Тапсырма шарты


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1) Кіріспе

2) Тапсырма шартының түсінігі мен элементтері.

3) Тапсырма шартының нысаны.

4) Тапсырма шартының тараптары.

5) Тапсырма шартының мазмұны

6) Тапсырма шартын тоқтату.

7) Тапсырма шарты бойынша құқық мирасқорлығы.

Кіріспе

Тапсырма шарты бойынша бір тарап (сенім білдірілген өкіл) екінші тараптың ( сенім білдірушінің ) атынан және соның есебінен белгілі бір заңды іс-әрекет жасауға міндеттенеді.

Тапсырма қатынастары «таза » тапсырма аясында да және өзге шарттық қатынастар аясында да өмір сүре алады. Тапсырма кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалар арасында бірқатар заңды іс - әрекеттер атқаруға мүмкіндік береді және дәл осындай жағдайларда ғана « классикалық » тапсырма шартының өмір сүруі туралы айтуға болады.

Тапсырма шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерін қарастырайық. Сенім білдіруші сенім білдірілген өкілдерге аталған талаптарға сәйкес қажетті нұсқаулар беруге міндетті. Мұндай нұсқаулардың нысаны жазбаша да ауызша да бола алады. Тәжірибеде жазбаша тапсырма шартын бекіту тек сенімхат та белгілі бір шамада сенім білдіруші нұсқауларының мазмұнын түсінуге көмектесе алады.

Сенім білдіруші нұсқаулар берумен қата, сенім білдірілген өкілді тапсырманы орындау үшін қажетті қаражат пен де қамтамассыз етуге міндетті. Сенім білдірілген өкіл егер тапсырманы орындау үшін қажет болатынның бәрімен қамтамассыз етілмесе, тапсырманы орындауға кіріспеуге құқылы болады.

Тапсырма шартының түсінігі мен элементтері.

Тапсырма өзі арқылы өкілдік қатынастары қамтамассыз етілетін негізгі құқықтық нысандардың бірі болып табылады. Тапсырма шарты өкіл мен өкілдік етілетін тұлғаның ( сенім білдірілген өкіл мен сенім білдірушінің ) ішкі қатынастарын рәсімдейді, сирек жағдайларды қоспағанда, онсыз шарттық өкілдік мүмкін емес. Қызметтік тапсырмалардың заңдық табиғаты жеке құқық докторинасының кеңінен дамуын ескергенде жалпы тапсырмаға өте ұқсас болады.

Тапсырма өкілдік пен қатар қызмет көрсету бойынша міндетті туындата алады. Қызмет көрсету элементінің өкілдіктің өзінен ерекшелігі, біздің ойымызша құқықтық реттеудің жеке пәні болып сол бір немесе өзге салады арнайы білімдерге көрсетілетін кәсіптенген қызметтердің сапасына қойылатын талаптардың белгілі бір жиынғының болуында. Тапсырманың қызмет көрсетуімен ара қатынастылығын әсіресе заңдық қызмет көрсету бойынша, соның ішінде сотта сенім білддірушінің құқықтары мен мүдделеріне өкілдік етумен байланысты қызмет көрсетудің мысалынан жақсы көруге болады. Сенім білдірілген адвокат шартталған талаптарды жүзеге асыру жолымен сенім білдіруші атынан материалдық іс жүргізушілік құқықтарды немесе міндеттерді алған бөлігінде тапсырма элементтері орын алады. Адвокат қызметінің сандық және сапалық параметрлері - қызмет көрсету элементі болып табылады.

Тапсырмамен қызмет көрсету элементтері өзара әр түрлі ара қатынаста болады. Кейбір жағдайларда тапсырма қызмет көрсетулерден басым болады және қызмет көрсету элементтерімен күрделенген тапсырма шарты туралы сөз қозғаған жөн. Бсқа жағдайларда, керісінше қызмет көрсету негізгі болып табылады ( Өтелмей қызмет көрсету шарт ), ал тапсырма тек шекті түсінікте орын алады.

Біз тапсырмамен қызмет көрсетудің сол бір немесе өзге ара қатысы шарт сипатын өзгертетінін білеміз. Тапсырма дәстүрлі түрде сенім білдірілетін шарт ретінде қарастырылған. Құқықтарды иеленушінің (азаматтың) өз атынан құқықтармен міндеттерді алуды басқа тұлғаға сеніп беруге тәуекел етуі өзінің негізгі бөлігінде осы тұлғаға білдірілген жоғары дәрежедегі сеніммен байланысты. Дәл осы сенім тапсырма негізі болып табылады. Бұл ақысыз тапсырма шартында ерекше айқын білінеді. Тапсырма қатынастарына заңды тұлғалар қатысқан кезде сенім туралы сөз қозғалмайды. Тапсырма механизмі тек өзінің сыртқы көрінісі бойынша ғана әрекет етеді. Бұл орайда сенім білдірілгенді таңдауда қателескен нақты лауазымды тұлғаның (еңбеке шарты бойынша, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес) жауапкершілігі және қлданылатын сақты шаралары орын алуы мүмкі. Заңды тұлғалар арасында кәсіпкерлік тапсырма шарттарын бекіту кезінде бүтіндей және толығынан кәсіпкерлік қауыптерді (тәуәкелдерді) есепке алу орын алатын болады.

Ақылы тапсырма шартында да сенім маңызды болады. Қатынастардың сенім білдірушілік сипаты белгілі бір дәрежеде сенім білдірілгеннің сыйақы алуымен жасырылады.

Біздің ойымызша, сенімнің екі түрін ажыратуға болады. Тапсырма өзінің бастапқы түрінде жеке сенім білдірушілік сипатқа ие. Ол құқықтық аспектіде көрінбегенмен, дәл сол туысқандық фактісі, жақын достық қатынастар және басқа да соған ұқсас қатынастар сенім негізі болып табылады. Әрине мұндай сенімнің тұрақсыз болып қалмайтындығына кепіл жоқ.

Жеке сенімге қарағанда, кәсіпкерлік айналымға басымды түрде тәуеклге негізделген сенім орын алады. Мұндай сенім болашақ сенім білдірілетін өкілдің тұрақты іскерлік беделінен және сенім білдірілетін өкілдің тұрақты іскерлік беделінен және сенім білдірілуші оның құқықтарына иелік етумен, қоғамдағы құқықтық тәртіптің жалпы жай -күйімен және азаматтардың заңға бағынуының орташа дәрежесімен мүмкіндік ала отырып сенім білдірушінің мүдделеріне зиян келтіруге ниеті болмауға тиіс сияқты логикамен негізделеді. Сенімнің осы екі түрі арасындағы тәжірибелік айырмашылық неде деген сұрақ туындайды. Бір тұлға кәсіпкерлік мәміледе бір уақытта екі тұлға атынан сенім білдірілген өкіл ретінде шыққан жағдайда жауап айқын болады. Егер бір тұлға сенім білдірілген өкілге және сенімде, ал екіншісі - басымды түрде тәуекелге негізделген сенімде болса, онда мәміле жасаудың кейбір жағдайларында бұл тараптардың біріне залал келтіруі мүмкін (сірә сенімі тәуекелге негізделген тұлғаға) және сол себептен тапсырманың осы екі түрінің бір уақытта орын алуына жол берілмейді деп танылуға тиіс.

Ақылы қызмет көрсету басым болатын шартта сенімнің орны өте елеусіз болып табылады, онда кәсіпкерлік міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершіліктің барлық кешенді шараларын қолдану мүмкіндігімен кәдімгі тауарлы ақша қатынасы көбірек көрініс табады.

Жоғарыда айтылғанды жинақтай келе, тапсырма шарты арқылы сенім білдірушінің атынан және соның есебінен заңды іс-әрекеттер жасайтын сенім білдірілген өкілдің қызметі қамтамассыз етіледі деп қорытындылауға болады. Сенім білдірілген өкіл мен жасалған мәміле немесе өге заңды іс-әрекеттер бойынша құқықтар мен міндеттер сенім білдірушіде туындайды.

Тапсырма шарты сенім білдірілген өкіл жасауға тиіс іс-әрекеттерді анықтау үшін арналады.

Тапсырма шартының нысаны.

Тапсырма шарты жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Тұрмыстық (кәсіпкерлік емес) тапсырма шарты жалпы ереже бойнша ақысыз болып табылады. Тапсырма шарты шарттың бір немесе екі тарабымен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты болған жағдайларда, ол жалпы ереже бойынша ақылы болып табылады. Тапсырма шарты консенсуалды шарт. Ол оның мәнді жағдайы бойынша келісімге сәттен бастап бекітілуі деп есептеледі. Оның мәнді жағдайы болып шарт пәні туралы жағдай табылады.

Тапсырма шартының тараптары.

Сенім білдіруші және сенім білдірілген өкіл табылады. Тапсырма оған азаматтық құқықтық қатынастар субъектілерінің кеңінен қатысу мүмкіндігімен сипатталады. Тапсырма қатынастарына қатысудың критерийі болып әрекет қабілеттілік табылады. Тапсырма шартына 14 жастан 18 жасқа дейінгі ішінара әрекет қабілеттілігі бар азаматтардың қатысуы жоққа шығарылмайды. Олардың осы құқықтық қатынастарға қатысуының тәжірибе жүзіндегі мүмкіндігі елеулі түрде шектелетін болады. Кәмелетке толмағанның ата-анасы (асырап алушысы), қамқоршысы кәмелетке толмағанның өз бетінше беруге тапсырма беруіне келісе қоюы неғайбыл. Кәмелетке толмағанды сенім білдірілген өкіл и ретінде таңдап алу да күдік туғызады, өйткені сенім білдіруші кәмелетке толмағанға тапсырма берген кезде аса жоғары тәуекелге (қауіпке) тап болады. Ішінара әрекетке қабілетті тұлғалардың қатысуымен тапсырма шартының заңдық құрылымының мүмкіндігінің өзі күдік келтірмейді.

Заңды тұлғалар тапсырманы бере де алады, орындай да алады. Жалпы ереже бойынша коммерциялық емес заңды тұлғалардың сенім білдірушілері үшін коммерциялық өкілдікті жүзеге асыратын сенім білдірілген өкілдер ретінде шығуға жол берімейді. Олар өздеріне рұқсат етілген коммерйиялық қызмет кезінде коммерциялық өкілдер бола алады.

«Белгілі бір іс-әрекеттерді жасау жөніндегі тапсырма коммерциялық ұйымдардың қызметін басқару аясында да орын алуы мүмкін. Мәселен, 5- мамыр 1998 жыл ҚР-ң «Жауапкершілігі шектелген және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңымен серіктестік қатысушысының өз өкіліне жалпы жиналысқа қатысуды, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуды және шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруді тапсыру мүмкіндігі көзделген (42-бап) . Осындай құқық акционерлік қоғамның акционеріне де беріледі (10-маусым 1998 жыл ҚР-ң «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 56-бабы) . Акционердің өкілі жиналыста дауыс беруге қатысад, солайша ол акционерлік қоғамның шешім қабылдауына ықпал етеді . . . »

Тапсырма шартының пәні болып атериалдық емес қызмет көрсетулер табылады. Сенім білдірілген өкіл қызметінің нәтижесі заттық нысанда бола алмайды. Ол тұлғаның материалдық немесе іс жүргізушілік құқықтарының пайда болуы, өзгеруі, тоқтатылуы арқылы көрініс табады.

Тапсырма пәнінің өзі сенім білдіруші беретін нұсқаулар арқылы анықтала алады. Бірақ сенім білдірушінің нұсқаулары мен тапсырма пәні бұл бірдей түсініктер деуге болмайды. Нұсқаулар сенім білдірілген өкілдің қызметінде және сенім білдіруші қол жеткізуге тлпынған нәтижені де қамтуы мүмкін. Құқықтық нәтиже сонымен бірге тапсырма пәнінің аясынан шығып кетеді. Тапсырма пәні сол бір немесе өзге нәтижеге бағытталған әрекеттердің өзін ғана түсінген жөн.

Бұған қоса нұсқаулар сенім білдірілген өкіл жасауға тиіс іс-әрекеттерді жалпы түрде анықтай алады. Ол түпкілікті мақсатқа сүйене отырып, оларды түзете алады. Яғни алдын ала көзделмеген іс- әрекеттерді жасап, керісінше жоспарланған іс-әрекетті жасамауы мүмкін. Ең басатысы, бұл орайда жасалатын іс- әрекеттер сенім білдірушінің нұсқауларына қайшы келмеу керек, оларды нұсқауларға нұсқауларға қайшы келеді деп тануға да болмас. Тапсырма пәнін осылайша түсіну сенім білдірілген өкіл шарт бойынша ол арнайы білімдер немесе дағдыларды меңгеруге байланысты таратылғанда ерекше маңызды болады.

Осы айтылғанға сүйене отырып, тапсырма пәнін не нақты іс - әрекеттер қызмет көрсетулер, не толығымен анықталған деп атауға болмайтын қызмет көрсетулер құрайды деген қорытынды жасауға болады. Олардың қатарын, шектерін тапсырма шартының құқықтық мақсатына сүйене отырып белгілеуге болады.

Шарт пәні анықталған сенім білдірушінің нұсқаулары нақты заңды және жүзеге асырыла алатын болуға тиіс. Нақтылық, бірінші кезекте, сенім білдіруші қол жеткізуге ұмтылған құқықтық нәтиженің толық айқындылығын білдіреді. Мысалы, сенім білдіруші үшін мүлікке абстрактілі мүліктік құқықты алып беруге қатысты тапсырма беру мүмкін емес. Сенім білдірілген өкілге қандай заттық құқықтық немесе қандай міндеттемелік құқық туралы сөз болып отырғандығы көрсетілуге тиіс (сенім білдіруші тиісті заңдық құрылымдарды білмеуі мүмкін деген оймен-ақ) . Бұл айтылған ой-сенім білдіруші үшін құқықты баламалы таңдау мүмкіндігін беру беру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Мұндай жағдайда белгілі бір құқықтық механизмнің көмегімен қол жеткізуге ұмтылатын ісжүзіндегі нәтиже туралы түсініктер нақты болуға тиіс (яғни жасалатын мәмілелердің шығындалу дәрежесі және т. б) .

Тапсырманың заңдылығы азаматтық құқықта тұрақтанған заңдылықтың жалпы позициялары тұрғысынан бағалануға тиіс . Сондықтан тапсырма аясында жасалатын іс-әрекеттер жария құқықтың да, жеке құқықтың да белгіленген нормаларына қайшы келмеуге тиіс.

Олар азаматтық құқықтың негізгі басатуларына - саналылық, әділеттілік азаматтық құқықтың негізгі бастауларына қайшы келмеуге, құқықты теріс пайдалану сипатында болмауға, басқа тұлғалардың және қоғамның мүдделеріне зиян келтірмеуге тиіс.

Біздің ойымызша, заңдылықпен жүзеге асырыла алушылық өзара тығыз байланысты түсініктер. Жалпы алғанда, заңды болып табылатынның бәрі жүзеге асырыла алады. Бұл үшін мемлекет тиісті құқықтық «инфрақұрылымды» құрады. Сирек жағдайларда құқықтық мүмкіндік пен тапсырманы іс жүзінде жүзеге асыра алу арасында алшақтық орын алуы мүмкін, бұл өз нәтижесінде сенім білдірілген өкілге заңды іс-әрекеттердің толық кешенін сенім білдіруші пайдасына жасауға мүмкіндік бермейді. Мысалы, сенім білдірілген өкіл тауарды шалғайда жатқан (жетуге қиын) жерден шығару шартымен сатып алу сату шартын бекіту мүмкін, бірақ тауарды шығара алмауы мүмкін. Біздің ойымызша, егер тараптардың келісімімен өзгеше көзделмесе, мұндай тапсырма жалпы жүзеге асырыла алмайтын деп танылуға тиіс. Тараптар қалыптасқан жағдайға сүйене отырып, тапсырма шегін тек сатып алу сату шартын бекітумен ғана шектей алады.

Кейбір жағдайларда заңды іс-әрекеттердің (жүзеге асырыла алмайтындығын жүзеге асырыла алмаушылықтың қатаң формалдылығы туралы сөз болып отыр) жіңу мақсатымен әдейі берілуі мүмкін. Мысалы, белгілі бір тұлға (потенциялды мұра қалдырушы) іс түссіз жоқ болып кетті. Сенім білдіруші (мұрагер бола алатын) мұрагарлік құқықтық қатынастарға түскісі келіп, мұрагарлікпен байланысты белгілі бір іс-әрекеттерді нақты тұлғаға өзінің сенім білдірілген өкіліне тапсырғысы келеді. Жоғарыда аталған тұлғаның алу фактісін сот анықталғанға дейі мұраға алу жүзеге асырыла алмайды. Бірақ тапсырма барлық іс-әрекеттерді жасауға -тұлғаны өлді деп жариялаумен байланысты. Ерекше өндірісте сенім білдірушіні білдіруге және оның мұрагерлік құқықтарын жүзеге асыруға беріле алады.

Тапсырма шартының мазмұны.

Сенім білдірілген өкіл өзіне берілген тапсырманы сенім білдірушінің нұсқауларына сәйкес орындауға тиіс. Тапсырманың орындалуының нұсқауларға сәйкестігін немесе сәйкес еместігін түсіну, көбіне сенім сенім білдірілген өкілдің жеке басына байланысты болады, яғни ол кәсіптенген бе әлде тұрмыстық тапсырманы орындаушы ма. Бірінші жағдайда жоғарыда атап өткеніміздей, нұсқауларға сәйкес келу тиісті нұсқауларға қайшы келмеушілік ретінде қабылдануы мүмкін. Тұрмыстық тапсырма кезінде сенім білдірілген өкілмен жасалатын іс-әрекеттердің сенім білдірушінің нұсқауларына дәлме-дәл сәйкес келуі туралы айтқан орынды болар. Екі жағдайда да сенім білдірілген өкіл сенім білдіруші қайсысына қол жеткізуге тілек білдірсе, сол құқықтық нәтижеге қол жеткізуге тиіс.

Сенім білдірілген өкіл сенім білдірушінің нұсқауларынан тек ерекше жағдайларды ғана шалыс кетуге құқылы. Оларға тапсырманы бастапқы түрінде орындауды мүмкін емес қылатын кезек күттірмейтін жағдайлардың туындауы жатқызылатын болады. Мысалы, сатып алу туралы тапсырма берілген ауыл шаруашылық машиналарының белгілі бір модификациясы сатылып кеткен болса, бірақ егер сенім білдірілген өкіл өз жауабын бермесе, сатылып кеткен деп тұрған басқа модификациясы қалған болса. Бұл туралы сенім білдірушіден шұғыл түрде рұқсат сұрауға онда мүмкіндік жоқ, бірақ ауыл шаруашылық машиналар мерзімді жұмыстарды атқару үшін аса қажет . Осы жағдайда сенім білдірілген өкіл сатып алу туралы шешім қабылдауға құқылы және ол дұрыс заңды қадам жасалды деп есептелді.

Сенім білдірілген өкіл өзіне берілген тапсырманы өзі орындауға міндетті. Тапсырманы өзі орындау міндеттілігі тапсырма шартын өтелмелі қызмет көрсету шарттарынан ерекшелендіреді. Заңда көзделген жағдайларда сенімді басқа тұлғаға қайта беру мүмкін болады. Бұл орайда сәйкес келетін сәттер болғанмен де сенімді басқа тұлғаға орындауды тапсырудан біршама ерекшеленеді.

Сенім білдірілген өкіл, егер бұл шартта көзделген болса, тапсырманы орындауды басқа адамға (орынбасарға) беруге құқылы. Тапсырманы орындауды басқа адамға беру құқығы шартпен көзделмеген жағдайда, сенім білдірілген өкіл тапсырманы орындауды егер осыған сенім білдірушінің мүдделерін қорғау мақсатындағы мән-жайлармен мәжбүр болса, орынбасарға тапсыра алады.

Орындау сенімін басқа адамға ауыстырған бойда сенім білдірілген өкіл бұл туралы сенім білдірушіг, дереу хабарлауға міндетті. Сенім білдіруші, шартта мұндай орынбасардан бас тартуға құқылы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тапсырма шартының түсiнiгi мен элементтерi
Тапсырма шарты консенсуалды шарт
Тапсырма шарты туралы
Рим құқығындағы міндеттемелер мен шарттар
Комиссия шартын тоқтату
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
Комиссия шартының түсінігі мен элементтеріне жалпы сипаттама
Модульмен берілген теңдеулер жүйесін шешу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША КОМИССИЯ ШАРТЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Тасымалдау шарттың түсінігі мен жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz