Атмосфера құрамы және ластану проблемалары



1.Кіріспе 1 бет
2. Негізгі бөлім 4.11 бет
3. Қорытынды 12 бет
4. Қолданылған әдебиеттер 13 бет
Атмосфера ауасы – биосфераның негізгі бір өте қажетті бөлігі. Ауасыз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Ауа жер бетінде тіршіліктің пайда болуымен байланысты. Сондықтан ауаны жер бетінде алғаш пайда болған қарапайым тіршіліктің туындысы деп қарастыруға болады. Оған дәлел алғаш пайда болғанда жер атмосферасында оттегі болмаған, ол жер бетіндегі алғашқы өсімдіктердің тіршілігінен пайда болды. Атмосфера ауасы бірнеше газ заттарының жиынтығынан тұрады, оны мына таблицадан көруге болады.
Сонымен ауа құрамында 3-4 процент су буы, шаң-тозаң бөлшектері және өте аз мөлшерде басқа газдар болады. Атмосфера ауасының құрамы күніне, айына, маусымды және теңіз бетінен биіктігіне байланысты өзгеріп отырады. Атмосфера космос әлемімен, әлемдік мұхитпен, жермен үздіксіз қарым-қатынаста болады. Сондай-ақ ауа өте жылжымалы келеді.
«Жерді атмосфера тербетіп тұрады» дегенді ХVIIІ ғасырдың өзінде Леонард Эйлер деген ғалым айтқан екен. Ол Жердің айналу кіндігі жылына бір рет өзгереді деген. Бұдан соң 1891 жылы америкалық әуесқой астроном С. Чандлер жұлдызды аспанды өз бетінше бақылап жүріп, осы құбылыстың кілтін тапқандай болады.
Жердің полюсқа жақын дәл кіндігі диаметрі 6 метрлік шеңбер жасап айналады деген тұжырым батыл болжам еді.
1) Жатқанбаев. Экология негіздері. Алматы, 2003.
2) Оспанова, Бозшатова. Экология. Алматы, 2002.
3) Мамбетқазиев, Қ.Сыбанбеков. Табиғат қорғау.Алматы, 1990.
4) Атмосфера. Справочник. 1991.
5) Волькова В.Н. Атмосфералық фронттарды талдау үшін
әдістемелік нұсқаулар. Алматы, 2004.
6) Экология және табиғат қорғау.
7) «Дүние» журналы. №4. Астана, 2005.

Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және
шет тілдер университеті
Шығыс филологиясы факультеті

РЕФЕРАТ
Атмосфера құрамы және ластану проблемалары

Орындаған:
Базилова Жұлдыз
Айдарова Әсем
ШФВ, 104 группа
Тексерген:

Алматы, 2006 Мазмұны:

1.Кіріспе 1
бет
2. Негізгі бөлім 4-11
бет
3. Қорытынды 12 бет
4. Қолданылған әдебиеттер 13 бет

Кіріспе:
Атмосфера ауасы – биосфераның негізгі бір өте қажетті бөлігі. Ауасыз
жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Ауа жер бетінде тіршіліктің
пайда болуымен байланысты. Сондықтан ауаны жер бетінде алғаш пайда болған
қарапайым тіршіліктің туындысы деп қарастыруға болады. Оған дәлел алғаш
пайда болғанда жер атмосферасында оттегі болмаған, ол жер бетіндегі
алғашқы өсімдіктердің тіршілігінен пайда болды. Атмосфера ауасы бірнеше
газ заттарының жиынтығынан тұрады, оны мына таблицадан көруге болады.
Атмосфера ауасының құрамы.
Газдар Құрғақ ауадағы мөлшері
Азот 78,1
Оттегі 20,9
Аргон және басқа инертті газдар 0,95
Көмір қышқыл газы 0,03
Азон 0,000002

Сонымен ауа құрамында 3-4 процент су буы, шаң-тозаң бөлшектері және
өте аз мөлшерде басқа газдар болады. Атмосфера ауасының құрамы күніне,
айына, маусымды және теңіз бетінен биіктігіне байланысты өзгеріп отырады.
Атмосфера космос әлемімен, әлемдік мұхитпен, жермен үздіксіз қарым-
қатынаста болады. Сондай-ақ ауа өте жылжымалы келеді.
Жерді атмосфера тербетіп тұрады дегенді ХVIIІ ғасырдың өзінде
Леонард Эйлер деген ғалым айтқан екен. Ол Жердің айналу кіндігі жылына
бір рет өзгереді деген. Бұдан соң 1891 жылы америкалық әуесқой астроном
С. Чандлер жұлдызды аспанды өз бетінше бақылап жүріп, осы құбылыстың
кілтін тапқандай болады.
Жердің полюсқа жақын дәл кіндігі диаметрі 6 метрлік шеңбер жасап
айналады деген тұжырым батыл болжам еді. Алайда, Жердің мұндай біркелкі
түзу сызық бойымен кіндігімен айналуын ғылыми есептер бойынша бірнеше
ондаған жылдарға ғана созылар еді. Яғни, біздің планетамызға әсерін
тигізетін өзге қозғаушы күш бар. Ол қандай күш?

Негізгі бөлім:
Бірқатар ғалымдар оны табиғат құбылысына балады. Мысалы, жер сілкінісі
Жерді шайқап, қозғалтып жібереді дегендей де пікірлер болды. Бірақ, жер
сілкінісі үздіксіз болып жатқан жоқ. Енді біреулер жемдік мұхит
толқындары мен тау жоталарына үлкен қысым түсіретін жел екпіні туралы ой
білдірді. Планетамыздың ауқымды көлемі ондай құбылыстарға мызғымасы анық.
Осы сауалдың жауабын америкалық геофизик Р. Гросс тапты. Ол 1985-1996
жылдардағы Жер кіндігінің өзгерістерін салыстыра зерттеді. Сосын, ауа мен
су қабаттарының әсерін есептей отырып, планета айналасының математикалық
моделін жасады. Зерттеу көрсеткендей, Жерді айналдыруға мұхит толқындары
мен жел күші мүлде аздық етеді. Оның есесіне, мұхит суының түрлі
қысымдардан мұхит түбінің түрлі бөліктеріне ауытқуы аса үлкен. Орасан мол
су желдің бағытымен бір акваториядан екіншісіне ауытқиды. Ғалымның
модельдік есептері жер кіндігі өзгеруіне әсер ететін күштің үштен екі
бөлігі су массасының динамикасына, үштен бір бөлігі ауа ағысына
байланысты екенін көрсетеді. Екі жағдайға да мазасыз атмосфера ықпал
етеді. Ендеше, Жердің өз кіндігінен ұдайы айналып тұруына атмосфера
көмектеседі екен.
Атмосфераның ауа қабаты жердегі тіршілікті қоршап тұратын камера
іспетті. Ауа қабаты болмаса, жер бетіндегі тіршілік біткен космостық
сәулелердің әсерінен жойылып кетер еді. Сондықтан ауа қабаты тіршілікті
космос сәулесінен қорғайтын көрінбейтін қалқан болып табылады. Бұл
қалқанды космостан салмағы жүздеген тоннаға жететін метеориттер ғана
жарып өтеді. Бұдан кіші метеориттер ауа қалқанын жарып өте алмай күйіп
кетеді. Атмосферадан жоғары Күннен тіршілік қуаты бағытталады. Алайда
соның өзін ауа қабаты шектеп, тіршілікке қажетті мөлшерде ғана жіберіп
тұрады. Ауа қабаты болмаса Күн қуаты жерді күндіз 100 градусқа дейін
ысытып, түнде 100 градусқа дейін суытып жіберер еді. Атмосфераның жоғарғы
қабатына секунд сайын Күннің грамма, ренгтен сәулелері, ультракөк,
инфрақызыл сәулелер толқындарымен ағылып келіп ұрып жатады. Егер солардың
бәрі жерге кедергісіз жететін болса деинің арасындағы тіршілік біткенді
күлге айналдырып, жойып жіберген болар еді. Мұндай қырғынның болмайтын
себебі жерді ауа қабаты қорғап тұр.
Биосферадағы ауа құрамындағы, газдардың теңдестігінің де (баланс)
тіршілік үшін мәні күшті. Ауаның үш бөлігінің екі бөлігі азот. Ол
тіршілік – негізі белоктар мен нуклеин қышқылдарының да құрамына енеді.
Ол заттардың синтезделуіне азот тікелей қатыспағанымен азот жинайтын
микроорганизмдер мен балдырларға және азот тыңайтқыштарын жасауға алғашқы
материал болып табылады.
Ауа құрамындағы оттегінсіз тіршіліктің болмайтыны кімге болса да
белгілі. Адамның денесінің үш бөлігінің екі бөлігі оттегі. Оттегінсіз
тыныс алу мүмкін емес, яғни оттегі тірі организмнің қуаты. Ал осы
оттегінің өзін тірі организдер – өсімдіктер синтездеп шығарады.
Атмосферада оттегінің азаюы тіршілік процесін баяулатады, оттегі құраса
аэробты организмдер анаэробты организмдермен алмасар еді.

Ауадағы газдар теңдестігі
Биосферада бізді қоршап тұрған ауаның құрамын жерде тіршілік пайда
болған кездегісіндей таза деуге болмайды. Тіпті ауа құрамы жер бетінде
техника шыққанға дейінгі кездерде де баяу болса да өзгеріп отырған. Көп
уақыт бойы көзге көрінбейтін ауа щексіз көп және сарқылмайтын сияқты
болып келеді. Алайда адам қолымен жасалған көптеген техника, завод-
фабрикалар атмосфераға бөліп шығаратын қалдық газдары да өте көп
мөлшерде, ол астрономиялық өлшеммен өлшенеді. Бұл сөзсіз атмосфераның
таза ауасына ықпалын тигізбей қоймайды. Ауадағы оттегі қазіргі кезде
сарқылмайтын сияқты. Осылай болып көрінгенмен оның азайып келе жатқаны
белгілі. Бұл адам баласын алаңдатпай қоймайды.
Атмосферадағы оттегін толыстырып тұратын негізгі көк-жасыл өсімдіктер
екені белгілі. Ормандарды сыпыра кесу, оларды құрылысқа игеру, орманның
өртенуі көп мөлшерде атмосфераға өтетін оттегінің мөлшерін кемітеді.
Табиғатқа мұндай нұқсан келтіру бір кездерде орын алған болатын. Бұл
жағдй қалаларды, елді мекендерді, жолдардың жаасын көгаландыру арқылы
реттеліп келеді. Мұның есесіне кейінгі кезде атмосфера ауасын кемітетін
жаңа фактор пайда болды. Атмосфера ауасының тең жартысына жуығын теңіздер
мен мұхиттардағы балдырлар беретіні белгілі. Алайда теңіздіер мен мұхит
суларының жанармайлармен, өндірістерден бөлінетін химиялық улы
элементтермен ластануы судағы оттегін бөліп шығаратын көптеген
организмдер жойып жібереді. Осы процесті тежеу жөнінде жан-жақты зерттеу
жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біздің осы айтқандар атмосфераға келетін
оттегінің кему жолдары.
Проблеманың адамды алаңдататын екінші жағы тағы бар, ол атмосферада
бар оттегінің кему себептері болып отыр. Дәл осы кездегі біздің
заманымызда ауадағы оттегін көп мөлшерде өндіріс пен қатынас жол
техникалары жеп жатқаны кімге болса да белгілі. Бұған мынандай мысалдар
келтірейік: бір жеңіл автомашина бір мың километржер жүргенде бір адамға
бір жылға жететін оттегін жағады. Австралиядағы Лауффен қаласындағы
биотехникалық академияның ғалымдарының есебі бойынша жер шарындағы
миллиард халық өзінің техникалық қажетіне 43 миллиард адамға жететін
оттегін жұмсайды екен. Жанған бір тонна көмірге он адамның бір жыл дем
алуына жететін оттегі жұмсайды. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге
болады. Осындай факторлардың әсерінен аудағы оттегінің жасалу мөлшері мен
жұмсалу мөлшерінің арасындағы теңдестік бұзылып отыр. Бүгінгі техникаға
биосферадағы жасыл өсімдіктер бөліп шығаратын оттегінің 25 пайызға жуығы
жұмсалады. Егер бұдан былайда техникаға көмір, жанармай, газ сияқты қуат
күштері пайдалана беретін болса 2000 жылдары техника жасыл өсімдіктер
бөліп шығаратын оттегін түгелдей жұмсайтын деігейге дейін жетеді.
Атмосферада оттегі көп, алайда айтылған мысалдар оның сарқылмайтын шексіз
екендігін теріске шығарады.
Өндірістер мен қатынастар жолдар техникасы көп мөлшерде оттегін жағып
қоюмен бірге жыл сайын 20 миллиард тонна көмірқышқыл газын ауаға бөліп
шығарады. Бұл мөлшер жыл сайын көбейіп келеді. Атмосфера ауасының
көптігімен салыстырсақ бұл өте аз, зиянсыз сияқты болып көрінуі мүмкін.
Тіпті ауада көмірқышқыл газының көбеюі өсімдікке пайдалы, ауыл шаруашылық
өсімдіктерінің өнімін арттырады деушілер де бар. Себебі өсімдік үшін СО2
көп мөлшерде қажет қой. Сондықтан атмосферада СО2-ның көбеюінен ешқандай
проблема тумайтын сияқты.
Бірақ мәселенің екінші жағы бар. Оның мәні мынада. Көмірқышқыл газы
әйнек немесе полиэтиленнен жасалған жарғақ сияқты қысқа толқынды күн
сәулесін жақсы өткізе отырып, жерден қайта шағылысқан ұзын толқынды жылу
сәулесін тежейді. Бұл бірден атмосфераның жылу теңдестігіне ықпал жасайды
да ауаның жылуы артады. Атмосфераға баратын бұл қосымша жылуды
техногендік жылу деп атауға болады. Бұл жылудың көлемі мен салдары әлі
толық зерттелмеген мәселе.

Атмосфера ауасының ластануы
Автомашилардың ауаны ластануы. Атмосфера ауасын ластайтын негізгі
фактор автомобиль болып табылады. Мыңдаған автомашина қымбат бағалы
жанармайды ысырап етіп, ауаны ластап жатады. Автомобиль бөліп шығаратын
газдың құрамында шамамен 200 зат бар. Оның бірі түгелдей жанған немесе
шала жанған көмірсутектері. Шала жанған көмірсутектері машинадан шығатын
түтіннің құрамында машина моторы баяу істеп тұрғанда әсіресе көп
бөлінеді. Сапалы бензин құйылып тоқтаусыз жүрген автомашинаның сыртқы
шығаратын газының құрамында 207 пайыз жанбайтын көмірсутегінің оксиді
болады. Машина жылдамдығын баяулатқан сайын оның мөлшері 6,9 пайызға
артады. Бұдан көрінетіміз даладан гөрі қалады машинаны баяулату жиі
болғандықтан қала ауасына көміртегінің оксиді көп бөлінеді. Бұд зат адам
организміне енетін болса қан гемоглабинімен байланысып, оның оттегін
маталарға жеткізуіне кедергі жасайды. Машина газының құрамында
альдегидтер бар, оларға акролендер және формальдегид жатады. Бұл
заттардың өткір иісі болады. Бұдан басқа газ құрамында азот оксиді,
ажырамаған көиірсутектері – гексен, пентен бар.
Автомобиль адамның еңбегін оңайлатып, қимылын тездетіп жақсы жағымен
бірге, улататын зиянды жағы тағы бар. Бір жеңіл машина жылына төрт тонна
оттегін сіңіріп, бөліп шығаратын газбен бірге шамамен 800 кг көміртегінің
тотығын, 40 кг азот тотығын және 200 кг әр түрді көмірсутектерін бөліп
шығарады.
Атмосфера ауасының өндіріс қалдықтарымен ластануы. Атмосфера ауаны
ластануына себепші болатын негізгі фактордың бірі түсті металлургия
өндірістері. Металлургия заводтарында алюминийді электролиз жолымен алу
кезінде ауаға көп мөлшерде газ және шаң түрінде фторлы қосылыстар шығады.
Жанармай алатын және жанармай өңдейтін химиялық заводтар бөліп шығаратын
заттарда көміртектері, күкіртсутегі жіне иісі сасық заттар өте көп. Бұл
заттар өндіріс технологиясында процесс жүретін жолдар мен ыдыстардың
бекітілуінің нашарлығынан ауаға шығады.
Атмосфера ауасының ластануының сыртқы ортаға және адам организміне
әсері. Ауаның ластығынан жануарлар мен өсімдіктер, бағалы ескерткіштер
зардап шегеді. Афина қаласында жаңбырмен бірге көп мөлшерде күкірт
қышқылы да жауып, ертедегі грек шебері жасаған қайталанбайтын
ескерткіштерді бүлдірді. Ауаның ластығының зардабы барлық өндітісі
дамыған мемлекеттерде байқалады. Афина қаласына жылына 150 мың тонна
күкіртті ангидрид төгіледі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтериядағы және қоймалардағы материалдар мен құндылығы төмен тез тозатын заттардың есебі. Тауарлы-материалдық запастарды есепке алуға арналған шоттар корреспонденциясы және құндылығы төмен тез тозатын заттар. Ластағыш заттардың айналуларын химиялық реакция типтері
Негізгі абиотикалық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі
Адамзаттың экологиялық проблемалары
Негізгі абиотикалық факторлар және биосфера
Мұнаймен ластанудың қоршаған ортаға тигізетін әсері
Ауа ортасының химиялық және биологиялық ластануы
Қазақстанның экологиялық проблемалары. Экологиялық мәселелерді шешу жолдары
Дүниежүзілік су әлемінің ластануы
Әлемдік мұхиттың, атмосфераның, топырақтың ғаламдық ластануы
Ауаны ластайтын ластағыш заттар
Пәндер