Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы туралы


Тақырып 6: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫ МЕН АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы Республика Конституциясымен, “Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы” 1995 жылғы 19 маусымдағы ҚР заңымен т. б. заң актілерімен анықталады. Конституцияға сәйкес Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады. Шетелдіктер - бұл Қазақстанда тұратын, оның заңына бағынатын бірақ оның азаматы болып табылмайтын тұлғалар. Оларға шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар (апатрид) кіреді. Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары болып Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзінің басқа мемлекеттің азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі бар адамдар есептеледі. Ал, Қазақстан Республикасындағы азаматтығы жоқ адамдар - бұлар Қазақстан Республикасының азаматы емес, сондай-ақ өзге мемлекеттің азаматтығында болмайтын адамдар. ҚР азаматтары мен шетелдіктердің (шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар) құқықтық мәртебелері көбіне сәйкес келе бермейді. Негізгі айырмашылықтары келесілерде:
1. кейбір лауазымдарды (Президент, сот, самолет экипажының командирі, т. б. ) тек ҚР азаматтары ғана иеленеді;
2. мемлекеттік құпиямен байланысты жұмысқа кіру ҚР азаматы болып табылмайтындар үшін шектелген;
3. Қазақстанда шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін еркін жүріп-тұру құқығы шектелген;
4. жалпыға бірдей әскери міндеттілік шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға емес тек ҚР азаматтарына ғана тарайды;
5. ҚР азаматтары мен шетелдіктердің деликтқабілеттігі бірдей емес. Мысалы, соңғыларына Қазақстанда болу мерзімін қысқарту, ҚР аумағынан кетіру секілді шаралар қолданылуы мүмкін.
6. шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан мемлекетінің саяси өміріне араласа алмайды.
7. шетелдіктер өзге де бірқатар құқықтарды шектеулермен иеленеді . . .
Сонда да аталмыш ерекшеліктерді ескере отырып шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың конституциялық-құқықтық мәртебесінің жалпы сипаттамасын беруге болады. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың конституциялық-құқықтық мәртебесі - бұл Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Конституциямен, заңдармен және өзге құқықтық актілермен белгіленген құқықтары, міндеттері, жауаптылығы.
Жоғарыда аталғандай, Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесі республика Конституциясымен, «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» ҚР заңымен, «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР заңымен, Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің Тәртібімен (28. 01. 2000) және бірқатар өзге де арнайы актілермен белгіленеді. Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен де анықтала алады. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың конституциялық құқықтық мәртебесі олардың жалпы құқықтық мәртебесінің негізгі, маңызды бөлігін құрайды және көптеген заң актілері мен заңға тәуелді актілерде бекітіледі.
Қазақстандағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың конституциялық құқықтық мәртебесінің мазмұнын келесідей элементтер құрайды:
- конституциялық құқық нормаларымен бекітілген құқықтары мен міндеттерінің кешені;
- бұл құқықтар мен міндеттерді заңмен қорғау және мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қамтамасыз ету механизмдерін қоса алғанда оларды жүзеге асыру кепілдіктері.
Қазақстан Республикасының Конституциясы тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қарамастан адамдар мен азаматтардың (оның ішінде шетелдіктердің де) құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне кепілдік береді. Конституция адамдардың барлығының құқықтары мен бостандықтарының теңдігін бекіткеніне қарамастан түрлі жағдайларға байланысты адамдардың жеке категорияларының теңсіздігі байқалып қалып жатады. Өйткені, адамдардың кейбір топтарының құқықтық мәртебесінде мәнді ерекшеліктер бар. Мысалы, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар ҚР азаматтарымен теңдей құқықтардың шегін пайдаланбайды. Республика заңнамасына, ғылыми доктринаға қарап отырып, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың
саяси құқықтарды иеленбейтінін көреміз. Саяси құқықтарға мынадай құқықтар жатады: мемлекеттік қызметке кіру құқығы, қоғамдық бірлестіктерге бірігу құқығы, сайлау және сайлану құқығы, референдумға қатысу құқығы, тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекетті басқару ісіне қатысу құқығы . . .
Ал, жеке және әлеуметтік-экономикалық құқықтардың кейбірін шетелдіктер белгілі бір шектеулермен пайдаланады. Олардың бірі - еңбек ету бостандығына құқық. Республика заңнамасына сәйкес адамдардың бұл санаты республика азаматтарымен теңдей еңбек ете алады. Бірақ кейбір лауазымдар мен қызметтер түрі олар үшін жабық болып табылады. Сондай-ақ ҚР аумағында еркін жүріп тұру құқығы, жоғары білім алу құқығы да т. б. шетелдіктер үшін біршама шектелген болып табылады.
Қазақстанда жүрген шетелдіктерді үш топқа бөлуге болады:
1. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер;
2. Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдіктер;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер деп тұрақты тұруға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен рұқсат және тұрақты тұру құқығына құжат алған шетелдіктер танылады. Республика заңнамасына сәйкес Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат берудің міндетті шарты болып үміткер адамның ҚР Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерде өзінің төлем қабілеттілігін растауы табылады. Мұндай талап оралмандарға, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне қойылмайды.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға ішкі істер органдарынан рұқсат алған шетелдіктерге шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, ал азаматтығы жоқ адамдарға - азаматтығы жоқ адамның куәлігі беріледі.
Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ оларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыстар деп танылатын әрекеттер жасалуы салдарынан жәбірленуші деп танылған шетелдіктер Қазақстан Республикасында уақытша жүргендер деп есептеледі. Олар белгіленген тәртіппен тіркелуге және өздеріне белгіленген болу мерзімі өткен соң Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.
Шетелдіктер Қазақстан Республикасына белгілі бір заң актілерінің негізінде келіп, кетеді. Уақытша жүрген шетелдіктер өздеріне белгіленген Қазақстанда болу мерзімі өткен соң Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.
Шетелдіктер Қазақстан Республикасына келу визасы болған жағдайда жарамды паспортымен немесе оны алмастыратын құжатпен келе алады. Келу визасын немесе оларға сәйкес келетін басқа да құжаттарды Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері және консулдық мекемелері береді. Жекелеген жағдайларда оны арнайы уәкілдік берілген Қазақстан Республикасының өкілдері береді. Ал, виза беру үшін негіз болып әдетте
тараптардың шақыруы және Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының рұқсаты табылады.
“Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы” 1995 жылғы 19 маусымдағы заңда белгіленген жағдайларда шетелдіктердің Қазақстанға келулеріне тыйым салынуы мүмкін. Нақты ашып көрсетсек, шетелдіктерге мына жағдайларда Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады:
а) мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті немесе халықтың денсаулығын сақтау мүдделеріне орай;
б) егер оның іс-әрекеті конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталса;
в) егер ол Қазақстан Республикасының егемендігіне қарсы шықса, оның аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;
г) егер ол мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты тұтандырса;
д) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса;
e) егер ол террористік әрекеті үшін сотталған болса не сот оны аса қауіпті рецидивист деп таныса;
ж) егер ол, оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасында болу және одан шығып кету үшін қажетті қаражатының бар екендігі туралы растауды ұсынбаса;
з) егер оның Қазақстан Республикасында бұрын болған кезінде шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы, Қазақстан Республикасының кеден, валюта немесе өзге де заңнамаларын бұзған фактілері анықталған болса;
и) егер ол келу туралы өтініш хатпен жолданған кезде өзі жөнінде жалған мәліметтер хабарлаған болса немесе қажетті құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде табыс етпесе
Шетелдіктердің Қазақстаннан кету тәртібіне келсек, егер тиісті елмен жасалған келісімде өзгеше белгіленбесе, әдетте шетелдіктер Қазақстаннан жарамды шетелдік паспарты немесе оны алмастыратын құжаттар бойынша кету визасы болған жағдайда кетеді.
Қазақстан Республикасынан кету шетелдікке мына жағдайларда рұқсат етiлмейдi:
а) егер оны қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн негiздер болса iстi жүргiзу аяқталғанға дейiн;
б) егер ол қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса - жазаны өтеп болғанға немесе жазадан босатылғанға дейiн;
в) егер ол өзiне сот жүктеген мiндеттемелердi орындаудан жалтаратын болса мiндеттемелер орындалғанға дейiн;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz