Кәсіпорынның айналым капиталы туралы
Кіріспе
I бөлім. Айналым капиталының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері
1.1 Кәсіпорынның айналым активтерінің мәні мен жіктелуі
1.2 Айналым активтерінің қалыптасу көздері
II бөлім. Кәсіпорынның таза айналым капиталын басқару саясатын бағалау және талдау
2.1 Кәсіпорын айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің құрамы мен құрылымын талдау
2.2 Кәсіпорынның ағымдағы активтері мен пассивтерін басқару саясатының негізгі типтерінің сипаттамасы
2.3 Кәсіпорынның ақшалай активтерін басқару
2.4 Кәсіпорынның дебиторлық қарыздарын басқару
III бөлім. Кәсіпорынның айналым активтерінің негізгі элементтерін тиімді басқаруды жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Нарықтық экономика, оның модельдерінің әртүрлілігіне қарамастан, мемлекеттік реттеуді міндетті түрде қажет ететін, әлеуметтік-бағытталған шаруашылық ретінде сипатталады. Нарықтық қатынастар құрылымында үлкен ролді қаржы атқарады. Қазақстан Республикасында жүргізілетін экономиканы жандандырудың стратегиялық курсы шаруашылық субъектілерінің қызметтерінің нәтижелілігі, қаржы жағдайының тұрақтылығы үшін жауапкершіліктерін жоғарлатуды болжамдайды.
Алғашқы жаңақұру жылдарында байқалған қаржы бақылауы мен ұйымдастырылуының ролін дұрыс бағаламау кәсіпорындардың қаржылық жағдайына теріс әсер етті. Реформа жылдарында шаруашылық субъектілерінің айналым қаражаттарының жетіспеушілігі екі топ факторлардың әсерінен пайда болды.
Бірінші топтың пайда болуына макродеңгейдегі шешім қабылдау мен туатын жағдайлар шарт болды. Олардың қатарына мыналарды қосуға болады: өнімнің өзіндік құнының өсуі мен айналым қаражаттарының жетіспеушлігіне әкелген еңбек ақы қорына салынатын салық салу; шикізат, материалдар, құрал-жабдықтарды сатып алуға кететін айналым қаражаттарына деген кәсіпорындардың қажеттілігін өсірген қосымша құнына салығы енгізілді; кәсіпорындардың айналым қаражаттарына қосымша салымдарды қажет еткен айналымға салынан тағы бірқатар салықтар енгізілді; нақты өндірушілерді қолдауға бағытталмаған банктік жүйенің дамымауы кәсіпорындарға уақытында айналым қаражаттарының орнын толтыруға мүмкіндік берген жоқ; инфляцияның жоғары деңгейі; табысқа салынатын салық, қосымша құн салығы, т.б. салықтар бойынша аванстық төлемдердің бюджетке жіберілуі.
Факторлардың екінші тобы кәсіпорындардың қызметімен байланысты: айналым қаражаттарының ұйымдастырылуына, ең алдымен олардың нормалануына, жеткіліксіз көңіл бөлушілігі; айналым қаражаттырының мақсатсыз қолданылуы; өндіріс процесінен айналым қаражатарының шығарылуы; жабдықтаушылардың, мердігерледің және товар мен қызметтерді тұтынушылардың дұрыс таңдалмауы;

1. Бланк И.А. Финансовый менеджмент:Учебный курс. – К.: Ника-Центр, 1999.
2. Ковалев В.В. Введение в финансовый менеджмент. – Москва:Финансы и статистика, 2000.
3. Финансовый менедмент: теория и практика: Учебник/Под ред.Е.С.Стояновой. – 3-е издание, перер. и доп. – Москва:Издательство "Перспектива", 1998.
4. Финансовый менеджмент:Учебник для вузов/Г.Б.Поляк, И.А. Акодис, Т.А. Краева и др.; Под ред. Проф. Г.Б. Поляка. – Москва: Финансы, ЮНИТИ, 1997.
5. Әмірқанов Р.Ә., Тұрғұлова А.Қ. Қаржы менеджменті:Оқу құралы. – Алматы: Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті, 2002.
6. Павлова Л.Н. Финансы предприятий: Учебник для вузов. – Москва: Финансы, ЮНИТИ, 1998.
7. Ван Хорн Дж.К. Основы управления финансами: Пер.с англ./Гл.ред. серии Я.В. Соколов. – Москва: Финансы и статистика, 1997.
8. Финансовый менеджмент:Учебник для вузов /Н.Ф.Самсонов, Н.П.Баранникова, А.А. Самсонова. – Москва: Финасы, ЮНИТИ, 1999.
9. Шеремет А.Д., Сайфуллин Р.С. Финансы предприятий. – Москва, ИНФРА. – М,1998.
10. 1997 ж "СССР халық шаруашылығы" Орталық Статитика Басқармасының жинағы
11. 1985 ж "СССР халық шаруашылығы" Орталық Статистика Басқармасының жинағы
12. 1990 ж "СССР халық шаруашылығы" Орталық Статистика Басқармасының жинағы
13. 1993 ж Республикалық Статистика Басқармасының жинағы

Жоспар
Кіріспе
I бөлім. Айналым капиталының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері
1.1 Кәсіпорынның айналым активтерінің мәні мен жіктелуі
1.2 Айналым активтерінің қалыптасу көздері
II бөлім. Кәсіпорынның таза айналым капиталын басқару саясатын бағалау және
талдау
2.1 Кәсіпорын айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің құрамы
мен құрылымын талдау
2.2 Кәсіпорынның ағымдағы активтері мен пассивтерін басқару саясатының
негізгі типтерінің сипаттамасы
3. Кәсіпорынның ақшалай активтерін басқару
4. Кәсіпорынның дебиторлық қарыздарын басқару
III бөлім. Кәсіпорынның айналым активтерінің негізгі элементтерін тиімді
басқаруды жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Кіріспе
Нарықтық экономика, оның модельдерінің әртүрлілігіне қарамастан,
мемлекеттік реттеуді міндетті түрде қажет ететін, әлеуметтік-бағытталған
шаруашылық ретінде сипатталады. Нарықтық қатынастар құрылымында үлкен ролді
қаржы атқарады. Қазақстан Республикасында жүргізілетін экономиканы
жандандырудың стратегиялық курсы шаруашылық субъектілерінің қызметтерінің
нәтижелілігі, қаржы жағдайының тұрақтылығы үшін жауапкершіліктерін
жоғарлатуды болжамдайды.
Алғашқы жаңақұру жылдарында байқалған қаржы бақылауы мен
ұйымдастырылуының ролін дұрыс бағаламау кәсіпорындардың қаржылық жағдайына
теріс әсер етті. Реформа жылдарында шаруашылық субъектілерінің айналым
қаражаттарының жетіспеушілігі екі топ факторлардың әсерінен пайда болды.
Бірінші топтың пайда болуына макродеңгейдегі шешім қабылдау мен туатын
жағдайлар шарт болды. Олардың қатарына мыналарды қосуға болады: өнімнің
өзіндік құнының өсуі мен айналым қаражаттарының жетіспеушлігіне әкелген
еңбек ақы қорына салынатын салық салу; шикізат, материалдар, құрал-
жабдықтарды сатып алуға кететін айналым қаражаттарына деген кәсіпорындардың
қажеттілігін өсірген қосымша құнына салығы енгізілді; кәсіпорындардың
айналым қаражаттарына қосымша салымдарды қажет еткен айналымға салынан
тағы бірқатар салықтар енгізілді; нақты өндірушілерді қолдауға
бағытталмаған банктік жүйенің дамымауы кәсіпорындарға уақытында айналым
қаражаттарының орнын толтыруға мүмкіндік берген жоқ; инфляцияның жоғары
деңгейі; табысқа салынатын салық, қосымша құн салығы, т.б. салықтар бойынша
аванстық төлемдердің бюджетке жіберілуі.
Факторлардың екінші тобы кәсіпорындардың қызметімен байланысты: айналым
қаражаттарының ұйымдастырылуына, ең алдымен олардың нормалануына,
жеткіліксіз көңіл бөлушілігі; айналым қаражаттырының мақсатсыз қолданылуы;
өндіріс процесінен айналым қаражатарының шығарылуы; жабдықтаушылардың,
мердігерледің және товар мен қызметтерді тұтынушылардың дұрыс таңдалмауы;
дебиторлық және кредиторлық қарыздарды басқарудың төмен деңгейде болуы;
банкроттық жүйесінің аз тиімділігі, кәсіпорындардағы қаржы бақылаушыларының
төмен дайындығы.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта
мерзімдік (2002-2004 жж( бағдарламасының мақсаты ұзақ мерзімді динамикалық
өсу потенциалы бар, жергілікті халықтың әл-ауқатының бірқалыпты көтеруін,
өндіріс аппаратының тиімді жаңартылуын, елдің қамтамасыздығын және бәсеке
қабілеттілігінің нығаюын қамтамасыз ететін қазақстандық экономиканың
моделін жасау.
Қазақстан экономикасы мен әр шаруашылық субъектісінің алдына бұл
бағдарламамен қойылатын басты міндетінің бірі – қаржылық жандандыру болып
табылады. Бұл міндеттің орындалуы нарық шаруашылығы субъектілерінің негізгі
және айналым қаражаттарының қолданылуының тиімділігін жоғарлатуынсыз мүмкін
емес. Қаржы-несие механизмі кәсіпорындардың айналым қаржаттарының
жеткіліктілігі жағадайында ғана тиіміді қызмет етуі мүмкін.
Әрбір кәсіпорынның табысты жұмыс істеуі бірқатар шарттарға байланысты,
оның ішінде ең маңыздыларының бірі айалым қаражаттарынң қажетті көлемінің
бар болуы. Бәсеке ортасы жағдайында өндіріс тиімділігі кәсіпорынның
нарықтық инфрақұрылымдағы алдыңғы қатарларында болуына негізгі шарт болып
табылады. Сондықтан, айналым қаражаттарының тиімді ұйымдастырылуы мен
оларды қолданудың тиімділігін жоғарлату мәселелері кәсіпорындар алдында
өткір түрде тұрады, себебі бұлардың шешілуі өндірістік процесің
үздіксіздігін қамтамасыз ететін және өндіріс рентабельділігінің негізгі
шарты болып табылады.
Қазіргі кезде ғылыми қызметкерлер айналым қаражаттарына, оларды
жоспарлау және қолдану тиімділігі мәселелеріне жеткілісіз көңіл бөледі.
Айналым қаражаттарының теориясы бойынша батыс экономистері еңбектерінің
аудармалары санының өсуіне байланысты белгілі терминологиялық
айырмашылықтар туындады. Бұрын жасалған зерттеулерді, жарыққа шығарылаған
монографияларды және оқулықтарды талдай келе, көпшілік кездерде
авторлардың айналым капиталы, айналым қаражаттары және айналым активтері
түсініктерінің бір мағынада көрсететінін байқауға болады. Айналым
қаражаттарын бақылау мәселелері ашылғанда, оларды ұйымдастырудың
принциптері көрсетілмейді. Нормалауды жетілдіру сұрақтары терең түрде
қарастырылмайды. Бұның бәрі тәжірибелік қызметте кері әсерлерге әкеліп
соқтырады.
Жеңіл, тамақ, машина жасау салалары кәсіпорындарының ерекшеліктері
олардың активтеріндегі айналым қаражаттарының көлеміне байланысты.
Сондықтан бұл салалар кәсіпорындарының айналым қаражаттарын ұйымдастыру мен
тиімді қолдану мәселелері қор сыйымдылықты салаларға қарағанда жоғары. Бұл
салалар кәсіпорындарда айналым қаражаттарын жоспарлау мен қолдану
мәселелеріне көңіл бөлінбейді. Айналым қаражаттарының нормалануы барлық
кәсіпорындарда бірдей жүргізілмейді, ал нормативтердің есептелуі мен
түзетілуі жүргізілсе де, тұрақты түрде емес және тек өндірістік қорлар
бойынша ғана. Ескірген әдістерді қолдану есептеулердің нақтылығын барлық
кезде қамтамасыз етпейді. Бұның бәрі кәсіпорынның қаржы қызметкерлерінің
көңілін айналым қаражаттарын нормалау мәселесіне, нормалауды жетілдірудің
нақты бағыттарына аудартуға тура келеді.
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде айналым қаражаттарының қалыптасу
көздерінің ұйымдастырылуы көп қаралғанымен, тәжірибе жүзінде қолдау
таппайды. Қаражат көзінің бағасы түсінігін қазір барлығы да қолданады.
Дегенмен, бір ғана қаржыландыру көзі қолданылмай, бұл көздің бағасын
түсіндіру қындыққа соғады. Көп кезде, қаражатты қалыпты мөлшернеме бойынша
тартып, кәсіпорындар тәуекел деңгейін бағаламайды, бұл кері әсерге әкеліп
соқтырады. Сондықтан, баға мен тәуекел бірқалыпты қатынаста болатын айналым
қаражаттарын қаржыландырудың көзін таңдауға мүмкіндік беретін моделді
қолданудың мәселесі актуалды болып табылады.
Дебиторлық қарызды басқаруда кәсіпорындардың оны төмендетудегі маңызды
талпыныстар жасауын байқауға болады. Сонымен бірге, дебиторлық қарыз
бойынша шекті мәндерін есептеудегі әдістеменің жоқтығы қаражаттардың шектен
тыс шығарылуы байқалады.
Кәіспорындардың айналым қаражаттарын қолдаун тиімділігін талдау
көптеген шаруашылық субъектілері жүргізеді. Бірақ, көптеген жағдайда,
есептеулер салыстырылмайтын көрсеткіштерді қолданумен, өзіндік құнды
есептеудің ерекшелігі мен инфляцияны ескермеуінсіз жүргізіледі. Бұның бәрі
айналым қаражаттарын қолдану тиімділігі көрсеткіштерінің бұрмалануына
әкеледі.
Өнідірістегі ресурстардың айналымдылығы бойынша, әсіресе, айналым
қаражаттарының мәні, оларды ұйымдастыруды, оларды қолдану тиімділігін
жоғарлатуды терең талдау бойынша теориялық зерттеулерді жалпылау қажеттігі
бұл жұмыстың тақырыбын анықтады.

Айналым қаражаттары кәсіпорын мүлкінің бірден бір құрылымдық бөлігі
болып табылады. Оларды қолданудың жағдайы мен тиімділігі – кәсіпорынның
табысты қызмет істеуінің басты шарты. Нарық қатынастырының дамуы оларды
ұйымдастырудың жаңа алғышарттарын анықтайды. Жоғары деңгейдегі инфляция,
төлемқабілетсіздік және тағы басқа дағдарыстық көріністер кәсіпорындарды
айналым қаражаттарын басқару саясатын өзгертуге, оларды толықтырудың жаңа
көздерін іздестіруге, оларды тиімді қолдану мәселесіне жаңа көзқараспен
қарауға мәжбүр етеді.
Өндірісті тоқтатпаудың бірден бір шарты – оның материалдық негізін,
яғни өндіріс құралдарын үнемі жаңартып отыру. Өз кезегінде, бұл өндіріс
құралдарының айналым ретіндегі үздіксіз қозғалуына жағдай жасайды.
Өзінің айналысында айналым қорлары кезектесе ақша, өндіріс және тауар
түріндегі формасына өзгереді, бұл олардың өндіріс қорлары және айнналыс
қорларына бөлінуге сәйкес келеді.
Өндіріс қорларының материалдық негіздері өндіріс құралдары болып
табылады, ал бұлар еңбек заттары мен еңбек құралдарына бөлінеді. Дайын
өнім ақша құралдары және есептегі құралдармен бірге айналыс қорларын
түзеді.
Кәсіпорын қорларының айналысы шикізат, материалдар, жанар-жағар май,
отын және т.б. өндіріс құралдарын аванстық құнмен ақшалай нысанда сатып
алудан басталады – бұл айналысның бірінші сатысы. Нәтижесінде ақша
құралдары өндірістік құралдар нысанына өзгеріп, айналыс аясынан өндіріс
аясына ауысуды сипаттайды. Мұнда құн шығындалмай, тек қана авансталады,
себебі айналыс біткеннен кейін ол қайтарылады. Бірінші сатыда тауар ауысу
аяқталады, бірақ айналыс аяқталмайды.
Айналыстың екінші сатысы өндіріс процесінде жүргізіледі, мұнда жұмыс
күші жаңадан құрылған және әкелінген құны бар жаңа өнім жасап, өндіріс
құралдарының өндірістік тұтынуын жүзеге асырады. Аванстық құн қайтадан
өзінің нысанын ауыстырады – өндірістік нысаннан ол тауарлыға ауысады.
Айналыстың үшінші сатысы шығарылған дайын өнімді сатып, ақша құралдарын
алудан тұрады. Бұл сатыда айнлым қаражаттары қайтадан өнддіріс аясынан
айналыс аясына ауысады. Тоқтатылған тауарлы айналыс жалғастырылып, құн
тауарлы нысаннан ақшалай нысанға көшеді. Өнімді шығаруға, сатуға кеткен
және шығарылған өнімді сатудан түскен ақша қаражаттары сомасы арасындағы
айырма кәсіпорынның ақшалай қорларын түзеді.
Бір айналысты бітіргеннен кейін айналым қаражаттары жаңа айналысқа
түсіп,үздіксіз айналысты құрайды. Тек осы айналым қражаттарының үздіксіз
қозғалысы өндіріс және айналыс процесінің негізін құрайды. Кәсіпорын
қорлары айналысының талдауы аванстық құнның кезектесе әртүрлі нысанға
ауысып отыруын ғана емес, бірақ әруақытта белгілі мөлшерде бұл нысандарда
болып отыруын көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда, аванстық құн айналыстың
әрбір мезетінде әр түрлі жақтарымен біруақытта ақшалай да, өнідірістік те,
тауарлы нысанда да болып отырады.
Кәсіпорын қорларының айналысы тек белгілі бір аванстық құнның ақшалай
нысанда болу шартымен ғана жүзеге асырылады. Айналысқа түскенде, ол енді
оны жоғалтпайды, тек қана өзінің қызметтік нысандарын ғана өзгертіп
отырады. Көрсетілген ақшалай нысандағы құн кәсіпорынның айналым қаражаты
болып табылады.
Айналым қаражаттары ең алдымен құндық категория ретінде болады. Олар
материалдық негіз болып табылады, себебі олардан дайын өнім алуға болмайды.
Ақшалай нысанында айналым қаражаттары айналыс процесінде өндірістік қорлар,
аяқталмаған өндіріс, дайын өнім нысанына ауысады. Тауарлы-материалдық
құндылықтарға қарағанда айналым құралдары шығындалмайды, шығырылмайды,
тұтынылмайды, тек қана айналыс аяқталғаннан кейін қайтарылып, келесі
айналысқа түскенде авансталады.
Авансталу мезеті айналым қаражаттарының ең маңызды және ерекшелікті
мінездемесі болып табылады, себебі ол экономикалық шектеулерді орнатқанда
маңызды рөл атқарады. Айналым қаражаттарының уақытша сипаттамасы болып
қорлардың тоқсандық немесе жылдық көлемі емесе, ал бір айналысы ғана
табылуы қажет.
3-саты
1-саты
2-
саты
1.1.1 сызба. Айналым қаражаттарының айналысы
Кәсіпорындардың тиімді жұмыс жасауы үшін өндірістік бағдарламаға сәйкес
шикізат, материалдар, жанармай, тез тозатын құралдар болуы қажет. Нарық
қажеттігін толығымен қамтамасыз етуде әрбір кәсіпорын дайын өнімдер қорын
да қалыптастыруға міндетті. Әр түрлі шарттарға сәйкес дайын өнімді
жеткізуде және есеп айырысуда кәсіпорын елеулі қаржыны дебиторлық
қарыздарға жатқызады. Өз кезегінде мерімді түрде өз қарыздарын тез арада
өтеу үшін кәсіпорын кассасында, есеп айырысу шотында немесе басқа шоттарда
ақша қаражаттарын ұстау қажет. Еркін, яғни бос ақша қаражаттары құнсыздап
кетпеуі үшін және қосымша пайда алу үшін қаржының бір бөлігін құнды
қағаздарға орналыстыруға мүдделі. Бұның барлығы капиталдың бір бөлігін
айналым активтеріне салымды жасау керектігін қажет етеді.
Кәсіпорынның айналым активтерін мақсатты түрде басқару үшін олардың
жіктелуі қажет. Қаржы менеджменті тұрғысынан айналым активтерінің жіктелуі
келесі белгілер бойынша жүргізіледі:
□ айналым активтерінің қаржылық қалыптасу көздерінің
мінездемесі;
□ айналым активтерінің түрлері;
□ айналым активтерінің операциялық процеске қатысу
мінездемесі;
□ айналым активтерінің қызмет ету кезеңі бойынша.
Қаржылық қалыптасу көздерінің мінездемесі бойынша айналым активтері
келесідей жіктеледі:
► кәсіпорынның жалпы айналым активтері– меншік және қарыз
капиталы негізінде құрылған айналым активтерінің бөлігі.
Кәсіпорынның қорытынды балансында олар активтің II (екінші) және
III (үшінші) бөлімдерінің сомасы ретінде көрсетіледі;
► кәсіпорынның таза айналым активтері (таза жұмыс капиталы) –
меншік және ұзақ мерзімді қарыз капитал негізінде құрылады. Таза
актив сомасы келесі формула бойынша есептеледі:
ТАА = АА – ҚҚМ ,
мұндағы ТАА – кәсіпорынның таза активтерінің сомасы;
АА – кәсіпорынның жалпы айналым активтерінің
сомасы;
ҚҚМ – кәсіпорынның ғымдағы қысқа мерзімді
қаржылық міндеттемелері.
► меншік айналым активтері – кәсіпорынның меншік капиталының
негізінде құрылған айналым активтерінің бөлігі. Кәсіпорын меншік
айналым активтерінің сомасын келесі формула бойынша есептейді:
МАА = АА – ҰҚК – ҚҚМ ,
мұндағы МАА – кәсіпорынның меншік айналым активтерінің сомасы;

ҰҚК – кәсіпорынның айналым активтеріне
инвстицияланған ұзақ мерзімді қарыз капиталы;
ҚҚМ – кәсіпорынның қысқа мерзімді қаржы
міндеттемелері.
Егер кәсіпорын айналым қорларын қаржыландыру үшін ұзақ мерзімді қарыз
капиталын қолданса, онда өзіндік және таза айналым активтерінің сомалары
сәйкес болады.
Айналым активтерінің түрлері белгісі бойынша айналым активтері былай
жіктеледі:
• шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар қорлары.
Айналым активтерінің бұл түрі кәсіпорынның өндірістік
қызметін қамтамасыз ететін материалды ағымдарын
мінездейді;
• дайын өнім қорлары. Бұл айналым активтері сатуға
арналған қор формасындағы дайын өнімді көрсетеді. Қаржы
менеджменті тәжірибесінде айналым активтерінің бұл
түріне аяқталмаған өндіріс көлемін де жатқызады;
• дебиторлық қарыз. Ол тауар, жұмыс, қызмет, берілген
аванс есебі бойынша жеке және заңды тұлғалардың
кәсіпорынға деген қаржылық міндеттемелерін көрсетеді;
• ақша қаражаттары. Қаржы менеджменті тәжірибесінде оларға
ұлттық және шетел валютасындағы ақша қаражаттарының
қалдығы ғана емес, қысқа мерзімді қаржылық салымдар
сомасы да жатады;
• айналым активтерінің басқа да түрлері. Оларға жоғарыда
көрсетілген түрлерге енбейтін, жалпы сомасында
көрсетілетін айналым активтері жатады. Мысалы: болашақ
кезең шығындары.
Операциялық процеске қатысу мінездемесі бойынша айналым активтерінің
жіктелуі былай болады:
• кәсіпорынның өндірістік циклін қамтамасыз ететін айналым
активтері;
• кәсіпорынның қаржылық циклін қамтамасыз ететін айналым
активтері болып жіктеледі.
Кәсіпорынның өндірістік циклін қамтамасыз ететін айналым активтеріне
шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар қорлары, аяқталмаған өндіріс
көлемі және дайын өнім қорлары жатады.
Кәсіпорынның қаржылық (ақшалай( циклін қамтамасыз ететін айналым
активтеріне дебиторлық қарыздар жатқызылды.
Айналым активтері қызмет ету кезеңі бойынша келесідей жіктеледі:
▪ айналым активтерінің тұрақты бөлігі;
▪ айналым активтерінің айнымалы бөлігі.
Айналым активтерінің тұрақты бөлігі – бұл активтердің көлемі
кәсіпорынның қызметінің маусымдық және басқадай ауытқуларына байланыссыз
болатын бөлігі. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның операциялық қызметін іске
асыру үшін қажетті айналым активтерінің төмендемейтін минимумы.
Айналым активтерінің айнымалы бөлігі – бұл айналым активтерінің өндіріс
көлемі мен өнім сатудың маусымдық өсуімен, бөлек кезеңдегі тауарлы-
материалды қорларды маусымдық сату үшін кәсіпорынның шаруашылық қызметін
ұйымдастыру қажеттігімен байланысты бөлігі. Ол айналым активтерінің жоғары
және орташа бөлігін құрайды.
Айналым активтерінің жіктелуінің бейнелік көрінісі 1.1.2-сызбада
көрсетілген.
1.1.2 сызба. Негізгі белгілері бойынша кәсіпорын айналым
активтерінің жіктелуі
Айналым қаражаттары тек материалды ғана емес, ақшалай ресурстарды да
құрайтындықтан, оларды ұйымдастыру мен қолдану тиімділігіне материалдық
өндіріс процесі ғана емес, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы да байланысты
болады.
2. Айналым активтерінің қалыптасу көздері
Кәсіпорынның айналым қаражаттары айналыстың барлық сатысында олардың
үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін, өндірістің қажеттіліктерін ақшалай
және материалды ресурстрамен қамтамасыз ету үшін, есептердің уақтылығын
және толықтылығын, айналым қаражаттарының қолдану тиімділігін қаматамсыз
ету үшін қажет.
Айналым қаражаттарының барлық қаржыландыру көздері былай бөлінеді:
• Меншік(
• Қарыз(
• Тартылған.
Меншік қаражаттар айналысты ұйымдастыруда басты рөл атқарады, себебі
жұмыс рентабельді болу үшін және қабылданған шешім үшін жауапкершілігі болу
үшін коммерциялық есептесу негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың
мүліктік және оперативті тәуелсіздігі болу керек.
Айналым қаражаттары қалыптасуы кәсіпорын ұйымдасқан кезде, оның
жарғылық қоры қалыптасқан кезде өтеді. Бұл кезде айналым қаражаттарының
қалыптасу көзі кәсіпорын құрылтайшыларының инвестициялық қаражаттары болып
табылады. Жұмыс процесінде айналым қаражаттарының толықтыру көзі алынған
пайда және айналым қаражаттарына теңестірілген тұрақты пассивтер. Бұл
қаражаттар кәсіпорын мүлкіне жатпайды, бірақ үнемі оның айналысына
қатысады.Бұндай қаражаттар айналым қаражаттарының сомасының минималды
қалдығы ретінде қалыптасу көзі болып табылады. Оларға жататындар: кәсіпорын
жұмысшыларына еңбекақы бойынша айдан айға өтетін минималды қарызы, болашақ
шығындарды жабуға арналған резервтер, бюджет алдында және бюджеттен тыс
қорлар алдындағы минималды өтетін қарыз, тауар үшін алдын ала төлемақы
ретінде алынған несиегерлердің қаражаттары, қайтарымды тара үшін кепілдер
бойынша төлеушілердің қаражаттары, тұтыну қорының өтемелі қалдықтары және
т.б.
Шаруашылықтың айналым қаражаттарына деген жалпы қажеттілікті қысқарту
үшін және оларды тиімді қолдануды ынталандыру үшін қарыз қаражаттарын
тартқан жөн. Қарыз қаражаттары айналым қаражаттарына деген уақытша қосымша
қажеттілікті қанағаттандыратын банктің қысқа мерзімді несиелері.
Айналым қаражаттарын қалыптастыру үшін қажетті несиелерді тартудың
негізгі бағыттары мыналар: өндірістің маусымдық процесімен байланысты
шикізат, материалдардың маусымдық қорларын және шығындарын несиелеу( меншік
айналым қаражаттарының жетіспеушілігін уақытша толықтыру( есептеулерді
жүргізу.
Экономиканы әкімшілік-әміршілдік басқару жүйесі жағдайында қарыз
қаражаттары айналым қаражаттарын қаржыландыру көздері ішінде үлкен үлесте
болды. Осылайша, 1965 жылы айналым қаражаттарын құру көдері құрылымында
несие үлесіне 42,6%, 1975 жылы – 47,3, 1977 жылы – 47,1, 1988 жылы – 47,6%
тиді. 1988 жылдан айналым қаражаттарын құру көздеріндегі несие үлесі
төмендей бастады. Осылайша, 1989 жылы ол 40,5%, 1990 жылы – 24,2% болды.
Келесі жылдары несие үлесі қайтадан жоғарылай бастады да, 1993 жылы ол
40,3%-ке жетті1.
Бұл көрсеткіш динамикасы сипатының алғышарты – объективті экономикалық
процестер. 80-жылдардың басындағы несие үлесінің азаюын коммерциялық
несиенің дамымаған жүйесіндегі кәсіпорындардың орталықтандырылған
несиелеуінің қысқаруымен түсіндіруге болады.
1977, 1985, 1990 ж "СССР халық шаруашылығы" ОСБ жинақтарының
мәліметтері бойынша
1993 ж РСБ жинақтарының мәліметтері бойынша
Коммерциялық банктер жүйесінің тұрақтануымен, коммерциялық несие
көлемінің өсуімен бірге кәсіпорындар айналым қаражаттарының қалыптасу
көздерінің құрылымдағы несие ресурстарының үлесі де жоғарлады.
Сонымен, экономиканы басқарудың нарықтық жүйесіне көшкенде несиенің
айналым қаражаттарының көзі ретіндегі ролі азайған жоқ. Кәсіпорындардың
айналым қаражаттарына деген шектен тыс мұқтаждығын жабу қажеттілігімен
бірге банктік несиенің мәнін шарттайтын жаңа факторлар пайда болды. Бұл
факторлар ең алдымен отандық экономиканың өтпелі даму сатысымен байланысты.
Олардың бірі инфляция болды. Кәсіпорынның айналым қаражаттарына
инфляцияның деген әсері көп жақты болды: ол тура және жанама әсер етті.
Тура әсер айналым қаражаттарының айналыс ішіндегі құнсыздануымен
сипатталады, яғни айналыстан кейін кәсіпорын шығарылған өнім үшін алған
пайданың құрылымында айналым қаражаттарының авансталған сомасын қайтарып
алмайды.
Жанама әсер инфляция себебінен болған ақы төленбеу дағдарысына
байланысты қаражаттар айналысының баяулауымен сипатталады. Ақы төленбеу
дағдарысы туындауына тағы да мыналар себеп болады: еңбек өнімділігінің
төмендеуі( өндірістің шекті тиімсіздігі( кейбір басшылардың жаңа
жағдайларға бейімделе алмауы: жаңа шешімдер іздестіру, тауар ассортиментін
өзгерту, артық және керексіз активтерді сатып, өндірістің материал және
энергия сыйымдылығын төмендету( қарыздарды төлемеуге жағдай жасайтын
заңдылықтардың кемшілігі.
Ақы төлемеумен күресу және қаржылық қолдау мақсатында кәсіпорындардың
айналым қаражаттарын толықтыру үшін көп қаражаттар бөлінеді. Бірақ барлық
кезде бірдей бөлінген қаражаттар қажетті мақсатта қолданбайды, бұның қатты
инфляциялық әсері бар.
Көрсетілген себептер кәсіпорындардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз
ретінде сақталатын айналым қаражаттарының көзі болатын қарыз қаражатына
деген қызығушылығына шарт болады. Бұл жағдайда айналым қаражаттарынң көзі
болатын несие қолданудың шектері туралы сұрақ туындайды. Бұл сұрақ екі
жақты – несие қолданудың кәсіпорынның қаржылық жағдайына жалпы, соның
ішінде айналым қаражаттарының жағдайына ықпалмен жүреді.
Бір жағынан, меншік қаражаттарының тапшылығы жағдайында айналысқа
несиелік ресурстарын тартусыз кәсіпорынға өндірісті қысқартуға немесе толық
тоқтатуға тура келеді, ал бұл қаржылық қиындықтарға немесе тіптен
банкроттыққа да әкелуі мүмкін. Екінші жағынан, туындаған мәселелерді тек
несиелік ресурстар арқылы шешу ссудалық қарыздың үлкеюінен кәсіпорынның
несиелік ресурстардан тәуелділігін жоғарлатады. Бұл қаржылық жағдайдың
тұрақсыздығына әкеледі, меншік айналым қаражаттары банктің меншігіне көшіп
жоғалтылады, себебі кәсіпорындар банктік пайыз арқылы белгіленген салынған
капиталдың табыс нормасын қамтамасыз етпейді. Кредиторлық қарыз айналым
қаражаттарының жоспарланбаған тартылған көзіне жатады. Оның бар болуы
кәсіпорынның айналысында басқа кәсіпорындар мен мекемелердің қаражаттары
қатысуын сипаттайды. Кредиторлық қарыздың бір бөлігі заңды, себебі жүзеге
асатын есептеме ережелеріне сәйкес. Сонымен қатар, кредиторлық қарыз
төлемақы тәртібінің бұзылуы нәтижесінде де туындауы мүмкін.
Кәсіпорындардың кредиторлық қарызы тауар бойынша жабдықтаушыларға,
жасалған жұмыс үшін мердігерлерге, салықтар және алымдар бойынша салық
инспекциясына, бюджеттен тыс қорларға төлем аударудан пайда болуы мүмкін.
Айналым қаражаттарының басқа да қалыптасу көздерін айтып кету қажет.
Оларға мыналар жатады: кәсіпорынның мақсатты түрде уақытша қолданбайтын
(қорлар, резервтер, т.б.(.
Айналым қаражаттарының меншік, қарыз және тартылған қалыптасу
көздерінің арасындағы дұрыс қатынас кәсіпорынның қаржылық жағдайын
нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Айналым капиталының элементтері шаруашылық операциялар үздіксіз
ағымының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Сатып алу өндірістік қорлар
мен кредиторлық қарыздың өсуіне аоып келеді, өндіріс дайын өнімнің өсуіне
алып келеді, өткізу дебиторлық қарыздың, есеп шоттағы және кассадағы ақща
қаражаттарының өсуіне алып келеді. Бұл операциялар көп рет қайталанып,
нәтижесінде ақшалай түсімдерге және ақшалай төлемдерге алып келеді.
Айналым капиталының элементтері өндіріс аясынан айналыс аясына қарай
және керісінше үздіксіз ауысып отырады. Айналым капиталының бөлігі үнемі
өндіріс аясында (өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, складтағы дайын
өнім, т.б.), ал екінші бөлігі – айналыс аясында (тиелген өнім, дебиторлық
қарыз, ақша қаражаттары, құнды қағаздар, т.б.) үнемі болып отырады.
Сондықтан кәсіпорынның айналым капиталының құрамы мен мөлшері тек өндіріс
аясы қажеттіліктеріне ғана емес, айналыс қажеттіліктеріне де шарт болады.
Өндіріс және айналыс аясының айналым капиталына деген қажеттілігі
әртүрлі шаруашылық әрекеттерінің түрлеріне ғана әртүрлі болмайды, тіпті
бір саланың әр кәсіпорынына әртүрлі болады. Бұл қажеттілік айналым
қаражаттарының заттық мазмұны мен айналыс жылдамдығына, өндіріс көлеміне,
өндіріс ұйымдастырылуы мен технологиясына, өнімді өткізу, шикізат пен
материалды сатып алу тәртібіне және т.б. факторларға байланысты.
Айналым капиталының функционалды белгісіне қарай айналым қорларына және
айналыс қорларына бөлінуі өндіріс және айналыс процесінде айналым
қаражаттарының болған уақытын талдау және бөлгіштік есепке алынуы үшін
қажет.
Айналым Кіретін қаражаттардың құрамы Бухгалтерлік
қаражаттарының тобы есептің шоттары
1. Айналым Өндірістік қорлар:
өндірістік қорлар Шикізат 10-1
(өндіріс аясындағы Негізгі материалдар 10-1
және өндіріс Сатып алынған жартылай фабрикаттар
процесіндегі айналымОтын 10-2
қаражаттары) Көмекші материалдар 10-3
Арзан бағалы және тез тозатын заттар 10-6
(қалдық құны бойынша)
Өндіріс процесіндегі қаражаттар:
Аяқталмаған өндіріс 12-13
өзі шығарған жартылай фабрикаттар
болашақ кезең шығындары
20
21
31
2. Айналыс қорлары 2.1 Өткізілмеген өнім:
(айналыстағы айналымкәсіпорын складындағы дайын өнім
қорлары) тиелген, бірақ ақысы төленбеген өнім 40
қайта сатуға арналған тауарлар
2.2 Ақша қаражаттары: 45
касса
есеп шот 41
валюта шоты
құнды қағаздар 50
басқа да ақша қаражаттары 51
басқа кәсіпорындармен және 52
мекемелермен есеп айырысу 58
55,56,57
60, 76, 67, 68
3. Айналым (1 п.+2 п.)
қаражаттарының жалпы
сомасы
2.1.1 – кесте. Өндіріс процесіндегі функционалды белгісіне қарай
айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы
Кәсіпорын балансында көрсетілу әдісіне қарай айналым қаражаттары келесі
топтарға бөлінеді:
1. қор түріндегі материалды айналым қаражаттары – ЕҚ. Бұған баланс
активінің II бөліміндегі барлық статьялар кіреді: өндірістік
қорлар, арзан бағаланатын және тез тозатын заттар, аяқталмаған
өндіріс, болашақ кезең шығындары, дайын өнім, тауарлар, басқа да
қорлар;
2. дебиторлық қарыз – ЕДҚ. Дебиторлық қарыз құрамына баланс
активінің III бөліміндегі келесі статьялар кіреді: тиелген
тауарлар, дебиторлармен есеп айырысу (тауарлар, қызметтер,
жұмыстар үшін, алынған вексельдер бойынша, еншілес
кәсіпорындармен, бюджетпен, басқа операциялар бойынша
қызметкерлермен, басқа да дебиторлармен), аванстар, жабдықтаушылар
мен мердігерлерге берілген, басқа айналым активтері,
3. Ақша қаражаттары - ЕА. Ақша қаражаттарына баланс активінің III
бөліміндегі келесі статьялар кіреді: касса, есеп айырысу шоты,
валюта шоты, басқа ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржы
салымдары,
4. Айналым капиталының жалпы сомасы – Е.
Е =ЕҚ + ЕДҚ + ЕА
"Еуро-Азия Эйр" ААҚ-ның алматылық филиалының 2000-2002 жылдардағы
айналым капиталының жалпы сомасының өзгерісі келесідей:
2000 жылы айналым капиталының жалпы сомасы:
Е1 = 92,0 + 6110,0 + 665,0 = 6867,0
2001 жылы айналым капиталының жалпы сомасы:
Е2 = 1482,0 + 17338,0 + 7079,0 = 25899,0
2002 жылы айналым капиталының жалпы сомасы:
Е3 = 1502,0 + 103724,0 + 2965,0 = 108191,0
2.1.1-график. Айналым капиталының 2000-2002 жылдардағы өзгерісі
Айналым қаражаттарын тез өтімді және баяу өтімдіге жіктелуі абсолютті
болып табылмайды, кәсіпорын қызметінің әрбір есепті кезеңдерінен
жинақталатын нақты реалды жағдайына байланысты болады.. былай болуы да
мүмкін: складтағы дайын өнім қалдықтары дебиторлық қарызды өтеу мерзімі
клегенге дейін өткізіледі. Сондықтан, әр кәсіпорын үшін және әрбір жеке
кезең үшін өтімділіг бойынша ағымдағы активтердің өзінің жеке топталуы
мүмкін.
Ағымдағы активтердің өтімділігі айналым қаражаттарына капитал салу
тәуекелін анықтайтын басты фактор болып табылады. Ұзақ уақыт бойындағы
айналым қаражаттарының өтімділігінің жинақталған бағасы бұл активтерге
салымдардың мүмкінді тәуекелін анықтауға мүмкіндік береді.
Айналым қаражаттарының Баланс активтінің статьялары Бухгалтерлік
тобы есептің шоттары
1. Ең өтімді активтер Ақша қаражаттары:
касса 50
есеп айырысу шоты 51
валюта шоты 52
басқа да ақша қаражаттары 55,56,57
1.2 Қысқа мерзімді қаржы салымдары
58
2. Тез өтімді активтер 2.1 Тиелген тауарлар 45
2.2 Дебиторлық қарыз:
тауар, жұмыс, қызмет үшін
алынған вексельдер б-ша
еншілескәсіпорындармен
бюджетпен
басқа операциялар бойынша
қызметкерлермен
басқа дебиторлармен
2.3 Басқа айналым қаражаттары
3.Баяу өтімді активтер 3.1 Қорлар – баланс активінің II Баланс активінің
бөлімінің нәтижесі болашақ кезең II бөлімінің
шығындары мен сатып алынған нәтижесі – 31-19
құндылықтардың ҚҚС-ғын алып
тастағанда
4. Айналым қаражаттырының П.1+п.2+п.3
жалпы сомасы
2.1.2-кесте. Өтімділік дәрежесіне қарай айналым қаражаттарының құрамы
мен құрылымы
2.1.3-кестеде айналым қаражаттарының капиталды салу тәуекелі бойынша
топталуы беріледі. Айналым қаражаттарының бұл топтамасы қаржы менеджеріне
өте маңызды, себебі оның басты мүддесі капиталды ағымдағы активтерде
рационалды орналастыру. Өтімділікті тиімді басқару - бұл жоғары және орта
дәрежедегі тәуекелдікті активтер үлесінің жоғарлауына жол бермеу.
Айналым қаражаттарының Баланс активінің Бухгалтерлік есеп шоты
тобы статьялары
1. Салымның минималды 1.1 Ақша қаражаттары:
тәуекелдікті айналым касса 50
қаражаттары есеп айырысу шоты 51
валюта шоты 52
басқа ақша қаражаттары
1.2 Қысқа мерзімді ақша 55,56,57
қаржаттары
58
2. Салымның аз 2.1 Дебиторлық қарыз
тәуекелдікті айналым үмітсіздерді алып
қаражаттары тастағанда 67,76
2.2 Өндірістік қорлар 40,41
2.3 Тауар мен дайын
өнімнің қалдықтары 40
3. Салымның орта 3.1 Арзан және тез тозатын
тәуекедікті айналым заттар 12-13
қаражаттары 3.2 Аяқталмаған өндіріс 20
3.3 Болашақ кезең
шығындары 31
4. салымның жоғары Үмітсіз дебиторлық қарыз
тәуекедікті айналым Жатып қалған өндірістік 62,76
қаражаттары қорлар
Нормативтен тыс өндірістік40
қорлар
Сұранысы жоқ дайын өнім 20
мен тауарлар
4.5 Алдыңғы топторға
кірмеген айналым 40,41
қаражаттарның басқа да
элементтері
5. Айналым қаражаттарының П.1+п.2+п.3+п.4
жалпы сомасы
2.1.3-кесте. Айналым қаражаттарының капиталды салу тәуекелі бойынша
топталуы
2. Кәсіпорынның ағымдағы активтері мен пассивтерін басқару саясатының
негізгі типтерінің сипаттамасы
"Айналым капиталы" термині (оның отандық есептемелеріндегі атауы –
айналым қаражаттары) кәсіпорынның ақша қаражаттары немесе бір жылда немесе
бір өндірстік циклда айналатын мобильді активтеріне жатады. Таза айналым
капиталы ағымдағы активтер (айналым қаражаттары) мен ағымдағы
міндеттемелерінің (кредиторлық қарыздар) арасындағы айырма ретінде
анықталады және ағымдағы активтерді ұзақ мерзімді қаражат көздері
қаншалықты жабу деңгейін көрсетеді. Отандық тәжірибедегі бұл көрсеткіш –
меншік айналым қаражаттарының деңгейі.
Айналым қаражаттары әр түрлі позициядан мінезделуі мүмкін, бірақ
негізгі сипаттамалары олардың өтімділігі, көлемі және құрылымы болып
табылады.
Өндірістік қызмет процесінде айналым қаражаттарының бөлек
элементтерінің өзгерісі болып тұрады. Кәсіпорын шикізат және материалдар
сатып алады, өнім шығарады, оны сатады, көбінесе несие түрінде, нәтижесінде
дебиторлық қарыз пайда болады, ол біраз уақыттан кейін ақша қаражаттарына
айналады.
Ағымдағы активтердің циркуляциялық табиғаты айналым капиталын басқаруда
негізгі орын алады.ағымдағы активтер өтімділік дәрежесі бойынша
ерекшеленеді, яғни олардың ақша қаражаттарына өзгеру қабілеті бойынша. Ақша
эквиваленттері өтімділік дәрежесі бойынша ақша қаражаттарына неғұрлым жақын
болып табылады. Дебиторлық қарыз өтімділігі өзгермелі болып тұруы мүмкін.
Өтімділігі ең төмен – материалды-өндірістік қорлар, олардың ішінен ең
өтімдісі шикізат пен материалдарға қарағанда – дайын өнім.
Айналым қаражаттарының деңгейі өндірістік процестің қажеттіліктеріне
ғана байланысты анықталмайды, бірақ кездейсоқ факторларға да байланысты.
Сондықтан айналым капиталын тұрақты және өзгермелі капиталға бөлген жөн.
Қаржы менеджменті теориясында тұрақты айналым капиталы ұғымының екі
негізгі түсіндірмесі бар. Бірінші түсіндірмеге сәйкес тұрақты айналым
капиталы (ағымдағы активтердің жүйелі бөлігі) ақша қаражаттарының,
дебиторлық қарыздың және өндірістік қорлардың операциялық цикл кезіндегі
қажеттілігі тұрақты бөлігі болып табылады. Бұл, мысалы уақыт патаметрі
бойынша орташаландырылған, кәсіпорынның тұрақты тіркеуінде болатын ағымдағы
активтердің шамасы. Екінші түсіндірмеге байлансты тұрақты айналым капиталы
өндірістік қызметті жүзеге асыруға қажетті ағымдағы активтердің минимумы.
Бұл тәсіл кәсіпорын өзінің қызметін жүзеге асыру үшін айналым
қаражаттарының белгілі бір минимумы, мысалы ақша қаражаттарының тұрақты
қалдығы есеп айырысу шотында, қалып отыру екенін білдіреді. Төменде біз
екінші түсіндірмеге сүйеніп отырамыз.
Өзгермелі айналым капиталының категориясы (немесе ағымдағы активтердің
өзгермелі бөлігі) дағдарыс кезеңдерінде немесе сақтандыру қоры ретінде
қажетті қосымша ағымдағы активтер. Мысалы, өндірістік-материалды қорларға
қосымша қажеттілігі маусымдық өткізу кезіндегі сатудың жоғары деңгейін
ұстап тұруға байланысты. Сол кезде өткізуді жүзеге асыру кезінде дебиторлық
қарыз да өседі. Қосымша ақша қаражаттары шикізат пен материалдарды төлеу
үшін, сонымен қатар жоғары белсенділік кезеңі алдындағы еңбек қызметі үшін
қажет.
Айналым капиталын басқару саясатының негізгі мақсаты ағымдағы
активтердің көлемі мен құрылымын, оларды жабу көздерін және кәсіпорынның
ұзақ мерзімді өндірістік және тиімді қаржы қызметін қамтамасыз ететін
олардың арасындағы қатынасты анықтау. Бұл факторлардың және нәтижелік
көрсеткіштердің байланысы анық. Несигерлер алдындағы міндеттемелерді
орыдамау экономикалық байланыстарды үзуге және оның салдарына алып келуі
мүмкін.
Нысандалған мақсаттың стратегиялық мінездемесі бар, ағымдағы қызметті
басқаруды жетілдіретін айналым қаражаттарының деңгейін ұстап тұрудың да
мәні бар. Күнделікті қызмет тұрғысынан кәсіпорынның маңызды қаржы-
шаруашылық мінездемесі оның өтімділіг болып табылады, яғни қысқа мерзімді
қарыздарын мерзімінде жабу қабілеті. Кез келген кәсіпорын үшін өтімділіктің
белгілі деңгейі шаруашылық қызметтің тұрақтылығының маңызды мінездемесі
болып табылады. Өтімділікті жоғалту дың салдары тек қосымша шығындарға ғана
емес, кейбір кездерде өндіріс процесінің тоқтатылуына да әкелуі мүмкін.
Егер ақша қаражаттары, дебиторлық қарыз және өндірістік-материалдық
қорлар біршама төмен деңгейлерде қолданып отырса, онда
төлемқабілетсіздіктің мүмкіндігі немесе рентабельді қызметті жүзеге асыруға
қаражаттардың жетіспеушілік мүмкіндігі бар. Таза айналым капиталының
деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым өтімділік тәуекелі азаяды. Әрине,
бұл байланыстың түрі неғұрлым күрделірек, себебі ағымдағы активтердің
барлығы бірдей дәрежеде өтімділік деңгейіне әсер етпейді. Бірақ өімділікті
жоғалту тәуекелін минимумға шығаратын айналым қаражаттарын басқарудың ең
қарапайым вариантын жасауға болады: ағымдағы активтер ағымдағы
міндеттемелерден неғұрлым көп болса, соғұрлым тәуекел дәрежесі төмен
болады; сонымен таза айналым капиталын өсіруге ұмтылу керек.
Пайда мен айналым капиталы деңгейінің арасындағы тәуелділік тым басқа.
Айналым капиталының төменгі дәрежесіндегі өндірістік қызмет дұрыс деңгейде
қамтамасыз етілмейді, бұдан шығатыны - өтімділікті жоғалту мүмкіндігі,
жұмыстың оқтын-оқтын тоқтатылуы және төмен түсім. Айналым қаражаттары
шамасының келесі жоғарлауы кәсіпорынның уақытша еркін, жұмыссыз ағымдық
активтерінің бар болуына және қаржыландырудың артық шығындалуына әкеледі,
ал бұл өз кезегінде пайданың төмендеуіне әкеледі. Осыған байланысты,
айналым қаражаттарын басқарудың жоғарыда көрсетілген тәсілі онша дұрыс
емес.
Сонымен, айналым қаражаттарын басқару саясаты өтімділікті жоғалту
тәуекелі мен жұмыс тиімділігінің арасындағы компроммисті қамтамасыз ету
керек. Бұл екі маңызды мәселені шешуге түйінделеді:
1. Төлем қабілеттілікті қамтамасыз ету. Егер кәсіпорын өз шоттарын
төлей алмағанда, міндеттемелерін орындамағанда және мүмкін
банкроттықты жариялағанда бұл шарттың бар болуы мүмкін.
2. Активтердің қажетті көлемін, құрылымын және рентабельділігін
қамтамасыз ету. Ағымдағы активтердің әр түрлі деңгейінің пайдаға
әр түрлі әсер ететіні белгілі. Мысалы, өндірістік-материалды
қорлардың жоғары дәрежесі сәйкесінше ағымдағы шығындарды талап
етеді, бірақ сонымен қатар дайын өнімнің кең көлемі келесіде
өткізу көлемі мен табыстардың көбеюіне әкелуі мүмкін. Ақша
қаражаттарының, дебиторлық қарыздың және өндірістік қорлардың
дәрежесін анықтаумен байланысты әрбір шешім, белгілі актив түрінің
рентабельділігі жағынан да, айналым қаражаттарының құрылымының
оптималды жағынан да қарастырылуы тиіс.
Жоғарыда көрсетілгендей, ағымдағы активтердің өтімділігі және қолайлы
тиімділігі көп жағдайда таза айналым капиталының деңгейімен анықталады.
Егер қысқа мерзімді қарыз айналым қаражаттарын жабудың көзі бола алмайды
деген түсіндірмеге сүйенсек, онда бұл көрсеткіш шамасы нолден макималды
шамаға өзгеретіні белгілі. Таза айналым капиталының нолдік шамасында
өтімділікті жоғалту тәуекелі максималды шамасына жетеді; бұл көрсеткіш
шамасының өсуіне қарай тәуекел азаяды. Теориялық тұрғыдан таза айналым
капиталы максималды шамасына қысқа мерзімді кредиторлық қарыз жоқ кезде
жете алады.Бұл жағдайда максималды шама
Ағымдағы активтедің құнына тең, ал өтімділікті жоғалту тәуекелі нолге
тең болады.
Қаржы менеджменті теориясында ағымдағы активтерді қаржыландырудың түрлі
стратегияларын анықтауға болады. Бұл менеджердің ағымдағы активтердің
өзгермелі бөлігін, яғни таза айналым капиталының салыстырмалы шамасыны,
жабу көзін таңдауына байланысты. Активтерді басқарудың төрт моделі белгілі:
□ идеалды;
□ агрессивті;
□ консервативті;
□ келісімді.
Қаржыландару стратегиясының моделін таңдау ұзақ мерзімді пассивтердің
шамасын анықтауға және ұзақ мерзімді пассивтер мен айналыстан тыс
активтердің арасындағы айырма болып табылатын таза айналым капиталының
шамасын есептеу негізіне сүйенеді (АтК=ҰмП-АтА). Сондықтан, әр стратегияға
базалық баланстық теңдей сәйкес келеді.
Есептеуге ыңғайлы болу үшін келесі шамалар енгізіледі:
АтА – айналымнан тыс активтер;
АА – ағымдағы активтер (АА=ЖБ-ӨБ);
ЖБ – ағымдағы активтердің жүйелі бөлігі;
ӨБ – ағымдағы активтердің өзгермелі бөлігі;
ҚмКқ – қысқа мерзімді кредиторлық қарыз;
ҰмҚк – ұзақ мерзімді қарыз капиталы;
МК – меншік капитал;
ҰмП – ұзақ мерзімді пассивтер (ҰмП= МК - ҰмҚк);
АтК – таза айналым капиталы (АтК = АА - ҚмКқ).
Идеалды модель ағымдағы активтер және ағымдағы міндеттемелер
категориясының мәнінде және олардың сәйкестілігінде құрылады. "Идеалды"
ұғымы бұл жағдайда оған ұмтылу керек бір идеалдың ұғымын білдірмейді, ал
тек экономикалық мағына тұрғысынан активтер мен оларды жабу көзінің
жиынтығын білдіреді. Модель ағымдағы активтер шамасы бойынша қысқа мерзімді
міндеттемелермен сәйкес келетінін, яғни таза айналым капиталы нолге тең
екенін білдіреді. Күнделікті өмірде бұл модель кездеспейді. Өтімділк
тұрғысынан ол ең тәуекелді болып табылады, себебі қолайсыз жағдайларда
кәсіпорын кредиторлық қарызды жабу үшін негізгі қаражаттардың бір бөлігін
сатуға мәжбүр болады. Бұл стртегияның мәні, ұзақ мерзімді пассивтер
айналымнан тыс активтер дәрежесінде тұрғызылуында, яғни базалық баланстық
теңдеу мынанадай болады:
ҰмП= АтА
Нақты кәсіпорын үшін айналым қаражаттарын қаржылық басқару
страьегиясының келесі үш моделі ең шындықты, жүзеге асырылатын болып
табылады. Олардың негізінде мынадай түсініктеме жатыр: өтімділкті
қамтамасыз ету үшін айналымнан тыс активтерді және ағымдағы активтердің
жүйелі бөлігін ұзақ мерзімді пассивтер жабу керек. Сонымен, бұл
модельдердің айырмашылығы ағымдағы активтердің өзгрмелі бөлігін қандай
қаржыландыру көздері таңдалатынында жатыр.
Агрессивті модель, яғни ұзақ мерзімді пассивтер айналымнан тыс активтер
мен ағымдағы активтердің жүйелі бөлігінің жабу көзі болып табылады. Бұл
жағдайда таза айналым капиталы дәл осы минимумға тең болады (АтК=ӨБ).
Ағымдағы активтердің өзгермелі бөлігі толық көлемде қысқа мерзімді
кредиторлық қарызбен жабылады. Өтімділік тұрғысынан бұл стратегия да
тәуекелді. Себебі нақты өмірде ағымдағы активтердің минимумымен шектелу
мүмкін емес. Базалық баланстық теңдеу мынандай түрде болады:
ҰмП= АтА+ ӨБ.
Консервативті модель ағымдағы аткивтердің өзгермелі бөлігі тағы да ұзақ
мерзімді пассивтермен жабатынын анықтайды. Бұд жағдайда қысқа мерзімді
кредиторлық қарыз жоқ, өтімділікті жоғалту тәуекелі жоқ. Таза айналым
капиталы шамасы жағынан ағымдағы активтерге тең (АтК=АА). Әрине, бұл модель
жасанды мінездемеде болады. Бұл стратегия ұзақ мерзімді пассивтердің келесі
берліген базалық баланстық теңдеу деңгейінде орнатылатынын мақұлдайды:
ҰмП= АтА+ЖБ+ӨБ.
Келісімді модель ең шындықты, жүзеге асырылуға мүмкіндігі бар. Бұл
жағдайда айналымнан тыс активтер, ағымдағы активтердің жүйелі бөлігі және
ағымдағы активтердің өзгермелі бөлігінің жартысы ұзақ мерзімді пассивтермен
жабылады. Таза айналым капиталы шамасы жағынан ағымдағы активтердің жүйелі
бөлігіне және өзгермелі бөлігінің жартысына тең болады (АтК=ЖБ+0.5*ӨБ).
Жеке кездерде кәсіпорын артық ағымдағы активтерге ие болуы мүмкін, бұл
пайдаға кері әсер етеді, бірақ бұл қажетті дәрежеде өтімділкті жоғалту
тәуекелін ұстап тұру үшін төлем болып табылады. Стратегия ұзақ мерзімді
пассивтердің келесі базалық баланстық теңдеумен қойылатын дәрежеде
болатынын талап етеді:
ҰмП= АтА+ЖБ+0.5*ӨБ.

Кәсіпорынның иелігіндегі ақша активтерін немесе ақша қаражатын басқару
жалпы айналым активтерін басқарудың бір бөлігі. Кәсіпорын жұмыс барысында
әрекет жасайтын қалдық ақша активінің көлемін, оның абсолюттік төлем
қабілеттілік деңгейін анықтайды, операциялық кезеңнің мерзіміне әсер етеді,
сондай-ақ белгілі мөлшерде оның инвестициялық мүмкіншілігін сипаттайды.
Кәсіпорынның салым ақшаларын қалыптастыру түрлі себептермен байланысты,
олардың негіздері оның қалдық ақша қаражатының жіктелуінде.
1. Операциялық ақша активтерінің 2. Сақтандыру ақша активтерінің
қалдығы қалдығы
Кәсіпорын салым ақшалырының түрлері
3. Инвестициялық ақша 4. Өтемдік ақша активтерінің
активтерінің қалдығы қалдығы
Сызба 2.3.1. Кәсіпорынның шетел банкілеріндегі салым ақшаларының
негізгі түрлері
Операциялық ақша активтерінің қалдығын қалыптастырудың мақсаты
кәсіпорынның өндірістік-коммерциялық жұмыстарымен байланысты, ағымдағы
төлемді қамтамасыз етуді қалыптастырады: шикізаттар, материалдар және
жартылай фабрикаттарды сатып алуға; еңбек ақыға, салық төлеміне; басқа
мекемелредің көрсеткен қызметтің төлеміне және т.б. Бұл қалдық ақша
активтерінің құрамының негізгісі болып есептеледі.
Сақтандыру ақша активтерінің қалдығы негізінен нарықтағы дайын өнімдер
конъюктурасының нашарлауына байланысты және операциялық жұмыстан ақша
қаражатының өз уақытында түспеуіне байланысты сақтандыру тәуекелдігін
қалыптастыруға қажет. Қалдықтың бұл түрінің қалыптасуы кәсіпорынның тұрақты
төлем қабілеттілігінің болуын ұстап тұруға, жекелеген қажетті қаржылық
міндеттемелерді төлеуге қажет. Бұл қалдық ақша активтері түрінің мөлшеріне
белгілі мөлшерде кәсіпорынның қысқа мерзімді қаржылық несие алу
мүмкіншілігі әсер ететді.
Инвестициялық ақша активтерінің қалдығы нарықтың жекелеген
сегменттерінде қолайлы конъюктура болуына байланысты тиімді қысқа мерзімджі
қаржы салуды қалыптастырады.
Қалдықтың бұл түрі нысаналықпен тек сол уақытта ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz