“TOUR TRAVEL” туристік фирманың “бизнез-жоспары”


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

“TOUR TRAVEL” туристік фирманың “бизнез-жоспары”

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

  1. Түйіндеме . . .
  2. Саланың жағдайы және даму перспективалары . . . Қазақстанда туризмі дамытудың негізгі мәселелері . . . Ішкі туризмнің қазіргі жағдайы . . .
  3. Бизнес жоспарда шешілетін мақсаттар мен негізгі міндеттірді сипаттау . . .
  4. Іс-әрекеттер түрлерінің сипаттамасы . . .
  5. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формасы . . .
  6. Өткізу нарығын сипаттау. Бәсеке және бәсекелестік артықшылықтар . . .
  7. Маркетингтік жоспар . . .

1 ТҮЙІНДЕМЕ

Кәсіпорын атауы: толық серіктестік, “TOUR TRAVEL” турістік агенттігі

Мекен-жайы: Фурманова 147, Сатпаев көшесінің қиылысы

Бизнес сферасы: туристік қызмет

Кәсіпорынның жұмыс істеу бастау уақыты: 10 сәуір 2008 жыл

Бизнес-жоспар кәсіпорын жұмыс істеуінің 1 жылға есептелген уақыт аралығы аяқталаған соң, егер қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалса, онда кәсіпорын жұмысын жалғастыра береді.

Туристік сферада “TOUR TRAVEL” толық серіктестік, туристік агенттік құру жоспарланып отыр. “TOUR TRAVEL” турістік агентігін құру жөнінде шешім 17. 11. 2007 ж. Болған құрылтйшылар жиналысында қабылданды. Бизнес-жоспар 1 жыл аралығында жұмыс істеуге бағытталған. 10. 04. 2008 ж. жұмыс істеу басталады, ал клиеттермен жұмыс 01. 05. 2008 ж. басталады. Турагенттік қызмет етуге лицензия рәсімделген.

“TOUR TRAVEL” туристік фирма ішкі туризммен айналысады және Алматыда және Қазақстанда шетелдік және отандық туристерге туристік және экскурсиялық қызмет көрсетеді. Негізгі көңіл ағылшын тілдес елдердің туристеріне бөлінеді. Фирма өз клиеттеріне Қазақстанның шын өмірімен танысуға мүмкіндік беруге негізгі көңіл бөледі. “TOUR TRAVEL” - жауапкершілігі шектелген серіктестік нысандағы әрістестік кәсіпорын. Кәсіпорынды басқару оның иелері, А. Д. Ақболатова және А. Е. Ибрагимова жүзеге асырылады.

Заемді қаражатты тарту жоспарланбайды, себебі компания иелері жеткілікті ақша қаражатын иемденеді.

Кәсіпорынның жарғылық капиталы 728 теңге.

Проекттің залалсыздық нүктесі 4315000 теңге. Ал қаржылық мықтылық қоры 98% деңгейінде.

Рентабельділік деңгейі 136%.

Проекттен табыс 3 теңге.

Рентабельділік индексі 1, 4.

Өндірістік тұтқа 1 рет, түсімнің 1% өзгеруінде кәсіпорын табысы 1 ретке өседі.

Проекттің өтелімділік мерзімі 8 ай.

Таза келтірілген табыс 2 тенге.

2 Саланың жағдайы және даму перспективалары

2. 1 Қазақстанда туризмді дамытудың негізгі мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы №1445 қаулысымен бекітілген Туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, заңнамалық нормативтік актілер әзірлеу, туризм инфрақұрылымын қалыптастыру, статистиканы, кадр, білім беру және өңірлік саясатты жетілдіру, туризм саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі міндеттер қойылды.

Туризмнің қарышты және тұрақты дамуына сырттан келушілер мен ішкі туризм көлемінің өсу қарқыны мен туристік қызметті мемлекеттік реттеу жүйесінің құрылуы куә бола алады.

Бұл ретте елдің туристік имиджін қалыптастыруға және ұлттық туристік өнімді туристік қызмет көрсетулердің әлемдік нарығына шығаруға айрықша назар аударылды: 2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін Берлин (ГФР), Лондон (Ұлыбритания), Мадрид (Испания), Мәскеу (РФ) қалаларында, ал 2006 жылғы қаңтардан бастап Утрехт (Голландия) қаласында өткізілетін ірі халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерге Қазақстанның жыл сайын қатысуы қамтамасыз етіліп келеді.

Туристік бизнес кәсіпкерлері үшін гранттар, техникалық көмек және инвестициялар тарта отырып бизнес-жоспарлар құру мен инвестициялық жобалар жасау бойынша оқытып үйрету семинарларын жыл сайын өткізу қамтамасыз етілген. Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін шетелде көрсету үшін инвестициялық жобалар каталогы, бағыттамалар, буклеттер мен қағаз және электрондық жеткізушілердегі басқа да жарнамалық-ақпараттық өнім шығарылды.

Бүгінде республика іс жүзінде туризмнің қолданыстағы барлық түрін ұсынып отыр. Туристік кластерді дамыту шеңберінде республикада туризмді дамытудың іскерлік, экологиялық, мәдени-танымдық, сондай-ақ шұғыл түрлері сияқты басым бағыттары айқындалды.

Туристік қызмет көрсетулердің негізгі жеткізушісі туристік ұйымдар болып табылады, оларды туристік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар 846 туристік ұйым мен 30 жеке кәсіпкер ұсынады. Әрекет етуші туристік фирмалар мен қонақ үй шаруашылығы кәсіпорындарының басым көпшілігі Алматы қаласында (605), Шығыс Қазақстан (124), Қарағанды (122), Алматы (71) облыстарында және Астана қаласында (79) (1-қосымша) . Қазақстанның туристік қызмет көрсетулер нарығында 3, 2 мыңға жуық адам, 1, 5 мың кәсіби гид пен экскурсияшы жұмыс істейді. Туристік нарықтың барлық ұйымдарының 98, 3 %-ін шағын кәсіпорындар (жұмыс істейтіндердің саны 50 адамға дейін) білдіреді. 250 адамнан аспайтын персоналы бар орташа кәсіпорындар 1, 3%-ті, ал ірілер 0, 4%-ті құрайды. Талдауға қарағанда, туристік ұйымдардың көпшілігін шағын және орта кәсіпорындар құрайды, олар әлем елдерінің көбінде инновацияларға негізделген экономикалық өсімнің тиімді генераторы болып табылады. Қазақстанның туристік ұйымдары әлемнің жетпіс елімен ынтымақтаса жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне қарағанда 2004 жылы Қазақстанда туризм саласында 379, 3 мың адам еңбек еткен, бұл 2003 жылға қарағанда 17, 8 процентке артық.

Жоғарыда көрсетілгендермен қатар, ұлттық туристік нарықта шетелдер қатысатын 37 туристік ұйым қызметін жүзеге асырады.

Тек қана туристік ұйымдардың қызметінен Қазақстан Республикасының кірісі 2005 жылы 5902, 6 млн. теңгені құрады.

Тұтастай алғанда, 2005 жылы республика бойынша туристік индустрия кәсіпорындарының кірісі 16, 8 процентке көбейіп, 30553, 4 млн. теңгені құрады, сонымен қатар бюджетке 6526, 5 млн. теңге аударылды, бұл былтырғымен салыстырғанда 37, 6 процентке артық (2-қосымша) . Көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі де 43, 3 процентке артып, 24516, 8 млн. теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің төлем теңгерімінің деректері (“Сапарлар” бабы) бойынша резидент еместерге Қазақстанның қызмет көрсетулер көлемі 2005 жылы 684, 5 млн. АҚШ долларын құрады, Қазақстанның резидент еместерден алған қызмет көрсетулер көлемі 667, 1 млн. АҚШ долларын құрады (3-қосымша) . 2005 жылы елдің ІЖӨ-ге туризмнің салымы 1, 3 процентті құрады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша сырттан келушілер туризмі көлемінің 2004 жылғы 4291 мың туристен 2005 жылы 4365 мың туристке дейін тұрақты арту үрдісі байқалады. Ішкі туризм бойынша көрсеткіштер 2004 жылғы 2793, 8 мың туристен 2005 жылғы 3280 мың туристке дейін өсуде (4-қосымша) . Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Статистка агенттігінің 2000 жылдан бастап 2005 жылды қоса алғандағы деректерін талдау сырттан келушілер туризмі географиясының 2000 жылғы 60 елден 2005 жылы 161 елге дейін кеңейгенін көрсетеді.

Сырттан келушілер туризмін талдау көрсеткендей, туристердің 58, 4 процентінің біздің елге іскерлік және кәсіби мақсаттармен келгенін көрсетті. Елімізде демалу мақсатында 12017 турист (30, 1 %), таныстары мен туыстарының шақыруы бойынша 10, 2 процент коммерциялық мақсатпен - 1, 2 процент турист келген.

Жыл сайын сыртқа шығушылар туризмінің көлемі артуда. Егер 2000 жылы туристік фирмалар шетелге 67360 туристі жіберсе, ал 2005 жылдың қорытындылары бойынша кеткен Қазақстан Республикасы азаматтарының саны 210692 туристі құрады. Алыс шетел мемлекеттерінің ішінде Түркия - 63, 1 мың адам (30%) , Қытай - 48, 6 мың адам (23, 1%), Біріккен Араб Әмірліктері - 23, 8 мың адам (11, 3%) Қазақстан тұрғындары арасында барынша танымал болып табылады.

Сыртқа шығушылар туризмінде бос уақыт, рекреация және демалыс (44, 7%) мақсатымен шығу басым болып келеді. Қалғандарының шығу мақсаты коммерциялық - шоп-турлар (29 %), іскерлік және кәсіби (18, 7%) болып табылады.

Елде әр түрлі туристік қызмет көрсетулерде қазақстандық және шетелдік азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға кең мүмкіндікті қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешеннің жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасалуда, ұлттық туристік өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттар әзірленіп, қабылданды. Қазақстан Республикасында туризмнің материалдық-техникалық базасын дамытуға инвестициялар тарту үшін жағдайлар айқындалды.

Туризмді дамыту көлік инфрақұрылымын дамытумен тікелей байланысты. Елімізге туристер негізінен әуе көлігімен келеді. Ішкі туризм мақсатында көбінесе автожол көлігі пайдаланылады. Жыл сайын республикалық маңызы бар жолдар тізбесі толықтырылып, олардың құрамында ірі туристік объектілерге апаратын жолдар бар.

Сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризм көлемін ұлғайтудың негізгі факторлары тармақталған көлік желісін дамыту және жолаушылар тасымалының барлық түрлерінің географиясын кеңейту болып табылады. Осыны ескере отырып, ұлттық тасымалдаушы - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы туризм саласындағы уәкілетті органның қолдауымен 2002 жылдан бастап Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент-Самарқанд-Үргеніш-Бішкек-Рыбачье-Алматы бағыты бойынша “Жібек жолы меруерті” мамандандырылған пойызын ұйымдастыру жөніндегі жобаның бірінші кезеңін іске асырады.

2003 жылдан бастап 2005 жылды қоса алғандағы кезеңде Қазақстан Республикасының шетелдермен туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастығының нормативтік құқықтық базасы кеңейді. Қазіргі кезде туризм саласында 26 келісім қолданылуда. Жапониямен, Грекиямен, Франциямен, Катармен, Сауд Арабиясымен, Словениямен, Польшамен, Моңғолиямен, Малайзиямен туризм саласында ынтымақтастық туралы келісім жобалары контрагенттерге келісу үшін жіберілді. Қазіргі уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі болып табылатын Дүниежүзілік туристік ұйыммен және Дүниежүзілік туристік ұйымға мүше елдердің ұлттық туристік әкімшіліктерімен ынтымақтастық нығайтылды.

Резидент еместерден ел экономикасына шетелдік валюта ағынының тұрақты артуы есебінен елдің төлем теңгерімі жақсарып отырғанын айта кету керек, туризм саласын қаржыландыру мәселесі шешілуде: 2001 жылдан бастап 26 млн. 111 мың теңге көлеміндегі қаржылық қаражат, халықаралық көрмелерге қатысу мен республикада халықаралық туристік жәрмеңкелер өткізуді қоса алғанда, туристік қызмет жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруға бөлінді. 2003 жылдан бастап туристік іс-шараларды қаржыландыру көлемі Бағдарламаны қабылдауға байланысты 32 млн. теңгеге, 2004 жылы - 34 млн. теңгеге артты және 2005 жылы бөлінген қаржы қаражат сомасы 39, 5 млн. теңгені құрады.

2. 2 Ішкі туризмнің қазіргі жағдайы

Астана, Алматы қалаларында, Атырау, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында сырттан келушілер туризмінің барынша кең көлемі байқалады, бұл ретте іскерлік туризм басым. Көрсетілген қалаларда, сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында неғұрлым сыртқа шығушылар туризмі дамыған.

Ішкі туризмнің барынша дамуы Астана, Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы және Ақмола облыстарында байқалады.

Тұтастай алғанда, республика бойынша туризмнің барлық түрлерінен барынша көп туристке Алматы, Астана қалаларында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Атырау және Ақтөбе облыстарында қызмет көрсетілген (5-қосымша) . Бұл өңірлердегі туристердің сапар мақсаты негізінен іскерлік және кәсіби мақсат, бос уақыт, рекреация және демалыс, сондай-ақ шоп-турлар болып табылады.

2001 жылдан бастап, жергілікті атқарушы органдар саланы дамытуға қажетті қаржылай қаражатты бөліп келеді, алайда, талдау көрсеткеніндей, облыстардағы туристік индустрияның дамуын тежеуші факторлардың бірі жергілікті атқарушы органдардың экономикалық өсімді қамтамасыз ететін басымдықтардың бірі ретінде аталған салаға жеткіліксіз назар аударуы болып табылады. Айталық, туризмді дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған өңірлік және республикалық бағдарламасын іске асыруға Солтүстік Қазақстан облысында жыл сайын орта есеппен 400 мың, ал 2006 жылға - 329 мың теңге, Павлодар облысында жыл сайын - 500 мың теңгеден және Қостанай облысында - 1, 5 млн. теңге шегінде бөлінді.

Туризм инфрақұрылымы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2005 жылы Қазақстан Республикасының аумағында 515 туристік объект болды, оның ішінде: 273 мейманхана, 7 кемпинг, 36 санаторий, 15 санаторий-профилакторий, 12 профилакторий, 5 емдеу-профилакторий орталықтары, 4 пансионат, 29 демалыс аймағы, 27 демалыс үйі, 24 туристік база, 35 сауықтыру лагері, 4 тау шаңғысы базасы, 13 қонақ үй, 9 аңшылық үй, 1 балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығы, 7 сауықтыру кешені, 6 мұражай, 2 кесене, 1 туризм жөніндегі мемлекеттік кәсіпорын және басқалары (клубтар, қолөнершілер қалашықтары) - 5.

2005 жылғы қолданыстағы 385 қонақ үй мен басқа да орналастыру орнының 340-ы жеке меншік нысанында, 22-сі мемлекет меншігінде және 23-і басқа мемлекеттердің меншігінде болды.

Елде үш, төрт, және бес жұлдызды 78 қонақ үй жұмыс істейді, қалған қонақ үйлер басқа санаттарға жатады.

Республика бойынша туристерді орналастыру объектілерін пайдаланудан түскен кіріс 2005 жылы 21156 млн. теңгені құрады, аталған кәсіпорындар көрсеткен қызмет көлемі 17737, 5 млн. теңге, оның ішінде - мейрамханалары бар қонақ үйлер - 15927, 0 млн. теңге, мейрамханаларсыз қонақ үйлер - 1533, 3 млн. теңге, жастар жатақханалары мен таудағы туристік базалар - 57, 7 млн. теңге; кемпингтер, мотельдер, автофургондар мен автотіркемелерді қоюға арналған тұрақтарда көрсетілетін қызметті қоса алғанда - 0, 7 млн. теңге, қалған орналастыру объектілері - 218, 8 млн. теңгені құраған (6-қосымша) .

Мамандандырылған орналастыру орындарында: 106 санаторий, пансионат, санаторий-профилакторийде 2005 жылы емдеу-сауықтыру қызмет көрсетулерін 257, 4 мың адам пайдаланған, 13 демалыс базасы мен үйінде, пансионаттарда 32686 адам демалған. Неғұрлым танымал емдеу орындарына “Сарыағаш” (ОҚО), Арасан-Қапал (Алматы облысы), “Мойылды”, “Баянауыл” (Павлодар облысы), “Жаңақорған” (Қызылорда облысы), Щучье-Бурабай аймағы (Ақмола облысы), “Каспий” (Маңғыстау облысы) және басқалары жатады.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2003 жылы туризм объектілерінің негізгі жаңа құралдарына 29591, 8 млн. теңге, 2004 жылы 37895, 2 млн. теңге, 2005 жылы 33994, 3 млн. теңге инвестиция бөлінген. Бұл туризм саласына инвестиция тартудың оң үрдістеріне куә болады, алайда қабылданып отырған шаралар инфрақұрылымды дамытуға және туристік индустрияны инвестициялауды ынталандыруға анық жеткіліксіз. Талдау көрсеткеніндей, елдің инфрақұрылымын дамытуға салынған инвестициялардың жалпы сомасынан туристік ұйымдардың қызметін жүзеге асыруға 2003 жылы тек 139 млн. теңге, 2004 жылы 242 млн. теңге және 2005 жылы 48, 3 млн. теңге тартылған.

Туристік қызметке жасалған талдау Астана және Алматы қалаларына шекараның арғы жағынан келген туристер сапары іскерлік мақсатта болатынын (іскерлік туризм) және олар сапалы әрі қызмет көрсетулердің толық жиынтығын ұсынатын қонақ үйлерге тоқтағанды жөн санайтынын көрсетті. Елдің іскерлік орталықтары - ірі қалалардағы халықаралық деңгейдегі қонақ үйлер желісінің одан әрі дамуы дәл осы іскерлік туризмге байланысты болады.

Алайда, қонақ үйлерді, пасионаттарды, демалыс үйлері мен базаларын қоса алғанда, орналастыру объектілерінің материалдық базасы, сондай-ақ санаторийлік-курорттық мекемелер моралдық және физикалық тұрғыдан тозудың жоғары шегіне жетуімен сипатталады.

Әуе көлігі саласында

Халықаралық туризмді дамытуға ықпал етуші негізгі факторлардың бірі жолаушыларды авиатасымалдау болып табылады. Қазіргі уақытта республикаға алыс шетелдің алты авиакомпаниясы («KLM», «Lufthansa», «British Airlinees», «Asiana Air Arabia», «China South Airlines», «Turkish Airlines») тұрақты ұшып тұрады. Ұлттық авиатасымалдаушы “Эйр Астана” Түркия, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Тайланд, Ұлыбритания, Үндістан, БАӘ, Нидерландыға тұрақты рейстер жасайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанның халықаралық авиатасымалдарға қол жеткізе алатын әуежайлары: Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында бар.

Статистикалық деректерге сәйкес 2005 жылы әуе көлігі қызмет көрсетулерін 248578 турист (57, 1 процент) пайдаланған.

Сапарлардың басым көпшілігінің әуе көлігін пайдалану арқылы жүргізілетінін ескерсек, авиапаркті жаңарту, жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау географиясын кеңейту, туристік ағынды көбейту мақсатында елеп-екшелген баға мен тариф саясатын айқындау, қызмет көрсету сапасын арттыру қажет.

Темір жол көлігі саласында

Соңғы жылдары темір жол көлігі билет құнының қолжетімділігіне байланысты республика халқының негізгі жол жүру құралына айналды.

Статистика деректері бойынша, 2005 жылы темір жол көлігін 87615 турист (10, 27 процент) пайдаланған.

Қазақстан аумағы бойынша өзімізде жасақталған 132 бағдар жолаушылар поезы жүріп өтеді. Оның ішінде қала маңындық қатынаста 69 бағдар бойынша; жергілікті қатынаста - 49, мемлекетаралық қатынаста - 11, халықаралық қатынаста - 3 поезд жүреді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы аумағы арқылы ТМД елдерінде жасақталған 17 жолаушылар поезы бағдары өтеді.

Жолаушыларға темір жол көлігінде сервистік қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында бірқатар іс-шаралар көзделген: Қазақстан Республикасы аумағында да, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағында да жолаушылар поезында жолаушылар үшін ланч-бокстар құрудың технологиялық процесінің жобасы қарастырылуда, “ЖВ купе”, “РИЦ купе” санатындағы вагондардың жолаушылары үшін безендіріліп, мамандандырылған ақпараттық буклет шығару бағдарламасының жобасы әзірленді.

Сонымен қатар “Жолаушылар тасымалы” акционерлік қоғамының поездарындағы қызмет көрсету деңгейі халықаралық стандартқа сәйкес келмейді. Вагон паркінің әбден тозуы және біршама бөлігінің ұзақ уақыт пайдаланылуы, оларды ауыстыру немесе қайта жаңғырту қажеттілігі жолаушылар тасымалының өзін-өзі ақтамайтындығымен, оларды субсидиялаудың мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатындығымен түсіндіріледі.

Автокөлік саласында

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1809 қаулысына сәйкес республикалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары тізбесіне ірі туристік объектілерге апаратын және туризмді одан әрі дамытуда барынша қызығушылық тудыратын мынадай жолдар енгізілуіне байланысты соңғы жылдары туристік мақсатта автокөлік белсенді түрде пайдаланылып жүр:

  1. Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас;
  2. Шымкент-Қызылорда - Ақтөбе - Орал - Самара;
  3. Алматы - Қарағанды - Астана- Петропавл;
  4. Астрахань - Атырау - Ақтау - Түркіменстан шекарасы;
  5. Омбы-Павлодар-Семей-Майқапшағай;
  6. Астана - Қостанай - Челябі - Екатеринбург.

Статистика деректері бойынша 2005 жылы қаларалық автобустардың қызмет көрсетулерін 87615 (20, 1 процент) турист, басқа да құрлықтағы жол құралдарын 53765 (12, 36 процент) турист пайдаланған.

Су көлігі саласында

Каспий теңізіндегі Ақтау порты Қазақстанды Ресей, Түркіменстан, Әзірбайжан және Иран порттарымен байланыстырады. Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясымен және Қытай Халық Республикасымен ішкі су жолдары бойынша қатынастар бар.

Шығыс Қазақстандық cу жолдары республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жолаушылар тасымалдауға лицензиясы бар және туристік қызметке кіріктірілген кемелер үшін Өскемен мен Бұқтырма шлюздері арқылы шлюздеу құнының 25 проценті мөлшерінде жеңілдетілген тариф белгіледі. Бұл ретте Өскемен және Бұқтырма шлюздері арқылы аз мөлшерлі флотты шлюздеу ұзындығы 10 м дейінгі кемені - шлюздеу құнының - 10%-імен және 10 метрден ұзын кемені - шлюздеу құнының 20%-імен жеңілдетілген тариф бойынша белгіленген кестемен жүргізіледі. Статдеректерге сәйкес 2005 жылы аталған кәсіпорын 276 туристке қызмет көрсеткен.

Елдің басқа да су артериялары туристік мақсатта пайдаланылмайды. Сонымен қатар жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Еуропадан келген туристердің Каспий теңізі бассейіні аумағында үлкен қызығушылығы жағажай туризмінде де және круиз ұйымдастыруда да байқалды.

  1. Бизнес жоспарда шешілетін мақсаттар мен негізгі міндеттірді сипаттау

Потенциалды нарықты зерттеу индивидуалды туристерді және шағын топтардың қызмет көрсетуге сұранысының, әсіресе клиенттердің нақты талғамдарын орындауға бағытталған қызмет көрсетуге сұраныстың қанағаттанарлық еместігін көрсетеді.

Индивидуалды туризм елеулі алғашқы капиталсалымдарын қажет етпейді және иеленушілер алғашқы капитал ретінде жеке қаржысын қолданады. Өз жұмысын кеңейту үшін “TOUR TRAVEL” фирмасы фирмаға клиенттерді қызмет көрсетуге жіберетін шетел әріптесін іздейді. Сонымен қатар, фирманың нарықта сәтті жұмыс істеу үшін “Жібек Жолы”, “Гулистан” сияқты, яғни ішкі туризм нарығына қызмет көрсететін туроператорларымен келісімшартқа отыру жоспарланып отыр.

Негізігі мақсаттары мынадай болатын туристік агентігін құру:

  1. Сатудың жоғары көлемі.
  2. Нақты өнім бойынша қалыптасқан нарықта фирма үлесін жоғарлату.
  3. Жаңа нарықтарды игеру.
  4. Тұтынушыларда жақсы бедел мен имиджті жаулап алу.
  5. Уникалды туристік өнімдердідайындау.

Мүмкін болатын басқа мақсаттар:

  1. Таза табысты өсуді жоғарылату.
  2. Шығарылатын өнім сапасын жоғарылату.
  3. Сервистіік және ілеспе қызметтің үлесін жоғарлату.
  4. Өткізуді ынталандыруды анализдеу.
  5. Қазақстан нарығына “AIR ASTANA” турөнімді өткізу бойынша турфирманың стратегиясын дайындау және таңдау.
  6. Турөнімді өткізу бойынша формаланған тәртібін дайындау.
  1. Іс-әрекеттер түрлерінің сипаттамасы

Алғашқы кезеңде “TOUR TRAVEL” турфирмасы өзінің дамуы үшін Алматыда шетелдік туристерді қабылдау және отандық туристерге қонақ үйлерге орналстырудан басқа ортақ қызмет көрсетуге бағытталған шағын туристік компания болып келеді. “TOUR TRAVEL” фирмасы туристік және экскурсиялық қызмет көрсетумен және өз клиенттеріне қазақстандық нақтылығын және қазақстандық тереңдік жерлерін көрсетумен айналысады. Туристер қонақ үйлерде тұрады. Тәжірибелі сапарсеріктер экскурсияны негізгі тарихи-архетектуралық ескерткіштер мен Алматы мұражайларымен жүргізеді. “AIR ASTANA” клиенттердің тапсырысымен дайындалатын тақырыптар бойынша индивидуалды экскурсиялар ұсынады және жоғары сапалы транспорттық қызмет көрсету мен тамақтануды ұйымдастыруға кепіл береді.

Фирма іс-әрекеті бойынша келесі бағыттар ұсынылады:

  • Мұнда шетелдік туристерді қабылдау және оларға қызмет көрсету.
  • Жастар туризмі.
  • Отбасылық туризм.
  • Танушылық туризм. Индивидуалды туризм, сонымен қатар, жеке программалар және алдын ала жоспарланған бағдарламалар бойынша туристерге экскурсиялық қызмет көрсету.

Демек, “TOUR TRAVEL” қызметі тұтынушылардың кең ауқымына негізделген.

5 Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын pr-технологиялар туралы
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын PR - технологиялар
«Туристік қызметтер менеджментінің ерекшеліктері («ABDI Travel» ЖШС-ның материалдары негізінде)»
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын PR-технологиялар туралы ақпарат
Туристік қызмет нарығында заманауи-ақпараттық технологияларды қолдану ерекшеліктері
Best tour Guw турагенттігінің негізгі қызметтері
Әмбебап компьютерлік технологиялар
Туристік индустрияның құрамдас бөліктері
Туризм кәсіпорынында маркетингтік зерттеу
Туризм саласындағы жарнама қызметтерінің арнайы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz