Алматы қаласындағы ірі сейсмикалық қауіптер



Қазақстан жерінің басым аумағында сейсмикалық тербелістер болып тұрады, республика халқының жартысынан көбі өмір сүріп жатқан 400-ден астам қалалар мен елді мекендер және өндіріс орындарының 40 пайызы жер сілкінісі болатын жерлерге орналасқан. Ал Алматы қаласы мен Алматы облысы кіретін Тянь-Шань тауларының солтүстік сілемдері тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орта Азиядағы ең сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады. Оған мысал ретінде соңғы жүз жылдың ішінде болған ондаған жойқын жер сілкіністерін айтсақ та жеткілікті. Соның ішіндегі магнитудасы сегіз балдан асатын 1889 жылғы Шелектегі және 1911 жылы болған Кемін зілзалалар әлемдік сейсмикалық апаттардың санатына жатқызылады.
Сейсмикалық қауіпсіздік және болжау мәселелері бойынша бірқатар маңызды міндеттерді Елбасы, Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлікпен қатар, Білім және ғылым, Энергетика және минералдық ресурстар, Денсаулық сақтау, Индустрия және сауда министрліктеріне, тағы да басқа ведомстволар мен жергілікті атқару органдарына жүктеген. Білім және ғылым, Энергетика және минералдық ресурстар, Денсаулық сақтау министрліктерінің сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша жасаған ұсыныстары 2007-2015 жылдарға арналған Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі мемлекеттік бағдарлама жобасының тиісті бөлімдеріне енгізілді.
Қазақстан Республикасының сейсмологиялық бақылау және жер сілкіністерін болжау жүйесі құрылды. Қазір Алматы, Жамбыл, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында бақылау жұмыстары ұдайы жүргізіледі. Бұл жерде айта кету керек, жер сілкіністері туралы берілетін қорытындыларды, негізінен, 53 сейсмологиялық бақылау бекеті бар Алматы болжау полигоны береді. Ал Шығыс Қазақстанда – екі, Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында – бес сейсмостанция ғана жұмыс істейді. Өкінішке қарай, біз Қазақстанның басқа өңірлерін бақылай алмаймыз. Бұл Сейсмология институтында басқа өңірлердегі жер сілкінісін бақылайтын, қысқа мерзімде сейсмикалық болжамдар жасайтын желілердің болмауына байланысты. Сонымен қатар, алпысыншы жылдарда жасалған құралдар әбден ескірген және бүгінгі күннің талаптарына сай емес.
Еліміздегі газ, мұнай өндірілетін бірде-бір кен орнында тұрақты сейсмикалық мониторинг жүргізілмейді. Мұнай, газ өндіру кешендерінің инфрақұрылымдарын құру жөніндегі ірі жобаларды жасаған кезде, өндіріс алаңдарының сейсмикалық зерттелуі есепке алынбайды. Білім және ғылым министрлігі қазірге дейін сейсмикалық қауіпке нақты баға беру үшін, тұрғындарды қорғау жөніндегі шараларды тиімді жоспарлап, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін облыстарды сейсмикалық аудандарға және қалаларды сейсмикалық шағын аудандарға бөлетін нақты карталар жасаған жоқ.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Алматы қаласындағы ірі сейсмикалық қауіптер

Қазақстан жерінің басым аумағында сейсмикалық тербелістер болып тұрады,
республика халқының жартысынан көбі өмір сүріп жатқан 400-ден астам қалалар
мен елді мекендер және өндіріс орындарының 40 пайызы жер сілкінісі болатын
жерлерге орналасқан. Ал Алматы қаласы мен Алматы облысы кіретін Тянь-Шань
тауларының солтүстік сілемдері тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орта
Азиядағы ең сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады. Оған мысал ретінде соңғы
жүз жылдың ішінде болған ондаған жойқын жер сілкіністерін айтсақ та
жеткілікті. Соның ішіндегі магнитудасы сегіз балдан асатын 1889 жылғы
Шелектегі және 1911 жылы болған Кемін зілзалалар әлемдік сейсмикалық
апаттардың санатына жатқызылады.
Сейсмикалық қауіпсіздік және болжау мәселелері бойынша бірқатар маңызды
міндеттерді Елбасы, Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлікпен қатар, Білім
және ғылым, Энергетика және минералдық ресурстар, Денсаулық сақтау,
Индустрия және сауда министрліктеріне, тағы да басқа ведомстволар мен
жергілікті атқару органдарына жүктеген. Білім және ғылым, Энергетика және
минералдық ресурстар, Денсаулық сақтау министрліктерінің сейсмикалық
қауіпсіздік мәселелері бойынша жасаған ұсыныстары 2007-2015 жылдарға
арналған Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі
мемлекеттік бағдарлама жобасының тиісті бөлімдеріне енгізілді.
Қазақстан Республикасының сейсмологиялық бақылау және жер сілкіністерін
болжау жүйесі құрылды. Қазір Алматы, Жамбыл, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан
облыстарында бақылау жұмыстары ұдайы жүргізіледі. Бұл жерде айта кету
керек, жер сілкіністері туралы берілетін қорытындыларды, негізінен, 53
сейсмологиялық бақылау бекеті бар Алматы болжау полигоны береді. Ал Шығыс
Қазақстанда – екі, Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында – бес
сейсмостанция ғана жұмыс істейді. Өкінішке қарай, біз Қазақстанның басқа
өңірлерін бақылай алмаймыз. Бұл Сейсмология институтында басқа өңірлердегі
жер сілкінісін бақылайтын, қысқа мерзімде сейсмикалық болжамдар жасайтын
желілердің болмауына байланысты. Сонымен қатар, алпысыншы жылдарда жасалған
құралдар әбден ескірген және бүгінгі күннің талаптарына сай емес.
Еліміздегі газ, мұнай өндірілетін бірде-бір кен орнында тұрақты сейсмикалық
мониторинг жүргізілмейді. Мұнай, газ өндіру кешендерінің инфрақұрылымдарын
құру жөніндегі ірі жобаларды жасаған кезде, өндіріс алаңдарының сейсмикалық
зерттелуі есепке алынбайды. Білім және ғылым министрлігі қазірге дейін
сейсмикалық қауіпке нақты баға беру үшін, тұрғындарды қорғау жөніндегі
шараларды тиімді жоспарлап, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін облыстарды
сейсмикалық аудандарға және қалаларды сейсмикалық шағын аудандарға бөлетін
нақты карталар жасаған жоқ.
– Жер сілкінісі адам өміріне өте қауіпті екендігі белгілі, ал оның соңынан
келетін қосымша факторлардан да (сел, өрт, жарылыстар, т.б.) адамдар екі
есе көп қырылатын көрінеді. Жер асты дүмпулері жиі болатын, баурайларына
халық тығыз орналасқан Іле Алатауындағы гидротехникалық объектілер қандай
жағдайда? Егер 6-7 балдық жер сілкінісі бола қалса, төтеп бере ала ма?
– Көптеген жағдайда жер асты дүмпулері кезінде үйлердің, ғимараттардың
құлауы олардың қабырғаларын ұстап тұратын іргетасы мен сүйегіне байланысты.
Міндетті түрде жасалатын сейсмикаға қарсы қажетті шаралардың орындалмауы,
жауапкершілікпен қарамау, нормативті-құқықтық негіздердің дұрыс
жасалмауының салдарынан үйлер мен ғимараттардың нық тұрмауы сейсмикалық
қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің осал бөлігі болып табылады.
Республикадағы сейсмикалық қауіпті аймақтарында салынып жатқан жаңа
ғимараттардың құрылыстарында жер сілкінісіне шыдамдылық сынақтары
жүргізілмейді, сондай-ақ мұндай объектілердің құрылысын жобалаумен тиісті
тәжірибелері жоқ мекемелер айналысады. Сондықтан бұл объектілердің күшті
жер сілкіністеріне төтеп бере алатындығына толықтай ешкім кепілдік бере
алмайды.
– Су қоймаларының ғимараттарын түбегейлі жөндеуді кім қаржыландырады?
– Гидротехникалық ғимараттарды түбегейлі жөндеуге, жер сілкінісіне төтеп
беретіндей етіп күшейтуге қажетті ақшалай қаржы қарастырылмаған.
Республикадағы гидротехникалық ғимараттардың құрылысын салғанда сол
аймақтың сейсмикалық қауіптілігін есепке ала отырып, барлық құрылыс
нормативтік заңдылықтар сақталады. Қазіргі Іле Алатауының қойнауларында
тұрған гидротехникалық ғимараттар 7 және одан да көп балдық жер сілкінісіне
есептелініп салынған.
– Экономиканың өндіріс салаларындағы қандай кәсіпорындар жарылыс қаупі бар
өндіріс орындарына жатады?
– Жарылыс қаупі бар тау-кен өндіріс саласына жататындар: геологиялық
барлау, металлургия, тау-кен, көмір, мұнай-газ, мұнай-химиялық, химиялық,
атом-энергетикалық өндіріс орындары, сондай-ақ мұнай-газ өнімдерін
магистралдық тасымалдау, жарылыс және химиялық қауіпті заттарды жасаумен,
тасымалдаумен байланысты жұмыс істейтін кәсіпорындар.
– Жер асты шахталары, скважиналар бөлінбейтін, жеке объектілер болып санала
ма, оларды қадағалау жұмыстары қалай жүргізіледі?
– Иә, жер асты шахталары, скважиналар бөлінбейтін, аса қауіпті өндірістік
объектілерге жатады. Олардағы техникалық қауіпсіздікті қадағалау біздің
министрліктегі Төтенше және өндірістік қауіпсіздікті мемлекеттік қадағалау
жөніндегі комитетке жүктелген. Комитет өз құзыры аясында жер асты шахталары
мен скважиналардағы өндірістік қауіпсіздіктің және Қазақстан
Республикасының заңдылықтарының сақталуына бақылау жасайды.
– Жарылыс қаупі бар және тау-кен өндіріс орындарын жобалау жұмыстарына
лицензияны қандай орган береді?
– Лицензия беретін орган Қазақстан Республикасының Энергетика және
минералдық ресурстар министрлігі болып табылады.
– Төтенше жағдайлар бойынша қандай халықаралық келісімдер жасалды?
Халықаралық келісімшарттар бойынша Қазақстан Республикасы қандай
міндеттемелерді орындауы керек?
– Қазақстан Трансшекаралық өндірістік апаттардың тигізетін әсері туралы
халықаралық конвенцияға, Каспий теңізінің су тіршілігін қорғау жөніндегі
шеңберлі конвенцияға, Өндірістік қауіпсіздік саласы бойынша, қауіпті
өндірістік объектілердегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған.
ТМД елдерінің үкімет басшылары 2001 жылы 28 қыркүйекте қол қойған
Өндірістік қауіпсіздік саласы бойынша, Төтенше жағдайлар жөніндегі
министрліктер арасында қауіпті өндірістік объектілердегі ынтымақтастық
келісімі шеңберінде, қауіпті өндіріс объектілерінде бірлесіп жұмыс істеу
туралы өзара келісімдер бар. Мысалы, Қырғызстан Республикасының солтүстік
аймақаралық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы мен Жамбыл облыстық
Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті арасында бірлесіп қимылдау
жөніндегі жоспарлар бар. Егер төтенше жағдай орын алатын болса, Қазақстан
жағынан осындай жоспарлар бойынша құтқару жұмыстарын бірлесіп атқаруды
міндетіне алған.
– Қазақстанда трансшекаралық әсері тиетіндей өндірістік апаттар болуы
мүмкін нысандар бар ма? Қазақстанға сабақ бола алатындай басқа елдерде
қандай жойқын апаттар болды, сондай-ақ көршілес елдерде республикамыздың
тұрғындарына, қоршаған ортаға трансшекаралық қауіп төндіретін объектілер
туралы айта кетсеңіз.
– Республикамыздағы трансшекаралық қауіп төндіретін өндірістік нысандарға,
негізінен, Каспийдің солтүстігіндегі Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған мұнай
өндіру орындары жатады. Көршілес елдер жағынан бүгінгі күні қатты қауіп
төндіріп отырған Ресей мен Әзірбайжанның Каспий маңындағы мұнай-газ өндіру
нысандары, сондай-ақ Қырғызстанның Шу облысындағы Ақтұз ауылында орналасқан
полиметалл рудаларды байытқандағы қалдықтар.
Дүние жүзінде жыл сайын әртүрлі жойқын апаттар болып тұрады. Мұндай апаттар
дұрыс жағдай жасалмаған болса, кез келген елде болуы мүмкін. 1984 жылы 3
желтоқсанда Үндістанның Бхопал қаласында орналасқан Юнион Карбайд
фирмасының химия зауытында өндіріс тарихында болмаған үлкен трагедия болды.
Апаттан 20 мыңнан астам адам зардап шекті. 2003 жылы 24 желтоқсанда
Қытайдың Чуандогбей күкірт-сутегі газ кенішінде болған жарылыстан 200 адам
қаза тапты. 1988 жылы теңіз түбінен мұнай шығарып жатқан Ұлыбританияның
Пайпер Альфа платформасында 167 адам апат кезінде қайтыс болды. Осындай
апаттардың бәрі біз үшін сабақ болуы керек.
Біздің елде, 1985 жылы Теңіз мұнай өндіру орнындағы №37 скважинадан шыққан
мұнай, газ араласқан бұрқақты өртті сөндіру үшін 14 ай уақыт кетті. Осы
уақыттың ішінде 4 миллион тонна мұнай жанып, 2,5 миллиард текше метр аса
зиянды күкірт-сутегі қосындысының концентрациясы бар газ атмосфераға тарап
кетті.
– Қазақстанның халықаралық міндеттемелерінен келіп шығатын трансшекаралық
бағыттағы төтенше жағдайлар жөніндегі заңдар бар ма?
– Табиғи және техногендік төтенше жағдайлар туралы Қазақстан Республикасы
заңының 37-бабына сәйкес, Қазақстан аймақтық және жалпы қауіпсіздікті
сақтау принциптерін басшылыққа ала отырып, табиғи және техногендік төтенше
жағдайлар саласында халықаралық ынтымақтастыққа қатысады. Елді мекендерге,
қоршаған ортаға, шаруашылық объектілеріне трансшекаралық залалдар келтірмеу
мақсатында шет мемлекеттерге төтенше жағдайлар туралы толықтай және уақтылы
ақпараттар беру, мемлекетаралық өзара көмек көрсету, олардың арасындағы
таластарды бейбітшілік жолмен шешу мәселелерін қарастырады.
– Халықаралық келісімдер бойынша теңіздегі, құрлықтағы, жер астындағы
трансшекаралық апаттар үшін кім жауап беруі керек – мемлекет пе, әлде сол
жерде пайдалы қазбаларды игеріп жатқан компания ма?
– Қандай да болсын өндірістік жұмыс жүргізіп жатқан компания, апатты жағдай
бола қалса, барлық қызмет саласы бойынша жауап беруге міндетті. Егер
Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық келісімде Қазақстан
Республикасының заңдарындағыдан басқаша тәртіп белгіленсе, онда біздің заң
бойынша емес, халықаралық келісімнің шарттары бойынша жасалады.
– Владимир Карпович, Қазақстан жерінде иесіз қалған қауіпті өндірістік
нысандар туралы не айтар едіңіз?
– Республикада әртүрлі себептермен жабылып, қызметін тоқтатқан бірқатар
өндіріс орындары бар екендігі ешкімге құпия емес. Мысалы, Шымкентфосфор
акционерлік қоғамын алайық. Бұрынғы фосфор зауытының аумағында байытылмаған
фосфор шламының алты бірдей шламжинау орны тұр. Химиялық сараптаулар
бойынша шламдағы фосфор 2,1 пайызды құрайды. №6 шламжинақтау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауа алабының ластануы
Күшті жер сілкінісі
Біршама күшті жер сілкінісі
Жер сілкінісі, сел
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар. Тұрғындарды қорғау.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар жайында
ҚР төтенше жағдайлары
Мұнай - газ саласы жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету ерекшеліктері
Жұбантам алаңына барлау жұмыстарын жүргізу нәтижелері және өнімді беткейдің мұнай газ шоғырларын анықтау жұмыстары
Табиғат апаттары және олардың түрлері.
Пәндер