАР

Жұмысқа қабілеттілік - адамның уақыт бірлігі ішінде нақты тиімділікпен жұмыстың максималды мүмкін көлемін атқара алу қабілеті.

Дене жаттығулары - дене шынықтыру заңдылықтарына сай қолданылатын қимыл-әрекет.

Тыныс алу жиілігі - бір минут ішіндегі дем алып, шығару саны.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы - терең дем алып, дем шығарған кезде өкпе арқылы өтетін ауаның көлемі.

Штанге сынамасы - дем алу кідірісінің сынамасы.

Генча сынамасы - дем шығару кідірісінің сынамасы.

Күш - адамның сыртқы кедергілерді жеңе алу қабілеті немесе оған бұлшық ет ширығуы есебінен қарсы тұру қабілеті.

Шапшаңдық - адамның берілген жағдайдың қысқа уақыт аралығында қимыл әрекеттерін орындай алуына мүмкіндік беретін қабілеттерінің жиынтығы.

Ептілік - адамның қимыл-әрекеттерін тиімді меңгеруге және оны уақытылы өзгермелі жағдай талаптарына сай қайта құра алуына мүмкіндік беретін бағдарлы қабілеттері мен морфофункционалды қасиеттерінің жиынтығы.

Төзімділік ( жалпы) - адамның ұзақ уақыт бойы біркелкі қарқынды жұмысты тірек-қимыл аппаратының басым бөлігінің қатысуымен орындай алу қабілеті [2, 230 б. ] .

Иілгіштік - қимыл-қозғалысты үлкен теңселумен орындауға мүмкіндік беретін адамның морфофункционалды қасиеттерінің жиынтығы.

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Күреспен шұғылданатын студенттердің өзіндік бір ағзасына қойылатын жоғары талаптар болады. Жалпы күрес спорт түрі ретінде жақсы жетілген күшті, ептілікті, арнайы төзімділікті талап етеді. Олай болса, осы дене қасиеттері студенттердің бойынан табылуы қажет.

Сонымен бірге, күрес жекпе-жек спорт түрі болғандықтан онымен шұғылданушы студенттер жалпы жағдайды, қарсыласының іс-әрекетін алдын-ала болжай білуі қажет. Мұның барлығы ағзаның қимыл қызметін қамтамасыз ететін жүйелерге, соның ішінде тыныс алу жүйесінің қызметіне жоғары талаптар қояды.

Күреспен шұғылданатын студенттің шыныққандық деңгейі тікелей оның ағзасының фукнционалды күйіне және тыныс алу жүйесінің көрсеткіштеріне тәуелді. Сондықтан функционалды жүктемлеремен анықталатын осы тыныс алу жүйесінің шыныққандық деңгейі күресші-студенттің қызметті мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Ағза күйінің фукнционалды көрсеткіштерін замана талабына сай құралдармен тіркей білу тек қана жұмысты тездетіп қоймайды, сонымен бірге алынған нәтижелер негізінде нақты тұжырымдама жасауға мүмкіндік береді. Жаттығу тұтас үдеріс болып табылады, ол өз құрамында спорттық жаттығудың теориясы мен әдістемесінде атап көрсетілген дайындықтың 6 негізгі түрін қарастырады: дене, техникалық, тәсілдік, жинақтық, психологиялық және теориялық. Студент-күресшілердің өз ағзасының функционалды мүмкіндігін қадағалап отыруы олардың теориялық білімдерін жетілдіре түседі. Осы мақсатта студент-күресшілер ағзасының функционалды мүмкіндігін спирометрия әдісімен анықтау замана талабына сай әдіс болып есептелінеді [1] .

Қазіргі уақытта жаттығу үдерісін жоспарлау дайындықтың әрбір түрінде бөлек іске асырылады, ол бастапқы дайындық топтарынан басталып, жоғары спорттық шеберлік топтарымен аяқталады. Осы топтардағы жаттығу үдерісі дайындықтың әрбір түрі үшін спорттық маусымның кезеңдері мен дәуірлеріне сай қатаң түрде жеке-даралану арқылы жоспарланған жүктемелерге сәйкес жүзеге асырылады. Бұл жердегі функционалды дайындық көрсеткіштерінің маңызы жоғары. Соның бірегейі болып кардиореспираторлық жүйенің көрсеткіштері, соның ішінде тыныс аул жүйесі есептелінеді.

Зерттеу болжамы: Күресші-студенттердің дене қасиеттерін жетілдірудегі олардың физиологиялық күйі шынықтыру жаттығулары мен тапсырмаларын орындауға ықпал етеді деген болжам жасалынды.

Зерттеу нысаны: әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық университетінің дене тәрбиесі және спорт кафедрасының күрес секцияларына қатысатын бірінші курсжәне география факультетінің дене шынықтыру пәні бойынша білім алушы бірінші курс студенттері.

Зерттеу мақсаты: студенттердің және күресші-студенттердің ағзасына берілетін жүктеменің деңгейін оның ағзасының физиологиялық жүйелерінің функционалды көрсеткіштерімен анықтау.

Зерттеу міндеттері.

1. Күресші-студенттердің тыныс алу жүйесінің көрсеткіштерін жаттығуға дейін зерттеу.

2. Тыныс аул жүйесінің көрстекіштерін жаттығу барысында зерттеу.

3. Тыныс алу жүйесі көрсеткіштерінің дене жүктемесі деңгейімен байланысына сараптама жүргізу.

4. Ағзаның функционалды көрсеткіштерін арттыру үшін шынықтыру барысында берілетін дене жүктемесінің тиімді деңгейін айқындау.

5. Студенттердің оқытудың кредиттік жүйесі жағдайында дене шынықтыру сабақтарына деген қызығушылығын анықтайтын технологиялық әдістерге ұсыныс беру.

Зерттеу пәні : күресші-студент ағзасының функционалды қасиеттерін айқындайтын физиологиялық көрсеткіштер.

Алға қойылған міндеттерді шешу үшін келесі зерттеу әдістері пайдаланылды:

- ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге сараптама жүргізу;

- спирометрия әдісінің ұйымдастырылуы;

- дене даярлығын зерттеу әдістерін қарастыру;

- педагогикалық зерттеулер;

Жүргізілген зерттеулердің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы: зерттеу материалдары спорт колледждерінің, акдаемияның оқу-жаттығу үдерісінде, күресшілердің дайындығын және спорттық шеберлігін жетілдіру бойынша оқу құралдары мен ұсыныстар құрылуында қолданылады.

Диссертацияның көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 СТУДЕНТТЕР МЕН КҮРЕСШІЛЕРДІҢ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ МҮМКІНДІКТЕРІ

1. 1 Студенттер мен күресшілердің дене дайындығының функционалды мүмкіндіктері айқындалуындағы тыныс алу жүйесінің маңызы.

Берілген тақырып бойынша зерттеу жұмысының басты міндеті жоғары білікті күресші-студенттерді спорттық шеберлікке жетелеуде олардың ағзасының фукнционалды мүмкіндігін жетілдіруге бағытталған жаттығу әрекеті үдерісіндегі жинақталған қосалқы әсер етуді эксперименттік тұрғыдан негіздеу болды.

Спортта жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуді тек қана спортшыны дайындықтың түрлі сатыларында дайындаудың нақты жоспарлануы жағдайында өткізу қажет. Спорттық шынығуды тиімді құрудың негізгі талаптарының жалпы теориялық негіздері бірқатар ғалым-мамандардың еңбектерінде келтірілген [2] .

Зерттеу жұмысы міндеттерінің шешімін табу тыныс алу жүйесі көрсеткіштері бойынша функционалды дайындықты анықтау бойынша спирометрия әдісін қолдану бойынша жүргізілген эксперименттің барысында өтті.

Ғылыми әдебиеттер сараптамасынан көріп отырғанымыздай, дем алып. дем шығару көкірек қуысының ішкі қабырғааралық еттердің жиырылуы мен кеуде қуысының жоғары-төмен қозғалыстары арқылы жүзеге асырылады. Ағзаның дем алып, дем шығаруы, қан, қан айналым және тыныс алу жүйелерінің қызметі арқылы жүзеге асырылады Жалпы газдардың алмасуы диффузия жолымен жүзеге асады. Диффузия дегеніміз газдардың меншікті қысымы жоғары жақтан төмен жаққа қарай өтуі газдардың алмасуы, жасуша мембранасының екі жағындағы газдардың меншікті қысым айырмашылығына байланысты. Газдардың алмасуына диффузиялық беткей көлемі мен дене температурасы әсер етеді [1, б. 5] .

Қарқынды дем алып, дем шығарғанда қосымша баспалдақты, кеуде бұғана, үлкен және кіші кеуде бұлшық еттері, омыртқа жотасының жиырылу бұлшық еттері қатысады. Жалпы, дем алуға жиырылу бұлшық еттері қатысады [1, б. 6] .

Дені сау ересек адамдарда тыныс алу жиілігі 12-20 рет/мин болса, дәрежелі спортшыларда 10 рет/мин-тан төмен келеді, Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дені сау ересек адамдарда - 4000-4500 мл болса, дәрежелі спортшыларда - 5000-7000 мл, тіпті одан да жоғары [2] . Жалпы ағзаның функциоанлды мүмкіндігін айқындауда тыныс алу жүйесінің маңызы зор болып есептелінеді. Соның ішінде өкпе желденуінің мәні зор. Өкпе желденуі дегеніміз атмосфералық ауа мен өкпе арасындағы газ аламсу үдерісі. Оның қарқыны мен мәні екі түрлі түсінікпен айқындалады. Гипержелдену дегеніміз ағзаның метаболиттік сұранысына қатыссыз тыныс алудың ерікті күшею үдерісі болса, гиперпноэ ағзаның шынайы сұранысымен байланысты тыныс алудың еріксіз күшеюі [1, б. 10] .

1. 2 Студенттер мен студент-күресшілер дене дайындығының жүйесі

Бұл бөлімді біздің зерттеп, осы тарауға қосуымыздың себебі, спортшылардың дене дайындығы жүйесінің мазмұнын ашу, біздің көзқарасымызбен алғанда, көптеген биологиялық құбылыстарды түсіну тәрізді, оқу-жаттығу сабақтары мен жарыстарының жиынтығын көрсететін жаттығу үдерісі жұмысының тиімді негізділігімен байланысты практикалық мақсаттарға да мүмкінідк береді. Дұрыс құрылған спорттық жаттығу барысында жаттығушы техникасы мен тактикасын меңгереді, денелік дамып, моралді-еркіндік қасиетін шыңдайды, тәжірибе және арнайы білім алады.

Біз зерттеген диссертацияда эксперимент жүргізіп және оны жазу үдерісіндегі физиологиялық жүйені денелік жүйені кешенді зерттеу жұмысы, адам ағзасындағы бұлшық ет қызметінің талдауына объективті қарауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, күресші студенттердің дене дайындығының бастапқы кезеңіндегі жаттығу барысында дене жүктемесін қалыптастыруға негізделген. Бізбен қабылданған кешенді негіз ретінде студенттердің және студент-спортшылардың дене дайындығы салаларының мәселесін зерттеуге әдістемелік тәсіл таңдауы болжанды. Ол бізге студент және студент-күресші ағзаларның бірқатар жетекші физиологиялық жүйесінің: тірек-қимыл, жүрек-қантамыр және тыныс алуды табиғи және лабораториялық жағдайда бағалауға мүмкіндік берді. Дайындықтың көптеген түрінің ішіндегі осы бөлімде біз тек дене дайындығын алдық. Сонымен, «денелік дайындық» термині деп қозғалысты жасай білу, дағдылану және денелік қабілетін дамыту қалыптасу үдерісін түсіну керек (қасиеті), нақты кәсіби шараларда: спорттық, еңбек әскери және т. б. қажетті [3] .

Біздің міндетімізге жаралу және қалыптасу тарихын қарастыратын денелік дайындық жүйесі кірмеді. Бірақ, ары қарай әдістемелік және әдістемелік негіздерін анықтау, ерте кездегі түбіртегіне кететін, адамның дене дайындығының тарихына үңілуді талап етеді. Бізге дейін жеткен аса көп емес көздер, мысалы Ертедегі Грекияда атлеттердің денелік дайындығының азды-көпті жүйесін айтуға негіз береді, осыдан Олимпиадалық ойындар туындады. Бір қызығы, заманауи спортта ертедегі гректердің кейбір жаттығу қағидалары қолданылады. Жеңілатлеттерді жаттықтырудың, мысалы, құмда жүгіру жаттығуын, алғаш рет Эллада жүгірушілері қолданған. Спортшы қыздарды ертедегі олимпиадаға дайындау үшін нақты белгілі бір мерзімі болған - 10 ай [3 б. 28] .

Осылайша, физиологтардың, педагогтардың, психологтардың, спорттық жаттықтырушылардың көптеген зерттеулері көрсеткендей, денелік дайындық үдерісі (ДД) әруақытта мүшелер мен жүйелердің бекуіне бағытталған болып, олардың функционалды мүмкіндіктерінің жоғарылауына, спортшының қимыл-қозғалыс сапасының дамуына (күші, жылдамдығы, төзімділігі, иілгіштігі) бейімдейді. Денелік дайындық жалпы және арнайы болып бөлінеді. Арнайы денелік (АДД) дайындықты екі бөлімге бөлу керек: алдын-алалық және бағытталған арнайы негіз құруға, және негізгі болып, мақсаты - таңдалған спорт түрінің талаптарына пайдаланылатын қимыл сапасының кеңінен дамуы анағұрлым мүмкін [4] .

Ары қарай біздің күресшілердің бастапқы жаттықтыру кезеңінде жұмысымыздың құрылуын, жалпы дене дайындығының бір үлкен жаттығу циклы үдерісіне күш бағыттауды, ал кейін соның негізінде арнайы іргетасын құруды жоспарладық, ол қимыл сапасының анағұрлым жоғары деңгейде дамуы үшін база қызметін атқаратын еді. Неғұрлым бірінші саты мықты болса, екіншісі де мықтырақ және биігірек болатынын түсіндік, осылайша қимыл сапасының көп дамуына мүмкіндік береді. Сондықтан біздің практикалық міндетімізді жыл бойы өтетін жаттығуларда денелік жаттығулардың түрлерін, ондағы арнайы денелік дайындық кезінде олардың арасында өзара үйлесімділік болатындай етіп өткізу жоспарланған еді. АДД -ның жоғары сатысына өту кезінде, жалпы денелік дайындық және арнайы негізін қол жеткізілген деңгейді ұстап тұруы қажет [5] .

Ең жоғары денелік дайындыққа жету үдерісіндегі үшсатылылық стайерлер, шаңғышы-жарысушы, ескек есуші, конькимен жүгірушілер, велосипед тебушілер, жүзгіштердің жаттығулары кезінде анағұрлым айқын көрсетілді. Ғалымдардың зерттеу материалдарынан, следует, спорттың ұзақ уақыт бойы жұмысында төзімділікті талап ететін циклді сипаттағы барлық түрлерінде, жыл бойғы жаттығулардағы осындай үшсатылылық міндеті болып табылады [6, 7] .

Өкінішке орай, спорттың даму жолындағы мықты негізге, жоғары деңгейге жетуге әрекеттене отырып, тірексіз қимыл қасиетін талап ету спорттың басқа түрлерінде қолданылады. Егер ЖДД қабылдауға тұрарлық болса (оның қолданысы әлі жеткіліксіз болса да), онда арнайы негіздің құрылымы көпжағдайда жүзеге аспайды. Егер біздермен талданған еңбектерді салыстырсақ, онда, денелік дайындықтың қалыптасуына бағытталған жаттығу үдерісінің сатылық жолын бақылап шығу мүмкіндігі. Спорттық жаттығудың жоспарлануын және қойылымын толығырақ қарастырамыз [8] .

Сонымен, бірінші саты жаттығудың біріңғай қарқындылықта үлкен ауқымымен сипатталады. Әрбір келесі сатыда ауқым азаяды, ал қарқындылық соған сәйкес жоғарылайды. Жаттығу жүктемесі әр саты сайын толығымен ұлғаяды (жарыс алдындағы күндерді есептемесгенде) . Бұл, спортшының жетістігін тікелей шешетін, дене қасиеттерін сипаттайтын сондай-ақ дамытатын жаттығуларындағы жаттығу жүктемесінің біртіндеп өзгеруінің негізгі сызбанұсқасы. Басқа жаттығулардағы жүктеме динамикасы (ал кейде міндетті түрде) басқаша болуы мүмкін. Мысалы, осыған дейінгі қол жеткізген жаттығу ауқымының қасиеті мен дағдысын белгілі бір деңгейдегі қалыпта ұстап тұруы, анағұрлым азайған. Әдетте мұндай жаттығулардың қарқындылығы өзгермейді. Бірақ бірінші жаттығулардың қатарында максималды қарқындылық танытпайынша нәтижеге жету мүмкін емес (допты желмен толрытып лақтыру, секіретін жаттығулар) [9] .

Денелік дайындықтың әрбір сатысы үшін жаттығудың негізделген кешенін арнайы таңдап алу қажеттігі түсінікті болып отыр. Сондықтан бір сатысының кешенді жаттығулары келесі сатысының жаттығулар кешенімен органикалық байланыста болуы керек. Төменгі сатыдан жоғарғысына өту кезінде бір қасиеттің, бір мүшенің, бір жүйенің дамуындағы сабақтастықты сақтау өте маңызды. Бұл дегеніміз, мысалы, белгілі бір бұлшық ет тобының күшін дамытушы, олардың ауқымын ұлғайтатын және созылғыштығын жақсартатын жаттығулар, осы бұлшық еттердің қызметінің мүмкіндіктерін жоғарылататын жаттығуларымен ауысуы қажет. Өзгерістің мұндай жағдайында, алдыңғы сатыдағы қол жеткізгендер, бұлшық ет күшін одан ары жоғарылату үшін, негіз болады [10] .

Спортшының дене дайындығындағы үшсатылылық, жиі жаттығудың бір жылдық циклі бойынша жүзеге асады. Алдыңғы сатылар дайындық, ал үшіншісі - жарыс кезеңіне тура келеді. Ауыспалы кезеңде тек қана ЖДД қалады. Дайындықтың үшсатылы құрылымы бірнеше жылды қамтуы мүмкін. Сонда алғашқы жылдары негізгі көңіл жалпы денелік дайындыққа бөлінеді, содан кейін жыл бойына арнайы негіз құрылады, содан кейін барып 5-6 ай көлемінде қимыл қасиетінің даму деңгейі анағұрлым жоғарыға жетеді. Көпжылдық жоспарда, спортшының жасына, оның дайындығына және спорт түрінің ерекшелігіне байланысты денелік дайындық кезеңі ұзақтығының алуан түрлі нұсқалары болуы мүмкін [11, 12] .

Үшсатылылық жаттығудың әрбір жартыжылдық циклінен де болуы мүмкін. Ол барлық жағдайларда орын алуы мүмкін, жаттығу үдерісінде, өте ұзақ емес уақыт бойында да, жетекші қимыл қасиетінің даму деңгейін көтеру қажеттігі туындайды. Айта кету керек, ағза мен жүйелерді нығайту үдерісі олардың функционалды мүмкіндіктері және қимыл қасиетін тәрбиелеу біртіндеп жүретін болғандықтан, болғандықтан да саты саны көп болуы мүмкін, мысалы, төзімділікті төртсатылы тәрбиелеу. Әрбір жағдайда спортшының жекебасылық және спорт түрінің ерекшеліктері осы үдерістің құрылуы мен саты санын анықтауы мүмкін [13, 14] .

Денелік дайындық әртүрлі жағдайларда өткізілуі мүмкін: үйде, аулада, орманда, саябақта, стадионда, гимнастикалық залда және т. б. Көптеген жаттығуларды, гимнастикалық атқыштарды, тасты, ағаш бұтағын және басқа да қолда бар заттардың көмегімен, арнайы құралдармен жабдықталған орындарсыз да жасауға болады. Осылай, стадиондарда денелік дайындықтар үшін әдетте қосымша құралдар және атқыштар орнатады. Біз практикада жас және ересек спортшылар үшін дайындалуға мүмкіндік беретін, әртүрлі биіктіктегі тұтастай 10 жолақты тұрақты бөрене салма қойылғанын да кездестіреміз [15, 16] .

Әдіскерлердің, жаттықтырушылардың, педагогтардың есептеуінше қазіргі кезде қандай да бір қолға түскен затты қолданумен қанағаттану деген болмайды. Сондықтан қазіргі кезде денелік дайындық үшін жаттығатын залдар салынып және жарақтандырылып жатыр. Мынау, ғалымдар мен жаттықтырушылар көргендей залдың жарақтарынаң шамамен тізімі:

ЖДД жаттығулары олардың бағыттылығы және тиімділігі бойынша қанағаттанарлықтай - жанама және тікелей ықпал етіп екі топқа бөлуге болады. Жанама әсердің жаттығулары ағзаның мүшелері және жүйелерінің жұмысқабілеттілігін жоғарылатуға, олардың қызметін реттеудегі қамтамасыз етуге шақырады. Әдетте мұндай жаттығушылықты жоғарылатуға жанама әсер етеді. Мысалы, штангистер, көздегіштер және суға секірушілер үшін кросстар өз-өзінен жоғары салмақ көтеруге, атқышты алыс лақтыруға, секіруді дәл орындауда жалғамсыздық көмектеспейді. Бірақ барлық спортшыларға жаттығудың белгілі бір кезеңінде, жүрек-қантамыр жүйесін нығайтатын, тыныс алу мүшесін жақсартатын, ағзадағы жалпы зат алмасуын жоғарылататын, таңдалған спорт түріндегі үлкен жүктемелерге төзуге мүмкіндік беретін, олардан кейінгі қалпына келу үдерісінің жылдам жүруіне, ширатып шынықтыру кезінде шаршамауға әсер ететіндей айтарлықтай ұзақ жаттығулар өте қажет. Мұндай тиімділікке жалпы күшті, жалпы иілгіштікті, жалпы ептілікті, жалпы шапшаңдық -жаттығуларының көмегімен қол жеткізуге болады, ол арнайы жаттығу үшін спортшыға анағұрлым дайындықпен келуіне көмектеседі [17] .

Жалпыдамытатын тікелей әсер ететін жаттығулар спорттың таңдалған түріндегі денелік дайындықты жоғарылатуға тура бағытталған. Олардың көмегімен спорттың таңдалған түрі үшін жалпы негіз құру талаптарына қолданылатын мүшелер мен жүйелерді нығайтады, қызметтік мүмкіндіктерді жоғарылатады, қимыл қасиетін дамытады. Мысалы, көптеген секіру жаттығуларымен лақтырушылар, ауыр атлет, волейболшы, «өзінің» спорт түріндегі үлкен жұмыс жасайтын аяғының ғана тек сол бұлшық еттерін ғана нығайтады [18] .

Тікелей әсер ететін дене жаттығулары, спорттың таңдалған түріндегі бағдары және сипаты бойынша қимылмен және әрекетімен (немесе олардың бөлігімен) ұқсас болуы қажет. Жаттығудың дайындық кезеңінің бастапқы кезінде, екінші кезеңге қарағанда мұндай жаттығулар аз қарқынмен орындалады және ұзаққа созылуымен ерекшеленеді. Оларды көп рет қайталау керек. Тек сол жағдайда ғана әрекеттің, сол және басқа мүше мен жүйенің, бөлек бұлшық ет тобының жақсы нәтижесіне жетуге болады [19] .

Практика өткізуші жаттықтырушылар және ғалымдар көптеген жанама әсер жаттығулары жалғаспалы тікелей ықпал ететінін есте ұстауға кеңес береді. Мысалы, волейбол ойыны кезінде ауыр атлеттер, көздеп атқыштар, суға секірушілер көптеген секірулердің жәрдемімен аяқтың бұлшық еттін, спорттың «өзінің» түрі үшін қажеттідей етіп нығайтады. Және керісінше, тікелей әсер ететін жаттығулар жанама тиімділік беруі мүмкін. Мысалы, спринттерлердің тауға немесе баспалдақ бойынша жоғары қарай көп рет секіру тек қана аяқтың бұлшықетін ғана емес, сонымен бірге қимыл бағдарын және төзімділікті нығайтады. Әрине, әртүрлі жаттығулардағы тікелей және жанама өзара қатынастар әртүрлі болады. Дайындық жаттығуларының тікелей және жанама әсері және спорттың түрі жан-жақты, немесе жалпы, денелік даму міндеттерін толығымен шешеді. Сондықтан да, мұндай жаттығулар жүйесін жалпы, денелік дайындық деп атайды [20] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күресші студенттердің анаэробтық өндірісі деңгейінің тиімділігін дене мүмкіндігі негізінде арттыру
Дзюдошы – студенттердің дене қасиеттерін жетілдіру әдістері
Спорттық жаттығу әдістері
Балуандардың күш қабілеттерін дамыту
Еркін күрес техникасы
Қозғалу сапасының тәрбиелік әдісі
Спорт сайыстарында техникалық қимылдарды қолданудың сапасын көтеру
Балалар мен жасөспірімдердің спорттық күресте дене-күш қабылетін арттыруда ойын әдістемесін қолдану
Спортшылардың психологиялық дайындықтары
Заманауи спорт ғимараттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz