Азаматтық қоғам туралы ақпарат


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны :

КІРІСПЕ. . 3

1. Азаматтық қоғам түсінігі

1. 1. Азаматтық қоғам, мазмұны, түсінігі. 5

1. 2. Азаматтық қоғамдағы азаматтықтың жалпы мәселесі. . . . . 9

2. Азаматтық қоғамдағы мемлекет және билік мәселелері

2. 1. Мемлекет және азаматтық қоғам . . . . . . 15

2. 2. Азаматтық қоғам және билік . . . . . . 28

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . 25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . 26

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреуі оны буржуазиялық қоғамның желісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстарады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада қашан болмасын болған дейді.

Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болды. Аристотель еңбектерінің өзінде азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлері кездеседі. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды.

Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени - рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына өте-мөте шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері тексереді [1] .

Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар, азаматтардың өндірістік немесе жеке өмірі, олардың әдет ғұрып, салттары кіреді.

Азаматтық қоғамда адамдардың экономикалық, саяси және рухани өмірінің түрін еркін таңдауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады.

Біздің жас еліміздің кешегісі мен келешегінің арасындағы байланысты мынадай қарапайым тұжырым бейнелей алады: тиімді экономика, либералдық қоғам, ұлттық қауіпсіздік.

Жиырмасыншы ғасырдың соңындағы басты саяси тағылым демократияландыру қағидасының ортақтығында жатыр. Біздің демократияға беттеген қозғалысымыз әмбебап заңдылықтарға бағына отырып, бірнеше мәселелерді шешуі керек. Бірінші, барлығы заңдарға сүйеніп өмір сүретін нақты құқықтық мемлекет құру. Екінші, демократия дегеніміз, қанша маңызды әрі бағалы екеніне қарамастан, саяси бостандық қана емес. Үшінші, саяси жүйені ырықтандырған кезде біз аймақтағы халықаралық экстремизм қысымының ұлғайып келе жатқанын, халықтын аса күрделі ұлттық және мәдени-діни құрамын ұдайы есте ұстауымыз керек.

Тақырыптың зерттелу деңгейі . Бұл тақырыптың зерттелу деңгейі ТМД елдерінде өте жоғары деп айтсақ болады, атап айтар болсақ Ресей, Қазақстан елдері. Соңғы кездері Ресейде «Азаматтық қоғам» мәселесіне қатты көңіл бөлінуде: оның пайда болуы, дамуы, орнауы.

Қазақстанда бұл мәселе өте терең зерттелуде. 2006 жылы Қазақстанда «Азаматтық қоғам концепциясы» қабылданды. Бұл бағдарлама 2006-2011 жылдарға арналған. Мұндағы басымдылық Үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) берілген. Бұл тақырыптың зерттелуіне елеулі үлес қосқан Абай атындағы педагогикалық университеттің оқытушысы С. Мұсатаев. Ол мәселеге байланысты диссертациялық жұмыс қозғады. Оның пікірінше, Қазақстанды демократияландыруды одан әрі тереңдету ісі азаматтық қоғам институттарын дамытумен де тікелей байланысты. Ал азаматтық қоғам институтттарын дамыту мен ынталандырудың бірден бір жолы - билік тарапынан оларға деген сенімнің нығаюы, әлеуметтік әріптестіктің дұрыс жолға қойылуы.

Зерттеудің мақсаты. Қазіргі кездегі бұл мәселеге Батыс елдерінің де көп мән беріп жатқанын байқауға болады. Азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты анықтау.

Зерттедің мақсатынан туындайтын міндеттері:

  • Азаматтық қоғам түсінігі, мазмұны;
  • азаматтық қоғамдағы азаматтық мәселесі;
  • мемлекет пен билік мәселелері;
  • мемлекет және азаматтық қоғам;
  • мемлекет және билік.

Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспеде азаматтық қоғам туралы алғашқы ойлар айтылады. Ал негізгі бөлімінде азаматтық қоғамның жалпы мәселелері қарастырылады. Қорытында бөлімінде тақырыпқа қысқаша шолу беріліп, қортындыланады. Курстық жұмыс көлемі 33 беттен тұрады.

1 Азаматтық қоғам, түсінігі

1. 1. Азаматтық қоғам, мазмұны, түсінігі

Адамның тіршілік болмастағы жағдайларын, тұлғалар мен әлеуметтік топтардың алуан түрлі қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастың, формалды және формалды емес те құрылымдарының жиынтығы.

Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде бір азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды. Өзінің «Саясат» және «Этика» еңбектерінде Аристотель мемлекеттік институттармен қатар, қоғамдағы алғашқы мемлекеттік емес құрылымдар: отбасы, шаруашылық бірлестіктер, мәдени-рухани топтар және т. б. құрылымдарды сараптады. Осы тұрғыдан алып қарағанда Аристотельдің азаматтық қоғам яғни «cocietas civilis» туралы ойлары әлі күнге дейін белсенді болып келеді. Оның шарттары: белгілі бір азаматтың тұлғалық түрі, жеке меншік құқық, индивидуалды отбасы, аөаматтардың мемлекеттен өз мүдделерін қорғауы мақсатында құрылған ұйымдар [2] .

Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар Т. Гоббс, Ж. Ж. Руссо, Т. Пейн және т. б. . Дегенмен, азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауды ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлсафашысы Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды корпорацияларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өміршеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде [3] .
Азаматтық қоғам жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына өте -мөте шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері тексереді.

Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар, азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, олардың әдет-ғұрып, салттары кіреді.

Азаматтық қоғамда адамдардың экономикалық, саяси және рухани өмірінің түрін еркін таңдауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады [4] .

Адамның жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды.

Азаматтық қоғам экономикасының негізі-әр түрлі меншіктегі көп укладты экономика. Бұл қоғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны өз қолдауына сай пайдалана алады. Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке, тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады.

Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық істерге еркін қатынасуына жағдай жасайды. Мұндай қоғамды адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай төмендегідей азаматтық қүқықтары жүзеге асырылады:

  • ұлттық-экономикалық, саяси, діни, жастық, жыныстық белгілері бойынша қандай да болсын алалаушылыққа жол берілмейді;
  • жеке тұлғамен азаматтық абыройы саналатын пәтер үйі мен мүлкі, мамандық таңдау еркіндігі тұратын мекенін анықтау, ел - жұртқа иліп кету, хатта жазылған және телефонмен сөйлеген сөз құпиялығы, сөзі, баспасөз және хабарлама бостандығы заң жүзінде сенімді қорғалады;
  • адам өзінің көз қарасымен рухани мүдделерінін өзі шешеді;
  • азаматтық құқықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар жағынан толық қорғалады;

Азаматтық қоғам материалдық, мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады.

Құқықтық мемлекет деп - демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәріде тең саналатын, жеке адамның құқығы жан - жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады. Заң үстемдігінің мызғымастығына елдің конституциясына бекітіліп, басқа заңдар мен ережелік актілерге таралады. Заңдар халықтың еркін білдіреді және оны барлық адамдар, мемлекеттік органдар мен азаматтар екі жақты өз ара жауаптылықты болады. Билік шын мәнінде бөлінеді, олардың міндеттері мен қызметтеріне шек қойылады. Өзара бақылау қамтамасыз етіледі. Мында бір топтың, партияның, топтың, идеологияның үстемдігіне жол берілмейді. Адам құқығы биік дәрежеде сақталады. Барлық азаматтар шын мәнінде мемлекеттік және қоғамдық істерде қатыса алады.

Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептері қандай - бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымғы еңгізген адам Адам Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама берген -- Гегель. Дүниежүзілік ғылыми, саяси қайраткерлердің ойшылдардың айтуынша қоғам санасы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің негізгі себебі адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес. Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі және қоғамның мүддесі.

Қоғам осы екі мүдде мақсатты біріктіріп, дамытып отырады. Осы обьективтік даму процесінде адамның озара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке адамның қолынан келмейтін, әрі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншілік туды. К. Маркс қысқаша: «Қоғам - адамның өзара еңбек жасауының одағы», - дейді [5] .

Қоғамдық мүдде, мақсат, қоғамдық тілек уақытша емес, түпкілікті, нақты обьективтік мағынада қалыптасуы керек. Сонда ғана қоғамның жақсы дамуына, нығаюға, мүмкіншілігі болады. Себебі қоғам саналы адамның ерікті түрде қалыптасқан одағы. Егер бұл одақ, бұл бірлік еріксіз, озбырлық түрде ұйымдастырылса, ондай қоғам нәтижесіз тез тарқап кетер еді. Адам қоғамның бірінші клеткасы. Қоғам адамның күрделі әлеуметтік бірлестігі. Бұл бірлестік бұл қоғам дұрыс, жақсы даму үшін оның ішіндегі қарым-қатынастарды реттеп, басқару керек болды. Оны қоғамның обьективтік даму процесінің заңдарына сүйене отырып, адамдар өздері әлеуметтік нормалар арқылы реттеп, басқарып олтырады. Сондықтан мемлекет пен құқық пайда болды. «Адамдар өз тарихын өздері жасайды, - деп жазды Маркс, -бірақ олар оны өз қалауынша жасай алмайды, қолындағы барды, бұрынғыдан қалған мұраны қолдануға мәжбүр болады.

Қоғамның тарихи обьективтік қалыптасқан негізгі белгілері:

  • Саналы адамдардың ерікті түрде бірлесіп одақ құруы;
  • Қоғамдық түпкілікті, нақты, обьективтік мүдде мақсатының қалыптасуы;
  • Адамдардың өзара ынтымақтастығының, бірлігінің қалыптасуы ;
  • Қоғамдық мүдде-мақсат, тілек арқылы қарым-қатынастарды реттеп басқару;
  • Қоғамды басқаратын, қоғамдық тәртіпті қорғайтын аппараттың, мемлекеттік биліктің өмірге келуі [6] .

Қоғам-саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы түрде өзара бірігуі. Мұнда міндетті түрде екі шартты элемент бар: мүдде мақсаттың қалыптасуы және саналы адамдардың саналы түрде бірігуі.

Адамның обьективтік тарихи даму процесіне және күнделікті қарым-қатынасында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық қоғам әлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам, т. б. . Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғам. Қоғамның басқа түрлері тез құрылып, тең тарап жатады. Олардың өмірі, іс-әрекетінің шеңбері, кеңістігі көп өпкеге жайылмайды, уақыты көпке созылмайды.

Азаматтық қоғам-мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыт шектелмейді, өлкеге-аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді

Азаматтық қоғам - мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері. Кеңестік мейлінше мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің арақатынасын тәуелсіз-дербестікте дамыту Республика Конституциясы Қазақстандағы азаматтық қоғамның барлық даму сатыларын мемлекетке бағындырмастан әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайды. Оған: тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті, адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенін, отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғалуын, идеологиялық және саяси әр алуандықты және т. б. жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық-азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болды.

Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде мақсаты.

Құқықтық мемлекеттілік азаматтық қоғаммен табиғи байланысқан, ол онсыз қалыптасып, қызмет етіп өркендей алмайды. Азаматтық қоғам-құқықтық мемлекетінің маңызды компоненттері пайда болып, бекіп, өзінің тіршілікке қабілеттігі мен өміршендігін көрсететін, жетімдіретін және олар үшін өзіндік бір «тіршілік ету ортасы» болып табылатын, оларға қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасайтын айқын әлеуметтік-әэкономикалық қондырма. Құқықтық мемлекет құрудағы табыстар, бұл процестің өрісі мен қарқыны оның оң және теріс нәтижелерінің ара өқатынасы азаматтыққа дейінгі қоғамның азаматтық қоғамға айналу дәрежесіне тура пропорционал тәуелді болып табылады. Құқықтық мемлекеттің қырылуы мен дамуы өз кезегінде азаматтық қоғамның нығаюы мен жетілуін жеңілдетеді және құқықтық емес мемлекеттің құқықтық мемлекетке ауысу процесі біріншісінен екіншісіне айналуы неғұрлым кең өріс алса, азаматтық қоғамға тірек болатын және оған қызмет көрсететін тіректер мен құрылғылар соғұрлым сенімдірек, мықтырақ болады [7] .

Басқаша айтқанда, қоғамдық өмірдің аталған екі құбылысының (құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам) арасында өзара келіспеушілік пен өзара іс-қимыл нысанында екі жақты тәуелділік бар: іс жүзінде олардың біреуі екіншісінсіз тіршілік ете алмайды; олардың қызмет етуінің нәтижесі бір-бірімен тығыз байланысты және олардың әр қайсысына тікелей әсер етеді.

Азаматтық қоғам әдетте, жеке меншіктің және нарықтық қатынастардың, орта татағы меншік иелерінің рөлінің арта түсуімен бәсекелестік, шұғылдық, парасатты есептей білу негізіндегі шаруашылық және коммерциялық табыстарға қол жеткізілуімен сипатталады. Әлеуметтік толысудың белгілі бір деңгейіне жеткен соң азаматтық қоғам мемлекеттің диктатын өзіне дарытпайтын жағдайдав болады, онымен тең және белгілі бір тепе-теңдік орнатып, үйлесімді қатынастар мен өзара әрекеттестікті қалыпына келтіреді. Азаматтық қоғамның одан әрі жетілдіруіне қарай онда мемлекетпен, социумдарымен, жеке тұлғалармен байланыстары жаң деңгейге көтеріледі, олардың біреуінің екіншісінен шектен тыс басымдығы болмайды. Қоғамда пайда болған жанжалдар, қарама-қайшылықтар және шиеленістер жария құралдарымен, зорлықсыз, басып-жаншусыз, революциясыз шешіледі. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам бір-біріне жақын болғанымен әр түрлі мәселелерді тікелей шешеді. Егер мемлекет өзінің конституциялық және заң актілерінде жеке адамның құқықтық мәртебесін баянды ететін болса, онда азаматтық қоғам оны жоғары әлеуметтік мәртебемен қамтамасыз етеді. Мәртебенің бұл екі түрі жеке адамның өмір тіршілігінің әр түрлі жақтарына акцент береді, бірін-бірі толтыра отырып, оған өзінің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Әлеуметтік мәртебе материалдық, ұйымдастырушылық-техникалық мүмкіндіктерді, сондай-ақ әрбір қоғамға тән таптық-топтық, ұлттық-этникалық, социумдық байланыстар мен қатынастардың артықшылықтарын анықтайды. Қоғам бұл мүмкіндіктер мен артықшылықтарға өзінің мүшелерін араластырады. Қоғамның қарамағында мұндай мүмкіндіктер мен артықшылықтар неғұрлым көп болса, азаматтар оны соғұрлым толығырақ пайдалана алады. Олар құқықтық мәртебенің мазмұның құрайтын мүмкіндікті нығайтады. Олар болмаса құқықтық мәртебенің жүзеге асырылуы кемиді.

Мемлекет пен қоғам пайдаланатын жауаптылық институтының ара-қатынасы да ұқсас. Құқық тәртібін бұзушыларды мемлекет заңдық жауапкершілікке тартады, ал құқықтық емес бұзушылықтар қоғамдық-моральдық ықпал ету шараларын қапданумен шектеледі. Мұндайда жауаптылықтың көрсетілген институттары үйлесімділік пен өзара толықтыру жағдайында қолданылады [8] .

Азаматтық қоғам өзінің сипаттама, табиғаты мен негізгі сапасына қарай-атап айтқанда бостандық пен әділеттілікке қол жеткізуді көздегеніне, демократия мен адамгершілік қарым-қатынасының орныққанына қарай-құқықтық мемлекеттің принциптерін нығайтуды жеңілдетедң, ол тіпті соларға бейімделген сияқты да. Бұл нақтылы неден көрінеді? Үш факторды атап өтелік :

Қоғамдық пікірде құқықтың жоғары имиджі, заң институттары, принциптері мен нормаларының беделі мен шүбәсіздігі негізделіп, таратылады;

Құқық талаптарын елемеу және бұзу қалыпты емес деп бағаланатын жағдай туғызады, олар көпшілік мойындаған әлеуметтік тәртіпке сыйыспайды;

Қоғам құқықты игерудің өзін заң механизмдерімен толықтырушы белгілі бір әлеуметтік және рухани механизмдерін дайындап шығарады, -олардың қатарына азаматтық қоғам жағдайында адамдарда қалыптасатын жеке адамға тән адамгершілік парыз, азаматтылық сезімі, өзіне талап қоя білушілік, өзін-өзі тәртіпке кептіру әділетсіздікпен шырасыздық әлеуметтік белсенділік сияқты қасиеттерді жатқызуға болады.

Осылайша азаматтық қоғамды қалыптастыру және құқықтық мемлекет құру процестері бірін-бірі итермелеп, бірі үшін екіншісі өзара қолайлы жағдайлар мен алғы шарттар туғызады. Бұл процестің екеуі де жалпы және тұтасынан алғанда қатар жүреді, ал нақты өмірде олардың біреуі бір көздері біреуінен озып кетуі немесе қалып қоюы мүмкін. Бірақ, аталған процестердің өтуінің оқтын - оқтын бұзылатын «синкрондығы» кейін қоғамдық дамудың барысымен қалпына келтіріледі.

Азаматтыққа дейінгі қоғамның азаматтық және этатистік мемлекеттің құқықтық мемлекетке айналуын бір сәттік немесе бір реттік шара ретінде қарауға болмайдынтығын атап өту маңызды. Бұл дамудың тұтас бір бөлігін қамтитын және ұзақ уақытқа созылатын күрделі әлеуметтік-экономикалық, саяси, мемлекеттік, -құқықтық және рухани процестер.

Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшілік азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқымызды негізге ала отырып, ос конституцияны қабылдаймыз

Конституция жеке адам қоғам және мемлекет үшін өмірлік маңызы және ең жоғары әлеуметтік мәні бар құқықтар мен бостандықтарды баянды етеді. Олар әр еркін жеке тұлғаның ар-намысын қамтамасыз етудің алғы шарты болады. Олар азаматқа қоғам мүшесі ретінде сол қоғамды басқаруға, жаңғыртуға қатысу үшін қажет. Олар адамның материалдық және рухани қажеттігін қанағаттандыру үшін экономиканың және әлеуметтік жағдайлар туғызады.

Азаматтық қоғам ғылыми тұрғыдан өте аз зерттелген, ол туралы қомақты бірде ғылыми еңбек жоқ. Адам қоғамының қалыптасқанына 1, 5 млн жыл өтті, ал мемлекеттің өмірге келгеніне 6 мың жыл ғана болды. Азматтық қоғам туралы ой пікірлер көне дәуірде де болды.

Азаматтық қоғамның құрылымы: қоғамды өзінің табиғи мүдде мақсаттарына сәйкес құрушы, реттеп, басқарушы адам. Адам қоғам құрылымның негізгі элементідіңгегі. Адамның бірлестіктері, ұйымдары, одақтары, еңбек ұжымдары, саяси партиялары, мемлекет олардың арақатынасы-азаматтық қоғамның элементтері.

Қазіргі Қазақстанның азаматтық қоғамын 5 жүйеге бөлуге болады: әлеуметтік, саяси экономикалық, рухани-мәдени және ақпараттық жүйелер.

Әлеуметтік жүйе-обьективтік тұрғыдан қалыптасқан адамның бірлестіктері, ұйымдары, одақтары т. б. олардың өзара байланысы. Бұл жүйе азаматтық қоғамның ең негізгі ұйымдастырушы жүйесі, өзі үш топқа бөлінеді.

1-тобы: қоғамның үзіліссіз өмір сүру негізін жасаушы, дамытушы топ: отбасы, бала тәрбиелеу, табиғи өмірді жалғастыру;

2 -тобы: адамның өзара бір-бірімен байланысы, қатынасы.

3-тобы: қоғамның ұйымның, таптардың, топтардың, ұлттардың арақатынастары.

Экономикалық жүйе -қоғамдағы меншіктің түрлері, өндіруші күш пен өндірістік қатынастар, материалдық кірісті әділ бөлуді қалыптастыру.

Саяси жүйе -мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер және жеке адамдар, депутаттар т. б. олардың өзара қатынастары.

Рухани-мәдени жүйесі -осы бағыттағы мемлекеттік, қоғамдық органдар мен ұйымдар, олардың арақатынастары. Бұл жүйенің негізгі бағыттары: білім, мәдениет, рухани сана сезім, дін, адамның денсаулығы.

Ақпараттық жүйе-осы ақпараттың бағыттағы барлық ұйымдар, бірлестіктер, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, олардың жұмыстары мен арақатынастары.

1. 2 Азаматтық қоғамдағы азаматтықтың жалпы мәселесі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси партиялардың алуан түрлілігі
Азаматтық қоғамның теориялық-әдістемелік негіздері
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам
Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы
Азаматтық қоғам түсінігі мен оның қызметі
Рента шартының шарттардың бір түрі ретіндегі құқықтық аспектілері
Азаматтық қоғамның негіздері және компоненттері
Сөз, наным және оларды еркін білдіру құқығы
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы
Қоғамның құқықтық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz