Татар-моңғол шапқыншылығының саяси-әлеуметтік салдары



I Кіріспe. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2
II Негізгі бөлім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1. Шаруашылыққа тигізген зардаптары
2. Экономикасына тигізген зардаптары
3. Қалыптасқан саяси жағдай
III Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
IV Қолданылған әдебиеттер. . . . . . . . . . . . . . . 14
XIII ғ. басында ерекше геополитикалық жағдай қалыптасты. Түркі руларының бірнеше ғасырға созылған үстемдік ғасыры аяқталды, енді олар бытырап, отырықшы қоныстарға икемделген әлсіз қауымдарға айналды. Олардың жігер-күші әлсіреп, қайраты мұқалды. Осынау шақта Ішкі Азиядан Шыңғыс қаған бастаған мұңғылдар туын желбіретіп, тарих кеңістігіне ат ойнатып шықты. 1205 ж. дейін Шыңғыс (Темучин) маңайындағы ірілі-ұсақты түркі-мұңғыл тілді тайпаларының бәрін бас игізді, мақсатына жету үшін көшпелі рулардың ұйымшыл одағын құрды. Оларды отырықшы елдерге қарсы ұлы соғысқа дайындады. Шыңғыс құрған мемлекеттің құрамына әр түрлі тайпалар кіргенімен (маңғұл-түркі), өзара даму деңгейі бір еді, тілі ортақ болатын, мәдени тұғыры мен әлеуметтік құрылымы Түркі Қағанаттарының мұрасын толық қабылдаған. Шыңғыс мемлекетінің кеңсесін, ханзадалардың тәрбиесін ұйғыр ұстаздары жүргізгені де сол себептен. Ұйғырлар түркі көшпелілерінің ішіндегі елеулісі еді. 1206 ж. құрылтай Темучинді- Шыңғыс деп жариялады. Шамасы- Шыңғұз- бейне сөзден шыққан болар. Шежіренің айтуына қарағанда, осы жиынға үйсін Майқы би, қоңырат Сәңкеле би сияқты ел ағалары да қатысқан, он екі ұлыстың басшысы қатарында ақ кигіздің бір пұшпағын көтерген. Сол заманда Хорезм мемлекетінің қарамағында болған Сыр бойындағы қалаларды жаулап алуды Шыңғыс хан 1218 ж. бастады. Бас-аяғы бірнеше жылдың ішінде Әму мен Сыр арасындағы отырықшылар қонысын түгел бағындырып, мұңғыл әскері Солтүстік Индия мен Иран жеріне аяқ басты. Ал Жебе мен Сүбедей бастаған 30 мыңдық әскер Кавказды талқандап, Еділ бойында қыпшақ, алан, славян еледрін мойын ұсындырып 1223 жылы Жетісуға қайта оралды. Таяу Шығысты тұтас жаулап алу 1260 ж. қағанның немересі Хулагудың тұсында аяқталды. Ал енді Батыс Еуропаны жаулап алуды жалғастырып, 1242 жылы «жеті жылдық» жорықтың негізінде өзіне қаратты. Қытайды бағындыру 1207 ж. басталып, 1259 жылы Құбылай ханның заманында толық іске асты. Яғни, Шыңғыстың бастаған шаруасын оның ұлдары мен немерелері аса табандылықпен жалғастырып жарты ғасырға жетпейтін уақытта әлемнің негізгі бөлігін бір Ордаға топтастырды.
1. Ж. Артықбаев «Қазақстан тарихы» оқулық-хрестоматия Астана қаласы «Фолиант» 2000 жыл
2. К. Ә. Берденова «Қазақстанның экономикалық тарихы» Алматы қаласы «Экономика» 1998 жыл

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрілігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Экономика кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Татар-моңғол шапқыншылығының саяси-әлеуметтік салдары

Орындаған:
_______________________

Тексерген:_________________________

Астана қаласы 2005 жыл

Мазмұны

I Кіріспe_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 2

II Негізгі бөлім _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 5

1. Шаруашылыққа тигізген зардаптары

2. Экономикасына тигізген зардаптары

3. Қалыптасқан саяси жағдай

III Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 12

IV Қолданылған әдебиеттер_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 14

Кіріспе

XIII ғ. басында ерекше геополитикалық жағдай қалыптасты. Түркі
руларының бірнеше ғасырға созылған үстемдік ғасыры аяқталды, енді олар
бытырап, отырықшы қоныстарға икемделген әлсіз қауымдарға айналды. Олардың
жігер-күші әлсіреп, қайраты мұқалды. Осынау шақта Ішкі Азиядан Шыңғыс қаған
бастаған мұңғылдар туын желбіретіп, тарих кеңістігіне ат ойнатып шықты.
1205 ж. дейін Шыңғыс (Темучин) маңайындағы ірілі-ұсақты түркі-мұңғыл тілді
тайпаларының бәрін бас игізді, мақсатына жету үшін көшпелі рулардың ұйымшыл
одағын құрды. Оларды отырықшы елдерге қарсы ұлы соғысқа дайындады. Шыңғыс
құрған мемлекеттің құрамына әр түрлі тайпалар кіргенімен (маңғұл-түркі),
өзара даму деңгейі бір еді, тілі ортақ болатын, мәдени тұғыры мен
әлеуметтік құрылымы Түркі Қағанаттарының мұрасын толық қабылдаған. Шыңғыс
мемлекетінің кеңсесін, ханзадалардың тәрбиесін ұйғыр ұстаздары жүргізгені
де сол себептен. Ұйғырлар түркі көшпелілерінің ішіндегі елеулісі еді. 1206
ж. құрылтай Темучинді- Шыңғыс деп жариялады. Шамасы- Шыңғұз- бейне сөзден
шыққан болар. Шежіренің айтуына қарағанда, осы жиынға үйсін Майқы би,
қоңырат Сәңкеле би сияқты ел ағалары да қатысқан, он екі ұлыстың басшысы
қатарында ақ кигіздің бір пұшпағын көтерген. Сол заманда Хорезм
мемлекетінің қарамағында болған Сыр бойындағы қалаларды жаулап алуды Шыңғыс
хан 1218 ж. бастады. Бас-аяғы бірнеше жылдың ішінде Әму мен Сыр арасындағы
отырықшылар қонысын түгел бағындырып, мұңғыл әскері Солтүстік Индия мен
Иран жеріне аяқ басты. Ал Жебе мен Сүбедей бастаған 30 мыңдық әскер
Кавказды талқандап, Еділ бойында қыпшақ, алан, славян еледрін мойын
ұсындырып 1223 жылы Жетісуға қайта оралды. Таяу Шығысты тұтас жаулап алу
1260 ж. қағанның немересі Хулагудың тұсында аяқталды. Ал енді Батыс
Еуропаны жаулап алуды жалғастырып, 1242 жылы жеті жылдық жорықтың
негізінде өзіне қаратты. Қытайды бағындыру 1207 ж. басталып, 1259 жылы
Құбылай ханның заманында толық іске асты. Яғни, Шыңғыстың бастаған шаруасын
оның ұлдары мен немерелері аса табандылықпен жалғастырып жарты ғасырға
жетпейтін уақытта әлемнің негізгі бөлігін бір Ордаға топтастырды.

Шыңғыс қаған өзінің көзі тірісінде қол астындағы иелікті төрт ұлына
бөліп берген. Үлкен ұлы Жошыға- қыпшақ даласын, Шағатайға- Жетісу мен
Түркістан өңірін, Үгедейге- Шығыс Түркістаннан шығысқа ақрайғы жерлерді, ал
Төлеге- мұңғыл қонысын еншіге берген еді.

Жошының көзі тірісінде оның ордасы Ұлытауда болды (1227ж.), ал ол
өлгеннен кейін, Шыңғыс немерелерін шақырып алып, он төрт ұлдың ішінде
билікті Батуға берген еді. 1236 ж. осы Бату империяның әскери күштерін
бастап, кеңесшілікке Сүбедей баһадүрді ертіп, батысқа аттанды. Ал енді
Батыс жорығынан қайтқан соң, ордасын Еділ бойына тікті. Осының нәтижесінде,
мұңғыл империясының батыс бөлігі Алтын Орда атала бастады. Оның ішкі
әкімшілік бөліктері есебінде, еншілес інісі- Сыбанға (Шибан) берген үлесі –
Көк Орда- Батыс Қазақстан жері мен Еділ жұрты, Батудың өз ағасы Орда
Еженге берген үлесі- Ақ Орда- қазақ жерінің көпшілігі. Бұл өлкені
мекендеген елді ноғайлы деп атау сол Алтын Орда заманында қалыптасты.
Шығыс деректері бұрынғы дәстүрмен бұл өлкені Дешти Қыпшақ деп атады.

Әуел баста Шағатай ұлысы деп аталған оңтүстік-шығыс өлке XIV ғ.
ортасынан бастап екі иелікке бөлінді: Моғолстан және Мауреннахр. Біріншісін
- дулат, чорос сияқты көшпелілер мекендеді, ал екіншісінде - барлас,
қоңырат, арғын рулары билік жүргізді. Жалпы Шыңғыс заманынан бері Жетісу
көшпелі тайпалардың қонысы болып отырықшылық нышандарын азайтты, қалалардың
көпшілігі құлазып, бос қалды. Әсіресе, Шағатай тұқымынан сайланған Кебек
ханның тұсында (1318-1326жж.), оның біржолата Түркістанға көшуіне
байланысты, Мауреннахр отырықшылық үлгісін, ал Моғолстан көшпелілік үлгісін
ұстанып қалды. Дегенмен, ғылыми әдебиеттегі көп айтылатын қалалардың
қиратылуы, қолөнердің құлдырауы шындыққа жанаса бермейді. Алтын Орда
дәуірінде империяда 300-дей қала бой көтергені белгілі, олардың көпшілігі
далалық аймаққа да танымал еді. Әсіресе, көш-керуен жолдары бойында
сәулетті қоныстар көп салынды. Алтын Орда заманы сауда-айырбас
қатынастарының кең өрістеген кезі. Мұңғыл империясының бір шеті мен екінші
шетіне көпестер, елшілер, дін уағыздаушылар емін-еркін саяхаттап
жүрді.Соның бір белгісі көптеген араб саяхатшыларының, еуропа елшілерінің
жазып қалдырған күнделік еңбектері. Алтын Ордадан бұрын да, одан кейін де
бұл құьылыс кездеспейді.

XIV-XV ғғ. Отырар, Сауран , Сығанақ, Жент сияқты Ақ Орда қалаларында
бірқатар құрылыстар салынды. Бұл дәуірдің ең сәулетті ескерткіш – Ахмет
Яссауи кесенесі - де қала салу мәдениетінің озық жемісі. Жалпы Орта Азиялық
қала мәдениетін, қолөнерді екі түрлі ортаның, бір жағы- отырықшылық, екінші
жағы- көшпелілік ұштасқан кезеңінің жемісі деп бағалаған дұрыс. Сонымен
қатар, Түркістан өңірінің қалалары Алтын Орда дәуірінде Батыс пен Шығысты
байланыстырып отырған делдалдық қызметінен айырылған жоқ. Сонымен бірге,
ұлы даланы мекендеген рулардың негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығы
болды. Шығыс Дешті Қыпшақ рулары Сыр бойында, Қаратау маңында қыстайтын, ал
батыстағы көп рулардың қысқы қонысы Еділ бойы, солтүстік-шығыс Каспий
жағалауы маңында болды. Кейбір рулар жайық пен Жем бойында жаз жайлап, қыс
қыстауға теңіз маңына көшті.

Алтын Орда мен Шағатай ұлыстарының мемлекеттік тіршілігі Шыңғыс
ханның Жаза-Жасақ заңдары жинағының аясында жүрді. Алғашқы бетте бүкіл
жаулап алған кеңістікті Қара Қорымнан басқарған болса, кейін келе
жергілікті ұлыс басшылары өз биліктерін нығайтты.Осыған байланысты жаулап
алған өлкелердің дәстүрлі салт-жобасы қайта жаңғырып, қоғамдық дамуда
бөліктене бастады. Мұңғыл ұлыстарында хандардан кейінгі билік қара сүйектен
шыққан ру басшыларында еді, оларға өз бұйрығын орнықтыру, берік әлеуметтік
негіз жасау үшін тархан, қараша бек лауазымдары берілді. Қанша Шыңғыс
әулеті өзінің әлеуметтік артықшыларының арқасында өз билігін күшейтемін
десе де, көшпелі рулар өз көсемдерінің ыңғайына қарады. Оның бір айқын
айғағы- XIV ғ. соңына қарай өрістеген Едіге мен Тоқтамыс арасындағы
шиеленіс. Қыпшақ даласындағы осындай келеңсіз жағдай Ақсақ Темірдің
көтерілуіне жол ашты.

Алтын Орда, Шағатай дәуірі - Қазақстан мәдениетінің жарқын беттерін
құрайды. Оның бөліктері- қалалық мәдениет, мемлекет құру мәдениеті, далалық
эпос, жыраулар поэзиясы. Бұл дәуірді жеке-жеке ұлыс тарихы деп қарағаннан,
тұтас мәдени феномен туғызған орта деп ұққанымыз жөн. Бұл дәуірдің аса
өркендеген тұстары көшпеліліер мен отырықшылардың өркениет нышандарын
біріктіріп, сәнді симбиоз туғызғаны айқын. Этномәдени тұтастық көшпелі
түркі-мұңғыл жұртында анық әлеуметтік құрылым идеяларын туғызды және өзінен
кейінгі пайда болған мемлекеттерге негіз қызметін атқарды.

Негізгі бөлім

Қазақстанда айқындалған дамудың табиғи барысын татар-моңғол
шапқыншылығының күйзелістері үзіп жіберді. Адамдар, өндіргіш күштер,
ғасырлар бойы жинақталған материалдық және мәдени бағалылықтар жойылды.
Дамыған, гүлденген қалалар, мысалға, Отырар, Ашнас, Сығанақ толықтай
күйреді.

Моңғол шапқыншылығының ойсыратқан салдары – халықтар үшін аса
ауыртпалық түсірген салықтар мен алымдарға байланысты болды. Ол халықтың
жаппай кедейленуіне алып келді. Жаулап алу тұсында қиратылмаған қалалар
одан кейінгі кезеңде бос қалды. Барлық мағлұмат көздері қалалық және
отырықшы - егіншілік мәдениетінің құлдырауына, әрі өлкеде моңғол үстемдігі
орнағаннан кейінгі алғашқы онжылдықтың өзінде-ақ егістікке өңделген,
игерілген жерлердің жайылымдарға айналғандығына назар аударады. Кезінде
өркендеген, халқы тығыз орналасқан қалалық мәдениеті мен отырықшы егіншілік
және көшпелі шаруашылықтары дамыған Қазақстанның оңтүстік-шығыс аумағы
өзінің бұрынғы экономикалық және мәдени мағынасын тез жоғалта бастады.

Жетісуға орталық Азиядан қаптаған көшпенділер ағылып келді, бұл
егістікке өңделетін жерлердің күрт қысқаруына себепші болды, отырықшылықтың
есебінен көшпенділікті күшейтті. Елді мекендерді қиратып, егістіктерді
малға таптатып кету, бау-бақшаларды, суландыру жүйелерін жою, отырықшы
халықты қырып-жою мен мен қудалау, оның моңғолдардың жорығы кезінде
қиратылған қалалармен экономикалық негізін жойды. Нәтижесінде XIV ғасырдың
ортасында Оңтүстік – Шығыс Қазақстан өзінің ежелгі қала және отырықшылық
мәдениетімен көшпенділер өлкесіне айналды.

Моңғол шапқыншылығы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық
құрылымында кері шегінушілікті ( регресс ) тудырды: моңғолдар жаулап алған
аймақтарда кеңінен құл иеленушілік құрылыс орнап ( жүздеген мың тұтқындар
құлға айналдырылды ), феодалдық қатынастардың ең артта қалған түрлері
тарады. Феодализмнің одан арғы даму барысының тежелу себебі – егіншілік пен
қала мәдениетінің күрт құлдырауы мен шаруашылықта экстенсивті көшпелі мал
шаруашылығы үлесінің артуы болды.

Осылайша, феодалдық қатынастары қалыптасу сатысында тұрған
Қазақстанда, моңғол шапқыншылығы патриархалдық әдет – ғұрыптың әсерімен
бүркемеленген феодализмнің ең артта қалған түрлерін нығайту мен сақтауға
алып келді.

XIV ғасырда экономикалық қайта өрлеу, феодалдық қатынастардың нығаюы
жағдайында Алтын Орда мен Шағатай болысында жергілікті түрік билеуші
топтарының бағыты күшейе түсті, олар бұл елдерде өз биліктерін құру үшін
күрес жүргізді, бұл түпкі нәтижесінде олардың ыдырауының бір себебі болды.
Олардың қираған орындарында – Қазақстан аумағында Көк Орда Моғолстан,
Әбілхайыр хандығы, одан кейін Қазақ хандығы сияқты мемлекеттер пайда болды.

XIV ғасырда моңғолдардың ойсыратып, жоқшылыққа ұшырытқан
шапқыншылығынан кейін Қазақстанның отырықшы – егіншілік және қала мәдениеті
жойылады, жергілікті халық шаруашылығының аса маңызды саласына айналған
көшпенді экстенсивті мал шаруашылығы басым бола бастады. Бұдан былайғы
кезеңде Қазақстан аумағының оңтүстігінде қалалық және егіншілік
тіршілігінің біраз жандануы байқалса да, қазақтардың бар экономикалық
әрекеті жайылымды мал шаруашылығымен және оны жетілдіруімен байланысты
болды.

Қазақстанның қоғамдық құрылымының тұтастай әлеуметтік-экономикалық
жүйе ретінде қарастыратын болсақ, онда оның өндірістік-шаруашылық негізі –
қауым – қазақ қоғамының патриархалды-феодалдық өмірі мен тұрмысының жан-
жақты көрінісі болып табылады.

Қоғамдық өндірістің аса басым болған түрі – экстенсивті мал
шаруашылығы болған еді.

Бірлескен қазақ қауымында дуализм құбылысы орыналған, яғни қоғамдық
өндіріс бір жағынан, жайылым жерлерін ортақ иеленумен, екіншіден, малға
отбасылардың жеке меншігімен сипатталады. Қазақстандағы меншік түрлерінің
негізі мен маңызы даулы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылыққа тигізген зардаптары
Қазақстан моңғол шапқыншылығы кезеңінде. Алтын Орда
Шыңғыс хан тұсындағы Моңғол мемлекетінің қоғамдық - саяси жағдайы
Моңғол-татардың Қазақстан жеріне басып кіруі
Шыңғысханның дүниежүзін жаулап алу саясаты және моңғол – татар шапқыншылығының тарихта алатын орны
Моңғол мемлекеті және оның құрылу тарихы
Моңғолдардың қазақ жерін жаулап алуы
Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі
Моңғолдар жаулап алғаннан кейінгі этникалық процестер
Тiлдегi кiрме элементтер және оның қалыптасу жолдары
Пәндер