Рекреациялық жүйе


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
  1. Рекреациялық географияның негізгі ұғымдары: бос уақыт, демалыс, рекреация, туризм, экскурсия, олардың ара-қатынасы.

Рекреациялық географияның негізгі ұғымдары болып бос уақыт, демалыс, рекреация және туризм саналады. "Бос уақыт" - рекреациялық процестің дамуының керекті шарты. Бос уақытты жұмыстан тыс уақытпен шатастырмау керек. Жұмыстан тыс уақыт бір-бірінен өзінің мәні жағынан ерекшеленетін төрт топтан тұрады: 1) үйден жұмыс орнына дейін бару және қайтуға арналған уақыт; 2) күнделікті қажеттілікті өтеуге арналған уақыт (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық) ; 3) үй шаруашылығына және тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт; 4) бос уақыт - демалуға, физикалық және ақыл-ойды дамытуға арналған уақыт.

Сонымен, жұмыстан тыс уақыт екіге бөлінеді: міндетті түрде және басқа іс-әрекеттерден бос уақытқа (1-сурет) /1/. Бос уақыт адамның физикалық және рухани күш-қуатын қалпына келтіріп, дамытуға жұмсалады. Бос уақыт, басқаша айтқанда, белсенді іс-әрекетке кетеді. Осылай десек те, бос уақыт демалуға арналған деп айтамыз. "Белсенді іс-әрекет" пен "демалыс" ұғымдары, бір-біріне сәйкес келмейтін секілді көрінуі мүмкін. Бірақ физиологтардың зерттеулері бойынша, жақсы демалыс - адамның іс-әрекетінің түрінің алмасып тұруы екендігін көрсетеді.

Бос уақыттың негізгі екі функциясы бар: 1) адамның күшін қалпына келтіру функциясы; 2) физикалық және рухани даму функциясы. Қалпына келтіру функциясына тамақтану, ұйқы, қозғалыс жатады. Даму функциясына жата-тындар: сауықтыру, танымдық, қатынасу.

Пайдалану сипатына қарай бос уақыт күнделікті, апталық және жыл сайынғы болып бөлінеді. Күнделікті бос уақытты пайдалану күнделікті үй жұмысы және қала тұрмысымен байланысты. Апталық рекреация демалыс күндерінде, қала сыртындағы зонада жүзеге асады (жергілікті рекреация) . Жыл сайынғы рекреация демалыс немесе каникул кездерінде болады.

1-сурет. Еңбекші халықтың тәуліктік-жиындық уақытының құрылымы

ЖУ - жұмыс орнына жету және қайтуға арналған уақыт;

ТУ - үй шаруашылығына және тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт;

БУ - бос уақыт - физикалық, интеллектуалдық және демалысқа арналған уақыт;

ШУ - табиғи қажеттілікті өтеуге арналған уақыт (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық) .

Демалыс адамның жұмыс істеу қабілетін толықтырады, жүйке жүйесіне және психологиясына тиетін қысымды бәсеңдетеді, ал ауыр жұмыспен айналысатындар үшін физикалық қысым азаяды. Н. С. Мироненко мен И. Т. Твердохлебовтың айтуынша (1981), демалыс - бұл күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталмаған қандай да бір болмасын адамның іс-әрекеті. Демалыс кезіндегі адамның іс-әрекеттерін мынадай классификацияға бөлуге болады /1/:

1. Белгілі бір физикалық ауырлықпен байланысты іс-әрекет (серуендеу, спортпен шұғылдану) ;

2. Әуесқой шұғылдану - аңшылық, балық аулау, саңы-рауқұлақ пен жеміс-жидек жинау және т. б. ;

3. Өнер әлеміне бейімделу (театрға, концертке, мұражай-ларға сапар шегу), өнер саласындағы шығармашылық (көркем өнер, ағашты зерделеу, және т. б. ) ;

4. Интеллектуалдық іс-әрекеттер (көркем әдебиет, газет, журналдарды оқу, теледидарды көру) ;

5. Еркін тақырыпқа әңгімелесу, сұхбаттасу, өз таңдауына байланысты сөз табысу;

6. Белсенді (ойнау, билеу) немесе пассивті түрде көңіл көтеріп, сергу;

7. Көңіл көтеру үшін саяхат жасау.

Демалыс деген түсінікпен қатар, география, социология мен қала құрылысының ғылыми жұмыстарында рекреация, рекреациялық іс-әрекет, рекреациялық процестер деген түсініктер де жиі қолданылады. Ол тегін емес. Еңбектің сипаты, бос уақытты пайдаланудың түрі мен құрылымы мүлдем өзгерген шақта, жақсы демалыс - тынығып жату болудан қалып, физиологтар көрсеткендей, ол - адамның іс-әрекет түрінің ауысып тұруы болып өзгерді. Шынында да, ол көбінесе бос уақытта сауықтыруға, түсініп білуге, спорттық және мәдени көңіл көтеруге пайдаланып тұру үшін қолданылады. Мысалы, санаторияда, демалыс үйлерінде, пансионаттар мен демалыс базаларында болған кезде жиі қала сыртына қыдырып, жорыққа, экскурсия мен саяхаттарға шығып тұру жөн.

Рекреация арқылы ғана адамның бос уақытындағы іс-әрекетінің мәнін түсінуге болады. Рекреация дегеніміз этиологиялық мәндердің жинағы: recreatіo (латынша) - қайта қалпына келу, recreatіon (французша) - демалыс, көңіл көтеру, іс-әрекеттің өзгеруі.

" Рекреация - бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандырылған территориядағы тәуліктік, апталық және жылдық өмір циклдеріндегі, адамның бос уақытын пайдалану кезінде іске асатын сауықтыру, танымдық, спорт-тық және мәдени-көңіл көтеру үшін қатынастар мен құбы-лыстар жиынтығы" (Н. С. Мироненко, И. Т. Твердохлебов, 1981) /1/.

Ұзақтығы жағынан рекреация қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді рекреацияда демалушы өзінің тұрақты жеріне түнеуге келеді, ал ұзақ мерзімдісі кезінде адамдар өзінің тұрақты жерінен тыс жерде түнейді. Қысқа мерзімді рекреация территорияның табиғи зоналарымен (көлікпен немесе бір-екі сағаттық қашықтықты жаяу жүріспен) шектелсе, ал ұзақ мерзімді рекреация тек қана территориямен шектелмейді, функционалдық зонадан басталып, ғаламдық масштабқа дейін қамтылады. Ұзақ мерзімді рекреация өзінің мәні жағынан туризм сияқты терең ұғыммен сәйкес келеді.

Туризм - (француз сөзі tourіsm - серуендеу, саяхат мағынасына келеді) - бос уақытты тұрақты жерінен тыс жерлерде өткізудің бір түрі. Рекреацияға немесе демалысқа қарағанда, туризм деген өте қысқа түсінік. Қазіргі ғылыми әдебиеттер бойынша "туризм" - бұл адамдардың тұрғылықты жерінен тыс жерге саяхаттау және тұрақтау барысында пайда болатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы. Әрине, егер де бұл тұрақтау ұзақ уақыттық қоныстану немесе ақша табу мақсатымен уақытша қоныстануға айналып кетпесе. Сонымен, туризм деген түсінік, ол тұрақты жерінен тыс жерде 24 сағат немесе онан артық уақыт ішінде болатын рекреацияның барлық түрі /1/.

Жоғарыда айтылғаннан мынадай қорытынды жасауға болады: "демалушы" және "рекреант" деген өте кең түсінік, ал "турист" соның бір бөлігі - қысқа түсінік. Бос уақыттарында үйінде демалып жатқандар демалушыларға жатса, ал рекреанттарға бос уақытын тұрақты жерден тыс жерлерде өткізушілер жатады. Соңғы айтылғанға түнеуге қалмайтын келушілер де жатады. Ондай рекреанттарды "экскурсанттар" деп атайды. Ал "экскурсия" өз кезегінде - (латынша) - жол жүру, серуендеу, көрікті көз тартарлық объектілерді аралап көру деген сөз (мәдени ескерткіштер, мұражайлар, мекемелер және т. б. ) . Н. С. Мироненко мен И. Т. Твердохлебовтың айтуынша, " экскурсия - бұл танымдық, ағартушылық, ғылыми, спорттық немесе ойын-сауықтық мақсатты көздейтін, 24 сағаттан аспайтын және түнеуге тоқтамай саяхаттау немесе серуендеу" /1/. "Туризм" және "экскурсия" деген түсініктер өзара өте тығыз байланысты. Экскурсия барлық маршруттарда туристерге көрсетілетін қызмет. Автобус, поезд немесе кемемен саяхат жасағанда, әрбір аялдамасында туристерді экскурсоводтар күтіп тұрады. Олар туристерге қызықты жерлер туралы толық мәлімет береді, олай болмаған жағдайда саяхат өзінің мәнін жоғалтар еді. Экскурсиялардың тақырыптары қызықты, мазмұнды және әр түрлі болып келеді.

Егер де, жоғарыда айтылғандардың барлығына қорытынды жасасақ, мынаны аңғаруға болады: адамның бос уақытын-дағы іс-әрекеттерінің барлығы да "демалыс" деген кең түсінікке жатады, ал қалғандарының барлығы соған кіреді. Демалысқа адамның үйде де, тыста да айналысатын барлық рекреациялық іс-әрекеттері кіреді. Төменгі сатыға "рекреация" немесе үйден тыс жердегі демалысты қосуға болады. Оған "туризм" де, "экскурсия" да кіреді. Рекреация туризмнен кеңірек түсінік, өйткені оған экскурсия, сая бақтағы демалыс және басқа да рекреация түрлері енеді. Ал туризм дегеніміз, демалыс пен рекреацияға қарағанда, өте қысқа түсінік.

2. Адамның физикалық және психикалық күштерін қалпына келтіру және дамыту қажеттілігі. ҒТР, оның оң және теріс көріністері, туризм дамуындағы ролі.

Рекреациялық қызметтер белгілі бір ауданда өндіріледі және тұтынылады.

Ал Н. Н. Баранский айтқандай өндірілетін орын мен тұтынатын орынның арасындағы аумақтық үзілістің болуы туризмде туристің тұрғылықты орны мен демалыс орының арасындағы үзіліспен айқындалады.

Қоғамдық өндірістің даму деңгейі, халықтың тұрмыс жағдайы,

денсаулығын, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру қажеттілігі туғызушы

фактор ішінде маңызды рөл атқарады.

Әлеуметтік-экономикалық сипаты бар рекреациялық қажеттіліктер

туризм дамуының негізгі факторы болып саналады. Солар арқылы халықтың физикалық және рухани күшін қалпына келтіру қажеттілігі іске асады.

Соңғы кездегі туризмнің қарқынды дамуы ғылыми-техникалық

революцияға байланысты. Адамның әлеуметтік жағдайының жақсаруы, білім

мен мәдени деңгейінің өсуі, бос уақыттың көбеюі туризмнің дамуына қатты

әсерін тигізеді.

Адамның психикасына кері әсерін тигізетін ғылыми-техникалық

революция, урбандалу үрдісінің дамуы туризммен айналасуға

қажеттіліктерді туғызатын факторлар болып табылады. Урбандалған үлкен

қалаларда табиғатта демалу сұранысы көбееді.

Қазіргі ғылыми-техникалық революция жағдайында саналы ой еңбегінің

маңызы артуда, өндірістік және тұрмыстық кернеуі күшеюде, қоршаған орта

хал-ахуалы нашарлауда. Осының барлығы адамдардың денелік және

психологиялық шаршауына әкеліп соғады, сондықтан олардың еңбек

қабілетін қалпына келтіру шараларының қажеттілігі туындайды. Осыған орай

өтелмелі жылдық демалыс мерзімі де өсуде. Белсенді демалыс түрі болып

есептелетін туризм арқасында адамдардың еңбек қабілетін қалпына келтіру

мақсатына жылдам жетуге болады.

3. Рекреациялық қажеттілік ұғымы. Рекреациялық қажеттіліктер - рекреациялық іс-әрекетінің ұйымдастыру негізі.

Бүтін бір адамның қажеттілігі сияқты, рекреациялық қажеттілік - бір тарихи туынды және ол өзгеріп тұрады. Оларды қанағаттандыру - өңдіру, айырбастау және тарату жағдайына тәуелді.

Рекреациялық қажеттілік адамның өмір сүру іс-әрекеті кезіндегі жоғалтатын физикалық және рухани күшін, денсаулығын және еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру үшін қажет. Рекреациялық кажеттілік - қоғамдық, топтық және жеке-дара болады /1/.

Рекреациялық география облысында, көптеген зерттеу-шілердің айтуынша, территориялық іс-әрекеттің ұйымдас-тырылуын қоғамдық, топтық және жеке рекреациялық сұра-ныстарды анықтайды дейді.

Қоғамдық рекреациялық қажеттілік - қоғамның барлық мүшелерінің денсаулығын және еңбекке жарамдылығын, физикалық және рухани күшін қалпына келтіруін анықтайтын қажеттілік. Бұл бастысы және жетекшісі. Олар рекреациялық шаруашылығына, территориялық ұйымдастырудың түрлеріне әсер етеді.

Топтық рекреациялық қажеттілік - белгілі бір топтың әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік немесе белгілі бір жастағы топтың қажеттілігін, мәнін анықтайды. Рекреация-лық қызметтердің бір тұтынушы тобы - жанұя болады. Олар ем, сауықтыру және тануды, қызмет көрсетуді кең түрде қажет етеді.

Жеке-дара рекреациялық кажеттілік - ол әр түрлі адамдар мүддесіне арналған рекреациялық қызмет. Қоғамдық, топтық және жеке-дара рекреациялық қажеттілік диалек-тикалық өзара байланыста болады.

Рекреациялық кажеттіліктің қалыптасуына факторлар кешені әсер етеді /1/:

1. Әлеуметтік-экономикалық факторлар: өндіріс күшінің даму деңгейі; тұтынушылық игіліктің өндіру деңгейі (оның ішінде - қызмет аткару) ; туризм мен демалыс сферасының даму деңгейі; халықтың нақты ақша кірісі; қызмет пен заттардың жеке бағалары (оның ішінде - рекреациялық) ; жол көліктері мен көлік инфрақұрылымының даму деңгейі; ұзақ мерзімді демалыс; рекреациялық аудандар мен сапар желісі туралы жарнама және мәлімет орнату; халықтың әлеуметтік және кәсіптік құрамы; мәдени өмір деңгейі; халықтың көшіп-қонуы; ұлттық дәстүр.

2. Демографиялық факторлар: қала мен ауыл халқының қатынасы (өсу дәрежесі) ; халықтың жыныстық құрылымы; отбасының құрамы мен мөлшері; орналасуының ерекше-ліктері.

3. Әлеуметтік-психологиялық факторлар: іскерлік және мәдени байланыстар тығыздығы, мәдени өмірдің түрі; сәннің әсері; жеке тұлғаның бағалық бағыты.

4. Медико-биологиялық факторлар: халықтың денсаулық жағдайы.

5. Табиғи факторлар: адамдар тұратын табиғи зона; тау мен теңіз жағдайына қарай географиялық ерекшелік.

Экономикалық жағынан рекреациялық қажеттілікке баға бергенде, қоғамның мүмкіншілігін, рекреациялық қажеттілікті өтеуге жіберетін қаржысын ескереді.

Рекреациялық тұтынушылық - бұл күнделікті өмірдегі қажеттіліктер. Оны қанағаттандыру керек. Сонымен қатар, олар рекреациялық тауарлар мен қызметті өндірудің қажет-тілігіне байланысты. Қажеттілік пен мүмкіндік біртұтас, өйткені ол осы елдегі немесе басқа елдердегі тұтынушылықты қалыптастырады.

Рекреациялық тұтынудың медико-биологиялық аспектісі санаторлық-курорттық емдеудің құрылымы мен көлемін анықтауды оқып-білумен қорытындыланады. Аймақтық медициналық статистиканың негізіне қарай курортологтар тұтынушылардың санаторлық-курорттық емделудегі жиынтық баланстарын жасайды және оларды қанағаттандыру мүмкіндіктерін анықтайды.

Рекреациялық тұтынушылықтың әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық зерттеулері әлеуметтік топтар мен жеке тұлғалардың рекреациялық тұтынуының қоршаған ортамен диалектикалық өзара байланысына бағытталған.

Рекреациялық іс-әрекеттер процесінде әлеуметтік және әр түрлі жастағы адамдар тобы арнайы талаптар қоя бастайды. Әрине, олардың барлық талаптарын ескеру мүмкін емес.

Әлеуметтік жағынан рекреациялық қажеттілікті зерттеуді кешенді түрде жүргізеді. Оларда мынадай кезеңдер болады /1/:

1. Демалыстың қазіргі заманғы тенденциясын статистикалық деректердің негізінде зерттеу;

2. Рекреацияның мәні мен болашақ дамуы туралы алдын ала болжамдар жасау;

3. Халық арасында анкеталық жауап алуды жүргізу;

4. Рекреацияның даму болашағына ғылыми болжам жасау;

5. Репрезентативтік деректерді тексеру негізінде теория-лық бөлімін құрастыру.

Рекреациялық кажеттілікті оқып-білу территориялық рекреациялық жүйенің қалыптасып, дамуының жолындағы бірінші ғана қадам. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері медицина жұмысшылары, экономист, эколог, курортолог және тағы да басқа мамандардың кепілдіктерімен толық-тырылуы керек.

  1. . Рекреациялық іс-әрекет әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде, оның мәні, құрылымы және классификациясы.

Рекреациялық қажеттілік рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір түрлерінде ғана іске асады, ондай әрекеттер тек бос уақытта ғана ұйымдастырылып, адамның физикалық, психологиялық және рухани күшін қалпына келтіруге және дамытуға бағытталады.

Рекреациялық іс-әрекет белгілі бір тәсілдер арқылы жүзеге асады. Бұндай тәсілдерді "рекреациялық шаралар" деп атайды. Сонымен, "рекреациялық шаралар" - бұл рекреациялық іс-әрекет түрлерін іске асырудағы тәсілдер /1/. Шаралар жинағының ішінен мынадай рекреациялық шараларды бөліп қарауға болады: суға шомылу, жаяу қыдыру, саңырау-құлақ пен жеміс-жидек жинау, ескерткіштер мен мұражайларды аралап көру және т. с. с. Рекреациялық шараларды екі топқа бөлуге болады, олар негізгі төрт шараның басын қосады (1-кесте) .

1-кесте

Рекреациялық шаралардың типологиясы

Қалпына келтіру тобы
Даму тобы
Қалпына келтіру тобы:

Рекреациялық

емдеу шаралары

Даму тобы:

Рекреациялық

сауықтыру шаралары

Рекреациялық

спорт шаралары

Рекреациялық

танымдық шаралар

Қалпына келтіру тобы:

Қатаң түрде

анықтау әдісі

бойынша

санаторлық-

курорттық

емдеу шарасы:

бальнеология-

лық емдеу (ми-

нералды сумен),

батпақпен

емдеу

Даму тобы:

Таза ауада жүру және

мөлшерлі физикалық

салмақпен қыдыру, суға

жүзу, түрлі ойындар,

саңырау-құлақ және

бүлдірген теру, күн мен

ауа ваннасы, пассивті

тынығу және т. б.

Адамның күш-

қуатын өсіру

шарасы (спорттық

ойындар, моторлы

су спорты, шаңғы

спорты, ұзақ

уақытқа сапарға

шығу, тау

шыңдарына шығу

және т. б. )

Адамды рухани

дамыту шарасы

(мәдени және

табиғи ескерт-

кіштерді көру,

мұражайларға

бару, табиғи және

қоғамдық

құбылыстармен

танысу және т. б. )

Рекреациялық-емдеу шаралары - бұл арнайы шаралар жүйесі,

санаторлық-курорттық емдеу әдістерімен қатаң анықталады: климатпен

емдеу, бальнеологиялық емдеу, батпақпен емдеу және т. б. Рекреациялық-

сауықтыру шараларының түрі әр алуан болып келеді. Бұған кіретіндер:

қыдыру, суға шомылу, күн және ауа ванналарын алу, ойындар, жай демалыс,

саңырау-құлақтарды жинау және т. б.

Рекреациялық-спорт шаралары, негізінен, адамның күш-қуатын дамытуға

бағытталған. Бұған кіретіндер: спорттық ойындар, желкенді және моторлы су

спорты, шаңғы спорты, ұзақ жаяу асулардан өту, тау шыңдарына көтерілу

және т. б. Рекреациялық-танымдық шаралар адамды рухани дамытуға

арналған. Бұған жататындар: мәдени ескерткіштерді көру, табиғаттың

құбылыстарымен танысу және т. б.

Жоғарыда айтылған рекреациялық шараларды жай рекреациялық

шаралар дейді.

Жай рекреациялық шара - бұл ішкі бүтіндей біркелкі технологиялық

компоненттерге бөлінбейтін рекреациялық қызметтің элементтері.

Жай рекреациялық шара (ЖРШ) - демалыс бағдарламасын құрастыру

негізі. Социологтар 100 мың шақты ЖРШ есебін шығарып отыр, оның саны

әрбір 10 жылда екі есе өседі. Сондықтан ЖРШ-ды ірі топтарға (рекреациялық

іс-әрекеттің түрлеріне) жинастыруды қажет.

Рекреациялық іс-әрекеттің түрі (РЭТ) - жай рекреациялық шараларды

біртекті топтау, олардың әрқайсысы өзара алмаса алады. Басқаша айтсақ,

рекреациялық іс-әрекеттің бір түріне өзара алмасатын жай рекреациялық

шаралар жата береді. Туроперейтингтің тәжірибесінде бұндай жағдайлардың

маңызы зор, өйткені қандай болмасын жай рекреациялық шараны өткізуге

мүмкіндік болмай қалғанда, оның орнын толтыру үшін туриске жай

рекреациялық шараның басқасын ұсынады. Мысалы, саңырау-құлақ болмай

қалғанда, туристерге жеміс-жидек жинауды ұсынады.

Рекреациялық іс-әрекеттің түрлері 2-кестеде көрсетілген /2/.

Күнделікті өмірде рекреациялық шаралар алмасып тұрады. Шаралар

неғұрлым аралас болса, рекреациялық іс-әрекет соғұрлым әсерлі болып,

рекреациялық қажеттілік қанағаттанарлықтай бола түседі.

Барлық рекреациялық іс-әрекет түрлері рекреациялық іс-әрекет циклімен

бірігіп, соның құрамына енеді. Белгілі уақыт ішінде қайталанып тұратын

рекреациялық шаралардың комбинациясын "рекреациялық іс-әрекеттің

циклі" (РӘЦ) деп атайды /1/. Мысалға, тәулік циклдерді, демалыс кезіндегі

циклдерді, өмірлік циклдерді айырады. Тәулік циклі белгілі бір уақыт ішінде

бірнеше рет қайталанып тұрады. Мынадай циклдер болуы мүмкін: ұзақ

демалыс, өмір циклі, белгілі жастар циклі (балалық шақ, жастық шақ, есейген

шақ) және т. б. Ұзақ демалыс циклі тәулік циклдерінен құрылады. Бірақ бұл

кезде бірдей тәулік циклдері қайталанбайды. Мысалға, санаторлы-курорттық

емдеу үш кезеңдерден тұрады: адаптациялық, емделу, экскурсиялық. Әр

кезеңнің өзінің тұрақты тәулік циклдері қалыптасады. Рекреациялық іс-

әрекеттің өмір циклдері рекреация түрлерінің, география аудандарының

ауысып тұруынан көрінеді. РЭЦ-ді рекреациялық іс-әрекеттің қоғамдық

функциясы бойынша жіктейді. Осыған байланысты емдеу, сауықтыру,

спорттық және танымдық рекреациялық іс-әрекет циклдерін айырады.

Соңғы уақытта көбінесе рекреациялық іс-әрекеттің негізгі үш түрі туралы

айтылады. Оларға емдеу, спорттық-сауықтыру және танымдық жатады.

Рекреациялық-сауықтыру және рекреациялық-спорт шаралары түрлі

рекреациялық шаралар тобына кіргенімен де, өзінің функциялық бағытымен

бір-біріне өте жақын. Өйткені екеуі де негізінен адамның күш-қуатын

сауықтырып дамуына әсерін тигізеді.

Рекреациялық шаралардың әралуандылығы, араластығы және ауысып

тұруы рекреациялық аумақтардың қасиеттерімен тығыз байланысады.

Шаралардың әралуандылығы рекреациялық ресурстардың (табиғи және

әлеуметтік-экономикалық) әралуандылығына сәйкес келуі керек.

Рекреациялық ресурстардың әралуандылығы шаралардың араласып және

ауысып тұруына мүмкіндік береді.

Саяхат мақсаты, оның ұйымдастыру сипаты, құқық статусы, саяхаттың

ұзақтығы, рекреанттың қозғалу түрі, оның жасы, шаралар жиілігі және тағы

басқалары - бұлардың барлығы рекреациялық іс-әрекеттің құрылымы деп

аталынады (3-кесте) /1/.

Емдеу рекреациясы негізгі емдік табиғи факторларына қарай бөлінеді:

климат, минералды су көздері, емдік батпақтар және тағы басқалар. Осындай

ресурстарға байланысты ол үш негізгі топқа бөлінеді: климатпен емдеу,

бальнеологиялық емдеу және батпақпен емдеу. Олардың үйлесіп келуіне

қарай бальнео-батпақпен емдеу, бальнео-климатпен емдеу, климат-бальнео-

батпақпен емдеу топтары болып та бөліне алады.

Спорттық-сауықтыру рекреациясы да алуан түрлі. Әлем бойынша кең

тараған түрлеріне суға түсіп, жағажайда демалу жатады. Суда немесе су

жағасында демалу түрлі рекреациялық шараларды қамтиды: суға түсу, күн

ваннасы, жағалау бойымен серуендеу, жағалауда доп ойнау, су шаңғысы

және т. б.

Серуендеу және кәсіби-серуен демалысына мынадай шаралар кіреді:

ашық-таза ауада демалу, көрікті - көз тартатын жерлерді көру, саңырау-құлақ

пен жидек, теңіз моллюскаларын және басқа да табиғат сыйлықтарын теру.

Танымдық рекреациясы. Танымдық аспектісі рекреациялық шаралардың

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТРЖ - ның өзара байланыстары
Туризмология пәнінен дәрістер
Рекреацияның типтері
Рекреациялық география - жаратылыстану ғылымының бір саласы (5 сағат)
Рекреацияның негізгі функциялары
Қазақстанды рекреацилық аудандарға аудандастыру
Геоақпараттық жүйелердің даму тарихы
Рекреация ұғымы сұрақ-жауап түрінде
Рекреациялық қызметтің ұйымдастырылуы
Территориялық рекреациялық жүйелердің схемасын құрастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz