Қаржылық бақылау туралы



Кіріспе

Бірінші бөлім:
1.1. Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны
1.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
1.3. Аудиторлық бақылау

Екінші бөлім:
2.1. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру
2.2. Қаржылық бақылауда қолданылатын әдістер

Үшінші бөлім:
3.1. Мемлекеттік қаржылық бақылау: шетел тәжірибесі
3.2. Қазақстанның екі деңгейлі мемлекеттік қаржылық
бақылау жүйесі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қаржы – қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын.
Қаржы – жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің, қайта бөлудің экономикалық тетігі және ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы.
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды талап етеді.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр. Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға байланысты болатын қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми тұжырымдамалардың өкілдері мойындады. Қаржының бұл функциясы экономикалық категория ретіндегі қаржыға тән қасиет және қаржының не бірінші, не екінші функциясымен бір мезгілде жүзеге асады. Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асады.
Бақылау функциясы қаржының бөлгіштік функциясынан туындайды және жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты тиісті ақша қорлары бойынша бөлуге және оларды мақсатты жұмсауға бақылау жасаудан көрінеді. Егер қаржының мәні, табиғаты және мазмұны, бір жағынан, жиынтық қоғамдық өнімнің, ең алдымен, таза табыстың бір бөлігінің қозғалысымен, оны бөлумен, ақша қорларын жасаумен және материалдық өндіріс процесіндеұлғаймалы ұдайы өндіріске бағыттаумен және басқа жағынан, мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын жасаумен байланысты болса, қаржының бақылау функциясы да тиісті түрде материалдық өндірістің бүкіл ұдайы өндірістік процесіне де, сондай-ақ мемлекеттің ақша ресурстарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру және пайдалану процесіне де қызмет етеді. Қаржының екі функциясының диалектикалық бірлігі мен өзара байланыстығы осында.
1. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы», Алматы 2003ж.

2. Берстембаева Р.К., «Организация финансов в отдельных развитых странах», Алматы 2001г.

3. Сыдыков А. «Государственный финансовый контроль: опыт зарубежных стран», Алматы, Қаржы-қаражат, №6/2003ж.


4. «Итоги деятельности КФК и ГЗ за 2004год», Алматы, Финансы и Кредит, №2/2005ж.

5. «Контроль эффективности как новая форма государственного финансового контроля», Алматы, Қаржы-қаражат, №3/2004ж.


6. Закон РК «Об Аудиторской деятельности», 20.11.1998г., с изменениями и дополнениями от 15.01.2001г.

7. Интернет: «Қазақстан Республикасының Аудиторлар Палатасы», http://www.audit.freenet.kz/index.htm, 09.04.2005г.


8. Интернет: ТОО «Делойт и Туш» сақтандыру компаниясы, http://www.deloitte.com/dtt/section, 09.04.2005г.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Бірінші бөлім:
1. Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны
2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
3. Аудиторлық бақылау

Екінші бөлім:
2.1. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру
2.2. Қаржылық бақылауда қолданылатын әдістер

Үшінші бөлім:
3.1. Мемлекеттік қаржылық бақылау: шетел тәжірибесі
3.2. Қазақстанның екі деңгейлі мемлекеттік қаржылық
бақылау жүйесі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды
реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық
қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың
құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің,
оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан
экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық
және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қаржы – қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы
буын.
Қаржы – жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің, қайта бөлудің
экономикалық тетігі және ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау
жасаудың құралы.
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын
көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес,
сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды
талап етеді.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі
тұжырымдамасы танылып отыр. Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын
жүзеге асыруға байланысты болатын қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми
тұжырымдамалардың өкілдері мойындады. Қаржының бұл функциясы экономикалық
категория ретіндегі қаржыға тән қасиет және қаржының не бірінші, не екінші
функциясымен бір мезгілде жүзеге асады. Бақылау функциясы мазмұнының
нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары
қызметінің барысында іске асады.
Бақылау функциясы қаржының бөлгіштік функциясынан туындайды және
жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты тиісті ақша
қорлары бойынша бөлуге және оларды мақсатты жұмсауға бақылау жасаудан
көрінеді. Егер қаржының мәні, табиғаты және мазмұны, бір жағынан, жиынтық
қоғамдық өнімнің, ең алдымен, таза табыстың бір бөлігінің қозғалысымен, оны
бөлумен, ақша қорларын жасаумен және материалдық өндіріс
процесіндеұлғаймалы ұдайы өндіріске бағыттаумен және басқа жағынан,
мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын жасаумен байланысты болса,
қаржының бақылау функциясы да тиісті түрде материалдық өндірістің бүкіл
ұдайы өндірістік процесіне де, сондай-ақ мемлекеттің ақша ресурстарының
орталықтандырылған қорын қалыптастыру және пайдалану процесіне де қызмет
етеді. Қаржының екі функциясының диалектикалық бірлігі мен өзара
байланыстығы осында.
Бақылау функциясы қаржылық бақылауда – жалпы ішкі өнімді тиісті
қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау
жасауда көрінеді
Бақылау сандық түрде қаржы ресурстарының қозғалысы арқылы жиынтық
қоғамдық өнімді бөлумен және қайта бөлумен байланысты болатын экономикалық
процестерді бейнелейді. Сонымен бірге нақты нысандағы қаржы ресурстардың
қозғалысы жиынтық қоғамдық өнімді құндық бөлу процесіне мемлекет тарапынан
бақылау жасаудың негізі болып табылады. Мұндай бақылаусыз экономиканың
теңгерімді дамуының қамтамасыз етілуі мүмкін емес.
Қаржының бақылау функциясының экономикалық мағынасы кәсіпорынның,
фирманың шаруашылық-қаржы қызметіне теңгемен бақылау жүргізу.
Қаржы мәселесі жөніндегі заңнамалардың бұлжымастан сақталуын,
мемлекеттік бюджет, банк алдындағы қаржылық міндеттемелердің, сондай-ақ
шаруашылық жүргізуші субъектілердің есептесу және төлемдер жөніндегі өзара
міндеттемелерінің дер кезінде және толық орындалуын тексеру қаржылық
бақылаудың аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Қаржының бақылау функциясын жүзеге асырудың нысаны қаржылық
көрсеткіштерді білдіретін қаржы ақпараты болып табылады.
Ұдайы өндіріс процесіндегі қаржының бақылау функциясының рөлі қаржылық
тәртіп арқылы жүзеге асуымен және оның жай-күйімен, белгіленген нормалар
мен нормативтердің сақталуымен, қаржылық міндеттемелердің орындалуымен
байланысты болуы мүмкін. Қаржылық тәртіп оны бұзушыларға қаржы санкцияларын
қолдана отырып мемлекеттік парызды сақтауға негізделген.
Қаржының бақылау функциясы қаржы органдарының сан қырлы қызметі арқылы
жүзеге асырылады. Қаржы жүйесі мен салық службасы қызметкерлері қаржылық
бақылауды қаржыны жоспарлау процесінде, бюджет жүйесінің кіріс және шығыс
бөлігінің атқарылуы кезінде жүзеге асырылады. Нарықтық қатынастардың дамуы
жағдайында бақылау жұмысының бағыттары, қаржылық бақылаудың нысандары мен
әдістері айтарлықтай өзгерді.
Мен курстық жұмысты осы тақырыпқа жазуымның себебі нарық қатынастары
жағдайында қаржылық бақылаудың даму тенденциясын анықтап, толық түсінуді
мақсат тұтқаным. Осы мақсатпен курстық жұмысты үш бөлімге бөліп
қарастырдым. Бірінші бөлімде қаржылық бақылаудың мәні, іс-әрекет сферасы
жайлы мәліметтер және бақылаудың сыныптамасы, соның ішінде аудиторлық
бақылауды барынша қамтуға тырыстым. Екінші бөлімде қаржылық бақылауды
жүргізгенде қолданылатын әдістер мен бақылауды іске асыратын мемлекеттік
органдар туралы, олардың атқаратын қызметтері туралы баяндалған. Үшінші
бөлімді шетелдердегі, атап айтқанда АҚШ, Гермения және Ресей Федерациясының
мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің құрылымын талдауға арнадым. Және де
салыстырмалы түрде Қазақстандағы мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің
қазіргі жағдайын жеке талдауды жөн көрдім.

I бөлім
1.1. Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы

Қаржылық бақылау деп әдетте тиісті ақша қорлары бойынша қоғамдық жалпы
ұлттық өнімді құндық бөлу және оларды белгілі бір мақсаттарға жұмсаудың
негізділігін тексеруге бағытталған айрықшылық қызметті айтады.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функционалдық элементтерінің
бірі, ол басқарудың басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде
жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретінде қаржыға
бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл
функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара
салмағы, оларды қалыптастыру көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады.
Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу
және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға
мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарға ғана
адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың
айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл
органдардың құқықтарын реттегенде шындыққа айналады.
Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану
үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық
өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы
экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір
бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элеиенттерінің бірі ретінде қаржылық
бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржының бақылау
функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды
бірдей деуге болмайды.
Бақылау функциясы – қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау
қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық
қолдану болып табылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін
қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады.
Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-
шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық
бақылаудың нәтижелілігі қаржылық жоспарлауда,оперативті басқаруда
пайдаланылады.
Қаржылық бақылаудың өзгешелігі – оның ақша нысанында жүзеге
асырылатындығында. Табыстар мен қорланымдардың қалыптасу процестері, ақша
қорларын құру және пайдалану оның тікелей объектісі болып табылады. Алайда,
қаржылық бақылаудың іс-қимылы ақша қатынастарының аса кең аясына таралады,
өйткені қаржы басқа экономикалық категориялармен: еңбекақымен, өнімнің
өзіндік құнымен, табыспен, пайдамен, өндірістік құрал-жабдықтармен
(негізгі, айналым капиталымен), күрделі жұмсалымдармен, инвестициялармен
тығыз байланысты. Ал мекемелер мен ұйымдардың бюджет қаражаттарын дұрыс
пайдаланылуын бақылау олардың барлық жағын – желі мен контингенттерді
өрістетудің толықтығын, қаражаттарды жұмсаудың белгіленген нормаларын
сақтауды қамтиды.
Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа
түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен
жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық
қызметпен тығыз байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылық
бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы
операцияларының көбінде шаруашылық қызметтің басқа процестері қамтып
көрсетіледі.
Бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1. бақылаудың реттілілігі, жаппайлылығы, әмбебаптылылығы;
2. бақылаудың превентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты;
3. әрекеттілік, нақтылық, жариялылық – бұларға бақылау жұмысын дұрыс
ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты
зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;
4. бақылаудың алаламаушылығы (біреуге тартпаушылық);
5. бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.
Қаржылық бақылаудың мазмұны ашылатын негізгі міндеттеріне мына
төмендегілер жатады:
• мемлекет, ұйымдар және халық алдындағы қаржылық міндеттемелердің
орындалуын тексеру;
• шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағындағы ақша
ресурстарын (бюджет және меншікті қаражаттарды, банк
кредиттерін, бюджеттен тыс қаражаттарды) пайдаланудың дұрыстығын
тексеру;
• қаржы операцияларын, есеп-қисаптарын жасау және шаруашылық
жүргізуші субъектілердің ақша қаражаттарын сақтау ережелерін
орындауын (сақтауын) тексеру;
• өндірістің ішкі резервтерін – шаруашылық рентабелдігін
арттырудың, еңбек өнімділігін өсірудің, айналым активтерінің
айналымдылығын тездетудің, материал және ақша қаражаттарын
неғұрлым тиімді әрі үнемді пайдаланудың мүмкіндіктерін ашу;
• қаржы тәртібін бұзушылықты жою және ескерту. Олар ашылған
жағдайда ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға
белгіленген тәртіппен ықпал етудің шаралары қолданылады,
мемлекет пен ұйымдарға келтірілген залалдың орнын толтыру
қамтамасыз етіледі.
Қаржы тәртібі – бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің, оның
шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және
пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.
Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен
әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзеге асырудың
деңгейіне қарай қарастырған жөн, яғни ол микро немесе макродеңгейде
жүргізіледі.
Макродеңгейдегі қаржылық бақылау – бұл бүкіл мемлекет ауқымында
қаржыны ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етуін бақылау. Оның міндеттері
мыналар болып табылады:
• ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорларын қалыптастырып,
тиімді пайдалану процесін қамтамасыз ету;
• қаржы қатынастарын іске асырудың қолданылып жүрген нысандары мен
әдістерінің объективті қажеттіліктеріне нысандар мен әдістердің
сай келуін бақылау;
• қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, салалар мен
аймақтардың қаржы ресурстарына деген қажеттілігін оптималды
түрде және саралай отырып қанағаттандыру, азаматтардың
әлеуметтік-мәдени сферасының қызметтеріне деген қажеттіліктерін
барынша қанағаттандыру мақсатында оларды салалар мен аумақтар
бойынша бөлудің алшақтықтарын анықтап, жою және басқалары.
Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың объектісі болып көрінеді.
Құрама қаржы жоспарлары (сметалары), аумақтық, салалық тұрғыда олардың
атқарылуы туралы есептер бақылаудың пәні болып табылады. Әр түрлі қаржылық
көрсеткіштер және жоспарлардың (сметалардың) және есептердің бірқатар
өндіргіштік көрсеткіштері талданады, жинақтап қорытылады және осының
негізінде қаржы қатынастарының нысандары мен әдістерін жетілдіру жөнінде
ұсыныстар жасалады.
Биліктің заң шығарушы органдары мен басқарудың мемлекеттік органдары
бұл деңгейде бақылау субъектілері болып келеді.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылау – меншіктің барлық нысанындағы
шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейіндегі бақылау.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері:
1. кәсіпорындардың қаржы саласындағы қолданылып жүрген заңдардың
сақталуын қамтамасыз ету;
2. шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы міндеттемелерін
орындауының дер кездігі мен толымдылығын қамтамасыз ету;
3. қаржы ресурстары өсуінің ішкі өндірістік резервтерін табу;
4. ресурстардың барлық түрлерін ұтымды пайдалануға, бухгалтерлік есепті
дұрыс жүргізуге, есептеме жасауға және басқаларға жәрдемдесу.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бұл
деңгейде бақылаудың объектісі, ал қаржы көрсеткіштері (табыс, пайда,
өзіндік құн, аударымдар мен салықтар және басқалары) оның пәні болып
табылады. Қаржылық бақылауды кәсіпорындардың экономикалық службасы, оның
жеке мамандары жүзеге асырады. Бұл мақсатқа тәуелсіз аудиторлық ұйымдар да
тартылады.
Қаржылық бақылау нарықтық қатынастар жағдайында айтарлықтай
өзгерістерге ұшырауда. Жаңа экономикалық өзара қарым-қатынастар қаржы
операцияларын, әр түрлі мәмілелерді үнемі тексеруді, қадағалауды
жақтырмайды. Тегіс қамтитын бақылау қалыпты нарықтық қатынастарға тежеуіш
болып келеді. Бірақ өтпелі кезеңнің қиыншылығы қоғам үшін қолайлы бағытта
қаражаттар ағынының қозғалысын басқаруды және бақылауды ысырап етеді. Бұл
жағдайда қаржы тәртібін, қаржы заңнамасын бұзудың тенденциялары күшейеді,
мемлекеттік меншікті пайдалану жөніндегі қиянатшылық жиілейді. Сондықтан
қаржылық бақылау шаруашылық өмірдегі кез келген келеңсіз көріністерге берік
тосқауыл болуы тиіс. Мемлекет қоғамдық мүдделерді, әлеуметтік әділдікті
қорғай отырып, қаржының бақылау функциясының мүмкіндіктерін реттеудің
құралы ретінде пайдалана отырып, ұдайы өндіріс, бөлу процестеріне араласуы,
қаржылық бақылаудың нысандарын, әдістерін және оны ұйымдастыруды жетілдіріп
отыруы тиіс.

1.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы

Қаржылық бақылаудың сыныптамасы субъектілердегі айырмашылықтарға,
бақылау іс-қимылдарын жүргзудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне
(әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай қаржылық бақылау үш бағыт
бойынша: түрлері, нысандары, оны жүзеге асыру әдістері бойынша жіктеледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге
асыратын субъектілеріне (бақылауды жүзеге асыратын органдарға немесе
ұйымдарға) қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып
ажыратылады.

Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы

Қаржылық бақылау
Мемлекеттік Қоғамдық
Жалпы Ведомстволық Қоғамдық ұйымдардың:
мемлекеттік кәсіподақтардың, партиялардың,
жастардың, бұқаралық
қозғалыстардың, ғылыми-
техникалық, мәдени-ағартушылық,
спорт, шығармашылық,
ардагерлердің, түрлі қорлардың
бақылауы
Ішкі шаруашылық
Парламенттік (депутаттық)
бақылау
Аудиторлық бақылау

Мемлекеттік қаржылық бақылау жалпымемлекеттік және ведомстволық
бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Жалпымемлекеттік қаржылық бақылау ведомстволық бағыныштылығы мен
меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез келген объектісіне қалданылады.
Бақылаудың бұл түрін мемлекеттік билік пен басқару органдары жүргізеді.
Мемлекеттік қаржылар жүйесінде бақылау салықтық, бюджеттік бақылау,
сақтық және банктік қадағалау, кедендік бақылау және тағы басқа болып
ажыратылады.
Салықтық бақылау салық заңнамасының атқарылуы, бюджетке салық және
басқа төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы
жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз етеді. Салықтық
бақылаумен меншік нысандарына қарамастан, барлық шаруашылық жүргізуші
субъектілер, сондай-ақ табыс табатын азаматтар қамтылған.
Бюджеттік бақылау тексерістік және талдамалық (аналитикалық) қызметтің
мынандай түрлерін қамтиды: елдің негізгі қаржы жоспарының – мемлекеттік
бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылау; қаржылық
ақпаратты, соның ішінде салықтық бақылаудың нәтижесін жинау, бұл ақпаратты
талдау және бюджетке қаржы ресурстарын қосымша тарту жөнінде ұсыныстар
жасау; шығындардың белгіленген нормалары мен нормативтерін бақылау арқылы
мемлекеттік бюджет қаражаттарының тиімді, ұтымды жұмсалуын қамтамасыз ету;
өндірістік емес, мақсатсыз шығындарды, иесіздікті, ысыраптар мен ұрлықтарды
жою және одан сақтандыру. Бюджеттік бақылау бюджетпен қаржыланатын
мемлекеттік кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда, сондай-ақ
мемлекеттік емес сектордың жұмыс жасайтын, қызмет көрсететін, шаралар
жүргізетін кәсіпорындарында жүзүге асырылады.
Банктік қадағалау кредит ресурстарын қалыптастыру және олардың
қозғалысы барысында, күрделі құрылыс процесінде, кәсіпорындардың кассалық
тәртіпті сақтауын тексеру кезінде, нақты ақшасыз есеп айырысқанда және
басқа жағдайларда жүргізіледі. Банктік қадағалаумен (бақылаумен) кредит-
есеп-қисап қатынастарына қатысты барлық шаруашылық субъектілер қамтылған.
Сақтандыру сферасындағы қаржылық бақылау сақтық қорлар қаражаттарының
дер кезінде, толық қалыптасуын, мақсатты жұмсалуын, сақтық операцияларының
дұрыс жүргізілуін, сақтандыру туралы заңнаманың талаптарын сақтық
қатынастарға қатысушылардың барлығының орындалуын жүзеге асырады.
Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын, оларды есепке алуды
кедендік ресімдеу кезінде де, сондай-ақ кедендік тексермеде де құжаттар мен
мәліметтерді тексеру нысанында кедендік бақылауды жүргізеді; олардың
тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы орналастыратын
субъектілердің қаржы және сыртқы экономикалық қызметін тексеруді белгілеуге
немесе жүргізуге құқы бар.
Барлық өкілетті органдар қаржылық бақылауды тиісті бюджеттің жобасын
және оның атқарылуы туралы есепті жыл сайын сессияларда қараған кезде
жүзеге асырылады. Өкілетті органдардың жоспар-бюджет және салалық тұрақты
комиссиялары маңызды бақылау функцияларын орындайды, олар алдын ала,
сессияға дейін бюджеттің жобасы мен оның атқарылуы туралы есепті қарайды.
Үкімет, жергілікті әкімшіліктің аппараты оларға қарасты органдардың
бақылаушылық, соның ішінде қаржы-кредиттік қызметті ғана бағалап қоймайды,
сонымен бірге өздері де тікелей қаржылық бақылауды жүзеге асырады.
Республика үкіметі мемлекеттік бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақылап
отырады, мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге асырады. Өздерінің
өкілеттіктеріне қарай бақылау функцияларын жергілікті жердегі атқарушы
органдар орындайды.
Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведомствоның
өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі
міндеттеріне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материал
және қаржы ресурстарын үнемді пайдалануын, меншіктің сақталымдығын,
бухгалтерлік есептің дұрыс қойылулығын, бақылау тексеріс жұмысының мән-
жайын бақылау, қырсыздық, ысырапқорлық және нысапсыздық фактілерін
бұлтартпау.
Ведомстволық бақылау шеңберінде ішкішаруашылық бақылау, яғни нақтылы
шаруашылық жүргізуші субъектілерде (фирмаларда, ұйымдар мен мекемелерде)
жүзеге асырылатын бақылау жүргізіледі. Бақылау функциялары бұл жағдайда
қаржы-шаруашылық қызметінің қажетті шарты ретіндегі оның күн сайынғы
процесімен байланысты. Бақылаудың бұл түрі өндірістің бастапқы буындарының
өндірістік капиталды, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға жауаптылығын
арттыруға жәрдемдеседі, ысыраптарды, қаржы тәртібінің әр түрлі бұзылуларын
азайтуға бағытталған.
Ішкішаруашылық бақылаудың мақсаты есеп саясатын да қоса алғанда,
субъектінің экономикалық саясатының сақталуына сарапшылық баға беру, оның
барлық құрылымдары жүзеге асырып келген ішкі бақылаудың жұмысына баға беру
болып табылады. Таза бақылау сипатындағы міндеттерден өзге ішкішаруашылық
бақылау қаржы стратегиясын талдап жасау, экономикалық диагностика,
маркетингтік зерттеулер, басқарушылық кеңестер міндеттерін және басқаларын
шешеді.
Нарықтық қатынастар жағдайында ішкішаруашылық бақылау оның бұрынғы
ұғынысындағы өзінің мағынасын жоғалтып барады: оның орнын мемлекеттік
кәсіпорындарда шаруашылық есеп ынталандырмалары және меншіктің басқа
нысандарының кәсіпорындарда коммерциялық ынталандырмалар басуы тиіс.
Шаруашылық есеп, коммерциялық есеп әр түрлі бұзулардан сақтануға көбірек
кепілдік береді, өйткені жетістіктердегі қызметкердің, кәсіпкердің жеке
ынталылығы өзін-өзі бақылаудың қажеттігін керек қылмайды.
Жүргізу нысандары мен уақытына қарай қаржылық бақылау: алдын ала
бақылау, ағымдағы және кейінгі бақылау болып бөлінеді. Бақылаудың мұндай
нысандары бақылаушы органдардың көбісінің қызметіне тән.
Қаржылық алдын ала бақылау ақшалай қорларды жасау, бөлу және пайдалану
жөніндегі операциялар істелінгенге дейін жүргізіледі, сондықтан оның қаржы
тәртібін бұзуды алдын ала ескертуде зор маңызы бар. Бұл жағдайда бекітуге
және орындауға жататын қаржы қызметін жүзеге асырудың негізі болып
табылатын құжаттар – бюджеттердің, қаржы жоспарлары мен сметалардың
жобалары, кредит және касса өтінімдері және тағы басқалар тексеріледі.
Ағымдағы қаржылық бақылау қаржы жоспарларының атқарылу процесінде,
шаруашылық-қаржы операцияларын жүзеге асыру барысында тауар-материал
құндылықтары мен ақша қаражаттарын жұмсаудың нормалары мен нормативтерінің
сақталуын қадағалайды, қаражаттарды жіберу шығындарының орындалуына, бұрын
берілген ресурстардың пайдаланылуына сай келуін тексереді. Сөйтіп, бұл
бақылау шаруашылық- қаржы операцияларының жасалу процесінде жүзеге
асырылады.
Кейінгі қаржылық бақылау – қаржы операцияларын жасағаннан кейін
(бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің орындалуынан кейін, шаруашылық
органдардың ақша қаражаттарын пайдаланғаннан кейін және тағы басқа)
жүргізілетін бақылау және алдын ала бақылау мен ағымдағы бақылау кезінде
анықталмаған бұзушылықтарды ашуға жетелейді.

1.3. Аудиторлық бақылау

Қаржылық бақылауды жетілдірудің аса маңызды бағыттарының бірі қаржылық
бақылаудың тәуелсіз нысаны – аудиторлық бақылауды дамыту болып табылады.
Бұл мемлекеттік емес шаруашылық органдар санының көбеюімен және тиісінше
қаржы, бақылау, есеп санында қызметтің сан алуан түрлерінің өсуімен
байланысты болып отыр. Аудиторлық бақылау – тәуелсіз аудиторлық фирма мен
шаруашылық жүргізуші субъектілер иелерінің жасасқан келісім шарты негізінде
қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйін тексеру.
Нарықтық реформалардың тереңдей түсуі жағдайындағы қаржылық бақылау
жүйесінің ажырағысыз бөлігі аудиторлық бақылаудың негізгі мақсаты
кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың бухгалтерлік (қаржылық) есебінің
дұрыстығын белгілеу, олардың ақпараттық жүйелерінің сенімділігін бағалау.
Аудиторлық жұмыста талдамалық және сараптамалық болжам қызметіне үлкен мән
беріледі, ол тапсырыс берушілерге өздерінің іскерлік саясатының тиімді
стратегиясы мен тактикасын жасауға мүмкіндік береді.
Аудиторлық бақылау – ведомстводан тыс тәуелсіз қаржылық бақылау. Оны
біліктік комиссиясы аттестаттаған аудитор біліктілігінің берілуі туралы
куәлік алған жеке тұлға да, сондай-ақ ашық үлгідегі акционерлік қоғам да,
өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда, аудиторлық
қызметті жүзеге асыру үшін кез келген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған
коммерциялық аудиторлық ұйым да жүргізе алады.
Аудиторлық палата коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-зі
басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.
Қазақстан Республикасының аудиторлар палатасы жалғыз ұлттық
қабылданған, бұқаралық, кәсіби аудиторлық ұйым болып табылады. Бұл ұйым
1993жылы Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметі туралы заңның
қабылдануына сәйкес құрылған және әділет министрлігінде қоғамдық
бірлестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында тіркелген. 1998жылы Аудиторлық
қызмет туралы Қазақстан Республикасының жаңа заңы қабылданды. Соған сәйкес
аудиторлар палатасы 1999жылдың наурыз айында тәуесіз ұйымдық-құқықтық
нысанындағы Қазақстан Республикасының аудиторлар палатасы болып қайта
тіркелді.
Бүгінгі күні оның құрамына 93 аудиторлық фирма, 372 жеке тұлғалар
кіреді. Аудиторлар палатасының өз эмблемасы мен жалауы бар. Палатаның
жоғарғы органы – аудиторлардың Республикалық конференциясы, ал қызмет етуші
органы – аудиторлар палатасының кеңесі болып табылады. Палатаның
президенті, оның құрылу күнінен бастап бүгінгі күнге дейін – Көшкімбаев
Сапар Хайсаханович, ол №0001 біліктілік куәлігін алған аудитор.
Аудиторлық қызмет туралы жаңа заңның қабылдануына сәйкес Алматы мен
Астана қалаларында және барлық 14 облыстарда заңды тұлға ретінде аудиторлар
палатасы құрылған.
Заңға сәйкес аудиторлар палатасының келесідей өкілдіктері бар:
• ережелер негізінде аудиторлар палатасының қызметін реттеу;
• мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде,
халықаралық шетел ұйымдарында аудиторлар, аудиторлық
фирмалар мен аудиторлар палатасының өкілі болу;
• халықаралық тәжірибе негізінде аудит үлгісін құрастырады
және аудиторлармен үлгінің талаптарын орындауын қамтамасыз
етеді;
• аудиторлық аттестацияға кандидаттарды дайындауды, кәсіби
оқытуды, біліктілікті жоғарылатуды ұйымдастырады;
• аудиторлық қызметті атқаруға байланысты аудиторлар мен
аудиттелетін субъектілердің арасындағы түсініспеушілікті
шешеді.
ЮСАИД программасы мен КАРАНА корпорациясының қолдауымен аудиторлар
палатасы өзінің V Республикалық конференциясында барлық 36 халықаралық
аудит үлгісін қабылдады және оларды Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігіне бекітуге ұсынды.
Қаржы аудиті деп оған өкілеттігі бар ұйымдар мен мамандардың қаржы
есептемесіне сараптама және талдау жургізу, қаржы-шаруашылық қызметін
бақылау, шаруашылық жүргізуші субъектілерге олардың тапсыруы бойынша
қызметтің басқа түрлерін көрсету жөніндегі және солардың есебінен
жүргізетін тәуелсіз қызметін айтады.
Аудит дамуының тарихы өзінің бастауын Ұлыбританиядан алады, мұнда XIX
ғасырдың ортасында алғашқы бухгалтер-аудиторлар пайда болды. Ал 1862жылы
Англияда Міндетті аудит туралы заң шықты. Францияда мұндай заң 1867жылы,
АҚШ-та 1937жылы жарияланды.
Бүгінде тәуелсіз қаржылық бақылау аудиторлық институт нысанында дамып,
нарықтық экономиканың ажырағысыз бөлігі болып отыр.
Қазақстан Республикасында 1998жылдың 20-сыншы қарашасынан бастап
Аудиторлық қызмет туралы заң жұмыс істейді. Ол аудиторлық қызметті жүзеге
асыру процесінде мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар, аудиторлар
мен аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді.
Аудиторлық қызмет – бұл аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қаржылық
есептеме аудитын жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі. Аудиторлар мен
аудиторлық ұйымдар өз қызметінің бағыты бойынша қаржылық есептеме аудитінен
басқа да қызметтер көрсете алады.
Аудиторлық қызметтің негізгі қағидаттарына мыналар жатады:
1. тәуелсіздік;
2. объективтілік;
3. кәсіби біліктілік;
4. құпиялық
Аудит Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарына
сәйкес қаржылық есептеменің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз
пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың (аудиттелетін субъектілердің)
қаржылық есептемесін тексеру болып табылады.
Аудиттің түрлері – міндетті аудит және бастамашылық аудит.
Міндетті жыл сайынғы аудитке мыналар жатады: банктер, кредиттік
серіктестіктері, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдар және бағалы қағаздар нарығында қызмет істейтін ұйымдар, сақтық
ұйымдар, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін басқару
жөніндегі компаниялар, шетел қатысатын кәсіпорындар, ашық халықтық қоғамдар
жатады.
Аудит жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілерінде көзделген өзге жағдайларда да міндетті болып табылады.
Бастамашылық аудит аудиттелетін субъектінің бастамасы бойынша
аудиттелетін субъектінің және аудитордың, аудиторлық ұйымының арасында
аудит жүргізуге жасалған шартта көзделген нақты міндеттер, аудит мерзімі
мен көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.
Аудит сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Сыртқы аудит – аудиттің тәуелсіз
нысаны, ішкі аудит – шаруашылық жүргізуші субъектіні бақылаудың
ведомстволық немесе ішкі нысаны. Ішкі аудит шаруашылық жүргізуші
субъектінің тілегі бойынша және шартымен жасалады.
Аудит мынандай дәйекті стадиялар бойынша жүргізіледі:
1. жоспарлау (тараптардың іс-қимылын іштей жүйелеумен);
2. аудитор объектісі туралы ақпарат алу және оны бағалау;
3. аудитор рәсімін жасау және бағдарламаны әзірлеу;
4. бақылау жүйелерін тексеру және оның тесттері;
5. аудит рәсімін жүргізу;
6. аудиторлық қорытындыны қалыптастыру.
Аудитор – бұл кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы-шаруашылық және
коммерциялық қызметіне жасалатын қаржылық бақылаудың біздің елдегі жаңа
ұйымдық нысаны. Ол бақылау мен коммерциялық аудиторлық қызметті жеке
кәсіпкер ретінде, не аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде жүзеге асыруға
құқылы.
Аудитордың міндеттері мемлекеттік бақылаудың міндеттерімен ұқсас:
тексерілетін ақпараттың, жасалынған шаруашылық операцияларының қолданыстағы
заңға сәйкестігін анықтау. Сонымен бірге, аудиторлық қызметтің қаржы-
шаруашылық қызметін тексеріс нысанында жүзеге асыратын мемлекеттік
бақылаудан айтарлықтай айырмашылығы бар:
• аудиторлық қызмет кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің
тиімділігін арттыруға, оның төлем қабілетін қамтамасыз етуге,
клиенттердің мүддесін қорғауға бағытталған. Тексеріс қызметі
бірінші кезекте мемлекеттің мүддесін қорғайды, бұзушылықтарға
ықпал етудің сан алуан түрлерін қолдана отырып, шаруашылық
жүргізуші субъектілердің заңдарды, нормативтік актілерді
сақтауын қамтамасыз етеді;
• аудит кезінде тексеруші ұйым мен бақылаудың объекті арасындағы
байланыстар көлденең, ерікті келісім шарт негізінде болса,
тексеру жүргізгенде тік, әкімшілік белгілеу ретінде болады;
• аудиторлық қызметті клиент немесе оның келісімімен аудиторлық
қорытындыны алуға мұқтаж болып отырған орган төлейді.
• тексерістерді жоғарғы орган немесе мемлекет төлейді;
• аудиторлық тексерудің тиімділігін клиент аудитке жұмсалған
шығындар мен аудиторлық тексеру нәтижелерінің ара салмағы
ретінде айқындайды. Тексерістің тиімділігін тиісті бақылаушы
орган анықтайды;
• аудиторлық тексерудің нәтижелері клиентке арналған аудиторлық
қорытынды мен ұсыныстарда қамтылып көрсетіледі. Тексерістің
нәтижелері бойынша акт жасалынады, онда орындалуы бақыланатын
ұйымдық түйіндер, жазалау, міндетті нұсқаулар және басқалары
көрсетіледі;
• аудиторлар алынған ақпарат пен аудит нәтижелерінің құпиялығын
қамтамасыз етуі тиіс, ревизорлардың оларды жария етуіне құқы
бар.
Қазақстан Республикасындағы алғашқы және ең ірі аудиторлық ұйым –
Қазақстанаудит компаниясы. Еліміздің ең ірі аудиторлық фирмаларының бірі
Родостовец В.К. басшылығымен құрылған тәуелсіз аудиторлық компания –
Центраудит – Казахстан нарықта 10 жыл бойы аудиторлық және кеңес
берушілік қызметтің барлық түрін көрсетіп келеді. Ол Moore’s Rowland
International атты тәуелсіз аудиторлық және бухгалтерлік фирмалардың
әлемдік ассоциациясының мүшесі болып табылады. Бұдан басқа елімізде
көптеген шағын аудиторлық ұйымдар барлықты. Мысалы, Қаржылық аудит
аудиторлық компаниясы, Asia Business ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық қызметінің аудиті
Қазақтан Республикасында қаржылық бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негіздері
Мемлекеттік мекемелердегі бюджеттік есеп
Мемлекеттік қаржылық бақылау
Қаржылық бақылау түсінігі
Қаржылық бақылауды ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржылық бақылауының теориялық аспектілерін зерттеу, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылау, іске асыру механизмі
Қаржылық бақылау
ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУ
Қаржылық бақылау функциясы және қаржылық бақылау
Пәндер