Ресей Федерациясының Орталық Азиядағы геостратегиясы (1991-2009)


ӘЛЬ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ
МАГИСТРАТУРА
Халықаралық қатынастар және Қазақстан Республикасының сыртқы
саясаты кафедрасы
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ГЕОСТРАТЕГИЯСЫ (1991-2009)
Орындаған : Жапсарбаева А. «» 2010ж.
Ғылыми жетекші: т. ғ. д. доцент Сапанов С. Ж. «» 2010ж.
Қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі: т. ғ. д. доцент Сапанов С. Ж. «» 2010ж.
Алматы 2010
МАЗМҰНЫ
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 3
КІРІСПЕ . . . 4
1 РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ГЕОСТРАТЕГИЯСЫ . . . 12
1. 1 Ресей Федерациясының сыртқы саяси ерекшеліктері: мақсаты, негізгі бағыттары . . . 12
1. 2 Ресей Федерациясының сыртқы саясатының ресурстары мен басымдылықтары және Орталық Азиядағы сыртқы саяси стратегиясы . . . 22
1. 3 Ресейдің Орталық Азиядағы геосаяси мүдделері . . . 34
2 РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ: ЭКОНОМИКА, ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ, ҚАУІПСІЗДІК . . . 49
2. 1 Ресей мен Орталық Азия мемлекеттері қатынастарының құқықтық негізінің қалыптасуы . . . 49
2. 2 РФ мен ОА арасындағы саяси-экономикалық ынтымақтастық . . . 55
2. 3 РФ мен ОА арасындағы қауіпсіздік және тұрақтылық мәселелері . . . 80
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 95
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 98
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Осы диссертацияда төмендегідей шартты белгілер мен қысқартулар пайдаланылған:
ААҚ - Ашық акционерлік коғам
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
АТҚҚ - Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылым
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
ЕурАзЭҚ - Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық
КСРО - Кеңес Социалистік Республикалар Одағы
ҚР - Қазақстан Республикасы
ОА - Орталық Азия
РФ - Ресей Федерациясы
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ҰҚШҰ - Ұжымдық Қауіпсіздік Шартты Ұйымы
ШЫҰ - Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы
ШӘҰК- Шұғыл әрекет ететін ұжымдық күштерді
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста XX ғасырдың 90-шы жылдары мен XXI ғасырдың алғашқы онжылдығы аралығындағы Ресей Федерациясының Орталық Азияға қатысты саясатының мақсаттары, бағыттары мен геостратегиясы зерттелінген. Сонымен қатар Ресейдің Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелеріне байланысты ұстанымы және саяси-экономикалық қатысуы қарастырылған.
Тақырыптың өзектілігі. Кеңес Одағының ыдырауы жаһандық және аймақтық қатынастардың жүйесінде терең өзгерістер әкелді. Еуразиялық құрлықтың орталығында жаңадан бес тәуелсіз мемлекеттердің - Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстанның пайда болуы жаңа халықаралық-саяси аймақ - Орталық Азияның қалыптасуына бастама болды. Орталық Азия аймағының әрбір егеменді мемлекетінің стратегиялық мақсаттары халықаралық қатынастар жүйесінің субъектілері ретінде әлем мемлекеттерімен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен тығыз байланыс орнату болды.
Әлемдік қоғамдастық өмірінің барлық жақтарын қамтуға бет алған жаһандану жағдайында және жаңадан қалыптасып келе жатқан көптүрлі әлемдік жүйенің дамуында Орталық Азия аймағы геоэкономикалық тұрғыда маңызды орын алуда. Жаңа мыңжылдықтың басынды аймақтың геосаяси және геостратегиялық жағдайы арта түсті. Соның негізінде аймақ халықаралық саясаттың негізгі тақырыптарының біріне айналып, халықаралық қауымдастық назарында ерекше орынды иеленуде. Жаңа аймақ көршілес елдер және халықаралық қатынастардың ғаламдық акторларының қызығушылықтары тоғысатын аумақ пен сыртқы саяси әрекеттестіктегі нысанға айналды. Орталық Азия елдерінің тәуелсіздік алғаннан кейін жаһандық және аймақтық акторлардың жіті назарына ілігуінің негізі мынандай факторлармен түсіндіріледі:
Біріншіден , Орталық Азия өңірі Еуразияның кіндігінде орналасуы арқылы алып құрлықтың едәуір бөлігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке ықпал ететін стратегиялық маңызға ие болып отыр.
Екіншіден , Орталық Азия аймағы шетелдік тауарларды өткізудің жаңа нарығы және инвестиция құю ортасы болып табылады, ал бұл фактордың маңызы орта-азиялық елдердің келешекте әлемдік саудаға тартылуы барысында тіптен арта түспек.
Үшіншіден , Орталық Азия аймағы түрлі тараптармен байланыстыратын транзиттік қуатқа ие.
Төртіншіден, орта-азиялық аймақ әлемдік мәні бар бай табиғи ресурстар қорына, энергетикалық және минералды шикізат көздеріне ие болуына байланысты тартымды.
Бесіншіден, орта-азиялық аймақ қазіргі кезде энергетикалық фактордың есебінен тек қана экономикалық емес, сонымен қатар геосаяси маңызға ие, демек әлемдік державалар аймақтағы экономикалық қатысуларының нәтижесінде өз ұстанымдарын бекітуде. Қызығушылық танытып отырған негізгі әлемдік акторлардың қатарында - АҚШ, Қытай, Еуропалық Одақпен қатар ірі мемлекеттер тізіміндегі Ресей Федерациясы да емеурін танытып отыр.
Кез келген елдің тарихында өмірдің өз дамуының стратегиясын түбегейлі қайта қарау туралы шешім қабылдауға мәжбүрлейтін белгілі шекке келетін сәттері болады. Әдетте, бұлай, не алдыңғы стратегиялық курс өзін тәмамдатқан, не терең қате болып шыққан кезде болады. Нақ осындай шекте бүгінгі Ресей де тұр. Бұның басты себебі көбірек айқын болып келе жатқан өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында алынған сыртқы саяси курстың құлдырауы болып табылады. Бұл курстың берік негіздері ельциндік Ресей КСРО тарағаннан кейін бірден «ұлттық республикалардың жүгінен» босатылу бойынша саясатты жүзеге асыра бастаған кезде қаланды. КСРО тарағаннан кейін басталған ресейлік тарихтың кезеңін Ресейде мемлекеттік биліктің бүкіл жүйесі құлап, ал сол кездегі халықаралық қарым - қатынастар жүйесіндегі Мәскеудің позициясы түбегейлі әлсіреген кезде XVII ғасырдың басына ұқсас «күңгірт уақыт» деп атауға барлық негіз бар. Бүгінде Медведев-Путинның Ресейі қайтадан қарқынды өзгеретін әлемде өз орнын іздеу мәселелерімен ұшырасты.
Ресейдің Орталық Азияға қатысты жүргізген посткеңестік саясаты өне бойы тұрақты түрде өзгеріске ұшырап отырды: аймақ мемлекеттерін толығымен елемеу саясатынан (ХХ ғ. 90 жж. байқалды) құрылымданған қарым-қатынастар негізінде өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға бағытталған саясатқа дейін. Соңғы жылдардағы аймақтағы Ресейдің белсенділігіне қарамастан әлі де нақты қалыптастырылған, бірізді стратегия байқалмайды. Соған қарамастан Ресейдің Орталық Азиядағы саясаты бірқатар өзара тәуелді факторлардың әсеріне байланысты қалыптасуда.
Бірнішіден, посткеңестік кеңістікте қалыптасқан тұрақты қатынастардың айтарлықтай эрозиясы. Ортақ кеңестік өткен шақтың факторлары мемлкеттердің жаңа саясаттарының қалыптасуында шешуші ролін жоғалтуда. Орталық Азияның бірқатар мемлекеттері үшін, әсіресе Өзбекстан, Түрікменстан, Ресеймен одақтас қатынаста болу «табиғи» басымдылық болудан қалуда. Осы жағдайда Ресей мұндағы ықпалы үшін табанды түрде күресуге мәжбүр.
Екіншіден, әр түрлі күштердің ықпалы мен күшін тепе-теңдікте ұстауға бағытталған «көпвекторлы» саясат барлық орта-азиялық мемлекеттердің саясатында уақыт өткен сайын айқын көрініс табуда. Соның ішінде, бұл көпвекторлылық тарихи таңдаудың «шешімсіз» қалып отырғанында емес, керісінше, ОА мемлкеттерінің нақты «кіммен» болатынын шешуге ұмтылмайтындығында жатыр. Яғни, барлық бағытта максимум пайда таба отырып, барлық күш орталықтарымен белсенді диалог жүргізу.
Үшіншіден, соңғы он жылдықта Ресей мен Орталық Азия мемлекеттерінің басын біріктіретін халықаралық ұйымдардың қайта құруы орын алуда. ТМД көз алдымызда қауқарсыз түрде бөлшектеніп, құлдырауда. ТМД-ның экономикалық қызметі біртіндеп ЕурАзЭҚ-қа көшуде, ал әскери-саяси құраушысы ҰҚКҰ мен ШЫҰ құзіретіне өтуде.
Төртіншіден, Орталық Азияда ҰҚКҰ мен ШЫҰ арасында ынытмақтастық емес, керісінше, бір білінер-білінбес бәсекелестік байқалуда. Саяси байланыстар мен «ынтымақтастықтың иделогиясы мен риторикасының» танымды құрылымы ШЫҰ аясында байқалса, нақты әскери байланыстар, ұжымдық қорғаныс инфрақұрылымының қайта құрылуы ҰҚКҰ аясында жүзеге асуда.
Бесіншіден, Ресейдің өзі 2000 жылғы сыртқы және әскери саясатының басымдылықтарын қайта қарастыруда. Егер де 1990 жылдары Ельциндік Ресей өзін жаһандық емес, ішкі мәселелерге назар аударған аймақтық держава ретінде анықтаса, қазіргі онжылдықта уақыт өткен сайын Ресей Еуразияда ғана емес, бүкіл әлемдік деңгейде шешуші саяси шешімдерді қабылдауға ұмтылушы жаһандық держава рөліне оралуда.
Аталған факторлардың Ресейдің болашақта аймақ мемлекеттеріне қатысты әр біреуінің мүдделерін ескеретін прагматикалық, бірізді және қалыптасқан жағдайға сай саясат қалыптастуруға итермелеу мүмкіндігін көрсетеді.
Қазіргі таңда Ресейдің негізгі геосаяси белсенділігі артып отырған аймақтардың бірі - Орталық Азия. Алдыңғы қатарлы әлемдік державалардың қатарына оралу үшін Еуразияның жүрегі болып табылатын осы аймақта өз басымдылығын орнату арқылы бұрынғы ықпалын қайтару Ресейдің бірінші қатардағы мақсаты болып табылады. Терең экономикалық интеграция арқылы саяси бірігуге жол аша отырып, жаңа кезеңде және жаңа үлгіде Ресейдің басшылығымен Еуразияда геосаяси құрылым құруға үлкен талпыныстарын байқауға болады.
Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде жаңа кезеңге аяқ басқан Орталық Азия өңірі геосаяси және геоэкономикалық ерекшеліктеріне қарай әлемнің ірі мемлекеттерінің назарын аударған стратегиялық маңызды аймаққа айналды. Дегенмен Орталық Азиядағы жағдайлардың қай бағытта дамитындығы Ресейдің осы аймақтағы мемлекеттерге қатысты жүргізетін саясатына тікелей байланысты болатыны анық.
Аймақтағы қауіпсіздік және экономикалық алға жылжудың кепілдігі ретінде Ресейдің Орталық Азия мемлекеттеріне қатысты саясатына көз жіберіп, қазіргі жағдайын талдап, болашағына ден қою аса маңызды әрі өзекті болып отыр.
Диссертациялық зерттеу жұмысының мақсаты XX ғасырдың 90-шы жылдары мен XXI ғасырдың алғашқы онжылдығы аралығындағы Ресей Федерациясының Орталық Азияға қатысты стратегиясын жүйелі әрі кешенді түрде зерттеу. Жаһандық бәсекелестік заманында Ресейдің даму стратегиясына және Орталық Азияға қатысты ұстанымына жан-жақты талдау жасау және даму үрдістерін анықтау.
Аталмыш мақсатқа жету үшін арналған деректік материалдарға сүйене отырып, диссертациялық зерттеу жұмысы төмендегідей нақты міндеттерді шешуді көздейді:
- Ресей Федерациясының сыртқы саяси ерекшеліктерін, сыртқы саясатының ресурстары мен басымдылықтарын және Орталық Азиядағы сыртқы саяси стратегиясын толық зерттеп ашып көрсету;
- Ресейдің Орталық Азиядағы геосаяси мүдделерін, қатынастарының құқықтық негізінің қалыптасуын саралау;
- РФ мен ОА арасындағы саяси-экономикалық ынтымақтастығын қарастыру;
- Ресей Федерациясының Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси концепцияларын зерттеудің нәтижесінде Ресейдің орта-азиялық бағытының ерекшеліктерін жан-жақты талдау;
- Ресей Федерациясының Орталық Азия мемлекеттерімен өзара қарым-қатынасы мен ынтымақтасуының ерекшеліктерін сараптау.
Зерттеу жұмысының нысаны - Ресей Федерациясының Орталық Азия аймағына қатысты сыртқы саяси бағыты.
Зерттеу жұмысының пәні - Ресей Федерациясының сыртқы саясаты және Орталық Азия.
Диссертациялық жұмыстың хронологиялық шеңбері XX ғасырдың 90-шы жылдары мен XXI ғасырдың алғашқы онжылдығы аралығын қамтиды. Алайда кейбір жағдайларда мәселені жіті түсіндіру үшін алдыңғы кезеңдерге сүйену қажет болды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазіргі кезде автордың белгілеуі бойынша қарастырылып отырған тақырыпта кешенді түрде зерттеу жұмысы жүргізілмеген. Зерттеулер көбінесе Ресейдің Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы, екіжақты және аймақтық ынтымақтастық түрлі аспектілері, жекелеген мемлекеттер шеңберінде жүргізілген. Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша қарастырлып отырған диссертациялық жұмыс жаңа зерттеу жұмысы болып табылады.
Диссертациялық зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу жұмысында пайдаланған деректер шеңбері өте ауқымды. Сондықтан оны ішнара бірнеше топқа бөліп қарастырдық.
Деректердің бірінші тобын Ресей Федерациясының және Орталық Азия елдерінің конституциялары, заңдары, сыртқы саяси концепциялары, ұлттық қауіпсіздік доктриналары, бағдарламалық құжаттары құрайды [1-11] . Көрсетілген деректер тобы Ресейдің Орталық Азияға қатысты стратегиясын, сыртқы саясатының құқықтық және концептуалдық негіздерін анықтауға мүмкіндік береді.
Деректердің екінші тобына Ресей Федерациясы және Орталық Азия елдері арасындағы екіжақты қарым-қатынастар негізін қалайтын және оларды реттеуші құқықтық келісім-шарттар енеді. Еңбекте Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы және жекелеген мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін мынандай келісім-шарттар зерттелінген: экономика, өндіріс саласындағы кең көлемді ынтымақтастықты дамыту туралы, достық, өзара көмек және серіктестік туралы келісім шарттар [12-43] .
Деректердің үшінші тобына Ресей Федерациясы мен Орталық Азия елдерінің мемлекет басшылары, мемлекет қайраткерлері, белгілі бір ресми жауапкершілігі бар жеке адамдардың еңбектері, сөйлеген сөздері мен сұхбаттары жатады [44-49] .
Зерттеу жұмысында қолданылған деректердің төртінші тобын Қазақстанның, Ресейдің шығыстанушыларының, Орталық Азия елдері саясаттанушы, тарихшы ғалымдардың зерттеулері мен монографиялары құрайды.
Деректердің бесінші тобына зерттеу жұмысының тақырыбына тікелей байланысты мәселелерді қамтушы бұқаралық ақпарат құралдарының, мерзімдік басылымдардың және ақпарат агенттіктерінің және Ресейдің Орталық Азиядағы қатысуын, аймақ мемлекеттері арасындағы саяси-құқықтық, әлеуметтік- экономикалық қатынастарының негізін көрсететін статистикалық мәліметттер мен ресми ақпараттық анықтамалықтар құрайды.
Деректердің алтыншы тобына халықаралық саясаттағы теретиктердің еңбектерін қамтиды. Оларда халықаралық аренадағы Ресей Федерациясының ықпал ету рөлі және Орталық Азия аймағының алатын орны мен маңыздылығын көрсету арқылы, Ресейдің сыртқы саясатын және аймақ елдерімен қарым-қатынасын зерттеу барысында түрлі концепциялар мен әдіс-тәсілдер ұсынылған.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Әлемдік жаһандану жағдайындағы Ресей Федерациясының Орталық Азияға қатысты стратегиясын, саясатын зерттеу және оны жүйелі түрде талдау қоғамдық ғылымдар үшін өте өзекті мәселелердің бірі екені анық. Бүгінгі таңда Орталық Азия мемлекеттерімен тарихы ортақ және тағдырлас Ресейдің Кеңес Одағы күйрегеннен кейін Орталық Азияда жүргізген саясаты мен ынтымақтастық мәселелері бірқатар зерттеушілердің еңбектеріне арқау болды. Бұл ретте осы мәселеге байланысты көптеген отандық және шетел ғалымдары зерттеу жүргізіп, қалам тартуда. Бұл еңбектер зерттеу жұмысының теориялық негізіне айналды және тақырыптың мәнін аша түсуге айтарлықтай жәрдемдесті.
Пайдаланылған еңбектер қатарында алдымен ҚР Президенті және қазақстандық дипломаттардың еңбектерін айтуға болады. Мысалы, Н. Назарбаевтың еңбектері еліміздің егемен ел ретінде ішкі және сыртқы саясатын қалыптастырып, даму бағытын қарастырған. Оның ішінде Ресейдің Орталық Азия елдерімен қатынастарының дамуы, ынтымақтастығы, Қазақстанның Ресеймен өзара тиімді экономикалық, саяси, достық, әріптестік байланыстарды дамытудың қажеттілігі баяндалады [50-55] .
Қазақстанның егемен ел ретінде сыртқы саяси бағыттарын айқындауы, оның халықаралық қауымдастыққа толыққанды мүше ретінде кіруі және Қазақстан - Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қатынастарының дамуын, Орталық Азиядағы Ресейдің геосаясатын Қ. Тоқаевтың еңбектерінде қарастырады [56-60] .
Сонымен қатар жұмыстың тақырыбын ашуда Орта Азияның республикалары басшыларының еңбектері де пайдаланылды. Олардың қатарында И. Каримовтың[61], С. Ниязовтың [62] еңбектерін атап өтуге болады.
Қазақстандық дипломаттармен саяси қайраткерлердің де зерттеу еңбектері тақырыпты ашуға, зерттеуге өз септігін тигізді. Олардың қатарында Т. Мансуров [63], А. Арыстанбековаларды [64] атап өтуге болады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар және Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты кафедрасының ұжымдық монографиясын да айта кету керек. Профессор Ж. У. Ибрашевтың жетекшілігімен жазылған еңбекте авторлар Ресейдің Орталық Азия республикаларына қатысты саясатын баяндай келе, Қазақстан-Ресей арасындағы қарым қатынастардың дамуы аймақ елдері арасында ынтымақтастықты тереңдетуге жәрдемдесетін интеграциялық фактор бола алатындығына күмәндануға болмайды” - дейді [65] .
Профессор К. Қ. Қожахметов Қазақстанның сыртқы саясаты төңірегіндегі кейбір мәселелерге арналған бірнеше мақалалары бар. Солардың бірінде ғалым: “Қазір Кіндік Азияны ядролық қарусыз аймақ деп жариялау керек. Оған ең алдымен Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Монғолстан қосылар деген үміттемін” …ол “құрылса, оның игілігін көптеген халықтар көрері сөзсіз” қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Орталық азия мемлекеттері Ресей мен тығыз қатынаста болу керек - деп түйіндейді [66] .
Профессор К. Е. Байзакова, Ф. Т. Көкеева, М. Ш. Губайдуллина, К. Н. Макашева, С. Ж. Сапанов, И. А. Черныхтың [67-71], жетекшілігімен жазылған еңбекте авторлар Ресей мен Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығын, жаһандану үрдісіндегі Қазақстанның аймақ елдерімен және оның ішінде Ресей мен қатынасты тереңдетуге жәрдемдесетін интеграциялық факторларға терең тоқталады.
Отандық зерттеулер ішінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстандық Стратегиялық Зерттеулер Институтының (КИСИ), Халықаралық Экономика және Саясат Институтының (ИМЭП), Қазақстан Республикасы Ғылыми Академиясының Шығыстану Институты ғылыми қызыметкерлері және басқа да отандық ғылыми зерттеу институттарымен орталықтар, жоғарғы оқу орындарының тарихшы, саясаттанушы ғалымдары Қ. Сұлтанов, М. Нарибаев, С. М. Ашимбаева, А. Ж. Шоманова, С. Абдулпаттаев, Л. М. Музапарова, М. Т. Лаумулин С. Кушкумбаев, Д. А. Сатпаев, С. М. Акимбеков[72-99] сынды Қазақстандық зерттеулер негізінен бірқатар басылымдарда жарық көрген еңбектерінде Ресейдің Орталық Азиядағы геостратегиясын, Орталық Азиядағы геосаяси жағдайды, Қазақстанның аймақ елдерімен ынтымақтастығын, Орталық Азиядағы халықаралық аймақтық ұйымдардың қызметін қарастырады және Орталық Азиядағы 11 қыркүйек оқиғасына дейінгі және кейінгі геосаяси жағдай, Ресей мен Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы жолында кедергі келтіруші нақты мәселелер жан-жақты сарапталып, Ресейдің сыртық саяси басымдылықтары Орталық Азия мемлекеттерімен тұрақты қарым-қатынастар орнатуға бел байлауының басты себептері айқындалған. Ресейдің Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздік ұйымдарының әрекеттері мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қосқан үлестері туралы жазады. Оның ішінде Ресейдің осы аймақтағы мүдделері мен оларға қол жеткізу құралдары анықталған.
Ресей Федерациясының Орталық Азия елдерімен өзара ынтымақтастығын, аумақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша Орта Азия геосаясатына арналған өзбек, қырғыз, тәжік, түркімен зерттеушілері Г. Юсупова, Б. Акаева, Р. Абдулло, Ш. Шоисматуллоев, А. Хаитов, Князев А, Файзуллаев Д [100-106] еңбектері зерттеу жұмысының тақырыбын ашуда пайдаланылды.
Ресейдің Орталық Азиядағы геостратегиясына, аймақ елдерінің өзара қарым қатынасын, аумақтық қауіпсіздік мәселелерінің кейбір қырларына талдау жасауға бірқатар Ресей зерттеушілері мен ғалымдарының еңбектері арналған. Олардың ішінде Е. Примаков К. С. Гаджиев, А. Д. Воскресенский, И. С. Иванов, А. Дугин, А. Торкунов [107-112] сияқты зерттеушілерді атауға болады.
Қарастырып отырған тақырып бойынша ізденіп жүрген шетелдік зерттеушілерден Ларраби Ф. С, Рубби А, Вольф М, С. Хантингтон, З. Бжезинский, Г. Киссинджер[113-118] сияқты авторларды атап өту керек.
Магистрлік диссертацияның теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысының теориялық негізін отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми қорытыныдылары құрайды. Диссертацияда тарихи оқиғаларға және сан-саладағы мемлекетаралық құжаттарға жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар кеңінен қолданылатын тарихи-салыстырмалы және жүйелеу әдістері де зерттеу жұмысына арқау болды. Бұл әдістер Ресейдің сыртқы саясатындағы Орталық Азия республикаларының әрқайсысының орнын жүйелі түрде айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысын ғылыми негізде жүйелеп, оның нәтижесін шығару үшін, сол арқылы баяндау, талдау және болжау түрінде негізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін ғалымдар әртүрлі әдістерді зерттеген. Сыртқы саясаттың дамуына батыс зерттеушілері, әсіресе американдық саясаттанушылар, өз үлестерін қосқан. Олар зерттеудің билікті-элиталық, плюралистік, ұйымдастырушылық-құрылымдық, рационалды, бюрократиялық-саяси модельдерін ұсынып, мемлекеттің геостратегиясын, сыртқы саясат пен халықаралық қатынастарды зерттеу мен талдаудың көптеген әдістемелерін дамытқан.
Берілген зерттеу жұмысының тақырыбын ашуда негізгі әдістеме ретінде жаңа құрылымдық функционализм қолданылады. Саяси құбылыстар субъектілер арасындағы өзара әрекеттің байланысына және оның сипатына құрылым деңгейінде баға беруді талап етеді. Сондықтан халықаралық қатынастар мен мемлекеттің сыртқы саясатын зерттеудің едәуір қажетті әдістемесі дәстүрлі және рационалды әдістерді қамтитын жаңа геосаясат болып есептелінеді. Ол реалистік идеализм концепциясы болып табылады да, жаңа құрылымдық функционализмге сүйенеді. Ал ол өз кезегінде Парсонс Т., Абрахамсон М., Смелсер Н., Мюре У., Исенстадт С., Тавада М., Томсон К., Яо Д. сияқты ғалымдар зерттеген құрылымдық-функционалдық талдаудың дамуы болып табылады. Жаңа геосаясатта саяси құбылыстар экономика, саясат, идеология және географиялық жағдайлар сияқты 4 қызметтен құралатын қоғамдық құрылым арқылы қарастырылады. Құрылымның тұрақтылығы мен мызғымастығының бірден-бір шарты аталмыш 4 қызметтің өзара үйлесімділігі болып табылады. Ал ішкі өзара әрекет қызметтер арасындағы себеп-салдарлы байланысқа сүйенеді, сондықтан жеке қызметтердің тұрақтылығының бұзылуы бүкіл құрылымның қайта ұйымдастырылуына, кері кетуіне әкеп соқтырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz