Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар жүйесі


Жоспар:
Мегаэкономика.
Әлемдік шаруашылық және халықаралық валюта жүйесі.
- Мегаэкономикаға: әлемдік шаруашылық, оның маңызы мен құрылымы.
- Халықаралық валюта жүйесі: мәні, құрылымды, дамуы
1-сұрақ. Әлемдік шаруашылық - бұл халыкаралық еңбек бөлінісінің жүйесіне ұлттық шаруашылықты біріктіретін глобальды экономика. Әлемдік шаруашылықта халыкаралық экономикалық қатынастар қалыптасады. Олар келесі нысанада болады:
-халықаралық сауда,
-капитал шығару және халықаралық несие,
-халықаралық валюта қатынасы,
-халықаралық жұмыскер көшуінің миграциясы,
- ғылым және техника аумағындағы халықаралық айырбас.
Осы нысандарды жеке-жеке карастырайық.
Халыкаралық сауда (ХС) - бұл тауар мен қызмет көрсету экспорты арқылы жүретін халыкаралық экономикалық қатынастың түрі.
ХС болдыратын себептер:
-бөлу теңсіздігі және әр түрлі елді экономикалық ресурспен қамту,
-әр елде әр деңгейдегі технологияның болуы.
ХС маңызы:
-ұлттық ресурс негізінің шектігінен өту,
- ішкі рынокты кеңейту және ұлттық нарықты әлемдік
рынокпен байланысын орнату,
-ұлт және халықаралық өндіріс артықшылығы айырмасының арқасында қосымша табыс табу.
-шетел ресурсын тарту арқылы өндіріс ауқымын кеңейту.
ХС көлемі мынадан көрінеді: экспорт, импорт, таза экспорт. Осы көрсеткіштердің ЖҰӨ қатынасы олардың, экономикада орнын және өсуін көрсетеді.
ХС-ның пайдасы әр экономикалық мектепте ерқалай бағаланады:
-Меркантилистер импорт экспорттан асу керек деді.
А. Смит ойынша, басқа ел арзан бағамен өндіретін
тауарды сатып алу керек. Әдебиетте оның теориясы "абсолютті
артықшылық теория" деп аталады.
Д. Рикардо "салыстырмалы артықшылық теориясын"
жасаған.
ХС пайдасын бағалағанда абсолютті емес, қатысты әсерді салыстыру керек, оның ойынша, егер әр тауарды шығыны аз елдер өндіруі керек, сонда өндірілетін тауар көлемі максималды болады, - деп көрсетті.
Келе-келе Д. Рикардо теориясын А. Маршалл мен Д. Милль дамытқан.
Мемлекет протекционизм және еркін сауда саясатын жүргізу арқылы экспорт пен импорт қатынасын реттейді.
Протекционизм - бұл импортты шектей отырып, ұлттық экономиканы шет ел тауарларынан қорғауға бағытталған саясат.
Фритредер - еркін сауда саясаты.
Протекционистік саясаттың келесі бағыттары бар:
- импорт кезінде жоғары кеден алымы бар және экспорт
кезінде төмен мөлшердегі кеден салымдары;
- тарифтік барьерлер: контингентирлеу, лицензиялау,
мемлекеттік монополия.
Контингент - жеке тауар импорты мен экспортына квота қою.
Лицензиялау - бұл сыртқа экономика қызметін жүргізуге бір ұйымның рұқсат алуы.
Мемлекеттік монополия - бұл мемлекеттік органдардың сыртқы экономика қызметін жүргізуге берілетін ерекше құқық.
Фритредер ХУПІ ғ. соңында протекциондық әрекетке қарсы пайда болды, XIX ғ. Англияда ресми экономикалық саясат ретінде кабылданды. Фритредердіңі негізі Д. Рикардоның "салыстырмалы артықшьшық теориясы" жүзінде тіркелді. Казіргі кезде фритредер жеңіске жетіп, "ашық" экономика теориясына енгізілді.
Елдің ағымды сыртқы экономикалық жағдайын төлем балансы көрсетеді.
Төлем балансы - бұл шет елге төлем мен белгілі бір уақыттағы шет елден түскен кірістің қатынасы.
Төлем балансының іргетасы - сауда балансы.
Сауда балансы - бұл тауар экспорты мен импортының катынасы. Оның негізінде шекарадан өткен тауар жайлы кеден статистикасының берілгені жатыр.
Капитал шығару - бұл ұлттық айналымнан капитал бөлігін алып тастап, баска елдегі өндіріске әр түрлі нысанада енгізу.
Капитал шығарудың мақсаты - артықшылық арқасында басқа елде жоғары көлемде табыс табу, бұл ұлттық шаруашылық шартымен салыстырғанда, шет ел өндіріс факторларын қолдану болып табылады.
Капитал шығарудың түрлері: кәсіпкерлік және несиелік. Кәсіпкерлік капитал шығару өз өндірісін шет елде құру немесе жергілікті компанияға ақша салу (портфелді инвестициялар) .
Қарыз капиталы займ, несие түрінде шығарылады және ссудалық процент әкеледі. Капитал шығарудың салдары ел үшін капитал кіргізумен бір мағыналы емес. Бір жағынан, шет ел капиталы пайданы ұстанса, келесі жағынан, негізінен ұлттық экономиканың шикізаттың дамуы.
Капитал шығару негізінде және басқа елде кәсіпорын құруда капиталдың мен пайда болады, яғни транснационалды компаниялардың құрылуы (ТНК) жүзеге асады.
ТНК: - серіктес компанияларды бірнеше елде орналастыру;
- бірнеше орталықган саясат жүргізетін шешім қабылдау
жүйесі;
-басқа компанияларға әсер ететіндей серіктес компаниялардың байланысын қамту.
ТНК өзінің тарапына бағындыру арқыілы жалпы әлемдік сауданың кұрылымын өзгертеді.
Қазіргі заманғы капитал шығарудың ерекшеліктері:
-жаңа технология аумағында тікелей инвестициямен
өндіріс капитал экспортын өсіреді;
-жоғары дамушы елдерге капитал шығару артықшылық;
- капитал экспортталушы ел ретінде дамушы елдер
ролінің өсуі.
Халыкаралық жұмыс куші миграциясы (ЖКМ) - ұлттық шекарадан өткен, көшкен, ауыскан еңбекке кабілетті халық.
Себептерін екіге бөледі: экономикалық және экономикадан тыс.
Экономикалық - төменгі квалификацияланған жұмыс күшіне сұраныстың төмендеуі және ұсыныстың өсуі, дамушы елдерде жоғары білімді мамандарға сұраныстың өсуі, халықаралық жалақы айырмашылығында айқындалады.
Экономикадан тыс демографиялық, саяси діни, ұлттық, мәдени, жанұялық т. б. факторларға байланысты дамиды.
2-сұрақ. Елдер арасындағы экономикалық байланыс валюта алмастыруды да қажет етеді.
Валюта (баға, қүн) - мемлекеттік ақша бірлігі. Әр елдің өзінің халықаралық құқық нормасын ескере отырып, ұлттық заң негізінде қалыптаскан ұлттық валюта жүйесі болады.
Ұлттық валюта негізінде әлемдік валюта жүйесі пайда болды.
Халықаралық валюта жүйесі - сырткы рынокта орталық эмиссиялык банктер қызметін реттейтін мекемелердің заңдары, ережелері жинағы.
Құрамдас бөліктері:
- халықаралық төлем құралдары (ұлттық валюта, алтын, СДР, евро) .
-валюта курсын қолдау және орнату механизмі.
-валютаны конверсиялау шарты,
-халықаралық нарық тәртібі.
- валюта қатынасын реттейтін мемлекетаралық қаржы
мекемелерінің беделін анықтау.
Жаңа дәуірдегі әлемдік валюта өз дамуында үш кезеңнен өткен;
XIX ғ. басынан ІІ-ші Дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін;
30 - жылдардан 70 жылға дейін (бұл кезең Бреттон-
Вуд конференциясымен /1946 ж. / анықталады) ;
70 - жылдан бастап осы күнге дейін, ол 1976 ж.
Ямайкада бекіді.
Алғашқы екі кезенде әлемдік валюта жүйесі алтын стандартта негізделген, ол кезде ұлттық валюта заңды түрде алтынмен бекітілетін және банктер шығарған банкноттарын алтынға айырбастайтын. Үшінші кезеңде валютаға алтынды сату ең алғаш рет АКШ-та, сосын барып халықаралық рынокта басталды. Әлемдік ақша эталоны халықаралық ақша бірлігі СДР (арнайы шеттен алып пайдалану құқығы) тіркелді.
Ұжымдық валюта бірлігі валюта жүйенің дағдарыс нәтижесінде әйгілі болды.
Осы валюта бірліктері ұлттық валюта курстарын есептейтін ақша бірлігін енгізген. Олар монета немесе банкнот түрінде шығарылмайды, тек есепте жазылып қойылады.
Халықаралық валюта-қаржы жүйесі.
Валюта нарықтары.
Осы тарауда әңгіме ашық экономикалық жүйе туралы болады. Осыдан бұрыңғы экономиканың жабық үлгілерімен салыстырғанда, ашық экономикада экономикалық операциялар мен байланыстар елдің ішінде ғана емес, олар әр түрлі елдердің арасында жүріп отырады.
«Валюта» деген терминді екі мағынада қолдануға болады. Біріншіден, елдің ақша бірлігі - оның ақша жүйесінің элементтерінің біреуі деп. Екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгісі ретінде мұнда олардың несие және төлем құралдары көрінісін алады.
Ал жалпы түсінікке келсек, валюта халықаралық төлем-есеп айыру айналымындағы ұлттық ақшаны пайдаланудың ерекше әдісі болып табылады. Валюта қатынастары деп ұлттық акша бірлігін халықаралық есептесуде қолданғанда пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтықтары аталады.
Қандай ел болмасын, ол баска елдермен есептескенде, шетел валютасын қолданады. Соңдықтан шетел тауарлары мен қызметтерін өтеу қажетгігі валюта айырбасы мәселесін тудырады. Валюталар сырт қы валюта нарықтарында сатылады. Осы сатылымдар әлемдік қаржы нарығының елеулі бөлігін құрайды. Мемлекет валюта қатынастарын Орталық (Ұлттык) банк арқылы реттеп отырады. Бірак, валюта нарығы - децеюрализацияланған (бір орталыққа бағынбайтын) нарық болып табылады. Бұнда Орталық банктен басқа көптеген мекемелер мен делдалдар әрекет етеді. Қаржы нарығының аса ірі орталықтары Лондон, Нью-Йорк, Майндағы Франкфурт, Токио, Мәскеу калалары. Валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс орналасады, тауар нарығында әрекет ететін зандылықтар осы нарыққа да тән болады.
Сыртқы валюта нарығының институттарына Орталык, банк, ірі коммерциялық банктер, банктік емес дилер мен брокерлер жатады. Коммерциялық банктер валютамен жасалатын сатып алу-сату операцияларының ірі мүшесі болып табылады. Дилер ретінде бұлар «валютаның деңгейін» қолдайды, яғни олардың қарамағыңда корреспонденттенген банктардағы ұлттық ақша салымы болады. Бұл банктерге пайда табуға валютаны «сатып алушы бағасынан» жоғары болатын «сатушы бағасымен» сатудың арқасында түсетін пайда мүмкіндік береді.
Коммерциялық банктер жеке фирмалардың шетел валютасын сатып алу-сату туралы тапсырмасын орындап, брокерлер рөлін атқаруы мүмкін.
Валюта нарығы өте үлкен нарық, сондықтан осы нарықта банктік емес дилерлік және брокерлік фирмаларда әрекеттерін жүргізе алады.
Экономикасының жағдайы төмен және демократиялық жүйелер дамымаған елдерде «қара» валюталық нарықта әрекет ететін, тіркеуден өтпеген келісімдердің делдалдары мен мүшелерінің саны өте көп болады.
Валюта нарығында есеп айырысу қолма-қол ақша арқылы және қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. Біріншіде валюта, немесе, жол шегі қолданылады. Қолма-қол ақша айналымы қаржы операцияларының өте аз шамасын қүрады. Жол шегі валюталық аккредитивтің бір түрі болып табылады. Демек, «Американ Эко пресс» компаниясының кең тараған жол шегін, белгілі бір дисконт бойынша, шетелде коммерциялык банкте қолма-қол валютаға айырбастап алуға болады, немесе, ірі қонақ үйлерде, ресторанда, әмбебап дүкенде, сауда орталығында есеп айырысуға болады.
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді коммерциялық банктер телеграф арқылы, немесе, аударылатын вексель арқылы орындайды. Осы вексельдер кейін, белгіленген мерзімде төленуі мүмкін және ел ішіндегі айналымда жүретін қарапайым вексель түрінде айналуы мүмкін.
Экспортерлер мен импортерлердің шығындары ұлттық валютада белгіленеді, бірақ сатушыға ез елінің ұлттық валютасы қажет. Бұны алу үшін ол шетел валютасын өз елінің валютасына сатады. Ұлттық ақша түрінде түскен түсімнің көлемі, осы екі валютаға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасымен белгіленетін валюта курсына тәуелді болады. Әдетте, валюта курсы - бұл басқа елдің ақша бірлігі түрінде белгіленген, ұлттык ақша бірлігінің бағасы болып табылады. Бұның екі жақты көрінісі болады: шетел валютасының бірлігін сатып алу үшін қажет тенгенің саны немесе бір теңгені сатып алу үшін қажет шетел валютасы бірлігінің саны.
Валютаның сұранысы мен ұсынысынын, көлемі оның бағасына - валюта курсына тәуелді болады.
Біртұтас халықаралық валюта нарығының әр орталығында бір валютаның өзінің курсы әр түрлі болып қалыптасуы мүмкін. Валюта дилерлері бір жерде валютаны сатып алып, оны екінші жерде сатып, біртұтас халықаралық валюта нарығының щеңберінде валюта курсының бір дәрежеде қалыптасуына ықпал етеді.
Төлем балансы.
Валюта нарығында тепе-теңдіктің орнауы туралы мәселелерді жете білу үшін, мемлекеттік валюта кірістері мен шығыстарының барлық кездеріне (сұраныс-ұсыныс факторларына) талдау жүргізу қажет. Осы операциялар елдің төлем балансында көрсетіледі.
Төлем балансы елге түсетін валюта түсімі мен мемлекеттің белгілі бір мезгілде шетелде жүргізетін төлемдері арасындағы қатынастарын сипаттайды.
Төлем балансы үш бөлімнен тұрады: ағымды операциялардың балансы (есеп-шоты), капиталдардың қозғалуының балансы, алтын-валюта резервтерінің қозғалуының балансы. Осы елдің валюта нарығына ақша қаражаттарын әкелетін сыртқы нарықта жасалатын операциялар плюс (қосу) белгісін алады, керісінше жағдайда олар минус (алу) белгісін алады. Осы үш бөлімнің қорытынды нәтижесі нөл береді. Мұның дәлелі: қаражаттарды жұмсаудың әрбір бағытына сол жұмсалатын шығындардың белгілі бір көзі сәйкес келуі керек.
Төлем балансының әр бөлімін жеке алып қарайық (шартты мысал) - Қазақстан Республикасының төлем балансы.
• қатал белгіленген валюта курстарының жүйесі. Осы жағдайда сұраныс және ұсыныс өзгерістерінің нәтижесінде курстың ауытқуы болмайды. Бұл жағдай валюталық және басқа нарықтардың қызметтеріне мемлекеттік кірісудің күшті болуымен қамтамасыз етіледі.
Валюта курсының осы екі қарама қарсы жүйелерінен басқа көптеген аралық жүйелерде болады. Демек, экономистердід көбінің тұжырымдалуы бойынша, бүгінгі АҚШ-та еркін жүзетін, қатал белгіленген курстар жоқ, онда «басқарылған жүзу» жүйесі қолданылады. Осы жүйе доллардың маңайында басқа валюталардың жүзуіне, егер осы «жүзу» АҚШ экономикасына жағымды болса, жол береді.
Валюта курсы узақ мерзімде паритетпен белгіленуге тиісті. Паритет, өз кезегімен, елдегі еңбек өнімділігінің дәрежесіне, экономикалық өсудің қарқыны және сапасына, экономиканың құрылымына және халықаралық еңбек бөлінісіне тартылуына тәуелді болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz