Банк өтімділігі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 2
1 БАНК ӨТІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Банк өтімділігінің түсінігі мен мазмұнына заманауй көзқарастың даму генезисі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1.2 Коммерциялық банктердің өтімді қаражаттарға деген қажеттілігі және оның коэффициенттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...10
1.3 Өтімділікті басқару теориясы мен механизімі ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .17
1.4 Банк өтімділігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ӨТІМДІЛІГІНЕ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі өтімділк жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .31
2.2 Әлемдік өтімділік дағдарысы жағдайындағы банк секторының даму аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
2.3 Қазақстан, Ресей және Украйна елдеріндегі өтімділікпен байлансты мәселелер (Standard&Poo;’s аналитикалық талдау мәліметтері бойынша) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ БАНК ӨТІМДІЛІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Банк өтімділігін басқаруға байланысты мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... 50
3.2 Банк өтімділігімен төлем қабілеттігін дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58

Тақырып өзектілігі – Коммерциялық банктің өтімділігін басқаарудағы сенімділікті артыру мақсатындағы банк жүйесінің даму тенденцияларына байланысты өтімділікті басқаудағы қажеттілік күннен – күнге артуда. Сол себептен, өтімділікті және оны басқаруды талдау, толық саралау өте қажетті және ең маңызды мәселе болмақ . Осы мәселені толық қарастыра отырып, негізгі мәселелерін айқындау және сәйкес ұсыныстар мен кеңестер жүйесін құру жұмыстың негізгі мақсаты болып отыр.
Зерттеу жұмысының басты мақсаты – міндеттемелерді орындау, мерзімі жеткенкезде оларды уақытылы өтеуді қамтамасыз ету, банктегі сондай – ақ жалпы экономикадағы жағымсыз жағдай салдарынан орын алған клиенттің ақша қаражаттарының кетуін болдырмау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері - өтімділікті басқаруға байланысты әлемдік, соның ішінде Қазақстан Республикасында туындап отырған негізгі мәселелердің басын ашу. Осыған байланысты келесі міндет – туындаған мәселелерді шешудің жолдарын табуға жалпы ұсыныстар мен кеңестер беру.
Зерттеу заты ретінде Қазақстан, Ресей және Украйна елдеріндегі өтімділікпен байланысты мәселелер Standart&Poor;’s аналитикалық талдау мәліметтері бойынша қарастырылды.
Зерттеу объектісіне әлемдік өтімділік дағдарысы жағдайындағы банк секторының даму аспектілері қарастырылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі мазмұндағы үш тараудан тұрады. Зерттеу жұмысының кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері жазылды. Бірінші тарауда банк өтімділігі және оны басқарудың теориялық аспектілері жазылды. Екінші тарауда Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің өтіьділігіне талдау жүргізілді. Үшінші тарауда Коммерциялық банктердегі банк өтімділік басқаруды жетілдіру жолдары қарастырылды. Қорытындыда өтімділіктің басқарудың негізгі міндеттері өтімділіктің шамаксын өлшеу мен оны басқару құрылымын қалыптастыру және көздерін анықтау болып табылады. Жұмыстың мазмұнынан 59 бет, 12 кесте, 12 сурет, 23 қолданылған әдебиеттер көзі құрайды.

1. «Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциялдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы » 2005 жылы 30 қыркүйектегі № 358 Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің қаулысы.
2. Коммерциялық банктер операциялары. Мақыш С.Б.А.2004 ж.
3. Черкасов В.Е ''Финансовый анализ в коммерческом банке'' – М.: Изд-во ''ИНФРА - М'', 2003г.
4. “Банковское дело” под ред. Колесникова В.И., Кроливецкой Л.П. – М., Финансы и статистика, 1996г.
5. Перегудов Ф.И., Тарасенко Ф.П. Введение в системный анализ: Учебное пособия для вузов. М.: Высшая школа, 1989г.
6. Березнев А.С. Управление соотношением «ликвидность - доходност» в комерческих банках.//Бугалтерия и банки. 2005 г.
7. «Методы управлерия банквской ликвидностью». Қаржы – қаражат.№5/6 2006ж (Кайымбаева М.А).
8. «Уязвимасть Казахстанской финансовой системы перед угрозой мирового кризиса ликвидностью» Банки Казахстана. №1 2008г
9. «Некоторые аспекты развития банквского сектора в условиях проблем с кроткосрочной ликвиднистью». Банки Казахстана. №1 2008г.
10. Указ Призидента РК, именяюши силу закона, «О Нацтональном банке Республики Казахстан» 30 марта 1995г.
11. Указ Призидента РК, именюший силу закона, «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан». 31 августа 1995г.
12. Закон РК «Овалютном регулирований». 24 декобрия 1996г.
13. Панов Г.С. Анализ финансового состаяния комерчесеого банка. – М.: Финансы истатистика, 1996г.
14. Рид Э., Коттер и др. Коммерческие банки. – М.: Прогресс,1983.
15. Обшая теория денег и кридита (под ред. Е.Ф. Жукова). М.: Банки и биржи, 1995
16. Смит А. Исследования о природе и причинах богатства народов – Т. 2. С – П,1866
17. Кейнс Дж.М. Обшая теория занятости, процент и денег.
18. Экономический анализ деятельност банка (под ред. проф. И.Д. Маманова) – М.: Инфра – М,1996
19. Питер С. Роуз. Банковский менеджмент. – М.: Дело лтд, 1995
20. Статистический бюллетень Нацбанка РК 2006 – 2007г
21. Рэдхэд К., Хьюс С. Управление финансовымирисками. – М.: Переспектива, 1996г
22. Руководство по кридитному менеджменту. Б. Эдварса. 1996
23. Уильмс Б. Управление активами и пассивами. 1995г

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 2
1 БАНК ӨТІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Банк өтімділігінің түсінігі мен мазмұнына заманауй көзқарастың
даму
генезисі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1.2 Коммерциялық банктердің өтімді қаражаттарға деген қажеттілігі
және оның
коэффициенттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... . ...10
1.3 Өтімділікті басқару теориясы мен
механизімі ... ... ... ... ... ... . ... ... . ... .17
1.4 Банк өтімділігін талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...21
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ
ӨТІМДІЛІГІНЕ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі өтімділк
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .31
2.2 Әлемдік өтімділік дағдарысы жағдайындағы банк секторының даму
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
2.3 Қазақстан, Ресей және Украйна елдеріндегі өтімділікпен байлансты
мәселелер (Standard&Poo’s аналитикалық талдау мәліметтері
бойынша) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ БАНК ӨТІМДІЛІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ
3.1 Банк өтімділігін басқаруға байланысты
мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... . 50
3.2 Банк өтімділігімен төлем қабілеттігін дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 54
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...58
РЕФЕРАТ
Тақырып өзектілігі – Коммерциялық банктің өтімділігін басқаарудағы
сенімділікті артыру мақсатындағы банк жүйесінің даму тенденцияларына
байланысты өтімділікті басқаудағы қажеттілік күннен – күнге артуда.
Сол себептен, өтімділікті және оны басқаруды талдау, толық саралау
өте қажетті және ең маңызды мәселе болмақ . Осы мәселені толық
қарастыра отырып, негізгі мәселелерін айқындау және сәйкес ұсыныстар
мен кеңестер жүйесін құру жұмыстың негізгі мақсаты болып отыр.
Зерттеу жұмысының басты мақсаты – міндеттемелерді орындау,
мерзімі жеткенкезде оларды уақытылы өтеуді қамтамасыз ету, банктегі
сондай – ақ жалпы экономикадағы жағымсыз жағдай салдарынан орын
алған клиенттің ақша қаражаттарының кетуін болдырмау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері - өтімділікті басқаруға байланысты
әлемдік, соның ішінде Қазақстан Республикасында туындап отырған
негізгі мәселелердің басын ашу. Осыған байланысты келесі міндет –
туындаған мәселелерді шешудің жолдарын табуға жалпы ұсыныстар мен
кеңестер беру.
Зерттеу заты ретінде Қазақстан, Ресей және Украйна елдеріндегі
өтімділікпен байланысты мәселелер Standart&Poor’s аналитикалық талдау
мәліметтері бойынша қарастырылды.
Зерттеу объектісіне әлемдік өтімділік дағдарысы жағдайындағы
банк секторының даму аспектілері қарастырылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі
мазмұндағы үш тараудан тұрады. Зерттеу жұмысының кіріспесінде
тақырыптың өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері жазылды.
Бірінші тарауда банк өтімділігі және оны басқарудың теориялық
аспектілері жазылды. Екінші тарауда Қазақстан Республикасындағы
екінші деңгейлі банктердің өтіьділігіне талдау жүргізілді. Үшінші
тарауда Коммерциялық банктердегі банк өтімділік басқаруды жетілдіру
жолдары қарастырылды. Қорытындыда өтімділіктің басқарудың негізгі
міндеттері өтімділіктің шамаксын өлшеу мен оны басқару құрылымын
қалыптастыру және көздерін анықтау болып табылады. Жұмыстың
мазмұнынан 59 бет, 12 кесте, 12 сурет, 23 қолданылған әдебиеттер
көзі құрайды.
Қысқартулар мен шартты белгілер:
ҒТП – ҒЫЛЫМИ ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСТІҢ, БТА – БАНК ТУРАН АЛЕМ, АҚШ –
АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТЫ, ҚРУ – ҚАЗАҚСТАН, РЕСЕЙ, УКРАЙНА, ЕДБ – екінші
деңгейлі банктер.
Негізгі сөздер: өтімді активтер, банктік ресурс, пруденциялдық
норматив, депозит, салым, меншік капиталы, активтік операция,
тәуекел.
Глоссарий
Өтімділік – банк сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің
жалпы сипаттамаларының бірі.
Банк капиталының базасы – бұл салымшылар қаражаттары мен
депозиттеріне кепіл беретін және олардың мүделерін қорғайтын меншіктік
капиталдың жеткілікті мөлшерімен сипатталады.
Активтердің өтімділігі – бұл қарыз алуышының міндеттемелерді өтеу
немесе активтерді сату рақылы олардың қолма – қол ақшаға айналу
қабілеті.
Банк баланысның өтімділігі - банк баланысының өтімділігі ретінде
банктің төлемдері мен міндеттемелерін уақытылы орындау үшін қолма -
қол ақшаға тез айнала алатын немесе ұйымдардың активтері
түсіндіріледі.
Активтерді басқару – активтерге деген күтілетін сұранысты
қамтамасыз ету үшін өтімді активтерді жинақтау.
Пассивтерді басқару - өтімділікке көптеген қажеттілік
туындайтындай жағдай үшін нарықтан қаражатттар тарту.
Салым – бұл жеке тұлғалардың сақтау және табыс алу мақсатында
Қ.Р вальютасында немесе шетел вальютасында орналастыратын ақша
қаражаттары. Салым бойынша табыс ақша формасында, пайыз түрінде
төленеді.
Депозит дегеніміз – коммерциялық банктерге белгілі – бір берзімге
және мерзімсіз, қайтарылу шарттарымен, пайызы, төленуі тиіс болып,
сақтандырыла отырып, салынған халықтың және сақтандырылусыз салынған
кәсіпорындардың ақша қаражаттары.
Макроэкономикалық факторлар (экзогенді) - бұл факторлар арқылы
сыртқы ортаның коммерциялық банкке, оның өтімділігіне әсер етуі
анықталады.
Микроэкономикалық факторлар (эндогендік) - банктің өзінің және оның
саясатының әсері. Бұл фактор әсерінің макроэкономикалық фактордан
еркешелігі, банк ішіндегі ұрдістер болғандықтан, банк саясатын өзгерту
арқылы өтімділікке жағымсыз әсерді өзгертуге болады.
Кіріспе
Әлемдегі қаржы нарығының дағдарысына байланысты банк өтімділігі
мәселесі күллі әлем елдерін алаңдатып отыр. Өтпелі экономикалық
кезеңдегі Қазақстан Республикасы үшін әлемдік нарықтағы салқындықтың
ызғары әжәптеуір әсер етуде.
Банк жүйесінің тарихына көз салсақ, мәселенің түбі тереңде
екенін көреміз. Әуел бастан – ақ Қазақстан Республикасының банк
жүйесіндегі коммерциялық банктер саны өте көп болатын (1995 жылдың
өзіндың 1 қаңтарында 237 банк тіркелген болатын). Сол уақыттан
бері Ұлттық Банк пруденциялдық нормативтерді қолдану арқылы санын
қысқартып келген болатын, өйткені саны көп, сапасы жоқ банктер ел
экономикасына кері әсерін тигізбей қоймады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі келесідей нормативтердің
орындалуын қадағалайды:
■ Минималды жарғылық қоры;
■ Капиталдың жеткіліктілігі;
■ Бір қарыз алушыға шаққандағы тәуекел;
■ Өтімділік коэффициенті;
■ Валюталық саясат.
Осы талаптардың орындалуы немесе орындалмауы банк қызметін
бағалаудың негізгі критериі болып табылады.
Әлемдік қаржы нарығындағы тұрақсыздық Қазақстан Республикасының
әлеуметтік – экономикалық жағдайын да тұрақсыздыққа алып келді.
1992 – 1993 жылдардың өзінде – ақ Дүниедүзілік банк мамандары
Қазақстан Республикасының банктерінің өтімділікпен және активтер
портфелімен байланысты екі мәселеге соқтығысатындығын айтқан болатын.
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігін мынадан көруге
болады: Сенімділікті арттыру мақсатындағы банк жүйесінің даму
тенденцияларына байланысты өтімділікті басқарудағы қажеттілік күннен –
күнге артуда. Сол себептен, өтімділікті және оны басқаруды талдау,
толық саралау өте қажетті және ең маңызды мәселе болмақ.
Осы мәселені толық қарастыра отырып, негізгі мәселелерін
айқындау және сәйкес ұсыныстар мен кеңестер жүйесін құру – жұмыстың
негізгі мақсаты болып отыр.
Жұмысты орындауда тақырыпты толық ашу үшін бірнеше міндеттер
қойылды. Сол міндеттердің алғашқысы - өтімділік түсінігін, оның
мазмұнын ашуда көптеген ғалымдар мен экономистердің көзқарастарын
қарастыру, сондай – ақ банктердің өтімді активтерге қажеттілігі мен
оны басқарудың теориясын, механизімін айқындау.
Негізгі міндеттердің бірі - өтімділікті басқаруға байланысты
әлемдік, соның ішінде, Қазақстан Республикасында туындап отырған
негізгі мәселелердің басын ашу.
Осыған байланысты, келесі міндет – туындаған мәселелерді шешудің
жолдарын табуға жалпы ұсыныстар мен кеңестер беру.
БАНК ӨТІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Банк өтімділігінің түсінігі мен мазмұнына заманауи көзқарастың даму
генезисі
Өтімділік сөзі латынның liquidus деген, сирек, ағымды мағыналарын
білдіретін сөзінен шыққан. Сатылудың жеңіл жүруі, материалдық
құндылықтардың табыс табу құралына оңай айналуы өтімділік түсінігіне
қарапайым мысал бола алады. Демек, банк өтімділігі - бұл салымшылар мен
қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз
орындау қабілеттігі.
Өтімділікті басқарудың негізгі мақсаты - міндеттемелерді орындау
мерзімі жеткен кезде оларды уақытылы өтеуді қамтамасыз ету, банктегі сондай-
ақ жалпы экономикадағы жағымсыз жағдай салдарынан орын алған клиенттің ақша
қаражаттарының кетуін болдырмау.
Өтімділікті басқарудың негізгі міндеттері өтімділіктің шамасын өлшеу
мен оны басқару құрылымын қалыптастыру және төменде көрсетілген жағдайлар
бойынша түзешараларын жүзеге асыру болып табылады:
- баланстандырылмаған өтімділік тәуекелін шектеу;
- қаржы нарығының әр түрлі құралдары бойынша ашық позицияны ұстану
арқылы іс-әрекет нәтижесін оңтайландыру;
- барлық төлемдерді (міндеттемелерді) уақытылы жүзеге асыру;
- еншілес банктерді несие ресурстарымен қамтамасыз
ету үшін тапсырысты орындау;
- ресурстарды тиімді пайдалану;
- банк өтімділігінің жағдайы туралы шешімдерді айқындау;
- өтімділік дәрежесін төмендетуге әкелетін факторларды анықтау және
талдау, мүмкін болатын шығындарды бағалау;
- тәуекелдің көздерін анықтау.
Өтімділік - банк сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің жалпы
сипаттамаларының бірі. Банктің міндеттемелерін нақты және пөтенциялды деп
екіге бөледі. Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, мерзімді
депозиттер, тартылған банқаралық ресурстар, несие берушінің қаражаттары
түрінде банктің балансында көрсетілді.
Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді
уақытында орындау үшін қолма-қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді
активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада
жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк болып табылады.
Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге
болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындау сипаттайды.
Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспонденттік шоттардағы
қалдықтарымен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы, қолма-қол ақшаға тез
айналатын активтер, банқаралық нарықтан немесе Орталық банктен алынатын
банқаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланылады.
Осы аталған қаражат көздерін пайдалану банк үшін шығыстармен
байланысты бомау керек. Мысалы, өтімді қаражаттардың көзі ретінде бағалы
қағаздарды немесе басқа активтерді сату қалыпты тәртіпке алдын ала келісіп
қойған шарттардың негізінде жүзеге асырылуы керек.
Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады:
■ депозиттерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;
■ тиімділік тәуекелін азайту және сенімділікті қамтамасыз ету;
■ активтерді зиянсыз стау;
■ тартылған қаражаттар бойынша төлей алмау тәуекелі үшін
сыйақы мөлшерін шектеу.
Банк өтімділігінің екі формасы, яғни, міндеттемелерді өз уақытында
және шығынсыз орындауы көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен
анықталады.
Ішкі факторлар қатарына жататындар:
■ банк капиталының базасы;
■ банк активтерінің сапасы;
■ депозиттердің сапасы;
■ сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелдігі;
■ мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің өзара сәйкестігі;
■ сауатты менеджмент;
■ банктің жоғары дәрежелі беделі.
Банк капиталының базасы - бұл салымшылар қаражаттары мен депозиттеріне
кепіл беретін және олардың мүдделерін қорғайтын меншікті капиталдың
жеткілікті мөлшерімен сипатталады.
Банк активтерінің сапалылығы мынадай төрт критериймен анықталады:
өтімділік, тәуекелділік, табыстылық және диверсификация.
Активтердің өтімділігі - бұл қарыз алушының міндеттемелерді өтеу
немесе осы активтерді сату арқылы олардың қолма-қол ақшаға айналу қабілеті.
Активтердің тәуекелділік критерийі, олардың ақшалай формата айналдыру
кезінде шығындарға ұшырамау мүмкіндігін сипаттайды. Банк активтерінің
тәуекелі неғұрлым жоғары болған сайын, банктің өтімділігі соғұрлым төмен
болады.
Активтердің табыстылығының критерий ретінде активтердің жұмыс істеу
қабілеті, тиімділігі, яғни табыс әкелу кабілеті, сонымен қатар банктің
дамуы үшін қаражат көзін табу және банктің капитал базасын нығайту
кабілеті.
Активтердің диверсификациясы критерийі банктің ресурстарын әр түрлі
орналастыру ақшалары бойынша болу дәрежесін сипаттайды. Активтерді
диверсификациялау көрсеткіштері мынадай: ресурстарды орналастыру бағыттары
бойынша банк активтерінің құрылымы, объектілері мен субъектілері бойынша
несиелік жұмсалымдардың құрылымы, бағалы қағаздар портфелінің құрылымы,
валюталар құрылымы; банкпен корреспонденттік және несиелік қатынастарда
болатын басқа банктердің құрылымды құрамы. Активтер неғұрлым коп
диверсификацилланса, банк өтімділігі соғұрлым жоғары болады.
Банк өтімділігін анықтайтын келесі фактор - банк депозиттік базасының
сапалылығы. Депозиттік базаны мерзімді депозиттік және жинақ салымдары,
есеп айырысу және ағымдағы шотардағы қаражаттары ретінде банкте жинақталған
заңды және жеке тұлғалардың қаражаттары құрайды. Депозиттердің сапалылығын
олардың тұрақтылығын сипаттайды, депозиттердің тұрақты бөлігі неғұрлым көп
болса, банк өтімділігі соғұрлым жоғары болады.
Банк өтімділігі оның сыртқы қаражат көздеріне, яғни банқаралық
көздерге деген тәуелділігімен де сипатталады.
Банқаралық несие өтімді қаражаттарға деген қысқа мерзімді
жетіспеушілікті жоя алады, бірақ осы несиенің жалпы тартылған ресурстардың
құрамындағы үлесі жоғары болса, онда банк банкроттыққа ұшырауы мүмкін. Егер
банктің сыртқы көздерге тәуелділігі жоғары боса, онда оның бизнес үшін өз
базасының даму перспективаларының жоқтығын көрсетеді.
Банк активтері мен пассивтері арасында мерзім мен сома бойынша
сәйкестігі де банк өтімділігін анықтайды. Банктің клиенттер алдында
міндеттемелерді орындауы инвестицияланатын ақша қаражаттары мерзімдері және
салымшылары берген ақша қаражаттарының мерзімдерінің сәйкес келуін
білдіреді.
Менеджмент, яғни жалпы банктің қызметін және өтімділігін басқару
жүйесі де банк өтімділігін анықтайды ішкі факторлардың біріне жатады.
Банктің беделі де банктің өтімділігін анықтайды. Жақсы беделі бар банк
депозиттік базасының тұрақтылығын оңай қамтамасыз ете алады.
Банк өтімділігінің жағдайы бірқатар сыртқы факторларға, яғни, банк
қызметінен тыс факторларға байланысты. Оларға мыналар жатады:
■ елдегі жалпы саяси және экономиклық жағдай;
■ бағалы қағаздар нарығының дамуы;
■ банқаралық несие нарығының дамуы;
■ қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастыру;
■ Орталық банктің қадағалау қызметінің тиімділігі.
Елдегі жалпы саяси және экономиқалық жағдай банк операцияларының
дамуының және банк жүйесінің сәтті жұмыс істеуінің алғышарттарын
қалыптастырады, банк қызметінің экономиқалық негізінің тұрақтылығын
қамтамасыз етеді, банктерге деген отандық және шетелдік инвесторлардың
сенімділігін арттырады.
Бағалы қағаздар нарығының дамуы өтімді қаражаттар құрудың оңтайлы
нұсқасын қамтамасыз ете алады, себебі, көптеген шетел мемлекеттерінде
банктің активтерін ақшалай қаражаттарға тез арада айналдыру жолы қор
нарығының жұмысымен байланысты.
Банкаралық нарықтың дамуы уақытша бос ақшалай ресурстарды банктер
арасында жылдам қайта бөлуге көмектеседі. Банк өз өтімділігін ұстап тұру
үшін банқаралық нарықтан әр түрлі мерзімге қаражаттарды тарта алады.
Банкаралық нарықтан қаражаттарды тарту жылдамдығы жалпы қаржылық
конъюнктураға банқаралық нарықтың ұйымдастырылуына және бактің беделіне
байланысты. Орталық банктің қадағалау қызметінің тиімділігі өтімділікі
басқарудағы коммерциялық банктер мен мемлекеттік қадағалау ортаны
арасындағы қарым-қатынастың дәрежесін көрсетеді.
Банк өтімділігі мәселесі ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында қарастырыла
бастады. Әлемдегі осы кездегі экономиқалық және саяси ахуал тұрақсыздықпен
сипатталды: соғыстар, революциялар, дағдарыстар банк жүйесінің
тұрақтылығына жағдай жасамады, керісінше, несие ұйымдарының банкроттығының
жиілеуіне, банк операцияларының жоғары тәуекелдігіне әкелді. Олар несиелік,
пайыздық, валюталық тәуекел, левераж тәуекелі, қаржылық қызметтер тәуекелі.
Тәуекел банк қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады және банктің
фактілік пайдасы жоспарланған, күтілетін пайдадан аз болып қалуының
ықтималдығын білдіреді. Табыстылықты қуалау көбіне банктің өз өтімділігін
жоғалтуына алып келеді. Өтімділік тәуекелінің пайда болу мәселесі тәжірибе
жүзінде алғашқы қадамдар жасауға алып келді, яғни банк қызметі заңнамамен
шектелетін болды.
XIX ғасырдың II жартысында бірқатар елдерде әр операцияны жүргізу
ережесі қабылданып, әр жеке клиентке несие желісін ашу мөлшеріне шектеулер
қойылып, банк міндеттемелері мен меншік капиталы арасында бес еселік
арақатынас пен банк міндеттемелері мен касса қаражаттары арасында 10%-дық
арақатынас орнатылды.
Сонымен қатар, банк қызметін мемлекеттік бақылау және оларды
мемлекеттік ревизиялық тексету құқығы бекітілді.
Ғалымдар мен экономистер банк өтімділігін бағалау критерийін ғылыми
негіздеу әрекетін жасауға талпынған болатын.
Мемлекет қайраткері және ғалым Н.С. Мардвинов 1811 жылдың өзінде-ақ
алғашқы жеке акционерлік банк жобасына арналған шығармасында былай деп
жазған: Банктегі барлық салымдар ұзақ мерзімділігі және қызқа мерзімділігі
сипатына байланысты ажыратылуы керек. Қысқа мерзімді салымдар қысқа
мерзімді вексельдер, қарыз хаттары, заңды кепілдік немесе тауарлық қарыз
беру нысанында есептеле алады. Ұзақ мерзімді капитал ұзақ мерзімді
міндеттемемен берілсе, 8-ден 10 жылға дейін жылжымайтын мүлікті кепілге ала
отырып беріледі.
Банк активтері мен пассивтерін мерзіміне қарай баланстау
қажеттілігінің осыған сай идеясын француз банкирі Курсель Сенель негізеген
еді. 1862 жылы ол қойылымдардың түрі мен шарты салымдардың түрлері мен
шарттарына тәуелді болуы қажет - деген еді.
1914 жылы шығарылған еңбегінде ғалым Е.П. Вознесенский банктің тұрақты
қызметін қамтамасыз ету үшін оның активтерінің тез арада өткізілуін
қалыптастыру керек деген талапты атап көрсетеді. Оның айтуы бойынша, банк
қоластында оның операцияларынан түскен құндылықтардың біріңғай қасиетке,
яғни тез және оңай өткізілу қасиетіне ие болуы керек
XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басындағы әдебиеттерде өтімділік термині
қолданылмаған болса да, өтімділіктің негізгі критерий қалыптасты және
банктің қызмет етуіне қажетті негізгі шарттар анықталды:
клиенттің қажеттіліктерін уақытылы қанағаттандыру және меншік құралдарын
салымдар сипаты бойынша орналастыру.
Банк қаражаттарының өтімділігі терминін алғаш болып енгізген неміс
ғалымы В. Лексис Несие және банктер деген еңбегінде активтердің сомасы
мен мерзімділігінің банк міндеттемелерімен сай келу қажеттілігін көрсете
отырып, несие ұйымдары әрқашан өз қаражаттарының өтімділігінің
жеткіліктілігін қамтамасыз етуі қажет - дейді.
Неміс экономисі Б.Бухвальд Банк балансының өтімділігі терминін
қолданады. Банк балансының өтімділігі ретінде бактің төлемдері мен
міндеттемелерін уақытылы орындау үшін қолма-қол ақшаға тез айнала алатын
несие ұйымдарының активтері түсіндіріледі. Бухвальд тез өткізілетін
активтер бабына кассадағы қаражатты, шетел ақшасын, купондарды, басқа
банктегі ақша қалдықтарын, шетелдік бағалы қағаздармен қамтамасыз етілген
біржақты вексель берушінің вексельдерін, репорттық қағаздарды, сонымен
қатар, мемлекеттік қағаздарды және қалалық облигацияларды жатқызады. Осы
кезеңде банк өтімділігі баланс өтімділігі ретінде және оның қаражаттарының
қоры тұрғысынан қарастырылды.
Коммерциялық банктің өтімділігін қамтамасыз ету мәселесі экономиқалық
және саяси дағдарыстар кезінде өрши түседі. Тұрақсыз кезеңде несие
ұйымдарының өтімділігін ұстап тұру үшін тек банк балансындағы өтімді
қаражаттар қорын ғана емес, сонымен қатар, басқа банктерден қарыз алу, банк
портфеліндегі бағалы қағаздарды сату, қарыздарды өтеуден түсетін қаражаттар
есебінен де қамтамасыз етуге болады.
Советтер кезеңінің экономисі Л.И. Фрей 1920-1921 жылдары АҚШ- тағы
банк дағдарысын талдай отырып, банк өтімділігін қамтамасыз ету мәселесінің
шешімі банк қарызын алушының банк портфелінің қысқа мерзімділігінен
қарызын жабу мүмкіндігін басқа банктен несие алу, қайта есептеу
мүмкіндігіне ауыстырады.
Американ банкирі Книфиннің айтуы бойынша банктің өз депоненттерінің
депозиттерін қайтару туралы талаптарын қарыздарды жабудан алынған сомадан
төлеу мүмкіндігі өтімділік ретінде қарастырады. Өтімділік банк
қаражаттарының ағымы деп түсіндіріледі.
Заманауи шетел әдебиеттерінде банк өтімділігін сипаттауда ақша
қаражаттарының ағымы тұрғысынан қарастыру бағыты көп кездеседі.
Американ оқымыстысы П. Роуз егер банк қаражаттарға тиімді бағада және
олар дәл қажет болған жағдайда қол жеткізе алса, банк өтімді болады деп
санайды.
Ғалым М.М. Ямпольскийге сүйенсек, өтімділік банк клиентура мен басқа
да контрагенттер алдында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мүмкіндігінің
болуымен түсіндіріледі.
Ғалым В.М. Усоскин бойынша, өтімділік ретінде банктің қаржылық
міндеттемелерін уақытылы өз меншігіндегі ақша қаражаттары арқылы активтерді
сату немесе ресурстардың мобильділігі және басқа да көздер арқылы
өтеуқарастырылады.
Көптеген экономистер банк өтімділігі түсінігін қарастыра отырып, банк
қызметі үрдісінде пайда болатын банк міндеттемелеріне ерекше көңіл
аударады.
Француз экономисі Ж. Матук банктік ұйым өтімділігі ретінде банктің
өз борыштық міндеттемелерін уақытылы және сәйкес көлемде талап еткенге
дейінгі шоттан алынатын кассаның қолма-қол ақшалары, сондай-ақ мүмкін
болатын баланстан тыс міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі.
Коммерциялық банктің пассивтік операцияларының дамуына байланысты
банк міндеттемелерін қамтамасыз ету көздеріне деген көзқарас ауқымы
кеңейді.
Американ экономистері Э. Рид, P. Қотлер, Э. Гилл және Р. Смит егер
банктің қолма-қол ақша қаражаттарының сомасы, басқа да өтімді активтер,
сонымен қатар басқа да көздерден алынған қаражаттардың тез мобильдену
мүмкіндігі қарыздық және басқа да қаржылық міндеттемелерді уақытылы өтеуге
жеткілікті болса, банкті өтімді деп санаған.
Экономистердің тағы бір тобы банк өтімділігін былай анықтайды: біріншіден,
орналастырылған активтер мен қолданыстағы банктің тартылған қаражаттарының
сомасы мен мерзімі арасындағы сәйкестік; екіншіден, орналастырылған банк
қаражаттарының табыстылығының есептік мәндерін қамтамасыз етумен мерзімінде
қайтарылуы.
Заманауи әдебиеттерде банк өтімділігі теориясының пікірталасында екі
аспект нақты анықталды: біріншісі, банк өтімділігі түсінігін анықтауға
байланысты, яғни оның мәні, екіншісі бұл түсініктің мазмұнын ашады, яғни
банк міндеттемелерінің түрлерін, оларды жабу көздерін, өтімділікті
қамтамасыз ету критерийлерін негіздейді.
Қорытындылай келе, банк өтімділігі мағынасын түсіндіруде, жалпы
алғанда, көзқарастардың негізгі екі бағыттылығын айта кету керек. Демек,
кейбір авторлар банк өтімділігінің мәні әр түрлі міндеттемелерді уақытылы
және толық өтеу мүмкіндігінде десе, енді бірі - міндеттемелерді уақытылы
және толық өтеуге қажетті өтімді активтерге ие болу мүмкіндігінде дейді.
Екі жағдайда да банк өтімділігін оның төлем қабілеттігіне, яғни өз
міндеттемелерін уақытылы және толық орындауға міндетеледі. Оның мәні банк
активтері мен пассивтерінің өзара байланысты қозғалысымен және олардың
міндеттемелердің анықталған мерзімі мен оларды жабу көздері арасында
үйлесімділікті қамтамасыз ететіндей жоғары сапалы болуымен анықталады.
1.2 Коммерциялық банктердің өтімді қаражаттарға деген қажеттілігі және оның
коэффициенттері
Әлемдік банк ісінің тәжірибесінде коммерциялық банктердің өтімді
құралдарға деген қажеттілік деңгейін дәл анықтайтын жалпылама формула не
нормативтер жиынтығы әлі табылмай келеді. Банк басқармасы өтімділік
мәселесіне әрдайым үлкен көңіл бөледі, бірақ әлі де өтімділіктің қажетті
мөлшерін анықтауда тиімді және жалпы қолданылатын формула жоқ. Бөлек
қарастырылған банк өтімділігінің қажетті сомасы салымдардың жалпы сомасы
мен несиеге сұраныс арасындағы ауыткуларға байланысты болады.
Өз алдында бұл ауытқулар өзгерістер жиі болып тұратын мемлекеттің
экономиқалық жағдайына байланысты. Осындай өзгерістерді мақсатты-
бағдарламалық, кездейсоқ, маусымдық, циклдық, ұзақ мерзімді деп бөлуге
болады.
Мақсатты-бағдарламалық шараларға мысал ретінде Қазақстан
Республикасының бұгінгі күнгі экономикасын және рыноктық қатынастарға өтуге
байланысты барлық салаларда жүргізіліп жатқан экономиқалық саясатын айтуға
болады.
Кездейсоқ өзгерістер мен олардың көлемін болжау қиынға түседі, себебі
олар бұрыннан қалыптасқан сызбамен жүрмейді, сондай-ақ ақша салымдар көлемі
мен несиеге деген қажеттілік деңгейіне әсер етеді. Кездейсоқ жағдайға
ереуілдер, сонымен қатар жер қозғалысы, су тасқыны сияқты апаттардың
салдары мысал бола алады.
Маусымның ауысуымен тікелей байланыста болатын маусымдық
өзгерістердің кездейсоқ өзгерістерден айырмашылығы - олар жыл сайын
қайталанады. Уақыт өткен сайын маусымдағы үйреншікті жағдай өзгеруі мүмкін.
Мысалы, ауыл аймағында орналасқан банкте салымдар көлемі күзгі егінді жинау
науқаны аяқталғаннан кейін өседі, көктемде несиеге деген сұраныс артады.
Маусымдылыққа әсер етуші негізгі фактор ауа-райы болғанымен, салт-дәстүрдің
әсері де бар, мысалы, жаңа жыл мейрамы қарсаңында бөлшек сауда көлемі
ұлғаяды.
Циклдық өзгерістерді болжау маусымдыққа қарағанда қиынырақ. Іскерлік
белсенділіктің төмендеу кезеңінде несиеге деген сұраныс пен салым салу
деңгейі төмендейді.
Бірақ, Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жағдайы Ұлттық Банк
жүзеге асыратын ақша-несие саясатына байланысты болады.
Ұзақ мерзімді ауытқулар немесе оның тенденциясы экономиқалық циклға
қарағанда ұзағырақ мерзімге созылады.
Олар бірнеше циклды қамтуы мүмкін және ол сұраныстағы, жинақтардағы,
инвестициялық үрдістегі, халық саны мен жұмыспен қамтылу деңгейіндегі,
өндірістің техниқалық деңгейіндегі өзгерістерге әсер ету нәтижесі болып
табылады.
Көріп отырғанымыздай, банктік салымдар көлеміне көптеген экономиқалық
факторлар әсер етеді және бұл өтімділікті жоспарлауды өте қажет етеді.
Ағымдағы немесе басқа кезеңдегі банктің өтімді ресурстарының қажеттілігін
есептеуде базалық кезеңдегі салымдар мен несиелер көлемінің өзгерісіне
байланысты күтілетін өзгерістерді қарастыруға болады.
Өтімділік динамикасына немесе резерв көлеміне 3 фактор әсер етеді:
- салымдардың өсуіне немесе кемуіне байланысты қаражаттар алу немесе
олардан айырылу;
- несиелердің немесе инвестиция көлемінің өсуіне немесе төмендеуіне
байланысты қаражат алу немесе олардан айрылыу;
- салымдардың артуы немесе азаюы салдарынан міндетті резерв
көлемінің артуы немесе қысқаруы.
Өтімді ресурстарға деген қажеттілік деңгейі кез келген кезеңге
есептелінеді. Кестеге сай, қосымша қордың түсімі 1- тоқсанда күтіледі,
бірақ, банкке өтімді ресурстарға қажеттілікті жабу үшін келесі кезеңдерде
көбірек күш жұмсауға тура келеді. Бұл қажеттілік салымдарды қайтарып алу
мүмкіндігіне емес, несиеге деген сұраныстың өсу мүмкіндігіне байланысты.
Жыл соңындағы салымдардың өсуі жыл басында қорлардың, босауымен өтелуі
міндетті резервтердің артуын талап ететіндігін айта кету керек. Егер
салымдар мен қарыздарға деген сұраныс көлемін дәл анықтай алатын болсақ,
қажетті өтімді қаражаттар деңгейін анықтау оңайырақ болар еді. Бұл
мақсаттың қиындығына қарамастан банктер салымдар мен несиелер көлемін
болжауға талпыну керек.
Ірі банктер болжауды екі негізгі әдіс арқылы жүзеге асырады: олардың
бірі, несиеге деген сұранысты және әр клиенттің салымдар көлемін талдау
арқылы жүргізіледі. Бұл әдісті көбінесе несие қабілеттігін бағалау
бөлімінің қызметкерлері қолданады: әр қайсысы өз есептемелерінің
топтамасына болжау жасайды. Осы болжаудың бағыты мен мәліметтеріне
жауапкершілікті экономиқалық бөлім, бақылаушы бөлім, қор бөлімі мен
жоспарлауға жауапты арнайы қызметкерлер тобы өз мойындарына алады.
Салымдар мен қарыздар көлемін есептеудің келесі әдісі - салымдар мен
қарыздар көздерін болжау және мемлекеттің жиынтық инвестициясының қорларын
пайдалану. Есептеме мемлекеттік және жеке секторларға бөлек, болжаудың
экономиқалық әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Сонда, банк несиесіне деген жалпы қажеттілікті қаражаттарға қажеттілік
пен олардың түсімі арасындағы айырма ретінде анықтауға болады, сол арқылы
банк несие нарығындағы өз үлесін есептей алады.
Көлемі кішірек банктер салымдар мен қарыздардың көлемін анықтауда
көбінесе алдыңғы жылдар тәжірибесіне сүйенеді. Бірақ банк көлемі қандай
болса да, оның өтімді ресурстарының қажеттілігін болжауда жергілікті және
жалпы ұлттық аспектілерді есепке алулары кекер. Жергілікті деңгейде бірінші
болып салымдар көзі мен тұрақтылық дәрежесі есепке алынады.
Жинақ салымдары мерзімді салымдарына, мерзімді салымдар талап еткенге
дейінгі салымдарға қарағанда тұрақтырақ саналады.
Сонымен, банк өтімділігінің деңгейіне көптеген экономиқалық және
басқа да факторлар әсер ететіндеген анықтадық, осыған байланысты
өтімділікті есептеу, жоспарлау, басқару мәселелері коммерциялық банктер
қызметіндегі маңызды бағыт бола бастағандығы белгілі болды.
Саясатты, стратегияны және коммерциялық банктің күнделікті қызметін
қалыптастыратын осы факторлардың негізінде банк өтімділігін басқару
теориясы мен тәжірибесі пайда болып, дамыды және жетіле түсті.
Банк өтімділігін анықтау үшін коэффициенттерді қолдану ұсынылады.
Біріншісі, негізгі коэффициент - лездік өтімділік коэффициенті және
екі қосымша коэффициент - мерзімді міндеттемелер бойынша коэффициент пен
бас коэффициент.
Көмекші коэффициенттер банк көрсеткіштері сенімділігі бойынша шектік
көрсеткіштерге жақын болған жағдайда есептеледі. Көмекші коэффициенттер
банктің банктің қаржы нарығында қызметін тоқтатқан кезде салынған
қаражаттарды қайтару мүмкіндігін бағалауға жағдай жасайды.
Есептемелерде баланс активтері мен пассивтерінің келесі топтары
қолданылады:
- актив бойынша:
- өтімді активтер;
- капитал салымдары:
- пассив бойынша:
- талап еткенге дейінгі міндеттемелер;
- мерзімді міндеттемелер;
Лездік өтімділік коэффициенті (Кмл) банктің екі-үш жұмыс күні ішінде
талап етілгенге дейінге міндеттемелерді өтеу мүмкіндігін көрсетеді. Талап
еткенге дейінгі міндеттемелерді бір уақытта өтеу қажеттілігінің пайда болу
ықтималдығы онша үлкен емес, бірақ, егер банк өз қызметінде қиындықтарға
тап болса, клиенттердің есеп айырысу және ағымдық шоттарынан қаражаттарын
алуы банк үшін ауыр сипатта болады. Бұл жағдайда банктің жедел түрде осы
міндеттемелерді өтей алмауы оның қызметіндегі ол қылықтардың үдей түсуіне
алып келуі мүмкін.
Кмл=ЛАОВх100%
Мұндағы: ЛА- өтімді активтер;
OB- талап еткенге дейінгі міндеттемелер;
Егер, алынған нәтиже 100%-дан жоғары болса, банктің талап еткенге
дейінгі шоттарынан барлық қаражаттарды алса да, банк өз міндеттемелерін
өтей алады және өз төлем қабілеттілігін сақтап қалады.
Бұл коэффициенттер банк коэффициенттеріне олардың төлем талаптары
бойынша қаншалықты тез төлемдерді жүзеге асыруын бағалауға мімкіндік
береді. Осы әдіс аркылы лездік өтімділік коэффициенті 30 %-дан жоғары
болса, (басқа әдістерде 40%-дан жоғары болса) банк өз міндеттемелерін
уақытылы өтей алатындығын көрсетеді. Мүмкін болатын мәні - 70%, критиқалық
мәні -30%.
Мерзімді міндеттемелер бойынша коэффициент, банк өз қызмет етуін
тоқтатқан кезде же дел міндеттемелердің қай бөлігі өтелетіндігін көрсетеді.
Клсо=(ЛА-ОВ)СрОх 100%
Мұндағы: Клсо - мерзімді міндеттемелер бойынша өтімділік коэффициенті;
ЛА- өтімді активтер;

СрО- мерзімді міндеттемелер.
Мерзімді міндеттемелерді өтеу мерзімінде банкте өтімді активтерден
басқа, қайтару мерзімі жеткендіктен қайтылу мүмкіндігі жоғары қарыздар
болады. Бірақ, берілген қарыз бойынша баланс шоттары мерзімдерге
бөлінбеген, сондықтан, балансты талдай отырып, қарыздардың қай бөлігі
қандай мерзімге берілгендігін анықтау мүмкін емес. Бұдан басқа, ауыр
қаржылық қиындықтарға негізінен тәуекелді несие саясаты әкеледі және бұл
жағдайда несиелердің көп бөлігі қайтарылмай қалады. Сондықтан, банк
міндеттемелері бойынша есептеулер банктегі бар өтімді активтер арқылы
жүргізіледі. Егер коэффициент мөлшері 1-ден үлкен болса, банк клиент
алдындағы мерзімді міндеттемелерді өтеуге қабілетті. Егер, коэффициент
мөлшері 1 мен 0-дің аралығында болса, банк мерзімді міндеттемелердің
бөлігін ғана өтей алады. Бұл жағдайда жасалған мәміле мерзімінің ұзақтығы
рөл ойнайды. Мерзімі қысқа болған сайын, міндеттемелер бойынша қаражаттарды
өтеу мүмкіндігі жоғары. Егер коэффициент мөлшері 0-ден төмен болса,
мерзімді міндеттемелерді өтеу тек берілген қарыздарды қолдану арқылы ғана
мімкін болады және қаражаттардың қайтарылмау тәуекелі өсе түседі. Мүмкін
болатын мәні - 25%; критиқалық мәні- минус 50%.
Мерзімді міндеттемелер бойынша өтімділіктің бас коэффициент (Кглсо)
өтімді активтер, сонымен қатар, капитал салымдары арқылы мерзімді
міндеттемелердің қай бөлігі өтеле алатындығын көрсетеді. Клсо-дан
айырмашылығы, бұл коэффициент мерзімді міндеттемелердің қай максималды
бөлігін өтей алатындығын бөлдіреді:
Кглсо=(ЛА+КВ-ОВ)СрОх 100%
Мұндағы: Кглсо- өтімділігтің бас коэффициент;
ЛА- өтімді активтер;
KB- капитал салымдары;

СрО- мезрімді міндеттемелер.
Мүмкін болатын мәні - 50%; критиқалық мәні - 25%.[9]
Өтімділіктің басқа да коэффициенттері 1-қосымшада келтірілген.
Өтімділік теориясы мен өтімділікті анықтау әдістерінің бүкіләлемдік
тәжірибесіне сүйене отырып, біз республикамыздың банктік жүйесінің дамуының
қазіргі жағдайына сәйкес келетін банктік өтімділік көрсеткіштерінің жүйесін
құрастырдық (№ 1- кесте).
Өтімділік Формула-сы Алымы Бөлімі Өтімділік
көрсеткіштеріні теориясына
ң негізделеді
атауы
Капиталдың Км 0,08 Меншікті капитал Тәуекел
жеткіліктігі Ат ескеріле отырып
коэффициенті, есептелген
(К) активтің жалпы
сомасы
Ағымдағы ӨАа02 Ағымдағы өтімді Ағымдағы Коммерциялық
өтімділік Ма активтер міндеттемелер ссудалар, орын
коэффициенті(ӨК алмасулар
а)
Лездік ЖАа Жоғары өтімді Талап етуге Коммерциялық
өтімділік Мл активтер дейінгі ссудалар, орын
коэффициенті, міндеттемелер алмасулар
(ӨКл)
Ұзақ мерзімді Сұм Ұзақ мерзімді Меншікті Күтілетін
өтімділік К+M ссудалар капитал+1 табыс,
коэффициенті, жылдан жоғары пассивтерді
(ӨКұм) мерзімдегі басқару
депозиттер
бойынша
міндеттемелер
Жалпы ӨА+ҚК Өтімді МіндеттемелердіАлмасулар және
өтімділіктің МС активтер+қорғалғаң жалпы сомасы пассивтерді
коэффициенті, н капитал басқару
(К жө)

Атауы
Базель келісіміА+Нба+Өбқ Ақша Активтердің Коммерциялық
бойынша Аж қаражаттары+банкажалпы сомасы ссудалар, орын
өтімділік ралық алмасулар
коэффициенті несиелер+өтімді
бағалы қағаздар
Активтердің ӨА Өтімді активтер Активтер Коммерциялық
қолма-қол А ссудалар, орын
ақшаға тез алмасулар
ауысу қабілеті
Сыртқы көздергеНба Банкаралық Міндеттемелер Коммерциялық
қол жетімділік М несиелер ссудалар, орын
алмасулар
Депозиттердің Дт Тұрақты Депозиттердің Пассивтерді
тұрақтылық Дж депозиттер жалпы сомасы басқару
деңгейі
№ 1- кесте. Банктік өтімділік көрсеткіштерінің жүйесі
Көрсеткіштердің мәні, мазмұны, құрамы, сонымен қатар, оларды қолдану
аясы жоғарыдағы кестеде берілген әдістеме бойынша банктің өтімділігін
талдауға болады.
Біздің құрастырған банктің өтімділігінің көрсеткіштер жүйесінің
ерекшелігі мен жаңалығы төмендегідей сипатталады:
1. Жүйенің жекелеген бөлек көрсеткіштері жүйелендіріліп, біздің банктік
жүйенің қазіргі жағдайына сәйкестендіріліп жасалған.
2. Көрсеткіштер жүйесі тек қана сандық емес, сонымен қатар, банктік
қызметтің сапалық жағдайын да сипаттайды. Өз кезегінде банктің
сапалық қызметі банктің өтімділгімен анықталады.
3. Жүйеге енгізілген көрсеткіштер ақпараттық базаға негізделген,
Қазақстанның банктік жүйесіне енгізіліп отырған баланстың және шоттар
жоспарларының жаңа нысандары бойынша анықталады.
4. Өтімділіктің жекелеген көрсеткіштерінің атаулары халықаралық
тәжірибедегідей атаулармен барабар, бірақ олардың мазмұны мен оларды
есептеу әдістемесі еліміздің банктік жүйесінің қазіргі жағдайына
лайықты етіп келтірілген. Мәселен, ресей әдістемесінде жоғары өтімді
активтерді анықтау үшін отыз күнге дейінгі мерзімге берілетін
несиелерді қосады, ал біздің әдістемеде біз оларды қоспаймыз. Себебі
біздің тәжірибемізде мұндай несиелер жиі пролонгацияға ұшырап,
мерзімінде қайтарылмай жатады, ал бұл өтімділіктің нақты сипатын
бұрмалауға және банктердің тұрақты жағдайына күмәндануға алып келеді.
Банктің қызметін оның өтімділігі тұрғысынан
талдау.
Банктің өтімділігін талдау процесінде төмендегідей шарттар қойылды:
- нақты өтімділікті анықтау;
- өтімділіктің нормативтерге сәйкестілігін анықтау;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бекітілген өтімділік
нормативтерінен нақты өтімділік нормативтер мәндерінің ауытқуына
әсер еткен факторларды анықтау.
Коммерциялық банктің өтімділігінң талдауы көпжақты зерттеу шартын талап
етеді. Бұл шартты орындау үшін банк қызметінің әр алуан жақтарын, оның
қаржылық жағдайын талдау қажет. Банктің қызметінің кешенді экономикалық
талдауын көрнекті түрде көрсету үшін төмендегі сызбаны ұсынып отырмыз( № 1-
сурет).
№ 1- сурет. Банктің өтімділігін кешенді зерттеудің бағыттары.
Банктің өтімділігін талдаудың негізгі мақсаттары:
- Банк өтімділігінің коэффициенттер жүйесінің есептеулерінің
дұрыстығы мен толықтығын растау;
- Банк өтімділігінің жағдайы туралы қорытындыларды құрастыру,
- Банк балансының өтімділігінің нашарлауын куәландыратын нақты және
болашақтағы жағымсыз үрдістерді (тенденцияларды) анықтау;
- Жағымсыз үрдістердің (тенденциялардың) пайда болуына алып келген
факторларды анықтау;
- Балансының өтімділігін тексеру мен талдаудың қорытындылары бойынша
банкке берілетін ұсыныстарды анықтау.
1.3 Өтімділікті басқару теориясы мен механизмі
Өтімділікті басқару теориясы коммерциялық банктерді ұйымдастырумен
бір уақытта дерлік пайда болған. Қазіргі уақытта 4 айрықша теорияны бөліп
көрсетеді:
- коммерциялық ссуда теориясы;
- орнын ауыстыру теориясы;
- күтілетін табыс теориясы (активтерді басқару теориясы);
- пассивтерді басқару теориясы.
Өтімділік жағдайын басқаруда екі үлкен бағытты көрсетуге болады.
Олалдың бірі - резервтерді үнемі бақылау саясаты. Олар банкті табыс
әкелетін қаражаттың болуына жол бермеуді білдіреді. Екіншісі, қарама-қарсы
- депозиттер көлемі өсу шыңына жеткенде талап етілетін міндетті резервтер
нормасын қанағаттандыруға жеткілікті деңгейде резервтерді ұдайы ұстап тұру
саясаты.
Көптеген банктер екеуара ортасын ұстанады. Барлық ірі банктер өз
қаражаттарын қатаң бақылауды ұстауды тиімді көрсе, кішірек банктер
операцияның жалпы пайдалылығын қамтамасыз етуде кассаны білікті басқаруды
енгізе алатын салымшыларды қабылдайды.
Өтімді қаражаттарға қажеттілікті жоспарлаудың бірінші мақсаты қолма-
қол ақшаларды басқару болып табылады, яғни міндетті резервтер деңгейін
ұстап тұру және банкноттар мен тиындардың қорымен қамтамасыз ету
клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті болады.
Банктің жұмыс істеу уақытында банк кассасындағы ақша сомасы көптеген
мәліметтер нәтижесінде ақшаның келуі мен кетуі шамасына байланысты үнемі
отыратындығын ескерсек, бұл мақсат қаншалықты қиын болса, соншалықты
маңызды болады. Егер касса табыс әкелмесе, банк басқармасының міндеті -
кассаны мүмкін болатын минималды деңгейде ұстап тұру болып табылады.
Қолма-қол ақшаларды басқару көптеген есептеулерді жүргізу мен Ұлттық
банкке есеп беруді қарастыру, соның ішінде кассадағы қолма-қол ақша
қаражаттары атты жылдық есеп беруді іске асыру керек.
Жоғарыда аталғандай, өтімділікті басқару теориясы коммерциялық
банктің ұйымдастырылуы мен дамуымен бір уақытта дерлік пайда болып, дамыды.
Бастапқыда банк өтімділігі мәселесінің екі теориялық бағыты болатын.
Бірінші бағыт банк активтерінің құрылымы мерзімі бойынша оның пассивтеріне
дәлме-дәл сәйкес келу керек дегенге негізделген, ал бұл коммерциялық
банктің өз өтімділігін басқарудың активтік саясатын жүргізу мүмкіндігінен
толықтай дерлік айырады. Осы теориялық негізде қаржылық талаптарының
мөлшері мен мерзімі оның міндеттемелерінің мөлшері мен мерзіміне сәйкес
келуі қажет деген банктің алтын ережесі қалыптасты.
Екінші бағыт баланс активтері мен пассивтері құрылымының шынайы
сәйкес келуіне негізделген, өйткені коммерциялық банк қаншалықты мықты
болмасын, әлеуметтік-экономиқалық жүйеде әрдайым болып тұратын экономиқалық
дағдарыстар, банкроттық, қарыздардың қайтпауы, баланстандырылмаған
нарықтық қатынастар сияқты қаржылық-несиелік апаттардан
сақтандырылмаған. Осындай жағдайлар көбінесе жоспарлы-орталықтандырылған
экономикадан нарықтық экономикаға ауысып жатқан мемлекетке тән.
Жоғарыда аталған дамудың әр кезеңдерінде пайда болатын қиындықтар,
сондай-ақ, әлеуметтік-экономиқалық жүйені қайта құру үрдістері банк
басқармасының өтімділіктің нақты деңгейін үнемі ұстап тұруды қажет етті.
Коммерциялық банктің тұрақты қызметінің базалық шартын қамтамасыз ету
өтімділіктің осы мәселесін баланс құрылымы арқылы, яғни коммерциялық банк
активтері мен пассивтерін басқару мүмкіндігі арқылы шешудің объективті
қажеттілігін тудырды.[8]
Әлеуметтік-экономиқалық жүйенің эволюциялық қайта қалыптасу үрдісіне
байланысты, өтімділікті басқарудың екінші бағыты коммерциялық банк
активтерін басқару теориясы және коммерциялық банктің пассивтерін басқару
теориясы тұрғысында ары қарай дамыды:
- активтерді басқару - активтерге деген күтілетін сұранысты
қамтамасыз ету үшін өтімді активтерді жинақтау;
- пассивтерді басқару - өтімділікке күтпеген қажеттілік туындайтындай
жағдай үшін нарықтан қаражаттар тарту. [9]
Коммерциялық банктің өтімділігін басқару бойынша күнделікті қызметі
клиент алдындағы міндеттемелерді орындау шартындағы банктің өзін-өзі үнемі
сақтап қалуына бағытталады. Ұйымдастырылу тұрғысынан алғанда ол нақты
көрсеткіштерге тіркелген баланстың актив және пассив баптарының жекелеген
топтарының қатынасын сақтауды білдіреді. Сондай-ақ көрсеткіштер сыртқы және
ішкі болып бөлінеді.
Сыртқы көрсеткіштерге Ұлттық банк орнатқан заңнамаға сай қойылатын
керсеткіштер жатады. Олар коммерциялық банк қызметін мемлекеттік басқару
нысанын білдіреді. Ішкі көрсеткіштер банктің қаржылық тұрақтылығын
қамтамасыз етуге қажетті жалпы пропорционалды білдіреді. Оның мәні,
кассалық есеп айырысу қызметін жүзеге асыратын банктер үшін -0,2. Бұл талап
еткенге дейінгі шоттар сомасына сай келетін активтердің 20%-ын өтімді
формада ұстау қажеттілігін көрсетеді. Бұл активтердің әр қайсьшының нақты
үлесін коммерциялық банк өзі анықтайды.
Көрсеткіштерді құруда және өтімділікті басқару қызметінде есепке
алынатын факторлар кешенін төрт негізгі топқа топтастыруға болады:
- банк клиенттері әрекетінің ерекшеліктеріне байланысты пайда болатын
астыртын және кездейсоқ факторлар;
- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мен өңдеуге қатысты маусымдық
факторлар;
- іскерлік белсенділік ауытқуын тудыратын циклдық факторлар;
- тұтынудағы, инвестициялық үрдістегі, ҒТП-нің дамуындағы
алға жылжулармен сипатталатын ұзақ мерзімді факторлар.
Бұл көрсеткіштер коммерциялық банк қызметінің сәйкес бағытталуын
қамтамасыз ететін өзіндік шектеулер ролін атқарады.
Басқарудың мақсаттық функциясы үрдіс мазмұнымен анықталады. Банк
коммерциялық ұйым болғандықтан, оның қызметінің түпкі мақсаты табыс алу
болып табылады. Сол арқылы нарық жағдайында қызмет ететін банк өзін-өзі
сақтауды қамтамасыз етеді.
Осы қызметті жүзеге асыру арнайы оперативтік-ақпараттық қамтамасыз
етуді талап етеді. Банк өзінде бар өтімді қаражаттар, күтілетін түсімдер
мен төлемдер туралы жедел ақпаратқа ие болуы қажет. Бұл ақпаратты сәйкес
кезеңдегі міндеттемелерге байланысты түсімдер мен төлемдердің графигі
түрінде көрсеткен жөн.
Жоғарыда аталған мақсатты функцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз
ететін банктік басқару механизмінің өзіндік ерекшеліктері бар.
Барлық коммерциялық ұйымдар сияқты, банктің табысын максималдау
түзімдерді ұлғайту мен шығындарды қысқарту арқылы жүзеге асырады.
Бірақ банктің бұл көрсеткіштері банк жалпы айналымын емес тек пайданы
қалыптастыруға және пайдалануға қажетті бөлігін ғана қосады.
Айналымның негізгі әлементі - қарыз беру және өтеу - қарыздық құн
қозғалысының заңына сәйкес реттеледі. Банктің жиынтық табысының көлемі
қарызға берілген қаражат мөлшері мен оның бағасына тәуелді, яғни пайыз
мөлшерлемесіне тәуелді болады. Осы факторлардың әр қайсысының әсері нарық
конъюнктурасының әсер етуінен басқа, өтімділікті қамтамасыз етудің арнайы
талаптарына байланысты.
Коммерциялық банктің несие салымдарының шамасы меншік және тартылған
қаражаттар көлемімен анықталады. Бірақ, банк қызметін реттеу қағидаларына
сәйкес, бұл қаражаттардың сомасының барлығын несиелеуге қолдануға болмайды.
Сондықтан, банк міндеті несиелік салымдарды жүзеге асыруға бағытталатын
ресурстың тиімді көлемін анықтау болып табылады.
Осы көлемді анықтау үшін мына формула ұсынылады:
КРэ=УФ+Осс+Д+Ор+Опр-НА-0,15(Д+Ор)-0 ,2Ор
Мұндағы: КРэ - тиімді несиелік ресурстар;
УФ - жарғылық қор;
Осс - банктің меншік қаражаттарының қалдығы;
Д - депозиттер;
Ор - клиенттің банктегі есеп айырысу және бақа да шоттарындағы
қалдықтар;
Опр - басқа да тартылған қаражаттар;
НА - банктің өтімділігі төмен активтерге салынған ресурстары. Осы
формулаға сәйкес, тиімді ресурс көлемі банк балансындағы пассивтің жалпы
сомасы мен міндетті резервтерге (депозит қалдығынан 15% -0,5(Д+Ор)
жіберілген және қарыз беру үшін қолданылмайтын (О,20р) өтімді активтерге
орналастырылған тартылған қаражаттар қалдығы арасындағы айырма ретінде
анықталады. Бос ресурстар көлемі (КРс), сондай-ақ ресурстардың
жетіспеушілігі (КРд) тиімді ресурстар сомасы мен банктің фактілік несие
салымдары (КВф) арасындағы айырма ретінде анықталады:
КРс(КРд)=КРэ-КВф
Банк несиелерінің пайыз мөлшерлемесі ақша нарығындағы ауытқуларға
байланысты анықталады: ақшаға сұраныс пен ұсыныс арақатынасының өзгеруі.
Коммерциялық банк беретін несие бағасы базалық пайыз мөлшерлемесінің
деңгейі мен пайыздық маржа мөлшерін білдіреді.
Базалық пайыз мөлшерлемесі коммерциялық банктің пассивтік
операциялары байынша төленетін пайыздар шамасына сәйкес қалыптасады.
Жалпы базалық пайыз мөлшерлемесі аналитиқалық бағытта болады және
несиелік ұсыныстар пакетін бағалау үшін қолданылады. Нақты қарыз беру
мәселесін шешкенде несиенің базалық бағасы (БЦк) көрсеткішін қолдану
керек. Ол уақыт факторын - қарызды пайдалану кезеңін (Т) есепке ала отырып
белгіленеді. Табыс сомасын есептеу әдістемесінің негізінде бакнтің меншік
капиталына тиісілі пайда көлемі жатыр; егер банк акционерлік нысанда
құрылған болса - дивиденд. Оның деңгейі пассив операциялары бойынша базалық
пайыз мөлшерлемесінен төмен болмауы керек. Себебі, бұл жағдайда банк
шығарған бағалы қағаздардың нарықтық бағасы номиналды бағадан төмен болады.
Негізгі капиталдың бұлай құнсыздануы банктің іскерлік беделін төмендетеді
және жалпы өтімділік жағдайының нашарлауы ретінде қабылданады. Меншік
капиталына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz