Жауын – шашынның ластануы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жауын - шашынның ластануы

Кіріспе

Атмосфералық ауа - атмосфераның табиғи газдарының қоспасы болып табылатын қоршаған ортаның маңызды компоненнтерінің бірі. Атмосфералық ауаның ластануы - атмосфералық ауаға ластаушы заттардың түсуі немесе онда зиянды (ластаушы) заттардың гигиеналық және экологиялық нормативтерінен артық концентрацияда шоғырлануы.

Алматы қаласы Қазақстан бойынша ауасы айтарлықтай лас қала болып табылады. Ластаушы көздер ЖЭС, автокөліктер және өндірістік орындар болып табылады.

Алматы қаласын ластаушы көбінесе автокөліктер болып табылады, атмосфераға жылына 185 мың тонна ластаушы заттар тасталынады, ал соның ішінде 161мың тоннасы автокөліктерге келеді. Алматы қаласының ластануына орналасқан жеріде әсер етеді, үш жақтан тау қоршап жатыр, атмосфераның жоғарғы қабатында инверсия қабаты пайда болғандықтан ыстық және лас ауа жан-жаққа тарай алмайды, сондықтан таудан келетін салқын ауа қаланың үстімен ағып өтіп алыс жерде түседі. Атмосфераның ластануы адам ағзасына әсер етеді, тыныс алу жолдары арқылы пайда болатын ауруларға әкеліп соқтырады.

Ластаушы заттардын тасталынатын көздері

Алматы қаласын ластайтын ірі көздер болып автокөліктер, ЖЭС және өндіріс орындары болып табылады. Автокөліктерге 80 %, ал өндіріс орындарына 20% келеді. Яғни атмосфераға 230 мың ластаушы зат тасталынса автокөліктерге 190 мың, ал өндіріс орныдарына 3 мың, ЖЭС-на 23 мың, тұрғын үйлерге 16 мың тонна келеді. Алматы қаласында жыл сайын автокөліктер саны өсуде, 2007 жылы 557 мың автокөлік болса, ал 2010 жылы 800 мың автокөлікке өскен.

Алматы қаласының физико-географиялық сипаттамасы

Алматы қаласы Тянь Шань таулы жүйесінің Іле Алату таулы қыратының етегінде орналасқан. Жергілікті жердің рельефі көбіне тегіс болып келеді, кей жерлері биік емес жоталардан тұрады.

Алматы қаласы жазықтықта орналасқан, теңіз деңгейінен биіктігі 800 м болады. Таудан Іле өзеніне қарай, оңтүстіктен солтүстікке жазықтық біртіндеп тқмнедейді. Оңтүстіктегі таулы жоталар біртіндеп үлкейіп Іле Алатау қыратына жалғасады, ол батыстан шығысқа қарай созылып жатыр. Қыраттың ең биік жері қаладан оңтүстікке қарай ыраттың ең биік жері қаладан оңтүстікке қарай 30 км қашықтықта орналасқан. Таулы қыраттың Таулы қыраттың негізгі биік жерлері: оңтүстік шығысқа қарай Мохнатая Сопка (2300 м) 15 км қашықтықта, оңтүстік оңтүстік шығысқа қарай Күмбел (3150 м) 18 км қашықтықта, оңтүстік шығысқа қарай Тұйық су мұздығы (3400 м) 24 км қашықтықта, оңтүстік шығысқа қарай Пик Комсомол (3584 м) 20 км қашықтықта, оңтүстікте Үлкен Алматы көлі (2500 м) 20 км қашықтықта орналасқан. Тау шыңдары мәнгі қар жамылғысымен жамылған.

Кіші алматы өзені өзендердің ішінде маңыздысы, ол қаланың шығыс бөлігінен оңтүстіктен солтүстікке қарай ағып өтеді. Биік таулы жоталар альпі өсімдіктерімен және тяньшань шыршаларымен жамылған, одан төмен жабайы өсімдіктер, жеміс жидек ағаштары өседі. Қаланың солтүстік жағы далалы аймақ болып табылады, одан ары қарай Мойынқұм шөлді аймағы жалғасады.

Топырағы - қара топырақ кей жерлері қйыршық тасты болып келеді. Грунт суы 15 м тереңдікте жатыр.

Алматы қаласы бойынша сынама алатын бекеттер

Ластаушы заттардын сипаттамасы

СІ - алғаш рет хлорды 1774 ж. швед химигі К. Шееле тұз қышқылымен MnO 3 -ге әсір етіп алад. Хлор - сары жасыл түсті, өткір иісті, аудан 2, 5 ауыр газ. Балқу температурасы - 101 0 С, қайнау температурасы - 34, 1 0 С. Судың бір көлемінде2, 5 хлор ерид. 0 0 С кезінде хлор сумен кристалгидраттар CI*nH 2 O түзеді. Хлор өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Ол металдарды ағартуда, ағартқыш әк, тұз қышқылын алуда, сондай-ақ ауыл шаруашылығы зянкестеріне қарсы күресте пайдаланатын заттарды алуды, ауыз суын тазалауда қолданылады.

Cu - жер қыртысында мыстың мөлшері 0, 01% массаны құрайды. Ол саф күйінде және көбінесе, қосылыстар түрінде кездеседі. Мыс ашық қызғылт түсті жылтыр металл тұтқыр жеңіл созылады. Балқу температурасы 1083 0 С. Тығыздығы - 8, 9 г/см 3 . Электр тогын жаксы өткізеді. Құрғақ ауада және кәдімгі температурада мыс өзгермейді. Өйткені қосылыстын қорғаныш қабықшасымен қапталады, оның құрамы ауадағы қоспа заттарға тәуелді. Адам үшін мыстың барлық тұздары улы. Мыс қосылыстарын өсімдіктердің зиянкестеріне және саңырауқұлақтарға қарсы күресте қолданады.

Са - кальций көп таралған элементке жатады, жер қыртысындағы құрамы бойынша ол бесінші орында, оның массалық үлесі - 3, 4%. Табиғатта кальций қосылыстарын кез-келген жерде кездестіруге болады: кальций тұздарынан таулы массивтер және сазды тау жыныстары түзілген, ол теңіз және өзен суларының өсімдік және жануар организімдерінің құрамына кіреді. Адам организімінде 1 кг-ға дейін кальций болады. Кальций - күмістей ақ түсті жеңіл металл. Оның тығыздығы (1, 55 г/см 3 ) сілітілік металдардын тығыздығына жақын. Кальцидің ауамен әрекетесуі нәтижесінде түзілген оксид қабықшасымен лезде қапталады сондықтан оны сілтілік металдар сияқты керосин қабатының астында сақтайды. Кальций - едәуір қатты металл балқу температурасы 840 0 С.

Алматы қаласы бойынша ион концентрациясын 5 жыл ішіндегі өзгерісін салыстыру

жыл
ж. ш. мөлшері мм
SO4
Cl
NO3
Ca
жыл: 2005 ж.
ж. ш. мөлшері мм: 607, 4
SO4: 6, 24
Cl: 3, 29
NO3: 1, 46
Ca: 3, 03
жыл: 2006 ж.
ж. ш. мөлшері мм: 724
SO4: 5, 89
Cl: 3, 17
NO3: 1, 85
Ca: 2, 53
жыл: 2007 ж.
ж. ш. мөлшері мм: 650, 8
SO4: 11, 4
Cl: 2, 13
NO3: 1, 25
Ca: 4, 21
жыл: 2008 ж.
ж. ш. мөлшері мм: 530, 9
SO4: 9, 19
Cl: 2, 57
NO3: 3, 73
Ca: 4, 12
жыл: 2009 ж.
ж. ш. мөлшері мм: 750, 4
SO4: 7, 08
Cl: 2, 33
NO3: 2, 08
Ca: 2, 69

Алматы қаласы бойынша микроэлемент концентрациясын 5 жыл ішіндегі өзгерісін салыстыру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
2005 жылғы жауын - шашынның ластануы
2010-2012 жылдары аралығында атмосфералық жауын-шашынның химиялық құрамының өзгеруі
Геожүйенің ластауындағы техногендік факторлар анализі
Экологиялық проблемалар және қышқылдық жауындардың пайда болуы
Қышқылды жаңбырдың қоршаған ортаға әсері
Қышқылдық жаңбыр
Қазіргі уақыттағы глобальды экологиялық проблемалары
Қышқыл жауын-шашындар мен фотохимиялық смог
ЕРТІС ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Экологиялық мониторингтің міндеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz