Заңды тұлғалардың түрлері туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Заңды тұлға түсінігі және олардың белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

2. Заңды тұлғаны құру тәсілдерінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ..10

3. Заңды тұлғалардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

3.1. Коммерциялық заңды тұлға ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

3.2. Коммерциялық емес ұйым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Пайдаланған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
Менің курстық жұмысым, яғни “Заңды тұлғалардың түрлері” тақырыбын таңдағандағы алдыма қойған мақсатым мынадай:
– негізнен заңды тұлға дегеніміз не?
– ол қандай түрлерге бөлінеді.
– оның органдары мен белгілері.
– заңды тұлғаның пайда болу, қайта құрылу және өзгертілу ережелері және де оның өкідіктері мен филиалдары жөнінде, Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкестігін білу болды.
Енді осы тақырыпты алу мақсатында іздеген кезімде көртеген мәліметтер жинадым. Оның ішінен осы тақырыпты қысқаша түсіндіре алатындай анықтамалардан үзінді келтіре кететін болсам:
Заңды тұлға дегеніміз-өзінің оқшауланған мүлкі бар, сол мүлік шегінде жауап беретін және сот алдында жауапкер және талапкер бола алатын ұйым.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес болып бөлінеді.
Коммерциялық ұйымға: -Жеке кәсіпкерлік.
-Шаруашылық серіктестік.
-Өндірістік кооператив.
-Акционерлік қоғам.
Коммерциялық емес ұйымға: -Мемлекеттік кәсіпорын
-Мекеме: 1. мемлекеттік
2. жеке меншік
-Қоғамдық бірлестік.
-Діни бірлестік.
- Қор.
- Тұтыну кооперативі.
- Акционерлік қоғам,-жатады:
Заңды тұлғаның филиалдары-бұл азаматтық кодекстің 43-бабына сәйкес заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде міндетін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі филиал болып табылады.
Мүліктік оқшаулық-заңды тұлғаның экономикалық құқықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуі.
Заңды тұлғаның органдары-бұл заңды тұлғаның заңнамалық актілерімен немесе құрылтай құжаттарымен қарастырылған құрылымдық бөлімдері болып табылады.
Дербес мүліктік жауапкершілік-бұл заңды тұлға құрылымына қарай өз мүлкі үшін сот алдында жауапты болып саналады.
Құрылтай шарты дегеніміз-заңды тұлғаның қатысушылар арасындағы қатынастарды реттейтін ішкі тәртіп бекітілген шартты айтамыз.
1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы. 1995ж
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 1994 жыл 27 желтоқсан.
3. Ғ. Төлеуғалиев Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Алматы, 2001 ж.
4. Базарбайұлы Б. Заңды тұлға – мүлік иесі. //Фемида.1996 №12.
5. Басин Ю.Г. Юридические лица по Гражданскому праву РК. Алматы 1996.
6. Гражданское право. (Отв. ред. Ю.К.Толстой, А.П.Сергеев) Спб., 1996, Т1.1998, Т2 1999.
7. Гражданское право. Том I. Под ред. М.К.Сулейменова, Ю.Г.Басина. Алматы 2000.
8. Диденко А.Г., Басин Ю.Г., Иоффе О.С. и др. Гражданское право.(учебное пособие). Алматы 1999.
9. Грибанов В.П. Осуществление и защита гражданских прав. Москва, 2000.
10. Комментарий к гражданскому кодексу. Под ред. Ю.Г.Бсина и М.К.Сулейменова. Алматы 2003

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Заңды тұлғалар
Курстық жұмыс

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Заңды тұлға түсінігі және олардың
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...4

2. Заңды тұлғаны құру тәсілдерінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ..10

3. Заңды тұлғалардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.13

3.1. Коммерциялық заңды
тұлға ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 16

3.2. Коммерциялық емес
ұйым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...33
Пайдаланған
әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .36

Кіріспе
Менің курстық жұмысым, яғни “Заңды тұлғалардың түрлері” тақырыбын
таңдағандағы алдыма қойған мақсатым мынадай:
– негізнен заңды тұлға дегеніміз не?
– ол қандай түрлерге бөлінеді.
– оның органдары мен белгілері.
– заңды тұлғаның пайда болу, қайта құрылу және өзгертілу ережелері және де
оның өкідіктері мен филиалдары жөнінде, Қазақстан Республикасының
Заңнамасына сәйкестігін білу болды.
Енді осы тақырыпты алу мақсатында іздеген кезімде көртеген мәліметтер
жинадым. Оның ішінен осы тақырыпты қысқаша түсіндіре алатындай
анықтамалардан үзінді келтіре кететін болсам:
Заңды тұлға дегеніміз-өзінің оқшауланған мүлкі бар, сол мүлік шегінде
жауап беретін және сот алдында жауапкер және талапкер бола алатын ұйым.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес
болып бөлінеді.
Коммерциялық ұйымға: -Жеке кәсіпкерлік.
-Шаруашылық серіктестік.
-Өндірістік кооператив.
-Акционерлік қоғам.
Коммерциялық емес ұйымға: -Мемлекеттік кәсіпорын
-Мекеме: 1. мемлекеттік
2. жеке меншік
-Қоғамдық
бірлестік.
-Діни
бірлестік.
- Қор.
- Тұтыну
кооперативі.
- Акционерлік қоғам,-жатады:
Заңды тұлғаның филиалдары-бұл азаматтық кодекстің 43-бабына сәйкес
заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін
немесе бір бөлігін, соның ішінде міндетін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі
филиал болып табылады.
Мүліктік оқшаулық-заңды тұлғаның экономикалық құқықтық белгісі болып
табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуі.
Заңды тұлғаның органдары-бұл заңды тұлғаның заңнамалық актілерімен
немесе құрылтай құжаттарымен қарастырылған құрылымдық бөлімдері болып
табылады.
Дербес мүліктік жауапкершілік-бұл заңды тұлға құрылымына қарай өз
мүлкі үшін сот алдында жауапты болып саналады.
Құрылтай шарты дегеніміз-заңды тұлғаның қатысушылар арасындағы
қатынастарды реттейтін ішкі тәртіп бекітілген шартты айтамыз.

1. Заңды тұлға түсінігі және олардың белгілері

Заңды тұлғаның құрылтайшылары (оның қатысушылары) заңды тұлғаны
мүліктік қатынастар субъектісі ретінде өзінен бөліп шығару үшін құрады.
Қазақстан Республикасының әрекет етуші Азаматтық кодексінің 1-бабына сәйкес
азаматтық қүқықтық-қатынастардың субъектісі болып жеке тұлға, мемлекет,
әкімшілік-аумақтық бөліністер және заңды тұлғалар табылады. Заңды тұлға
ұйымдасқан, арнайы құқықтар мен міндеттерге ие, азаматтық-мүліктік
қатынастар субъектісі болып табылатын ұйым. Қазігі күні заңды тұлға
институтының азаматтық мүліктік қатынастар үшін маңыздылығы мынада: оның
құрылтайшылары мүліктік қатынастарға түскен кезде өздерінің кәсіпкерлік
тәуекелдерін өзіне керек деген сомамен шектеуге мүмкіндігі бар.[1]
Бірақ та, қанша айтқанмен де заңды тұлға құқықтық категория
ретінде заң әдебиеттерінде бірыңғай анықтама тапқан жоқ. Соан байланысты
қазіргі кезде азаматтық құқық ғылымында заңды тұлғалар туралы бірнеше
теориялар мен тұжырымдамалар бар.
Кеңес мемлекеті өмір сүрген кезде азаматтық құқық теориясында заңды
тұлғалар мәні туралы пікір таластар көп болған еді. Бұлкезде зерттеу
объектісі ретінде көбінесе мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер болды,
бұл мнің ойымша, КСРО экономикасында тек қана мемлекеттік меншіктің
доминант болғандығымен түсіндірілді. Бұл жерде заңды тұлғаларға
мемлекеттік сипат беретін зерттеулерді атақты академик А.В.Венедиктов
өзінің ұжымдық теориясымен түсіндіреді. Бұл ғалымның айтуы бойынша
мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а)мемлект
атынан барлық халық; б) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен
қызметкерлерінің ұжымы.
Ал, академик Д.М.Генкин “әлеуметтік ақиқат теориясын” ұсынды, яғни
онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи-экономикалық
заңдылықтарын басшылыққа ала отырып, заңды тұлға азаматтық құқықпен
жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю.К.Толстой
“директор теориясын” алға тартады, оның пікірінше, мемлекеттік заңды
тұлғаның еркін білдіруші – директор болып табылады.
Бірақ бүгінгі күні теориялық дискуссияларда заңды тұлғалардың
мәні туралы пікірталастар аса маңызды деп айтуға болмайды. Ғылыми
әдебиеттердегі соңғы пікірлер мен тұжырымдамаларға жүгіне отырып,
заңды тұлғаға “мақсатты мүлік” деген түсінік беруге болады.
Е.А.Суханаовтың айтуы бойынша бүгінгі күндердегі коммерциялық практика
“мақсатты мүлік” териясын растап отыр. Яғни бұл жерде заңды тұлғаны
тұлғаландырылған мүлік деп түсінуге болады, оның негізгі мақсаты
азаматтық және сауда айналымдарына қатысу.
Батыс елдерінде заңды тұлғаға қатысты фикция теориясы мен шындық
теориясы кең тараған.
Фикция теориясы герман юристі, герман тарих мектебінің атасы
К.Ф.Савиньи атымен тығыз байланысты. Оның ойынша адам және тек қана адам
әрекеттегі азаматтық құқық субъектісі болып келеді. Оның тұжырымдамасы
бойынша, заңды тұлға азаматтық құқық субъектісі болып табылмайды, тікелей
субъект болып заңды тұлғаны құрайтын жеке тұлғалар болып саналады. Фикция
теориясы Англия мен АҚШ-та кеңінен қолдау тапты.
Шындық теориясының шығыуы XIX ғасырдағы неміс заңгері Гиркемен
байланысты. Ол заңды тұлғаны азаматтық құқықтың бірден-бір субъектісі
ретінде таниды. Гирке заңды тұғаны біріккен тұлғалы, мемлекеттен бөлек
әлеуметтік шындық ретінде бейнелеген. Шынымен айтқанда, Гирке Савиньи
сияқты да идиологилық позициядан шықты, бірақ ол заңды тұлғаны біріккен,
құрама шынайы тұлға деп айтты. Бүгінгі органикалық теорияны ұстанушылар
да заңды тұғаны құқықтар мен міндеттер жүктелген ерекше мүдделердің
бірлігі деп те атайды. Яғни арнайы адамдар, құрылтайшылар, заңды тұдғаны
белгілі бір мақсатқа жету үшін құрады (пайда табу, құықтарын жүзеге асыру).
Батыс құқығында заңды тұлғаны азаматтық құқықтық
қатынастардыңмүшесі болып табылатын ұйым немесе мекеме деп таниды. Заңды
тұлғаға неғұрлым кең түсінікт Латын Америкасының азаматтық кодекстерінде
берілді. Мысалы, 1865 жылғы Чили азаматтық кодексі бойынша азаматтық
айналымға қатысып, құқықтарға ие болып, азаматтық міндеттерді орындай
отырып, құқықтық және құықтық емес қатынастарға фиктивті қатысатын
тұлға. Оған ұқсас анықтамаларды Колумбия, Сальвадор және Эквадор
азаматтық кодекстері береді.[2]
Заңды тұлғаға құықтық анықтаманы Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексіні 33-бабы береді: меншік, шаруашылық жүргізу немесе
жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз
міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік
емес жеке құқықтаррға ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта
жауапкер және талапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады. Заңды
тұлғаның дербес баланасы мен сметасы болуы тиіс (АК. 33б). Жоғарыда
көрсетілген анықтамадан бізде Қазақстан Республикасында кез-келген ұйым
заңды тұлға бола бермейтіндігін көруге болады. Заңды тұлға статусына ие
болу үшін ұйым келесідей белгілердің бірлігіне ие болу тиіс:
• ұйымдық бірлік;
• мүліктік оқшаулық;
• дербес мүліктік жауапкершілік;
• азаматтық айналымға өз атынан шығу.
Азаматтық кодекс заңды тұлғаға ұйым деген анықтама береді, бұнысын
бізолардың коммерциялық және коммерциялық емес деп болінуәнен көреміз. Ұйым
деген термин астарынан біз азаматтардың арнайы құрылған, жұмыс істеу мен
әрекетену ережелеріне бағынатын бірлестігін түсінеміз. Ал жай ғана жеке
индивидтердің бірлесуі заңды тұлға бола бермейді, онда ең бастысы
келіскен білрлік балу керек. Көптеген адамдардан тұратын заңды тұлғаның
ұйымдық бірлестігі дегенде, олардың азаматтық құқықтық, ақша тауарлы
қатынастарға бір бүтін ретінде қатысуын түсінуіміз қажет.
Сонымен қоса ұйымдық бірлестік дегенде бұл жерде міндетті түрде көп
азматтардың болуы шарт емес. Заң бойынша заңды тұлғаларды бір немесе
бірнеше қрылтайшылар құра алады. Өйткені көптеген мемлекеттерде соңғы он
жыл ішінде капталдың бір орталыққа жиналуна байланысты бір ғана
құрылтайшыдан тұратын заңды тұлғаларсаны көбеюде. Бұл құдылысты нарықтық
қатынастардың ықпалы деп түсінуге болады. Мысалға, 70-жылдардың басында
ФРГ-дегі 42000 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 9300 (яғни 22
пайызы) бір адамнан тұратын компанияларға ауысты. Германияда бір мүшеден
тұратын акционерлік қоғам құруға рұқсат беретін заң актілері қабылданған
балтын (1968 жылғы 10 мамырдағы Заң) және бір адамнан тұратын
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құруға рұқсат беретінзаңдар
қабылданды(1980 жылғы 4 мамырдағы Заң).Осындай көріністерді Франция, АҚШ,
Норвегия, Швеция, Швейцария, Дания және Англия мемлекеттерінің заң
актілерінен көруге болады.
Біздің бұрынғы азаматтық кодекс бойынша бір адамнан тұратын заңды
тұлға құруға рұқвсат берілмеген болатын. Ал қазіргі әрекет етуші кодекс
бойынша бізде бірадамнан тұратын заңды тұлға құруға рұқсат берілді.[3]
Мысалға, АК-тің 58-бабының бірінші тармағына жүгінсек: Шаруашылық
серіксестіктерді бір адам құруы мүмкін, ол оның біден-бір қатысушысы болып
табылады. Қазіргі күні республикада бір адамнан тұратыншаруашылық
серіктестіктер, оның ішінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құру
тәжрибесі кең таралып отыр.
Заңды тұлғаның ұйымдықбірлігі оның құрылтай құжаттарынан да көрініс
табады. Азаматтық кодекстің 41-бабына сейкес заңды тұлға өз қызметін, егер
заң құжаттарында өзгеше айтылмаса, жарғы, не құрылтай шарты мен жарғысы
негізінде жүзеге асырады. Заң құжаттарында көрсетілген реттерде
коммерциялық ұйым болып табылмайтын заңды тұлғаларға осы түрдегі ұйымдар
туралы жалпы ереже негізінде жұмыс істей алады. Шағын кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатыын заңды тұлға өз қызметін Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекіткен типтік жарғы негізінде жүзеге асыра алуға
мүмкіндігі бар. Бұл жерде заңды тұлғаның жарғысы мен оның құрылтай шарты
оның мүшелерінің әрекет ету мінез-құлық ережелері ретінде түсініге болады.
Құрылтай шартында оның құрылтайшылары заңды тұлға құруға міндеттенеді,
оны құру жөнінде бірлескен қызмет тәртібін, оның мүлікіне өз меншігін беру
және оның қызметіне қатысу ережелерін белгілейді, бұл жерден заңды тұлғанын
ұйымдасқан бірлігін көре аламыз. Жарғы кәсіпорын құрылтайшыларымен
бекітіледі, ал құрылтай шарты құрылтайшылары арасында жасалады. Заңды
тұлғаның жарғысы оның атауын, тұрғылықты орнын, оның органдарының құрылу
тәртібі мен олар құзіретін, оның қызметін, қайта құру мен қызметінің
тоқтатылу ережелерін қамтуы тиіс. Егер заңды тұлғаны бір адам құрса, онда
мүлікті құру және табысты бөлу тәртібі де белгіленуі тиіс. Мемлекеттік
кәсіпорын үшін жарғының болуы міндетті болып табылады.
Мүліктік оқшаулық – ол заңды тұлғаның негізгі белгісі болып
табылады, бұл белгіден дербес мүліктік жауапкершілік белгісі туындайды.
Заңды тұлғаның мүліктік оқшаулығы ол өзіне жекеше қолданатын мүліктің
бекітілуінен көрінеді. Ю.К.Толстойдың айтуынша ұйымды заңды тұлға айту
үшін деп оқшауланған мүлкі бар ұйымды емес, мүліктік оқшаулықта функция
ететін ұйымды айтады, ал бұл екеуі бір нәрсе емес.[4]
Заңды тұлғаның мүліктік оқшаулығы оның мемлекеттік тіркеуден
өткенінен кейін пайда болады. (Мысалға акционерлік қоғам үшін сол үшін
арнайы қаражатты құйған соң; 8-бап Акционерлік қоғам туралы Заң).
Заңды тұлғалардың мүлкінің оқшаулануы ол мүлікке деген меншік
нысанына байланысты (мемлекеттік меншік, жеке меншік). Егер ол мемлекеттік
кәсіпорын болса, ондағы мүлік шаруашылық басқару немесе оралымды басқару
құқығында болады, бұл белгі оны басқа кәсіпорындар мүлкінен
ерекшелендіреді. Мүліктік оқшаулық заңды тұлғаның жеке бухгалтерлік болуына
мүмкіндік береді. АК-тің 33-бабының 1-тармағына сәкес заңды тұлғаның
дербес балансы мен сметасы болуы тиіс.
Заңды тұлғаның дербес мүліктік жауапкершілігі оның мүліктік
оқшаулығына негізделеді. АК-тің 33-бабында ...оқшау мүлкі бар және сол
мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін деп жазылған анықтама
осыдан шығады. Бұл белгі өз көрінісін Ак-тің 44-бабынан да тапты:
құрылтайшы қаржыландыратын мекемелерден, мемлекеттік мекемелерден және
қазыналық кәсіпорындардан басқа заңды тұлғалар өз міндеттемелері бойынша
өздеріне тиесілі барлық мүліпен жауап береді.
Мекеме міндеттемелері бойынша өз билігіндегі барлық ақшамен жауап
береді. Олар жеткіліксіз болған жағдайларда олардың міндеттемелері бойынша
олардың құрылтайшылары жауап береді. Мемлекеттік мекеме міндеттемелері
бойынша өз билігіндегі барлық ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекеменің
ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша Қазастан
Республикасының Үкіметі немесе тиісьі әкімшілік-аумақтық бөлініс жауап
береді. Егер де заңды тұлғаның банкротығы оның құрылтайшысының немесе
мүлкінің меншік иесенің іс-әрекеттерінен туындаған балса, заңды тұлғаның
қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда құрылтайшы немесе мүлкінің меншік иесі
несие беруші алдында субсидарлы жуаупкершілікте болады.
Заңды тұлғаның құрылтайшы немесе мүлкінің меншік иесі заңды
тұлғаның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал заңды тұлға
құрылтайшының немесе мүлкінің меншік иесінің жеке міндеттемелері бойынша
жауп бермейдіБұған азаматтық кодексте және де өзге де заң актілерінде
көрсетілген жағдайлар қосылмайды.
Азаматтық айналымға өз атынан түсуі заңды тұлғаның процессуалды
белгісі болып табылады. Заңды тұлғаның бұл белгісін Азаматтық кодекстің
заңды тұлғаға анықтама берген 33-бабынан көре аламыз; ...өз атынан мүліктік
және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге
асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Заңды
тұлғаның атауы оны азаматтық қатынастарға түскен кезде индивидтендіретін
және жекешелендіретін құрал болып табылады.
Заңды тұлғаның атауы оның тікелей қалай аталатындығын және де оның
ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетуді қамтиды.Атау заңда көрсетіген басқа да
мәліметтерді қамтуы мүмкін. Мысалға, Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті
ЖАҚ. Коммерциялық заңды тұлға болып табылатын заңды тұлғаның атауа ол
мемлекеттік тіркеуден өткен соң сол ұйымның фирмалық атауы болып та
табылады. Заңды тұлғаның атауы онын меншігі болып табылады, егер оны басқа
да бір заңды тұлға заңсыз түрде пайдаланса, ол сот алдында жауапқа
тартылады. Заңды тұлғада атауымен қоса тауарлық белгі немесе қызмет көрсету
белгісі сауда маркасы болады. Тауарлық белгі дегеніміз – заңдарға сейкес
заңды тұлға атауымен бірге тіркелетін белгі болып табылады. Тауарлық белгі
маңыздылығы – ол заңды тұлғаның шығрған таурларын басқа да заңды және жеке
тұлғалардың шығарған тауарларынан айырудың құралы болы келеді. Тауарлық
белгі немесе қызмет көрсету белгісі заңды тұлғаны айқандаушы белгі ретінде
тұтынушыға да, тауарды ұсынушыға да практикалық маңызы зар. Тауарлық белгі
арқылы тұтынушы сол тауарды шығарушыны қарсылық пен талап қою үшін оңай
табуға ықпалын тигізеді. Сонымен қоса тауарлық белгі атақты таур
өндірушіні айқындауға зор көмектеседі.
Тауардың шыққан жерінің атауы да заңды тұлғаны айқындаудың құралы
болып табылады. Егер тауардың сапасы саол таурадың шығарылатын жерінің
табиғи жағдайларымен немесе сол жердегі адами фактормен айқындалатын
болса, онда заңды тұлға тауардың аты ретінде тауар шығарылатын жер атын
бірге тіркеп, пайдалануға құқықлы (Қарағанды конфеті, Павлодар жанар-жағар
майы, Атырау балығы, Семей байпағы). Тауарлық белгіден қарағанда
тауардын шыққан жерінің атын пайдалануға шек қойылмайды, Ол жердің атауы
кез келген мүдделі заңды тұлға пайдалана алады.
Сонымен жоғарыдағы көрсетілген төрт белгіні қорыта отырып заңды
тұлғаға Азаматтық кодекс мынадай анықтама береді: Заңды тұлға - меншік,
шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және сол
мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және
мүліктік емес жеке құқықтаррға ие болып, оларды жүзеге асыра алатын,
сотта жауапкер және талапкер бола алатын ұйым.
АК-тің 37-бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғы мен құрылтай
құжаттарына сәйкес жүзеге асыратын органдар арқылы ғана азаматтық
құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер қабылдайды. Бұл анықтама оны ұйымдық
бірлескен екенін көрсетеді.[5] Заңды тұлғаның органдары индивидуалды болуы
мүмкін (директор, президент, басқарушы) немесе коллективті болады
(коллегиялды). Оларға мысалға: жалпы жиналыс, басқарма, директорлар
кеңесі және т.б. жатады.
Заңды тұлғаның органдарының түрі, тағайындалу тәртібі немесе
сайлау тәртібі және олардың өкілеттіктері заңдар мен құрылтай шарттарында
көрсетіледі. Мысалы, Азаматтық кодекстің 60-бабына сәйкес шаруашылық
серіктестіктің жоғарғы органы болып оның қатысушыларының жалпы жиналысы
(өкілдер жиналысы) табылады. Серіктестің алқалы органы ретінде:
1. басқарма (дирекция);
2. бақылаушы орган;
3. заң актілеріне немесе шаруашылық серіктестіктің қатысушыларының
жалпы жыналысының шешімінде көзделген жағдайларда басқа да органдар
құрылуы мүмкін.
ҚР АК-нің 92-бабынасәйкес акционерлік қоғамның жоғарғы органы -
оның акционерлерінің жалпы жиналысы. Акционерлік қоғамда директорлар
кеңесі құрылады, Заң актілерінде және акционерлік қоғам жарғысында
акционерлік қоғамның жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқан
мәселелерді қоспағанда, директорлар кеңесі акционелік қоғамның қызметіне
жалпы басшылықты жүзеге асырады. Азаматтық кодексте, заң актілерінде және
акционерлік қоғам жарғысында директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне
жатқызылған мәселелерді акционерлік қоғамның атқарушы органының шешуіне
беруге болмайды.

2. Заңды тұлғаны құру тәсілдерінің жалпы сипаттамасы

Заңды тұлғаның құрылуы үшін заңды тұлға құруға өкілді адамдардың немесе
меншік иесінің интеллектуалды ерікті түрдегі еркі білдірілуі қажет. Заңды
тұлғаны құру процесі қандай да болмасын нысандағы меншік иесінің еркінсіз
мүмкін емес. Осыған байланысты заңды тұлғаларды құрудың үш тәсілі
айқындалады:
1) рұқсат ету тәсілі;
2) жарлық бойынша құру;
3) нормативтік-ерікті тәртіп.
Бұлай бөлудің негізгі себебі заңды тұлғалардың дербес меншігіндегі
мүлік нысанына, оның қатысушыларына байланысты.
Рұқсат ету тәртібі бойынша заңды тұлғаны құру үшін арнайы өкілді
органның рұқсаты керек. Бұрынғы әрекеттегі азаматтық кодекс бойынша осы
тәртіппен кооперативтер, әртүрлі қоғамдық бірлестік нысанындағыұйымдар
құрылатын. Рұқсат ету тәртібі оған рұқсат сұраған тұлғаларға рұқсат
бермеу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Мысалға Азаматтық кодекстің 42-бабының 5-
тармағы бойынша заңдытұлға құрудың белгіленген тәртібін бұзу немесе оның
құрылтай құжаттарының заңға сәйкес келмеуі заңды тұлғаны мемлекеттік
тіркеуден бас тартуға негіз болады. Бірақ та заңды тұлғаның құрылуынна
желеу етіп мемлекеттік тіркеуден бас тартуға жол берімейді.[6]
Заңды тұлғаларды құрудың рұқсат ету тәртібі сақтандыру ұйымдарына
және банктерге тарайды. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 18 жылтоқсанда
қабылданған ҚР-ғы банктер және банк қызметі туралы банктер Ұлттық Банк
рұқсаты негізінде құрылады.
Жарлық бойынша құрудың мәні – заңды тұлға заңды тұлғаның
құрылтайшысы жарлығы негізінде құрылуы дегенді білдіреді. Бұл тәсіл
бойынша, мысалға, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар
құрылады. АК-тің 102-бабына сәйкес мемлекеттік кәсіпорын уәкілетті
мемлекеттік органның шешімі бойынша құрылады, таратылады және қайта
ұйымдастырылады. Мемлекеттік кәсіпорынды уәкілеттәк берілген мемлекеттік
орган тағайындайтын және соған есеп беретін басшы басқаралды.
Нормативтік-ерікті тәсіл бойынша заңды тұлға құру үшін ешбір
мемлекеттік органның рұқсаты талап етілмейді. Бұл тәртіп бойынша бүгінгі
күні ұсақ мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар құрылуда және бұл
тәсіл бүгін республикадағы ең кең таралған тәсіл деуге болады.
Қазақстан Республикасын нарықтық қарым-қатынастарды
субъектілерінің мүдделерін, қарапайым адамдардың неше түрлі өмірлік
мүдделерін қамтамасыз ету үшін заңды тұлғаларды құрудың осы тәсілі
қарастырлған.
Жалпы тәртіп бойынша заңды тұлғалар тек әділет органдарында есепке
алыну арқылы ғана құрылады. Заңды тұлға құрылуы үшін мемлекеттік тіркеуден
өтуі тиіс, ал тіркелу үшін заңда қарастырылған құжаттардың аз ғана саны
қажет, яғни заңды тұлғаларды құру үшін тек ең қажетті құжаттар талап
етіледі, ешқандай артық әрекеттер жасауталап етілмейді. Заңды тұлғаны
тіркеу үшін құрылтайшы әділет органдарына арнай талтрылған арызды, жарғыны,
егер құрылтайшылар саны екіден асса, онда құрылтай шартын, тіркеу үшін
төлемді төлеген құжатты тапсыру кекрек. Жарғы және құрылтай шарт құрылтай
құжаттары құрамына кіреді. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жарғы жасамауы
мүмкін, олар ҚР Әділет министрлігінің типтік жарғысы негізінде қызмет ете
алады. Егер жарғы жасалатын болса, онда жарғыда заңды тұлғаның фирмалық
атауы, ұйымдық нысны, орналасқан жері, органдарының құрылу тәртібі туралы
мәліметтер қамтылуы тиіс. Егер жарғы мен құрылтай шарты арасында
қайшылықтар пайда болса, онда үшінші тұлғалармен қарым-қатынастарда жарғы
ережелері үстем болып келеді.
Заңды тұлғаның құрылу сәті болып (жарлық ету тәсілі бойынша)
мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган шешім шығарған күні
келеді немесе қаулыда көрсетілген өзге де күн келеді. Өзге заңды
тұлғалардың құрылу сәті ҚР Әділет министрлігінде тіркелгеннен басталады.
Тіркеу кезінде заңды тұлға құрудың тиімсіздігін желеу етіп тіркеуден бас
тартуға болмайды.
Жалпы практикада заңды тұлғаны тіркеу аса күрделі әрі керек құбылыс
деуге де болады. Заңды тұғаны тіркеудің қажеттілігі мынада:
• олзаңды тұлғаның пайда болу фактісін растайды;
• заңды тұлғаларды біртекті мемлекеттік регистрге тіркеу арқылы
олардың санына есеп жүргізуне мүмкіндік туады;
• жариялылық жағдайын жасайды, яғни тіркеуші органнан әрбір мүдделі
адам заңды тұлғаның қасиеттерін белгілейтін мәліметтер ала алады,
коммерциялық құпияны қоспағанда.

Шетелдік қатысумен құрылған ұйымдарды, филиалдарды, өкілдіктерді
тіркеудің ерекше тәртібі бар. Бұндай ұйымдар тікелей Қазақстан
Республикасынық Әділет министрлігінде тіркеледі.
Заңды тұлғаларды тіркеудің тағы бір қажекттілігі тіркеуден соң
ұйымның құқық қабілеттігі мен мүліктік оқшаулығы пайда болады.
Құқық қабілеттілік – заң шығарушының тұлғаларды субъективті
құқықтар мен міндеттерге ие болуын белгілейтін қасиеті. Заңды тұлғаның
азаматтық құқықтарға ие болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді заңдарға
сәйкес мойнына алуы құқық қабілеттілігі болып келеді.
Азаматтық кодекстің сәйкес заңды тұлғалар жеке тұлғалармен қатар
мүліктік қатыныастар субъектісі болғандықтан, ол құқық қабілеттігіне ие
болуы керек Заңды тұлғаның құқық қабілеттігі ол құрылған кезде пайда болып,
ал ол таратылғаннан кейін тақтатылады.
Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңи фактілер нәтижесінде пайда
болады. Ал заңды тұлға үшін бұл фактілер болып мәмілелер табылады.[7] Яғнни
олар мәмілеллер жасау үшін арнайы құқықтарға ие болуы керек, яғни бұл деген
құқық қабілеттілік. Бұрынғы азаматтық кодекс бойынша заңды тұғалаға олрдың
құрылтай құжаттарында көрсетілмеген мәмілелерді жасауға рұқсат берілмеген
болатын.Яғни заңды тұлғалардың құқық қабілеттігі рұқсат етілмегеннің
бәріне тиым салынады дегенпринципке негізделген болатын. Бірақ та нарықтық
қатынастардың дамуы аталмыш принципті жоққа шығарды. Бұл жерде енді заңды
тұлғаларға әмбебап құқық қабілеттілік қажет болды.
Бірақ та жалпы және әмбебап қабілеттік туралы айтқан кезде де
Е.А.Суханов ұсынған мақсатты мүлік теорясын естен шығаруға болмайды.[8]
Яғни заңды тұлға белгіглі бір арнайы мақсатқа жету үшін құрылған ұйым
екенін ұмытпайық. Демек заңды тұлғалар кез келген әрекеттерді жасай
бермейді. Сондықтан әр заңды тұлғаны құқық қабілеттілігі арнайы сипатқа ие
болады. Кейбір заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі құрылтай құжаттармен
қатаң белгіленеді.Ал кейбір ұйымдардың құқық қабілеттігі максималды түрде
әмбебап қабілеттікке жақындатылған. Бұл коммерциялық ұйымдарға арналған
мәселе. Олардың қабілеттігі иым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі
принципіне сәкес келеді десек те болады. Дейтұрғамен кейбір коммерциялық
ұйымдардың қабілеттігі де арнайы сипатқа ие болады: мемлекттік
кәсіпорындар. Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар құқықы
қабілеттігі шектеулі болады. Яғни олар нақты бір қатаң мақсаттарды орындау
үшін құрылады. Мысалға қазыналық кәсіпорындар арнайы мемлекетің мүддесіне
пайдалы әрекеттер жасау үшін құрылады, сондықтан олар арнайы, өте тар құқық
қабілеттігіне ие балады.Ұйымдардың кәсіпкерлік сферадағы құқық қабілеттігі
арнайы әрекеттерді жасауды шектейтін лицензилар жүйесімен реттеледі. АК-
тің 10-бабының 4-тармағынын мазмұнына жгінсек, мемлекеттік қауіпсіздік,
құықтәртібін қамтамасыз ету, айналадағы ортаны, азаматтардың меншігін
қорғау мақсатында тауалардың, жұмыстың немесе қызметтің кейбір түрлерін
өндіру мен сақтау мемлекеттік лицензияларалу арқылы жүзеге асырылды. Ондай
тауарладың, жұмыстың немесе қызметтің тізбесі, мемлекеттік лицензиялар
беру тәртібі заң құжаттарында белгіленеді. Арнайы лицензия алмай
жаслынған қызметтері үшін заңды тұлғалар со тәртібінде таратылуы мүмкін.

3. Заңды тұлғалар түрлері

Азаматтық кодекс нормалары бойынша заңды тұлғалардың түрлерін
жіктеу келесі негіздер бойынша жүзеге асырылады:
• құрылтайшылардың заңды тұлға мен оның мүлкіне қатысты құқықтары;
• заңды тұлға қызметі әрекетіне;
• заңды тұлға мүлкі негізделген мүлік нысанына байланысты.
Енді осы белгілерге түсінік беріп кетейік.
Заңды тұлғаның оқшауланған мүлкіне қатысты құрылтайшылар
міндеттемелік немесе заттық құқықтарға ие болады. Мүлкіне өз қатысушылары
міндеттемелік құықтарын сақтап қалатынзаңды тұлғаларға шаруашылық
серіктестіктер, акционерлік қоғам мен кооперативтерді жатқызуға болады.
Мүлкіне өз құрылтайшылары менші құқығын немесе өзге де заттық құқықтарын
сақтап қалатын заңды тұлғаларға сонымен қоса шаруашылық жүргізу құқығындағы
немесе оралымды басқару құқығындағы мүлкі бар ұйымдар да жатады. Бұларға
қазыналық, мемлекеттік ұйымдар жатады. Ал өз құрылтайшылары мүліктік
құқықтарын сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық
қорлар және діни бірлестіктер жатады.[9]
АК-нің 70-бабының 1-тармағына сәйкес егер толық серіктестік
таратылған жағдайда оның барлық борыштарын өтеу үшін нақтылы мүлік
жетіспейтін болса, серіктестік үшін жеттіспейтін бөлігін оған қатысушылар
ортақ жауапкершілікті өздерінің заң құжаттарына сәйкес ақы өндіріліп
алынатын барлық мүлкімен өз мойнына алады. Шаруашылық жүргізу құқығына
негізделген кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық
мүлікпен жауап береді. Қазақстан Республикасы немесе жергілікті-
аумақтықбөлініс қазыналық кәсіп орын міндеттемелері бойынша жәрдем беру
жауаптылығын өз мойнына алады.
АК-тің 109-бабының 10-тармағына сәйкесдіни бірлестіктерге
қатысушылардың осы ұйымға өздері берген мүліке, соның ішінде мүшелік
жарналарға құықтары сақталмайды. Олар діни бірлестің міндеттемелері
бойынша, ал діни бірлестік өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап
бермейді. Міне осылайша заңды тұлғалардыңқұрылтайшыларының ұйым мүлкіне
қатысты құқықтарын ситаттауға болады.
Қызмет әрекеттеріне байланысты заңды тұлғалар өте үлкен екі топқа
бөлеінеді:
коммерциялық ұйым;
коммерциялық емес ұйым.
Бұл екі түрге заңды тұлғаларды жіктеу жайлы Азаматтық кодекстің 34-
бабында айтылған
Ұйым коммрциялық заңды тұлға болып табылады, егер өз қызметінің
негізгі мақсаты ретінде табысты келтіруді көздейтін және сол абысты
қатысушылар арасында үлестіретін болса. Ал керісінше бұл мақсатты
көздемейін заңды тұлғалар коммерциялық емес ұйым болып табылады. Заңда
көрсетілген жағдайларда коммерциялық емес заңды тұлғаны ұйымдық-құқықтық
нысаны бойынша коммерциялық ұйым ретінде де құруға болады, мысалы, биржалық
қор, зейнетақы қорлары акционерлік қоғам ретінде құрылуы мүмкін. Яғни
коммерциялық ұйымнан коммерциялық емес ұйымды айырудың негізгі критерийі
табылған пайданы өз қатысушылары арасында бөлу болып табылады. Яғни
заңды тұлға табылған таза табысты құрылтайшылары арасында бөлуге құқықылы
болса оны коммерциялық ұйымға жатқызуға болады, әйтпесе ол – коммерциялық
ұйым болып табылмайды.
Сол уақытта коммерциялық емес ұйымдар көбінесе басқару жүргізу,
әлеуметтік-мәдени және басқа да коммерциялық емес сипаттағы өзге де
әрекеттерді жүзеге асыру үшін құрылады. Сонымен қоса коммерциялық емес
ұйымдар жарғыларында көрсетілген жағдайларда кәсіпкерлік қызметпен
айналысуы мүмкін, яғни ол пайда табады. Осы ерекшеліктердің бәрін ескере
отырып коммерциялық емес ұйымдарға келесідей анықтама беруге болады,
коммерциялық емес ұйым – басқару, әлеуметтік-мәдени және басқа да
коммерциялық емес сипаттағы функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған,
пайда табуды, және ол пайданы қатысушылары арасында бөлуді мақсат етпейтін
заңды тұлға.
Коммерциялық ұйымдар акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестік,
өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын нысандарында құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйымдарға мекемелер, мемлекеттік мекемелер,
қоғамдық қорлар, қоғамдық бірлестіктер, діни бірлестіктер, тұтыну
кооперативтер, ассоцияция түрінде құрылған заңды тұлғалар бірлетіктері
жатады. Кей жағдайларда заңды тұлға болу үшін арнайы бір нысанға сай болу
керек. Мысалға коммерциялық ұйым емес юолып табылатын және мемлекеттік
бюджет есебінен ғана ұсталатын заңды тұлға тек мемлекеттік мекеме
нысанында құрылады.
Коммерцилық ұйымдар өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру,
сондай-ақ жалпы мүліктік мүдделерін білдіру мен қорғау мақсатында өзара
коммерциялық ұйымдармен бірлескен шарт негізінде қауымдастық одақ
нысанындағы бірлестіктер құра алады. Оған кірген заңды тұлғалар өз
тәуелсіздіктерін толық мәнде сақтайды.

3.1. Коммерциялық заңды тұлға

Коммерциялық заңды тұлға дегенімізді Ғ.Төлеуғалиев мырза өз оқулығында
пайда табуды көздейтін ұйым десек қателеспейміз деп жазған. Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексінің 34 бабының 2 тармағында Коммерциялық
ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық
серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана
құрылуы мүмкінделінген. Аталған коммерциялық ұйымдардың қызметі өз
құзіретіне қатысты заңнамамен және Қазақстан Республикасының Азаматтық
Кодексінің ережелерімен реттеледі. Мысалы: акционерлік қоғам ҚР
Акционерлік қоғам туралы заңымен, шаруашылық серіктестіктер ҚР
Президентінің Шаруашылық серіктестіктер туралы заң күші бар жарлығымен
реттеледі т.б. Коммерциялық ұйымның құрылу қайта құрылу және таратылуы
жалпы заңды тұлға ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Коммерциялық ұйымның басқару органдары , құрылтай құжаттары,
атауы, тұрған жері филиалдары мен өкілдіктері болады.

Коммерциялық ұйымдардың құқықтық нысандары.
Коммерциялық ұйым – бұл кіріс көзін көздейтін және кірген кірісті
қатысушылар арасында бөлетін заңды тұлғана айтамыз.
Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес кәсіпкерліктің келесі
нысандары бар:
1) Жеке кәсіпкерлік.
2) Шаруашылық серіктестіктер.
3) Өндірістік кооператив.
4) Акционерлік қоғам.
Жеке кәсіпкерліктегі басқа коммерциялық ұйым нысандары заңды тұлға
болып табылады. Коммерциялық ұйым нысандары жалпы активтерінің көлеміне
және жұмыс істейтін адамдардың санына қарай 3 топқа бөлінеді:
1-ші топ – шағын кәсіпкерлік субъектілері деп аталады. Оған активтерінің
жалпы құны 60000 айлық есептік көрсеткіштен және жалпы жұмысшылар саны 50-
ден аспайтын ұйымдар жатады. Бір айлық есептік көрсеткіш 971 теңге тең. Осы
топтың ішіне микробизнес субъектілері де кіреді. Микробизнес субъектілері
деп – жұмысшыларының жылдық орташа саны 10 адамнан аспайтын коммерциялық
ұйымдарды айтады.
2-ші топ – орта кәсіпкерлік субъектілері. Бұл топқа активтерінің жалпы
құны 235000 айлық есептік көрсеткіші және жұмысшылар саны 250-ден сапайтын
коммерциялық ұйым кіреді.
3-ші топ – ірі бизнес субъектілері деп аталады. Бұл топқа активтерінің
жалпы құны 325000 айлық есептік көрсеткіші және жұмысшылар саны 250-ден
асатын коммерциялық ұйымды жатқызамыз.
Енді осы коммерциялық ұйым нысандарын жеке-жеке қарасақ. Қазіргі
таңда кәсіпкер әрбір нысанның ұтымды және тәуекелді жақтарын жақсы білу
тиіс. Коммерциялық ұйым нысандарын дұрыс таңдай білу келешектегі
бизнессінің өокендеуіне әсер ететіні даусыз, ал оны дұрыс таңдай алмау
көптеген ыңғайсыздықтарға және материалдық шығындарға, ақырыс жабылуына
немесе таратылуына әкеп соғады.

3.1. Акционерлiк қоғам

Акционерлiк қоғам дегенiмiз өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат
тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға. Акционерлiк қоғамның
жарғылық капиталы сол қоғам мүшелерiнiң салым үлесiнен құралады. Ол үлес
акция түрiнде болады. Акционерлiк қоғамның әрбiр мүшесiнiң жарғылық
капиталдағы үлес мөлшерi акция санымен анықталады. Акционер болып сол
акцияны ұстаушы тұлға таныладлады. Акционер акционерлiк қоғамның мiндеттерi
бойынша жауап бермейдi, бiрақ өздерiне тиесiлi акциялар құны көлемiнде
қоғамның қызметiне байланысты болатын залалдар үшiн зиян шегуге тәуекел
етедi. Акционерлiк қоғамның мүлкi, яғни заңды тұлғалардың дербес жеке мүлкi
болып саналады. Акционерлiк қоғамның құрылтайшылары жеке тұлғалар және
заңды тұлғалар болуы мүмкiн. Акционерлiк қоғамның құрылтайшылары
акционерлiк қоғамды құру барысында өздерi бөлiп берген мүлiкке меншiк
құқығын емес, тек мiндеттемелiк құқығын сақтайды. Акционерлiк қоғамның
қызметi арнайы "Акционерлiк қоғам туралы" заңмен реттеледi (10.06.98ж.
өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлген). Сондай-ақ азаматтық кодекстiң
нормаларымен да қолданылады. Акционерлiк қоғамның барлық акциялары атаулы
болуға тиiс.
Нормативтiк жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлерi аталған
қорлардың мiндеттемелерi бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда
белгiленген тәртiппен ережеге сәйкес ортақтасып жауап бередi.
Акционерлiк қоғамдар коммерциялық заңды тұлға болып табылады. Алайда
заңда белгiленген реттерде коммерциялық емес болып табылатын акционерлiк
қоғамның құрылуы мүмкiн. Мыс: қор биржалары, зейнетақы қорлары же т.б.
Коммерциялық емес акционерлiк қоғамдар таза табысты қатысушылары арасында
бөлiске сала алмайды. Оны тек осы ұйымның қажетiне же дамуына жұмсауға
мiндеттi. Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары болып құрылтай шарты мен
жарғы табылады. Егер акционерлiк қоғамды бiр ғана қатысушы құрса, онда
оның құрылтай құжаты тек жарғы болады. Акционерлiк қоғамның құрылтай
құжаттары нотариалды түрде куәландырылады. Құрылтай шартын акционерлiк
қоғамды құрушылар, яғни құрылтайшылар жасайды. Құрылтай шартында
акционерлiк қоғам құрылтайшыларының құқықтары мен мiндеттерi көрсетiледi.
Жарғы осы заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесiн айқындап, әрекет мақсатын
белгiлейдi. Акционерлiк қоғамның жарғысын акционерлiк қоғамның
құрылтайшыларының жиналысы бекiтедi. Кез-келген мүдделi тарап нсе кез-
келген акционер жарғының көшiрмесiн алуға құқылы нсе онымен таныса алады.
Әрбiр акционердiң құқықтары акцияларымен расталады.
Акционер мына құқықтарға ие:
1. Дивидент алуға, яғни таза пайданың бiр бөлiгiн алуға;
2. Акционерлiк құқықтарды басқаруға қатысуға;
3. Акционерлiк қоғам таратылған жағдайларда таратылғаннан кейiн қалған
мулiктiң бiр бөлiгiн алуға құқылы;
4. Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттарында, заңда көзделген өзге де
құқықтарға ие.
Акционерлiк қоғам артықшылығы бар же жай акциялар шығаруға,
сондай-ақ құрылтай құжаттарында көзделген ретте алтын акция шығаруға
құқылы.
Акционерлiк қоғам өздерi шығарған акцияларды 3 түрлi тәсiлмен
орналастырады:
1. Жабық тәсiл бойынша акция тек алдын-ала белгiленген тұлғаларға ғана
таратылады.
2. Жеке тәсiл бойынша акциялар тек кәсiби инвесторларға ғана таратылады.
3. Ашық тәсiл бойынша акция кез-келген тұлғаға аукцион нсе еркiн сауда
арқылы сатылады.
Акционерлiк қоғам ең алғашқы шығарған акцияларды жабық тәсiлмен
құрылтайшылар арасында бiрiншi кезекте бөлiске салады же ол акциялар
мемлекеттiк тiркеуге алынбайды. Акционерлiк қоғамды басқару органдары
арқылы жүзеге асырылады. Акционерлiк қоғам органдарына жатады:
1. Акционерлер жалпы жиналысы. Ол ең басты орган болып табылады.
2. Басқару органы - оған директорлар кеңесi жатады.
3. Атқарушы орган - бұл орган жеке дара нсе алқалық болуы мүмкiн.
4. Бақылау органы - ол егер алқалық болса, ревизиялық комиссия деп аталады,
ал жеке дара болса, ревизор деп танылады.
Сондай-ақ заңдарға сәйкес басқа да органдардың болуы мүмкiн. Жабық
акционерлiк қоғамның жарғысында директорлар кеңесi көзделуi мүмкiн. Мұндай
жағдайларда директорлар кеңесiнiң барлық құзыретi акционерлердiң жалпы
жиналысына өтедi. Осы аталған акционерлiк қоғам органдарының заңмен
белгiленген айрықша өкiлеттiгi болады. Мыс: акционерлердiң жалпы
жиналысының өкiлеттiгi "Акционер лiк қоғам" туралы заңның 48-бабында
белгiленген.
Директорлар кеңесiнiң құзыретi:
1. Акционерлiк қоғамның әрекетiн қадағалау, ең алдымен әкiмшiлiктiң
қызметiн қадағалайды же атқару органдарын тағайындап, оларға кеңес
бередi.
2. Аса маңызды қаржылық - экономикалық шешiмдердi қабылдайды.
3. Заңда нсе құрылтай құжаттарында көрсетiлген өзге де өкiлеттiктердi
жүзеге асырады.
Акционерлiк қоғамдар "Акционерлiк қоғам туралы" заңға сәйкес ҚР-ң
аумағында еншiлес нсе тәуелдi акционерлiк қоғамдар құра алады.
Директорлар кеңесiнiң мүшесi болып, акционерлiк қоғамға қатысы жоқ кез-
келген адам акционерлiк қоғамның жалпы жиналысында сайлануы мүмкiн. Ашық
акционерлiк қоғамда директорлар кеңесiнiң мүшесi 3 адамнан кем болмауы
тиiс. Директорлар кеңесi жасырын дауыс беру арқылы, өз араларынан кеңес
төрағасын сайлайды. Директорлар кеңесiнде шешiм көпшiлiк дауыс бойынша
қабылданады.
Акционерлiк қоғам туралы заң талаптарына сәйкес, акционерлiк қоғамда
жарғылық капиталдың 2 түрi болады:
1. Жарияланған жарғылық капитал - ол шығарылуы тиiс акциялардың номиналдық
құнының қосындысына тең;
2. Шығарылған (құны өтелген) жарғылық капитал - шығарылу құны өтелген
акциялардың құнының қосындысына тең;
Акционерлiк қоғамның 2 түрi болады:
1. Ашық акционерлiк қоғам.
2. Жабық акционерлiк қоғам.
Аталған қоғамдардың бiр-бiрiнен айырмашылығы:
1. Ашық акционерлiк қоғамның акционерлерi өздерiнiң акцияларын кез-келген
тұлғаға сатуға құқылы. Сондай-ақ бұл қоғамның қатысушыларының саны
заңмен шектелмеген. Ашық акционерлiк қоғамның жарғылық капиталының ең
төменгi мөлшерi 5000 айлық есеп көрсеткiштен кем болмауы тиiс.(1 айлық
есеп көрсеткiш 725т) Ал оның жарияланған капиталының 25%-i мемлекеттiк
тiркеуге алынғанға дейiн өтелуi тиiс.(құны өтелуi тиiс)
2. Жабық акционерлiк қоғамның акционерлерiнiң саны 100-ден аспауы тиiс
же оның акционерлерi өздерiне тиесiлi акцияларын тек осы қоғамның
мүшелерiне нсе акционерлердiң өзiне ғана сата алады. Жарияланған
жарғылық капиталдың ең төменгi мөлшерi 100 айлық есеп көрсеткiштен кем
болмауы тиiс же ол тiркелуге дейiн толығымен өтелуi тиiс. Жабық
акционерлiк қоғам шығарған акциялар мемлекеттiк тiркеуге алынбайды.
Ашық халықтық қоғам - акционерлiк қоғамның ерекше нысаны болып
табылады. Акционерлердiң саны 500-ден кем емес, активтерiнiң мөлшерi 200
000 айлық есеп көрсеткiштен жоғары, сондай-ақ акциялары бағалы қағаздар
рыногiнде улкен сұранымға ие қоғам ашық акционерлiк қоғам деп аталады.
Ашық халықтық қоғамның статусы "Бағалы қағаздар рыногi туралы"
заңға сәйкес берiледi. Барлық жарияланған акциялардың құны толық өтелместен
акционерлiк қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшерiн ұлғайтуға
болмайды. Ал, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлғалар ұғымы
Дербес мүліктік жауапкершілік
Заңды тұлғаларды азаматтық құқық қатынастарында зерттеу
Заңды тұлға ұғымы
Заңды тұлға туралы
Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі
Заңды тұлғалардың негізгі түрлері
Заңды тұлғалар азаматтық құқықтық қатынастың субъектісі ретінде
Азаматтық құқық қатынасы субъектілері заңды тұлғалар
Заңды тұлғаларды ұйымдастырушылық- құқықтық нысаны
Пәндер