Алтайдағы сақ мәдениеті


КІРІСПЕ
Археологиялық кезеңдеменің “ ерте темір дәуірі” деп аталатын бөлігімен сәйкесетін сақ дәуірі (б. з. д. VII-III ғғ. ) туралы ғылымда да. Көпшілік әдебиеттеде де аз жазылған жоқ. Мемлекеттің елтаңбасына негіз болған “Алтын адам”, осы археологиялық жаңалықтың әсерімен жазылған “Томирис” романын, сондай-ақ, парсы-сақ қарым -қатынастары, сақтар жайлы басқадай зерттеулер мен аңыз -әфсаналық мағлұматтар қалың көпшілікке кенінен таныс. Таза археология ғылымының аумағында да сақ дәуірін зерттеу аса зор маңызы бар іргелі салаға жатады. Скиф-сақ археологиясының қалыптасу тарихы бірнеше ғасырларды қамтиды және осы мерзім аралығында оның өз дерекнамалық қоры мен тарихнамасы, күрделі әдістемелік жүйесі мен атаулық - ұғымдық аппараты қалыптасқан. Скиф пен сақ ескерткіштерінің арасын алып жатқанын ескерсек, бұл ең алдымен еуразиялық ғылым. Мұны үлкен тұтас құрылым ретінде көз алдымызға елестетсек, осының бір құрамдас бөлігін Қазақстандағы сақ археологиясы алып жатыр. Осы уақытқа дейінгі берген нәтижелеріне қарағанда, сөз жоқ өте беделді құрамдас бөлік.
Дипломдық жұмысымыздың ерекшелігі сақ археологиясында қалыптасқан негізгі бағыттардан шығады. Турасын айтқанда, скиф-сақ археологиясы ең алдымен жерлеу ескерткіштерінің, яғни көне оба, қорғандарды зерттейтін сала ретінде белгілі. Оба, қорғандардан алынатын деректер негізінде атақты “аң стилін”, қару-жарақты, ат-әбзелдерін зерттеу ерекше маңызды ғылыми бағыттар ретінде қалыптасқан. Міне осыларға көне идеология мәселелерін, жерлеу ғұрпын қоссақ, скиф- сақ археологиясының жалпы мазмұңы келіп шығады.
Өзектілігі; Қазақстан өлкесі-ежелгі көшпелі өркениеттің алтын бесігі, өзінің географиялық орналасуындағы тиімділігіне байланысты өте көне заманнан бері Евразиядағы көптеген халықтардың толассыз көш-қон процестерінің тоғысар торабы, алуан түрлі этномәдени байланыстардың қайнаған ортасы.
Қазақ елі егемендігін алғаннан кейін тарихты жаңғырту айдарымен көнемізге көзімізді сала бастасақ та, тарихта б. э. д VII-IV ғасырда өмір сүрген "Азиялық скифтердің" мемлекеттілігі, әлеуметтік құрылысы, орналасуы, шыққан тегі және соңында дүниетанымы т. б жөнінде бұрыннан қалыптасып қалған концепциялар әлі өзгермей, жаңаша бетбұрыс жасалмай отыр. Соған қарамастан соңғы он -он бес жыл көлеміндегі зерттеулер жаңа тың дәйекті тарихи тұжырымдардың түзілуіне игі ықпал етуде. Осы тұрғыдан алғанда Таулы Алтайдағы соның ішінде Қазақ Алтайындағы Сақ дәуірі ескерткіштерін археологиялық, тарихи-мәдени және діни-философиялық ареалда қарастыру мәселесі аталған тақырыптың өзектілігін анық аңғартады деп санаймыз.
Тарихнамасы мен дерекнамасы . Қазақстан ерте көшпелілер қоғамын, сақ-скиф әлемін танып-білуде жазба деректердің аздығы, жетімдігі басты назарды еріксіз өлкенің көне тарихының көзін ашар археологиялық деректерге, оның ішінде күрделі құрылысты, көптеп кездесетін жаппай табыну ескерткіштерінің көне түрі - обаларға аударуға итермелейді. Күні бүгінге дейін ерте көшпелілер жөніндегі археологиялық зерттеулер олардың діни-мифологиялық дүниетанымын, этномәдени және әлеуметтік бөлінісін айқындап, мән-мағынасын ашуда тек қабір ішінен шыққан заттар арқылы жүргізілгенді. Сондықтан да отандық және әлемдік тарихнамада обаларды жерлеу-ғұрыптық комплекс ретінде қарап, жер үсті, үйінді асты, оба маңы т. б құрылымын архитектуралық-көркемдік тұрғыдан зерттеу бастамасы 1963 жылы салынса да әлі көмескіленіп жатыр.
Ал қазылған қорған көптеген ғасырлар процесінде табиғи бүлінушілікке үшыраған, бүгінде бізге жеткен сыры ашылмаған көне құрылыстың тек қалдығы. Қорғандар әртүрлі тарихи-мәдени кезеңде әр этникалық ортада басқа мәнде, формада дами отырып, уақыт пен кеңістік аралығында өзіндік ғажап далалық-мәдени дәстүр болып сақталды. Діни-мифологиялық терең мазмұнды жерлеу-ғұрыптық ескерткіштер анық бір идеологиялық түсінік пен діни наным-сенімге сай алдын-ала тұрғызылған. Сондықтан да тұрақты және консервативті.
Таулы Алтайдағы сақ есткерткіштерінің зерттеллуі бойынша көпетген еңбектер жазылғаныменен. Әлі де болса шешімін таппай жатқан мәселелер жетерлік. Сондай аса ірі мәселерлер қатарына пазырықтықтардың этномәдениеті, периодизация және хронология, жжәне пазырық мәдениетіннің пайда болуы. Пазырық мәдениетінің пайда болуы жөнінде әзіргі таңда екі концепия бар. Автохтонды және Миграциялық. Автохтонды концепциясын ұстанушылар окуньев және карасук мәдениеттерінен қалған, монголоиттық антропологияның мықты болуы негізінде Т. А. Чикишева пазырықтықтар және Улангомның популяциясы карасук пен окунев мәдениеттерінің ықпалымен қалыптасқандығын жазады. Миграциялық концепцияны ұстанушылар да, антрополиялық мәліметтер негізінде пазырырқтықтардың алдыңғы азиядан келгендігін тілге тиек етеді. Оған, пазырықтықтардың антропологиясында кездесетін, Парфия мен Маргиан, Солтүстік бактрия территориясында мекендеген көшпелі және жартылай көшпелі халықтардың антропологиясымен ұқсастығы түрткі болған. Келесілер пазырықтықтардан оралоиттық компоненттерді көреді. С. С. Турдың пікірінше пазырықтықтармен түрік-самадий және кет топтарындағы адамдардың бас сүйектерімен ұқсастығы бір ортаққ гендік байланысқа негіделген [1, 203б. ] . С. С. Тур еңбектерінің нәтижесі пазырық мәденитін тасмалдаушылардың этникалық құрамы біртекті болмағандығын дәлелдейді
Зерттеу жұмысының максаты.
Ғылыми ізденісті зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты, ол Қазақ Алтайы өңіріндегі Сақ ескерткіштерінің орналасу ареалы, оолардың тарихи -мәдени тұрғыдан маңызды тарихи ақпараттар мен фактілер беретін арналары мен қатпары, аталған дәуір ескерткіштерінің ішкі және сыртқы құрылыстық ерекшелігі мен олардың Еуразиялық кеңістіктегі ландшафтпен өзара байланыстылық сипаты, Сақ заманымыздағы діни - идеалық және қоғамдық -саяси ұстанымдарынан туындаған «жерлеу ғұрпының» феномені және Қазақстан территориясын ежелгі заманда мекендегентайпалардың қазіргі түркі дүниесі, соның ішінде қазақ халқының арғы тегінің бастау мәні мен мағынасы болғандығын ғылыми тұрғыдан айқындау мәселесі болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Таулы Алтайдағы соның ішінде Қазақ Алтайындағы сақ қорғандарының зерттелуін анықтау. Ерте көшпелілер қоғамындағы әлеуметтік құрылыстарыныдағы жерлеу және рәсімдік құрылыстарда көрініс табуы зерттеп, зерделеу.
2. Қорғандардың құрылымдық ерекшеліктерін анықтау немесе сол арқылы ерте көшпелілердің жерлеу ғүрпы жөніндегі ой-түсінігімізді кеңіту және жүйелеу.
3. Сақ-скиф әлемі немесе көшпелілердің өздері туралы субьективті көзқарасын аңықтау, яғни олардың мифологияльщ және дүниетанымдық түсінігін этнографиялық материалдар мен зерттеулер бойынша жаңғырту.
Осы алдыма қойған мақсатқа пен міндетіме жету жолында жүмысымның негізгі дерегі болып табылатын Қазақ Алтайындағы Берел қорымы мен Таулы Алтай аймағында орналасақан пазырық қорғандар туралы материалдарды жан-жақты талдау, обьективті көзқараспен қарау міндеті тұр.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысымызда пазырықтықтардың жерлеу ғұрыпының ерекшеліктері жан-жанқты қаралған. Сонымен қоса, Таулы Алтайдағы сақ заманындағы халықтардың діни-танымдық көзқарастарын жерлеу ғұрыптық кешендері негізінде қайта жаңғыртуда. Тұңғыш рет ғылыми айналымға Берел қорымындағы қорғандардан алынған жерлеу ғұрпына байланысты бірегей материалдар енгізіліп отыр.
Зерттеу жұмысымыздың хронологиялық шегі. Белгіленген жоспарға байланысты б. з. д VII-IIIғғ. аралығын қамтиды.
Зерттеу жұмысымыздың деректік негізі; Дипломдық жұмысымыздың дерек көзі ретінде Таулы Алтай территориясында қазылған 200 аса қорғандардан алынған материалдар, сонымен қатар өзімнің үздіксіз Берел қорымында 1998-2013 жж. аралығында соңғы жылдар жұмыс істеу нәтижесінде алынған мәліметтер тартылды. Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институт архивінің №420; №176-178; №1953; №2075; №2185; №2198; №2285; №356; №498; және т. б. іс- құжаттар мен жылдық есеп мәліметтері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысымыздың теориялық және әдістемелі(методологиялық) негіздері Зерттеу жұмысымызды жазу барысында біз таза археологиялық әдістерді олдандық: картографиялық, корымдардың жоспарлануын зерттеу, салыстырмалы - типологиялық, семиотикалық әдістер.
Зерттеу жұмысымыздың практикалық маңызы . Методологиялық негізде бұл жұмысты мектеп, колледждарда Қазақстанның ежелгі дүние тарихынан қосымша әдебиет ретінде ұсынуға, ал жоғарғы оқу орындарында тарих мамандықтарына археология пәнінен өздік жұмысы ретінде саралауға бере отырып, олардың көне Қазақстан тарихы туралы білімдерін кеңейтуге пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысымыздың құрылымы; Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, тоғыз тарудан, қорытындыдан, пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
- АЛТАЙДАҒЫ САҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІАлтайдағы сақ ескерткіштерінің ашылуы мен зерттелуінің тарихы
Таулы Алтайдағы сақ қорғандарының ашылуып зерттеле басталғанына екі ғасырдан артық уақыт өтті. Осы уақыт аралығында VI-IІғғ. мыңнан аса қорған қазылып зерттелінген. Кең көлемдегі әрі алуан түрлі материалдардың жиналуы ерте көшпелілер қоғамының мәдени-хронологиялық, әлеуметтік-экономикалық, демографиалық аспектілері мен діни-әфсаналық түсініктерің жаңғыртуға мүмкіндік туғызды. Осы орайда айта кететін бір жәйт; зерттеушілерде аталмыш географиялық аймақтағы сақ мәдениетінің жекелеген мәселеріне байланысты түрлі зерттеу тәсілдері мен көзқарастар қалыптасқан. Қалыптасқан жағдайда таулы Алтайдағы көшпелілер мәдениетіне қатысты негізгі тұжырымдамаларға тоқталып өткен дұрыс. Кей ғалымдар өз еңбектерінде сақ мәдениетінің жекелген аспектілеріне тоқталып өткен. [2, 10 б; 3, 270 б; 4, 232 б., және т. б] . Бұл еңбектерде негізінен ескерткіштердің ашылу тарихы жайлы ақпарат берілген. 70-80жж. аралығында М. А. Деминнің бірнеше мақалаларымен артынша монаграфиялық еңбегінде қөне Алтай жәдігерлерін зерттелуіне баға берілген еді. Ғалым өз еңбегінде Алтайдың көне жәдігерлерін зерттелуінің үш кезенің ашып көрсетеді де, алғашқы уақытты Алтайдағы алғашқы археологиялық зерттеулердің басы (XVIII ғ. ) ; 2) XIX ғ. Басында археологиялық деректердің қорлануы; 3) Капитализм дәуіріндегі археология. [2, 15 б. ] . М. А. Демин әр дәуірге әділ бағасын беріп, Алтай археологиясына ат салысқан ҒА экспедицияларымен жергілікті өлкетанушылардың еңбектерінің маңыздылығын атап өткен. XIX ғ. Бастап мақсатталған іс шаралар қолға алына басталды, солардың ішінде шоқтығы биік алтайдың әр түрлі аудандарына экспедициялар ұйымдастырған болатын. Сол дәуірдің археологтары тек қана заттай материалдарды жинап қана қоймай, жиналған материалдарды белгілі бір дәрежеде қортындылауға тырысты. М. А. Деминнің ойынша «дворяндық және буржуазиялық ғылымның методологиялық жағынан жетелмеуі Алтайдағы тайпалардың дамуы турасында аяқталған толық тұжрымдама жасауына кедергі келтірді». Тағы бір айта кететін жайт кеңес археологиясы өзінің алғашқы жылдарында дәстүрлі археология шеңберінде дамыды. Бұған тек қана қазба жұмыстарының методикасы емес, сондай ақ археологиялық деректерді талдау барысында этнографиялық, фольклорды, антропологиялық, лингвистикалық дерек көздерін пайдалануы дәйек бола алады. Тап осы ғылыми әдіс көрнекті кеңес археологтары өздерінің зерттеулеріне негіз етіп алады. (С. В. Киселев, М. П. Грязнов, С. И Руденко)
Таулы Алтайың археологиялық зерттеулері туралы қысқа шолуды В. Д. Кубарев өз монографияларында келтіреді [3, 270б; 5, 282 б. ] . Ғалымның пікірінше С. И. Руденконың зерттеулерінен кейін Таулы Алтайдағы сақ уақытының ескреткіштері зерттелінбей, «өзіндік археологиялық ақппраттардың қорлану кезеңі» басталды. Алайда көптеген мәселелердің толық шешілмеуі 60-80 жылдары жаңа археологиялық экспедициялар ұйымдастыруды қажет еткендігін атап өтеді.
Таулы Алтайдағы сақ мәселесінің зерттелуімен етене араласқан Л. С. Марсадолов болды. Өзінің 1985жылғы диссертациясында “Хронология курганов Алтая (VIII-IV вв. до н. э. ) ” VIII- IV ғасырлар аралығындағы сақ есткерткіштерінің зерттелуінің үш кезенің атап көрсетеді:
1) есткерткіштердің ашылуы мен алғашқы қортындылар (XVIII-XX ғғ. ) ; 2) мәдени хронологиялық кезеңдерге бөлу мен олардың абсалюттік мерзімдері(20-50-жж. XX ғ. ) ;
3) жекелеген қорғандардың абсалюттік жасын анықтауда жаратылыстану ғылымдарының әдістерін қолдану [6, 16б. ] .
Ал өзінің 1996 жылғы монографиясында «История и итоги изучения археологических памятников VIII-IV вв. до н. э От истоков до начала 80-х гг. XX в. » автор Сақ ескерткіштерінің зерттелу тарихын кезеңдерге емес, периоттарға бөледі.
1) тонаушылар уақыты (б. з. д 1 мың. ж -ХХ ғ. басына дейін),
2) археология орыс жерлерінің жалпы жазыла бастауы (XVIII ғ. аяғымен -ХІХ ғ. бірінші жартысы. ),
3) ағартушылық кезенің археологиясы (XVIII аяғы мен ХІХ ғғ басы)
4) алғашқы ғылыми қортындылар (ХІХ ғ. екінші жартысы)
5) археология- Алтайдағы өлкетанудың бөлігі (ХІХғ 70ж - 1916 ж. дейін)
6) алғашқы маманданған археологтардың зерттеулері (1920 ж. орт. мен 1930 ж. орт. )
7) материализм позициясына көшу мен хронологиялық жүйелердің жасалуы (1930ж екінші жартысы мен 1950ж бірінші жартысы. )
8) есткерткіштерді мерзімдеуде жаратылыстану ғылымдарының әдістерін қолдану (1950 жж. )
9) материалдардың ары қарай қорлануы (1950-1980жж. )
10) есткерткіш мерзімдерін нақтылау (1970 ж. орт) . [7, 100б. ] .
Автор әр бір периодқа баға бере отырып, ХХ ғ 80ж жасалып шыққан Таулы Алтайдағы ерте көшпелілердің мәдени даму концепцисы турасындағы еңбектерге де, тарихнамалық талдау жасайды.
Л. С. Марсадоловтың жасаған преиодизациясының критерияларында, біраз жаңылыстар бар, автор онысын өзі де сезінгендей, 8, 9, 10 периодтарды 7 периодтың бөлімі етіп кіргізуді ұсынады.
Алтайдағы сақ есткерткіштерін зерттеуге өзіндік үлес қосқандар санатына Ю. Ф. Кирюшинмен А. А. Тишкинді атауға болады. Өздерінің монографияларында өздері бөлген 3 кезеңге сипаттамам беріп қана қоймай, 30-80 жж. Әр-түрлі ғалымдар жасаған тарихи-мәдени тұжырымдамаларға анализ жасады. М. П. Грязнов пен В. А. Могильниковтың көне Алтай мұраларын зерттеудегі еңбектерің бағалай келе, ол ғалымдардың мәдени-хронологиялық тұрғысынан жасаған еңбектерін жоққа шығарады [4, 26 б. ] .
Қос автор өздерінің басқа еңбектерінде б. з. д ІХ - ІІ ғғ. аралығын қамтитын сақ уақытысының зерттелуінің 3 кезеңін көрсетеді.
1) Революцияға дейінгі (XVII - ХХ ғғ басы)
2) Кеңестік кезең (ХХғ. 20-80жж. )
3) Қазіргі кезең (80ж орт. бүгінгі күнге дейін) [4, 26-27 б. ] .
Аталмыш әр кезең нақты тарихи құбылыстарға тұнып тұр. Ғалымдар сақ археологиясының терминология мен приодизация мәселесіне қайта қарастырады. Қос автордың пікірлерінше сақ археологиясын зерттеуде, қоныстардың материалдарын көптеп тартуды жөн көреді.
Тарау бойынша оймызды қортындылай келе, Таулы Алтайдағы сақ мәдениетін зерттеуде біраз ғалымдар көп тер төккендігін атап өтунге болады. Кей ғалымдар (Л. С. Марсадолов, А. А. Тишкин) тарихи концепцияларға тарихнамалық талдау жасап, сақ археологиясының алдың қарай зерттелуіне жаңа тың серпіліс берді.
1. 2. «Тоң басқан» обалардың зерттелуі: тарихи және мәдени аспектілері
Еуразия құрлығында өмір сүрген сақ (скиф) тайпалары археологиялық деректер бойынша б. з. б. VІІІ- І ғ. ғ. Оңтүстік Сібір, Орта Азия, Батыс Түркістаннан бастап Балхаш, Алтай, Памирге дейінгі жерлерді мекендеді. Орта Азия, Сібірден бастап Қара теңіз жағалауына дейін өмір сүрген сақ тайпаларының тарихы бүгінгі күні өз деңгейінде зерттелген жоқ. Алайда, Ресей ғалымдарының жүргізген археологиялық жұмыстары сақ мәдениетінің б. з. б. VІІІ- І ғ. ғ. өте жоғары болғанын дүние жүзіне дәлелдеді.
Соған сол мәдениеттердің бір бөлігі ретінде Пазырық мәдениетінің обаларын жатқызамыз. Пазырық мәдениеті Таулы Алтайдың барлық дерлік жеріне тараған екен. Ал Шығыс Қазақстанда ерекшеленген Берел қорымы.
Пазырық мәдениетіне жататын ескерткіштердің саны көп болғанымен (бізге мәлімі зерттелген нысандар саны 120-дан астам), олардың арасында тоң қабаты бар қорғандар 6% ғана.
Сонымен, шамамен 140 жыл бойы зерттеліп келе жатқан Алтай аумағындағы тоң басқан қорғандарды зерттеу барысында жоғарғы өнер санатына жататын ескерткіштерден табылған археологиялық артефактарға талдау жасай отырып, ежелгі көшпелілердің мәдениетінде, салт-санасында, өнерінде қайталанбас орны бар құндылықтарға көз жеткізуге мүмкіндік туып отыр.
Осы күнге шейін Таулы Алтайдағы сақ есткерткіштерінің хронологиясымен периодизациясы басқа сақ заманының ескерткіштеріне қарағанда анағұрлым, жақсы зерттелініп, жасақталған болып саналып келді. Бұндай қортынды жасауға барлық негіз бар еді. 1) Сақ заманының қорғандарының аса көп мөлшерде зерттелінуі. (650 аса қорған) ; 2) алынған материалдардың тез арада ғылыми айналымға енуі мен 100 аса ғылыми мақалалар және 20 аса монографиялар, 3) тоң басқан обалардағы органика мен ағаштың өте жақсы сапада сақталуы, дендрохронологиялық және радиокөміртектік анализ жасалып, нақты хронологиялық мағлұмат алынды; 4) Еуразия кеңістігінде сақталуы жағынан бірегей, жылқының ат-әбзелдерімен, ер-тоқымның көптеп табылуы; 5) Алдыңғы Азия мен Қытайдан әкелінген импорттық заттардың табылуы, аталмыш өркениеттердің әрі көршілес мәдениеттердің ықпалымен жасалынған өнер туындылырының көптеп табылуы; 6) Салыстырмалы түрде қару-жарақ түрлеінің мол кездесуі. [5, 23б. ] Осындай нақты хронология беретін материалдардың көптігі негізінде М. П. Грязнов өзіндік Таулы Алтайдағы сақ заманының перидизациясын жасаған болатын. Көптеген уақыт бойына кеңестік археолог ғалымдар Таулы Алтайдағы ерте темір дәүірін М. П. Грязновтың жасаған периодизациясын пайдаланып келді. Ғалым дәуірді 3 кезеңге бөлді:
1) Майемер б. з. д VIII- V ғғ.
2) Пазырық б. з. д V-ІІІ ғғ.
3) Шибе б. з. д ІІ-І ғғ [4, 35б. ] .
Алайда ХХғ 60-80 жж археологиялық материалдардың жиналауына байланысты, аталмыш хронологиялық құрылым, нақты аймақтағы тарихи үдіріске сай келмейтіндігі анықтала бастады. М. П. Грязнов өзінің тұжырымдамасының олқылықтарын түсініп, Ерте темір дәүіріннің кезеңделуіне күрті кезеңін ( б. з. д VIIІ- VII ғғ ) қосып, Майемер кезеңінің мерзімін б. з. д VII- VI ғғ жасарту арқылы, өз тұжырымдамасын жаңартқысы келді. Алайда, аталмыш ой, және кей ғалымдардың күрті мен майемер кезеңдерін біріктіру ойлары, кей ғылымдардың наразылығын тудырды. М. П. Грязновтың тұжырымдамаларын қайта қарап, өзгертуі, Еуразия кеңістігінде сақ заманының ассосацияланатын «Ерте көшпелілер» ұғымының дұрыс еместігін бірқатар ғалымдар айта бастады. Д. Г Савинов осы жағдайда М. П. Грязновтың ұсынған терминің этнография мәліметтерін пайдалана отырып нақтылауға талпыныс жасайды. Д. Г. Савинов «көшпелілер» терминің өзара тығыз байланысты шаруашылық және әлеуметтік аспектіде қарастыруға болатының атап көрсетеді де, М. П. Грязновтың қателігі «ерте көшпелілерге» көшпелі өмір салтын ұстанбаған мәдениеттерді (Тагар) жатқызуында екендігін меңзеп, «ерте көшпелілер» дәүіріне соңғы қоладан бастап, алғашқы мемлекеттердің қалыптасуы (Ғұн-Сармат кезеңі) уақыты аралаығындағы нақты тарихи кезең ретінде қарастыруды ұсынады. [8, 49-52. ]
Таулы Алтайдағы б. з. д. VI-ІІ ғғ уақытымыен мерзімделетін жүздеген қорғандардың қазылуы, ғылыми айналымға жаңа, тың материалдардың енгізілуі зерттеушілерге дәүірдің тарихи-мәдени жағдайын қайта қарастыруға, приодизациялауға жаңа мүмкіншілік туады. А. С. Суразаков пазырық мәденитімен параллель өмір сүрген Қара қоба (б. з. д. VI-ІІ ғғ ) мәдениетін пазырық мәдениетінен бөліп шығады. Қара қоба мәденитінің Пазырық мәдениетінен ерекшелігі мәйітті тас жәшікке, жылықысыз, әрі балбалдар мен тас қалаулардың болмауында.
Қара қоба мен Пазырық мәдениетерінің төңірегінде А. С. Суразаков барлық белгілі есткерткіштерді 3 хронологиялық топқа бөледі:
1) Б. з. д VІ ғ. аяғы мен - V ғ.
2) Б. з. д V- IV ғғ.
3) Б. з. д ІІІ-ІІ ғғ. [9, 42-52]
Сонымен қоса, аталмыш кезеңдегі Солтүстік-Батыс Монғолияның, Туваның, Шығыс Қазақстан мен Таулы Алтайдың есткерткіштерін Саян-Таулы Алтай мәдени тарихи қауымға біріктіреді. В. А. Могильников аталмыш мәселеге өзіндік қырмен жақындап, ерекше Пазырық мәдениетінің шеңберінде ерте сақ уақытын екіге бөлуді ұсынады.
1) Күрті б. з. д VIІІ- VIІ ғғ
2) Майемер б. з. д VIІ- VI ғғ [10, 35-67]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz