Аударманы оқыту әдістемесінің қазіргі кездегі өзекті мәселелері


РЕФЕРАТ
Жұмыстың тақырыбы: Аударманы оқыту әдістемесінің қазіргі кездегі өзекті мәселелері.
Жұмыстың көлемі: 70 бет
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 33
Жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады.
Жұмыста қолданылған әдіс-тәсілдер: Жұмыста салыстыру, салғастыру, сараптама жасау, талдау сынды тақырыптың өзектілігін ашуға ат салысатын тәсілдер қолданылды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Жұмыстың мақсаты бүгінгі күндегі аударманы оқыту әдістемесінің өзекті болып табылып отырған мәселелерін зерттеу, оған қатысты материалдар мен ақпараттарды жинастырып, белгілі бір жүйеге бағындыра отырып талдау жасау. Осы мақсаттан түрлі міндеттер туындайды. Ал жұмыстың міндеті осы талдау нәтижесінде шыққан тұжырымдарды ғылыми негізге сүйене отырып жанжақты баяндау, өзіндік қорытындылар жасау және оны мүмкіндігінше ғылыми айналымға енгізуге аз да болса үлес қосу болып табылады.
Жұмыстың мазмұны: тақырыптың өзектілігі талданып, қазақ аударма теориясының қалыптасу тарихы мен бағыттары қарастырылады. Олардың ішіндегі лингвистикалық бағыттың ерекшеліктері, аударма барысында мәдениеттер мен өркениеттердің диалогы ретінде қолданылу аясы аталып өтіледі. Осыған байланысты осы пәннің мүмкіндіктерін өзге де әдеби бағыттармен сатастыра, кешенді түрде оқыту арқылы аудармашыны дайындауда пән ретінде енгізудің маңызы жөнінде пікір айтуға тырыстық. Жүйелі білім беру кешенін жасауға негіз болатыны айтылды. Тілді аудармашыларды дайындау барысында оқытудың өзіндік ерекшеліктері болатынына және оны мәдениетаралық байланысты дұрыс орнату үшін лингвоелтану тұрғысында оқытудың маңызы туралы сөз болады. Сонымен қатар, аудармадағы ұлттық болмысты білдіретін лексиканы аударуды оқытудағы өзекті мәселелер де қамтылады.
Жұмыстың қорытындысы: Қазіргі кезде өзекті болып отырған аударманы оқыту әдістемесінің мәселелері кеңінен қарастырылып, 1-2 тарауда талданды. Қазақстанда аудармашыларды дайындау жұмысы қалай жүріп жатыр дегенде, аударма ісі мамандығын жанрлықтақырыптық жағынан жіктеу жұмыстары іске асуда. Қазақ аудармасының даму ерекшелігіне байланысты елімізде әдеби аударма жанры басымдықпен дамуда. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде өзге жанрларда да, сала бойынша аудармашы дайындау жұмыстары жүргізілуге тиіс болып отыр.
Жұмыста жиі кездесетін тірек сөздер: аударма әдістемесі, мәдениетаралық, теориялық мәселелер, аудармалық тәсілдер, құрылымдық-деңгейлік, бағыттар, түсіну, бірдейлілік, реалды, релевантты, және т. б.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе. . …… 3
1 Тарау : «Аударманы оқыту әдістемесіндегі жанрлық ерекшеліктер
және аудармашы ісәрекетін құрылымдықдеңгейлік
жүйеде ұйымдастыру» . . . 12
1. 1. Аударманы жанрлық жағынан жіктеу . . . 12
1. 2. Қазақстандағы аударманы оқытудың жанрлық бағыты . . . 15
1. 3. Аудармашыларды оқытудағы лингвистикалық бағыт . . . 23
1. 4. Аудармашыны әдеби және лингвистикалық әдістерді кешенді оқытуды құрылымдықдеңгейлік жүйеде ұйымдастыру мәселесі . . . 30
2 Тарау : «Аударма ісі мамандығында тілдерді мәдениетаралық
коммуникация аспектісі ретінде оқыту мәселесі» . . . 39
- 2. 1. Тіл - мәдениетаралық коммуникацияның негізгі кілті . . . …392. 2. Тілді лингвоелтану тұрғысынан оқыту422. 3. Ұлттық болмысты білдіретін лексиканы аударуды оқытудағы өзекті мәселелер. . …. . 47
2. 4. Аудармадағы лексикалық мәселелер. . ………. 53
Қорытынды . . 66
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . 70
КІРІСПЕ
Тақырыптық өзектілігі: аудармада теория, тарих бар болғанымен де, әдістеме маңызды орында тұр. Себебі, аудару машығын жаттықтыру үнемі, үздіксіз жұмыс болуы керек. Сонда ғана аудармашы аудару техникасын меңгеріп, машықтанады. Аудармашының дайындауда кешенді оқу әдісінің мәнмағынасын түсіндіре келіп, оларды оқытудың белгілі бір құрылымдықдеңгейлері болуы керек және оны ұйымдастыру аудармашы ісәрекетінің психологиялық, танымдық, әдеби, лингвистикалық қырларын ескере отырып жасалынуы қажет.
аударма техникасын жетілдіру, орыс тілінен қазақ тіліне аудару әдіс-тәсіл жүйесін жасау. Жұмыстың мақсаты: бүгінгі күндегі аударманы оқыту әдістемесінің өзекті болып табылып отырған мәселелерін зерттеу, оған қатысты материалдар мен ақпараттарды жинастырып, белгілі бір жүйеге бағындыра отырып талдау жасау. Осы мақсаттан түрлі міндеттер туындайды. Ал жұмыстың міндеті: осы талдау нәтижесінде шыққан тұжырымдарды ғылыми негізге сүйене отырып жанжақты баяндау, өзіндік қорытындылар жасау және оны мүмкіндігінше ғылыми айналымға енгізуге аз да болса үлес қосу болып табылады, аударма техникасын жетілдіру, орыс тілінен қазақ тіліне аудару әдіс-тәсіл жүйесін жасау.
Аударма - қай кезде де білімді, тәжірибені, кең ой-өрісті талап ететін күрделі іс. Аударманың үздік үлгілері бірқатар мазмұнды тілдік құралдармен дәл жеткізу ғана емес, бұл автордың жеке ерекшелігін, стильдік жүйесін, дәуірдің тарихи өзгешелігін терең түсіну нәтижесі. Аударма таным тұрғысынан қарағанда - бұл түсінудің түрлі сипаттық ауысымы. Түсіну - бұл әдеби шығармадағы және басқа рухани мәдениеттің басқа құбылыстарындағы мәтін мағынасын меңгеру. Түсіну - адамның жеке басының қызметі. Түсіну танымға қарағанда сана қызметінде кең ауқымда колданылады. Мәтінді түсіну дегеніміз оның мазмұнын меңгеру мақсатындағы адамның мәтінге зер салу тәжірибесі. Бұл тәжірибе бір мезгілде дербес және ұжымдық т. б. болуы мүмкін. Тілдік коммуникация жағдайында мәтінді түсінудің үш негізгі түрін бөліп атауға болады: диалог, мәтін, интерпритация.
Аударма - халықтар арасындағы сан-салалы байланысты қалыптастырып, дамытатын рухани қуатының маңыздылығын байқатады. Көркем аударма мәтінінде нақты да шынайы үйлестіру нәтижесінде балама, сәйкестік қалыптасады. Аудармашы аударма мәтінімен жұмыс барысында негізгі екі кезеңді талдау мен біріктіру кезеңін өткізеді. Мәтінге талдау жасаудың негізгі аудармашының оны түсінуімен тығыз байланысты. Негізгі түпнұсқа мәтінін аударма тілмен жеткізе білу - екінші кезеңдегі жұмыс.
Сөзді түсіну - белсенді үрдіс, ілеспе аудармада тыңдаушының күрделі қызметінің нәтижесі. Бұл көп жағдайда көркем аудармада да ерекше рөл атқарады. Аударманың баламалық сәйекстікке жетпеуі, көркемдік дәрежесінің төмендігі сөз мағынасын түсінбеуден туады. Ал, ілеспе аударма кезінде сол мезеттегі сөз бірліктерін, тілдік құрылымды (лексика, синтаксис, фонология, т. б. ) дереу есте сақтап, тез ұғынып, қайта жеткізу оңай емес. Түсіну ұғымы көркем шығарманың композициялық құрылымымен толық танысудан басталады. Оның барлық тілдік жүйесін меңгеріп алу өте ыждаhаттылықты қажет етеді. Негізгі түпнұсқа тіл мен аударма тілінің семантикалық құрылымының бірлігін сақтау - табанды еңбекқорлық белгісі. Көркем шығарманы түсініп аудару - аударма психологиясындағы басты үрдіс. Аударма сәттілігі - мәтінді дұрыс, айқын түсіну, бар көркемдік, мағыналық, эстетикалық сипатымен қабылдау. Аудармаға «адамзат қатынасының негізгі бір мәселесі, өзара рухани қарым-қатынас пен түсініктік жолы» (Жан Франсуа Жоли) деп айрықша сипаттама берген.
Көршілес халықтардың бірін-бірі танып, біліп бір-бірімен жақындасуы, қарым-қатынас жасауы үшін көркем аударманың маңызы зор. Аударма көркемдік жағынан неғұрлым жоғары сапалы, барынша дәл, баламалық қуатымен аударылған жағдайда ол бір елдің құнды мұрасынан екінші елдің рухани қазынасына айналады. Сондықтан түпнұсқаны түсініп аудару ұғымының аясында төл туындының авторына, оның шығармасына құрмет сезімі жатыр.
Жақсы аудармашы алдымен кітапты бірнеше рет қайталап оқиды, жалпы мазмұнын ғана емес, көркемдік элементтерін, стильтік ерекшелігін, сөз саптау тәсілін ойға терең тоқиды. Сол шығарма туралы зерттеулер, сын-пікірлерді оқу артық болмайды. Автордың бір ғана аударылатын кітабымен шектеліп қалу аз. Барлық шығармашылығын біліп, мұқият танысып, жазушының әдебиеттегі алатын орынын, әдеби ағымын, шығармадағы оқиғаларды тарихи әлеуметтік жағдайын, сол кезеңдегі қоғамдық құрылыс жүйесін, т. б. ерекшеліктерін білгеннен аудармашы ұтылмайды. Осы тақырыптағы басқа туындыларды салыстыра қарап шығу - аударманың сапалы шығуының кепілі. Кітаптағы кейіпкерлер жүйесі, олардың мінез-құлықтары, ойлары мен сезімдерін аудару барысында түпнұсқадағы мәтінді жіті қарап, түсініп аударып шығудан бөлек, әрбір сөздің өзі зер салуды қажет етеді. Сөз - киелі де жүйелі өнер. Аудармада орнын таппай, олақ қолданылған сөз көркемдік, танымдық, тағылымдық, эстетикалық әсері мен эмоциялық реңкімен айырылады. Аудармашының әр сөзге сақ, ұқыпты қараудан бастап, тұтастай мәтінді түсініп аударудың түйіні - басқа тілдегі көркем туындының өз ұлтының игілігіне, кәдесі жарауының жарқын кепілі.
Аударма - ұлттық және әлемдік мәдени үрдістердің бастапқы нышандарының бірі. Бұл арқылы ол белгілі бір халықтың және онымен қарым-қатынастағы басқа да елдердің әр дәуірдегі мәдениеттің тарихи және ұлттық ерекшеліктері саналады.
Аударма адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде тарихи түрде туындайды. Сол дәуірдің талабына, шартына сәйкес қоғамдық - мәдени жәе басқа үрдістермен бірге тарихи дамудан өтеді. Аударма - нақтылы тарихи үрдіс. Аудармада сыртқы және ішкі күрделі өзара байланыс қалыптасады. Ұлттық және интернационалдық, халықтық және жалпыхалықтық ерекшелік аударма қызметінде бір-бірімен тығыз байланыстағы күрделі диалектикалық бірлікті құрайды. Аударма - бұл байланыстардың таза сыртқы түрі емес, ұлттық және интернационалдық ерекшеліктің диалектикалық бірлігі ретінде оның ең түпкі негізіне қаланған.
Аударма ұлттық пен интернационалдық ерекшеліктің аралығындағы өзіндік көпір саналады. Бұл, бейнелей айтсақ, бір халық мәдениетінің басқа халықтар мәдениетімен, бір ұлттық тілдің басқа елдер тілімен дәнекерлесуі, жақындасуы, өзара байланыс жасауы.
Аударма - бір халықтың рухани құндылығын басқа халықтың игілігіне айналдыру, аударма - ұлттық мәдениетті өзара жақындастыратын, байланыстыратын әрі бір-біріне ықпал жасайтын халықаралық шара. Әр ұлттық мәдениет өзінің алдындағы мәселелерді шеше отырып, дүниежүзілік мәдени қазынаға өзінің үлесін қосады, барлық халықтар үшін мән-маңызға ие болатын туынды жасайды. Мәдени салада үлкен халықтарды кіші халықтармен байланыстырады, халықтардың өзара ұлттық тілін, сөздік қорын дамытуға, байытуға мүмкіндік туғызады.
Аударманың қоғамдағы алатын рөлі әлеуметтік мәдени қызмет қатынасы жағынан өте ұланғайыр. Бұл рөл аударманың әралуан халықтардың рухани ісіндегі сабақтастықтың шынайы қатысуынан байқалады. Сабақтастық ұғымы аударманың өзіне де тікелей қатысты, үздік аудармашылық дәстүрлерді, ұстанымдары, ашылымдарды, жетістіктерді жете меңгеруді және олардың аударма шығармаларында қолданылуын айқындайды. Аудармадағы сабақтастық әртүрлі аудармашылық шешімдердің өзара қабаттасып келу өзгешелігінен өзге ұлт әдебиетінің үздік туындыларын өз ұлтының шығармасындай қабылдануға аудармашылар буынының қосқан үлесін, жасаған еңбегінің саны мен сапасының, жинақтаған тәжірибесін, ізденіс сырларын, шеберлік қырларын терең танып, білумен астасады.
Әр аудармашының дербес ұлттық қолтаңбасы бар, ондағы ең бастысы - аударма әдебиеттің бағыттарын басшылыққа алатын ұлттық аударма мектебінің нышандары. Сабақтастық тек қана аудармашылық дәстүрлер мен даму тұжырымдарын меңгеру ғана емес, сонымен бірге жаңашылдық. Мұның өзі де үлкен ізденіспен, шындалған шеберлік, толысқан тәжірибемен қалыптасары анық.
Аударманы ғылыми көзқарас тұрғысында оның саяси, ғылыми, коммуникативтік, эстетикалық және қоғамдық талаптары , оның қасиетін айқындап көрсетпейінше, әлеуметтік те, мәдени де үрдіс деп түсінуге болмайды.
Ежелгі дәуірден күні бүгінге аударма адамзат дамуының түрлі кезеңдерінде әрқилы формаларында адамзат қатынастарының әрқилы сатыларында халықтардың бір-бірімен араласу жағдайларында білім мен өнерде, діни мерекелерде, соғыстарда, сауда мен тұрмыста қолданылды. Аудармасыз мемлекет арасындағы саяси қатынас жүзеге асуы мүмкін емес. Аударма көмегімен қоғам, халық және жекелеген адамдар өздерінің шынайы мәдени, рухани, ғылыми және басқа қажеттіліктерін өтей алады. Әлемдік мәдениет дамуын аударма әдебиетсіз елестетуге болмайды. Әртүрлі тілдік кедергілерді жеңе отырып, түпнұсқалық шығарма жаңа тілдік болмысқа ие болумен бірге, екінші бір тілге дәл, дұрыс, сәтті, сәйкес түрде аударылу арқылы басқа халықтың әлеуметтік және мәдени дамуына ықпал ететін, оның білімінің, сезім дүниесі мен мәдениетінің, тәжірибесінің, тілінің, тұрмысының деңгейінде рухани күшке айналдырады.
Аударма жасау - ұлттық тіл байлығының көрсеткіші ғана емес, сол халықтың тілінің мәдениетімен, мәдени тілмен таныстыру үрдісі. Ал мәдени тіл дегеніміз - мемлекеттік тіл мәртебесін алған, өркениеттің жоғары деңгейіне жеткен халық тілі.
Демек, аудармашы мәдениеті тіл мәдениетін, сөз мәдениетін айрықша құрметтеу сипатынан аңғарылады. Ол шығарма аударатын тілдерге қандай қатысты болса, аударманы жүзеге асыратын өзінің ана тіліне де соншалықты қатысты.
Аудармашы мәтіннің бүкіл құрылымын терең түсінбей, жете сезінбей, оны ойдағыдай аудара алмайды. Көркем мәтінге тұжырымды талдау жүргізіп барып, содан кейін аударуға кіріскен жөн. Әр сөйлемнің грамматикалық, синтаксистік, құрылымдық ерекшеліктеріне жіті көңіл бөлумен бірге, әр сөздің лексикалық мағынасын, стилистикалық қолданылу жүйесін, логикалық байланасын айқын түсіну - аударманың сапалы шығуының негізі. Түсініктілік - аударма шығармашылықтағы ең басты психологиялық, логикалық ерекшелік.
Амал не, көп аудармашылар кейде түпнұсқа мәтініндегі ойды түсінбей, басқаша бұрмалап, өзгертіп жібереді. Кейде еркіндік шеңберінен шығып, стильді бұзады, сөздер қосады немесе негізсіз қысқартады, алып тастайды. Әрине, еріктен шығып кеткен мұндай еркіндік түпнұсқаны түрлендіріп, «гүлдендіруге» қызмет етпейді, түптеп келгенде түпнұсқаны бүлдіру болып табылады. Түпнұсқаның рухында қалып қоймау да қажет, оған өзгерту жасауға да болмайды.
Аудармашы авторды әрлеп өңдемейді, түзетпейді. Қажет жағдайда ескертпе, түсініктеме береді. Түпнұсқадағы бар дүние ана тілінің қазанында қайнатылады. Қазіргі заманғы шынайы аударма түпнұсқаның стилі мен мәнерін сақтап, мәтіндік сәйкестіктегі баламалыққа жетуге күш салады. Мұндай табысқа жету үшін аудармашы аударылатын шығарма тілін жетік білгендей, өзінің туған тілін де барынша жетік, терең білгені жөн.
Аударма екі ел ортасындағы достықтың арқауы болып қана қоймай, ұлттық әдебиеттің, мәдениеттің дамуына үнемі өз септігін тигізіп отырады деген ойдың мәні бар. Бірақ, көркем аударманы зерттеу мәселесінің ашылмаған қырлары көп.
«Казахстан на нынешнем рубеже исторического развития находится в ситуации масштабного информационного запроса. Проблемы интенсивного социального, политехнического, культурного, экономического, духовного развития народа Казахстана сегодня и в ближайшей исторической перспективе вынесли на первый план вопросы состояния Переводческого дела в республике» (1; 5)
Бүгінде аудармаға деген сұраныстың артуы - аудармашылардың жоғары деңгейдегі дайындықтан өткен, маманданған болуына деген талапты күшейтті. Себебі аударма айтылған немесе жазылған мәтінді екінші тілде қайталап қана беру емес, ол тіларалық, мәдениетаралық күрделі үрдістерді қамтиды және осыған орай арнайы дайындықтан өткен мамандарды қажет етеді. Осы жағдай жоғары оқу орындарына аударма саласында қажетті біліммен қаруланған мамандар дайындау міндетін қояды.
Ғалымдар пайымдауына қарасақ, А. В. Федоровтың айтуынша: «Аударма - тіл білімінің де, әдебиеттің де кейбір жерлеріне келгенімен, бұл жалпы филологиялық ғылым» (2; 210) . Г. Гачечиладзенің айтуынша: «Жалпы лингвистикалық теория бізге тілдік бірліктердің заңын береді, аудармашыға оны білу шарт, ал жеке лингвистикалық теориялар екі тілдің сәйкестік заңын анықтайды, тіпті көркем аудармада да үлкен көмегін тигізеді» (3; 125)
Яғни, көркем аударма әдебиеттану саласына жақын, сонымен бірге оның кейбір амалдары, аударма барысында қолданылатын әдістәсілдері тілдік тұрғыдан да түсіндіріледі. Әдеби байланыстарды дамыту мәселесі өте өзекті мәселелердің бірі. Еліміздің тәуелсіздік алуы, әлемдік қауымдастыққа енуі - рухани саладан да осындай қадамдарды күтеді. Себебі, қазақ әдебиетінің басқа әдебиеттермен байланысы - оның мәдениет, өркениет деңгейінің қаншалықты кеңігенінің көрсеткіші десе де болады. Сондықтан да аударманы жанжақты зерттеумен қатар, оны оқыту мәселелерін да қарастыру маңызды сұрақтардың бірі.
Кеңес үкіметінің құлағанынан бері аударма ісі мамандығының бұрынғы мектебі көптеген өзгерістерге ұшырап, аудармашылық мектептің инфраструктурасы да көптеген шетелдің білім жүйесінің жаңалықтарымен толыққаны белгілі. Аударма ісі мамандығын оқыту әдістемесі де оны өзге тұрғыларда зерттеуге байланысты көптеген өзгерістерге ұшырады. Мұның барлығы жаһандану кезеңінде тәуелсіздік алған Қазақстан үшін тез арада және сапалы дәрежеде аударма ісінің мамандарын дайындау әдістемесін жасау мәселесін қойды. Сондықтан да қазіргі кезеңде, Аударма ісі мамандығын оқыту әдістемесі туралы сөздің қозғалуы орынды және актуалды.
Жұмыстың зерттелу деңгейі : Жұмысты жазу барысында аударматану саласы бойынша жазылған, тақырыпқа қатысты маңызды әдебиеттерді мүмкіндігінше қамтуға тырыстық. Атап айтқанда, отандық авторлардан Әуезов М. , Есембеков Т., Жаксылыков А. Ж., Тарақов Ә. С., Әлімқұлов T., Сатыбалдиев Ә., Талжанов С., Букетов E., Ипмағанбетов Ә., Ашимханова С., Алдашева А. М., сынды аударма саласының көрнекті зерттеушілерінің еңбектерін негізге алдық және де кейбір әдіс-тәсіл мәселелерін Л. Мұсалының «Аудармашының кәсіби машығы» деп аталатын әдістемелік құралына сүйендік. Ал шетелдік және Ресей авторларынан Федоров А. В., De Waard J., Nida E. A., Лилова А., Швейцер А. Д., Комиссаров В. Н., Цвиллинг М. Я., Гачечиладзе Г., Орилон П., Гарбовский Н. К. сияқты зерттеушілердің теориялық еңбектері басшылыққа алынды.
Қалай дегенде де, аударма үрдісінде қабілет-таланттың орны ерекше. Тіл білгеннің бәрі аудармашы болып шықпайды. Нағыз талант - аударма өнеріне шыңдап берілген, соның ыстығына күйіп, суығына тоңған, оны өзінің шығармашылық мұраты санайтын туындыгер тұлға. Аудармашы таланты - сирек талант. Ақын-жазушылық қабілетпен қоса еселенген талант тәржімашыға тән ерекшелік.
Мазмұнына шолу жасап өтер болсақ, аударма ісінің мамандарын дайындау әдістемесі туралы сөз қозғалғанда, ең алдымен, аудармашыны Қазақстанда қалыптасқан үлгіде дайындау керек пе, оның бағыты қандай және ол қазіргі заманда аудармаға қойылатын талаптарға сай келе ме? Шетелдік тәжірибені қолдану қандай деңгейде жүру керек және оны пайдалану барысында ұлттық ғылым саласының жетістіктерімен қалай синтезделуі қажет деген де сұрақтары да туындайды. Сонымен қатар, аударманы оқыту әдістемесіндегі тілді оқыту да өзекті сұрақтардың бірі. Тіл категориясы аударма пәнінің негізгі және маңызды компоненттерінің бірі ретінде оны жай шетел тілі ретінде лингвистикалық бағытта ғана оқыту дұрыс па деген заңды сұрақтар туындайды. Тілді аударма ісі мамандығы аясында оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, көркем аударма барысында ұлттық болмысты білдіретін лексиканы аудару үшін жай ғана грамматикалық категорияларды білу аздық етеді. Сонымен қатар, көркем символдар, мақалдар мен мәтелдер, фразеологиялық тіркестер түпнұсқаның маңызды мағыналық жүк артып тұрған негізгі бірліктері болғандықтан, оларды аударуды да аудармашы мамандығына маманданушы студентіне оқытудың ерекшеліктері мол.
Аудармашы жұмысы қазіргі кезеңде күрделі психологиялық, әлеуметтік, әдеби, тілдік үрдістерді немесе салаларды қамтитын қызмет. Аударманың осы сынды көптеген аспектілерін жанжақты талдап, түсіндіретін отандық және шетелдік оқулықтар мен монографиялар жеткілікті. Олар әртүрлі елдерден, атап айтқанда, Ресейден, АҚШтан, Канададан, Франция, Германия сынды аударма салалары жоғары деңгейде дамыған елдердің авторларының оқулықтары. Аударма теориясы тәжірибенің негізінде жинақталатындықтан, аталған елдердің аударма тәжірибелері әртүрлі салалар мен жанрларды қамтиды, сондықтан, олардағы аудармаға қойылатын релевантты талаптар да әртүрлі болып келеді. Сол себептен, аударма саласында жазылған еңбектер, мысалы, Ресейде көркем аударманың релевантты талаптары ретінде лингвистика саласы есептелсе, Канадада аударманың ресми түрі жақсы дамыған, ал АҚШта аударманың психологиялық аспектілерімен қатар, өзге салалармен қарымқатынасы туралы еңбектер көп.
Аталған бағыттардағы еңбектерді аудармашы студентке жүйесіз оқыту шашыранды білім әсерін береді. Оларды қалай жүйелеу керек деген сұрақ аударманы оқыту әдістемесінің актуалды сұрақтарының бірі. Осыған орай, аудармашы еңбегін немесе ісәрекетін құрылымдықдеңгейлік жүйеде ұйымдастыру жұмысын жүзеге асыру маңызды. Құрылымдықдеңгейлік жүйе тек аударма саласына ғана қатысты емес. Бүгінде кезкелген ғылым, білім салаларында ісәрекетті осындай тәсілді қолдана отырып ұйымдастыру нәтижелі болып отыр. Аударма саласында бұл әдіс аударманың әдістәсілдерін жүйелі түрде деңгейдеңгеймен оқытуға пайдалы ұйымдастырушы күш болар еді. Аталған дипломдық жұмысымызда біз аударманы оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері ретінде осы сынды сұрақтарға жауап беруге тырыстық.
1 Т А Р А У
Аударманы оқыту әдістемесіндегі жанрлық ерекшеліктер және аудармашы іс-әрекетін құрылымдық-деңгейлік жүйеде ұйымдастыру
- Аударманы жанрлық жағынан жіктеу
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz