Құранда аты аталған өсімдіктер


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Күллі ғаламның жаратушысы аса Рақымды, ерекше Мейірімді Алла Тағаланың атымен бастаймын. Барлық мадақ пен мақтау жалғыз Аллаға ғана тән. Екі әлемнің мырзасы, пайғамбарлар падишасы хазіретті Мұхаммедке және оның отбасына, ардақты сахабаларына Ұлық жаратушының сәлемі мен нұры жаусын!

Диплом жұмыстың жалпы сипаттамасы . Дипломдық жұмыста Құран мен хадисте келген өсімдіктер қарастырылады.

Тақырыптың өзектілігі. Бұл ғылыми жұмыста Құран мен хадисте аты аталған өсімдіктерді баяндадым. Құран Кәрімде бірнеше өсімдіктердің аты аталғанымен, олардың ерекшеліктері жайлы қысқа ғана айтылып өткен. Құран, осындай жаратылыстарды танып білуіміз үшін бірегей қайнар көз болып табылады. Осы дүние әрі ақырет бақытына жетуді үйрететін мұғжиза Кітабымызда адамзат тұтынатын азық-түліктердің аттарына да орын берілген. Олардың ішінен адам саулығы үшін маңызды рөл атқаратын протеиндер, көмірсулар және өсімдік майларын да айта кеткеніміз жөн болар. Құрамында протеині бар нәрселерден: ет, балық және сүт. Ал, құрамында көмірсуы бар тұтынатын нәрселерден: бидай, пияз, сарымсақ, жасымық, құрма және жүзім сияқты көкөністер мен жемістер де Құранда баяндалған. Сонымен қатар, аты аталған көкөністер мыналар: ажур (қияр тектес), асқабақ, райхан, дәмдеуіштер, зімбір, қара бұрыш, беде (клевер), қыша және камфора.

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с. а. с) Исламның дамып, өркендеуінде рөлі ерекше. Пайғамбарымыздың (с. а. с) хадистерінде де бірнеше өсімдіктер атаулары кездеседі. Және Алла елшісі өзі ұнатқан жеміс-жидектер мен көкөністердің адам ағзасына пайдаларын баян етіп кеткен. Әртүрлі өсімдіктер жайлы айтып кеткеніне қарай біздің көсбасшымыздың көп қырлылығын көре аламыз.

Қазіргі таңда медицина Құранда аталған барлық өсімдіктердің адам ағзасына пайдасы зор екендігін дәлелдеді. Сондай-ақ, көптеген аурулардың алдын алып, емдеуге әсер ететінін дәлелдеді. Жеміс-жидектер жер анадан қорек алған ағаштарда өседі, солайша табиғаттан пайдалы, шипалы қасиеттерді сіңіреді. Мұның бәрі әрине Алла Тағаланың құдыреті.

Зерттеудің мақсаты . Осы ғылыми жұмысымды жазу барысында Құран мен хадисте келген өсімдіктерді толықтай қамтуды мақсат еттім. Өсімдіктердің жаратылысын зерттей отырып, олардың адам ағзасына өте қажетті әрі пайдалы екендігін түсіндім. Құранның әр жерінде келген өсімдіктер жайлы үзінділерді бір араға жинау. Олардың адамзатқа берер пайдасымен қатар шамамыз жеткенше Құрандағы рөлін анықтауды жөн көрдім. Олар жайында біраз да болсын мағлұмат беру. Ғылыми жұмысымда Құрандағы өсімдіктер ғана емес, сонымен бірге Пайғамбарымыздың (с. а. с) тұтынған әрі жақсы көрген жемістері мен көкөністері қамтылған.

Зерттеудің міндеті:

1. Құранда аты аталған жеміс ағаштары

2. Құранда келген астық тұқымдастар мен хош иісті шөптер

3. Хадисте келген өсімдіктер

4. Пайғамбарымыз (с. а. с) ұнатқан жеміс-жидектері мен өсімдіктері

5. Кейбір өсімдіктер жайлы Пайғамбарымыздың (с. а. с) берген кеңестері

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу тақырыбының алға қойған мақсатына жету жолында көптеген ізденістерімен, теориялық және практикалық зерттеу тәсілдері пайдаланылды. Осы жолда бұл жазылып отырған зерттеуді мешіт мімберлерінде айтылып, жұмыс іс жүзінде пайдалану жолдарына тиімді болуы үшін барынша жеңіл жолдарын ойластырдым.

Жұмыстың құрылымы мен қысқаша мазмұны . Бұл дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚҰРАНДА АТЫ АТАЛҒАН ӨСІМДІКТЕР

1. 1 Құранда аты аталған жеміс ағаштары

Исламнан бұрын адамдар ауырған кезде қай шөптің қай ауруға ем екенін білмеген. Кейбіреулер қолданса жазылып кететін, ал кейбіреулері болса шөптің кері әсерінен көз жұматын.

Ислам келгеннен кейін уақыт өте келе Пайғамбарымыз (с. а. с) қай шөптің қай жерге немесе кімге, қалай қолдануына дейін хадисте келген емдік шөптерді айтып кеткен. Олардың ішінен адам саулығы үшін маңызды рөл атқаратын протеиндер, көмірсулар және өсімдік майларын да айта кеткеніміз жөн болар. Құрамында протеині бар нәрселерден: ет, балық және сүт. Ал, құрамында көмірсуы бар тұтынатын нәрселерден: бидай, пияз, сарымсақ, жасымық, құрма және жүзім сияқты көкөністер мен жемістер де Құранда баяндалған. Сонымен қатар, аты аталған көкөністер мыналар: ажур (қияр тектес), асқабақ, райхан, дәмдеуіштер, зімбір, қара бұрыш, беде (клевер), қыша және камфора.

Қазіргі таңда медицина Құранда аталған барлық өсімдіктердің адам ағзасына пайдасы зор екендігін дәлелдеді. Сондай-ақ, көптеген аурулардың алдын алып, емдеуге әсер ететінін дәлелдеді. Жеміс-жидектер жер анадан қорек алған ағаштарда өседі, солайша табиғаттан пайдалы, шипалы қасиеттерді сіңіреді. Мұның бәрі әрине Алла Тағаланың құдыреті.

Ал енді жеміс ағаштарына тоқталайық. Құранда аты аталған жеміс беретін ағаштар: Банан, Жүзім, Анар, Зімбір, Інжір, Шие және Құрма ағаштары.

Банан - жұмақ жемісі. «Олар тікенсіз сидыр ағаштары. Жемістері үсті-үстіне шоғырланған банан ағаштарының созылған көлеңкесінің астында болады» [1, 56/28-30] .

Банан-дәмді әрі жеміс беретін, көпшілікке танымал өсімдік. Қазіргі уақытта бананның жай түрлері мен будандастырылған түрлері көп. Олар Musa (Банан) деп те аталады. Олардың ішінде тек сәндік өсімдік ретінде өсірілетіні де бар. Мысалы, жапондық Musa Basjoo Sieb. And Zucc немесе филиппиндық M. textiles Nee. Бұл түрлері тек қана талшықтар үшін өсіріледі. Ал ол талшықтарды әртүрлі жіптер мен шай қалташаларын өндіруде пайдаланады. M. ensete деп аталатын абиссиндік банан Эфиопияда да талшықтар жасап шығару үшін қолданылады. Және азық ретінде қолдануға бөлек көшеттерін алып өсіреді.

Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда жемістері жеуге мүлдем жара-майды. Бірақ өсімдік, ауруларға төтеп беруде жақсы бағаланады.

Ең алғаш жеуге жарамды банандар б. з. д 3-4 ғасырда Еуропада пайда болды.

Финикиялық саудагерлер мен Африка, Үндістан және Жерорта теңізі жаға-лауларына келген саяхатшылар бананның таралуына зор үлес қосты.

Жүздеген жылдар өте, шамамен б. з. 67 жылы Плиний өзінің еңбектерінде бұл өсімдікті «pala» деген атпен атап көрсеткен. Кейіннен классикалық грек тіліне енді. Теофраста осы банан жайлы әңгіме жазылған. Ол жерде кейбір дана кісілер банан көлеңкесінде жиналыс өткізуді жақсы көрген. Уақыт өте келе бананның да пайдаларын біле бастайды. Жемісін жей отырып, олар күш жинап отырған. Сондықтан болар, көне латын тілінде өсімдік атауы Musa sapientium, яғни «даналар бананы» аталған.

Орта ғасырларда елді әділ халифалар басқарып тұрған кез еді. Ислам мемлекетінің ұлғайған кезеңі болатын. Бананның Таяу Шығыста, Африка құрлығында және Оңтүстік Еуропада таралуында араб көшпенділері, саудагерлер және әскерлер айрықша рөл атқарды. Әділ халифалардың кезеңінен соң банан жайында ұмытыла бастады. Кейін Крест жорықтарының басталған шағында банан қайта тарала бастады.

16 ғасыр басында Испандық және Португальдық теңіз саяхатшылары арқылы банан Батыс Африкадан Оңтүстік Америкаға жеткен. Қазіргі уақытта банан барлық ылғалды, тропикалық аймақтарда өседі. Жеміс беруден әлемдік экономикада үздік бес жемістің қатарына кіреді. Олардың қатарында: жүзім, цитрус өсімдіктері (лимон, апельсин, мандарин) құрма және алма.

Ал, «жәннат бананы» деген атауды Карл Линней берген. Ол мұсылман-дардың банан жәннатта өседі деп айтқанына сүйене отырып айтқан. Әрине бұл одан бұрын Қасиетті Құранда айтылған.

Қазіргі уақытта шамамен 300-ге жуық жеуге жарамды бананның түрі бар. Олар екіге бөлінеді: тәтті және крахмалды. Тәтті банандарды шикі түрде жеуге пайдаланса, крахмалды банандарды қайнатады, қуырады, буға пісіреді, қақтайды, ет, балық, күріш тағамдарымен ас дайындайды.

Америка және Еуропа елдерінде бананның жаңадан піскен сары әрі тәтті жемісін ғана банан (banana) деп атайды. Ал крахмалды жемістерін аспаздық үшін өңделген түрін «плантайн» (plantain) деп атайды екен.

Қантты банандар деп аталатын қортық банандар да бар. Дәмі кәдімгі банандарға қарағанда тәттірек болып келеді екен. Тағы да қызыл банан деген түрі де бар. Қабығы мен іші қызыл түстен бастап, күлгін түске дейін өзгереді. Ал, бананның бұл түрі тасымалдауға жарамсыз. Сондықтан да көп елдерге таныс емес. Тек бананның осы түрі өсетін елдерде ғана болмаса. Сонымен қатар бананның жұқа, жасыл қабықты түрі бар. Дәмі алмаға ұқсас болып келеді.

Көбінде Таяу Шығыс елдері, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африка елдерінде банан жемісін көп мөлшерде тұтынады.

Көпшілік бананды ағаш деп есептейді. Негізінде банан көпжылдық, өте ірі шөп тектес өсімдік. Жылтыр, сопақша жапырақтары ыстық ауа-райында аптасына бір жапыраққа көбейіп отырады. Жапырағының ұзындығы 2, 7 метрге, ал ені 60 сантиметрге дейін жетеді. Олар толық жасыл болып келеді. Немесе жасылдың үстіне қою қызыл дақтары да болып келеді. Немесе беті жасыл, іші күрең қызыл болып та өседі. Жапырақ сабақшалары өскеннен кейін, 6-8 айдан соң гүлдейді. Гүлдері алдымен үлкен, ұзын конус тәрізді, қызылкүрең бүршік болып атады. Ілмешектің ашылуымен түтік тәрізді ақ гүлдері пайда болады. Гүлдері екі қатарға бір шоқ болып жиналып өседі. Және өсімдік сабағының бойында шиыршықтармен орналасқан.

Аналық гүлдер төменгі қатарда орналасқан. Аналық гүлден жоғары екіжынысты және жыныссыз гүлдер де бірнеше қатар болып өседі. Ал, аталық гүлдер болса ең жоғарғы қатарда орналасқан. Жас жемістер аналық гүлден дамиды және жаймен саусақ тәріздес жұқа жасыл болып өседі. Көп кешікпей ілмешектері түсіп, піскен жемістері әр шоғырда салмағы 10-нан 90 кг-ға дейін өседі. Осы салмақпен өсімдік сабағы иіледі. Тізілген банандар керісінше аударылып қалады. Жемістің пісу мерзімі 90-120 күн аралығында. Жемістерінің түсі жасылдан сары түске немесе қызыл түске айналады. Кейде ақ жолақты болып та келеді[9, 6-8бет] .

Көпшілік зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша, банан Оңтүстік-Шығыс Азияның ыстық аймақтарында өседі. 1862 жылы медицина-хирургиялық академиясының профессоры, ботаник және табиғат зерттеуші П. Ф. Горянинов Эфиопия экспедициясы кезінде жабайы өсетін банандарды тапқан. Және оның ойынша, бананның тағы бір отаны Шығыс Африка болып табылады. Айта кететін жәйт «банан» атауы Африкадан шыққан. «Банан» деген атпен Конго тайпалары атаған екен[9, 12-бет] .

Бананның толық піскені 75% судан, 20-22% қанттан, 1, 6% крахмал, ақуыз, май, дәрумендер, органикалық қышқылдардан, аминқышқылдары, эфир майы, макро және микро элементтерден тұрады. Банан жемісінің бір килограммында 970 калория болады екен. 5-6 бананның өзі түскі астың калориясына жеткілікті.

Бүгінгі таңда банан жемісі құнарлы жеміс болып табылады . Тез сіңеді және құрамында адам ағзасына пайдалы биологиялық заттар бар. Банан жемісінің құрамында А витаминдер негізі, В 1 , В 2 , В 3 , В 6 , В 9 , С, Е витаминдері бар. Макроэлементтерден: калий, кремний, магний, натрий, фосфор бар. Ал, микроэлементтерден: алюминий, йод, кобальд, марганец, селен, хром және цинк бар.

Бананның көп ауруларға пайдасы бар. Әсіресе температура көтерілгенде, ас қорыту жолының бұзылуында, бұлшық еттердің түйілуінде әсері зор. Банан құрамында калийдің көп болуы, адам ағзасынан зиянды қалдықтарды шығарады. Банан, қан қысымының түсуіне, аллергияны емдеуде өз септігін тигізеді. Құрамындағы калий мен натрий біріге жүрек соғысын және денедегі су мен тұз балансын реттейді. Банан құрамындағы В 6 дәрумені адам ағзасында тапшы болса, тез шаршау, қызбалық, ұйқысыздық, қаназдық пайда болады. Бүйректе тас пайда болып, терінің нашарлауына апарады. Жаңадан шыққан жапырақтарын күйген және ісінген жараларды емдеуде пайдалануға болады. Қайнатылған гүлін болса диабетті емдеуде қолданады.

Банан ислам әлеміне де өте танымал өсімдік. Жоғарыда айтып өткеніміздей Құранда келген өсімдіктердің бірі. Жұмақ жемістері қазіргі біз өмір сүріп жүрген жеріміздегі өсімдіктер сияқты емес. Өйткені жерде жемістер белгілі уақыттарында, мерзімдерінде ғана өседі. Және биікте өседі. Ал жәннатта болса, банандар және т. б. жемістер кез-келген уақытта, кез-келген мөлшерде қолжетімді. Жемістердің төменде өскені соншалық, Алла құлдары оларға кез-келген күйде жете алады. Алла Тағала айтады: «Расында тақуалар саяларда, бастауларда болады. Көңілдері соққан жемістерде. (Оларға) : “Істеген амалдардың арқасында жеңдер, ішіңдер; сіңімді болсын” (делінеді. ) Расында жақсылық істеушілерді осылайша сыйлаймыз» [1, 77/41-44] .

Жүзім - пайдалы жеміс. «Негізінде тақуалар үшін құтылу бар. Бақшалар, жүзімдер бар. Жас өспірім құрдас қыздар бар. Толып тасыған кесе бар» [1, 78/31-34] .

Батыс Азиялық және Еуропалық мәдени өсімдіктерден болған жүзім ірі шырмауықтың бір түріне жатады. Тамырымен қосқанда ұзындығы 30-40 см-ге дейін жетеді. Өсімдік өркені көктемде өсе бастайды. Түсі жасыл немесе қызғылтқа боялған қызыл-қошқыл әртүрлі реңде болады. Күзге қарай өркені қуарып қоңыр немесе алтын түске боялады. Сортына қарай жүзім жапырақтары әртүрлі көлемде өседі. Ал пішіні дөңгелектенген, жүрек тәрізді, жұмыртқа тәріздес және бүтін немесе бірнеше айрықты болып келеді. Гүлі сансыз көп, майда жасыл, реңсіз, бестемді. Жұмсақ және күрделі болып болып жиналады.

Жемісі-шырынды жидектер көбінде дөңгелектеу немесе сопақтау пішінде өседі. Жұмыртқа тәріздес домалақ т. б түрлері де кездеседі. Көлемдері сегізден жиырма бес мм-ге дейін немесе оданда көп мөлшерде өзгере береді. Жидегі ақ, қызғылт, бұлыңғыр, қызғыш, күлгін, көк не қара түсті. Жұмсақ еті тәтті, қышқылтым, иіссіз немесе жұпар иісті болады. Қабығының дәмі ауыз қуыратын, қышқыл, дәмсіз болып та келеді. Кейбір жүзім сорттары төзімді. Бұл сорттар ұзақ жолды тасымалдауға шыдамды және ұзақ сақталады. Ал жұқа қабықты жүзімдер жинап алынғаннан кейін тек сол кезге жарамды болып қалады. Жүзім мәдени өсімдіктің сансыз сорттары жеміс беруде, түсімен, құрамында қанттың болуымен, дәмімен, иісімен бір-бірінен ерекшеленеді. Осы күнге дейін бұл өсімдіктің қайда және ең алғаш қашан келгенін ешкім нақты айтаалмайды. Бірақ, зерттеушілердің көпшілігі ең алғаш Батыс Азиядан шыққан деп болжамдайды. Оның ішінде Батыс Азияға кіретін Шығыс Азия түбегі, Армиян таулы өлкелері Иран таулы өлкесінің көп бөлігі Араб түбегі, Месопотам ойпаты, Шығыстан Жерорта теңізіне қарай және Кипр кіреді. Осы үлкен аумақтарда археологиялық жұмыстар кезінде көптеген айғақтар табылған. Ертедегі ғимараттар мен мазарлардың қабырғаларында жүзімнің суреттері табылған. Үй және сарай қоймаларынан жүзім жапырақтарының ізтаңбалары, дәндері табылған. Осы қазба жұмыстары Египет пен Батыс Азияда жабайы жүзімдерді жақсарту б. з. д алтыншы мыңжылдықта басталғанын көрсетеді. Ежелгі гректердің бұрын айтылып кеткен сөздеріне қарағанда, жүзімді ең алғаш Фракияда өсірген екен. Және теңіз саяхатшыларымен қоныс аударушылар арқылы кіші Азияға жеткен[9, 36-бет] .

Грецияда жүзімді өсіру б. з. д. 2-мыңжылдықта басталған. Олар оған дейін де жүзімнің 150-ге жуық түрін білген. Мәдени жүзім Грециядан жақын елдерге тарай бастады. Осылайша жүзім шаруашылығы бүкіл Оңтүстік және Орта Еуропаға тарайды. Еуропалықтардың әлемнің түкпір-түкпіріне қоныс аударуы осы жүзімнің кең тарауына үлкен үлесін қосты. 16-ғасырда жүзімді Мексика, Перу, Чили және Аргентинада өсіре бастады. Африкада 17-ғасырда жүзім егіншілігі пайда болды. Ал, Калифорния, Австралия және Жаңа Зеландияда 18-ғасырда егіле бастады[9, 38-бет] .

Исламға дейінгі дәуірде шарапты барлық жерде тұтынатын. Венециялық сатушы әрі саяхатшы Марко Поло өзінің Қытайға барған саяхатында былай жазған: «Оларда бидай, арпа, нанның әртүрлісі, шарап пен түр-түрлі жемістер бар»[9, 39-бет] .

Бірақ Ислам келген сәттен бастап, нығайғанға дейін шарапқа деген қатынас уақыт өте өзгере бастады. Иман еткендер Құранды оқи отырып, шарап ішуге болмайтынын біліп ішуді жаймен тастай бастады. Алғашында мына аят түскен болатын: « Құрма ағаштарының жемістерінен және жүзімдерден арақ әрі көркем қорек жасап аласындар. Рас мұнда ойлаган елге анық үлгі бар» [1; 16/67] . Басқа аятта шарапты қолдану құмар ойынмен тең және күнә деп келеді: «(Мұхаммед а. с) олар сенен арақтан, құмардан сұрайды. Оларға : « Екеуінде де зор күнә бар. Адамға пайдасы бола тұра, пайда-сынан көрі күнәсі зорырақ» де [1; 2/219] .

Сосын артынша құлшылық жасағанда мас күйінде тұрмау аят түседі: « Әй, мүміндер! Сендер мас болып, не айтқандарынды білгенге дейін намазға жақындамаңдар» [1; 4/43] . Бұл аяттың түсу себебі, бір топ шарап ішіп алған мұсылмандар намазда тұрғанда жаңылыстырып оқиды. Бұл әрине құлшылықтарын бұзады. Осыдан кейін ішкілікке тиым салынған аят түседі: «Әй, мүміндер! Арақ, құмар, тігілген тастар (пұттар) және балашатыноқтар лас, шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар, құтыласыңдар» [1; 5/90] .

Ислам келгеннен соң кейінгі екі жүз жылдықтан соң жүзім шаруашылығы мұсылман елдерінде жақсы өркендеді. Қазіргі уақытта мұсылмандар үшін мас қылатын ішімдіктің бәріне тиым салынған. Себебі адамға пайдасы жоқ. Адамның жүрегінде маскүнемдік және сенім қатар өмір сүре алмайды. Біреуі екіншісін шығарып тастап отырады.

Кезінде арабтар егіншілікке шебер болмаса да, олар аз уақыт ішінде сол аймақтарда ежелде өмір сүрген жұрттан меңгеріп алды. Олар жүзім алқабын өсірген және қазір де жалғасын тауып келеді. Шырын өндірісі үшін азықтық және мейіз сорттарын өсіреді. Азықтық үшін өсірілген сорттарын тағамдарға пайдаланды. Мейіз сортынан ұзақ сақталатын өнім шығарады. Мейіз- жүзімнің кептірілген дәнді түрі. Ол қара, қызыл, сары және қоңыр түсті болып келеді. Кишмиш болса, кептірілген, тәтті, майда және дәнсіз Азия жидегі. Көбінде ақ және қара түрі таралған. Еуропа аспаздығында қара мейіз (коринка) атымен танымал. Мейіз бен кишмиш жүзімнің өзіндік қасиетін сақтайды.

Араб медицинасының ғылым қайраткерлерінің айтуы бойынша, жүзімді күнделікті азыққа қолдану жүйке-жүйесін нығайтатын әсер береді, ашуды басады, жүректің жұмыс істеу қабілетін жақсартады. Ақ мейіз ішектерді тазартады. Қайнатылған түрі жөтелді жеңілдетеді. Егер мейіз сүйегін алып тастап, орнына қара бұрыштың бір түйірін салса, салқын тигеннен болатын ауруларды емдеуде, бүйрек және зәр шығару жолдарын емдеуде дәрі ретінде пайдалануға болады. Және бүйректегі тастарды ерітеді. Жұмсартылған мейізді жануар майымен араластырып, шыққан тұнбаны ісікті, сыздауықты сорып алатын жабыстырғыш ретінде қолданған. Сонымен қатар, дұрыс емес өскен тырнақтарды жоюға көмегі зор[9, 42-бет] .

Заманауи ғылымда жүзімнің құрамында жүз елуден асатын биологиялық белсенді заттар бар екені дәлелденді. Олар: ақуыз, майлар, көмірсулар (глюкоза және фруктоза) органикалық қышқылдар, флавоноидттер, эфир майы, А, В 1 , В 2 , В 6 , В 9 , С, Р, РР, Е, К, Н. Макроэлементтерден: темір, кальций, калий, кремний, магний, натрий, күкірт, фосфор, хлор; Микроэлементтерден: алюминий, бор, бром, ванадий, йод, кобальт, марганец, никель, рубидий, фтор, хром, цинк[9, 45-бет] .

Жүзімнің кез-келген адамның денсаулығына пайдасы зор. Адамның қартаюын бәсеңдетеді, қан құрамын жақсартады, иммунитетті көтереді, психоэмоциональды қозғыштықтан сақтайды, ұйқыны реттейді, көңіл күйді жақсартады, жүрек қантамырларының жүйесіне де жақсы әсері бар. Жүзімді мүмкіндік болғанша күніне 200-300 грамм мөлшерде жеу керек. Жүзімді мұсылман елдерінде жемісінен бөлек жапырағын да тағамға пайдаланады[9, 48-бет] .

Анар - жәннат жемісі. «Біз жүзім бақтарын, бір-біріне ұқсаған, ұқсамаған зәйтүн, анар шығарамыз. Мәуеленгенде әрі піскенде жеміс-терінде бір қарандар; міне шексіз осыларда сенген ел үшін әрине дәлелдер бар» [1; 6/99] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңбыр тудыратын бұлттар
Диуани Хикмет шығармалары
Аспан әлемі үнемі кеңеюде
Жеке адамның этнопсихологиялық және әлеуметтік діни қалыптасуы
Діни наным-сенімдердің бастауы
Абсолютті ақиқат өзінің құдіретін паш ету үшін бұл дүниені пернелеп жаратуының үш негізгі себебі
ОРТА АЗИЯ ЖӘНЕ АРАБ ҒЫЛЫМЫ
Пайғамбар хадистері
Ислам және ғылым оқу құралы
Түркі халықтарының философиясындағы рух ұғымының тұжырымдамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz