Түркі тайпалары мен халықтарының шығу тегі мен мекендеген аймағы, этникалық құрамы


Кіріспе
Түркі тайпалары мен халықтарының шығу тегі мен мекендеген
аймағы, этникалық қүрамы
1 Түркілердің дербес халық ретінде тарих сахнасына шығуы
2 Түркілердің шығу тегі, діні, этнографиялық және лингвистикалық топтары
Қорытынды
Қазақстан тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде өзінің егемендігін алғаннан бері еліміздің халықаралық қатынастағы геосаяси жағдай күрт өзгерген кезде тарихымызды зерттеу саласында үлкен бетбүрыстар болып жатыр. Әсіресе бүгінгі күнгі Қазақстан Республикасының дүниежүзілік қауымдастыққа кіру уақытында, қазақ халқының рухани өрлеуімен тарихи санасының қалыптасу заманында өзінің көршілес және алыс халықтармен, мемлекеттермен ғасырлар бойындағы болған қарым-қатынастары мен байланыстарына деген қызығушылығы едәуір артып отыр. Осы орайда, халықаралық аспектіге ие түркі факторының белгілі ғылыми мағынаға бөленуі кездейсоқтық қүбылыс емес. Өйткені, түркілер орта ғасырдың ең ірі этникалық топтарының бірі ретінде бірқатар түркі халықтарының, соның ішінде бірінші кезекте қазақ халқының қалыптасуында айрықша роль атқара отырып, адамзат тарихының ең ірі оқиғалары өткен Еуразия даласының бірқатар этностары мен мемлекеттерінің тарихында өзінің өшпес ізін қалдырды.
Ежелгі түркі мемлекетінің территориялық шеңбері қазіргі қазақстан жерін қамтып тарихи даму жағынан қазақ халқы олардың этникалық және мэдени мүрагері болып табылуы себепті, ежелгі Түркі мемлекетінің тарихын зерпеу ісі сол төл ғылымымыз үшін ең өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Өткенімізді сараламай болашағымызды болжау қиын. Елдігіміз бен мемлекетіміздің бүгіні мен болашағын оның ішкі саяси бағытымен қоса әлемдік қауымдастықтың басқа мүшелерімен қарым-қатнастардың қандай деңгей мен сапада болуын белгілейді. Тарихымызды зерттеу ісінің ғылыми, әлеуметтік, қоғамдық жэне үлттық танымдық қызметтерімен қоса, бүгінгі күнгі басқа елдермен сыртқы саясатымызда қарым-қатынасымыздың тарихи тамырларымен негіздерін ашып көрсетудегі маңызы өте зор.
VI-VIII ғғ. өмір сүрген көшпелілердің кезекті мемлекеті Түрік қағанаты әлемдік мемлекеттер тарихында үлкен орын алады. Ұзақ уақыт бойы түрік әлемінің тарихы Кеңестер одағында Шығыс халықтарының тарихынан, әлем өркениетінен бөлініп төмендетіліп оқытылды. Осыған байланысты Европада да көшпелілер «даланың қүлдары», "жабайылар", "дамыған элемнен тыс өмір сүрген" деген көзқарастар қалыптасқан. Олар үшін көшпелілер қоғамы тарихта жоқ қоғам болып есептеледі.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі: Реферат
Көлемі: 30 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




Кіріспе

Қазақстан тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде өзінің егемендігін
алғаннан бері еліміздің халықаралық қатынастағы геосаяси жағдай күрт
өзгерген кезде тарихымызды зерттеу саласында үлкен бетбүрыстар болып жатыр.
Әсіресе бүгінгі күнгі Қазақстан Республикасының дүниежүзілік қауымдастыққа
кіру уақытында, қазақ халқының рухани өрлеуімен тарихи санасының қалыптасу
заманында өзінің көршілес және алыс халықтармен, мемлекеттермен ғасырлар
бойындағы болған қарым-қатынастары мен байланыстарына деген қызығушылығы
едәуір артып отыр. Осы орайда, халықаралық аспектіге ие түркі факторының
белгілі ғылыми мағынаға бөленуі кездейсоқтық қүбылыс емес. Өйткені,
түркілер орта ғасырдың ең ірі этникалық топтарының бірі ретінде бірқатар
түркі халықтарының, соның ішінде бірінші кезекте қазақ халқының
қалыптасуында айрықша роль атқара отырып, адамзат тарихының ең ірі
оқиғалары өткен Еуразия даласының бірқатар этностары мен мемлекеттерінің
тарихында өзінің өшпес ізін қалдырды.
Ежелгі түркі мемлекетінің территориялық шеңбері қазіргі қазақстан
жерін қамтып тарихи даму жағынан қазақ халқы олардың этникалық және мэдени
мүрагері болып табылуы себепті, ежелгі Түркі мемлекетінің тарихын зерпеу
ісі сол төл ғылымымыз үшін ең өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.
Өткенімізді сараламай болашағымызды болжау қиын. Елдігіміз бен
мемлекетіміздің бүгіні мен болашағын оның ішкі саяси бағытымен қоса әлемдік
қауымдастықтың басқа мүшелерімен қарым-қатнастардың қандай деңгей мен
сапада болуын белгілейді. Тарихымызды зерттеу ісінің ғылыми, әлеуметтік,
қоғамдық жэне үлттық танымдық қызметтерімен қоса, бүгінгі күнгі басқа
елдермен сыртқы саясатымызда қарым-қатынасымыздың тарихи тамырларымен
негіздерін ашып көрсетудегі маңызы өте зор.
VI-VIII ғғ. өмір сүрген көшпелілердің кезекті мемлекеті Түрік қағанаты
әлемдік мемлекеттер тарихында үлкен орын алады. Ұзақ уақыт бойы түрік
әлемінің тарихы Кеңестер одағында Шығыс халықтарының тарихынан, әлем
өркениетінен бөлініп төмендетіліп оқытылды. Осыған байланысты Европада да
көшпелілер даланың қүлдары, "жабайылар", "дамыған элемнен тыс өмір
сүрген" деген көзқарастар қалыптасқан. Олар үшін көшпелілер қоғамы тарихта
жоқ қоғам болып есептеледі.
Ежелгі Түркі мемлекетінің тарихын зерттеу саласында жалпы қызығушылық
болып бірқатар еңбектердің шыққанына қарамастан қазіргі уақытқа дейін бүл
мэселенің бірқатар астарлары белгісіз жэне оның тарихын толық қамтитын
арнайы зерттеу бүгінге дейін жоқ.

з
Түркі тайпалары мен халықтарының шығу тегі мен мекендеген
аймағы, этникалық қүрамы

1 Түркілердің дербес халық ретінде тарих сахнасына шығуы

Біздің заманымыздың I мыңжылдығында Еуразия далаларындағы этникалық
орта бірте-бірте өзгере бастады. Биліктің әлеуметтік консолидациясының
жедел дамуы бірінші мыңжылдықтың екінші жартысында Оңтүстік Сібір, Орталық
жэне Орта Азия, төменгі Еділ және Солтүстік Сібір аумақтарында бірнеше
түркі тілді тайпалардың жэне қағандықтардың қалыптасуына алып келді. Олар:
бірінші Түркі қағандығы — Шығыс түркі қағандығы, Батыс түркі қағандығы,
ұйғыр, түргеш қағандығы, Енисей қырғыздарының, Хазар, Бүлғар, Қарлүқ,
Қарахан, Қимақ жэне Арал бойы оғыздарының Қыпшақ, Хорезм мемлекеттері
немесе империясы. Дэл осы уақытта қазіргі түркі тілді тайпалардың этникалық-
саяси бірігуі қалыптасқан еді. Осы дәуірде түркілердің рухани мәдениеті де
жаңа сатыға көтерілген болатын. Түркі жазба мәдениеті мен сына жазуы, хатқа
түскен түркі әдебиеті қалыптасты. Түркілер өздеріне алғашқы рет діни
түсініктерді, нанымдары — буддизм, христиан, манихей, ислам діндерінің
негізінен басқа да өркениет жетістіктерін қабылдады. Көшпелі және жартылай
көшпелі өмір кеше отырып, біртіндеп қалалық және отырықшы түрмысқа көшті.
Отырықшылыққа көшкен тайпалар өзіндік өркениетті мәдениет түрлерін
қалыптастырды, олар сол кездегі әлемдік мәдениетте өзіндік орын алды.
Осы процестердің бәрін үлы далада өмір сүрген көптеген тайпалардың
біріне ғана тән немесе қазіргі түркі тілдес тайпалардың бірінің ғана
тікелей тарихы деп қарауға болмайды. Евразияның түркі тектес халықтары
өздерінің алдындағы тайпалар сияқты үзақ уақыт бойы түркі тілді халықтардың
бэріне ортақ тарихты жасады. Тарих аренасында бір тайпаның орнын екіншісі
ауыстыруын алдыңғы тайпаның тарихтан өшуі деп есептеуге болмайды. Олар
пайда болған жаңа тайпаның саяси қүрамынан, ариліктердің, сақтардың,
хундардың этникалық топтарынан көрініс беріп, өзгеріске үшыраған түрде
тарих сахнасына қайта шығады. Түркі тайпалары қола дәуірінде пайда болып,
ари, скиф-сақ, хун дәуірлерін басынан кешірсе де, олардың бірлестігі
жоғалған жоқ. Тек коне түркі дэуірінде ғана этникалық негізде тарих
аренасынан көріне алды.
V ғасырдың екінші жартысынан бастап түркі деген сөз (термин) алғаш рет
кездеседі де, осы дан кейін кеңінен тарала бастайды.
Бүрын соғды тілі түркілер мен қытайлар арасындағы дипломатиялык қарым-
қатынастарда пайдаланылып келген болса, кейін "түркі сөзі византиялықтарда,
арабтарда, сириялықтарда, санскрит тілінде, көптеген иран, тибет тілдерінде
кездесе бастады. Қағандық — империя қүрылған 460 жылға дейін "түркі" сөзі
10 (кейінірек 12) тайпа бірлестігінің атауы ретінде жүрді. Бүл термин
қағандық өмір сүрген дэуірлерде де сақталып қалды. Бүл сөз ертедегі түркі
текстерінде "түрік бүдун" атауы ретінде кездеседі (бүд — тайпа), яғни

жекелеген тайпалардан қүралған тайпалар одағы. VIII ғасырдың ортасынан
бастап тарихи жазбаларда "12 тайпа түркі еліп деген термин кездеседі. Түркі
тайпаларынан қүралған мемлекет те дэл осы сөзбен аталды. "Түркі елі" деген
атау ертедегі түркі эпиграфиялық ескерткіштерінде де, қытайдың тарихи
жазбаларында да осы күйінде кездеседі. Кеңінен алып қарасақ, бүл термин
түркілер қүрган үйым — көшпелі державаның атауы. Византия л ықтар мен
ирандықтар "түркі елі" деген сөзді жиі қолданса, кейде түркілердің өзі де
осы сөзді көп қолданған. Терминнің әрі қарай өріс алуы IX—XI ғасырлардагы
араб тарихшылары мен географтарының еңбектерінде молынан кездеседі, ал бүл
кезде "түркі" сөзі бір халықтың немесе мемлекеттің атауы ретінде
қолданылды. Дәл осы арабтардың ғылыми эдебиеттерінде түркілер сөйлеген
тілдің генетикалық байланысы және түркі халықтарының генеалогиялық туыстыгы
жайында айтылады, ал мүсылман тілдес халықтар жазбаларынан сырт жерлерде
мүндай кең көлемде жазылган мәліметтер кездесе бермейді. Орыс жылнамасында
985 жылы "торк" деген атау кездеседі. Бірақ бүл — ¥лы даланы мекендеген
печенег, хлоабук, половец тайпаларымен қатар өмір сүрген көшпелі
бірлестіктердің бірінің ғана атауы.
Өзінің тарихи орынын сақтап бүрыннан келе жатқан 4 тайпаны ерекше
атауға болады, олар: түркілер, қырғыздар, қыпшақтар, телелер (огыздар).
Кеңес өкіметі жылдарындағы түркілердің тарихы туралы жазылған қүнды
енбектер: Толстовтың "Древний Хорезм" (1948) атты зерттеуі, Л. Гумилевтің
"Древние тюрки" (1967), "Поиски вымышленного царства" (1970) жэне "Хунны в
Китае" (1974) деген күрделі зерттеулері түркі тайпаларының гасырлар бойгы
даму ерекшеліктері, этнос ретінде қалыптасу кезендері мен мемлекеті туралы
сыр шертеді. Л Гумилев "Хунны в Китае" деген еңбегінде ерте замандарда
Қазақстан, Алтай жэне Орта Азия жерлерін мекендеген басты тайпа — хундардың
түркі қаганатына қатысы туралы жазды.
Академик В.В. Бартольдтыц Орта Азия элкесін мекендеген тайпалардың
тарихы жөніндегі еңбектерінің ғылыми маңызы зор. Ол бүл еңбектерінде араб,
парсы жэне жергілікті тарихшылардың аса қүнды еңбектерін пайдаланган.
Бартольдтыц "Монгол кезеңіне дейінгі Түркістандағы христиандық туралы",
"Жетісу тарихының очерктері", "Монгол шапқыншылығы кезеңіндегі Түркістан"
т. б. еңбектері күні бүгінге дейін маңызын жойган жоқ. Оның бүл еңбектері
Орта Азия жэне Қазақстан халықтарының көне дәуірден бастап-ақ өзіндік
тарихи мәдениеті болганын дэлелдеп берді. Орыс шыгыстану мектебінің негізін
қалаушылардың бірі болған ол Қазан төңкерісінен кейін Азия музейінің
жанынан қүрылған шығыс зерттеушілерінің "Записки коллегии Востоковедов"
дейтін баспасөз үйымын басқарды. Оның көптеген монографиялары ағылшын,
неміс, түркі, араб т. б. тілдерде жазылган.
Бірақ отаршыл Ресей үкіметінің ең қауіпті, ең қасіретті қылмысының бірі
— Орта Азия мен Қазақстан, жалпы түркі халықтарының үлттық санасын қүлдыққа
итермелеуге күш салу еді. 1881 жылы Түркістан эскери округінің
комендантының көмекшісі, патша генералы Мациевский Ташкентте жүмысқа кірісе
бастаган Шыгыстану қоғамының мүшелеріне былай деп хат жолдайды: "Шыгыстану
қогамының міндеті Шыгысты зерттеу емес, Шығыс халқын
5
орыстандыру". Патшаның саясаткер-ғалымдары орыстандыруды тоқтаусыз
жүргізу үшін саяси-ғылыми айналымға "панисламизм", "пантюркизм" деген
терминдерді енгізсе, Кеңес үкіметі жылдарында жергілікті халықты ата
тарихынан, ата дәстүрімен, ана тілінен, үстанган ^дінінен безіндіру үшін
неше
түрлі қүйтырқы теорияны жан-жакты жетілдірді. _J
Түркілердің шығу тегі туралы қазақтан алгашқы қалам тартқан Әлихан
Бөкейханов, Мүхаммеджан Тынышбаев, Міржақып Дулатов, Мағжан Жүмабаев,
Санжар Асфендияров, Әуелбек Қоңыратбаевтар, империялық зүлматтың шеңгеліне
ілініп, көпшілігі опат болды. Мүстафа Шоқаев еңбектері өз Отанына әлі күнге
дейін жеткен жоқ.
Түріктің белгілі ғалымы Б. Аталай "Дивани лүгат-ат-түріктің" үш томдық
аудармасын, осындағы сөздердің бір томдық тізімін жасап шыгарды. Бүл еңбек
әрқилы зерттеу жүмыстарына пайдалануға кең жол ашып берді. Белгілі галым,
профессор Әбсаттар Дербісалиев араб, парсы тілінде X—XII гасырларда
жарияланған түркі ғүламаларының еңбектерін зерттеу мен оны көпшілікке
таныстыру жолында тынымсыз еңбек етіп келеді.
Осы аталған еңбектерден мынадай екі түрлі түсінік бар екенін аңгаруга
болады: біріншісі — түркілердің дербес халық ретінде тарих сахнасына шыгуы
да, екіншісі — олардың дербес мемлекет ретінде қалыптасуы.
Жазба деректер мен ескерткіштерге сүйене отырып біз түркі этногенезінің
бірінші және екінші сатыларын танып біле аламыз.
VI гасырдың ортасына қарай торт тайпа түркі этногенезінің екінші
сатысына — Орталық Азияның этникалық және саяси тарихының басқа сатысына
көтерілді. Ол — VI— IX ғасырлар. Жаңа сатыда этногенез одан әрі дамыды. Сол
көшпеңді тайпалар енді өз байланыстарын одан эрі жақсартып, мемлекеттер
қүрды. Олар: Шыгыс түркі қагандығы, Батыс Түркі қағандығы, Түргеш
қағандығы, Қарлүқ қагандыгы, Қырғыз-үйғыр — Қарахан мемлекеті, Оғыздар
мемлекеті. Дамудың екінші сатысына көтерілген мемлекеттер бірлігінің күшті
болуына ортақ тіл, ортақ жазу мэдениеті, үқсас саяси деңгей игі ықпал етті.
Пайда болған мемлекеттердің әлеуметтік-саяси қүрылымдарының беріктігі түркі
этногенезінің батысқа қарай жылжуына мүмкіндік берді.
Түркі мәдениетінің дамуын біздің заманымыздың I мыңжылдыгындағы
әшекейлі бүйымдар, шеберлікпен жасалған оқ, садақ, сондай-ақ өлген адамның
зиратына қүлпытас орнату рәсімдерінен байқауға болады. Жалпы түркі
мәдениетін өзіндік ерекшеліктеріне қарай мынадай топтарға бөлуге болады: 1)
Енисей қырғыздарының мәдениеті; 2) Қимақ-қыпшақ мэдениеті; 3) Алтай
түркілерінің мәдениеті.
Сонымен, біздің заманымыздын I мыңжылдығында Орталық Азияда, оңтүстік-
батыс Сібірде, Жетісуда, Тянь-Шаньда түркі, огыз, қыргыз, кыпшақ
этногенезінің дамуы жүріп жатты. Енді осы тайпалар бір-бірімен араласу
негізінде жаңа этнос орталықтары пай да болды. Қимақ-қышпақ, огыз
тайпаларынын кейбіреулері Орталық Азия дан Ертіске көшті.
Қырғыздар Байқалдан Шыгыс Қазақстанга бет бүрды. Тогыз-огыз тайпалары
тибеттіктермен болган соғыстың салдарынан Гансудың батысына
6
және Шығыс Түркістанға бет алып көшті. Түркілер 744 жылы саяси қасіретке
үшырады, өзінің бүрынғы орталықтарын жоғалтып, Қашғар, Жетісуға ығысты. Ол
жерде X ғасырда ислам дінін қабылдағаннан кейін қарлүқ тайпаларымен
қосылып, Қарахандықтар мемлекетіп қүрды. Ішкі, сыртқы факторлар өзгерді.
Тайпалар арасында ассимиляция процесі жүрді. Сонымен жоғарыда аталған
мемлекеттердің этникалық дамуы өзгере бастады.
Қорыта келгенде, түркі халықтары дамуының I жэне II сатылары түркі
тіллі халықтарлың этникалық тарихын да өшпес із қалдырды.
Сары өзендегі өзгерістер. Европа халықтарының қартайып қалжыраған Римді
V ғ. күрт сындырған үлы көшпенділігі Шығыс Азияда жүз жыл бүрын болған еді.
Қытай тарихында "бес тағы тайпаның дэуірі" (304—399 жж.) деп аталатын
замаңда Солтүстік Қытайды Хүндар мен сәнбилер жаулап алып бағыңдырып, сол
жерде готтардың, бургундықтар мен вандалдардың жабайы королдіктері тәрізді,
бірқатар баянсыз мемлекеттердің негізін салады. Европаның Балкан түбегінде
Шығыс Рим империясы қалай қасқайып түрып қалса, Қытайдағы үлы дария
Янцзының жағасында Хан империясының мүрагері — дербес Қытай империясы
сақталып қалады. Ертедегі Византия — гүлдену дэуіріңдегі Римге қалай
үқсайтын болса, ол да өзінің бүрын өткен үлы патшалығына тап солай үқсайтын
еді, сол сияқты бүл да теріскей мен батыстан қысым жасаған тағылардан
ілдэбайлап қорғануға ғана күш-қайрат тауып, жиі жиі алмасып жатқан
әулеттердің дэрменсіз де дарынсыз императорлары тағылар көсемдерінің
қүрбаны етіп "кіндік жазықтың" қалың қытайын тастап кетеді — ол кезде
Хуанхэ алқабы солай делінетін — алайда, жатжерліктердің қатал езгісіне жэне
өзара үдайы қырықпышақ болып қырқысып, қан төгіп жатқанына қарамастан,
Солтүстік Қытайдағы қытайлықтар өздерін басып алған халықтардан сан жағынан
басым болатын, бүл VI ғ. Қытайдың қайта өрлеуіне жол ашады.
Өздерінің барша бэсекелестерін жеңіп шыққан Тоба тайпасы қытай
мэдениетінің ықпалына түсіп кетеді. 420 ж. тобалар қүрған ерте феодалдық
мемлекет бүкіл Солтүстік Қытайды бір империяға біріктіреді, ол қытайша, Вэй
атын алады (386 ж.). Бүл тоба ханының бодандарының басым көпшілігі болып
табылатын қытай халқымен мэмілеге келу жолындағы алғашқы қадамы еді.
Көпшелілерді ассимиляциялау әрекеті басталып кетті де, V ғ. аяққы кезінде
тобалардың үрпақтары бүрымдарын кеседі де, ал өздеріне бағыныштылармен
үдайы қоян-қолтық араласу олардың күш жігері мен салт-дәстүрлерін жойып
жібереді. Олар тіпті туған тілінде сөйлеуді қойып, қытайша сейлей бастайды.
Жоғалтқан тілімен, киім-кешегімен бірге, олар бір кезде өздерін жеңіске
жеткізген жаужүрек батылдығы мен ынтымақ-бірлігін де жоғалтады, дегенмен де
олар, өздерінің меншікті мемлекетін қайта құру үшін қасарысып алға үмтылған
қытай жүртына сіңісіп кете алмады.
Сарай төңкерістері мен оның ізін ала жүретін жазалау эрекеттері Вэй
әулетінің өкіметін элсіретуі мүң екен, сэнби императорларының қызметіндегі
қытай қолбасшылары өз билеушілерінен қайратты да жігерлі болып шыға келді.
531 ж. солтүстік-шығыстан Гао-Хуань көгерілісті бастап шығады да, тоба
эскерлерін талқандап, ел астанасы — Лоянды басып алады. О л эуелгі кезде
7
әулет мүддесі үшін эрекет жасаған болып кэріп ханзадаларының біреуін
император деп жариялайды, бірақ ол өз қолбасшысынан қорқып, батысқа,
Чаньанға қашып барып, екінші бір сардардан, қытай болып кеткен сәнбилік
Юйвынь Тайдан қолдау табады. Гао-Хуань сол Вэй әулетінің екінші бір
ханзадасын таққа отырғызады. Сөйтіп, империя Батыс Вэй, Шығыс Вэй болып
екіге бөлінеді, сәнби императорларын уақытша бетперде есебінде пайдаланатын
қытай қолбасшылары еді. Бүл жәйт үзаққа созылмаса керекті. Сәнбилердің
рақымсыз қатал билігіне өшіккен қытайлар, күш өз қолдарына тигеннен кейін,
жеңілгендердің бет-жүзіне қарап жатпайды. Юйвынь Тай қолжаулық
императорлардың бірнешеуін улап өлтіреді, ал оның баласы күш-қүдіреті
толыққасын, 557 ж. жексүрын әулетті таратып, өз эулеті Вэй-Чжоудің негізін
салады.
Солтүстік-Шығыс Қытайда сәнбилер бүдан да қатал жазаға үшырады. Гао-
Хуаньнің мүрагері Гао-Ян соңғы императорды өз пайдасына тәж-тақтан бас
тартқызып, оған у береді. Императордың туған-туысқандары — үзын саны 721
адам — түгелдей өлтіріледі де, оларды жерлемеу үшін, денелерін суға ағызып
жібереді. Жаңа әулет Вэй-Ци деген атқа ие болады.
Осынау теріскей хандығының екеуі де экономикалық жэне саяси жағынан
кәдімгідей қуатты болатын. Тегі басқалардың өктемдігінен қүтылған қытай
жүрты өз мәдениетін қалпына келтіру үшін жанталаса жүмыс істесе керек.
Алайда Вэй-Чжоу мен Бэй-Ци арасында туған бақталастық олардың күш-жігерін
түсаулап, белсенді саясат жүргізу мүмкіндігінен айырады.
Оңтүстіктегі Лян эулетінің соңғы императорлары өздері билік қүрып
тұрған кездері зорлық-зомбылық пен қылмысты туындатады да, оның орнын
басқан Чэнь әулеті осы бір сүмдықты жалғастыра түседі. 557 ж. сарай
төңкерісі мен Ляньнің соңғы императорының көзін қүрту, қүлаған әулет
жақтастарының қарулы қарсылығын туғызады. Көтерілісшілер Чэнь әскерінің
шабуылын тойтарып, Қытайдың дәл ортасынан шағын ғана Хоу-Лян мемлекетін
қүрады.
Қытай өзара жауласып жатқан төрт мемлекетке бөлініп кетеді. Қытайдың
күш-қуатын байлап-матап тастаған ішкі шиеленіс, өзгелерден әлсіз кішкене
ғана екі көшпелі мемлекет: Жужан ордасы мен Тоғон (Ту-ю-Хунь) хандығының
аман қалуына жағдай жасайды. Түскейден жасалатын қысымның әлсіреуіне
байланысты олар Шығыс Азиядағы жетекші мемлекеттер арасынан орын алады. IV
ғ. орта шенінде қүрылған дала хандығы Жужан VI ғ. бас кезінде езі қүрып
кетерлік қатты дағдарысты басынан өткізеді.
Тогон хандығы Цайдамның далалық қырқаларында көсіліп жататын. Тіпті
сонау 312 ж. Мойын тегінен шыққан бектері бар, сәнбидің шағын ғана бір
тайпасы Оңтүстік Маньчжуриядан батысқа қарай үдере көшіп, Көкінор көлінің
қасынан қоныс тебеді. Бүл арада олар бытырап жатқан тибет руларына қарсы
сэтті соғыс жүргізеді де, тобаларға қарсы күресте сэтсіздікке үшырай
береді. Соның салдарынан Тогон хандығы Вэй империясының кіріптар вассалына
айналады, бірақ империя бөлініп ыдырап кеткесін, ол қайтадан бостандыққа ие
болады. V ғ. екінші ширегінде сүлтан Куалүй өзін хан деп жариялап, 540 ж.
Гао-Хуаньге елші жөнелтеді, сөйтіп, Ювынь Тайдың жауына айналады. Бүл факті
Тоғонның бүдан былайғы сыртқы саясатын анықтай түседі. "Қалалары"
8
(бүл бекіністі қыстақтар шығар) тегі, тобалардан алынған, үйымдық басқару
тетіктері болғанымен, өзі аса кең жерді қамтып жатқанымен, Тоғон күшті
мемлекет болмаған. Қару күшіне қүлдық үрған тибет рулары дүшпанынан кегін
қайтарып, бостандыққа жетуді арман етеді, оның экономикасы мимырт мал
шаруашылығына негізделген еді; мәдени дәрежесі темен болатын, ал хандардың
зорлық-зомбылығы үдайы қүпия қаскүнемдіктер мен опасыздықтарды, жазалау
шараларын туындатты, бүл өшпенділік отына май қүяды. Міне осындай қиын
түйіндер Тоғонның мүмкіндіктерін шектеп, кейін оның азып-тозып, қүрып
кетуіне апарып соқты.
Жужандар мен телеуіттер. Жужандар халқының шыққан тегі туралы мэселе
талай рет қойылғанымен, түпкілікті шешуін тапқан емес. Бүл арада мәселені
осылай қоюдың өзі дүрыс емес екенін айту керек, өйткені оның шығу тегін
емес, қалай күрылғанын сөз еткен жөн. Жужандардың халық ретінде бірыңғай
этникалық тамыры болмаған. Жужан халқының пайда болуының өзіндік өзгешелігі
бар. Заман азып, ел бүзылған кездері жаман ат тағылып халық қатарынан
шығып, қаңғып кететіндер үдайы болып отырған. IV г. орта кезінде де
ондайлар аз болмаған. Тоба ханының ордасында немесе хүн шаньюінің
астанасында түра алмайтын кісілер мен далаға безіп кеткен.
Рақымсыз қожаларыан кеткен қүлдар, әскерден қашқан қашақтар, жүт соққан
ауылдардың қайыршы кедейлері сон да барып паналаған. Олардың бәріне бірдей
ортақ нәрсе — шыққан тегі де, тілі де, діни сенімі де емес, өздерін қайыршы
халіне жеткізген тағдыр-талайы ғана болған; ал оларды билеп-төстеп
үйымдастыруға мәжбүр еткен де сол қатал тағдыры.
IVf. 50-ші жылдарында сәнбилердің атты әскерінде қызмет еткен бүрынғы
қүл Өгілей деген біреу өлім жазасына кесіледі. Ол ебін тауып тау ішіне
қашып кетеді, сосын оның төңірегіне өзі сияқты жүз қаралы қашқын жиналады.
Қашқындар иіні келгенде көрші көшпелілермен тіл табысып, солармен бірге
түра береді.
Өгілейдің мирасқоры Гүйлекей тоба хандарымен қарым-қатынас орнатып,
оған жылма-жыл шүрқыратып аттарын аттай, сусар, бүлғын терілерін терідей
беріп, алым-салық толеп түрады. Оның ордасы Жужан атағын алады. Жужандар
күллі Халқа аймағын басып, Хинғанға дейін еркін көшіп-қонып жүрген, ал
олардың ханының ордасы Ханғайдың етегін қоныс еткен. Жужандардың түрмысы
мен үйымдасу түрі тым жабайы болған және рулық қауымнан мүлде шалғай
жатады. Әскери және әкімшілік бөлімі мың адамдық полк болып есептелген.
Полк хан тағайындайтын қолбасыға бағынған. Онда әрбір жүздікке бір тудан,
он ту болтан; әр тудың өз қожасы болады. Жужандардың жазу-сызуы мүлде жоқ;
есеп-қисапқа қойдың қүмалағы немесе кертіктері бар таяқша пайдаланылған,
заң-зәкүндері сотые пен талау-тонау мүқтажына сэйкес келген: батырлары
олжаның кебін алған, ал қорқақтарын дүрелеп отырған. 200 жыл өмір кешкен
жужан ордасы кері кетпесе, ілгері баспаған — өйткені олардың бар күш-қуаты
көршілерін талауға жүмсалған.
Жужандар өзара қай тілде сөйлескен? Қытайдың бастау хаттары бізге
эртүрлі мэлімет береді. "Вэйшу" жужандары дүнхудың бір бүтағы деп біледі.
"Суюиу", "Ляншу" мен, "Наныну"— оларды хүндарға туыс тайпа деп есептейді
9
және ақырында, Бэй-ши (?) Өгілей гао-гүй тегінен шыққан деп жорамалдайды.
Оңтүстік Қытай тарихшыларының мәліметтері шала-шарпы деректер, ал Өгілейдің
өзінің шыққан тегін қазбалаудың ешбір мәні жоқ, өйткені оның айналасына
топтасқандардың рулас емес екендігі айдан анық нэрсе. Бәрінен де дүрысы
жужандар сэнбише яғни моңғол тілінің бір диалектісінде сөйлескен болуға
тиіс, өйткені қытай тарихшысы олардың хандарының атақ-дәрежесін қытай
тіліне аударгаңда, ол түпнүсқасында — Вэй мемлекеті тілінде, яғни сэнбише
сөйлейтінін атап өтеді. Жужандардың өздері де ататегін тобалармен бір деп
есептеген, алайда олардың бүлай деуіне беймэлім тегі емес, тілдерінің үқсас
болуы дәйекті дэлел берген тәрізді.
Жужан хандығының негізгі күші теле тайпаларын қарауына бағындырып үстай
білгенінде болса керек. Өз тарихының таң сәрісінде яғни б. з. д. III ғ.
телелер Ордостың батыс жағындағы даланы мекендеген. 338 ж. олар тобалар
ханына бас иіп, теріскейге, Жоңғарияға көшіп барады да, Батыс Моңголияны
қаптап, сонау Селенгаға дейін жайылып кетеді. Бытырап жатқан ел
болғандықтан да, телелер жужандарға қарсы түра алмайды, сөйтіп оларга алым-
салық төлеуге лажсыздан көнеді.
Теле тайпалары жужандарға аса қажет болады, ал жужан ордасынын
телелерге мүлде қажеті жоқ түгын. Жалпы, жужандар бейнеті көп еңбекті
суқаны сүймейтін адамдардан қүралған еді, ал олардың балалары еңбектің
орнына алым-салық жинап, олжа табуды артық санайды.
Телелер мал шаруашылығымен шүғылданатын, олар тек малын бағып, ешкімге
ештеңені төлемей, еркін жүргісі келетін.
Осындай ыңгай-бейіміне орайлас етіліп, қос халықтың саяси жүйелері
қалыптасқан еді: әскери күштін көмегімен көршілерінің есебінен күн көру
үшін жужандар бір ордага бас қосады; телелер байланысы нашар тайпалардын
элсіз бірлестігі болып қала берді, бірақ барша күш-жігерімен өздерінің
тәуелсіздігін сақтап қалуға тырысады.
Телелер жужандармен қатарласа өмір сүріп жатты, бірақ оларға үқсас
ешбір белгісі болмайтын. Олар хүндар империясы қүрамынан ерте шыгып,
қарапайым ақсакалдық қауым мен көшпелі түрмысын сақтап қалады. Қу мекиен
меңіреу түзді мекен еткен жарлы-жақыбай көшпелілер қытайландыру ісінен де
қалыс қалады, өйткені қытайлар шөл даланың несіне қызыгады. Телелердің
жалпыға ортақ үйымы болмаған, эрбір 12 рудың әрқайсысын ру басы ақсақалдар
басқарған жэне "агайын туысқандар ынтымақтасып түрган".
Телелер үлкен доңгалақты арбаларымен сайын далада көшіп-қонып жүрген,
өздері үйымшылдық атаулыны мойындайтын және еркіндікті жақсы көретін
жауынгер халық болған. Олардың меншікті аты "теле". Ол осы уақытқа дейін
Алтайда "телеуіт" деген атпен белгілі болып келеді. Якуттар, төлеңгіттер
мен үйғырлар, жэне басқалары сол телелердің үрпақтары. Олардың көбі біздің
заманға дейін сақталмаған.
Жужан хандыгы. V г. бас кезінде Хинганнан бастап, Алтайга дейінгі кең
далада "шауып келе жатып қүралайды садақпен көзінен ататын", жужандардың
жүрт Дэудей деп атап кеткен ханы Шелун билігін жүргізіп түрады. Теле
жайылымдарын бағындырып алганнан кейін, ол Іле өзенінің бойынан қоныс
ю
тапқан ортазиялық хүндармен қақтығысып қалады. Олардың басшысы Жибайегі
деген біреу болатын. Онгин өзені жағасында болған қиын шайқаста Жибайегі
Шелуннің тас-талқанын шығарады, бірақ түтасып жатқан жужан мемлекетіне элі
жетпейді де оларға "мойынсүнып, тыныштықты сатып алады".
Шелуннің негізгі мақсаты Тоба-Вэй империясының күшейіп кетуіне жол
бермеу, еді, өйткені олар жужан хандығынан элдеқайда күшті болатын.
Қытайдың оңтүстігінде үздіксіз жүргізіп жатқан соғыстары Тоба-Вэй
императорының бөлініп-жарылып кеткен бодаңдарын жазалауына бөгет жасады,
сол себепті де Шелун Тобаның барша жауларын қолдап отырды. 410 ж. Шелун
өліп, орнына інісі Хули хан болады.
Хүли тобаларға тиіспей, солтүстікке коз салып, о жақтағы енесей
қырғыздары (иегу) мен Хевейді (Сібірдегі бір тайпа) бағындырады. 414 ж. ол
қаскүнемдік қүрбанына шалынады, бірақ қасыгөйлердің көсемі Бөлшіженнің өзі
де со жылы қаза табады. Шелуннің немере інісі Датан хан болады. О л өз
билігін Қытайға қарсы соғыс ашудан бастайды, бірақ жужандар жортуылы
нәтижесіз аяқталады, соның ізінше жасалған жазалау шапқыншылығы да жеміс
бермейді. Хал-жағдай өзгеріссіз қала береді.
418—419 жж. жужандардың орта азиялық хүндар мен юэчжилермен соғысы
қайта жаңғырады. Жужандар Тарбағатайға баса-көктеп кіріп, олардың зәресін
үшырғаны сондай, юэчжэй тобының көсемі Цидоло (Қидара) жужандарға көрші
болудан іргесін аулақ салып, оңтүстікке шығандап барып Қаршы көгалды
аймағындағы Бол о қаласын жаулап алады. Бүл арада ол парсылармен,
эфталиттермен соқтығысады. Қидараның жүрты — қидарлықтар тарихта өздерінің
этностық атымен емес, көсемінің атымен белгілі.
Жухан хандығының Вэй империясымен соғысы. 420 ж. жужандар қүдыретінің
шырқау шегіне жеткен жыл болды. Теріскей және батыс тайпаларын оп-оңай
жеңгеннен кейін, жужан үлы Даланың жетекшісіне айналады, бірақ бүл осынау
хандықтың тыныштығығын да, өсіп-өркендеуін де қамтамасыз ете алмады.
Жужандардын, басты жауы Тоба-Вэй империясы болады, сондықтанда жужан ханы
Датан өзінің табиғи бэсекелесі күшейіп кетпеуі үшін қолынан келгенінің
бәрін жасайды.
424 ж. Датан 60 мың салтатты сарбазбен Қытайға басып кіріп, астанаға
дейін жетеді де, императордың қала сыртындағы сарайын талайды. Тобалар
әскерін жаппай жинап қарсы шыққасын жэне жужандар арасында тәртіп мүлде
болмағасын, хан соғыстан жалтарып, қайтып кетуге мәжбүр болады. 425 ж.
тобалар жужаңдарды Гобидің ар жағына қуып тастайды. 430 ж. император Тай-У-
ди (Тоба Дао) Оңтүстік Қытаймен алаңсыз айналысу үшін, әуелі жужандардың
көзін қүртуға бел байлайды. Жер қайысқан қалың қол далаға қаптап кетеді де,
жужандар бытырап, басы ауған жаққа қашады. Датан батыс жаққа безген күйі
хабарсыз жоғалып кетеді. Телелер оның адамдарын қыра бастайды. Датанның
баласы Уди соғысты жүргізуден бастартып, Вэй империясына салық төлеп
түрады. Алайда 437 ж. Уди шапқыншылық жасап, бітімді өзі бүзады. Әсілі,
жужандар біреуді талап тонамаса түра алмайтын болуға тиіс. 439 ж. жауап
ретінде жасалған жортуыл император Тобаға ешбір олжа түсірмеді: тау
шатқалдарына тығылып қалған жужандарды кездестіре
11
ал май, олардың қара басып, кейін қайтуына тура келді.
Тобаның Хэсиге қарсы соғысын жатқанын пайдаланып, Уди 440 ж. тағы да
Қытай шекарасына шабуыл жасады, бірақ шекарада тосқауылда түрган ол олардың
алғы топтағы әскерін түтқынга алады. Жужандар қайтадан кейін қашады.
Осындай оқиға 445 ж, қайталанады, бүдан кейін тәж-тақты баласы Түхэчженге
(445—464) тапсырып Уди қайтыс болады.
Енді бүлардың ролі өзгереді: Тоба-Вэй империясы шарықтау шегіне жетеді,
оның қалың әскері далаға кимелей кіріп, жужандарды тау қойнауларына қуып
тығады. Бүл шын мәніндегі сотые емес, тек жай жазалау жорығы ғана болатын.
Түхэчженнің баласы әрі мүрагері Юйчен (464—485) күресті жалғастыра
беруге тырысады, бірақ 470 ж. талқандалып, 475 ж. бітімге келуді сүрап,
алым-салық төлейді. Жужан әлсіреп, Қытайға шапқыншылық жасау қолынан
келмейтін арманға айналады. Енді олар талау көзі етіп, аналардан гөрі
кедей, әрі әлсіз Батыс өлкені тандап алады. 460 ж. жужандар Түрфан алқабын
басып алады да, ол араға жеңімпаз тобалардан қашып барып қоныстанған,
өздерінің бүрынғы одақтастары хүндардың ойпаң-тойпанын шығарады. 470 ж.
жужандар Хотанды ту-талапайға салады, бірақ қайраттанып алған эфталиттер
мемлекеті жужандар басқыншылығын шектеп тастайды. Тянь-Шань Жужандар
шекарасы болып қалады.
Жужанның жаңа ханы Доулун (485—492) "кісі өлтіруден тайынбайтын
қатыгез" болатын. Ол өзінің таққа отыруын бір бекзаданы бүкіл үрім-
бүтағымен түгелдей қырып салумен атап өтеді. Бүл барша елдің ашу-ызасын
туғызады. Ханның Қытайға шабуыл жасағысы келетін ниеті елге о дан да бетер
үнамайды. Тіпті сәтті жасалған шапқыншылықтың ізінше Қытай әскерлерінің
жортуылы басталатыны, ал оған тойтарыс беру ісін тіпті ойға алмауға да
болатыны жалпы жүрттың бәріне де аян еді.
Телелердің аға-ақсақалы Афучжило, Қытайға қарсы соғыс ашпағын деп ханға
қадалып, қайта-қайта кеңес береді, бірақ оның дәлелді сөзіне қүлақ
аспайтынына көзі жеткеннен кейін, күллі теле халқын бастап көтеріліске
шығады. Ол кезде телелер саны аз болмайтын (Қытай мәліметі бойынша, 100 мың
шаңырақ). Сосын Афучжило батысқа, Ертіс алқабына көшіп кетеді. Сол арада ол
"Тәңрінің үлы перзентіп атағын алады да, жужан ханымен иық теңестіре
бастайды, сөйтіп соғыс қайтадан бүрқ ете түседі.
490 ж. қытай эскері далаға шығыстан басып кіреді де, телелермен
бірігіп, жужандарды қыспаққа алады. Жужан бекзадалары күллі жауаркершікті
қиянпүрыс хан мойнына артады да оны өлтіре салады (492 ж.)
Телелердің батысқа көшіп келуі аса маңызды төтенше оқиға еді; батыста
осынау шашырақты көшпелілер өз мемлекетін үйымдастырады. Азия да қайтадан
этногенез процесі басталады. Тап сол кездері Алтай тауларында түрік халқы,
Брахмапутра алқабында — тибеттер қүрылып, ал Қытайда Сүй мен Тан
әулеттерінің орта гасырлық ғажайып мэдениетін берген жаңгыру дәурені
басталады. Шыгыс Азия тарихының ежелгі дәуірі аяқталуға жақындап, оның
кеспірсіз сарқыншағы — Жужан — қүрып кетуге тиіс болатын.
Телеуіт хандығы — Гаогюй. Телеуіттердің бөлінуі мен 492 ж. мемлекеттік
12
төңкеріс Жужан тарихының күрт өзгеріс кезеңі еді.
Олар Орталық Азиядағы жетекшілік ролінен айрылып, енді өкімет үшін
емес, өмір сүру үшін күресуге мәжбүр болады. Өлтірілген Доулүннің орнын
басқан Нагай елді бір-ақ жыл басқарады. Ол өзі басқаратын уақытқа үран
етіп: "Тып-тыныш" сөзін алады, яғни өзінен бүрынғы ханның жаугерлік
ойларынан бастартады. Нағайдың баласы Фүту мүмкін болғанынша экесінің
саясатын жалғастыра береді.
Бүл кездері телеуіттер жаңа қонысын жақсылап игеріп, хүн дәуірінің
соңғы қалдығы Юэбаньдардың козін жояды. Жаңа жерде телеуіттер өз мемлекетін
қүруға тырысады. Бүл үшін олар халықты екіге бөледі: солтүстік билеушісі —
"Мүрагер хан" атын алады. Олардың өз мемлекетін не деп атағаны беймәлім, ал
қытайлар оны Гаогюй деп атайды, ол "биік арба" деген сөз. Ол осы атпенек
тарихқа енген.
Саяси түрғыдан алғанда Гаогюй қытай бағытына қарай бейімделіп, киім-
кешек үшін олардың жібегін алмақшы болады, бірақ бүл жібек оларға ешбір
пайдасын тигізбейді. 494 ж. эфталитгер Иранды жәукемдеп тастап, артын
тиянақтап алып, солтүстікке қарай бет түзейді. Гаогюй мемлекетінің оңтүстік
бөлігі ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Н.А.Аристовтың «Түркі халықтары мен тайпаларының этникалық құрамы туралы жазбалар мен олардың саны жөніндегі мәлімет» атты еңбегіндегі түркі тайпалары
Африка халықтарының этникалық-лингвистикалық құрамы
Қазақ атауының шығу тегі
Қазақ халқының шығу тегі
Қоңыраттардың шығу тегі және этнонимі
Түркі халықтарының жазба ескерткіші
Түркі халықтарының рухани құндылықтары
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Түркі халықтарының философиясы
Түркі халықтарының тарихы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь