Сақтандыру нарығының теориялық негіздері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 6
1 САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Сақтандыру: мәні, қызметі және түрлері . . . 8
1. 2 Қазақстан территориясындағы сақтандыру нарығының құрылуы . . . 12
1. 3 Сақтандыру нарығының институционалдық құрылымы . . . 23
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
2. 1 Қазақстанда сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы30
2. 2 «Номад Иншуранс» сақтандыру компаниясы акционерлік қоғамына жалпы сипаттама . . . 43
2. 3 «Номад Иншуранс» АҚ сақтандыру компаниясы қызметіне талдау………. 50
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Қазақстан Республикасында сақтандыру нарығының даму мәселелері . . . 61
3. 2 Қазақстан Республикасы бәсекелестік жағдайындағы сақтандыру қызметін жетілдіру жолдары70
3. 3 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығын жүзеге асырудың шетелдік тәжірибесі. . 73
Қорытынды85
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 89
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда сақтандыру қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында рыноктық әдістермен экономиканы басқарудың негізгі құралы болып табылады. Сақтандыру механизмдерінің ерекшелігі тек қана кәсіпорындар мен азаматтардың мүлкін сақтау ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің макроэкономикалық мәселелерін шешу секілді қызметтерді атқару болып табылады. Сондықтан, рыноктық шаруашылығы дамыған мемлекеттерде сақтандыру әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі экономиканың стратегиялық секторы болып отыр. Қазақстанда жеке меншіктің дамуымен бірге сақтандырудың да рөлі өсуде, алайда отандық сақтандыру қызметінің халыққа және кәсіпкерлерге көрсетіп отырған сақтандыру қызметтерінің көлемі тар, тиімділігі аз болып отыр. Сақтандыру рыногындағы компаниялардың тұрақты дамуына қарамастан, отандық сақтандыру жүйесінің дамуы төменгі деңгейде қалуда. Оған дәлел сақтандыру сыйлықақыларының республикалық ЖІӨ-ге шаққандағы үлесі 2012 жылы 1, 5% құрап отыр. Дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш 8-12% құрайды. Сол себепті апаттардың алдын алуға, халыққа әлеуметтік жәрдем көрсету бойынша елеулі мемлекеттік шығындар жұмсауға тура келуде. Сақтандыру қызметі өзіндік ерекшелігімен ерекшеленеді. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай халықаралық стандарттарға сай және қарқынды дамыған сақтандыру қызметін дамытуды қамтамасыз ететін біртұтас сақтандыру жүйесін құруды талап етеді. Сақтандыру секторы қалыпты дамымай мемлекеттің тұрақты дамуы туралы айту қиын. Сақтандыру қызметі рыногының жеткіліксіз дамуы сақтандыру компанияларына келетін капиталдың аздығынан болып отыр, ол өз кезегінде сақтандыруға деген ынталандырудың жетіспеушілігінен, соның ішінде өмірді сақтандыруға, халықтың отандық қаржы ұйымдарына деген сенімділігінің төмендігі, әсіресе ұзақ мерзімді салымдар жасауға көп халықтың сенбеуінде болып отыр. Сақтандыру рыногының дамымай қалғандығын және оның Қазақстандағы институционалдық аяқталмағандығы мемлекеттік мәселе болып отыр, егер осы мәселені мемлекет шешсе сақтандыру қызметі рыногы экономикалық өсудің маңызды тұрақты факторы болар еді [1] .
Отандық сақтандыру қызметі рыногының дамуын тежеп отырған негізгі себептер тек сақтандыру қызметін ұсыну тәжірибесінің жеткіліксіздігінде ғана емес, сонымен бірге халықтың өмір сүру деңгейінің төмендігі мен төлемқабілеті бар кәсіпорындардың санының аздығында болып отыр. Осы себептер сақтандыру қызметінің потенциалын анықтап және құру механизмдерін жетілдіруге бағытталған және болашақтағы тенденцияларын қорытындылайтын зерттеулердің жоқтығынан болып отыр. Осы себептер тақырыптың өзектілігін ашады.
Диплом жұмысының зерттеудің мақсаты және міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық табиғатын және теориялық негіздерін нақтылап, бәсекелестік жағдайдағы сақтандыру қызметінің қалыптасу жағдайына талдау, сонымен қатар экономиканың даму сатысына қарай жетілдіру жолдары мен даму бағыттарын айқындау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:
- бәсекелестік ортадағы сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні мен оның жіктемесін нақтылау;
- Қазақстан Республикасының сақтандыру жүйесінің даму эволюциясына баға беру;
- сақтандыру нарығының институционалдық құрылымына сипаттамасын беру;
- қазіргі жағдайдағы сақтандыру қызметін ұйымдастырудың басымды бағыттарын айқындап, оның даму ерекшеліктеріне талдау жасау;
- сақтандыру қызметіне әсер етуші тәуекелдердің табиғатын зерттеп, оларды басқару әдістерін нақтылау;
- шетел тәжірибесіне сүйене отырып, сақтандыру қызметінің артықшылықтарын қалыптастырушы стратегияларды белгілеп, отандық тәжірибемен ұштастыру.
Зерттеу пәні - бәсекелестік орта жағдайындағы Қазақстан Республикасы сақтандыру қызметінің ұйымдастырушылық және экономикалық аспектілері болып табылады.
Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде статистикалық мәліметтер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің, Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілері, қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Комитетінің мәліметтері, осы проблемалар бойынша басылымдар мен монографиялар болып табылады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеудің мақсатымен және міндеттерімен анықталып, тақырыпты ашуға негізделген. Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Сақтандыру: мәні, қызметі және түрлері
Сақтандыру дегенiмiз, сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерiн мүлiктiк жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешенi.
Сақтандыру қызметi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi [2, 57б. ] .
«Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы» 2000 жылғы 18 желтоқсан N 126-II қабылданды.
Сақтандыру нарығы - бұл ерекше әлеуметтік орта, кең ұғымда, сақтандыру өнімін (сақтандыру куәлігін- полисін) сатып алу- сату жөніндегі экономикалық қатынастардың жиынтығы. Сонымен қатар сақтандыру нарығы деп сақтандырушы мен сақтанушының нарықта кездесетін орнын айтуымызға болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні - белгілі бір сақтандыру жағдайы туындағанда сақтанған жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүддесін қорғау үшін өздері төлеген ақшадан орнын толтыруы.
Сақтандырудың мәнін анықтай келе, келесідей функцияларын атап айтуымызға болады:
- реттеуші - нарық мемлекеттік реттеуге бағынады;
- коммерциялық - сақтандыру операцияларын орындауға байланысты табыс әкеледі;
- бағалық- сақтандыру компаниялары қызметіне баға орнатуды қамтамасыз етеді;
- сенімділік- сақтандыру операциялары жағымсыз жағдай туындағанда олардың алдын- алу сенімділігімен қамтамасыз етеді;
Сақтандыру қызметiн ұйымдастыру және мемлекеттiк реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшiн сақтандыру салаларға, сыныптар мен түрлерге бөлiнедi. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметi "өмiрдi сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады.
«Өмiрдi сақтандыру» саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
1) өмiрдi сақтандыру - сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзiмi бiткенге дейiн немесе сақтандыру шартында белгiленген жасқа дейiн өмiр сүрген жағдайда сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн жеке сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
2) аннуитеттiк сақтандыру- сақтандырылушы белгiлi бiр жасқа жеткен, еңбек ету қабiлетiн (жасына байланысты, мүгедектiгiне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуiне немесе одан айрылуына әкелiп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрiнде кезең-кезеңiмен сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн жеке сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
«Жалпы сақтандыру» саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
1) жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру- сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе ауырудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсiптiк жағынан) қабiлетiн (толық немесе iшiнара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтiрiлген жағдайларда оның қосымша шығыстарын тiркелген сомада не iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделетiн жеке сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
2) медициналық сақтандыру - сақтандырылушының медицина мекемесiнен медициналық сақтандыру бағдарламасына енгiзiлген медициналық қызмет көрсетулердi сұраған жолданымдарынан туындаған шығыстарын iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн жеке сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
3) автомобиль көлiгiн сақтандыру;
4) темiр жол көлiгiн сақтандыру;
5) әуе көлiгiн сақтандыру;
6) су көлiгiн сақтандыру;
Көлiк құралдарын сақтандыру, көлiк құралын иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты адамдардың мүлiктiк мүдделерiне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның iшiнде айдап немесе ұрлап әкетiлуi салдарынан келтiрiлген зиянды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
7) жүктердi сақтандыру- жүктердi иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты адамдардың мүлiктiк мүдделерiне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның iшiнде жүктердiң тасымалдану әдiсiне қарамастан жоғалып кетуi салдарынан келтiрiлген зиянды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
8) кәсiпкерлiк тәуекелдi сақтандыру- Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 810-бабында көзделген жағдайларда сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
9) автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру- үшiншi тұлғаға өзi көлiк құралдарын пайдалануға байланысты келтiрген зиянын өтеу мiндетiне байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген зиянды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
10) темiр жол көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
11) әуе көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
12) су көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру; . Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру, үшiншi тұлғаға өзi көлiк құралдарын пайдалануға байланысты келтiрген зиянын өтеу мiндетiне байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген зиянды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
13) тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру- көлiк құралдарын тасымалдаушы ретiнде өзi пайдалануына байланысты үшiншi тұлғаға келтiрiлген зиянын өтеу мiндеттемесiмен байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген зиянды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
Сақтандыру қызметі ұлттық экономиканың маңызды саласы және тәуекелден қаржылық қорғау институты ретінде әрдайым дамып келеді.
1 Сақтандыру қызметін ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік мәселелерінің негіздері:- экономиканың қорғаушы саласы ретіндегі сақтандыру қызметінің экономикалық қатынастар жүйесіндегі орны, мәні зерттеліне отырып, оның қазіргі заманғы Қазақстан экономикасындағы рөлі мен артықшылықтары, белгілері, үрдісі зерделенді; экономиканың қорғаушы саласы ретіндегі сақтандыру қызметінің «жүйелік» ұғымдары мен өзара байланыстары, атқаратын қызметтері зерттелініп, жалпы құрылымдық негіздері жіктелінді; сақтандыру саласындағы әртүрлі ғалымдардың ойлары зерделенді. Рыноктық экономика жағдайында тәуекелдікті тиімді басқарудың негізгі әдісі сақтандыру қызметі болып табылады. Сақтандыруда өндіріс, айналым, материалдық игіліктерді айырбастау және тұтыну процестерде адамдар арасында қалыптасатын белгілі экономикалық қатынастар іске асады. Ол барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер мен қоғам мүшелеріне шығындарын өтеуде кепілдік береді, яғни көптеген тұлғалар арасында бөлу арқылы заңды немесе жеке тұлғаның мойнына алған шығындарын өтеу әдісі ретінде көрініс береді.
Сақтандыру қызметі - бұл қаржылық тұрақтылықты және төлем қабілеттілікті қамтамасыз ету мақсатында қаржы рыногында пайда алу үшін қордың уақытша бос қаражаттарын пайдалану және дәстүрлі мәміле аясында сақтандыру оқиғаларының туындауы себебінен болған зияндарды қайтару жағдайында, заңды тұлға тарапынан кәсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтардың салымдарын (сақтандыру сыйлықақылары) мәміле есебінен төлеу бойынша сақтандыру қорын құруға негізделген кәсіпкерліктің ерекше түрін көрсететін сақтандыру қызметінің қатысушылары арасындағы ерекше тұйықталған қатынастар жиынтығы [3, 320б. ] .
Экономикалық категория ретінде сақтандыру - сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы, яғни мүліктің бір бөлігі сақтандыру сыйақысы ретінде (ақшалай немесе натуралды үлгіде) бір субъектіден екінші субъектіге сақтандыру төлемі түрінде сақтандыру оқиғасы туындаған кезде қайтарым жағдайына беріледі.
Сақтандыру қызметіндегі ұдайы өндіріс процесінің бірінші сатысы азаматтардың, кәсіпорындардың, мемлекеттік институттардың ерікті және міндетті сақтандыру тізбесі бойынша сақтандыру қорғанысы қызметін сатып ала отырып, нетто-табыстан сақтандырушыларға төлейтін сақтандыру сыйлықақыларының есебінен, сақтандыру қорларын құру арқылы сақтандыру қорғанысын қамтамасыз етеді. Бұл сақтандыру қызметін сатып алу- сату сатысы.
Сақтандыру қызметіндегі ұдайы өндіріс процесінің екінші сатысы - сақтандыру қорларын құру және тарату. Бұл сатыда сақтандырушылар біруақытта сақтандыру қорларын құра отырып, оларды сақтандыру тарифтерінде, бизнес-жоспарда көрсетілген бағыттар бойынша, мемлекеттік нормативтерге (мысалы, сақтандыру қорларын құру және орналастыру ережесіне сәйкес) сай таратады. Сақтандыру қызметіндегі ұдайы өндіріс процесінің үшінші сатысы - сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жолымен, нақты зардап шеккен сақтанушыларға жоғалтуларын өтеп беру үшін сақтандыру қорын пайдалану арқылы сақтандыру қорғанысының жекелей жүзеге асуымен байланысты. Сақтандыру қызметіндегі ұдайы өндіріс процесінің төртінші сатысы - сақтандыру төлемдерінің сақтанушылардың ие болу, басқару, қолдануымен байланысты мүліктік қызығушылығын, олардың үшінші тұлға алдындағы жауапкершілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етуімен байланысты. Жоғарыда айтылған тұжырымдарды талдай келе, біз «сақтандыру қызметі» терминіне қатысты үш категорияны береміз. Біріншіден, бұл қатысушылар арасында туындайтын экономикалық қызығушылықтарды қорғау тәсілі болып табылады. Екіншіден, сақтандыру қызметі - қоғамдық қатынастар жүйесінің ажырамас бөлшегі болады. Үшіншіден, сақтандыру қызметі - бизнес түрі болып табылады. Қазақстандағы мемлекеттік сақтандыруды қадағалау жүйесі әрекет етуші заңдарға сүйенеді, оған жалпы құқықтық актілер, арнайы сақтандыру заңнамалары және ведомстволық нормативтік құжаттар кіреді. Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу ұлттық сақтандыру жүйесінің дамуын және экономиканың сақтандыру секторын әсерлі бақылауды қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда сақтандыру қызметі саласын реттейтін тиімді құрал сақтандыру заңы бар. Алайда, экономиканың бұл саласы халықаралық стандарттар мен қағидаларды қолдана отырып, табысты жетілдіруді қажет етеді. Осы орайда, отандық сақтандыру заңнамаларын тиімді, тұрақты сақтандыру қызметін дамытуға көмек көрсету әрекеттері мен қолдауға, сондай-ақ әртүрлі мемлекеттердің қадағалау органдарымен келешектегі ынтымақтастықты дамытуға бағытталған халықаралық талаптарға сәйкестендіруді қамтамасыз ету қажет. Сақтандыру ұйымдарының қызметін қадағалау және реттеу жүйесін жетілдіру мақсатында компанияның тәуекелдерін анықтауға мүмкіндік беретін реттеу механизмдері мен жаңа тәсілдерін әзірлеу қажет. Шетелдерде сақтандыру институты әлеуметтік-экономикалық жүйенің негізгі құрамдасы ретінде өте жақсы дамыған, ал біздің елдегі осы саланың жағдайы қарқынды дамытуды талап етеді. Осыған орай сақтандыру жүйесін қарқынды дамытудың жолы сақтандырушылар мен сақтандыру ұйымдарының салық салу жүйесін жетілдіру болып табылады.
Сақтандыру компанияларының қызметі белгісіздікке негізделетінін назарға ала отырып, сақтандыру компаниясына оның ағымдағы және күтілетін болашақ қаржылық жағдайын көрсететін мүмкін болатын жағдайларды ескеру керек. Осыған орай бүгінгі күні сақтандыру ұйымдарының тәуекелділікті басқару жүйесін құру мәселесі өзекті болып табылады.
- . Қазақстан территориясындағы сақтандыру нарығының құрылуы
Сақтық рыногы - сақтық қызметтеріне сұраным мен ұсынымды қалыптастыру сферасы; сақтық қызметтерін ұсынатын әр түрлі сақтық ұйымдарының, сонымен бірге сақтық қорғауды қажет ететін заңи және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды білдіреді. Сақтық рыногында клиенттерді және олардың қосымша ақшаларын сақтық қорларына тарту үшін тәуелсіз сақтық ұйымдарының арасында бәсеке пайда болады.
Сақтандыру, табыс (пайда) алу мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі ретінде елестетіледі.
Сақтық рыногы дегеніміз ақша қатынастарының сферасы, онда сатып алу-сату объектісі «ерекше тауар» - сақтық қызмет болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады.
Рыноктық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасындағы сақтық қызметінің монополиясы өзгерді, сақтандыру кеңістігі едәуір кеңейді, сақтық қызметнің кең спектрін ұсынатын мемлекеттік емес акционерлік сақтық компаниялары, кәсіпорындар, корпорациялар, меншіктің түрлі нысандарының қоғамдары пайда болды. Олардың қызмет сферасы сақтандырудың тәуекелдік түрлерін де: биржалық мәмілелерді, жүктерді, кредиттерді, коммерциялық, құқықтық және басқа айрықшалықты тәуекелдерді(валюталық бағамның өзгеруі, ереуілдер кезінде кәсіпорынның тұрып қалуы, соғыс қимылдары, жұмыссыздық, экологиялық тәуекелдерді және т. б. ) сақтандыруды керіктіреді.
Қазақстанда сақтық ұйымдары шет елде инвестицияларды және экспорттық кредиттерді төлемеу тәуекелдігінен сақтық қорларға қатыспайды. Осыған байланысты, республиканың экспорттық мүмкіндіктері өсуінің жекеше сақтық ұйымдарының капиталдану қарқынан озық қарқынын ескере отырып, отандық инвесторлар мен экспортшыларды сыртқы қауіп-қатерден қорғау саласында мамандырылған корпарацияны құру және оның жұмыс істеуі өте деркезділік болып табылады.
Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтық корпорациясы Қазақстан Республикасының даму институттарының бірі болып табылады, оның негізгі мақсаты - 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға жәрдемдесу. Корпорацияның орнықты қызметін қамтамасыз ету үшін 7, 7 млрд. теңге мөлшерінде жарғылық капиталы қалыптастырылған. Қоғамның бірден-бір акционері мемлекет болып табылады. Корпорация қызметінің негізгі бағыты - бұл сатып алушылардың дәрменсіздігімен және сыртқы саяси, тәуекелдіктермен байланысты зияндарды сақтық қорғауды қамтамасыз ету. Корпорация экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыруды (қайта сақтандыруды) жүзеге асырады, сақтық төлемдерін төлейді және контрагенттерден өтеуді алады. Өз қызметтерінде корпорация сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдарға экспорттық кредиттер мен инвестициялық сақтандырумен байланысты мәселелер бойынша консультациялық, маркетингтік және ақпараттық қызметтер көрсетуді жоспарлайды.
Корпорация жоспарлайтын тәуекелдерді сақтандыру шеңберіне мыналар кіреді: алушының дәрменсіздігі, өзара келісімшартты орындауға қатысушы импортер (реципиент) елінің немесе үшінші ел үкіметтрі тарапынан экспортерге немесе инвесторға қатысты дискриминациялық сипаттағы шешімдер, іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер) ; импортер (реципиент) елі үкіметтерінің шетелдік валютамен операцияларды жүзеге асыруға, валютаны айырбастауға шектеу енгізуі; экспроприациялау, мемлекет меншігіне айналдыру, тәркілеу; революциялар, қоғамдық тәртіпсіздіктер, соғыстар және т. с. с.
Сақтық ұйымы бола отырып, корпорация «Сақтық қызметі туралы» заңға сәйкес іс-әрекет етуге міндетті. Осыған байланысты сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың жеке келісімшарты бойынша сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелердің ең жоғары көлемі меншікті капитал мен сақтық резервтерінің 10%-ын құрайды. Тәуекелді сақтандыруға корпорация алатын көлемдердің әлуетін көбейту мақсатымен, сондай-ақ алапаттық сипаттағы уақиғалар кезінде төлем қабілетсіздігі тәуекелдігін болдырмау үшін жетекші халықаралық қайта сақтандыру ұйымдарында тәуекелдерді ішінара қайта сақтандыру практикасы жүзеге асырылады.
Сақтық келісімшарттарын жасауға және сақтық операцияларының нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс-қимылы сақтық рыногында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы сақтық рыногының қатысушылары мыналар болып табылады:сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы; сақтық брокері; сақтық агенті; сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы; актуарий; уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор) ; өзара сақтандыру қоғамы; сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге заңи және жеке тұлғалар.
Сақтық қызметі сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады; бұл қызметтен басқа ол қызметтің мынадай түрлерін: инвестициялық қызметті; «өмірді сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын тиісті жинақтаушы сақтық келісімшартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді (сақтық ұйымы үшін) ; сақтық (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды; ақпарат берілімдерінің кез келген түрлерінде сақтық ісі және сақтық қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды; бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған (сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы үшін) немесе оның қарамағына сақтандыру келісімшарттарын жасауға байланысты келіп түскен (сақтық ұйымы үшін) мүлікті сатуды немесе жалға беруді; сақтық қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді; сақтық (қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқуды ұйымдастыру мен жүргізуді; сақтық агенті ретінде сақтық делдалы болуды; консорциум немесе жай серіктестік құруға қатысуға, сақтық ұйымдары арасындағы не сақтық ұйымдары мен ассистанс қызметін көрсететін өзге заңи тұлғалар арасындағы бірлескен қызмет туралы келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын ассистансты; сақтық төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде көзделген қызметті жүзеге асыруға құқылы.
Сақтық қызметін жүзеге асыруға мынадай жалпы талаптар қойылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz