ENRC компаниясы үшін РРЖ негізінде резервтік арна құру


Мазмұны
Кіріспе
Андатпа
1. Мәселелерді аналитикалық зерттеу және оларды шешу 5
1. 1 Пән аймағын сараптамалау 5
1. 2 Ақпаратты жіберу желілерін ұйымдастыру 5
1. 3 Сымды және сымсыз қолжетімділік технологияларының салыстырмалы сараптамасы 7
1. 4 Телекоммуникациялық жүйелерде байланыс арналарының модельдерін зерттеу 9
1. 5 Желілерді құруға арналған белсенді құрылғылардың сараптамасы 11
1. 6 Антенналар 16
1. 7 РРЖ құрылғылары 18
1. 8 Тапсырманы орнату 20
2. РРЖ құрылғысын таңдау 21
2. 1 ЦРРЖ құрастырудың жалпы принциптері мен заманауи аппаратураның ерекшеліктері 21
2. 2 Winlink 1000 РРЖ жүйесі 24
2. 3 Winlink 1000 және Radwin 2000 үшін ішкі блоктар 26
2. 4 PPC Ceragon FibeAir IP-10 29
2. 5 RADWIN 2000 30
2. 6 E- дипазонындағы гигабиттік PPC Siklu EtherHaul EH2000/EH1200 30
2. 7 Bridgewave FlexPort сериясы үшін сымсыз көпір 31
3 Есептеу бөлімі
3. 1 ENRC компаниясының Астана қаласындағы кеңселер мен Астана қаласының шеткі бөліктеріндегі қоймаларға дейінгі ұшып өтуді есептеу. 34
3. 2 Радиоарнаның әрекет ету қашықтығын есептеу 40
3. 3 Желінің энергетикалық параметрлерін есептеу 43
3. 4 Френель зонасын есептеу 44
3. 5 Еркін кеңістіктегі сигнал шығындарының сараптамасы 45
3. 6 Шуылды есептеу 48
3. 7 Бағдарламалық есептеу 49
4. Бизнес-жоспар
4. 1 Жоба мақсаты 53
4. 2 Маркетингтік жоспар 53
4. 3 Сымсыз байланыс желісінің қаржылық жоспары 54
4. 4 Экономикалық тиімділік көрсеткіштерін анықтау 56
Қорытынды 57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 58
Аңдатпа
Бұл жоба ENRC корпорациясы үшін РРЖ негізінде резервті радиоканалды құру мәселелерін қарастырады.
Жобада резервті каналды құру және осы аймақта қондырылатын жабдықтардың таңдау дұрыстығы негізделген.
Негізгі бөлімде деректерді тасымалдау көп каналды жүйелердің құрылу қағидалары қарастырылған. Байланыстың радиорелелік линиясының есептері ұсынылған.
Деректерді тасымалдау каналдары, сымды желілердің негізгі құраушылары және маршруттау хаттамаларының талдауы қарастырылған. Сымды және сымсыз жіберу технологиялардың салыстырмалы талдауы өткізілді. Сонымен қатар өмір тіршілік қауіпсіздігі туралы сұрақтар қарастырылды және бизнес-жоспар ұсынылды.
Аннотация
Настоящий проект рассматривает вопросы построение резервного радиоканала на основе РРЛ для корпорации ENRC.
В проекте произведено обоснование целесообразности построения резервного канала и выбора оборудования, устанавливаемого на данном участке.
В основной части рассмотрены принципы построения многоканальных систем передачи данных. Представлены расчеты радиорелейные линии связи.
Рассмотрены каналы передачи данных, основные компоненты проводных сетей и анализ протоколов маршрутизации. Проведен сравнительный анализ технологий проводного доступа и беспроводного. Также рассмотрены вопросы безопасности жизнедеятельности и представлен бизнес-план.
Кіріспе
Қазіргі кезде локальды есептеуіш желілер (ЛЕЖ) кез-келген кеңседе, сонымен қатар кез-келген кәсіпорында бар. ЛЕЖ электр өткізгіші секілді қолданылатын нәрсе. Компьютерлердің ЛЕЖ-не бірігуі күнделікті жұмыстағы қажеттілік.
Локальды есептеуіш желі- бұл компьютерлік желі, әдетте, шағын аймақты немесе ғимараттардың шағын тобын қамтиды. Оған қоса, түйіндері географиялық түрде 12500 км-ден аса қашықтыққа созылған локальды желілер де кездеседі. Осы қашықтыққа қарамастан, бұл желілерді де локальды желілер қатарына қосады.
Осы желілердің бір түрі радиорелейлік байланыс болып табылады.
Өзінің ұзақ уақыт бойы даму тарихы кезінде, яғни алпыс жылдан астам уақытта, ТОБЖ кең түрде таралуына қарамастан, радиорейлейлік байланыс әлі де әр түрлі деңгейдегі транспорттық жүйелердің, яғни мекемеліктен халықаралыққа дейін, маңызды құраушы бөлік болып қала береді.
Радиорелейлік байланыс желілік деңгейде бастапқы күйін жоғалтқанын атап айтқанымыз жөн, оны талшықты-оптикалық байланыс ығыстыруда. Алайда барлық жерде және әрқашан емес. Шөлдік немесе игерілмеген, сонымен қатар күрделі-рельефті аймақтарда, оптиканың бөлек салаларын қосарлаудағы кейбір жағдайлар кезінде, ТОБЖ есептеулеріндегі (қажет кезде оптикалық желі құрастырылуының аяқталмауын күтпей-ақ, байланыс орнату) және т. б. радиорелейлік байланыс магистральдік деңгейде қазірге кезеңнің өзінде айтарлықтай сұранысқа ие болып отыр.
Соңғы кездері радиорелейлік байланыс, мекемелік және бірлестік желілерді құру үшін кеңінен қолданылады, бұл бір-бірінен қашықта орналасқан кеңселер арасында байланысты тиімді және шапшаң қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Радиорелейлік байланыс арқылы абоненттерге дыбыстық телефон байланысы, хабарламаларды жіберу (интернет), кабельдік телекөрсетілім қызметтері ұсынылады.
Осы дипломдық жұмыста ENRC корпорациясы үшін РРЖ негізінде резервтік радиоарна құруды қарастырамыз.
1. Аналитикалық зерттеу және мәселені шешу жолдары
1. 1 Пән аймағын сараптамалау
Деректердi жiберудiң сымсыз желiлерiнің ерекшелiгі радио желіден тұратындығында . Радио желі - сымды желi болмайтын объект және сымсыз желiлерде ақпаратты тарату сапасының көрсеткiшін анықтайды.
Өзінің артықшылығының арқасында радиорелейлі байланыс глобальді, зонаішілік және жергілікті желілерде ақпаратты жіберу үшін жиі қолдануда. Оның қолдануы келесі қасиеттерімен түсіндіріледі:
1) радиорелейлі жүйелер өзінің артықшылығының арқасында сымды желіден ыңғайлылығымен, арзандылығымен алға шығуда;
2) радиорелейлі жүйелерді (РРЖ) қолдану - экономикалық мәселенің ең оңтайлы шешімі, сол себепті де кабельді салу мүмкiн емес жерлерде көпарналы байланысты құруға арналған жалғыз нұсқа болып тұр;
3) РРЖ магистральда апат болған жағдайда қайта қалпына келтіру үшін қолдануға болады;
4) Үлкен қалаларда, индустриалды зоналарда цифрлы көптармақты желілерді құру үшін жаңа кабельге үлкен қаражат кетеді, сондықтан бұл кезде РРЖ қолдану ыңғайлы;
1. 2 Ақпаратты жіберу желілерін ұйымдастыру
Ақпаратты жіберудің біріншілік желісі, техникалық құралдар мен таралу ортасынан құрылып, екі станция арасын немесе желілік станция мен желілік түйін арасында арнайы жиілік жолағымен, арнайы жылдамдықпен сигналды тасымалдауды қамтамасыз етеді. Жіберу желісінің құрамына кіретін барлық техникалық құралдар жіберу жүйесінің құрамына жатады.
1. 2. 1 Жіберу желілері, олардың классификациясы мен негізгі сипаттамалары
Жіберу желілері деп- телекоммуникация желілерінің соңғы және аралық тармақтар арасында арнайы жиілік жолағы мен арнайы жылдамдықпен сигналды тасымалдауды қамтамасыз ететін құралдар жиынын айтады.
Ақпаратты электрлік сигнал түрінде жіберудің екі әдісі бар: аналогты және цифрлы желілер арқылы.
Ақпаратты жіберу (АЖ) алғашқы желісі аналогты болған, себебі, көбіне телефонды құрылғылдарды пайдаланған. Бірақ кейіннен цифрлы коммуникация көбейді (Е1/Т1, ISDN типті желілер, Frame Relay желісі және т. б) . k
Ақпаратты жіберу бағыты бойынша желілер симплексті (біржақты жіберу), дуплексті (екі жақка да бір уақытта жіберуге болды), жартылайдуплексті (екі жакқа да ақпаратты кезек-кезекпен жіберуге болады) .
АЖ құралдарындағы желі саны бойынша бір және көпжелілі АЖ құралдары болып бөлінеді. Локальді желілерде, АЖ цифрлы желілерінде уақыттық мультиплекстеу қолданады, ал аналогты желілерде жиілік бойынша бөлу әдісі қолданады.
Егер АЖ желісі тек бір ғана мекемемен тұтынатын болса, ол ерекшеленген желі деп аталады, әйтпесе желі бөлінетін не виртуалды (көпшілік тұтынатын) деп аталады.
1. 2. 2 Үлгілік жіберу желілері
Келісілген көрсеткіштерге сай келетін жіберу желілері үлгілік деп аталады.
Үлгілік жіберу желілерінің түрлері:
- Тональді жиілікті желісі;
- Дыбысты жіберу желісі;
- Суретті жіберу желісі;
- Цифрлы және кеңжолақты желілер.
1. 3 Сымды және сымсыз байланыс құралдарының салыстырмалы сараптамасы.
1. 3. 1 Сымсыз желінің негізгі бөлігі мен оған қойылатын талаптары
Сымсыз байланыс желісін модельдеу (құру) үшін бастапқы ақпараттар қажет.
1) Алынған жерде сигналдардың таралу шартын суреттеу үшін айналаның картасы қажет;
2) Алынған жердегі абоненттерді (трафик) бөлу заңнамасы, сипаттама, картографиялық ақпарат немесе сараптамалық ақпарат қажет;
3) Жобаланатын желінің стандарттарында көрсетілген техникалық сипаттамасы(ақпаратты жіберу мен өңдеу әдісі, жиілік диапазоны, сигнал/ шу сараптамасы ) ;
4) Қолданатын құрылғының сипаттамасы;
5) Сол жерлерде жұмыс істейтін құралдардың немесе радиоқұрылғының техникалық сипаттамсы.
Сымды(сымсыз) желілердің құрылуының түрі мен күрделілігіне қарай бір әмбебап үлгінің құрамында барлық функцияның болуы қиын. Сондықтан осы күні бірнеше арнайы компьютерлік автоматтандырылған сараптама жүйесі мен сымсыз байланыстың сипаттамасын ыңғайландыру жүйесі құрылған, бұның әрқайсысы қолдану аясына байланысты ерекшеленген түрге ие. Ішінен негізгі 4 типін қарастыруға болады.
1) Сымсыз (сымды) желінің жиілікті-территориялды жоспарлануы. Жаңа желіні күшейту немесе қолданыстағы сымсыз желіні жаңарту кезеңінде қабылдап-жіберу станцияларының құрамы мен ыңғайлы орын таңдау үшін қолданады; Олардың ерекшелігі:
-Желі үлгісінің дәл бір аймаққа түсуі үшін электронды географиялық картаның пайдалануы;
-байланыс желісінде электромагнитті толқынның таралуының күрделі моделін қолдануы;
-жобаланған сипаттамалардың спектр кеңдігі.
2) Сымды(сымсыз) желілердің электромагнитті үйлесімділігін қамтамасыз ететін жүйелер- бірінші сияқты, әртүрлі мақсатқа арналған, жаңа желіні күшейту немесе қолданыстағы сымсыз желіні жаңарту кезеңінде, өзара кедергілерді азайту мақсатында олардың параметрлерін басқа желінің параметрлерімен келістіру
3) Қолданыстағы желі жұмысының сапасын тексеру жүйесі: желінің реалды жағдайдағы функциясының сипаттамасын сараптамалап, одан ары өлшеу үшін қолданады
4) Жасалынып жатқан желілер құрылғысының параметрлері мен ақпаратты жіберу желісінің принципін ыңғайластыруға арналған жүйелер; Мұндай жүйелерде:
- Сымсыз қолжетімділік технологиясы
Сымсыз технологиялар 3G, WiMAX пен Wi-Fi өндірістің барлық саласында кең қолдануда. 3G ұялы байланыс жүйесінде жұмыс істеп ақпарат пен дауыстың жеткізілуін қамтамасыз етеді, бірақ ақпаратты жіберу жылдамдығы өте аз. WiMAX технологиясы 3G-ге қарағанда IP-ге бағынышты, сондықтан қарпайым әрі ыңғайлы болып келеді. Бұның негізінде желіні тез құрастыруға болады, ал WiMAX-тың өткізу қабілеті, сонымен қоса дауысты жіберу мүмкіндігі жоғары, сондықтан алда кең өрісті болжайды. Дегенмен 3G бұрыннан келе жатқан, жұмыс істеп тұрған технология, ал WiMAX-тың болашағы зор болғанымен де әлі дұрыс қарастырылмаған. Wi-Fi технологиясы шектелген аймақта жұмыс істейді, егер территориалды болса, онда 200-300м ара-қашықтықты алуға болады, бірақ қаладағы кедергілерді ескерсек 30м-мен шектеліп қалады, сондықтан көбіне ғимарат ішінде қолданады. Сонда Wi-Fi бойынша байланыс кеңсе мен үй үшін ыңғайлы. Wi-Fi-дың үлкен көлемді желілері де бар, бірақ олар бөлмелермен шектелген, үлкен болса да, аз адамдары бар бөлмелер. Мысалы: әуежайларда, ірі қоймаларда, қонақ үйлерде, көрме орталықтарында.
WiMAX зияткерлік технология, бірақ оған үлкен жиілікті спектр қажет. Бұл сұрақ шешілмегенше WiMAX дамуы сұрақ астында қалуда.
Бұл үш технология бәсекелес емес және оператор үшін олар бір-бірін толықтыруда, себебі, олардың базалық қондырғыларының қамту аймағы әртүрлі. Wi-Fi-дың аз қашықтықта жұмыс істейтіні белгілі, сондықтан аз қамту аумағы бар территорияда қолданған жөн. WiMAX технологиясы ыңғайлы, егер интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік қажет болса. Оператор үшін ең ыңғайлы жол, аймақ пен жұмыс шартына қарай, осы үш технологияны 3G, WiMAX пен Wi-Fi-ды аралас ұстау, нәтижесінде қамту аймағы жақсарады және шығын аз болады.
Бір ескеретін жайт, үш технологияның даму уақыты әртүрлі. 3G технологиясы мен оны іске асырушы UMTS ең ересек, бұның дайын өндіріс қондырғылары, абонентті терминалдары бар, бастысы осы технология негізінде тармақталатын, ақырғы пунктегі абонентке ақпаратты жеткізу мүмкіндігін беретін әдістердің болуы. Wi-Fi технологиясы да бұрыннан келе жатыр, бірақ WiMAX жайлы олай айта алмаймыз. Сонда да WiMAX-ты дамытқан тиімдірек, себебі ол жиілік спектрін өте эффективті пайдаланады.
Бұл жердегі басты мәселе жоғарыда айтылғаннан бөлегі- абоненттердің кеңжолақты технология қызметіне дайын еместігі, терминалдардың қымбаттылығы. Осы себептен де үлкен нарықта даму қатты тежелуде.
Сонымен егер сымсыз технология жайлы глобальді, әлемдік масштабта үш тежеуші факторды айтсақ болады: терминалдар аздығы, қызмет шектеулілігі және баға қымбаттылығы.
- Сымды қолжетімділік технологиясы
Абоненттік қолжетімділіктің сымды технологиясын жіберу ортасына және қолданушылар санаттарына қарай негізгі бес топқа жіктесек болады.
LAN (Local Area Network) -технологиялар тобы, мекемелерде локальді желіге қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған, жіберу ортасы ретінде 3, 4, 5 санатты құрамаланған кабельді жүйелер мен коаксиалды және оптоталшықты кабельдерді қолданады.
DSL (Digital Subscriber Line) - технологиялар тобы, ЖҚТф қолданушыларға мультимедия қызметін ұсынады, жіберу ортасы ретінде ЖҚТф-тің құрылған инфрожүйесін пайдаланады.
КТД (кабельді теледидар) - технологиялар тобы, КТД жүйесіндегі қолданушыларға мультимедиалық қызмет көрсетеді, жіберу ортасы ретінде оптоталшықты және коаксиалды кабельдерді пайдаланады.
OAN (Optical Access Networks) - технологиялар тобы, кеңжолақты қызметті қолданушыларға қолжетімді желі арқылы мультимедиалық қызмет пен пайдалануға мүмкіндік береді, жіберу ортасы ретінде оптоталшықты кабельді қолданады.
ҚҰЖ(қолжетімді ұжымдық жүйе) - гибридті технологиялар тобы, көппәтерлі үйлерді желімен қамтамасыз етеді. Жіберу ортасы ретінде радиотрансляциялық желілер мен электрэнергия көзі желілері қолданылады.
1. 4 Телекоммуникациялық жүйелердегі байланыс каналының моделін зерттеу
Байланыс каналы бұл- бір пунктен екінші пунктке сигналды тасымалдауға көмектесетін құрылғылар жиыны. Байланыс желілерін тұрғызу кезінде әдетте келісілген түйін болады, сол арқылы ақпарат жіберуші және қабылдаушы жіберу - қабылдау құрылғысымен келісіп ақпаратты тасымалдайды.
Физикалық тұрғыдан байланыс каналы төмендегідей болып бөлінеді:
1 Механикалық - ақпаратты, материалды тасушыларға беру үшін қолданады;
2 Акустикалық- дыбыстық сигналды жібереді;
3 Оптикалық- жарықтық сигналды жібереді;
4 Электрлік- электрлік сигналды жібереді.
Электрлік және оптикалық байланыс каналдары:
- сымды сигналды өткізу үшін сымды байланыс желілерін қолданады (электрлік сымдар, кабельдер, жарықдиодын және т. б) ;
- сымсыз( радиоканалдар, инфрақызыл каналдар және т. б) сигналды өткізу үшін эфир бойынша таралатын электромагнитті толқындарды пайдаланады.
Байланыс каналынан берілетін ақпарат түрі:
-аналогты ақпарат аналогты канал бойынша беріледі, үздіксіз түрде, яғни қандай да бір физикалық өлшемнің үздіксіз қатары ретінде;
- сандық ақпарат цифрлы канал бойынша беріледі, ақпарат цифрлы сиганл(дискретті, импульсті) түрде қандай да бір физикалық өлшем сияқты тасымалданады.
Өткізу қасиетіне қарай :
- төменжылдамдықты БК, ақпаратты жіберу жылдамдығы 50 ден 200 бит/с ; олар ТЖ телеграфты, коммутацияланған (абонентті телеграф) және коммутацияланбаған;
- орташажылдамдықты БК, мысалға аналогта(телефонды) БК; ақпаратты жіберу жылдамдығы 300 ден 9600бит/с, ал жаңа V90-V92 стандарттарда 56000 бит/с.
- жоғарыжылдамдықты (кеңжолақты) БК, 56000 бит/с- тан жоғары жылдамдықпен қамтамасыздандырады.
Төменжылдамдықты және орташажылдамдықты БК физикалық ортасы әдетте сымды байланыс желілері болады: топтар параллельді немесе өрілген жұптар .
Кеңжолақты БК ұйымдастыру үшін әдетте әртүрлі кабельдер қолданады, көбіне:
- экрандалмаған мысты өрмелі жұп(UTP) ;
- экрандалған мысты өрмелі жұп (STP) ;
- оптоталшықты;
- коаксиалды;
- сымсыз радиоканалдар.
Өрмелі жұп- изоляцияланған жартылайөткізгіштер, сымдар арасындағы кедергілерді азайту үшін жұп-жұппен өзара өрілген.
UTP кабельдері ақпаратты жіберу желілерінде, көбіне олар есептегіш желілерде қолданады. UTP өрмелі жұбының 5 категориясын бөліп көрсетеді: бірінші және екінші категория төменжылдамдықта қолданады; үшінші, төртінші және бесінші жұптар- 16, 25 және 155 мбит/с жылдамдықта қолданады.
STP- кабельдері жақсы техникалық сипаттамаларға ие, бірақ бағасы қымбат, қатты және жұмыста қолдану ыңғайсыз, экранды жерлендіруді қажет етеді. Олар мынандай типтерге бөлінеді : Type 1, Type 2 Type 3 Type 5 Type 9. Ішінен Type 3 экрандалмаған телефонды кабель сипаттамасын анықтайды, ал Type 5 оптоталшықты кабельді көрсетеді. Ең кең тараған кабель типі Type 1 IBM стандартты, құрамында өрілген қос жұпты сым, жерлеуге тиісті өткізгіш экрандалып қапталған қабаты бар.
Коаксиалды кабель - диэлектрикпен жалатылған, жұқа өрілген, сымды экрандалған, қорғаныш қабаты бар сымды өткізгіш түрінде болады.
Оптоталшықты кабель негізі «ішкі кабельдер»- шыны немесе пламтикті талшықтар, диаметрі 5(бірмодалы) -тен 100(көпмодалы) микронға дейін, іші толтырылған және 125-250 мкм қалыңдықтағы қорғаныш қабығы бар. Бір кабельдің ішінде бір немесе бірнеше осындай «ішкі кабельдер» болуы мүмкін. Өз кезегінде кабель толтыратын материалмен қоршалып, одан да қалың қорғаныш қабығымен қапталған, оның ішінде бір немесе бірнеше күшті кабельдер бар.
Радиоканал- эфир арқылы құралатын сымсыз байланыс каналы. (АЖЖ) Ақпаратты жіберу жүйесі радиожелі бойынша өзінің құрамында радиожіберуші және радиоқабылдаушы құрылғылары бар, олар ақпаратты қабылдау үшін электромагнитті спектрдің жиілік диапазонымен анықталатын бір радиотолқынды диапазонға орнатылған. Жоғарыжылдамдықты қолжетімділік тұтынушыларға 2 Мбит/с және одан да жоғары жылдамдықпен қамтамасыз етеді.
1. 5 Желіні құрастыру үшін құрылғының активті сараптамасы
Локальді желі қолданатын топологиясына, желілік стандартқа және қолданатын түрлі құрылғыларға қарамай, қабылданған стандарттарға, ережелерге сай ақпаратты қабылдап және жібере алады.
Сигналды аппаратты қорытуға қатысатын құралды - активті деп атайды. Оған желілік адаптер, концентратор, коммутатор және т. б жатады.
- Желілік «өткізгішті» адаптер
Желілік адаптер немесе желілік карта негізгі құрылғының біреуі, ол жіберу ортасы мен компьютер арасын байланыстырушы болып табылады. Желілік адаптерсіз ақпарат ауысу мүлдем мүмкін емес. Оның қызметі iso моделі физикалық деңгей бойынша қабылданған мағлұматты қорыту.
Қандай типті ақпаратты өрнектеуіне қарамастан желілік адаптер компьютерден немесе ақпаратты жіберу каналынан қабылданған мағлұматты қорытуы керек. Жіберу режимінде ол компьютерден қабылданған ақпаратты электр сигналына түрлендіріп ақпаратты тасымалдау каналы бойынша жібереді. Ал мағлұматты қабылдау режимінде ол кері процессті орындайды: электрлік сигналды ақпаратқа түрлендіріп жоғары деңгейлі хаттамаға жібереді.
- Сымсыз желілік адаптер
Сымсыз желі ақпаратты өткізуші ретінде радиотолқындарды пайдаланғаныменен де оның жұмыс принципі сымды аналогты желі принципіне ұқсас. Жалғыз айырмашылықтары - антенна ғана.
Сымсыз құрылғының және желілік адаптердің антенна саны оның желілік стандартына байланысты. Сонда желілік адаптер стандарты үшін ieee 802. 11a, ieee 802. 11b мен ieee 802. 11g бір антенна сай деп танылады.
1. 5. 3 Концентратор
Концентратор (хаб, репитер, қайталағыш) - активті орта басқарушы түйіннің бір түрі, желі «жұлдызша» топологиясын пайдалану кезінде компьютер мен желіні байланыстыру үшін қажет. Оны тағы сигналды күшейту құрылғысы ретінде де пайдаланады.
Концентратор ашық жүйедегі физикалық деңгей хаттамаларын пайдаланып, оны локальді желілерде немесе кез-келген технология бойынша құралған желіде қолдана береді. Ол ең қарапайым құрылғы болып саналады. Негізгі қызметі бір порттан түскен ақпаратты басқа порттарға тарату болып табылады. Сонымен қоса оған қандай типті ақпарат келгені және кімге жіберілгені маңызды емес: қандай жағдайда да ақпарат бірден барлық порттарға беріледі, нәтижесінде желі трафигі жоғарылап, пайдалы жылдамдық азая түседі. Осы себептен концентратордың орталық құрылғы ретінде тек кішігірім желілерде белгіленген. 12-14 қосылымы бар желілерде көбіне коммутаторды пайдаланған жөн.
Концентратор өзімен құрамында 24 жұптық порттары бар құрылғыны құрайды.
Ал коммутатордың алдыңғы бетінде порттар активтілігін көрсететін жарықдиодтары бар.
- Көпір
Желілік көпір бұл- активті құрылғы, желінің әртүрлі сегменттерін біріктіру кезінде өте жиі қолданады, олар әртүрлі топологиялы болып келеді. Оны тағы локальді желіде қосылыстарды көбейту үшін және сегмент ұзындығын ұзарту үшін қайталағыш ретінде қолданады.
Көпір коммутаторға қарағанда интеллектуалды құрылғы болып табылады. Әртүрлі алгоритмді аппаратуралық орындауды қолданып, көпір трафикті фильтрлеп және бөліп отырады. Бұл желідегі трафикті үнемдеуге мүмкіндік береді, керекті сегментте компьютерге ақпаратты жылдам жеткізуге мүмкіндік береді.
Көпірдің өлшемі кішкентай және rj-45 порттар саны аз 2-3 ғана. Соңғы кездері көпір бөлек құрылғы ретінде аз қолданылады, себебі тура сол жұмысты кез-келген коммутатор атқара алады.
1. 5. 5 Коммутатор
Коммутатор (свитч) - активті типтегі негізгі құрылғы, «жұлдызша» топологиясында, компьютерлік желілерде орталық байланыстырушы түйін ретінде қолданады. Оның функциясы бойынша (интеллектуалдылығы бойынша емес) ұқсас құрылғы концентратор болып табылады.
Коммутатор хаттамаларға концентратордан көбірек қуаттылығының арқасында ие болып тұр, хаттамалар каналдық деңгейде жұмыс істейді. Бұл ақпаратты тек бір компьютерге беру кезінде басқа компьютерлерге жібермей, артық трафиктің кетпеуіне әкеледі. Осының нәтижесінде ақпаратты жіберу жылдамдығы артады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz