«Балықтар арқылы адамға жұғатын аурулар»



КІРІСПЕ 4
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ 5
1.1 Балықтардың гельминттерін зерттеген ғалымдар 5
1.2 Дигенетикалық сорғыштарға сипаттама және систематикасы 11
1.3. Аурудың қоздырушысы және таралуы 15
1.4. Аурудың жұққыштығы және оның алдын алу шаралары 19
1.5. Жалапақ таспа құрттарға жалпы сипаттама 20
1.6 Cуқоймалардың физико . химиялық сипаттамасы 28
1.7 Тұқы балықтарының морфо.cистематикалық сипаттамасы 30
2. ЗЕРТТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН МАТЕРИАЛДАРЫ 32
2.1 Тірі паразиттерді зерттеу 33
2.2 Боялмаған препаратты дайындау 33
3.ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТАЛҚЫЛАУ 3
ҚОРЫТЫНДЫ 44
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 45
Балықтар – адам мен жануарларға гельминтоз ауруларын тасымалдаушылар. Адам және жауарларға жұғатын аурулар: описторхоз, дифиллоботриоз, клонорхоз, метагонимоз, анизакидоз, диоктофимоз, гнатостомоз, нанофиетоз, псевдамфистомоз.
Балықтар адам және жануарлардың әр түрлі ауруларының көздері.
Балықтар – бактериялар мен токсиндерді тасымалдаушылар.
Тағамдық токсикоинфекциялар, тағамдық интоксикациялар, клостридиоз, сальмонеллез, алгология токсиндері. Яғни олар қауіпті аурулардың қоздырушыларын тасымалдаушылар болып табылады.
Адам және оның денсаулығы қоғамның негізгі құндылығы болып табылады. Ол қоршаған ортаның жағдайларымен тығыз байланысты. Табиғи ортада химиялық және радиациялық ластанулардан басқа, адамда әр түрлі ауру туғызатын биологиялық ластаушылар да кездеседі. Биологиялық ластаушыларға ауру туғызатын микроорганизмдер, гельминттер, қарапайымдылар жатады. Олар ауада, суда, топырақта, тірі организмдердің денесінде, адамның ағзасында кездеседі. 1500000 жануарлардың 50000- ға жуығы паразиттік тіршілік етеді, соның ішінде 500-дей түрі адам паразиті болып табылады. Адам паразиттерінің көбі ауру туғызатын паразиттер. [1]
Паразиттердің ішінде түр, саны жағынан алуан түрлі болып келетін жалпақ құрттардың ішінен – таспа құрттар және сорғыштар.
Таспа құрттар класының өкілдері, сорғыштары мен моногенетикалық құрттарға қарағанда паразиттік тіршілікке толығырақ бейімделген. Жалпақ құрттың өкілі – Diphyllobothrium latum. Жалпақ таспа құрттың тарататын ауруы – дифиллоботриоз деп аталады..
Дигенетикалық сорғыштардың өкілі- Opisthorhis felineus – мысық немесе сібір қосезуі - адамның, иттің мысықтың және адамның бауырында, өт жолдарында паразиттік тіршілік етеді. Opisthorhis felineus – описторхоз ауруына ұшыратады. Описторхис адамның организмінде 20 жылға дейін, ал мысықта – 3 жылға дейін тіршілік етеді. [2]
Жұмыстың мақсаты: Балық арқылы адамға жұғатын описторхоз және дифиллоботриоз ауруын зерттеп паразиттерін анықтау.
Жұмыстың міндеттері: 1- әдебиеттермен танысу; 2 – гельминтоздарды өңдеу әдістемелерімен танысу. 3- сорғыш және таспа құрттарды жинап анықтау. 4- балықтардағы паразиттердің санын анықтау. 5- балықтардан описторхоз және дифиллоботриоз ауруларын адамдарға, жануарларға жұғу жолдарын зерт
1. Ванятинский В. Ф., Мирзаева Л. М., Поддубная А. В. // Болезни рыб –М.: Пищевая промышленность, 1979г. –C. 3-5.
2. Даутбаева К. Ә.// Омыртқасыздар зоологиясы – Алматы: 2004г. – С. 167-170.
3. Гвоздев Е. В., Османов С. О., Агапова А. И. Итоги перспективы ихтиопаразитологических исследовании в средней Азии и Казахстане // Болезни рыб и меры борьбы с ними – Алматы: 1977г. –С. 60-62.
4. Анцышкина Л. М. Паразитофауна рыб Запорожского водохранилища. // Паразиты и паразитозы животных и человека –Наука думка: 1975г. С. 7-14.
5. Решетникова А. В. Паразиты заболевания сазана в прудах Цимилянского нерество-выростного хозяства и мероприятия по борьбе сними // гр. Волгоградск отд. Гос. н. –и. Ин-та оз. И речн. Рыбн. х-ва: 1965г –С.191-200.
6. Колесова В. Е. К вопросу об эпизотическим состоянии не которых рыбхозов челябинской области. // пробл. Паразитология . ч. I. Киев: наука думка 1975г. –C. 236-238.
7. Каменский И. В., Пономарева Э. В. К изучению гельминтофауны рыб Истиринского водохранилища. // Тр. Ин-та гелмитол. 1964г. –С. 71-76.
8. Джалилов. У. Д. Паразитофауна рыб р. Гунт (Памир) // пробл. Паразитологии. Ч. I. Киев. Наука думка. 1975г. –С. 149-150.
9. Галузо И. Г., Гвоздьев Е. В. Болезни и паразиты при акклиматизации животных. // тр. Ин-та Зоол. Ан КазССР. 1964г. –С. 5-12.
10. Терехов П. А. Паразиты молоди рыб кубанских нерестово-вырастных хозяйств // 7-е всес. Совещ. По паразитом и болезнем рыб. Тез. Докл. Л. 1979г. –С. 107-108.
11. Гаврилова Г. Н. О паразитофауне рыб Кайрак – Кумского водохранилища. // Биологические основы рыбного хозяства на водоемах средней Азии и Казахстана. Изд. Наука Алма-ата: 1966г. –С. 31-36.
12. Кулагина О. П. Паразитофауна леща озера Неро. // Экол. Гельминтов (Ярославль), 1978г. №2. С. -21-23.
13. Мусселиус В. А. Паразитарные заболевания белых амуров, белых и пестрых толстолобиков в прудовых хозяствах РСФСР. // Болезни рыб и меры борьбы с ними. Изд. Каз ССР наука. Алма – Ата1966г. –C. 99-105.
14. Сидорв Е. Г. Паразиты рыб водоемов центрального Казахстана. // Автореферат на соискание уч степ к. б. Н. Алма-Ата; 1962 г. –C. 3-30.
15. Убайдуллаев К. Паразиты молоди основных промысловых рыб Аральского моря. // Болезни рыб и меры борьбы с ними. Изд. Наука. КазССР. Алма-Ата ; 1966г. –С. 134-135.
16. Диарова Г. С. Основные заболевания карпов в прудовых хозяствах юга Казахстана. //Биол. Основы рыбн. Х-ва на водоемах среди. Азии и Казахстана. –Алма-Ата: Наука. 1966г. –С.252 – 254.
17. Клебановский . В. Эпидемиологическая характеристика очагов дифиллоботриоза в северном Прииртыше. Афтореф.
18. Бауер О. Н. Основные проблемы паразитологии рыб. //Всесоюз. Научно-исслед. Инст. Озерного и речного рыбного хозяства. Изд. Лен. Университета. 1958г. –С.321- 334.
19.Агапова А. И. Паразиты и болезни рыб в рыбхозяственных водоемах Казахстана. // КазССР Ғылым. Акад. Хабарлары, изд.. Ан КазССР. Сер. Биол. н. 1964г. Вып. 4. –С. 45-83.
20. Брагина Е. В. Материалы по паразитофауне рыб водоемов кустанайской области. // Рыбн. Ресурсы водоемов Казахстана и их исрольз. –Алма-Ата: Наука 1970 г. –С. 290-297.
21. Смирнова К. В. Паразитофауна судака озера Балхаш. // Биологические основы рыбного хозяйства на водоемах средней Азии и Казахстана. Изд. Наука-Алма-ата: 1966 г. –С. 98-100.
22. Османов С. О. Паразитарное состояние рыб заравшанских водохранилища и пути их оздоровления. // Вестн. Каракалп. Фил. АН УзССР. 1964 г. №4. –С. 28-45.
23. Османов С. О. К познанию паразитов рыб реки Сыр-Дарьи. //Биологические основы рыбного хозяства на водоемах средней Азии и Казахстана. Изд. Наука-Алма-Ата: 1966г. –С. 98-100.
24. Агапова А. И. Ихтиопаразитологическая оценка бухтарминского водохранилища. // Болезни рыб и меры борьбы с ними. Изд. КазССР наука-Алма-ата: 1966г. –С.5-9.
25. Кукашев Д., Батталов М.К. Паразитофауна рыб водоемов Иргиз – тургайского бассейна. //Фауна экол. и зоогеогр. Гельминтов животн. Казахстана. Ин-т зоол. Ан. КазССР. –Алма-ата. 1978 г -134-146.
26. Сапарова Г. А. Паразиты рыб низовьев реки Ураль // автореф. Дисс на соискание уч. Степ. К.б.н –Алматы; 2004г –С. 5-30с.
27. Жатқанбаева Д.М Диплостомозы рыб и пути их профилактики в рыбоводных хозяствах Казахстана. // Зоологические исследование в Казахстане. –Алматы: 2002ж. –Б. 288.
28. О. Н. Бауер Основные проблемы паразитологии рыб. Изд. Лен. Университета 1958г. С. 321-325
29. Алламуратова Б. А. Новые данные о паразитах болезнях рыб Узбекистана. // Биол. основы рыбн. Алма-Ата: Наука 1966 г. 118-120.
30. Сидоров Н. А. Описторхоз. //Алматы. 1961.С. 344-347
31. Экалогия возбудетеля описторхоза человека и нучные основы его профилактики (рекомендации). – Алматы. 2011. 18-21 c.
32. Cидоров. Е. Г. Описторхоз. // Алматы. 1961. С.298-302
33. Быховская – Павловская И. Е. Паразитологическое ислледование рыб. Изд. Академ Наук ССРө –М: 1952г. –C.8.
34. Сидоров. Е. Г. Природная очаговость описторхоза. Биол – лен. ЛГПИ 1975.- C.84.
35. Белозеров Е. С. Шувалова Е. Г. Описторхоз. 1981г. –с.123-130
36. Сидоров Е. Г. Описторхоз // Алматы. !970. –С. 55-58
37. Түсіпова К. С. Омыпртқасыздар зоологиясы. 1-бөлім. // Алматы 1998
38.Ванятинский В.Ф., Мирзаева Л. М., Поддубная А.В. // Болезни рыб –М.: Пищевая промышленность, 1979г. – C. 167-170.
39. Сидоров Н. А. Описторхоз. //Алматы. 1961.С. 344-347
40. Догель В. А. Зоология безпозвоночных // М: 1981г. –С. 112-117.
41. Даутбаева К. Ә.// Омыртқасыздар зоологиясы – Алматы: 2004г. – С. 167-170.
42.Юхименко А. Н. Воронин В.Н. Головин П. П. Ихтиопаталогия: М: Мир, 2003. –C. 344-355.
43. Кусайнова А. С. Эпидемиологические особенности описторхоза на современном этапе. //Афтореф. Диссерт-ии на соискание ученой степени канд. Мед. Наук.
44. Шербина А. К. Болезни рыб. – Киев: Урожай, 1978г –С.234-237
45. Омаров Т. Р. Қазақстанның өзендері мен көлдері. //Қазақстан баспасы. – Алматы; 1975г. –C. 22-64.
Клебановский. В. А. Природная очаговость дифиллоботриозов. // Вопр. Природ. Очаговости болезней. – Алма-ата. 1978. –С. 753-75.
46. М. Қ. Жұмалиев. Ә. А. Бәйімбет. Б. Е. Есжанов. Балықтар алуантүрлілігі және ихтиология негіздері: // Оқу құралы. –Алматы: Қазақ университеті, 2009. –С.233-235.
47. А. К. Бәйімбет. Анықтауыш
48. Мусселиус В. А. // Лабораторный практикум по болезням рыб. Изд. Легкая и пещевая промышленность. –М; 1983 г. –С. 22-123.
49. Быховская И. Е., Павловская. // Паразитологическая исследования рыб. Изд.Академ Наук ССР- М : 1952 г. –С.8
50. Маркевич А. П // Методика и техника паразитологического обследования рыб. изд. – Киев; 1950г. –C.24-26

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Нургалиева А.Қ.

БАЛЫҚТАР АРҚЫЛЫ АДАМҒА ЖҰҒАТЫН АУРУЛАР

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы 050804 - Балық шаруашылығы

Алматы 2012
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті


Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі,
б.ғ.д., профессор С. С. Айдосова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Балықтар арқылы адамға жұғатын аурулар

050804 - Балық шаруашылығы мамандығы

Орындаған Нұрғалиева А.Қ.

Ғылыми жетекшісі Дәуітбаева К.Ә.

Норма бақылаушы Суворова М.А.

Алматы 2012

РЕФЕРАТ

Диплом жұмысында балықтар арқылы адамға жұғатын ауруларды зерттеу нәтижесінде тұқы балықтарынан 2 түрге жататын сорғыштар (Trematoda) класының өкілі Opisthorhis felineus және Diphyllobothrium latum паразиттері табылды. Олардың құрылысы, даму циклы қай суқоймаларда кездесетіні көрсетілді. Ең каөп кездескені O. felineus паразиті болды. Ал D. latum өте аз мөлшерде кездесті. Паразитттердің басым көпшілігі Сырдария өзенінде байқалды. Диплом жұмысы 43 беттен, 3 бөлімнен, 2 кестеден, 6 суреттен, 50 әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кілттік сөздер: ихтиопаталогия, паразиттер, гельминттер, гельминтоз, описторхоз, дифиллоботриоз.

МАЗМҰНЫ
Бет
КІРІСПЕ 4
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ 5
1.1 Балықтардың гельминттерін зерттеген ғалымдар 5
1.2 Дигенетикалық сорғыштарға сипаттама және систематикасы 11
1.3. Аурудың қоздырушысы және таралуы 15
1.4. Аурудың жұққыштығы және оның алдын алу шаралары 19
1.5. Жалапақ таспа құрттарға жалпы сипаттама 20
1.6 Cуқоймалардың физико - химиялық сипаттамасы 28
1.7 Тұқы балықтарының морфо-cистематикалық сипаттамасы 30
2. ЗЕРТТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН МАТЕРИАЛДАРЫ 32
2.1 Тірі паразиттерді зерттеу 33
2.2 Боялмаған препаратты дайындау 33
3.ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТАЛҚЫЛАУ 3
ҚОРЫТЫНДЫ 44
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 45

КІРІСПЕ

Балықтар - адам мен жануарларға гельминтоз ауруларын тасымалдаушылар. Адам және жауарларға жұғатын аурулар: описторхоз, дифиллоботриоз, клонорхоз, метагонимоз, анизакидоз, диоктофимоз, гнатостомоз, нанофиетоз, псевдамфистомоз.
Балықтар адам және жануарлардың әр түрлі ауруларының көздері.
Балықтар - бактериялар мен токсиндерді тасымалдаушылар.
Тағамдық токсикоинфекциялар, тағамдық интоксикациялар, клостридиоз, сальмонеллез, алгология токсиндері. Яғни олар қауіпті аурулардың қоздырушыларын тасымалдаушылар болып табылады.
Адам және оның денсаулығы қоғамның негізгі құндылығы болып табылады. Ол қоршаған ортаның жағдайларымен тығыз байланысты. Табиғи ортада химиялық және радиациялық ластанулардан басқа, адамда әр түрлі ауру туғызатын биологиялық ластаушылар да кездеседі. Биологиялық ластаушыларға ауру туғызатын микроорганизмдер, гельминттер, қарапайымдылар жатады. Олар ауада, суда, топырақта, тірі организмдердің денесінде, адамның ағзасында кездеседі. 1500000 жануарлардың 50000- ға жуығы паразиттік тіршілік етеді, соның ішінде 500-дей түрі адам паразиті болып табылады. Адам паразиттерінің көбі ауру туғызатын паразиттер. [1]
Паразиттердің ішінде түр, саны жағынан алуан түрлі болып келетін жалпақ құрттардың ішінен - таспа құрттар және сорғыштар.
Таспа құрттар класының өкілдері, сорғыштары мен моногенетикалық құрттарға қарағанда паразиттік тіршілікке толығырақ бейімделген. Жалпақ құрттың өкілі - Diphyllobothrium latum. Жалпақ таспа құрттың тарататын ауруы - дифиллоботриоз деп аталады..
Дигенетикалық сорғыштардың өкілі- Opisthorhis felineus - мысық немесе сібір қосезуі - адамның, иттің мысықтың және адамның бауырында, өт жолдарында паразиттік тіршілік етеді. Opisthorhis felineus - описторхоз ауруына ұшыратады. Описторхис адамның организмінде 20 жылға дейін, ал мысықта - 3 жылға дейін тіршілік етеді. [2]
Жұмыстың мақсаты: Балық арқылы адамға жұғатын описторхоз және дифиллоботриоз ауруын зерттеп паразиттерін анықтау.
Жұмыстың міндеттері: 1- әдебиеттермен танысу; 2 - гельминтоздарды өңдеу әдістемелерімен танысу. 3- сорғыш және таспа құрттарды жинап анықтау. 4- балықтардағы паразиттердің санын анықтау. 5- балықтардан описторхоз және дифиллоботриоз ауруларын адамдарға, жануарларға жұғу жолдарын зерт

1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1.1 Балықтардың гельминттерін зерттеген ғалымдар.
Ең алғаш Қазақстан және Орта Азияда патологиялық зерттеуді дамытқан, Совет паразитологтары В.А. Догель және оның шәкірті Б.Е. Быховский болды, 1934 жылы Фауна паразитов рыб Аральского моря деген алғашқы үлкен монографиясын жариялаған.
Қазақстандағы ихтиопаразитологиялық зерттеулерді (Диарова, Ахметова, Брагина) жүргізсе, ал Орта Азияда (Уразбаева, Бричук, ДЖалилов және т.б.) - бұлар көптеген аурулардың қоздырушысын анықтап, жалпы паразитологиялық сұрақтарға жауап тапты.
Қазақстанның - Қапшағай, Бұқтырма, Шардара суқоймасының ихтиопаразитофаунасын зерттеген (Агапова, Брагина, Смирнова), Өзбекстанда - Чимкурган және Камашин суқоймасын (Қараев), Тәжікстанда - Нурек және Қайраққұм (Джалилов) керекті мәліметтерді берді. [3]
Балықтардың гельминттерін ТМД террриториясында көптеген ғалымдар зерттеген. Мысалы Л.М. Анцышкина 1965-1973жж. Запорожский суқоймасындағы балықтардың толық паразитологиялық зерттеу әдісімен 37 түрге жататын 2143 дана балықтардан 15 систематикалық топқа жататын паразиттерді тапқан. : Flagellata - 5, sporozoa - 1, Plasmosporidia - 2, Cnidosporidia - 26, Ciliata - 36, Suctoria - 1, Monogenoidea - 56, Cectoidea - 22, Trematoda - 41, Nematoda - 16, Acantocephala - 3, Hirudinea - 4, mollusca - 4, Crustacea - 10, Arahnoidea -3 табылған. [4]
Цимлянск суқоймасында А. В. Решетникова 1956-1962 жж. толық паразитологиялық әдіспен 29 түрден тұратын 484 дана балықты зерттеу Қарапайымдылардың - 16 түрі, моногенеалық сорғыштардың - 26, трематодалардың - 24, нематодалардың - 13, скребнилердің - 4, сүліктердің - 10 түрі табылған. [5]
В. Е. Колесова Челябинск обылысында балық шаруашылығының жағдайын зерттеу нәтижесінде 840- дана тұқы, 45 - дана ақ амур, 30 - дана дөңмаңдай, 25 - ақсаха, 15 - дана амур сазанын зерттеген. Тұқыдан - 43, ақ амурдан - 9, дөңмаңдайдан - 10, ақсахадан паразиттің 6 түрі табылған. Ең қауіпті аурулар: ихтифтириоз, дактилогироз, гиродактилез, бодрицефалез және кавиоз болып табылды.[ 6]
1961 жылы маусым - қыркүйек айларында Истрин суқоймасында И. В. Каменский, Э. В. Пономарева 9 түрге жататын 245 балыққа гельминтологиялық зерттеулерді жүргізіп моногенеаның 7 түрін, трематоданың 13, цестоданың 6, нематоданың 2, скребнидің 1 түрін тапқан. Балықтарға гельминттердің жұғуы:
79,2% - моногенеа, 86,1% - трематода, 47,3% - цестода, 73% - нематода, 0,4%- скребни. [7]
У. Д. Джалилов Гунт (Памир) өзенінде 37 - дана балықтарға зерттеужүргізді (жалған осман, тибет талма балығы, қара балық). Табылған паразиттер: қарапайымдылардың - 9 түрі, гельминттің 14 түрін (нематода - 2, моногенеа - 12, цестода - 10) Қара балықтан паразиттің 5 түрі, талма балық - 4 түр, жалған османда 3 түр табылған. [8].
И. Г. Голузо, Е.В. Гвоздев пайдалы балықтарды жерсіндіру нәтижесінде қауіпті паразиттердің де келуін қарастырған. Мысалы: Арал теңізінде жерсіндірілген шоқыр өзімен бірге Nitzchia sinensis паразитін әкеліп сол жердегі жергілікті балықтарды өлімге ұшыратқан, сонымен қатар амур сазанымен ақ амур өте қауіпті цестоданы (Bothriocephalus gowkongensis, khawia sinensis) ТМД- ның Европалық бөлігіндегі суқойма және Орталық Азияға таратқан. [9]
П. А. Терехов 1970 - 1977 ж.ж. Кубан уылдырық алу - шабақ өсіру шаруашылығында паразитологиялық зерттеулер жүргізіп Posthodiplostomum cuticula, Piscicola geometra, және Botriocephalus acheilognathi патогенді паразиттерді тапқан. [10]
Н. Е. Гаврилева 1957-1964 жж. Қайраққұм - Құм суқоймасындағы балықтарға толық паразитологиялық анализ жүргізген, 17 түрге жататын 582 дана балық зерттелді. Паразиттің 82 түрі табылған. Оның ішінде қарапайымдылардың - 21, трематоданың - 7, моногенеаның - 32, Дөңгелек құрттың - 7, Скребнидің - 1, Сүліктің - 2, паразитті шаяндардың - 5 түрін тапқан. [11]
О. П. Кулагина 1974 - 1975 ж.ж. Неро көлінен 36 дана тыран балықтарды зерттеді. Олардан паразиттің 37 түрі табылды. Олар: қарапайымдылар - 1, моногенеа - 2, трематода - 6, цестода - 3, нематода - 2, cкребней - 2, cүлік - 1. [12]
РСФСР - ға ҚХР және Европадан жерсіндірілген өсімдік қоректі балықтардың паразитофаунасын 1965 жылы В. А. Мусселиус зерттеді. Сол жылдары ихтифтириоз тұқылардың 60-70% өлімге ұшыратқан. Қарапайымдылар, моногенеалық сорғыштар, лента тәрізді гельминттер botriocephalus gowkongensis, паразитті шаянтәрізділер - sinergasilus major, sinergasilus lieni, Lernea, ctenopharygodontis табылған. [13]
Орталық Қазақстанда Ырғыз - Торғай бассейнінде, Нұра өзенінде, Қорғалжын көлінде, Сарысу өзенінде, Жезқазған суқоймасында толық паразитологиялық зерртеу әдісімен 1953-1955 жж. Е.Г. Сидоров 19 түрге жататын 1115 дана балықты зерттеді. Балықтардан табылған паразиттер: қарапайымдылар - 4, моногенеалық сорғыштар -28, дигенетикалық сорғыштар - 20, цестодалар - 13, нематодалар-10, cкребней -2, сүлік - 2, шаянтәрізділер - 5табылған.[14]
Арал теңізіндегі кәсіптік балықтардың шабақтарының паразиттерін 1962-1965 ж. ж. К. Убайдуллаев зерттеген. Толық паразитологиялық зерттеу әдісімен тыпанның, көксеркенің және тортаның 754 дана шабақтарын зерттеген. Тыран шабақтарынан паразиттің 19 түрі табылған, оның ішінде қарапайымдылар - 6, моногенетикалық - 5, трематода - 4, нематода - 4, Сазан шабақтарынан паразиттің 28 түрі табылған. Оның ішінде қарапайымдылар -7, моногенеалық сорғыштар - 6, цестода - 5, трематода - 5, нематода - 2, және сүлік -1, моллюска және шаянтәрізділер табылған. [15]
Оңтүстік қазақстан тоған шаруашылығында 1963 жылдың ақпан айынан 1964 жылдың қараша айына дейін толық және толық емес паразитологиялық зерттеу әдісімен Г. С. Диарова 11 түрге жататын 11900 дана балықты зерттеді. Паразитофауна 35 түрден тұрды. Оның ішінде қарапайымдылар - 4, трематодалар - 5, моногенеалық сорғыштар - 15, цестодалар - 4, нематодалар -4, iшаянтәрізділер -3. Жаңа түр тіркелген gyrodactylus cyprini. [16]
Клебановский дифиллоботриоз ауруын Иркутск обылысының Енисей-Лена аймақтарынан тапқан. Соңғы жылдары Иркутск обылысында дифиллоботриозбен ауыратын адамдар саны артқан дейді. [17]
Бауер. О. Н. СССР-дің тұщы су балықтарынан паразиттердің 10 шақты түрін, олардың арасынан біршама ауыр құрттардың дифиллоботриоз және описторхоз қоздырғыштарын тапқан. [18]
Оңтүстік Қазақстан тоған шаруашылығында 1963 жылдың ақпан айынан 1964 жылдың қараша айына дейін толық және толық емес паразитологиялық тзерттеу әдісімен 11 түрге жататын 11900 дана балықты зерттеді. Паразитофауна 35 түрден тұрады. Оның ішңде қарапайымдылар - 4, трематодалар -5, моногенеалық сорғыштар - 15, цестодалар - 4, нематодалар - 4, шаянтәрізділер -3. Жаңа түр тіркелген Gyrodactylus cyprini [19]
А. И. Агапова Қазақстандағы балық шаруашылық суқоймасындағы балықтардың аурулары мен паразиттерін зерттеген. Балықтың 65 түрінен паразиттің 250 түрі табылған. Ең көп кездескен паразиттер: allocreadium isoprom, Diplostomulum spathaceum, Posthodiplostomum cuticola, D. calvatum және т.б. Қазақстан суқоймаларында келесідей паразиттер тіркелген: Ихтиофтириос, дактилогироз, гиродактилоз, нитцшиоз, триенофороз, кавиоз, ботриоцелез, лигулез, диплостоматоз, сангвиниколез, филаметроз және т.б. [20]
Е. В. Брагина 1963 жылдың мамыр-маусым айларында Қостанай обылысының суқоймаларында балықтың паразитофаунасын зерттеп 6 - түрге жататын 669 дана балықты (шортан, алабұға, тыран, алтын және күміс мөңке, ақ қайран) зерттеді. Паразиттің 34 түрі тіркелген. Оның ішінде қарапайымдылар-3, біреуі моногенеалық сорғыш, цестода-5, трематода-13, нематода-8, сүлік -1, шаянтәрізділер-2. [21]
К. В. Смирнова Қазақстан суқоймаларындағы кәсіптік сазанның паразитофаунасын зерттеді. Сазанға моногенеаның, трематоданың, цестоданың, паразитті шаянтәрізділердің жұққанын айтады. [22]
С. О. Османовтың зерттеуі бойынша- Арал теңізінің балықтарынан паразиттің 215 түрі табылған, осының ішінен 23 түрі жерсіндіру нәтижесінде пайда болған. [23]
1964 жылы С. О. Османов Сырдария өзенінің бассейнінде және Чирчикте балықтарға ихтиопаразитологиялық зерттеулер жүргізген. 18 түрге жататын 184 балық,10 түрге жататын 102 балық зертелді. Суқоймадағы балықтарға ең көп жұққан: қарапайымдылар, трематодалар, моногенеалар, бассейндегі балықтардан паразиттің 126 түрі табылған. Қарапайымдылар - 39, трематод-11, моногенеалар -52, цестода-11, нематода-5, скребни-2, сүлік -1, шаянтәрізділер -5 табылған. [24]
Бұқтырма суқоймасында алғаш зерттеуді Агапова А. И. 1937 жылы Зайсан көлінен бастады. В. А. Захваткиннің жетекшілігі бойынша Зайсан және Қара Ертістен балықтың 14 түрін зерттеп, паразиттердің 60 түрін тапқан. Кейін 1949-1950 жж. О. Б. Доброхотова сол жерден балықтың 17 түрін зерттеп, паразиттің 78 түрін анықтаған. 1963-1964 жж. шортан, сазан, торта, тыран, тұрпа, аққайран, нәлім, мөңке, көксерке, алабұға, таутан, нельма, бекірелердің бір-бір данасы, шоқыр және тайменьге зерттеулер жүргізген. [25]
Д. Кукашев, М, Баталов, Ырғыз - Торғай бассейнінде толық және толық емес паразитологиялық зертттеу әдісімен 5 - түрден тұратын 165 балы0ты зерттеген. Шортан, аққайран, күміс мөңке, сазан, алабұғадан паразиттің 18 түрі табылды. [26]
1997 - 2001 жж. Г. А. Сапарова Каспий теңізінің солтүстік шығыс бөлігінде Жайық өзенінің төменгі ағысында балықтарға толық паразитологиялық әдіспен зерттеу жүргізді. 5 - отрядқа, 22 - түрге, 3202 - дана балықтарды зерттеді. Балықтардың паразиттермен жалпы зақымдануы 41,7 %. Зерттеу барысында балықтардан паразиттердің 135 түрі табылған. Олар 8 - тип, 12 - класс, 49 - тұқымдас, 69 - туыстан тұратыны анықталған. [27]
Д. М. Жатқанбаева, Г. С. Сапарова, Ж. Г. Лукманова 1997 -2006 жж. Орал өзені сағасын зерттеу барысында 4 тұқымдасқа бірігетін балықтардың 11 түрінің паразитофаунасын зерттеді. Зерттеу барысында 80 дана орыс бекіресі қарастырылған. Соның ішінде 18,7 % инвазионды паразиттермен зақымдалған. 147 дана торта балығы қарастырылып, 48,9% зақымдалған. [28]
О.Н. Бауер Балықтардың паразиттерінің көп саны адам және үй жануарлары үшін қауіпті болып табылады. Ұсақ паразиттер балықтардың ішегіне түсіп бірге қорытады. Бірақ гельминттердің аздаған түрлі топтары балықтың ішкі мүшшесінде личинка сатысында сатысында Бұлшық етте мекендейді (Жалпақ құрттар үшін плероцеркойд сатысы, Сорғыш құрттар үшін метацеркарий сатысы) жыныстық жетілу кезеңінде адам және үй жануарларының ішегінде мекендейді. СССР тұщы су балықтарында мұндай паразиттердің он шақты түрі кездеседі, сонымен қатар описторхоз және дифиллоботриоз құрттарының қоздырғыштарын тапқан. [29]
Б. А. Алламуратова 1963 -1965 жж. Өзбекстанда Сурхан - Дария және Кашка - Дария суқоймасында балықтарға паразитологиялық зерттеулер жүргізді. Тұқы мен сазаннан Gyrodactylus ciprini табылды. Сонымен қатар жаңа түр myxobolus longicornis-тің иесі ретінде сазан храмуля және заравшан тұрпа болып табылады. [30]
Описторхоз ауруының белгілерін адам организмінен алғаш рет тапқан Томск университетінің профессоры К.Н. Виноградов. Ол 1891 ж ауырып өлген бауырынан үлкендігі 1 см жұқа құрт тауып, оны Сибирлік айыр мұрт деп атаған. Оның описторхис құрты екенін анықтаған. [31]
Жатқанбаева Д. Б. Батыс Қазақстан обылысында мұнай және газ өңдеу өнеркәсібімен байланысты сараптама орталығында жыл сайын описторхоздың жаңа мәліметтерін тізімге алған. 2010 жылы бұл аурумен ауыратын адамдардың саны 100 мың тұрғынға 18 адамды құраған. Әсіресе описторхоз Бөрлі, Зеленов, Теректі, Ақжайық аудандары және Орал қаласында таралған. Зеленов ауданында мал дәрігерлік зертханасында Урал өзенінің жағалау маңы ауылдарында описторхоз ауруымен иттер 66,0 %, мысық 100,0% ауырады. [32]
Сібір қосезуінің личинкалары Қара және Каспий теңіздеріне құйылатын Оңтүстік өзендерінде Тұқыларда кездескен. Дунай Петрушовский сағасынан қызылқанаттан (33 % зақымдалған) және тыраннан (10-26% зақымдалған) табылған. Малевицкой алғаш рет Днепр балықтарынан Киев жағалауларын зерттеу барысында аққайран, оңғақ, қызылқанат, ақмарқа және тыран балықтарынан O. felineus личинкасын тапқан. [33]
Догель және Быховски Волга бассейінің балықтарынан алғаш рет мысық қосезуін тапқан. Волганың сағасынан ауланған балықтардың бұлшықет ұлпасынан метацеркарияның аздаған санын тапқан. Орталық волганың Куйбышева, нақтырақ Кошевой, аудандарында Аққайран 20%, қызылқанат 20%, үкішабақ 9% зақымдалғанын анықтаған. Әсіресе аққайран балығы қатты зақымдалған. Бір балыққа 300 личинкадан келеді. Қызылқанат және үкішабақ аз зақымдалғандығын анықтаған. [34]
Сидоров Е. Г. описторхоздың ошағын табиғи, антропикалық және аралас ошақ деп 3 классификацияға бөлді. Описторхоздың табиғи ошағының қоздырғыштары жабайы жануарлар болып табылады (түлкі, ондатр, кабан және т.б). Схема бойынша: Жабайы аң --малюска --балық -- жабайы аң; Антропикалық ошақ адамның қатысуымен жүреді. Адам --моллюска
--балық--адам.Ал аралас типті ошақ : адам --жабайы аң --моллюска --балық --адам --жабайы аң. [35]
Описторхоздың көбінесе ірі ошақтарының бірі Обь-Ертіс өзені. Бұл аудан ошағының тұрғындарының барлығы дерлік описторхозбен зақымдалған. Сонымен қатар Ханты - мансийском ұлттық округінде бұл ауруға шалдыққандардың орташа пайызы 49,2% . Жанындағы аудандарда 64,9% -ға дейін жетеді. Бөлек аймақтағы тұрғындарда 95% - ға жеткен деп көрсеткен.Шмыгрева Т. А. Смирнова К. С.[ 36]
Профессор Виноградовтың бұл ашқан жаңалығы описторхоз ауруын
тек Ресейде ғана емес, шетелде де жан - жақты терең зерттеуге ықпал етті. Біздің елімізде бұл ауру 1929 жылдан бастап кең түрде зерттеле бастады. Биылғы жылы обь өзенінің төменгі ағысында ғалым К. И. Скрябин бастаған 70- ші советтік гельминтологиялық экспедиция жұмыс істеді. Экспедиция описторх кейбір үй жануарлары мен адамдар арасында кең тараған құрт екенін дәлелдеді.
Описторхозбен мысық, ит, түлкі, арыстан, шошқа мен қоян хайуандармен бірге адам да ауырады. Қазақстан территориясында описторхоз ауруының барлығын ғалымдар К. И. Скрябин мен Н. П. Попов басқарған гельминтологиялық экспедиция 1925 жылы анықтаған болатын. Олар бұл ауруды ит пен мысықтан тапты. Бетпақдаладағы Сарысу өзенін мекендейтін шабақтар, тыран сияқты балықтар описторхозбен зақымдалғанын 1960 жылы Е. Г. Сидоров басқарған экспедиция анықтады.
Описторхоз тек обьтың төменгі бойына кең тараған құрт деген ұғымға ие болып келген еді. Қазіргі зерттеу жұмыстарының нәтижесінде опиторхоздың жайлайтын жер көлемі анықталып, дәлелденуде. Описторхоз біздің еліміздің көптеген аудандарынан табылып отыр. Одан Қазақстан жеріде құр алақан еместігі анықталды. 50-ші жылдардың аяқ кезінде басталған зерттеу жұмысының нәтижесінде бұл аурудың географиялық ошақтары, адамдар мен жануарларға жұғу сыры ашылып, анықталып келеді. Тиісті емдеу шаралары жүргізілуде.
Бұл ауруды зерттеу жолында ерекше еңбек еткен совет ғалымдары, оны емдеудің тәсілін тауып, жүзеге асырған Н. К. Плотников, М. Э. Винников және басқалар екенін айрықша атап өтуіміз керек. [37]

1.2 Дигенетикалық сорғыштарға сипаттама және систематикасы.

Тип: Plathelminthes
Класы:Trematoda
Отряд: Digenea
Түр: Opisthorchis felineus
Дигенетикалық сорғыштардың өкілдері екі сорғыштарымен, иелерін ауыстыруымен және ұрпақтары кезектесіп, күрделі дамуымен ерекше. Класс тармағы көлемінде өте көп түрлері белгілі, негізінде адамның және омыртқалы
жануарлардың ішкі паразиттері. Басты өкілдері: бауыр сорғыш - Fasciola hepatica, ланцет тәрізді сорғыш - Dicrocoelium lanceatum, мысық немесе сібір қоcезуі - opisthorchis felineus т.б.
Мысық немесе сібір қосезуі - Opisthorchis felineus иттің, мысықтың және адамның бауырында, өт жолдарында паразиттік тіршілік етеді. Ұзындығы - 8-13 мм, ені - 1,2-2 мм. Негізгі ерекшелігі аталық бездері жапырақ формалы болып, артқы дене бөлігінде орналасуы. Описторхис құрты адамдарға және жануарларға описторхоз ауруын туғызады. Адамның организмінде описторхис 20 жылға дейін, ал мысықта - 3 жылға дейін тіршілік етеді
Сорғыштың бірінші аралық иесі Bithynia leachi ұлуы, ал екіншісі- балықтар. Адамның ауруға шалдығуы - метацеркариі бар шала піскен балықты жегеннен. Описторхис адамға патогенді әсер етеді, ал паразиттердің саны көп болса, өліммен аяқталуы мүмкін. Бір адамда 75000 сорғыштардың табылғаны туралы деректер бар. Мысық сорғышы Сібірде, Еуропаның Шығыс жән оңтүстік аудандарда табылған.

Описторхзбен зақымдалған балық

Даму циклы. Трематодтардың тіршілік циклы иесін және ұрпақ алмастыруға байланысты өте күрделі. Гермафродитті жыныстық жүйесі жетілген сорғыш немесе марита балықтардың ішегінде және басқа мүшелерінде паразиттік тіршілік етеді.Оpisthorchis felineus - иттің, мысықтың және адамның бауырында, өт жолдарында, ұйқы безінде паразиттік тіршілік етеді. Описторх паразиті балықтың бұлшық еттерінде метацеркарий дернәсіл түрінде кездеседі. Ол бұлшық еттен бауырға, одан өтке түседі. Одан кейін ұрықтанған жұмыртқалары өт жолы арқылы ішекке түседі. Әрі қарай дамуы үшін жұмыртқа суға түсуі керек. Су ішінде жұмыртқа денесі толқынды эпителимен жабылған личинка - мирацидий шығады.
Мирацидидің екі көзшесі, ми ганглиясы және жұп протонефридиялары болады. Денесінің артқы бөлімінде ерекше ұрықтық клеткалар немесе партеногнетикалық жұмыртқалар жатады. Денесінің алдыңғы үштен бір бөлігінде, цитоплазмасы дәнді секретке толы үлкен без орналасады. Бұл бездің жолдары личинка денесінің алдыңғы бөліміндегі кішкене бұлшықетті тұмсықшаның ұшында ашылады. Мирацидий қоректенбейді, эмбриональды даму кезіндегі жиналған гликоген қоры арқасында өмір сүреді. Бірқатар уақыт мирацидий суда еркін жүзіп жүреді. Өзінің ары қарай дамуы үшін ол аралық иесі ұлудың денесіне түседі. Мирацидий кірпікшелерін тастап тастап, формасыз, қозғалмайтын қапшық тәрізді келесі личинка спороцистаға айналады. Бұл көбею
қабілеті бар, жыныстық жүйесі жетілген сатысы. Спорцистаның денесіндегі партеногенетикалық жұмыртқалары әрбіреуі бөлініп, келесі - редия деп аталатын ұрпаққа айналады. Спороцисталар сияқты редияның денесіндегі партеногенетикалық жұмыртқалары бөлініп, рдияның ішінде жаңа ұрпақ - церкариялар пайда болады. Церкария - гермафродитті особьтің личинкасы, оған көптеген белгілері де ұқсас: сорғыштары, тарамдалған ішегі, миы және зәр шығару жүйесі болады. Екі ай өткен соң ұлудың шырынына араласып суға түседі де, су түбінде жүзіп жүреді. Церкария балықтардың денесіне жабысып, терісіне еніп бұлшық еттеріне өтеді де, құйрығын тастап циста түзеді. Циста ерекше бездерден бөлініп шығады. Бұл саты метацеркария деп аталады. Метацеркария ересек түріне айналу үшін енді өзінің негізгі иесінің денесіне түседі. Балықтың денесіне енген метацеркарий 4 аптаның ішінде өсіп жетіледі. Осы метацеркарий денесіне енген балықты шикі және жартылай шикі күйінде қорек еткен жануарлар және адамдар описторхоз ауруына шалдығады. [38]

O. felineus паразитінің даму циклы

1.3. Аурудың қоздырушысы және таралуы.

Описторхтардың көлемі әртүрлі неғұрлым паразиттері аз болса, соғұрлым үлкен болады, кейде керісінше де болуы мүмкін. Адамда болатын опистохтардың орташа көлемі: ұзындығы 8-10 мм, ені - 1,5-2,5 мм, паразиттің көлемі оның иесіне де байланысты. Мысықта болатын описторхтардың ұзыны 5-7мм. Ал ақ тышқандарға тәжірибе жасау үшін описторх құртын жұқтырып барып бақылағанда олардың ұзындығы 1,4-1,8 мм-ге дейін жететіні анықталды. Сорғыштың бірінші аралық иесі Bithinia leachi ұлуы, ал екіншісі - балықтар. Адамның ауруға шалдығуы - метацеркариі бар шала піскен балықты жегеннен. Описторхис адамға патогенді әсер етеді. Ал паразиттің саны көп болса өліммен аяқталуы мүмкін.
Қай аурудың болмасын алдын алып немесе оған тиісті ем қолдану үшін аурудың адам организмінде пайда болған себебін анықтап, қоздырушысын тауып, ол қоздырушының анатомиялық құрылысын білу керек.
Суда өмір сүріп, жүзіп жүрген құрттардың дернәсілдерінің маңайынан аққайран, тарақ балық не басқа балықтар өтсе бөлініп шыққан құрттар олардың қабығының астына еніп алып, терілерін тесіп бұлшықеттерге барып орналасады. Мұндай кезде церкарий сыртқы қабығынан айырылады да, ерекше сұйық зат бөлетін бездерінен бөлінген сұйықтар қатып, денәсілдердің ұрасы мөлдір қабықшамен көмкеріледі. Біраздан соң организм өзін паразиттен қорғау үшін қалыңдау қабықша құрастырып алады, сөйтіп құрт ұрасы екі қабықшамен қоршалады. Сонымен метацеркарий сатысының ақырғы қалыптасу кезеңі аяқталады. Метацеркарийлердің сыртын қоршаған қабықшаның диаметрі 1мм болып түсі сол балықтың тәніне ұқсайды. Сондықтан метацеркарийлерді жәй көзбен көріп, балық тәнінен ажыратып алу мүмкін емес. Жас балықты аршыған уақытта өткір пышақпен тері астындағы қабықшаны сыдырып, екі шынының арасына салып микроскоппен қарасаңыз ғана метацеркарий ұрықтарын көруге болады. Тірі метацеркарийлерді көру үшін препаратты жылытыңқырап алып қараса, олардың өте шапшаң қимылдайтынын байқауға болады.
Дернәсілдердің былайғы өмірі адамның немесе жануардың ішек қарнына түскеннен кейін басталады.
Ішке түскен құрттың сыртқы қалың қабаты асқазанның қышқыл сөлінің әсерінен жойылып кетеді де, ащы ішекке түседі. Мұнда құрт ұрықтары өттің әсерінен кейде өт жолымен, бауырға, өт қалтасына өтеді, сонда өсіп жетіледі. Осы дернәсілдер бір ай ішінде өсіп-жетіліп, енді өздері жұмыртқа сала бастайды.
Басқа гельминттерден описторхтың ең бір зор айырмашылығы оның ұзақ өмір сүретіндігі. Описторхтардың адам организмінде жиырма жыл, оданда көп өмір сүрген кезі болғаны белгілі.
Бұл паразит тек осылай ғана өсіп-жетіледі, және осы кезеңдерді қатаң сақтайды. Демек, адамның бұл кеселге шалдығуы тек балық арқылы жүзеге асады. Бұл құрттың өсу сатысына қарай мұның мекендейтін иесі (жабысатын жәндігі) әр қилы болады, ұрық кезінде кішкене моллюскаға, метацеркарий кезінде белгілі бір балыққа, ал әбден жетілген кезде адамға кей жануарларға жабысады
Міне осыған сай описторхоз ауруы тарайды. Су қоймасында, қара суда моллюска мен балықтың осы кесел таситын түрлері болмаса, онда описторхоз ауруы тарамайды.
Сонымен бұл описторхоз ауруының алдын алу үшін қара сумен су қоймаларының тазалығына ерекше мән берген жөн, ал адамға бұл кесел мына балықтар: аққайран, тарақ балық , оңғақ, торта, қызыл қанат, табан, тыран, қаяз, подусть, ақмарқа, талма т.б балықтар арқылы жұғады. Бұл паразиттер тек қана балықтардың тәнінде өсіп жетіледі. Олай болса описторхтардың құрты адамға тек балықтар арқылы жұғады. Паразиттердің өсіп-жетілу кезеңі де әр түрлі болады моллюскада алғашқы ұрық, дернәсіл пайда болса, балықтың кей түрінде метацеркарий, ал үй жануарлары мен адамдарда описторх құрттарының ересектері өсіп-жетіледі. Сөйтіп жоғарыда аталған жолдармен описторх құрттары дами береді. Егер қара сумен су қоймаларында бұл паразиттің өсіп жетілуіне қажетті жағдай немесе балық болмай қалса, ол суда описторхтың ошағы да болмайды.
Сондықтан ең алдымен суатта, суқоймасы мен маңайдағы суларда қандай жәндік, қандай балық өсетінін біліп алмай тұрып оған профилактикалық шара қолдануға болмайды. Описторх құрттарының ұрығы аққайран, тыран, оңғақ, қызыл қанат балық, сазан, тыран, қаяз, ақмарқа, үкі шабақ, талма т.б. балықтарда болады. [39]
Қазақстанда описторхтардың кездесетін жерлері. Описторхоз құрты иттер мен мысықтардан табылды. Сол жылдары адамдар арасында зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген. П. Попов бастаған гельминтологиялық экспедиция описторх құртын адамдардан кездестірмеді, себебі бұл ауру дәрігерлермен ғалымдардың өзіне де онша белгілі емес еді.
Қазақстанда описторхоз ауруы ең алғаш 30-шы жылдары кездесе бастады. Бірақ, халықты жалпылай тексеру жұмысы 1941 жылға дейін жүргізілмеді. 1941-1942 жылдары Павлодарда 67 адам описторхоз дертіне душар болған. [39]
Түрлі гельминтоздарды (ішек қарын құрттары) зерттеу жұмысы кейінгі жылдары ғана жүргізіле бастады.Осы зерттеудің нәтижесінде Қазақстанда описторхоздың үлкен ошағы Ертіс бойын жайлағаны анықталды. Солтүстікте құрттың ошағы обьты жағалап әрі кетеді. Ертіс бойында кездесетін ауру әрқилы: Ертістің жоғарғы ағысы - Шығыс-Қазақстанда сирек кездесіп, Семей обылысында жиі кездеседі, ал Павлодар обылысы осы гельминтоздардың нағыз орталығы деуге болады.
Бұл описторхоз ауруы бір өзеннің өзінде әр түрлі болуына әртүрлі жағдайлар әсер етеді. Ең алдымен сол маңда тұратын халықтың тұрмысына, балық аулаудың айла-тәсіліне, дәрежелеріне, ондағы балықтың түрлеріне, суаттардың тазалық жағдайына да байланысты болады. Балық аулайтын жерден
елді мекендер арасындағы қашықтықтың да үлкен мәні бар. Павлодар обылысында тексерілген халықтың 4,8 проценті описторхозға душар болса, сол Ертіс бойындағы балықшылар поселкасының кейбірінде описторхоз ауруына шалдығушылар саны 42 процентке дейін жетеді.
Ертісте бұл құртты таратушы - аққайран. Бұқтырма платинасын салғанға дейін Павлодар обылысына тараған осы аурудың 100 процент таратушы осы аққайран балығы болған.
Балықтардың мұндай ауру таратуы Өскемен су қоймасына дейінгі жерден кездеседі. Дегенмен Өскемен су қоймасының жоғарғы бетінде тұратын адамдар мен жануарларда некен-саян болса да описторхоз кездесіп қалады.Бұл жағдайға ең алдымен Өскемен су электр станциясының салынуы себепкер болды десек қателеспейміз. Бұрын описторх құртын жұқтырып алған балықтар Ертісті түгел жайлап, Зайсан көліне өтіп, онда адамдар мен жануарларды ауыртатын. Плотина салынғаннан кейін Өскеменнен әрі балықтар өте алмайтын болды. Міне сондықтан балықтардың ауру тарату қасиеті платина сыртына шыға алмай қалды да, платина салынғанға дейінгі өткен бірлі-жарым балықтар кейінгі 3-5 жыл ішінде ауланып бітті.
Қазақстанның Ертіс бойынан басқа жерлерінен, атап айтқанда, Нұра өзенінің қарағанды су қоймасынан сонау Қорғалжын көлдеріне дейінгі аралықта описторхоз құртының кездесетіні кейінгі 6-8 жылда дәлелденіп отыр. Бұл жерлер де описторх құртын тарататын балық язь көрінеді. Описторх құртының тарау қауіпі әсіресе Қарағанды су қоймасында күшті. Себебі мұндағы язь балығы көп ауланады, демек описторхтың дернәсілдері адамдарға көбірек таралады. Бұл жердің басқа балығынан да сақтанған жөн.
Нұра өзенінің бойында ең қауіпті жер - Қарағанды су қоймасы. Онда халық тығыз орналасқан және балық аулаумен әуестенушілер көп.
Бетпақдаланы қақ жарып ағатын Сарысу өзенін осы кейінгі жылдарға дейін описторх құртынан таза деп ойлап келсек, 1960 гельминттер Сарысудың да тегін еместігін анықтады. Мұнда да құрт таратып жұқтырушы: язь, торта, тыран және қызыл қанат екен. Ауру тараудың қаупі мұнда да Ертіс бойынан аз емес.
Описторхоздың өзгеше бір ордасы Шідерті өзені болып отыр. Ол өзеннің бойымен Ертіс-Қарағанды каналы өтеді. Бұл өзенде мөңке және талма балықтары
өмір сүреді. Тексере келгенде мөңке балығында описторхоздың личинкасы болмай шықты да, балығы (балықтың өзі мен ондағы личинкалар санын салыстырғанда) 100 процент ауру таратқыш болып шықты.
Қазақстанның орталық бөлегінде Ырғыз-Торғай ойпаты бар. Бір кезде бұл ойпат оңтүстік пен солтүстіктің теңіздерін жалғастырған болатын. Қазір сол ойпатта Ырғыз бен торғай өзендері ағып жатыр. Ырғыз-Торғай өзендерінің ұзына бойына жүргізілген тексрудің нәтижесінде, бұл өзендерде және оның кей тармақтарында описторх паразиті бар язь балықтары кездеседі. Ауланатын балықтардың 50 проценті, ал Торғай өзенінің қабырға деген тармағындағы язь балығының 100 проценті описторх паразитінің ордасы екені анықталған. 2-3 грамм балық етінде 137-ге дейін паразит ұрығы кездеседі.
Қостанай обылысының оңтүстігінде описторхоз паразитінің тағы бір ордасы бар. Ол улы жылан өзенінің өн бойын түгел жайлап, оның төменгі ағысындағы Ақкөл, Қарасор көлдеріне дейін қамтиды. Мұнда да ауру құртын тасушы - аққайран балығы. Мұның ауру таратқыштық қабілеті әр жерде түрлі, 1 ден 51процентке дейін өзгеріп тұрады. Описторхоз ауруы Ақтөбе обылысында да кездеседі.
Сонымен Қазақстанның 7 обылысында атап айтқанда: Шығыс Қазақстан, Семей, Павлодар, Қостанай, Целиноград, Қарағанды және Ақтөбе обылыстарында описторхоз ауруы кездесетіні анықталып отыр. [40]
Описторхоз ауруының бір ерекшелігі сол, оның тек өзіне ғана тән белгілері болмайды. Ауырған адам көбіне оң жақ қабырғасының асты мен төс шеміршегінің асты ауыратынын сезінеді. Қабырға асты немесе төс шеміршек асты шаншып, сыздап кесіліп ауырады. Бұл белгілердің өзі әр адамда әртүрлі білінуі мүмкін. Кей жағдайда ауырған адамның көзі қарауытып, басы ауырады, асқазан жолының қызметі бұзылады.
Описторхоз - дәрі-дәрмекпен емдемесе, ұзақ жылға созылатын созылмалы ауру. Ауру бірде күшейіп, бірде тынышталады. Уақыт өте келе асқына береді. Сырқаттың ауыр жеңіл өтуі оның жұғу дәрежесіне қарай болады.
Осы кейінгі жылдарға дейін бұл аурумен ауырған адамдар әртүрлі препараттармен емделіп келді, соның ішінде кең пайдаланылғаны - гексахлорэтан препараты. Бұл препараттар адам организміне жағымды әсер еткенімен айтарлықтай нәтиже бере алмады. Сондықтан жаңа - дәрі - дәрмектер табу керек болды. Осыдан бірнеше жыл бұрын Н. Н. Плотников жаңа дәрі тпаты да дәрігерлік тәжірибеге енгізді, оның емдеу айла - амалдарын анықтап берді. [41]

1.4. Аурудың жұққыштығы және оның алдын алу шаралары.

Аурудың таралуы қай жерде болса да халықтың тұрмыс жағдайына байланысты. Павлодар обылысының Ертіс бойында описторхоз ауруының жиі
кездесетін себебі - жергілікті халықтарда аулаған балықтарын шала тұздап, шала кептіріп жейтін дағды бар.
Описторхоздың халық арасына жайылуы көбіне балықтың аулануына, пайдалануына байланысты. Балықтарда паразиттердің дернәсілі болу-болмауы судың тазалығына байланысты. Балықтарда паразиттердің личинкалары. болу-болмауы судың тазалығына байланысты. Ертіс суындағы балықтарда описторхоз құрттарының көп болуының негізгі себебі - қала халқының пайдаланған сулары күні бүгінге дейін өзенге ағызылып келеді. Сонымен қатар, осы ауруды таратуда кемелердің де әсері жоқ емес.
Описторхоздың табиғаттағы ошағын құрту өте қиын міндет. Ертісте су қоймаларына қатаң санитарлық күзет қою арқылы описторх ошағын жоюға болар еді. Табиғатта мұны істеуге мүмкіндік жоқ. Табиғатта описторхоз қоздырғыштарының бір бірімен биологиялық байланысын бұзу арқылы жүзеге асыруға болады, ол үшін су қоймаларында пайдалы балықтарды сақтап отырып моллюскаларды жою керек. Әрине бұл дәл қазір қолдан келетін міндет деп айта алмаймыз. Сондықтан описторхозға қарсы ең тиімді тәсіл, ол әркім аурудың алдын алуы, еиделу дәрежесін сақтай білуі керек. Мұны описторхоз құрттарының аз жерінде де, көп жерінде де істеп отыру қажет. Емделіп жазыламын дегеннен дертке шалдықпағанның өзі дұрыс екенін бәрімізде білеміз. Бұл әсіресе описторхозға да байланысты болу керек. Бұл дерттің бір жаманы сол бірден білінбейді тіпті бірнеше ай өткеннен кейін білінуі де мүмкін. Осы уақыт ішінде адам организміне түскен паразиттер бауырды түрлі өзгерістерге ұшыратып үлгереді. Хлоксил препаратымен емделу арқылы описторх құрттарынан құтылуға болады. Оның бауырға түсірген зардабын жойып, әбден емделіп жазылғанша өте көп дәрі-дәрмек пайдаланып, ұзақ емделу керек блады. Сондықтан ауырып емделгенше, аурудан алдын ала сақтанған жөн. Ол үшін описторх дернәсілінің әбден зарарсыздандырылмаған балықты тамаққа пайдаланбаған жөн. Демек, балықты зарарсыздандыра білу керек.
Описторхтың ұрықтары тұзға, суыққа, ыстыққа өте төзімді келеді. Балық аулаумен әуестенушілер аулап әкелген балықтарына аздап тұз сеуіп, 1-1,5 тәулік қойып, одан кейін көлеңкеде желге қақтап жейтіндер кездеседі. Бұл балық дәмді болуы ықтимал, бірақ одан описторх құрттарының жұғу қаупі күшті, одан адам ауруға душар болуы мүмкін. Балықты әбден зарарсыздандыру үшін күзде салқын
түскенде немесе ерте көктемде ең аз дегенде 13 тәулік бойына тұзға салып қою керек. Елец, плотва сияқты ұсақ балықтарға 6 тәулікте жетеді. Жоғарғы температурада балапан құрттар тез қырылады. Сондықтан жаздың ыстық кезінде тұзды аз пайдаланса да болады.
Профилактикалық санитарлық ережелерді мұқият орындап, медицина қызметкерлерінің күшімен су қоймаларының тазалығына сақшы болсақ, академик К. И. Скрябин айтқадай, бұдан 60 жыл бұрын К. Н. Виноградовтың ашқанын жабуға әбден болады, яғни описторхоз ауруына тосқауыл қойылады.
Описторхоз ауруының өріс алып, кең таралуы метацеркариймен зақымданған балықтың мөлшерімен сол балықтарды пайдалану жолдарына тікелей байланысты. Мысалы, ғалым И. И. Плотниковтың деректері бойынша, бір балықтың өзінен 1500 және оданда көп метацеркарий табылған.
Описторхоз метацеркариймен балық кішкене шабақ кезінен бастап зақымданып, үлкейе келе ауру барған сайын күшейіп, асқына береді. А. М. Шумилованың айтуынша, метацеркарийлер балықтың жон еттерінде көп, ал бауыр жағы мен құйрық еттерінде аз болады. Мысалы, 111 аққайранды тексергенде метацеркарийдің 66,8 проценті сол балықтардың жон еттерінен табылған. [42]

1.5. Жалапақ таспа құрттарға жалпы сипаттама

Тип: Plathelminthes
Класс: Сestoda
Отряд: Pceudophyllidea
Түр: Diphyllobothrium latum
Жалпақ таспа құрт (Diphyllobothrium latum) - адамда болатын құрттардың ішіндегі ең ірісі. Негізгі ерекшелігі басында екі саңылауы - ботриясы болады, денесі 3000-4000-нан аса буыннан тұрады, Ұзындығы 9-10 м. Басы ұзынша келген сопақша тәрізді. Бүйір жзағы жалпайған. Пісіп жетілген буындарының ені 1,5 см, жатыны жапырақ тәрізді.

Diphyllobothrium latum

Даму циклы. Жалпақ таспа құрттың дамуы иесін алмастыру жолымен өтеді. Ересек түрі адамның, адамның иттің, мысықтың, түлкінің ащы ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Ұрықтанған жұмыртқалары иесінің ішегінен нәжіспен араласып сыртқа шығарылады. Әрі қарай дамуы үшін жұмыртқалар суға түсуі
керек. Су ішінде жұмыртқадан денесі кірпікшелермен қапталған алты ілмекті ұрық корацидий шығып, суда еркін жүзіп жүреді де, өзінің ары қараай дамуы ұшін ол бірінші аралық иесінің денесіне түседі. Аралық иесі шаянтәрізділер. Циклопқа жұтылып ішегіне түскен корацидий кірпікшелерін тастап, ішектің қабырғасын тесіп, циклоптың дене қуысына түседі және осында процеркоид деп аталатын құрт тәрізді личинкасына ауысады. Процеркойдтың ұзындығы 0,5 мм, денесінің соңында алты ілмешекті тасымалдайтын қосымша мүшесі болады, ол моногенея личинкаларының церкомер бөліміне ұқсас. Процеркоид үш апта уақытта дамып, келесі сатысына өту үшін екінші аралық иесіне - балықтың денесіне түсуі керек. Егерде балықтар (шортан, нәлім, алабұға, таутан, албырт) ішінде процеркоиды бар циклоптарды жұтса, онда процеркоид балықтың ішегін тесіп балықтың бұлшықеттеріне, жыныс бездеріне, басқада мүшелеріне өтіп, осы мүшелерінде церкомер бөлігін тастап, келесі плероцеркоид личинкасына айналады. Плероцеркоидтың ұзындығы 1-1,5 см, адыңғы бөлігінде екі сорғыш саңылауы жақсы дамыған. Плероцеркоид ересек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Описторхоз - балық ауруы
Балық және балық өнімдері
Европалық шіріме ауруы, балау және сауықтыру шаралары
Құтырық ауруы
Қазақстанның табиғаты
Ботулизм ауруы туралы толықтай мәліметтерді қамту
Жұқпалы аурулар анықталған жағдайда жүргізілетін іс-шаралар
Жануарлардың бал ара уынан улануы
Жануар тектес улы заттармен улану
Жыныс қатынасы арқылы жұғатын аурулар
Пәндер