Қазақстан Республикасынның қылмыстық саясаттың түсінігі және сипаттамасы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫННЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ САЯСАТТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ СИПАТТАМАСЫ. …… . . . 6
1. 1 Қазақстан Республикасының қазіргі қылмыстық саясатының
түсінігі. . . . …6
1. 2 Қазақстан Республикасының қылмыстық саясатының
негізгі факторлары. . . . 16
2 ҚЫЛМЫСТАН САҚТАНДЫРУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМДЕРІ, ТҮРЛЕРІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . 35
2. 1 Қылмыстық құқық - қылмыстан сақтандыруды жүзеге асыру
механизмі ретінде . . . 35
2. 2 Қылмыстық заңның қылмыстан сақтандырудағы маңызы. . 40
2. 3 Құқық қорғау органдарының қызметі - қылмыстан сақтандыруды жүзеге асыру механизмі ретінде. . . 43
2. 4 Құқықтық тәрбие - қылмыстық сақтандыруды жүзеге асырушы маңызды механизм . . . . . 52
ҚОРЫТЫНДЫ. 63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ66
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан халқын қылмыстан сақтандыру мәселесін тереңірек зерттеу - елімізді құқықтық мемлекет ретінде қалыптастыру жолындағы басты міндеттердің бірі. Зерттеу жұмысында қылмыстан сақтандыру саласындағы мемлекеттің қылмыстық саясатының түсінігі мен сипаты, қылмыстан сақтандырудың құқықтық жайы мен қылмыстан сақтандыру шараларының түрлері мен жүйелену негіздері талқыланып, заң нормаларын жетілдіруге байланысты ұсыныстар енгізіліп, әлеуметтік басқарудың ерекше түріне жататын қылмыстан сақтандыруға құқықтық талдау жасалады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан мемлекетінің алдында тұрған маңызды мәселенің бірі - мемлекеттің саяси бағытын қылмысқа қарсы күресте нақты анықтап, жеткілікті нәтижеге қол жеткізу болып отырғандығы белгілі. Егемендік алғаннан соң, тәуелсіз мемлекет талаптарына сай қылмыстық саясаттың басқа түрдегі ұтымды бағыттарын анықтау мемлекеттік дәрежедегі қажеттілік екендігі байқалды. Мемлекет басшысының жыл сайынғы халыққа жолдаулары, қолданыстағы заң актілері, азаматтардың құқықтық мемлекет құруға талпыныстары - Қазақстан Республикасын шын мәніндегі адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы мен бүтіндігін қамтамасыз ететін мемлекетке айналдырары сөзсіз.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы тамыздың 30 жұлдызында бүкіл халықтық Референдум арқылы қабылданған Ата Заңымыздың 1- бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген [1] . Осы бап талаптарын көздей жүргізілген саясат мемлекет басшылығының - қылмыстық саясатқа қатысты ұстанып отырған бағытын көрсетеді.
Жалпы саясат- мемлекет тағдырын шешуге қатысты саяси сипаттағы әрекеттердің жиынтығы десек, мемлекеттің қылмыстық саясатты ізгілендіру сипатында жасап отырғандығы мемлекеттің қылмыстық саясаттағы бағыты десек, онда қылмыстық саясат - дегеніміз қылмысқа қарсы күресте оны жою мен жолын кесуге бағытталған әрекеттердің жиынтығы деген түсінікті ұсынамыз. Осы себепті де қылмыстық сақтандыру мәселелеріне қатысты ғылыми зерттеулердің өзектілігі - байыпты көзқарас пен терең зерттеуді қажет етеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қылмыстан сақтандырудың келелі мәселелеріне қатысты ғылыми зерттеудің деңгейі төмендегі жағдайлармен дәйектеледі. Жалпы алғанда қылмыстың алдын - алу мен сақтандыруға, қылмыстық саясаттың өзекті мәселелеріне қатысты жалпықұқықтық және жалпытеориялық методологиялық, танымдық негіздерін көрсететін көптеген маңызды ғылыми жұмыстар жазылды.
Қылмыстық саясат пен қылмыстан сақтандырудың методологиялық негіздері К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Ленин, А. Фейербахтың еңбектерінде көрініс тауып, ол ұзақ жылдар бойы Кеңестік ғалымдар зерттеуінің ғылыми өрісін жасап келді.
Қылмыстық саясаттың жалпықұқықтық және қылмыстан сақтандырудың жеке мәселелерін дамытудағы Кеңес Одағы мен Ресей Федерациясының А. А. Пионтковский, А. А. Герцензон, В. Н. Кудрявцев, Ю. М. Антонян, Н. Ф. Кузнецова, И. М. Гальперин, В. И. Курляндский, С. В. Бородин, А. И. Долгова, В. Е. Эминов, С. М. Иншаков сынды ғалымдарының ғылыми еңбектерінің құнды тұстары мұқият зерттелінді.
Сонымен қатар отандық ғалымдардан осы саладағы құнды еңбектердің авторлары: Р. Е. Джансараева, А. Н. Ағыбаев, Е. І. Қайыржанов, Ғ. Ы. Баймурзин, Ү. С. Жекебаев, И. И. Рогов, Қ. Ә. Бегалиев, Е. О. Алауханов, Ә. Х. Миндағұлов, Б. Ж. Жүнісов, Ә. А. Темірбеков, Д. С. Чукмаитов, С. С. Молдабаев, З. О. Ашитов, Н. М. Әбдіров, Г. Р. Рүстемова, О. Н. Тлепбергенов сынды ғалымдардың сүбелі көзқарастары әлі де тереңірек зерттеуді қажет етеді.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының қылмыстық саясатының басты бағыты ретіндегі қылмыстан сақтандырудың теориялық мәселелерін кешенді түрде зерттеу, қылмыстан сақтандыру шараларының түрлерін жүйелеу және олардың құқықтық табиғатын анықтау, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы жетілдіру үшін қолайлы ұсыныстар жасау.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу керек:
- Қазақстан Республикасының қылмыстық саясатындағы қылмыстан сақтандырудың құқықтық сипаты мен ерекшеліктерін көрсету;
- қылмыстан сақтандырудың мазмұны пен қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын анықтайтын қылмыстық саясаттың объективті және субъективті факторларының мәнін ашу;
- Қылмыстан сақтандыру жаңа толыққанды түсінігін қалыптастыру мен сақтандыру шараларының түрлері мен жүйелеріне талдау жасау, сақтандыруға қатысты құқық қорғау органдарының міндеттері мен өкілеттіктерінің маңызын тереңірек қарастыру;
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- Қазақстан Республикасының қылмыстық саясатындағы қылмыстан сақтандырудың негізгі міндеттеріне: ұйымдастырушылық, әкімшілік, жазалау, ғылыми - идеологиялық, нормативті болжаудың өзіндік әдістерін қолдана отырып, адам мен азаматтың өнегелі өмір салтын, қауіпсіздігін қалыптастыру мен қамтамасыз етуді жатады.
- Қылмыстан саясаттағы қылмыстан сақтандыруды жүзеге асырушы субъектілерінің негізгі міндеттеріне: маңызды құқықтық-әкімшілік күшке ие органдар, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтық қоғамның өзге де институттарының қылмысқа қарсы күрестегі бірлігін қамтамасыз ету жатады.
3. Қазақстан Республикасының қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясатының негізгі мазмұнын: қоғам мүшесінің әлеуметтік - саяси, рухани қызметінің жиынтығын, объективті фактор ретіндегі қоғамдық дамудың заңдылығын толықтай құқықтық қамтамасыз ету мен қорғаудың қазіргі жағдайы анықтайды.
Зерттеудің әдістемелік негізіне - диалектикалық әдіс, жалпы ғылыми, сондай - ақ жеке қолданбалы әдістерді қолдана отырып құқықтық құбылыстарды ғылыми зерттеу жатады. Диссертант сонымен қатар тақырыптың зерттеу деңгейіне байланысты қағидаларына, тарихи, логикалық - салыстырмалы құқықтық, жүйелік тәсілге, сараптамалық бағалауға, эмпирикалық - статистикалық талдауға зор көңіл бөледі.
Зерттеудің ғылыми - теориялық базасын зерттеу пәніне тікелей қатысты жоғарыда аталған ғалымдардың ғылыми еңбектері құрайды.
Зерттеудің нысаны - тәуелсіз Қазақстанның қылмыстық саясатындағы қылмыстан сақтандыру шараларын жүзеге асыру саласында туындаған құқықтық, әлеуметтік қатынастар.
Зерттеу пәні - Қылмыстық саясат саласындағы қылмыстан сақтандырудың түсінігі, ролі, сақтандыру шараларының дамуы, түрлері, қылмыстан сақтандырудың әлеуметтік рөлі және қылмыстан сақтандырудағы стратегиялық мақсатты қатынастар.
Зерттеудің деректік базасын - отандық және шетелдік заңи - нормативті қайнар көздер, құқық қорғау органдарының архивтік құжаттары, статистикалық деректемелер, анықтамалар, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған құқық қорғау органдарының жұмыс қорытындысын көрсететін деректер, Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының 2001-2009 жылдардағы еліміздің әр түрлі аймақтарында қаралған қылмыстық істер бойынша жарияланған материалдары мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен оның аумақтық органдарының мәліметтері және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің шолулары мен хабарламалары құрайды.
1. Қазақстан Республикасындағы қылмыстық саясаттың түсінігі және сипаттамасы.
1. 1 Қазақстан Республикасының қазіргі қылмыстық саясатының түсінігі.
Көріп отырғанымыздай біздің мемлекеттегі қылмыстық саясаттың бағыты ізгілендіру тұрғысынан жүргізілуде. Бұлай істеудің өз заңдылығы да бар. Қазақстан Республикасы өз Конституциясына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтарын, олардың заңды мүдделерін басқа да игіліктерін жоғары дәрежеде қорғайтын мемлекет болып табылады. Біздің бұндай жетістікке жетуімізге, мемлекет экономикасының басқа мемлекеттерімен салыстырғанда бірқалыпты даму деңгейін мемлекеттің басқару нысанына байланысты Президенттік екендігімен де байланыстыруға да болады.
Сонымен қатар көптеген ғылыми жұмыстарға зерттеу жүргізудің нәтижесі -зерттеліп отырған қылмыстық саясат проблемасы тұрғысынан белгілі -бір деңгейде ой қорытып, мазмұны мен маңыздылығы жағынан оқуға тұрарлық ғылыми жұмыстың жазылуына өз септігін тигізеді деп бағалауға болады. Елімізде қалыптасқан саяси тұрақтылық, ұлтаралық татулық, қоғамдық келісімнің жоғары деңгейін жоғары да көрсеткен жағдайға байланыстырып көрсетсек артықшылығы болмас. Мемлекет басшысы жоғары лауазымды адам ретінде мемлекеттің өзекті мәселелерін шешу кезінде өзекті роль атқарады. Конституцияның 40 -бабының өзі мемлекеттегі қылмыстық саясаттың бастауы кім екендігін көрсетіп қана қоймай, аталмыш саясатты жүргізудің идеясы мен жоспарларының қайнар көздерін де белгілеп беріп отыр.
Қылмыстық саясатты зерттеу кезінде қылмыс ұғымына анықтама беру, сонымен қатар бұл құбылыстың мәнін ашып көрсетудің маңызы зор. Негізінде қылмысқа анықтама берудің екі жолы бар:формальді және материалдық. Бұл екі түрі қылмыс ұғымының мәнін ашуға көмектеседі. Бұл жерде материалдық жолы арқылы қылмыстың түсінігін алу өте тиімді жол болып табылады. Қылмыстың белгілеріне:қоғамға қауіптілік, заңға қайшылық, айыптылығы, жазаланатындығы жатады. Кейбір авторлар қылмыстың белгілеріне моральға қарсылықты да жатқызады.
Ұйымдасқан қылмыс мемлекеттің экономикалық дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, мерзімдік дағдарыстың негізгі себебі болуда. Сонымен қатар нарық реформасының басталуы мен оған халықтың «бой үйрету» үдерісінің ұзаққа созылуы, заңсыз баюды, рейдерлік әрекеттер мен басқа да жаңа заман қылмыстарын туындатты. Алайда, «нарыққа өту халықтың әлеуметтік таңдауына қайшы келмейді. Нарық бүкіл қоғамның ізгілік жағдайымен біріккен кезде ғана адамдар қажеттілігін қанағаттандыру мен олардың игіліктерінің әділетті бөлінуінің, құқықтардың сақталуы мен демократияның нығаюын қамтамасыз ете алады» деп көрсетті ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев [2, 31. б] . 1991 -95 жылдар аралығындағы рэкет проблемасы, одан кейінгі сыбайлас жемқорлық, басқа да түрлі қылмыстар елдің еңсесін түсіріп қана қоймай, бюджет қазынасына қаншама қаржының түспей қалуына әкеліп соқты. Бұл мемлекет дамуына кедергі келтірген жағдайдың бір жағы болса, екінші кезекте орталықтандырылған жоспарлау жүйесінен құтылу мен экономикалық прогрестерді жаңа бағытқа қою мәселерін шешу Президент мойнына жүктелгені белгілі. Мемлекеттің басқа мемлекеттер арасында абырой жинап, бекемді беделге ие болуы үшін ішкі саясат проблемаларымен қоса сыртқы саясат проблемасын жүргізу, халықтың әлеуметтік жағдайын шешу, қоғамдағы қалыптасқан қылмыстық ахуалды төмендету мәселелері 1991-1997 жылдар аралығында шешілуі кезек күттірместен тұрған өткір мәселелер еді. Бүгінгі қалыптасып отырған жағдай деңгейі - күшті Президенттік биліктің арқасында келгенін ашық айту керек. Президенттің қылмыстық саясат саласындағы реформаны қолға алмастан бұрын сот жүйесіне назар аударып, баса көңіл бөлгенін дамыған құқықтық мемлекеттердегі сот жүйесінің орнын көре білгенімен түсіндіруге болады. Осы жерде ҚР Конституциясының 76 -бабын келтіре кетейік:
1. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат -міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативті құқықтық актілерінің, халық аралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды.
2. Сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады.
3. Соттар шешімдері мен үкімдері өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады.
Бұл жерде бұл бапты келтіре кетуіміздің өзіндік себебі бар. Құқықтық мемлекет құруға бағыт алған біздің қоғамымызда шағым мен талап -арыздарды сотқа емес, Президентке жазу сияқты теріс үрдіс қалыптасқан. Осы ірі сипаттағы құқықтық білместіктен туындайтын кемшіліктерді жою үшін шұғыл түрде Республикадағы сот билігінің беделін көтеру керек болды. Бұл бағыттағы істерге соңғы кездегі сот жүйесіндегі ірі реформаларды жатқызуға болады. Ал, Президент лауазымының мәні -күнделікті тұрмыстық сипаттағы дауларды шешуден емес, Республика көлеміндегі, халықаралық аренадағы саяси мәні бар құбылыстарда маңызды рольді иеленуімен ерекшеленеді. Жалпы құқықтық мемлекет ұғымы өте кең түсінік. Заң ғылымында құқықтық мемлекеттің тоқталған түсінігі жоқ. Бұл бір жағынан дұрыс та, өйткені ғылымның шексіз екендігі мәлім. Құқықтық мемлекеттік идеясы мен мұраттарын жаппай тарату қазіргі уақыттың құбылысы болды, адамдар бұл құбылыспен мемлекеттік және қоғамдық өмірдің демократияландыру перспективасын, әділдік пен адамгершіліктің жетістіктерін байланыстыруда. Бұл ойдан түйеріміз -құқықтық мемлекетттің құрылуы мен жұмыс істеуі -бұл адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды басты мақсат ретінде қойған мемлекет үшін қалыпты құбылыс. Мемлекетіміздегі қылмыстық саясат “бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды. ” ережесімен жүргізілуде. Жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайтын жағдайды қылмыстық топтар мен қандай да бір қылмыс жасаған адамдарға берілген жеңілдік немесе жауапкершіліктен құтылып кетудің жағдайы деп қарастырмай, қайта біздің қылмыстық саясаттың ізгілендіру қағидасына жұмыс істейтініндігіне дәлел ретінде ұсынуға болады. ҚР Конституциясының 1- бабында көрсетілген Республика қызметінің түбегейлі қағидаларын Республика қызметінің қылмыстық саясат саласындағы да қағидалары ретінде қарастыруға болады. Себебі аталмыш қағидалардың көздеген мақсаттары мен мүдделері арасында үлкен көлемдегі айырмашылық жоқ. Ал қылмыстық саясаттың салалық қағидаларын кейінірек қарастыратын боламыз.
Қазақстан Республикасының көп векторлы саясат түрін таңдап алғандығының дұрыстығы практикалық және теориялық тұрғыдан да дәлелденді. Бұлай айтуымызға себеп мемлекетіміздің аумағында ұлтаралық қақтығыстардың болмауы, сыртқы саяси қатынастарда көп мемлекеттермен достық қарым -қатынастарымыздың дамуы, ТМД мемлекеттерімен салыстырғанда даму мен тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсетуіміз болып отыр. 130 -дан астам ұлттың өкілдері тұратын мемлекетіміздің саясатты жүргізудің басқа түрін таңдап алуының ешбір тұрғыдан өзін -өзі ақтап алмайтындығы белгілі еді. Республика заңнамаларына зерттеу жасаған адам біздің көпшілік заңнамаларымыздың Ресей мемлекетінің заңнамаларына қарайланып жасалғанын көреді. Ал кейбір мәселелерде заң қабылдауда біздің басқа көрші мемлекеттердің алдын орап кететіндігімізді жоққа шығаруға болмайды. Мысалы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң кешігіп қабылданса да мемлекеттегі бой бермей кеткен сыбайлас жемқорлықпен күресте бірталай нәтижеге жеткізгені ақиқат. Аталған заңның қолданылу аясына қатысты бірыңғай деңгейде болуы немесе осы заң қармағына шабақтардың ғана түсіп қалмай, ірі лауазым иелерін де қамтуы халықтың бұл күреске деген ықыласын өсіріп қана қоймай, көздеген мақсатқа жетуге мүмкіндік беретіндігін ескеру керек.
Маңызды мәселелердің қатарына жаңа “Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасының” қабылдануын жатқызуымыз керек. Аталған тұжырымдамадағы көрсетілген мемлекеттік органдардың норма түзушілік тәжірбиесіндегі тар салалық, ведомстволық көзқарас жойылмағандығы соның нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, адам құқықтары мен бостандықтарына, ұйымдардың заңды мүдделеріне қысым жасау оқиғалары кездесіп отырғандығы туралы деректер нені көрсетеді. Сонымен қатар бұл жайттардың заңдарды заңға тәуелді актілерге алмастыруға әкеліп соғатындығын көрсететіндігі айтылып, осыған орай бағдарламада заң актілерін әзірлеу процесінде сілтемелік нормалар санын қатаң түрде азайту және де заңдарды тиісінше нақтылап ұсыну жолдары көрсетілген. Құқықтық мемлекет құру мен жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың басшылыққа алатын қағидаларының аталмыш бағдарламадан көрініс табуы көрсетілген міндет жүктелген субъектілерге міндеттерін орындау барысында тиімді құқықтық көмек болатындығын айта кету керек. Бұл көрсетілген қағидалар тек қана көрсетілген адамдар тобына қатысты емес, құқықтық саясатты жүзеге асыруға атсалысатын адамдардың барлық тобына арналғандығын да ескерте кету керек. Қағидалар маңызына заңдылық, Конституция мен заңдар, заңға тәуелді актілер нормаларының дұрыс сақталуы, адам мен азамат құқықтарының сақтал-уы, гуманизм, адамның тұлға ретіндегі жоғарғы құндылығын қастерлеудің көрсетілуі біздің қылмыстық саясаттың жүргізілуіндегі дұр-ыстық пен күрделілікті білдіреді. Біздің проблемамызға қатысты аталмыш тұжырымдаманың бөлігіне зерттеуді кейінірек жүргізетін боламыз. Белгілісі құқықтың қалыптасуының үш жолы бар:
1) Нормативтік актілер;
2) үлгі-прецеденттер;
3) құқықтық әдеттер. Кезіндегі қазақ мемлекеттігінің құқығы осы үш жолмен қалыптасқан. Қазақ мемлекетіндегі қылмыстық саясаттың түп-төркіні “Қасым ханның қасқа жолы”, (15 ғ. ) “Есім ханның ескі жолы”(15ғ. ) Тәуке ханның “Жеті жарғы-сы”(18ғ. ) секілді заңдар жинағынан бастау алады. Ежелгі қазақ қоғам- ында билерлердің үлгі шешімдерінің қазақтың ұлттық құқығын қалыптастыруға зор септігін тигізгені анық. Күрделі жағдайда қиыннан қиыстырып шешім шығарып, ол шешімдер ұқсас істерді қарағанда күші бар құқықтық нормалар ретінде қолданылған. Сонымен қатар қазақ қоғамының қылмыстық-құқықтық қатынастарын қалыптасқан құқықтық әдеттер реттеп отырған. Біздің мемлекетіміздегі ұлттық құқық тек қана нормативті актілер арқылы қалыптасуда. Ұлттық құқықтық жүйемізге ұлттық калоритті сіңіре отырып, қалыптастыруды өз міндетімізге алып, бабаларымыздың шығарған заңнамалар жинағының керекті тұстарын өз қажетімізге жарату керектігін айта кету керек.
Құқық жасаушы субъектілер ретінде халық пен мемлекет табылады. Онда қылмыстық саясат халық пен мемлекет арасындағы жүретін процесс. Бұл процесте кімнің басымдық ролге ие болатындығын жоғарыда көрсеткенбіз. Сонымен бірге қылмыстық саясатты ізгілендіру және де жүргізу барысында қылмыстарды сыныптау маңызды роль атқарып қана қоймай, ізгілендіру деңгейіне өлшем болады деген көзқарасты ұсынамыз. Мыс: рақымшылық актісі белгілі бір категориядағы қылмыс жасаған адамдарға шығарылады. Байқағанымыздай қылмысты санаттауға негіз болып белгіленген жаза мөлшері табылады. Қылмыстық саясат тек қылмыстық құқықтың қарастыратын проблемасы ма деген сұраққа жауап іздейік. Әрине қылмыстық саясат - бұл мемлекеттік деңгейдегі проблема. Қылмыстық саясатты жүргізуге негіз болып, қылмыс құқық пен қылмыстық іс жүргізу құқығының ережелері табылады. Бұлай айтқанымызды негіздейік. ҚР Қылмыстық кодекстің 2-бабында қылмыстық заңның міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, ҚР конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау болып табылады. «Өзге шараларға қарағанда қылмыстың алдын-алу идеясының басымдығын әйгілеу, саясаттың қылмыспен күрестегі нақты құралы ретінде жоғарыдағы идеяға басымдық беру ұзаққа созылған, қарама-қайшылықты үдеріс болып шығатын, соңында қылмыспен күрестің қатаңдау үлгісін сақтандыру, алдын-алу қызметімен ауыстыруға бағытталған сәтсіз қадамдар қылмыспен күрестің сақтандырушылық үлгісі мен өмірге бейімділік тұрғысына қатысты сенімсіздік туғызды» - деп жазады профессор Р. Е. Джансараева [3, 75. б] .
Ал, қылмыстық іс жүргізу заңының міндеттерінің қылмыстық заңның міндеттерінен айырмашылығы шамалы. Сол себепті де қылмыстық саясат қылмыстық құқық пен қылмыстық іс жүргізу құқығының ортақ проблемасы болып табылады деген көзқарасты ұсынамыз. Сонымен бірге қоғамдық қатынастарға себеп болған құбылыстар сол қатынастардың нысанасы болып табылады және сол қатынастардың субъектілерінің танымдық және тәжірбиелік қызметі жүзеге асырылады. Қылмыстық саясат - бұл құқықтық саясат болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz