ТұранӘлем Банкі


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және бизнес факультеті
Макро-микроэкономика кафедрасы
ЕСЕП БЕРУ
«ТұранӘлем Банкі» акционерлік қоғамының Талдықорғандық филиалынан практикадан өту жөнінде
4 - курс студенті
дайындық бағыты «Экономика»
Байзакова Н. М.
(лауазымы) (қолы) (тегі)
«»2007ж.
(лауазымы) (қолы) (тегі)
«»2007ж.
Алматы, 2007
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім . . . 4
І «ТұранӘлем Банкі» акционерлік қоғамы туралы жалпы мәлімет . . . 4
ІІ «ТұранӘлем Банкі»-нің акционерлері мен басқармасы . . . 6
ІІІ . . . 14
Қорытынды . . . 16
КІРІСПЕ
Мен өндірістік практиканы «ТұранӘлем Банкі» акционерлік қоғамының Талдықорғандық филиалынан өттім. Бұл филиал Қазақстан Республикасы, Үшарал қаласы, Қонаев көшесі - 65 «А» орналасқан. Өндірістік практика 8 апта аралығында жүргізілді (26 қаңтардан 22 наурызға дейін) .
Бұл практиканың мақсаты - теориялық білімді практикада қолдануды үйрену, есептеу дағдыларын дамыту, зерттеу жұмысы дербестігінің элементтерін игеру болды. Бұл практика арқылы болашақта өндірісте немесе басқа да мекемелерде жұмыс істеуге бейімделуге болады.
Өндірістік практиканың міндеттері:
- нарықтық қатынастар жағдайындағы мекемеде экономикалық жұмыстың мазмұнын зерттеу;
- мекеме деңгейінде басқару функцияларын және ұйымдастыру құрылымын зерттеу;
- мекемені басқарудың өндірістік, қаржылық, маркетингілік іс-әрекеттерін сипаттайтын нақты материалдарды соңғы бірнеше жылдар аралығында динамикада талдау;
- кәсіпорындар дамуының стратегиялық жоспарлау тәжірибесін, индикативтік жоспарлау әдістерін, кәсіпорында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру тәсілдерін зерделеу;
- өндіріс тиімділігінің жоғарылауы мен кәсіпорын жұмысының сапасына нарықтық механизмінің әсер етуінің күшейту жолдары мен әдістерін зерттеу;
- талдау жүргізу және жоспарлаумен байланысты жеке есеп айырысуды дербес орындау, лауазымдық нұсқауларды, бөлімдермен күнтәртібі туралы ережелерді құрастыру;
- мекемені басқару стилін, іскерлік кеңес, кездесу, келіссөздерді өткізу тәжірибесін, келісіммен келісім-шарттар құруды оқып білу.
I «ТұранӘлем Банкі» акционерлік қоғамы туралы жалпы мәлімет
“ТұранӘлем Банкі” акционерлік қоғамы - Қазақстанның жүйе құрушы банкі, қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. Бүгінде шамамен 750 000 клиент осы банктің қызметін пайдаланады, қызмет көрсету желісі Қазақстан бойынша 22 филиал мен 200 бөлімшеден тұрады, ТМД, Қытай және БАӘ елдерінде 10 өкілдігі бар, сондай-ақ 10 серіктес банктері бар.
“ТұранӘлем Банкінің” табысты қызметін клиенттері ғана емес, отандық және шетелдік сарапшылар да жоғары бағалады. Бірнеше мәрте банк қызметін «Euromoney», «Trade Finance», «Итоги» және басқа да журналдар ерекше атап өтті. Банк ТМД-дағы несиелік рейтингі жоғары банктердің бірі.
“ТұранӘлем Банкі” АҚ - ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 16, 3 млрд., ал банктің меншікті капиталы 2 млрд. АҚШ долларына жетті. “ТұранӘлем Банкі” Қазақстанда саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты.
“ТұранӘлем Банк”-те бүгінде:
- Шамамен 75 клиенттері;
- Қазақстан бойынша 23 филиалдар мен 216-ге жуық есеп-айырысу бөлімдері;
- Украинада, Беларуссияда, Ресейде, Қырғызстанда, Арменияда, Грузияда, Тәжікстанда, БАӘ-де және Қытайда халықаралық өкілдіктері бар;
- Украинада, Беларуссияда, Ресейде, Арменияда, Грузияда 10 коммерциялық банктер - стратегиялық әріптестері бар.
«ТұранӘлем Банкі» акционерлік қоғамының қалыптасу тарихының тамыры сонау 1925 жылдың 15-ші қазанынан бастау алады. Қазақстан халықтары шаруашылығының Орталық Кеңес Президиумының шешімімен республика аумағында Өндірістік банктің (Өндірісбанк) бөлімшесі ашылады.
Уақыт өте келе Өндірістік банктің бөлімшелері әртүрлі қайтақұрылымдарды басынан өткерді.
Республикалық Халық комиссарлары Кеңесінің 1932 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстанның аумағында арнайы ұзақ мерзімді салым банктерін ұйымдастыру туралы» Қаулысына сәйкес, Алматы қаласында Өнеркәсіпбанкінің базасында КСРО электрошаруашылық және құрылысты қаржыландыру мақсатында банктің Қазақ өлкелік конторасы құрылады.
1949 жылғы 11 шілдедегі Министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша Алматы облысаралық конторасы КСРО Өндірісбанкінің Қазақ республикалық конторасы болып қайта құрылады. Кейіннен КСРО Құрылысбанкінің Қазақ республикалық конторасы болып өзгертіледі.
СОКП ОК және КСРО Министрлер кеңесінің 1987 жылғы 17 шілдедегі «Елдегі банктер жүйесін жетілдіру және олардың экономикасының тиімділігін арттыруға жасайтын ықпалын күшейту туралы» №821 Қаулысына сәйкес үш мемлекеттік банктің (КСРО Құрылысбанкі, КСРО Мемлекеттік банкі, Сыртқы сауда банкі) негізінде 6 банк қалыптасты:
- КСРО Мемлекеттік банкі;
- КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі;
- КСРО Сыртқы экономика банкі;
- КСРО Агроөнеркәсіп банкі;
- КСРО Тұрғын құрылыс банкі;
- КСРО Жинақ банкі.
КСРО Мемлекеттік коммерциялық өнеркәсіп-құрылыс банкінің 1991 жылғы 4 наурыздағы № 126 Қаулысы бойынша Қазақ республикалық КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі - Қазақ республикалық Мемлекеттік коммерциялық өндірістік-құрылыс банкі «Тұранбанк» болып өзгертілді.
ҚазКСР Министрлер кабинетінің 1991 жылғы 24 шілдедегі №444 Қаулысы бойынша «Тұранбанк» Қазақ акционерлік банк болып құрылды. Акционерлер жиналысында «Тұранбанк» ҚАБ-нің Басқарма Төрағасы болып Бейсенов Ораз Мақайұлы тағайындалады.
«Тұранбанк» ҚАБ-нің филиалдар желісі 66 филиалдан құралды.
Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мен КСРО Сыртқы экономикалық банкінің арасында жасалған 1989 жылғы 11 желтоқсандағы келісімнің негізінде, КСРО Сыртқы экономикалық қызмет банкінің 1990 жылғы 23 қаңтардағы бұйрығымен Алматы қаласында КСРО Сыртқы экономикалық банкінің Қазақ республикалық банкі ашылды.
1992 жылғы 14 ақпандағы №3 жиналыс құрылтайшыларының шешімімен 1992 жылы 28 тамыз айында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің Қаулысы қабылданады.
№ 710 Қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының «Сыртқы экономикалық қызмет» банкі «ALEM BANK KAZAKHSTAN» «Қазақстанның Сыртқы экономикалық қызмет банкі» деп қайта аталады.
Басқарма Төрағасы болып Ырысов Берлин Кенжетайұлы тағайындалды.
"Alem Bank Kazakhstan" Акционерлік банкі бірнеше жылдар қатарынан мемлекеттің кепілдендіруі бойынша шетел несиелерін тартуда Қазақстан Республикасы Үкіметінің агенті болды.
"Alem Bank Kazakhstan" АБ-нің филиалдық желісі 20 филиалдық орталықтан тұрды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 қаңтардағы «ТұранБанк» Қазақ акционерлік банкін және «ӘлемБанкҚазақстан» акционерлік банкін қайта ұйымдастыру туралы» №73 қаулысының негізінде «ТұранӘлем Банкі» Жабық Акционерлік Қоғамы құрылады. Осы Қаулының негізінде Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігіне «ТұранӘлем Банкінің» акциясын қолдануға және иеленуге рұқсат беріледі. Сондай-ақ, банктің жарғыларын және банк басқарма мүшелерін қалыптастыруға мүмкіндік берілді. Акционерлердің жалпы отырысында «ТұранӘлем Банкі» ЖАҚ-ның Басқарма Төрағасы қызметіне Тәтішев Ержан Нұрілдәйімұлы тағайындалады.
«ТұранӘлем Банкі» Жабық Акционерлік Қоғамы («ТұранӘлем Банк» ЖАҚ) 1998 жылы қазан айының 1 жұлдызында «ТұранӘлем Банк» Ашық акционерлік қоғамы - «ТұранӘлем Банкі» ААҚ болып өзгертіледі .
2003 жылы қыркүйек айының 26 жұлдызында қайта тіркелуіне байланысты «ТұранӘлем Банкі» Акционерлік қоғам болып өзгертіледі.
II «ТұранӘлем Банкі»-нің акционерлері мен басқармасы
2001 жылдан бастап Банк акционерлерінің құрамына аса ірі халықаралық қаржы институттары кіреді:
- Еуропа Қайта құру және Даму Банкі (EBRD),
- Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC),
- Голландық Даму Банкі (FMO),
- East Capital.
ЕҚДБ -мен ынтымақтастық құру Банк қызметіндегі стратегиялық маңызды элемент болып табылады. Атап айтатын мәселенің бірі - ЕҚДБ-нің 2001 жылы 4 шетелдік инвесторлармен банк акционерлерінің құрамына кіруі. Банктің өкілі Банк Директорлары Кеңесінің қатысушысы болып табылады. ЕҚДБ бөлген қаражаттың жалпы сомасы арнайы жасалған белгілі бағдарламалар аясында 152 миллион АҚШ долларын құрайды.
ЕҚДБ 2003 жылдың бірінші жартысында төрт жылдық синдикатталған қарыз берді. Бұл несие шетелдік коммерциялық банктердің орташа мерзімді қаржыландыру рыногын ашуымен ерекшеленеді. ЕҚДБ үлесі 10 миллион АҚШ долларын құрады, 20 миллион АҚШ доллары Еуропаның аса ірі коммерциялық банктерінің синдикаты жолымен тартылды.
Еуропа Қайта құру және Даму Банкі Банктің еншілес компанияларына бағдарламалық қарыздар беруде. Мысалы, БТА Ипотекаға 15 млн. АҚШ доллары, БТА Лизингке 5 млн. АҚШ доллары қарызға берілді.
ТӘБ мен ЕҚДБ бірлесе отырып ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында жалпы сомасы 25 млн. АҚШ долларына астық қолхаты бағдарламасын табысты іске асырды. 2001 жылдан бастап “ТұранӘлем Банкі” АҚ Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің өкілдерімен бірге ЕҚДБ-нің “Астық қолхаттары” бағдарламаларын іске асыру барысында жұмыстар жүргізуде. Бұл Бағдарлама негізгі екі (бірінші және екінші) фаза аясында қаржы тартуды көздейді.
“Несие желісі” деп аталатын бірінші Фаза жыл сайын 25 миллион АҚШ доллары сомасына игеріледі. Ағымдағы қаржыландыру 2003 жылғы 18 шілдедегі Несиелік келісім аясында жүзеге асырылады.
IFC банктің акционері бола отырып, жалпы сомасы 15 млн. АҚШ долларына ұзақ мерзімді жобаларды қаржыландыруға қарыз бөлу арқылы ТӘБ-мен кешенді түрде ынтымақтастық құрады. IFC Банктің өзіне, сондай-ақ еншілес компанияларға стратегиялық әріптестер табу және тарту бойынша Банктің серіктесі болып табылады. 2005 жылғы сәуір айында IFC Жапонияның ORIX компаниясы (Япония) және ORIX Лизинг Пәкістан компаниясымен бірлесе отырып БТА Лизинг компаниясының капиталына бірлесе қатысу мәселесіне қатысты келісім жасады, бұдан кейін компанияның атауы БТА ORIX Лизинг болып өзгерді.
FMO, банктің акционері бола отырып, жобалық қаржыландыру және айналмалы капиталды қаржыландыру бойынша қосалқы қарызгерлерді несиелендіруге қаржы беру аясында Банкпен ынтымақтастық құрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz