1837-1847 жж. кенесары ханның басшылығымен болған көтеріліс


1837-1847 жж. Кенесары ханның басшылығымен болған көтеріліс
ХІХ ғ. алғашқы ширегінде патша үкіметі Қазақстанға әкімшіліксаяси жаналықтар еңгізуге кірісті. Оның Ресей империясы құрамына әлі де кіре қоймаған өлке аудандарын өзіне қосып алмақ мақсаты болды. 1822 ж. Сібір қазақтары туралы Устав далалық аудандарды басқару құрылымын түбірінен өзгертіп жіберді. Енді басқарудың округтік жүйесі енгізілді, ол бойынша қазақ қоғамы, округке, болысқа, ауылға бөлінді. Төменгі әкімшілік бірлестігі ретінде ауыл өз құрамына 50-ден 70-ке дейінгі үйлерді біріктірді осындай 10-12 ауылдан болыс құрылды, 10-15 болыстан округ қалыптасты. Бұлардың белгілі бір территориялары болды. Әкімшілік билігін үкімет сақтап қалған аға сұлтандар негізінен алғанда сол үкімет позициясының нығайтылуын қамтамасыз етуге тиісті еді. Болыстардың басында 12-разрядты шенеуніктерге теңестірілген болыстық сұлтандар, ауылдардың басында өздерінің құқы жөнінен селолық старостаға теңестірілген ауыл ағамандары тұрды. Билер сотын енгізуден олардың неғұрлым шексіз құқықтары алынып тастала бастады.
Қарқаралы (бұрынғы Бөкей ханның иелігіндегі) және Көкшетау (бұрынғы Уәли ханның иелігіндегі) округтерін құру патша өкіметінің Орта және Ұлы жүздердің түйіскен тұсындағы қазақ жерлерін бірте-бірте басып алуын бастап берді. Қазақтардың дәстүрлі көшіп-қонатын жерлері тарылды, жері құнарлы аудандарға казактарды жаңадан қоныстандыру өріс алған. Абылай хан ұрпақтарының төңірегіне топтасқан қазақ халқының наразылығы арта түсті. Шыңғыс әулеттерінің бірі Ғұбайдулла сұлтанды патша үкіметінің жазалаушы отряды ұстап алып, Березовкаға жер аударып жіберді. Сол сібірлік бұғаудан ол тек 1840 ж. қараша айында соның өзінде Кенесары сұлтанның табандылықпен талап етуі арқасында ғана қайта оралды.
Қасым төренің ұлы Саржан сұлтан дара-дара жасақтарды біріктіріп, қазақ жерін отарлау саясатына қарсы көтерілді. Патшаның жазалаушы отрядтары ығыстырған Саржан сұлтан өзінің жолын қуушылармен бірге Қоқанд хандығына көшіп кетті. Саржан осында 1836 ж. Қоқанд басқарушысының нұсқауы бойынша жауыздықпен өлтірілді. 1840 ж. Кенесарының әкесі Қасым төре мен оның басқа да жақындары қаза тапты. Патша үкіметінің отаршылдық мақсатниетіне қарсы өзінің күресінде Қоқанд бектерінің қолдауына сенім артқан Қасым сұлтанның үміті ақталмады. Алайда, стихиялық, ұйымдаспаған сипатына қарамастан Қасым сұлтан мен оның балаларының күресі отаршылдыққа қарсы күштердің Кенесары сұлтанның, кейінен Кенесары ханның қолбасшылығымен (1802-1847 жж. ) тағы да бірігіп, нығайуында зор маңыз атқарды.
Кенесары Қасымов тарих сахнасына Абылай ханның ісін жалғастырушы ірі тұлға ретінде қадам басты. Ал ол кездегі жағдайға келсек, патша әскерлерінің бастырмалатқан әрекеттер салдарынан, Сібір және Орынбор қазақтары туралы 1822-1824 жж. уставтар қабылданғанына қарамай, саяси оқшауланушылығын әлі де сақтап келе жатқан Қазақстан аудандарының тәуелсіздігіне қатер төнген болатын. Сондықтан көтеріліс шығарушы сұлтанның басты мақсаты Қазақстанның Абылай хан тұсындағы территориялық шептерінің тұтастығын қалпына келтіруге, “жинақтарды” жоюға (оның хаттарында ХІХ ғ. 20-30 жылдарында Қазақстанда құрылған округтердің көрсетілгеніндей), Ресей құрамына кірмеген жерлердің толық дербестігін сақтауғы құрылды.
“Бүлікші сұлтанның” негізгі талаптары император Николай І-ге, Орынбор губернаторлы В. А. Петровскийге, В. А. Обручевке, Сібір губернаторы, кінәз В. Д. Горчаковқа, Орынбор шекаралық комиссияның төрағасы А. Ф. Генске және басқаларға жолдаған көптеген хаттарында нақты айқындалған. Ғұбайдулла сұлтан да, оның ағасы Саржан да М. Красовскийдің пікірі бойынша “ақылы жағынан өзінің атасынан (Абылайда) кес түссе де, мінезінің жігерлігімен онан да және өз әкесінен де (Қасым төреден) асып түсіп, бүкіл далаға әйгілі боған” Кенесары Қасымовпен олар бір қатарда тұра алмайды.
“Епті, өзіндік ерекшелігі бар саясатшы” Кенесары Қасымов сұлтан Ресей сияқты аса қуатты ірі мемлекетпен күресу қазақтың үш жүзінің, күштерін біріктіруді, едәуір құрбандықтарды, тек әскери ғана емес, сонымен бірге дипломатиялық күш-жігерді де талап ететінін ой таразынан өткерді. Ол халық қозғалысынан бөлектенген жекеленген сұлтандардың, ағамандардың, билердің өз еркімен кетушілігін қатал басып-жаншыды. Ресей саясатын қолдаушыларды аяусыз жазалады, бірақ жолмен шешудің жақтаушысы күйінде қалды. Соғыс тұтқындарына, соның ішінде кейбіреулері өзінде қызмет еткен орыстарға қиянат жасамай шыдамдылықпен қарады. Ресей елші уәкілдерін әдепті қабылдады. Тіпті оның мінезінен қызғыздармен қарсыластық кезеңінде көрінгені болмаса оншалықты қаталдық байқалмаған. Ал көтіріліс мүддесіне сатқындық жасап, әскери тәртіпті бұзғандарға ашу-ызасының буырқануы аз болмағанды. Мұны, атап айтқанда, осы қозғалысқа белсене қатысқан ақын, сарбаз Нысанбайдың “Кенесары - Наурызбай” дастаны дәлелдейді.
Кенесары барлық әдіс-амалдарымен феодалдық топтарды, үш жүздің ру-тайпалық бөлімдерін біріктіруге, бұл мақсатына тіпті азаттық күресінің 1844-1845 жж. ең бір шарықтаған шағында да қол жеткізе алмағанымен, барынша тырысып бақты. Көтерілістің бастапқы кезінен-ақ қазақ ақсүйектері бір-бірлеріне қарсы күресуші екі лагерьге бөлінді: үкімет әлпештеген бөлігі отарлаушы әкімшіліктің қолдауына сүйеніп, өздерінің саяси қарсыластарын күйретуге күш салды. Кенесарының ымыраға келмейтін қарсыластары Ақмола округінің аға сұлтаны Қонырқұлжа Құдаймендин, Кіші жүздің басқарушы сұлтандары Ахмед пен Мұхамед Жантөриндер, сұлтаны Айшуақов болды. Кенесары Жетісуға асқаннан кейін көтеріліске байланысты ымырасыздық позицияға Абылай ханның ұлдары, азаттық күресінің жетекшісі өзінің туысқандары - Әли мен Сүйік те ұстанды.
Бірақ қалай деген де Кенесары Қасымов өзінің туы астына үш жүздегі қазақ руларының едәуір бөлігін топтастыра алды. Кей кездері оның сарбаздарының саны 20 мың адамға дейін жетті. Арасында Орта жүз өкілдері басым болған қазақ сұлтандарының үлкен бөлігі көтеріліске қосылды. Омск облыстық басқармасына қарасты сот-жазалау мекемелері жинастырған мәліметтер бойынша тек Құсмұрын, Көкшетау, Ақмола, Қарқаралы және Баянауыл округтерінде ғана көтерілісшілерді 80-нен астам сұлтандар, билер, ағамандар қолдаған. Жасы 23-ке келген шағынан бастап азаттық қозғалысына белсенділікпен қатыса, жүріп, ағалары мен әкесін қазаға ұшыраттырған бекініс желілерінің апаттылығына көзі жеткен Кенесары Сырдария сағасы қазақтарын ығыстыра қыспаққа алған Қоқандтың Күшбегімен келісөз жүргізуден бас тартты. Сөйте тұра кейде өзін оқ-дәрімен, қару-жарақпен жабдықтаған Бұхар Әмірімен достық қарым-қатынаста болды.
Қазақтардың бұл көтерілісі бастапқы кезінен-ақ кең құлаш жайған қарқын алды. Бұл ХVІІІ ғ. Соңы мен ХІХ ғ. -дағы азаттық жолындағы қозғалыстар тарихындағы Орта жүздің ру-тайпалық бірлестігінен басқа қазақ руларына тараған, барлық негізгі аудандарды қамтыған бірден-бір көтеріліс еді. Оған Кіші жүзден шекті, тама, табын, алшын, шөмекей, жаппаса және басқа, Ұлы жүзден - үйсін, дулат және басқа рулар қатысты.
Көтерілістің қозғаушы күші шаруалары болды. Саяси тәуелсіздікті қалпына келтіру жолындағы күреске қатардағы егінші де, ағамандар да, сұлтандар да ат салысты. Қазақ жерін әскери отарлауға. Қоқанд бектерінің озбырлығына қарсы жалпыхалықтық күрес, бұл қозғалысқа азаттық жолындағы күрес сипатын берді. Рас, Кенесарына қолдауда билердің, ағамандардың, сұлтандардың бәрі бірдей бір мақсатты болған жоқ: орын ауыстыруға, негізгі күштердің өзге аудандарға өтуіне байланысты руластық белгілері бойынша құралған кейбір жасақтар көтерілісшілерден бөлініп қалып отырды. Жасақтардың жетекшілері Ағыбай, Иман (Амангелді Имановтың атасы), Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жеке, Сұраншы, Бәйсейіт, Жоламан Тіленшиев, Бұқарбай және басқалар сияқты әйгілі халық батырлары болды. Көтеріліске қатысқандар арасынан орыстар, өзбектер, қырғыздар, поляктер және басқа ұлт өкілдері кездесті.
Кенесары соғыс қимылдарын 1838 ж. көктемінде Ақмола бекінісін қоршап, өртеуден бастады. Бекіністің комендаты, әскер старшинасы Қарбышев пен Ақмола округінің аға сұлмтаны, полковник Қонырқұлжа Құдаймендин өртелген бекіністен әрең дегенде қашып шыға алды. Көп кешікпей көтерілісшілер Торғай айданына қарай ойысты. Орынбор шенеуніктеріне жазған хаттарында Кенесары өзінің бұл кадамын Орынборға жақынырақ келіп қоныстап, келісөздер жүргізумді жеңілдету үшін жасадым деп түсіндереді. Ал іс жүзінде сұлтан көтерілісті Ресеймен тікелей жанасып жатқан 1836-1838 жж. Исатай Таймановтың басшалығымен көтеріліс болған Кіші жүз жеріне таратуды мақсат тұтты. Жоламан Тіленшиев батыр бастаған төртқаралықтар, шөмекейлер, табындықтар және басқа рулар көтерілісшілерге келіп қосылды. Сөйтіп, қозғалыс Кіші жүзді де қамтыды. Күткендегідей, келісөздерден ешқандай нәтиже шықпады.
1841 ж. қазақтардың үш жүзінің өкілдері Кенесары Қасымовты хан сайлады. Қазақ хандығы қалпына келтірілді. 1841 ж. тамызында көтерілісшілер қоқандықтардың едәір күштері орналастырылған Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршауға алды. Қоқандықтардың бірнеше бекіністеріне басып кіру көтерілісшілерді жігерлендіре түсті. Көтерілістің негізгі ошақтарынан шалғайда көшіп-қонып жүрген төртқаралықтар мен шектілердің өздері Кенесарыны бүкіл қазақтың хан деп мойындайтындықтары туралы хабарлады.
Төртқаралықтар мен шектіліктердің Кенесары Қасымов жағында белсенді әрекет жасағандығы туралы айта отырып, олардың ХІХ-ғ-дың 30-жылдарының соңы мен 40-жылдарының бас кезінде әрекет-қималдарын ширықтыра түскен қозғаушы факторларға назар аударғанымыз жөн. Біз бұл арада осы аймақтағы қазақ руларының қазақ жерлерінің оңашалануы тек Ресей империясы тарапынан төніп келе жатқан отар етіп басып алушылық қатерінен сақтап қалу ғана емес, сонымен бірге қоқандтық бектердің зорлық-зомбылығынан құтылу мақсатындағы ортақ іске өз үлестерін қосуға талпыныс жасағандарын еске салмақпыз. Кенесары мен Қоқанд хандығы қарым-қатынастарының шиеленісуі қазақ сұлтанының жеке өзіне байланысты себептерден де туды. Қоқанд басқарушыларының 1836 ж. патша өкіметінің орталық саясатына қарсы қазақтар көтерілісі басшыларының бірі, ағасы Саржан сұлтанды опасыздықпен өлтіруі, 1840 Қасым төрені, туған ағалары Есенгелді, Әлжан сұлтандарды, Абылай қанынан тараған тағы басқаларды сатқындықпен дарға асуы қозғалыс жетекшісінің қоқандықтарға қарсы позициясын қатуландырып жіберді. Бұл жөнінде, жекелеп айтсақ, Кенесары өз хаттарының бірінде Орынбор губернаторына жазды. Азаттық жолындағы күрестің ең басынан бастап қаза тапқанына дейін Кенесары Қоқанд хандығы жөнінде нақты мақсат-қоқанд басқарушыларының езгісінен босану мақсатын ұстанды. Қазақ ханының Бұхар әмірімен және Хиуа хандығымен қарым-қатынасындағы саясаты біршама өзгешелеу болды. Кенесары олармен өзара толық сенімділік қатынас орнатты. Хиуа басқарушысы кейде қазақ жасақтарын зеңбіректермен, оқ-дәрімен жабдықтап отырды. Әскери тарихшы В. Поттоның пікірі бойынша бұл мемлекеттер Кенесарымен өзара тиімді одақ құруға дайын тұрды.
Осы жағдайдың бәрі белгілі бір дәрежеде Кенесарының көрші елдерге байланысты саясатының сипатын алдын-ала анықтады, бұл оның хандығының әкімшілік басқару құрылымына ықпал жасады.
Кенесары хан құрған мемлекет феодалдық мемлекет болды. Ол өзінің билігін империяның отаршылық билігі орныққан Ертіс, Есіл Жайық бекініс желілері бойындағы аудандардан басқа Қазақстанның бүкіл территориясына таратты. Салықтар жинау тәртіпке келтірілді: малшылар үшін - зекет, егіншілер үшін - ұшыр салығы қолданылды. Патша әскерлерімен соғысудың жалғасуы материалдық және басқа шығын - қаражаттарды талап етті, мұның өзі, әрине, салық ауыртпалығының арта түсуіне әкеп соқта.
Кенесары мемлекеті қазақтардың егіншілікпен айналысуын қалады. Басқа жағдайлармен бірге бұл патша әкімшілігі тарапынан сауда керуендеріне бақылау жасау қатты күшейген жағдайда көтеріліске шыққан ауылдарды астықпен қамтамасыз ету қажеттігінен туды. Көтерілісшілерге арналған астық конфискеленіп отырды, оларға тәуекелдікпен астық жеткізуші саудагерлер қатаң жауапкершілікке тартылды.
Кенесарының сауда-саттық саясаты едәуір өзгерістерге ұшырады. Көпес керуендерінен алынатын баж салығы едәуір кіріс келтіретінін көруп, хан керуендерді тонаушылығын доғарды, кейде керуен басыларын жеке өзі қабылдап, товар алып келгені үшін баж салығын төлеуден жалтарушыларға қосымша салық салды.
Мемлекеттік құрылыс қайта өзгертілді, Хандық кеңес мәселені кеңесіп шешетін жоғары органдар ретінде ханға берілген батырлардан, билерден, сұлтандардан, ханның туысқандарынан құрылды. Басқарудың негізгі тұтқасы Кенесарының өз қолында қалды. Хандық кеңеске негізінен азаттық қозғалысының мүдделеріне адал, жеке басының батылдығымен, дипломатиялық қабілетімен көрінген адамдар енді.
Басқарудың арнайы қызметі хандық кеңес шешімдерінің, үндеулерінің ауылдарда тартылуын, түсіндірілуін және орындалуын қадағалада. Мемлкеттің басында бола отырып, Кенесары басқару ісіне шығу тектеріне қарамастан жеке басының әдеттен тыс сапасымен көрінген адамдарды тарта білгендерді сыйлық беріп көтермеледі.
Хан Ресейдің, Орта Азияның лауазымды адамдарына үнемі хаттар жазып, сөз салып тұрды. Дипломатиялық қызметтің ұйымдастырылуына ол мейлінше маңыз берді. Оның хаттары, үндеулері дәлме-дәл нақты мазмұнымен, талаптарының дәлелдігімен ерекшеленеді. Орыс дипломаттары Гернді, Долговты, барон Урды, әйгілі көпестерді қабылдағанда дипломатиялық әдептілік танытты.
Хандықтағы билікті орталықтандырудың жақтаушысы болғандықтан Кенесары ықпалды феодалдардың арасында талас-тартыстың орын алуын тыюға тырысты, барымтаны айыптады, руаралық қақтығыстардың шығуына кінәлілерді қатаң жазалады. Кенесары жекелеген жасақтарына әскери кеңестің мүшелері, даңқты батырлар қолбасшылық еткен, соғысуға қабілетті жасақ ұйымдастыра білді. Жүздікке және мыңдыққа бөлінген Кенесары әскері созылыңқы далалық соғыс жағдайына бейімдендірілген болатын. Кенесары енгізген қатал тәртіп оған сарбаздарын қысқа мерзім ішінде жинап алуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Кенесары өз әскерінде айырмалық белгілерін енгізді. Көптеген түпкі материалдар көтеріліс қолбасшысының өзі орыс армиясының офицерлік алтындалған әшекейлі погонын тағып жүргенін растайды.
Кенесары өзіне кажетті мәліметтерді жеткізіпотыратын өз тыңшыларының қызметін білгірлікпен пайдаланды. Осындай хабарламаның арқасында хан жазалаушы күштердің әскери жылжу жоспарларын алдын-ала біліп отырды, ал мұның өзі оған адам шығынын болдырмауға мүмкіндік берді. Кенесарының соғыс әрекеттерін жүргізу тактикасы полковник Дуниковскийдің, әскерлік ағаман Лебедевтің рапорттарында, есептерінде, хабарламаларында, өткен ғасыр тарихшылары Н. Середаның, В. Потттоның, Л, Мейердің және басқалардың еңбектерінде егжей-тегжейлі суреттелген.
Хандықтың басына келіп, кенесары қазақ жерлерін азат ету жолындағы күресін бұрынғысына қарағанда едәуір табандылықпен жалғастырады. Қоқанддың Созақ бекінісін басып алып, Кенесары тек соғыс қимылдары ауданын кеңейтуді ғана емес, сонымен бірге өз жақындарының өлімі үшін кек алуды көздеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz