Ботаникалық бақ
Пальмалар бөлімі
Тропикалық өсімдіктер бөлімі
Субтропикалық өсімдіктер бөлімі
Суккуулентті өсімдіктер бөлімі
Тропикалық өсімдіктер бөлімі
Субтропикалық өсімдіктер бөлімі
Суккуулентті өсімдіктер бөлімі
Қала тұрғындары мен қонақтарымыз үшін қаладағы басқада назар аударарлық орындармен бірге 70 жыл бойы өмір сүріп келе жатқан ботаникалық бақтың өсімдіктер дүниесінің сыры мен орны бөлек. Күнделікті таңертеңнен кешке дейін үзіліссіз келіп жатқан үлкенді-кішілі көрушілер өсімдіктер әлемін қызықтаумен бірге экология мәнін тереңінен түсініп, жасыл тіршіліктің молшылығына енеді.
Кіріп келгенде жылдың төрт мезгілінде де әсіресе қыс айларында көкке малынып, биік-биік жасыл өсімдіктерді көріп таңқаласыз. Бұл мәңгі жасыл өсімдіктер планетамыздың жылы түкпірлерінде өсетін тропикалық және субтропикалық өсімдіктер. Тропика өсімдігі 23 ° 30 дейін шектеліп, экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай Азия, Африка, Америка және Австралия елдерінің біраз жерлерін қамтып жатыр.Су ылғалының мөлшеріне тропикалық өсімдіктер әр-түрлі ландшафтарға бөлініп, яғни ылғалды ормандардан тропиканың шөлейттеріне созылып жатады. Қазіргі білімнің дәлелдемесі бойынша тропикалық және субтропикалық өсімдік флорасы барлық әлемдегі өсімдіктер флорасының 4 тен 3 бөлігін құрайды. Халық тіршілігі үшін, оқып зертейтін аса құнды генетикалық материаалдар осылардың ішінен табылады. Тропикалық және субтропикалық өсімдіктер біздің елімізде,үйде, теплицада, оранжереяда өсіріледі.
Егеменді Қазақстанда оранжерея Ботаника және фитоинтродукция институты (бұрынғы Бас ботаникалық бақ) мен Қарағандыдағы ботаникалық бақта салынған. Алматыдағы экспозициялық оранжерея 1969жылы салынған. Металл мен бетоннан, шыныдан жасалынған биікте кең оранжерея бес бөлімнен тұрады. Өсімдіктерді өсу географиясына байланысты экологиялық топтарға шоғырландырған жеке-жеке бөлімдерге орналастырған.Кактустар мен суккуленттер бөлімінде Оңтүстік Африка және Орталық Американың ыстық шөлейт жерінде өсірілетін өсімдіктердің жиынтығы. Субтропикалық бөлімде субтропикалық Шығыс Азия, Жерорта теңізі және Қаратеңіз жағалауларында өсетін өсімдіктер орналасқан. Бұл бөлімді цитрустар бөлімі деп те атауға болады. Пальмалар бөлімінде Оңтүстік және Оңтүстік шығыс Азияның жерлерінде өсетін банан, бамбук, пальмалар сияқты ағаштардың жиынтығы.Тропикалық бөлімде Оңтүстік Американың батпақты аудандары және Австалия елдерінің өсімдіктері отырғызылған.
Оранжереяда өсетін өсімдіктердің коллекциясы тәуелсіз туысқан мемлекеттерден және шет елдерден делектус арқылы заказ беріліп,жіберілген дәндерді өсіру арқылы көбейтіледі. Қазіргі өсіп турған биік-биік өсімдіктерді осыдан 32 жыл бұрын Ленинград, Москва, Батуми,Киев Кишинев қалаларындағы ботаникалық бақтан әкеліп отырғызған.Кейбір өсімдіктерді шет елдерге барған ірі экспедицияның көмегімен әкелінген.Оранжерея комплексі тек қана жасыл музей емес, бұл жерде осы тропикалық өсімдіктерді оқып зертейтін ғылыми лаборатория бар. Осы лабораторияда бірнеше ғылыми қызметкерлер, экскурсаводтар жұмыс істейді.

Ботаникалық бақ.
Қала тұрғындары мен қонақтарымыз үшін қаладағы басқада назар
аударарлық орындармен бірге 70 жыл бойы өмір сүріп келе жатқан ботаникалық
бақтың өсімдіктер дүниесінің сыры мен орны бөлек. Күнделікті таңертеңнен
кешке дейін үзіліссіз келіп жатқан үлкенді-кішілі көрушілер өсімдіктер
әлемін қызықтаумен бірге экология мәнін тереңінен түсініп, жасыл
тіршіліктің молшылығына енеді.
Кіріп келгенде жылдың төрт мезгілінде де әсіресе қыс айларында көкке
малынып, биік-биік жасыл өсімдіктерді көріп таңқаласыз. Бұл мәңгі жасыл
өсімдіктер планетамыздың жылы түкпірлерінде өсетін тропикалық және
субтропикалық өсімдіктер. Тропика өсімдігі 23 ° 30 дейін шектеліп,
экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай Азия, Африка, Америка және
Австралия елдерінің біраз жерлерін қамтып жатыр.Су ылғалының мөлшеріне
тропикалық өсімдіктер әр-түрлі ландшафтарға бөлініп, яғни ылғалды
ормандардан тропиканың шөлейттеріне созылып жатады. Қазіргі білімнің
дәлелдемесі бойынша тропикалық және субтропикалық өсімдік флорасы барлық
әлемдегі өсімдіктер флорасының 4 тен 3 бөлігін құрайды. Халық тіршілігі
үшін, оқып зертейтін аса құнды генетикалық материаалдар осылардың ішінен
табылады. Тропикалық және субтропикалық өсімдіктер біздің елімізде,үйде,
теплицада, оранжереяда өсіріледі.
Егеменді Қазақстанда оранжерея Ботаника және фитоинтродукция
институты (бұрынғы Бас ботаникалық бақ) мен Қарағандыдағы ботаникалық бақта
салынған. Алматыдағы экспозициялық оранжерея 1969жылы салынған. Металл мен
бетоннан, шыныдан жасалынған биікте кең оранжерея бес бөлімнен тұрады.
Өсімдіктерді өсу географиясына байланысты экологиялық топтарға
шоғырландырған жеке-жеке бөлімдерге орналастырған.Кактустар мен
суккуленттер бөлімінде Оңтүстік Африка және Орталық Американың ыстық шөлейт
жерінде өсірілетін өсімдіктердің жиынтығы. Субтропикалық бөлімде
субтропикалық Шығыс Азия, Жерорта теңізі және Қаратеңіз жағалауларында
өсетін өсімдіктер орналасқан. Бұл бөлімді цитрустар бөлімі деп те атауға
болады. Пальмалар бөлімінде Оңтүстік және Оңтүстік шығыс Азияның жерлерінде
өсетін банан, бамбук, пальмалар сияқты ағаштардың жиынтығы.Тропикалық
бөлімде Оңтүстік Американың батпақты аудандары және Австалия елдерінің
өсімдіктері отырғызылған.
Оранжереяда өсетін өсімдіктердің коллекциясы тәуелсіз туысқан
мемлекеттерден және шет елдерден делектус арқылы заказ беріліп,жіберілген
дәндерді өсіру арқылы көбейтіледі. Қазіргі өсіп турған биік-биік
өсімдіктерді осыдан 32 жыл бұрын Ленинград, Москва, Батуми,Киев Кишинев
қалаларындағы ботаникалық бақтан әкеліп отырғызған.Кейбір өсімдіктерді шет
елдерге барған ірі экспедицияның көмегімен әкелінген.Оранжерея комплексі
тек қана жасыл музей емес, бұл жерде осы тропикалық өсімдіктерді оқып
зертейтін ғылыми лаборатория бар. Осы лабораторияда бірнеше ғылыми
қызметкерлер, экскурсаводтар жұмыс істейді. Өсімдіктер интродукциясын оқып
зерттеу, олардың көбейтілу жолдарын, даму кезеңдерін байқау, шаруашылыққа
керекті түрлерін көбейту-лабораторияның алға қойған ғылыми
мақсаттары.Қазақстан баспасынан үй өсімдіктері жөнінде бірнеше кітап,
мақалалар жазып шығару. Жүзге жуық тропикалық өсімдіктерді Қазақстан
топырағында өсірудің жаңа әдістері зерттеліп, басқа гүл өсіруші
шаруашылықтарға таратылды. Экскурсоводтар мен отдел коллективтері
көрушілерге шын ықыласымен тропикалық өсімдіктер жайлы толық әңгімелеумен
қатар ақыл кеңестерін береді. Әсіресе мектеп оқушылары мен студенттер үшін
өсімдіктер биологиясын оқып білуде оранжереяның үлкен мәні бар.
Пальмалар бөлімі
Пальмалар бөлімі басқа бөлімдерге қарағанда өзінің көлемі жағынан ең үлкен
бөлім. Оранжереяның жартысын алып жатыр. Оның биіктігі 22,5м, ал ауданы...
Бұл бөлімде биік-биік пальмалардың түрлері, фикустар,банан,бамбуктар
өсіріледі.Тропика елінде ең көзге түсетін,көрікті өсімдіктердің бірі
–пальма.Пальмалар оранжерея мен қысқы бақтарды,үйлерді когалдандыруда,ең
сәнді,мәңгі жасыл өсімдік. Сондықтан барлық ботаникалық бақтарда пальма
өсімдігінің коллекция жинағын құру ең негізгі мақсат болып есептелінеді.
Пальмалар Орталық және Оңтүстік Американың сулы тропикалық
ормандарында кеңінен кездеседі және көп таралған жері үлкен және кіші
Антисев аралдарында. Қазіргі кезде бай коллекция түрлері Фэрчайлде
(США),ССоледаде(Куба), Рио-де-Жанейро де (Бразилия) Богореда (Индонезия),
Калькутте (Индия).Ботаникалық бақтардың ішінде ең үлкен пальманың
коллекциясы Лондонда, Кью қаласында және Франкфурте-на-Майне қаласындағы
пальмалар бағында.
Субтропикалық аудандардағы тәуелсіз мемлекеттердің ішіндегі Сухуми,
Батуми және Ялта ботаникалық бақтарында пальмалар далада өсіріледі.Үлкен
пальмариумдар Россияның Ленинград, Москва қалаларының роанжереясында және
Киев МИнск, Рига, Тарту Новосибирск, Калининград, Казан,Томск,Ростов
қалаларында бар.Қазақстандағы пальмариум тәуелсіз мемлекеттердің арасындағы
пальмариумдардың бірі. Пальманың 40-қа жуық түрлері өсіріледі. Олардың
ішінде жарты ғасыр өмір сүріп келе жатқан сирек кездесетін әдемі жапырақты
түрлері бар. Бойлары18-20метр діңгегі 1м жететін түрлері кездеседі. Мұндай
пальманың жапырақтары 60-70 ке жетеді.
Пальманың кейбір түрлерімен жақынырақ танысайық..Пальмалар бөлімінің
дәл ортасында өсіп тұрған-Еңселі Вашингтония (washingtonia robusta
).діңгегінің биіктігі15м,диаметрі 40см.Оның көптеген ірі сәнді жапырақтары
бөлімнің ішін сәнге, бөліп, тропикалық орманды еске түсіреді. Еңселі
Вашингтония мен жіп тәрізді Вашингтония пальмалары Солтүстік
Америкада(Калифорния мен Аризонда) жап-жасыл орман құрайды. Жолға жақын
жерге Оңтүстік Ливистония пальмасы орналастырылған.Өзінің отанында,
Австралияда бұл пальманың биіктігі20-25метрге жетеді.Қара теңіз
жағалауларында, Сухуми және Батумиде көрікті өсімдік ретінде өсіріп
көбейтеді.Бұл бөлімде тағы бір әдемі пальманың, түрі Ховея Форстера
пальмасы өсіріледі.Қауырсын тәрізді бұл пальма Австралияның шығыс жағындағы
Лорд-Хау аралында таралған.Бұл пальманың ерекшелігі ауасы өте құрғақ
бөлмелерді,ыстық офистерді көгалдандыруда пайдасы зор. Бағалы пальмалардың
бірі-Арекаструм Романцова. Жабайы түрлері Оңтүстік Америкада кездеседі.
Басқа пальмаларға қарағанда кадкалармен басқада ыдыстарда жақсы
өседі.Пальмалар бөлімінде финик пальмасының бірнеше түрлері бар.Олардың
ішіндегі ірілері Канар финигі(Phoenix canariensis) Кәдімгі
финик(Ph.dactylifera),Бүгілгенфиник (Ph.riclinata), Орман
финигі(Ph.silvestris), Робелина финигі(Ph.roebelinii). Финик пальмаларының
жапырақтары қауырсын тәрізді болып,Жапырағының ұзындығы2-3метрге жетеді.
Оранжерея және теплица жағдайында жақсы суғару мен миниральды тыңайтқыштың
арқасында жақсы өсіп дамиды. Көшеттен қайта отырғызылу қыс немесе күз
айларында жүргізілу дұрыс.Азия мен Африканың тропикалық және субтропикалық
аймақтарында 17-ге табиғи-жабайы түрлері өседі.Мәдени түрде кеңінен өсетін
түрі кәдімгі финик немесе финик пальмасы. Тамақ ретінде бұл пальманың адам
пайдасы үшін маңызы зор, ал жапырақтары үйлердің төбесін жабуға қолданады.
Оранжереяда басқа да пальмалардың түрлері бар. Олар трахикарпус, сабаль,
хамеропс, хамеродея, птихосперма, гиофорба, кариота және басқалар.Дүние
жүзінде пальманың 250 туысы және 340 түрлері бар. Олардың ішінде ірі
ағаштар, бұталы өсімдіктер, шырмалып өсетін түрлері
кездеседі.Жапырақтарының түрлеріне қарап желпеуіш, қауырсын тәрізді, саусақ
тәрізді, ирек тісті желпеуіш болып бөлінеді.Қайсы бір пальманың түрі болсын
адамдарға өзінің бағалы дәмдерін силайды, яғни өз халқын тамақтандырады,
киіндіреді, сусындандырады. Тропикалық елдерде май, қант,саго және вино
сияқты пальмалар жергілікті халықтардың негізгі азық-түлік көзі болып
табылады, халықтың өмірі пальма өсімдігіне бағынышты келеді,
Май жасайтын пальманың10 шақты түрі белгілі, етженді жемісінен
алынған пальма майы олив майының орнын ауыстырады.Көптеген пальмалар өзінің
тәтті жемістерін дәндерін береді.Оларға жататындар какос жаңғағы және
персик пальмасының финиктері.Саго пальмасының сабақтарынан саго крахмалын
алады.өте ерте кезден кейбір пальманың ең жоғарғы бүрінен салат
жасаған,(мұндай салаттың атын милионерлер жейтін салат деп атаған).Какос
және финик пальмалары шырын,вино және қант береді.Чили вино пальмасы жылына
340 мың литр шырынын береді. Пальма діңгегін ойып кесу арқылы шырынын
ағызады.Қою пальма шырынын пальма балы деп атайды.Шырын бөлетін пальмаларды
көбірек кесіп,мазалағаннан олар тез өледі.Нибунг(oncosperma) пальмасының
сабақтары үй құрылысына қолданады,олартермитке қарсы төзімді болады.Қант
пальмасының діңгегі су жүйелері трубаларын алмастырады.Ерте кезден-ақ
индейцтер оңтүстік американдық пальма маурици мен астрокариум пальмасының
талшықтарынан тор және гамок жасаған.Пальмир пальмасының жапырақ
талшықтарынан кілем, арқан, жіп жасайды.Пальма ағаштары шаруашылық маңызы
жағынан астық туқымдастарынан кейінгі орын алатын пайдалы өсімдік.
Пальмадан өндірілетін көптеген өнімдер яғни май, өсімдік балауызы
талшықтары тропикалық елдерде шетелге жіберілетін маңызды товар лардың бірі
болып саналады.
Пальмариум бөлімінде пальма ағаштарынан басқа мәңгі жасыл ірі
өсімдіктер өсіріледі. Бұл өсімдіктер туралы экскурция жүргізе отырып
әңгімелейміз.Тропикалық бөлімнен шыға бере жолдың оң жағынан біз қатып
қалған үлкен жыланға ұқсайтын,басқа ағаштарға шырмалып өсетін өсімдікті
көреміз.Бұл өсімдік-бұршақ туқымдасына жататын глицин немесе қытай
вистериясы.Бұл тамаша өсімдіктің отаны-Шығыс Азия (Орталық және Шығыс
Қытай).Шырмауықтың ұзындығы 20метрге дейін жетеді,кейбір жағдайда оданда
ұзын болады,гүлдері көкшіл-күлгін,жинақталған аспа гүл шашақтарының
ұзындығы25-30см жетеді.Кавказ,Крым және Батыс Украина елдерінің
субтропикалық аудандарында кеңінен өсіріледі,15-17° аяздарға
шыдайды.Тұқымымен және сұлатпа сабақтарын тамырландыру арқылы
көбейтеді.Бақта өсірілетін түрлерін бұталы глициннің көшеттеріне телу
арқылы көбейтеді.Бұл өсімдікті үйлердің алаңдарын көгалдандыру үшін
қолданады.Жапония және Қытай мемлекеттерінде глициннің жас жапырақтары мен
гүлдерін көкеніс ретінде қолданса, дәнін бұршақ сияқты қуырып жейді.Ағаш
талшықтарынан мата жасайды, ал жас шыбықтарынан кәрзеңке тоқиды.
Глициннің жанында дана банан (Musa sapientum банан тұқымдасы) өсіріледі,
ірі ақшыл-жасыл жапырақтары алыстан көз тартады.Отаны тропикалық
Индия.Азия,Африка, және Америка елдерінің тропика және сулы тропикасында
жабайы түрде кездесетін бұл өсімдіктің небары 80 түрі ғана белгілі.
Банандар-ірі шөптесін өсімдіктер, жапырақ сабақтарынан дамитын
алдамшы діңгектің биіктігі 8-10 метрге жетеді. Аласа бойлы түрлерінің
биіктігі1,5-3м. Мәдени сорттардың жемістері тамырлары жерге отырғызғаннан
кейін 1 жылдан соң береді. Жеміс берген сабақтары өледі.Топырақтағы қалған
тамырларынан жаңа өсімдік өсіп шығып, ал келесі жылы жемісін береді.Жер
бетінен өсіп шыққан әр бұтақтың дамуы шоқталған жемістерінен аяқталады,
жемістерінің саны 300-ге дейін жетіп,салмағы20-30кг-ға дейін барады.
Бананның мәдени сорттарының жемісінің(M acuminate, M nana) дәмі қышқыл әрі
тәтті болады.Жемісінің ішінде дәні болмайды, болса олар дамымаған.Бананның
құрамында 15-22% қант, 5-8 % крахмал, 1,5% протейн болады.Ыстық елдерде
бананның жемісін тек тәтті жеміс ретінде ғана емес, азықтың негізгі
энергетикалық көзі болып табылады. Сондықтанда бананды тропикалық елдерде
бірнеше жүз мың гектар алаңға отырғызады. Индия елінде 200 мың гектарға
дейін отырғызады.
Бананды техникалық өсімдікке жатқызады, мысалы бананның жеңіл және мықты
талшықтарынан балық аулайтын торлар, тоқыма жіптер жасалынады.
Тропикалық өсімдіктер бөлімі.
Бұл бөлімде негізінен жер шарындағы – Африка, Азия, Австралия және де
Тынық мұхитының аралдарының тропикалық аймақтарында кездесетін өсімдіктер
жинақталған. Бөлімнің орталық бөлігінде тропикалық ірі ағаш өсімдіктері мен
әр- түрлі шөптесін, өсімдіктер өсірілген.
Алдымен кофе ағашынан (Cooffea Arabica, рияндар тұқ..) бастайық .
Кофе ағашы Эфиопия елінің таулы аймақтарынан шыққан. Араб кофесі-ақшыл-
жасыл түсті, жапырақтары мен сопақша келген жемістері бар мәңгі жасыл ағаш.
Оранжерея жағдайында ақ , хош иісті гүлдерімен гүлдейді де, шырынды жеміс
береді. Жемістерінің түсі мен пішіні шиеге ұқсас келеді. Әрбір жемістерінде
2-ден жалпақ дөңес пішінді тұқымдары болады. тұқымының құрамында -0,8-2,5%
кофеин болады. Сондықтанда, біздің уақытта кофе ағашын сусындар жасау үшін
кеңінен (өсіреді) қолданады. Ол қан айналымды жақсартады, демалуды
күшейтеді, жалпы алмасуды жоғарлатады. Кофе ағашын Орталық және Оңтүстік
Американың,Африканың, Мұқиттардың тропикалық елдерінің барлық аймақтарында
өсіреді. Оның ішінде Бразилияның жер көлемінің 314 бөлігінде өсіреді. Ең
алғаш Шығыс Африканың тұрғындары кофе ағашының жапырағын қайнатып ішкен, ал
кейіннен тұқымдарын қуырып пайдаланған екен. Кофе ағашы негізінен тұтасқан
бұта болып өседі. Сәндік түрлері де кездеседі және де бөлме жағдайында
өсіруге өте қолайлы. Жыл сайын гүлдеп, жеміс беріп отырады.
Кофе ағашының маңында боемерия ( Boemeria, қалақайлар тұқ .)
өсімдігінің 2-түрі өсірілген. Олардың бірі ірі жапырақты боемерия ( B.
macrophylla)-тропикалық Үндістан, Бирма елдерінен шыққан. Бұлардың биіктігі
3м дейін жететін,күңгірт- жасыл жапырақтары мен ақ гүлдері бар ірі бұталы
өсімдіктер. Бұл өсімдіктер бағалы талшықты өсімдіктер ретінде өсіріледі.
Біздің жағдайда боемерия өсімдігінің түрлері ішкі бөлмелерді көгалдандыру
үшін қолданады.Олар тұтас бұта құрап, өте тез өсетін өсімдіктер. Оранжерея
коллекциясында папортниктердің (Polypooliophyta), барлық дерлік экологиялық
топтары көрсетілген. Олардың ішінде өте нәзік, шөптесін түрлері де
кездеседі, олар тастарда, ағаш бұтағында асылып тұратын, яғни аспалытүрлері
мен ағаш тәрізді формалары табиғатта 1000-ға жуық түрлері кездеседі.
Олардың ішінде негізгі бөлігі тропикалық және субтропикалық аймақтарда
кездеседі. Біздің планетамызда бұл көне өсімдіктің сыртқы пішіні өзінің
әдемі жапырақтарымен көрнекті.
Папортниктер споралары,сұлатпа бұтақтары, өнім бүрлері арқылы
көбейеді. Папортниктердің жапырақтарын букеттерді, әр-түрлі гүл
композициясын әсемдеу үшін, қыш құмырада өсірілген түрлерін ішкі
бөлмелерді, қысқы бақтарды көгалдандыру үшін қолданады.
Папортниктерді, сонымен қатар дәрілік өсімдік ретінде де қолданады.
Мәселен шолпаншаш адиянум (Adianthum capillus- veneris) өсімдігін үнді
медицинасында ыстық басқыш дәрілері және жөтел дәрілерін дайындау үшін, ал
жүрек жапырақты нефролепис өсімдігін (Nephrolepis codifolia ) қытай
медицинасында несеп айдағыш дәрілер дайындау үшін қолданады. Ангиоптерис(
Angiopteris) папортнигінің сабағының өзегі крахмалға өте бай және де какос
майын хош иіске айналдыру үшін қолданатын жұпар майы да құрамында
кездесетіндіктен, бұл өсімдік азық-түлік өсімдігі болып саналады.
Тропикалық Азия және Африка елдерінде бұршақ қынды цератоптерис
(Ceratoptris selignosa) өсімдігін бағалы жемшөптік өсімдік ретінде өсіред.
Папортниктердің көптеген түрлері ерекше ғылыми қызығушылық
көрсетеді, бірақ та олар жойылып бара жатқан өсімдіктер қатарына
кіргендіктен сирек кездесетін түрлері қызыл кітапқа енгізілген.Бұл жерде
Папортниктермен қатар бегониялардың (Begonia бегониялар тұқ) әр-түрлері
өсірілген. Табиғатта олардың 1000-ға жуық түрлері кездеседі, негізінен
тропикалық және субтропикалық аймақтарда кездеседі. Біздің коллекцияда
бегониялардың көп жылдық шөптесін,шала бұта, бұта түрлері кездеседі.
Олардың ішінде ең қызықты сорттардың бірі королдық бегония (B.rex) Бұл
түрлердің барлығы бір-бірінен жапырақтарының құрылысымен ерекшеленеді.
Аврора фон кенигсмаркт сорты ( Aurora Uon konigsmarket)
ірі күмісті жапырақтарында әдемі қара қошқыл қызыл түсті ренк беріп тұр.
Жапырақтарының сағақтары қызыл. Гүлдері қызғылт түсті. Шоқ бұталарының
биіктігі -40-50см жетеді.
Эленьтайпель (Helen Teupell)- шоқ бұталы өсімдік жапырақ жүйкелері
қою-сұр түсті болып келген қатты кетік сопақ- жүрек тәрізді пішінді, әдемі
күмісті-сұр түсті өсімдік.
Гүлдері ашық қызғылт түсті. Мейстеристюк ( Meisterschtuc)
сортының жапырақтары кең жүректәрізді, жалпы жапырақ тақтасы күңгірт сарғыш
жасыл түсті келген, жапырақ жүйкелерінің аралығы күміс сұр түсті келген де,
жапырақ жиектері күміс түстес келген. Гүлдері ашық – қызғылт түсті. Сонымен
қатар коллекцияда Мошат бегониясы( B.moschaniana), креднера бегониясы (B.
сrednera) ,император бегониясы бар. ( B.imperalis)салбырамалы
өркенді түрлері де бар: шырмауық тәрізді бегониясы, көкшіл сұр жапырақты
бегония. Жеке жағдайда түйнекті бегония сортық (B.tuberhybriola) гүлдерінің
әр-түрлі түсіне қарап өсіреді. Түйнегі ірі бұйра, жартылай бұйра немесе жай
гүлді өсімдіктер қысқа қарай жапырақтарын түсіреді. Тұқымдарыменб
сабақтарымен бұталап бөлу арқылы көбейеді. Өз отандарында бегония өсімдігін
азық-түлік өсімдігі ретінде қолданады. Кейбір түрлерінің жапырақтарын салат
дайындауға қолданады.Фуксия тәрізді бегонияның (B. fuchhisiodes) құрамында
лимон қышқылы болады, сонымен қатар дәрілік қасиеті бар түрлері де
кездеседі, сондықтан да оны халық медицинасында қолданады.
Маранта туысының өзіндік құрылысына байланысты көптеген түрлері бар
(Maranta, марантомар тұқ..) Оларды жапырақ тақтасының сопақталған немесе
тілінген күңгірт барқыттәрізді түстерінен ажыратуға болады. бұлар негізінен
көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Бразилия елінен шыққан. Олардың ішінде көз
тартарлық түрі Ақшылжіпті Маранта ( M.Leucoeura) жапырақтарында әдемі
күңгірт дақтары бар,барқыт тәріздіжасыл жапырақты өсімдік .біздің жағдайда
бұл өсімдік өте жақсы өседі.Ірі, күлгін түсті гүлдерімен гүлдейді. Жер асты
тамырларымен және тұқымдарымен көбейеді.
Маранталар тұқымдасына жататын тропика елдерінің азық-түлік
өсімдіктері болып саналатын бір түрі: Қамыс тәрізді маранта(
M.arundinaceae) немесе аррорут. Тамыр сабақтарының құрамында едәуір
мөлшерде крахмал болады. Қазіргі кезде бұл өсімдік түрін көптеген
тропикалық Азия, Африка елдерінде және де өз отаны – Оңтүстік Америка
елінде құнды диетикалық өнімдер алу үшін өсіреді.
Батаника бағының колекциясында маранта және оған жақын туыс
Калатея(Calathea) өсімдігінің 10 түрі өсіріледі. Бұл өсімдіктің ала
жапырақты түрлерін бөлме жағдайында онша жарық емес жерлерде өсіреді, және
қысқы бақтарды көгалдандыру үшін қолданады.
Сонымен бірге бір қызықтылығы Маранта өсімдігінің көптеген түрлері,
оның ішінде Ақ жүйкелі маранта түрі ауа–райын алдын ала болжай алады екен.
Олардың жапырақтары бір күн ішінде күн сәулесімен бірге қозғалады.Ал, кешке
жапырақтары жоғары көтеріліп, түтік тәрізді болып оралып қалады.Өсімдіктің
бұндай қасиеті тірі жүйелердің биологиялық ырғағын зерттеу үшін қызығушылық
көрсетеді.
Бұл жерде Пеперомия (Peperomia, бұршақ тұқ. ) өсімдігінің
коллекциясында көрсетілген. Олар тік сабақты, шырынды өркендерімен
жапырақтары бар аспалы өсімдіктер. Табиғи түрде Америка, Азия және Африка
елдерінің тропикалық аймақтарында өзендер жағасында, ормандарда, ылғалды
жартастарда, ылғалы -көлекелі жерлерде өседі. Кейбір түрлері мысалы Мөлдір
пеперомияның ( P. pellucida) Африка елдерінде көкеніс түрінде және
медециналық мақсаттар үшін өсіреді. Бұлардың ішінде ең көрнекті түрі
Магнолия жапырақты пеперомиясы (P.magnoliaefolia) олардың тығыз жарғақты
жапырақтары болады. Ал, ала жапырақты формасы( P.m.alba. variegates),
каперат (P.caperata) түрлерінің жапырақтары ұсақ түйілген,Арифолия П
(P.arifolia) жапырақтарындаөте әдемі күмісті жолақтары болады.Сонымен
қатар, Пеперомия өсімдігінің ала жапырақты ұзын өркендері бар түрлері
кездеседі. Оған Жатаған пеперомиясы(P.Seppens) жатады және де сұр,
салбараған жапырақтары бар- Ақ пеперомия (P.incana) түрлері кездеседі.
Қыш құмыраларда Бромея өсімдіктері де кездеседі. Қыш құмыраларда
Бромея өсімдіктері де өсіріледі() америка кконтиненттерінде кездесетін
өсімдіктүрлері. Табиғатта олардың 46 туысы, 2100-ге жуық түрлері
кездеседі. Олар ағаштарда, жартастарда, құмдарда және биік таулы жағдайда
өседі.
Олардың ішінде сабақтары ағаштанған бұта тәрізді формасы (Раймонд
руиясы, көк тилландсия) өте сирек кездеседі. Бұлардың жапырақтары көбнесе
жертағанға жиналған. Кейбір түрлерінде бұл жапырақ қынабы жаңбыр жауған
кезде ылғал жинайтын тостаған немесе саут түзеді. Сауытқа немесе
цистернаға өсімдік қалдығы жәндіктер мен микроорганизмдер түседі. Су
еріген қоректік заттармен бірге арнайы қабыршақпен сорады. Нәтижесінде
өсімдік сумен бірге, қосымша азоттық қорек алады. Азоттық сіңіруді шіріткіш
бактериялар іске асырады. Олар органикалық заттарды еріген түрге (амин
қышқыл, аминдер, мочивина) айналдырады. Ірі фрезия() цистернасында кейде
5л-ге жуық су жиналады гломеропиткарни 20л-ге жуық су жиналады. Бромея
өсімдіктердің тамыр жүйесі нашар дамыған, негізінен олар субстратқа бекіну
қызметін атқарады. Бромея өсімдіктерінің тұқыммен және жерасты мүшелерін
бөлу арқылы вегетативті жолмен көбейтуге болады.
Бромея өсімдіктерінің ішіндегі ең бағалы түрлерінің бірі- Егіс
ананасы. Жемістер хош иісті, тәтті-қышқыл дәмді болып келеді. Табиғатта
өсімдіктің бұл түрі барлық ыстық аймақтарда яғни Оңтүстік және Орталық
Америка, Азия әсіресе, Гавай және Анталь аралдарында, Үнді –Қытай елдерінде
кездеседі.
Бақ жиынтығында әр-түрлі түсті жолақ жапырақтары бар ірі айдарлы
ананас, бромея өсімдігінің бірнеше түрлері бильбергея,эхмея,
крептантус,диккия және т.б. түрлері оранжерея жағдайында гүлдеп
өседі.Бромея өсімдіктерінің көптеген түрлері кеңселерді, ішкі бөлмелерді
көгалдандыру үшін өте қолайлы.Мысалы: фрезия, гузмани, эхмияның мәдени
түрлері көрмелерді терезелерді әсемдеу үшін қолайлы болып келеді. Бұл
өсімдіктерді құраған ағаштарға, тырбиған ағаштарға, тастарға егіп қысқы
бақтарды әсемдеуге болады. Ал сирек әсем гүлдейтін түрлерін флоралиум жасау
үшін қолданады. Сонымен қатар бромея өсімдіктерінің түрлері фрезия, ананас,
эхмея, гузмания, неоргемия өсімдіктерінің басқа экзотикалық өсімдіктермен
бірге қыш құмыраларды, кәрзенклерді әсемдеу үшін қолданады.
Оранжерияның орта бөлігінде күмісті эвкалип өсіп тұр. Бұл өсімдік
жабайы түрінде Австралияның ормандарында кездеседі. 300-ге жуық түрлері
белгілі.
Жеке түрлерінің биіктігі 100 м-ге жетеді. Тез өсетін түрлері жерден
ылғалды көп сорып алатындықтан оларды батпақ топырақтарды құрғату үшін
отырғызады. Эвкалип өсімдігінің жапырақтарының құрамында залалсыздандыратын
эфир майлары бар, сондықтанда медицинада және порфюмерияда қолданады.
Ағаштарының қабығының құрамында 50% илік заттар болғандықтан, оларды
былғары өнекәсібінде кеңінен қолданады. Сүректерінен құрлыс материалдарын
және отындар, сонымен қатар қағаздар дайындайды. Эвкалип өсімдігін мекендік
жерлерді көгалдандыру үшін өсіреді.ТМД елдерінде бұл өсімдіктер парктерде,
қала көшелерінде және Кавказдың қара теңіз жағалауларында, Қырым елінің
ауылдық аймақтарында, Азербайжан елінің оңтүстік бөліктерінде өсіріледі.
Бұл жерде сәнді жапырақты Дроцена және корделина (лалагүлдер тұқ)
өсімдіктерінің бағбан (бақшалы) формаларының әр-түрлерінің экспозициясы да
құрылған. Бұлар Африка, Австралия, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің тропикалық
ормандарында кездесетін мәңгі жасыл бұталы және ағаш өсімдіктер.Драцена
өсімдігінің гүл шоғы сопақ жапырақты күлгін түсті болса, Сандер драцена
өсімдік түрінің гүл шоғының түсі ірі ақ-сары түсті болып келеді.
Деремс драценасы өзінің әдемі жапырақтарымен ерекшеленеді. Шекаралық
корделина өсімдігінің жапырағы ірі, ақшыл- жасыл, күрең- қызыл түсті болып
келген. Бұл өсімдіктердің барлық түрлері сәнді бау- бақша шаруашылығында
ішкі бөлмелерді және қысқы бақтарды көгалдандырып-әсемдеу үшін өсіреді.
Қалемшелері мен тұқымдары арқылы көбейеді.
Оранжерея өсімдіктерінің ішіндегі ең ірі өсімдіктерінің бірі – Фикус
өсімдіктері жабайы түрінде 60–қа жуық түрі кездеседі. Азия, Африка,
Америка елдерінің тропикалық тжәне субтропикалық аймақтарында тараған.
Бұлар ірі ағаштар, бұталы шырмауық , топырақ жабынды өсімдіктер. Көптеген
ыстыққа төзімді түрлерінің сүтті шырындары болады.Бұлар ертеде каучукты
ағаш сияқты. Каучукты фикус өз отаны Индия және Бирма елдерінде 30м
биіктіке дейін өседі. Бұлардың шырынының 30% табиғи каучук құрайды.Бұл
өсімдіктің ірі түрлерінен жылына 20кг каучук алынады екен. Қазіргі кезде
бұл өсімдіктің өнеркәсіптік маңызы жоқ, өйткені каучукты ағаш Бразилия
Гевеясынан оданда көп каучук алуға болады.Бізде каучукты фикус пальмарии
бөлімінде өсіп тұр, биіктігі 20м. Коллекцияда тағы да үнділік фикустың бір
түрі- қасиетті фикус (F. religiosa) өсірілген.Олардың жапырағы теректің
жапырағына өте ұқсас. Бұл түр Үнді, Шри-Ланк елдерінің барлық жерлерінде,
шіркеулерде өсіріледі. Буддистердің табынатын( қасиетті) ағашы болып
саналады.Жеміс шоғыры жеуге жарамды. Халық медицинасында бұл өсімдіктің
қабығын, жапырағын, жемісін қолданады. Жапырағы жібек құрттардың жемі болып
саналады.
Жемісті ағаш інжір немесе Фига ағашы (F.carica) көпшілікке өте таныс
өсімдіктің бірі. Олар қысқа қарай жапырақтарын түсіреді.Азия елдерінің
субтропиккалық аймақтарында кездеседі. Коллекцияда фикус немесе
Ауғаныстандық інжір өсімдік түрі бар, ол пальмарий бөлімінде өсіп тұр.
Мәдени сорттарына жақын жабайы түрлері болып саналады. Інжір өсімдігінің
жемісін тағамға жас немесе кепкен түрінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz