Тұрғын үй де — ұлттық байлық


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Ұлттық байлық жинақталған әрі нәтижелі көрсеткіштер санатына жатады және мемлекеттік эканомикалық даму деңгейінің айнасы деуге болады.

Ұлттық байлық - бұл материялдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады. Ұлттық байлық құрамына мыналар енеді:

  1. негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар
  2. айнымалы өндіріс қорлар
  3. материялдық резервтер мен сақтандыру қоры
  4. айналым қоры
  5. тұрғындар мүлкі

Ұлттық байлық құрамына негізгі жер, ормандар, сондай-ақ барланған табиғи ресурстар және олар натуралды түрде есептелінеді. Қазақстан өзінің ауқымы бойынша ұлттық байлықтың үлкен көлемін иеленген.

Ұлттық байлық өзінің қолдануы бойынша былай бөлінеді:

  1. өндіріс құрал жабдығына
  2. тұтыну заттарына

Ұлттық байлықты өзінің құрамы бойынша екі топқа бөлуге болады: ұлттық мүлік және табиғи ресурстар. Елдегі материялдық игіліктердің заттай жиынтығы ұлттық мүлікті құрайды

1. Қазақстан Ұлттық байлықтың үлкен бір бөлігін құрайтын тарихи-мәдени жәдігерлердің материалдық құнын анықтауда асықпай келеді. Өйткені біздің елде ұлттық байлық туралы әңгіме бола қалса, алдымен ауызға мұнай алынады да, қара алтынның жанында басқа байлық көмескі тартып, «жылтырауға да жарамайтын жез» болып қалады. Басқасын айтпағанда, Алматыдағы Орталық мұражайдың ішінде 300 000-нан аса археологиялық, этнографиялық, тарихи экспонат тұр. Өте сирек кездесетін аңдардың сұлбасы да осында сақтаулы. Осы уақытқа дейін солардың бірде-бірінің бағасы қойылмаған. Басқасын айтпағанда, әлі күнге әйгілі «Алтын адам» мен «Тайқазанымыздың» құнын білмейміз. Құнының қанша екенін түс көріп білмесең, мемлекет тарапынан арнайы комиссия құрылып, жинақталып қалған жәдігерлерді зерттеп, сараптап, дәл бағасын қоюда ешқашан да ешкімге міндеттелмеген. Өзге елдерді өз заманындағы интеллектуалдық еңбекті, соның ішінде рухани және тарихи-мәдени мұраны қандай өлшемдердің негізінде дәл бағалау қажеттігі толғандырса, біздің елдің Үкіметі бұл мәселені әлі де болса қажеттіліктердің қатарына қосқысы келмейтін сыңай танытады. Мәселен, Ресей өзінің интеллектуалдық байлығын 10 триллион долларға бағалап қойыпты. Өйткені олардың ұлттық байлығының негізгі көзі - мұражайлар мен тарихи орындар болып есептеледі. Басқаша айтқанда, тарих пен мәдениеттің сабақтасқан дәстүрі қалыптасқандықтан да, олар үшін «мұражай - мемлекет ішіндегі мемлекет». Біздің ғалымдар «оның құны өлшеусіз, бағалауға келмейтін асыл мұра» деп бір-ақ қайыратын дүниені ресейліктердің бағасын білуге, анықтауға ұмтылатындығы, бәлкім, осындай биік сананың да жемісі болар.

Ең бастысы, саясаткерлер мен мемлекет қайраткерлерінің Ресей территориясындағы сол байлықтың бір тұтам бөлігіне нұқсан келтіретін әрекеті айғақталып жатса, ол Ресей халқына қарсы жасалған мемлекеттік қылмыс болып саналады. "Қазақстанда мәдени-тарихи жәдігерлер ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті, кім көрінгенге сыйланып жатыр" дегеннен аулақпыз. Бірақ "жаман айтпай жақсы жоқ", сол жәдігерлердің бірі ұрланып, қолды болып кетіп жатса және оған халықаралық іздеу жарияланатын болса, Интерполымыз қалай, не деп іздейді? Өйткені халықаралық полицияның іздестіру шартында міндетті түрде ол мүліктің бағасы көрсетілуі шарт. Біз осы сауалымызды Орталық мұражайдың директоры Нұрсан Әлімбайға қойғанымызда, ғалым: "Кез келген тарихи мәні, салмағы бар жәдігердің бағасын дәлме-дәл анықтау өте қиын. Оның бағасын "шамамен" деп айтуға болмайды. Оны арнайы мамандар ғана анықтайды және оның сол еңбегіне өте көп ақша төленуі керек. Ал ондай қаржыны мемлекет бөлмейді. Содан соң, мұндай жағдай болады деп мүлде ойламайды. Алда-жалда орын алып қалса, біз құлақтандыруды "оның бағасы ешқандай өлшемге келмейтін құнды зат" деп береміз. Бізге әзірге бағасынан гөрі, тарихи-мәдени құндылығы басымырақ маңызға ие болып тұр. Мәселен, кезінде Рембрандтың түпнұсқадағы "Мадоннасы" да жоғалды, сол кезде алдымен оның бағасы шамамен 5-6 миллионға бағаланды. Кейін мамандар оны зерттей келе, 11 миллион деп дәл бағасын атады. Сондықтан бұл мәселені айтқан жерден аулақ болсын деп тілейік. Кезінде тап осы шаруамен біз де айналысып көргенбіз. Тұтас жоба түгілі, әр экспонаттың өзі өте қымбат, өте жауапты, өте ауыр жұмыс болып шықты. Сіз маған Ресейді көлденең тартасыз. Гәп мынада - бізде әлі Ресейдегідей мұражайға деген дұрыс көзқарас қалыптаспаған. Керек болса, бізде әлі мұражай туралы заң да жоқ. Қай жылы қабылданғаны белгісіз ескі заңмен жұмыс істеп келе жатырмыз".
Мұражай ісі - мемлекеттік іс. "Алтын адамнан" бастап Абылай ханның хатына дейінгі мұраның бәрі өлшеусіз еңбекпен келді, ендеше, белгілі құны, бағасы жоқ дүниені байлық қатарына қалай қосарсың? Және ол жай байлық емес, ұлттық байлық болса . . .

2. Тұрғын үй де - ұлттық байлық

Тұрғын үй құрылысының жеделдеуіне ипотекалық несиелеудің жылдан-жылға ұлғая түсуі де жәрдемдесуде. Бір кездері ипотека деген сөздің өзі көпшілікке тосын түсінік болса, бүгінде мыңдаған отбасының ипотекалық несиенің игілігін көріп отырғаны сүйсінерлік жәйт.

Ипотекалық несиелеудің дамуына республика Үкіметінің 1997 жылғы 22 тамыздағы “Мемлекеттік тұрғын үй саясатын жаңа экономикалық жағдайларда жүзеге асыру туралы” қаулысы заңнамалық негіз болды. Алғашында ипотекалық несиелер бойынша сыйақы ставкасының мөлшері жылдық 24 % шамасында болса, бастапқы жарна мөлшері 40-50 %-ды құраған, несиелер 5 жылдан аспайтын мерзімге берілетін. Әрине, мұндай параметрлер ипотекалық несие алуға жұрттың құлшынысын күшейтпесі анық.

Ипотека рыногының дамуына республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2004 жылғы наурыздағы “Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін” атты халыққа Жолдауы соны серпін берді. Онда Мемлекет басшысы ипотекалық несиелеудің оңтайлы шарттарын ұсынды. Алға қойылған міндеттерге сәйкес “Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы” бекітілді. Онда жас отбасылар, мемлекеттік қызметкерлер мен әлеуметтік сала қызметкерлері үшін ипотекалық несиелеудің негізгі параметрлері анықталған. Ол алғашқы төленетін жарна көлемі үй құнының 10 %-ына дейін төмендетілуін, бұл жағдайда несие үстемесі 10 %-ға дейін азайтылуын және несиелеу мерзімі 20 жылға дейін ұзартылуын көздейді.

Жалпы, 2005 жылы ипотекалық несиелеу бойынша пайыздық ставка 13 %-ға дейін, бастапқы жарна мөлшері 10 %-ға дейін төмендеді, ал несиелеу мерзімі 20 жылға дейін ұзартылды.

Ипотека рыногына қатысушылар қатарында “Қазақстан ипотекалық компаниясы” АҚ соңғы уақыттары өз қызметін белсенді ете түсті. Осының бір дәлелі ретінде компанияның 2006 жылдан бастап Қаржы министрлігінің және Ұлттық банктің қолдауымен жылдығы 11, 9 %-дан аспайтын “Белгіленген сыйақы ставкасы бойынша несиелеу” деген атпен жаңа коммерциялық өнім ұсынуын айтуға болады. Бұған қоса Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының және Қаржы министрлігінің жәрдемдесуімен “Қазақстан ипотекалық компаниясы” АҚ республиканың тұрақты экономикалық дамуы және инфляцияның белгіленген болжамды деңгейінің сақталуы жағдайында “Ипотекалық несиелеудің Қазақстан Республикасының азаматтары үшін қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатындағы ынтымақтастық туралы” меморандумға қол қоюды ұсынған болатын. Кеше аталған меморандумға “Құрылыс Ипотека”, “БТА Ипотека” компанияларының, Альянс банк, Данабанк, Темірбанктің өкілдері қол қойды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материалдық емес байлық
Ұлттық байлық туралы
Ұлттық өнім территориялары және оны өлшеудің тәсілдері
Ұлттық өнім теориялары және оны өлшеудің тәсілдері
ҰЛТТЫҚ ӨНІМ ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ӨЛШЕУДІҢ ТӘСІЛДЕРІ ТУРАЛЫ
ҚР Ұлттық байлығы
Виртуалдық лекция бойынша пәнің «Экономиқалық теория негіздері» мәліметтері
Ұлттық шаруашылық мазмұны
Ұлттық экономика біртұтас жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
Жылжымайтын мүлік нарығының сипаттамасы мақсаттары, бағыттары және әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz