Жетімдер бейнесі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі . Қазіргі қазақ прозасында алдымен шағын жанрдың әлеуметтік жүгі анықталып, оның адамдық, ар-инабаттылық, адамгершілік мәселелерінің салмағы кемімеген, қайта арта түскен. Бас - аяғы жинақы, шағын әңгіменің жүрекке жетер сыры, кесіп айтар үкімі мен көкейкесті ойы бар. 1970 - 1980 жылдары қазақ прозасында осыған дейін жетекші жанр болып келген романның осы көшбасшылық рөлін бірте - бірте повесть пен әңгімеге бере бастағаны анық байқалады. Сондықтан нақ осы дәуір қазақ әдебиетінде повесть пен әңгіме жанрларының гүлденген дәуірі болды десек қателесе қоймаспыз.

Қай халықты алып қарасақ та, өзіне тән ұлттық дүниетанымы мен мәдениеті, әдебиеті болатыны сөзсіз. Соның ішінде қазақ халқы мәдени мұраларының байлығымен бүкіл әлем халықтарына белгілі. Қай заманнан болсын, қазақ халқы жетім - жесірлерін қорғап, қанатының астына алған. Бірақ, тағдыр тәлкісіне түсіп, өмірдің ащы дәмін ерте татқан жетімдер де жоқ емес. Осы аталған жетімдер бейнесі проза, поэзия жанрында көптеген шығармаларға арқау болған тақырыптардың бірі. Сол қорғансыздар бейнесін қағаз бетіне түсіріп, оқырманның жүрегінен жол тапқан жазушыларымыз - Мұхтар Әуезов, Оралхан Бөкей, Сайын Мұратбеков, Бердібек Соқпақбаев, Дулат Исабеков, тағы да басқа талантты жазушыларымыздың шығармалары бүгінгі жұмысымызға арқау болмақ. Қазіргі таңда жетім - жесірлердің күйін күйттеп, осы тақырыпта қалам тартып жүрген ақын - жазушыларымыз көп-ақ.

Жетімдер тағдыры - қазақ прозасында, оның ішінде повесть пен әңгімелерге көптеп арқау болған. Бұл тақырып - ғылым саласында толыққанды зерттелмесе де, бірсыпыра ғалымдарымыздың тіліне тиек болған. Әсіресе, балалар әдебиетінен кең орын алған. Жазбаша прозаның алғашқы баспалдақтарының бірі ретінде оқырман қауымға Мұхтар Әуезовтің «Жетім», «Қыр суреттері», «Қорғансыздың күні» деп аталатын әңгімелері жол тартты. Бұл шығармалардың көркемдік қызметі, құрылысы мен айтпақ ойы туралы өз кезінде ғалымдарымыз пікір айтып, лайықты бағасын да беріп үлгерген-ді.

Келесі осы тақырыпта қалам тартқан - Сайын Мұратбеков пен Оралхан Бөкей. Олардың туындылары жүректі елжіретіп, оқырманға ерекше күй сыйлайтыны жасырын емес. Өмірдегі қарапайым адамдардың бейнесін сомдай отырып, олардың сүйініші мен күйінішін бірге бөлісу - жазушылар әңгімелерінің басты арқауы. Олар жасаған кейіпкерлер бейнесі - әдебиетімізде өз орнын ала отырып, әр оқырман жүрегінде сақталды. Сайын Мұратбеков пен Оралхан Бөкей қазақ әдебиетіндегі М. Әуезов, С. Мұқановтар алғашқы тіреуін салып кеткен жанрды одан әрі дамыта білді.

Әдебиеттің тарихы да әр кезеңнен тұратынын ескерсек, әрбір кезеңнің қайталанбас туындылар жасайтын мұзбалақтары болатыны белгілі. Кез келген зерттеушіні, ең алдымен шығарманың мазмұны, айтпақ ойы, ізденіс тарапынан жеткен жетістіктері қызықтырады. Қазақ прозасы осы күнге шейін қол жеткізген табыстарға балалар қаламгерлері де өзіндік үлесін қосып отырды. Сонымен бірге, жетімдер үйінде өсіп жетілген немесе өгейлік көрген балалар тағдырын суреттеген жазушыларымыз да жоқ емес. Олар өз дәуірінде жетімдіктің ащы дәмін татқан жеткіншектер бейнесін барынша шынайы жеткізуге тырысты. Осы арада қазақтың ұлы қаламгері М. Әуезовтің «Бүгінгі ағаның ертеңгі үміті - шәкірт, ұрпақ осыны терең сезінуі керек» [1, 365 б. ], - деген пікірі жетімдер тақырыбына келген әрбір қаламгерге жол көрсеткен бағдаршам іспетті әсер еткені анық.

Бертін келе, әдебиеттің дамуы жайындағы кейбір жалған теориялар соның ішінде, тартыссыздық, шындықтың сыртын жылтыратып бейнелеу сияқты ұғымдар жойыла бастады. Елімізде демократиялық ұстанымдардың бұзылуы, қоғам дамуының қайшылықтары өткір сыналды. Халқымыздың бай әдеби қазыналары ғылыми тұрғыда зерттеле бастады. Осының негізінде әдебиет пен табиғатты зерттеу саласындағы бұрынғы қателіктер түзетіліп, мәдени мұраны әділ бағалауға жол ашылды. Осы ізбен әдебиет прозасына келген Ж. Ерғалиевтің «Жетімдік», М. Мырзалиевтің «Жетімнің көз жасы», Б. Соқпақбаевтың «Өгей шеше» әңгімелері, Д. Исабековтің «Сүйекші», «Тыныштық күзетшісі» повестері, Қ. Мүсіреповтің «Жетім» новелласы жас оқырманды өмір құбылыстарын танып-білуге үндеп отырды.

Ал, 70-80 жылдар бұл бағыттың жетіле түскен уақыты болды. Әдеби қазынамызда рухани эстетикалық серпіліс орын алды. Кеңестік қоғамда өмір сүрсе де, өздерінен бұрын қаламгерлік еркіндігіне тұсау болған тың игеру, жұмысшылар өмірі, партияшылдық, жеке басқа табыну сияқты тақырыптардан бас тартып, заман шындығын көркемдік таным негізінде адаммен тығыз байланыста қарастырды. Жалпы сол кезеңде әдебиетте адамтану мәселесі басты тақырып болды. Ал, біздің қарастырып отырғанымыз сол адамтану тақырыбының ең өзекті мәселесі - жетімдер тағдыры.

Жұмыстың мақсаты : Қазақ прозасындағы жетімдердің әдебиеттегі бейнесі арқылы қоғамдағы орнын айқындау.

Жұмыстың міндеттері:

Қазақ прозасындағы жетімдер мәселесін қарастыруда мынадай міндеттер қойдық:

- Балалар әдебиетіндегі жетімдер бейнесін ашып, талдау.

  • Жетімдер өміріндегі трагедия көрінісі, оның рөлін анықтау.
  • Прозадағы жетімдер мотивінің ерекшеліктерін талдау.
  • Жетімдер бейнесін ашудағы подтексттің рөлі.
  • Шығармалардағы психологизм, портрет пен мінездеудің жетімдер бейнесімен байланысын айқындау.

Жұмысының дерек көздері: Жетімдер тағдырына қалам тартқан жазушыларымыздың шығармалары, психологизм, трагедия жайындағы теориялық еңбектер, ғалымдардың зерттеулері, әдебиет сыншыларының мақалалары.

Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері . Қазақ прозасы - әлем әдебиетінің классикалық үрдісі деңгейінде дамып келе жатқан жанр. Оның ішінде повесть пен әңгіменің алар орны ерекше. Көлемі шағын болса да, айтар ойы анық әңгімелеріміз - оқырман қауымды баурап алады. Қазақ прозасындағы жетімдер бейнесінің жалпы мәселелерін қарастыруда А. Байтұрсынов, М. Әуезов, З. Қабдолов, Ы. Дүйсенбаев, А. Егеубаев, Р. Нұрғалиев және т. б. аға буын ғалымдарымыздың тұжырымдары басшылыққа алынды.

Қазақ прозасындағы әңгіме, повесть жанрының түрлі мәселелерін арнайы қарастырып жүрген және әдебиеттің тарихына, теориясына, сынына арнап іргелі зерттеулер жазған көрнекті қазіргі әдебиеттанушы ғалымдарымыздың (Ш. Елеукенов, Б. Майтанов, Ж. Жарылғапов, М. Хамзин, А. Ісмақова, Г. Пірәлиева, т. б. ) еңбектері жаңа бағыттағы зерттеулер үшін тың бастамашыл тұжырымдарымен маңызды. Зерттеушілеріміздің тұжырымдарын жалғастыра зерделеу, тұжырым жасау - жұмысымыздың өзекті мәселесі.

Диплом жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер : талдау, салыстыру, мақалаларды саралап талдау, өзара салыстыру, пікірлерді жинастыру.

Зерттеудің ғылыми-практикалық мәні. Жұмыстың ғылыми нәтижелері мен тұжырымдарын тәуелсіз Қазақстанның жаңа әдебиеті дамуына арналған іргелі зерттеулер және орта, орта арнаулы және жоғары оқу орындары үшін оқу құралдарын, оқулықтар жазуда, сонымен бірге арнайы курстар мен семинарлар жүргізгенде көмекші материал, құрал ретінде пайдалануға болады. Сонымен бірге дидактикалық, тәрбиелік бағыттағы мақсаттарға да қолдануға болады.

1 Повесть, әңгімелердегі образдар жүйесі

  1. Балалар әдебиетіндегі жетімдер бейнесі. Жетім атауының көпшілігі соғыс заманында ата - аналары қайтыс болған кезде баланың қараусыз қалып отырғанынан, қиын - қыстау, ашаршылық кезеңдерде пайда болған. Оның өзінде Тәуке ханның Жеті Жарғы, Есім ханның - Ескі жолы сияқты заңдарында жетімдерді бай қауқарлы адамдарға асырап алуға беріп отырған. Жетім - ата - анасының біреуі немесе екеуi де қайтыс болған бала болып табылады. Жетімдік - баланың психикалық дамуына қатты әсер етеді. Ата-анадан айрылған және интернат жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл-күйі жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоғалады, өзіне деген сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей билей бастайды. Эмоционалдық-танымдық талпынысы төмендейді де, интеллектуалдық дамуы тежеледі. Х - ХХ ғасыр аралығындағы «жетім» ұғымының анықтамасы - толық жанұялық тәрбие көрмеген, ата-анасының бірі немесе екеуінің де қайтыс болған бала. Оларға тән қасиеттер: агрессия, алаңдаушылық, жалғыздық, ұяңдық секілді қылықтар. Осы аталған жетімдер тағдыры өз кезінде әдебиет беттерінде де көрініс тауып отырды. Әсіресе балалар әдебиетінде бұл тақырыпқа Әуезовтен бастап Мұратбеков, Бөкей, Соқпақбаев, Исабеков сынды көптеген жазушыларымыз қалам тартты. Кейіпкерлердің тағдырлары әр қырынан сипатталса да, барлығына ортақ қайғы - олардың жетімдігі. Әдебиетте басты нысана - әдеби бейне, яғни, кейіпкер деп білсек, жарқырап киім кимеген, жарытып ас ішпеген, жетімдік дертін арқалаған жетімдер өмірі тым аянышты. Аталған авторлардың шығармаларын саралай отырып, кейіпкерлердің өз сөздері мен эмоциялары арқылы, олардың мінез ерекшелігі мен табиғатын тануға ат салысамыз.

Әдебиеттің басқа да салалары тәрізді балалар әдебиетінде де М. Әуезовтің өзіндік орны бар екені белгілі. Осы орайда балалар әдебиеті ерекшелігі хақында арнайы пікір айтқанын атап өткіміз келеді. Мәселен, «Ертегілер» еңбегінде халықтық шығармалардың қайсысы балалар әдебиетіне жақын екендігін айқындап берсе, «Әр жылдар ойлары» кітабында жастар мен жасөспірімдердің оқитын кітаптары тобына жататын шығармаларға біршама назар аударылды. Қаламгер балалар әдебиетінің ғылыми тұрғыда зерттелуіне көңіл бөлумен қатар, өзі де балаларға арнап бірнеше әңгімелер жазды. Олардың қатарында «Көксерек», «Жетім», «Бүркітші», «Қорғансыздың күні» әңгімелерін және «Қараш- Қараш оқиғасы» повесін жатқызуға болады. Осы шығармалар арасында Әуезов жетім - қорғансыз жандарды да толықтай зерделей білді.

М. Әуезовтің «Жетім», «Қорғансыздың күні» әңгімелері әлеуметтік мәселелерді жан-жақты көрсете білген шығарма. Бұл әңгімелерде қорлық- зорлыққа шыдай алмай, әке-шешесінің қабірлерін іздеп шыққан жетімдер - Қасым мен Ғазизаның қазаға ұшырауы суреттеледі.

«Жетім» әңгімесіндегі басты кейіпкер - жас бала Қасым. Шығармада он жасар Қасымның қиын да күрделі тағдыры, аянышты халі берілген. Әжесі дүние салған сәттегі Қасымның қайғысын жеткізгенде, суреткер баланың өзіндік психологиясын, ұғымын, сөйлеу тілін шынайы бейнелеген: « - Әжетай, мені кімге тастап кеттің?! Мені неге ала кетпедің? Менің шынымен сорлы, жетім болғаным ба?» [2, 52 б. ] . Қасымның ендігі тағдыры тірліктегі өмір жолы, бәрі-бәрі әжесі аманаттап тапсырып кеткен Иса мен оның көкбет, қатыбас, долы әйелі Қадишаның қолында.

Әңгіменің еріксіз адам аяушылығын тудыратын тұсы бар. Ол онсыз да тағдырдан таяқ жеп, тағдыр тауқыметін арқалап жүрген Қасымға берген Қадишаның қарғысы мен Исаның аяусыз соққыға жығуы. Бұл не деген сөз? Сонау бір қараңғылық ықпалынан шыға алмаған қара ниетті жандар Қадиша мен Иса расында, жүрегі мүлдем тасқа айналып, мейірім танытпай топастық танытуы - сол қоғамның әлсізді аямайтын, тағылық мінезі мен жыртқыштық пиғылын дәл керсетеді. Табиғатынан бауырмал қазақ халқының мұншалықты ұсақталып, жүрек мейірімінен айырылу себебі неде? Жауап тағы біреу. Сол заманның әлеуметтік тұрмысы бүріп жіберген, сүреңсіз пендешілік ниеттің үстемдік алуы, әлсізге күш керсетуді, қорлау, қанау - кәдімгі өмірдің қалыпты ғана ісі, заңы деп таныған пендешіліктің қасақ да пасық ой түюінен. Қасымның жетім тағдыры: жалғыздық пен қорғансыздығы, ертеңгі күнге деген сенімсіздігі және іштен түйықтанған жатбауырлық мінез табуы - сол қоғамның ісі. Иса мен Қадишаның дүниеқоңыздығы Қасымның әке -шешесінен, әжесінен қалған азын-аулақ он шақты қой, он шақты ірі қараны талан-таражға салуы - Қасым бойына жиіркеніш сезімін тудырып кана қоймай, сонымен катар сол қылықтарына қарсы жауап, өз құқығын қорғауға итермеледі. «Әне бір көк саулық пен қарабас қойды соғымға жібереміз. Қасқа сиырды сойып, үй ішіне, бала-шағаға саудагерден пұл аламыз» [2, 53 б. ], - деп Қасымның дүниесін жаудан, шабындыдан түскен олжадай ашкөздікпен бөлісуі - бала жүрегіне шын жетімнің халін көрсетіп, жетімдіктің қайырымсыз қара қамытын кигізеді. Осы әңгімеден қазақ даласына дендеп кірген сауда дүниесінің болмысын көреміз. Шындығын айтсақ, Иса да Қадиша да саудагер, алып-сатар, дүниешіл пиғылдағы адамдар екенін танытады. Қасым өмір кешкен қоғамның гуманистік мінездерден мүлдем мақұрым болғанын әңгіме желісінен байқаймыз.

Қасым - осынау озбыр қоғамның зұлым әрекетіне қарсы шыға алмай, тағдыр жазуына еріксіз мойынсұнған қорғансыздардың әлеуметтік тобының өкілі. Қасымды даралай көрсете түскен жазушының ерекше шеберлігі де әңгіме желісінен мөлдірей көрінеді. Иә, Қасым әбден дараланған образ. Даралық тұстарын санамалай кетсек . . . Исаға тас лақтырып өзінің қауқарсыз болса да ажал алдындағы тұяқ серпуіндей әлсіз ғана бір болмашы әрі өр қарсылығы. Әрине, жетім балалардың баршасы асыраушысына қаншалықты ызаланса да қол көтеруге батылы бара бермейтіні акиқат. Ал, біздің кейіпкер Қасымның және бір даралығы аруақ сыйлайтын ер қазақтың мінезін көрсетті. Бірақ қанша ер мінезді болса да, тағдыр теперіші мен аға-жеңгесінің тарапынан көрсетілген қорлыққа шыдай алмаған жас бала ажал құшады.

Аянышты, тіпті әрбір оқырманның көзіне жас әкелетін осы әңгіменің тек балаларға емес, алдымен бала тағдырын ойлауға тиісті үлкендер үшін де жазылғаны белгілі. Біздің көңіл бөлетініміз - туындыгердің бұл шығармасында бала ұғымын, сезімін беруде өзінше ізденісі бар екені белгілі. Осы орайда Ы. Дүйсенбаевтың мына бір пікірі ойға оралады: « «Жетім» шығармасы бір ғана ипизодтан тұрады. Қорлық - зорлыққа төзе алмай, әке - шешесі мен әжесінің қабірлерін іздеп шыққан жетім бала Қасымның қазаға ұшырауы» [3, 12 б. ] . Расында, осы бір шағын ипизодқа жазушы біраз дүниені сыйғыза білген. Қасымның өлімін суреттеу сәтімен автор ескі ауылдың ауыр тұрмысын, тұйық тіршілік қоршауында азап шеккен қарапайым, дәрменсіз жанды нанымды суреттеген. Осылардың бәрін саралап жатпай, сараң баяндау, жеке болмысты қонымды суреттеу арқылы көкейге ұяларлық шындықты ұсынған. Балалар тарапынан туындайтын ой, Қасымды қаһарман ретінде бағалау. Жалпы айтқанда, жетім психологиясын дәл беру шеберлігі балалар өмірін жазу бағытындағы үлкен ізденіске апарар жолдың басы деуге болады.

М. Әуезовтің тағы бір балалар әдебиетінен орын алатын әңгімесі - «Қорғансыздың күні». Бұл шығарма кешегі әлеуметтік таптар арасындағы қатынас, қорғанын таба алмаған қорғансыз жандардың ащы тағдыры және олардың ішкі психологиясы тереңнен көрсетілген. Р. Мұқажанова ол туралы: ««Қорғансыздың күні» арқылы ол заманның шынайы көрінісін, ащы шындығын, тұтас бір қорғансыздар әлемінің мұң-зарын көрсетіп, оқырманның ішкі сезімін оятарлық жан түршілерлік оқиғаны баяндайды. Осы ащы, зарлы шындықты жеткізуде Әуезов асқан шеберлік танытты: оқиғаға қатысушы адамдардың тамаша портреттерін жасап, онысымен әрекет иелерінің мінез - құлқын да берді. Табиғат келбетін суреттеу арқылы адамның ішкі толғанысын, сонымен қатар болар істің хабарын берді, тамаша композиция құра білді» [4, 240 б. ] . Бұл ретте Пірәлиева Гүлзия Жайлауқызы да өз пікірін білдіріп өтеді: «Әуезовтің алғашқы әңгімесі «Қорғансыздың күнінде» көтеріліп отырған мәселесі - мәңгілік тақырып - әлдінің әлсізге көрсеткен озбырлығы. Бұл бір қараған кісіге бай мен кедейдің таптық күресі секілді көрінгенімен, әңгімедегі көтеріліп отырған көкейкесті мәселе - жетім мен жесір тағдыры» [5, 72 б. ] .

Расында, «Қорғансыздың күні» әңгімесі тақырыбынан - ақ бір сұмдық оқиғаны баяндағалы тұрғанын сездіреді. Әңгімеде қорлықтың құрбаны болған жас Ғазизаның тағдыры мен жоқшылық суреттеледі. Үстем тап өкілінен көрген жан, тән азабынан Ғазизаның пәктігі ада болады да, өзін өлімге байлап береді: «Өлер сағатына шейін қабағын басқан қайғы бұл уақытта жадыраған ізі де қалған жоқ. Балалық жүзінде: «Менде жазық жоқ, мен тазамын» деген ашық тазалықтың белгісі, қайғы-қасіреттен сейілген жас баланың ажары бар. Жауыздықтың жас құрбаны қасіретке толы өмірінің азапты ақ түтегінен адасып өліп, мәңгі толас тапқандай» [2, 22 б. ] .

Әуезовтің балаларға арналған әңгімелерін сараптаған Шынар Ахметова былайша ой түйеді: «Сөз жоқ, «Жетім», «Қорғансыздың күні», «Көксерек» әңгімелері алдымен үлкендерге арналып жазылғанын естен шығармауға тиіспіз. Әйтсе де, бұл шығармаларда жазушының бала психологиясын беру шеберлігі бәрі - балалар өмірін игерудің алғашқы баспалдағы екені анық» [6, 84 б. ] . Жалпы «балалар әдебиеті» дегенде, оның «тап-таза» жеке түрін ғана іздемей, оның негізінен алғанда үлкендерге арналған әдебиет ішінде де кішігірім эпизод түрінде кездесетініне баса назар аударғанымыз дұрыс.

Балалар әдебиетінде өзіндік алар орны бар келесі жазушы - Сайын Мұратбеков. Бұл жазушының өзіндік ерекшелігі де бар. Ол оқиға мен кейіпкерлерді іздемейді, өзі көріп білген адамдардың тағдырын сипаттайды. Яғни, ол тудырған кейіперлердің өзі өскен ауылда протатиптері болуы әбден мүмкін. Сайын ағаның өзі «Жусан иісі» туралы - «Бұл біздің ауылдағы соғыс кезіндегі балалардың тағдырынан жинақталған», - деп еді. Сол жолы күліп отырып, мына әңгімені еріксіз еске түсірген: «Аянның тағдыры тым аянышты. Жусан иісін ұмыта алмайтын баланың ауылды, жусанды ұмытып кетуі мүмкін емес. Әңгімедегідей бізде Аянның Жусанды ауылға қайтып оралуын тілеп едік. Әңгіменің тым шынайы жазылғандығынан болар, жерлестерім ол шығарманың бойынан өздерін іздеп, өз болмыстарын танып жататындығы» [7, 110 б. ] .

Жақында «Жусан иісіндегі» Аян қайтып оралғандығы жөнінде «Айқын» газетінен Б. Абаған хабарлады. Аянның протатипі - Науқан Керімов. Қазіргі кезде Талдықорғанның Ескелді ауданы, Ақын Сара ауылында тұрады. Еңбек ардагері, құрметті зейнеткер. Отбасында 15 бала бар. Естеріңізде болса, Сайын ағаның осынау әңгімесі былайша аяқталады: Шынында, бұл күнде Аян қайда екен? Ондай бала тірі болуы керек. Ал тірі болса, Жусандытөбеге бір оралмауы қалай? Жусанның иісін сағынбауы мүмкін емес қой» [8, 3б. ] . Сайын Мұратбековтің қаламынан туындаған әрбір туынды балалар жүрегінен мықтап орын алған. Оның «Жабайы алма», «Жусан иісі» атты повестері соғыс салдарынан жапа шеккен балалар тағдырын суреттейді. Соғыс зардабынан әкелерінен айырылған жеткіншектер тағдыры жазушыны бей-жай қалдырмағаны анық. Әсіресе, «Жусан иісіндегі» жетім бала - Аянның өмірі. Әжесінен қорған іздеген Аян соғысқа кеткен әкесін күтеді. Оған сандаған хаттар жазады. Балалармен бірігіп ойнағаныман, Аянның олардан ішкі жан дүниесі ересек көрінетін. Тағдырдың теперішін көп көрсе де мойымаған Аян, әжесі өлгенде де өзін жігіт санап, көзіне жас алмаған батыл бала: «Жарғақ сары тон киген Аян, күлімдеп тұратын қара көзі шарасынан шыға жаутаңдап, өңі боп-боз есігінің алдында тұр екен. Үйінде көрші-қолаң әйелдер бір-бірімен шуылдаса көрісіп, азан-қазан боп жатқанмен ол көзіне жас алмапты» [7, 97 б. ] . Аянның ақылдылығынан болар, ауыл балалары оны үйірсектеп, жанынан бір шықпайды. Аянмен достасуға барлығы құштар. Кейде момын, кейде ызаланып, ашуын да көрсете білетін. Аян - бәрінен де ертегі айтқанды жақсы көретін. Шығарма соңында әрбір оқырманға ой тастай отырып аяқталатын Сайын Мұратбековтің кейіпкерінің тағдыры біз үшін беймәлім. Бірақ, автор оның алдағы өмірі жарқын болуы керек, - деп байлам айта кетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ деректі фильмі: әлеуметтік киноның ерекшелігі («Жетімдер қалашығы» атты фильм негізінде талдау)
Сағи дауысы
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДА АУЫТҚУШЫЛЫҚ (ДЕВИАНТТЫҚ) МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тәрбиеленушілердің зияткерлік дамуының мәселелері
Жетім балаларды әлеуметтік қорғау
Көне замандағы таңбалардың сипаттамасы
Жетім балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау - әлеуметтену құралы ретінде
Әлеуметтік жағдайлардың - Адам өмірімен байланысы
Жеткіншек жас кезеңіне қатысты қарым - қатынас тұрғылары
Тәрбие берудің табиғат қорғаудағы ұлттық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz