«Айқап» журналы


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

Кіріспе

«Айқап» журналының пайда болуы

Негізгі бөлім

1 . Негізгі мақсаты

2. «Айқаптың» қоғамға тигізер пайдасы

3. Журналдың дамуына үлес қосқан қоғам қайраткерлері

Қорытынды

«Айқап» журналындағы публицистика

ХХ ғасырдың басында Троицк қаласындағы «Энергия» баспаханасынан жарық көрген тұңғыш қазақ тіліндегі «Айқап» журналы ұлттың қоғамдық саяси сана сезімінің дамуындағы елеулі құбылыс болды. Бұл кезең Ресей империясының билігіндегі қазақ даласында да демократиялық бостандықтың нышаны ана тілінде газет-журнал бастыруға қол жеткендігі мен тарихи мәні ерекше. Әрине, қазақ мемлекетінің журналы да қалмаған Ресей патшасының отанды қамыты батқан елдің рухани сілкініс жасауға шамасы келуі екіталай жағдайда жеке адамның суырылып шығып, өз қаражатына ана тілінде журнал бастыруы - сол дәуір үшін үлкен ерлікпен пара-пар. Бұл мерзімді басылымның редакторы М. Сералиннің жеке меншігі ғана болып қалмай, ұлттық деңгейге көтеріліп, географиялық шеңбері Орта Азиядағы бауырлас төрүк халықтары мен қытай қазақтарын, Еділ бойындағы татар, башқұрт, Қырым татарлары мен Түркияға дейінгі аралықты қамтып, империяның Мәскеу, Петербург, Орынбор, Астрахань сияқты орталық ірі қалаларының баспа өнімдері дүкендерінде сатылып, кітапхана сөрелерінен орын алуы - қазақ сөзінің таралуы, қазақ үнінің дүнияға жайылуы, жаңа сипатқа ие болғандығының куәсі тұр. Журналдың атқарған тарихи миссиясы, ең әуелі қазақ оқығандары мен зиялыларын бір ортаға жинап, топтастырып, ұлттың болашақ тағдыр-талайына байланысты ақыл-кеңестерін, ұсыныс-тілектерін басылым ретінде білдіріп, сол арқылы қоғамдық пікір туғызуға, ел болуға кемшіліктер мен кеселдің, жат қылықтар мен ескі әдеттердің себебін ашып көрсетіп, одан құтылу мен арылудың жолдары мен әдіс-тәсілдеріне оқырмандардың назарын аударды. Сондай-ақ заманауи ділгер мәселе - ұлт ретінде өзге жұрттан қалып қойған білім, өнер, ғылым мен кәсіп меңгеру, саяси-рухани саласындағы олқылықтардың орнын толтырып, жедел қуып жету көзделді. Журнал ұлттың бас оқулығына айналды. Журналдың атын «Айқап» деп қоюдың өзі, қазақтардың ұлттық өкінішінің рәміздік бейнесі ретінде алынды.

«Айқап» өз кезі үшін үздік журнал болды. Оның әр санын жұрт асыға күтті. Оған Қазақстанның барлық облысынан және Астрахань губерниясына қосылған Бөкей ордалықтары мен Кавказ округіне қарайтын Маңғыстау, Атырау, Оралдан үзбей хат жазып тұрды. Әсіресе, Ақтөбеден, Қостанайдан, Қызылжардан, Торғайдан, Көкшетаудан, Қарқаралыдан, Семейден, Аякөзден, Қапалдан, Шиеліден, Қызылордадан, Жамбылдан, Шымкенттен, Зайсаннан мақала жиі жарияланды. Журнал бетінде кейде «Одан-бұдан», «Уақиғалар», «Мұсылмандар түсінуге тиісті мәселелер» деген айдарлар бойынша да материал жарық көрді. Кейін оларды алмастырған «Хабаршыларымыздан», «Хабарлар» айдарлары журналдың соңғы кезіне дейін тұрақты шығып тұрды. «Айқаптың», «Өлең-жыр», «Фельетон», «Хабаршыларымыздан», «Ашық хат», «Басқармадан жауап» деп аталған тұрақты айдарларының болуы оның жұмысындағы ұқыптылықты, жүйелілікті танытады. Журналдың безендіру мәселесіне де жете көңіл бөлгенін жоғарыдағы айдарлар бойынша жарияланған материалдардан айқын аңғаруға болады. «Айқаптың» хатшысы болып 1911-1912 жылдары Әкірам Ғалимов, 1913-1914 жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров істеді. Қызметкер, тілші, автор болып Жиһанша Сейдалин, Спандияр Көбеев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Молдағали Жолдыбаев, Нұралдин Айтмұқанбетов т. б. қатысты. Айқап және оның редакторы сол кезгі саяси-әлеуметтік мәселенің ең бастысы - жер мәселесі екенін жақсы түсінген. Мұны олар бектік-феодалдық құрылысқа қарсы күрес барысында батыл көтере білді. 1867 жылы 11 шілдеде «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару жөнінде уақытша ереже» шықты. 1868 жылы 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторларының қырлық облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. Барлық жер мемлекет меншігі, тек хан тұқымдарына патша «сыйлаған» жер ғана жекеменшік болып танылды. . 1895 жылдан 1906 жылға дейін «Щербина экспедициясы» патшаға қазақ даласының ең шұрайлы жерлерін мәлімдеп отырды. 1870-1890 жылдары ұйғырлар мен дүнгендер көшіп келді. Осыған байланысты ұлт араздығы бұрынғыдан да өрши түсті. Түтін, мал, егін, т. б. салықтар және тасымал саудасы бұрынғыдан да артты. 15 тиындық ұстара бір қойға, 6-7 сомдық самаурын 20-25 сомға дейін сатылды. «Айқап» осындай тонаушылық саясаттың барынша белең алған тұсында жарық көрді. Сондықтан да бұл мәселелерді кеңінен жазды. Отырықшылық өмірге көшу, поселка, қала салу, егіншілікпен айналысу жөнінде ұсыныстар жасап, кеңестер берді. Журналдың 1911 жылғы екінші санында жарияланған «Қазақ халқының мұқтаждығы» деген бас мақалада әуелі қолға алатын мәселе жер мәселесі екеніне назар аударып, отырықшылыққа көшіп, егіншілікпен айналысу қажеттігін насихаттады. «Айқаптың» 1912 жылғы 31-санында павтша өкіметінің басқару-әкімшілік істері жөніндегі отаршылдық саясатын сынаған басмақала жарияланды. Онда, 1867-1868 жылдардағы ережелерді патша үкіметінің тек үстем тап өкілдері кеңесімен шығарғанын, комиссия мүшелері - болыс, билер өз пайдаларын ғана көздегені, оны тек марқұм Шоқан Уәлиханов қана әшкерелеп, Дала генерал-губернаторына хат жазғаны, қазақ үшін сайланған халық судьяларының пайдасыз екенін мәлімдегені айтылды. «Айқап» қазақ байларының озбырлығын, еңбекшілердің үстем тапқа, самодержавиеге наразылығын, ашу-ызасын білдіретін материалдар да жарияланды. М. Сералин патшаның отарлау саясатының түпкі мақсатын дәл танып, оны жұртқа дұрыс түсіндіруде де білгірлік танытты. Мәселен, оның мына пікіріне құлақ түрелік. «Соңғы он жыл ішінде үкімет . . . қырғыз-қазақтарды отырықшы қылып, өнер үйретейін, өнерге алғызайын, салдырлап көшіп азап шеккенше, отырықшы болып, жан тыныштық қылсын деп емес, отырықшы болып, 12-15 десятина жер алып, ала алмағандардың жерін кесіп алмақ». Дәл бұлай батыл пікір айту тек Мұхаметжан тәрізді саналы, ержүрек жанның ғана қолынан келмек. Бұл тақырыпқа «Шідерті болысы елінің отырықшы болып жер алулары» деген корреспонденцияда Бақытжан Қаратаев: «Қара шекпендер қырық тоғыз қала салдырып алды. Қара шекпендерге ең жақсы бірінші дәрежелі жерлер кетті. Жеті руға ең жаман жерлер қалды», - дей келіп, «көшпелі халық - қабір ұлы» деген сөз бар, көшпелі болмақ балиғилық емес, сәбилік белгісі дейді», деп қазақ халқын отырықшы болуға шақырады. М. Сералиннің «Отырықшы болған қазақтар туралы» деген мақаласында «Жаңа болыстық соттардың қазақы дау-жанжалдарды шешуге икемсіз болып отырғанын мысалдармен дәлелдеп, болыс сот құны 300 сомнан артық мал дауын тексере алмайды. Қазақ арасындағы жесір дауларының құны көбіне 300 сомнан асып кететіндіктен дау-дамай қалай шешіледі?, - деп жұртқа сұрақ қояды да, ол үшін «Қазақ әдеттері» деген кітап шығару қажет дегенді айтады. Мақаланың екінші бөлімі отырықшы өмірдің артықшылығына арналған. Түпкілікті қоныс болуға жарайтұғын жерлер шетке кетіп бітетұғын. Қазаққа қолайсыз жерлер қалатұғын. Түбінде мұндай жерде бытырап жүріп оңбаспыз», - деп автор басына төнген қатерден қорықпай, халық қамқоры дәрежесінде сөйлейді. «Айқаптың» 1911 жылғы 3-санында жарық көрген Бекмырза Бекжановтың «Қазақтың қазіргі халі» мақаласында артта қалуымызға басты себеп феодалдық қоғам, ұлттық томаға-тұйықтық, көшіп-қонумен жүріп, көрші елдердің өнегесінен үлгі алмақ екені дұрыс көрсетілген. Осы мақаламен аттас келесі бір материалда озық елдер қатарына қосылу үшін фабрика, заводтар салып, өнеркәсіпті өркендету негізінен тас көмір, шойын алатын, жер қазатын құралдарға байланысты. Ондай жағдайымыз болса, бұл кәсіппен айналысар едік. Орыс, ағылшын, француз елдерінің алға шығып, қуатты ел болып отырғаны да өнеркәсіптің өркендегенінен», - деп дамудың қакндай жолына түсу қажеттігіне көңіл аударылды. Мұның бәрі сол кезең үшін саяси-әлеуметтік мәні терең мәселелер болатын. Соны журналдың жете түсініп, дұрыс жаза білуі шын мәніндегі үлкен прогресшілдік табысы еді. «Айқап» бірлік мәселесіне де көңіл бөлді. Әйтсе де, ол кезеңде негізінен мал шаруашылығымен ғана күн көрген, ру-руға бөлініп көшпенді өмір сүрген халық арасында бірліктің болуы мүмкін емес еді. Себебі, ол үшін бірыңғай басшылық, мемлекеттік тәртіп орнауы тиіс болатын. Оқыған азаматтар осы жайларында өз ойларын ортаға салды. Досмайыл Қашқынбайұлы «Айқаптың» 1912 жылғы 6-санында жарияланған «Кел, қазақ, ел болайық!», деген мақаласында үш мәселеге: 1. Қазақ халқының шығу тегі; 2. Халқымыздың сол тұстағы тарихи жағдайы; 3. Қорғандар салу тарихы мәселесіне тоқталады. Қазақтың түркі тұқымдас халықтарға жататынын, пішіні

моңғол тектес келетінін жазып, орыс ғалымы Каролиннің Онан сайы мен Әмір сайының бас жағында болған, Орхон сайының арасымен Моңғолдағы Синиананың Ертіске құйылысында көшіп, жайлап, қыстап жүрді деген тұжырымына келіспей, «дұрысы - біз ата-бабамыздың қыстай жаз жайлап жүрген жерімен келе жатырмыз» - деп қарсы дәлел айтады. Мақала авторы осылай дей отырып, «қазірде бұл дүниенің айы жоқ, қайда барсақ бытпылдақ болып бара жатырмыз», - деп жұртты бұдан былай көшіп жүре бермей, жер алып, отырықшы болуға үндейді. Патшалық Ресейдің Азиялық аймақтарға қорған салуын Қазан қаласын алудан бастағанын, Орынбор, Троицк, Челябы қалаларының әскери-стратегиялық мақсаттар үшін салынғанын дұрыс сипаттап, қазақ халқы бұдан былай көшіп жүре берсе құриды, ел атын жояды, сондықтан жерді өзіміздің кәсібімізге правительство берген шама шама өкімет адамдарымен өлшетіп алып, бір жерге әркім өзінің талаптарымен орналасуынан басқа ешбір амал қалмаса керек деп ойлаймыз», - деп жазды.

«Айқаптың» 1913 жылғы 20- санында Есенғали Қосабасовтың «Бас қосу тұрғысында бірер сөз» деген мақаласы жарық көрді. Онда автор бірліктің мәніне, қажеттігіне түрлі тарихи дәлелдер келтіріп, қазақ елін «күннің жарық сәулесі түспейтін таудың көлеңке жағында қалған ел», - деп бағалап, оның өнер-білімсіз ауыр халіне себеп болған нәрсе - ұлттық томаға-тұйықтық деп көрсетеді.

«Бір қолмен істемеген істі екі қолмен бітіреді» - дегендей, біріміз қолдың оңы болғанда, біріміз солы болып, қаздай қатар тұрып ынтымақтасып, бағымызды сыналық» - деп автор ынтымақ-бірлікпен күреске шықсақ, ешкім бізді басынбас еді деген ойды аңғартады. Ол жай басындырмауды ғана ойлап қоймай: «Еділ-Жайыққа да бір кісінің көпір салуға шамасы жетпейтіні шындық қой. Ондай жағдайда көптеп-көлемдеп екінші бір бәсеңдеу жерін тауып алатын еді. Сондай ауыз біріктіріп, ақыл қоссақ, қараңғы түкпірден жол тауып алар ма едік?», - деп, отарлау саясатының езгісінен құтылудың амалын іздейді.

Қазақ публицистикасының қалыптасуында «Айқап» журналы үлкен орын алады. 1911-1915 жылдары тұрақты түрде шығарылып, қазақ елінің түкпір-түкпіріне таралған тұңғыш журнал. «Айқапта» жарық көрген шығармалар ғасыр басындағы қоғамдық-саяси ахуалды аңғартып, сол кездегі өмір шындығының негізгі дерек көзіне айналды. «Журналдар мерзімді уақытта немесе мезгіл-мезгіл шығатын басылымдар болып саналады. Олар апта сайын, он күнде бір рет, екі аптада, ай сайын, тоқсан немесе одан да сирегірек уақыттарда шығып тұруы мүмкін . . . Журнал» - Journal деген француз сөзі, яғни күнделік деген түсінік береді». «Айқап» журналының шығу тарихын жан-жақты зерделеген профессор Х. Бекхожин былай дейді: «Қазақ халқының мәдени өмірінде ХХ ғасырдың бас кезінде болған елеулі оқиғалардың бірі - «Айқап» журналының шығуы. Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы болды. «Айқап» өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен, іс жүзінде Шоқан Уәлихановты, Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтің ағартушылық идеялары негізінде дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой-пікірінің, әдебиетінің, публицистикасының прогресшілдік және демократиялық дәстүрлерін жалғастырған, ілгері дамытқан журнал болды». «Айқапқа» Сәкен Сейфуллин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Бейімбет Майлин, Бақытжан Қаратаев, Сабыржан Ғаббасов және басқа жазушылар мен публицистер қатысты. «Айқап» журналының материалдарын жинақтап, жариялау ісінде көп еңбектенген ғалым Ү. Сұхбанбердина: «ХХ-ғасырдың бас кезінде, яғни 1911 жылдың январынан бастап, 1915 жылдың сентябрь айына дейін Троицк қаласындағы «Энергия» баспаханасында қазақ тілінде үзбей шығып тұрған «Айқап» журналы халқымыздың әлеуметтік, саяси өмірінде, әдебиет пен мәдениетімізді насихаттап, таратуда елеулі рөл атқарды. Қазақ баспасөзінің тарихын зерделеушілердің бірі профессор Б. Кенжебаев «Айқап» журналы бетінде жарық көрген материалдарды тақырыптық, мазмұндық жағынан мынадай бөлімдерге бөліп қарастырған:

1. Саяси-әлеуметтік мақалалар

2. Әдеби шығармашылық, әдебиет мәселелері.

3. Қазақ арасындағы оқу-ағарту ісінің жай-күйі және маңызды мәселелері.

4. Ана тілі, әліппе, емле мәселелері.

5. Қазақ әйелдерінің жайы, бостандық, теңдік мәселесі.

6. Дәрігерлік, агротехникалық кеңестер, ғылым табыстары.

7. Ішкі-сыртқы хабарлар.

8. Кітап сындары.

9. Тілші хаттары, жауап хаттар.

«Айқап» журналындағы аудармаларды зерттеген ғалым З. Тұрарбеков те басылымның қандай мәселелерді қамтығанынан және оның өзіндік ерекшеліктеріне аз-кем тоқталған. » Журналда жарияланған материалдар негізінен мынадай басты тақырыптарға бөлінеді: қазақ елінің экономикасы мен саяси жағдайлары туралы, қазақ халқының тарихы туралы, қазақ халқының жалпы мәдениеті, оқу-ағарту ісі туралы, аударма шығармалар және қазақ тіліне аударудың ғылымдық және практикалық мәселелері туралы, халық денсаулығын сақтау мәселелері және дін туралы.

«Айқап» қазақ халқының саяси-әлеуметтік, мәдени-шаруашылық өмірінің көптеген түйінді, көкейкесті мәселелерін сөз етті. Соның бәрін де шаруашылық пен мәдениеттің өркендеуі тұрғысынан алып жазды. Ол үнемі «бізге не істеу керек?», қайтсек біз ілгері басып, ел қатарына қосыла аламыз?» деген сұраулар қойып, солардың шешуін, жауабын табуға тырысты . . . »

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Айқап» журналы және ХХ ғ.б.әдебиеттің даму мәселелері (тақырыптық, жанрлық, көркемдік мәселелері)
Айқап журналы, оның қазақ әдебиетінің өркендеуіне жасаған ықпалы
Сералин Мұхамеджан шығармашылығы
Айқап журналы және XX ғ. басындағы Қазақстанның қоғамдық- саяси өмірі
Айқап журналы мен Қазақ газеті
Мұхамеджан Сералиннің қоғамдық - саяси қызметі
М. Сералиннің шығармашылығы
Ұлттық баспасөз ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының дерек көзі
Қазақ газеті және Серке - қазақтың тұңғыш бейресми газеттер
ХХ ғасырдың басыңда оқу-ағарту жұмыстары, мәдениет және өнер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz