Бенито Муссолинидің өмір жолы


Мазмұны:
Кіріспе. .
І тарау
1. 1 Бенито Муссолинидің өмір жолы . . .
1. 2 Муссолинидің билікке келуі. Италияда фашизмнің орнауы . . .
ІІ тарау
2. 1 Билік басындағы Муссолини . . .
2. 2 Муссолини бейнесіндегі патриоттық плакаттар оның фашистік идеологияға әсері . . .
2. 3 Муссолинидің одақтастары және “Стальной пакт” келісімінің жасалуы . . .
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер . . .
Кіріспе
1919 жылдың наурыз айында Италия мемлекетінде алғаш рет фашистік ұйым құрылды. Аталған ұйымның алғашқы кездері үлкен каиталдарға салықты жоғарлату, 8 сағаттық жұмыс және аграрлық саясатқа қатысты “Кім жерді игере алса, жер сонікі деген” сияқты принциптерді ұстанды. Уақыттың ағымы мен сәтті істерді күтіп жүрген фашистік ұйым бірте-бірте әскери одаққа айналды. Фашистердің өздеріне ғана тән арнайы әскери киімі - қара жейдесі (рубашка) болды. Ұйымның ерекше құрлымы - легион, когорт (ертедегі Римнің жаяу әскерінің отряды) пен ертедегі рим әскери сәлемдесуі - қолын алға қарай сілтеу. Мұның бәрі фашистік одақтың, ешкімге ұқсамайтын ерекшілігін көрсетті.
Энергиясы көп және шулы италияндық фашистердің қайреткерлерінің негізгі алға қойған мақсаттарының біріншісі, ішкі саясатқа араласу және жалпы халықтың ұлтшылдық психологиясын маздату, екіншіден, жұмысшылар қозғалысына және олардың партияларына қарсы тұру, үшіншіден, монополистер тарапынан қолдауға ие болу және армияның биігіне көтерілу. Міне, осындай мақсаттарды алға қойған фашистердің асар биігі әлі көп еді. Алайда, 1919-1920 жылдардағы фашистердің демагогикалық насихаттарының барлығы жемісті болған жоқ.
Қысқа мерзім ішінде Муссолин фашистік қозғалысты жандандыра білді және оны өзінің пайдасына өте дұрыс пайдаланды. Ол тек ғана италияндық буржуазиялық монополистерден, банкрилардан, армияның басшыларынан ғана қолдау тапқан жоқ сонымен бірге қасиетті саналатын, өте беделді Ватиканның басшылығынан да қолдауға ие болды. 1920 жылдың күзіндегі жұмысшылардың қақтығысынан кейін фашистік ұйымды қолдаушылардың саны өсті. 1920 жылдың күзінде Италия бойынша 200 фашистік одақ болса, бұл көрсеткіш үш жылдан кейін 10 есеге өсті. 1921 жылы Рим қаласындағы фашистердің съезінде “Ұлттық фашистік партия” өмірге келді. Осы жиында билікке келуді нақты бағыттары ұсынылды. Бірақ жұмысшы қозғалысы фашистердің билік басына кеуіне кедергі келтірді.
1922 жылдың тамызында жаппай фашистерге қарсы көтеріліс ұйымдастырылды. Бірақ көтеріліс басылып тасталды. Ватикандықтар мен король жанұясынан, ірі өндірушілердің қолдауына ие болып отырған Муссолин 25 мың қара жейделердің Римге келуі туралы бұйрық берді. Бұйрық бойынша 30-қазан күні, ешқандай қарсылассыз фашистер “мәңгі қалада” сөз сөйледі. Римге келу қан шығармай төңкеріс жасау еді. Король Муссолинді шақырып оған үкіметтің резиденциясы - Квириналдық сарайында биліктің кілтін тапсырды. Міне, осылай Италия тарих беттерінде фашистердің билікке келген алғашқы мемлекеті болып қалды.
Біз осы курстық жұмысымызда “фашизм” деген ұғымды енгізген ұлы диктатор Бенито Муссолини туралы оның өмір жолы, биліке келуі Италияны басқару жайлық тоқталмақшымыз.
“Демократия - халықтың өзін қожайын сияқты көрсететін немесе соған сендіретін бұлдыр үкімет”
Бенито Муссолини
І тарау
1. 1 Бенито Муссолинидің өмір жолы
БЕНИТО МУССОЛИНИ [Амилькаре Андреа] (1883-1945) - италияндық фашизмнің негізін қалаушы. 1922-43 жылдар аралығында италияндық фашистік партясын басқарған, ұлы диктатор.
Ол 1883 жылы Эмилия-Романья облысындағы Форли провинциясы Довиа шағын аулындағы темір ұсташының жанұясында өмірге келген. Муссолнидің анасы - Роза Мальтон - ауылда өмір бойы мұғалім болған. Екі жылдан кейін Муссолиндердің жанұясында тұңғыш ұлдары Бенитодан кейін, Арнальдо, бес жылдан кейін Эдвидже атты қыз өмірге келді. Былай қараған кезде Муссолиндер жанұясы орташа ауқатты тұрды. Үлкен ұлын, яғни Бенитоны Фаэнцедегі монахтар мектебіне берді. Бенито өз пікірін ашық, нақты айта алатын бірбеткей болып өсті. Мектепті бітіргеннен кейін Муссолин мектепте төменгі сынып оқушыларына сабақ берді. Бірақ ол бұл жұмыста көп тұрақтай алмады. 1922 жылы Швейцарияға аттанды.
Швейцарияда әртүрлі минтингілер мен БАҚ алдында жүріп көп нәрсе үйренді. Қоғаммен қалай байланыс құруды көрді. Еуропалық философтардың еңбегін, оның ішінде марксизді өте жақсы оқыған Бенито социалды партия атынан шығып жүрді. Италияға келгеннен кейін журналистикамен айналысып, өзіне имидж жасады. 1908 жылы атақты философ Ницше туралы мақала жазады. Онда ол философтың даналық ойлары, данышпандығы туралы зерттеу көзқарасы жайлы құнды мәліметтер береді.
Муссолини жасынан философияны өте жақсы оқыды. Оны әсіресе Ницшенің “жоғары адам” (сверхчеловека) концепциясы өте қатты таңқалдырып, қызықтырды. Ол осы жоғары адам элементін басқа мемлекеттен, өзге адамдар бойынан емес, алдымен өз басынан іздеу керектігін түсінді. Көп уақытты өзін пәлсапалық ұғым бойынша “жоғары адам” жасауға тырысатын.
Ракель - Муссолинидің жары. Ол алғашында Муссолиннің оқушысы болған. Ракель оған 4 бала тауып берді. Олар заңды түрде некелескенмен Муссолиннен бөлек тұрды. Бенито оларға жылына 4-5 рет ғана келіп тұрды. Бірақ ол өзінің осы ісіне қарамай, фашистер үшін жанұялық өмір қасиетті болу керек деп жариялады. Кейін ол жанұясын Римге көшіріп алды. Алайда Ракель мен Муссолини екеуі жеке-жеке тұрды. Ракель өте ақылды әйел еді. Ол ешқашанда күйеуінің жұмысына немесе өміріне артық араласы қойған жоқ. Өйткені ол Муссолиннің үлкен жауапкершілікпен жүргендігін білді. Алайда, Муссолини кейіннен өзі де, өзінің жанұяға қырсыздығын айтып мойындап, ешқашанда бітпейтін мемлекеттің жұмыстарымен жүретіндегін айтып өзін ақтап қояды. Оның көптеген көңілдестері болған. Ол туралы Ракель білген.
Алғаш рет Муссолин 1910 жылы Миланада өткен Италия Социалды партиясының (ИСП) жасырын съезіне қатысты. Бұл съезде үкіметке төңкеріс және реформа жасау тактикалары, билікке келудің әртүрлі жолдары айтылған. Муссолиннің саяси карьерасының өсуіне бұл съез өте қатты әсер етті деуге болады. “Келісімге келмейтін” қайраткерлер “төңкерісшіл фракцияның” ішінде жүрген Муссолини жаңаша реформалар жасауға өзін бағыттады. Ол әзірше өзінің сөзі мен ісін жалпы жұртшылыққа жеткізудің бірден бір жолы бұқаралық ақпарат құралдары екендігін білді. Ол осы жолда агрессияны туғызатын публицистикалық мақалалар жаза бастады.
Муссолиннің журналистиканың дәмін татып осы салада біраз жыл қызмет істеді. Бенито газетті өте жақсы көрді. Өз ісіне шебер Бенито бастаған жұмысын дөңгелетіп әкетті. “Лотта ди классе” (“Классовая борьба”) деген кішкентай газетте жұмыс істеды. Бенито сөзсіз дарынды еді. Ол бір өзі ғана барлық газеттің бетін толтырып отырды. Ол өзінің әр мақаласында монархия мен милитаризді, байлар мен дін адамдарын сынап, мінеп отырды. Оның сөздері қатты әрі, қатал, ашық шығып жатты. Газеттердің таралым көлемі артып 2500 экземплярға дейін көтерілді. Журналистиканың қыры мен сырына, оның шеберлігін барынша меңгеруге тырысты. Оны 1912 жылы “Аванти” (“Вперед”) газетін басқаруға шақырды. Ол атылған газеттің тиражын жарты жылда 20 мыңнан 100 мыңға дейін көтерді. Осыдан-ақ оның осал еместігін байқауға болады. “Аванти” газетінің 1914 жылы 18-қазандағы нөмерінде “Абсолютті нейтралитеттен іске қосылған және белсенді нейтралиттке дейін” атты Муссолинидің мақаласында социалдық партияның басшылары туралы айтады. Автор мақалада аталған партия басшыларына референдум өткізу туралы ұсынысын нақты жеткізеді. Содан кейін ол партияның газетінен бас редакторлық қызметінен өз еркімен бас тартады. Бір айдан кейін оны социалистер партиядан да шығарып тастайды.
Міне, осылай Муссолини жеңіліссіз ойынды бастап кетеді. Оған 1914 жылдың көктемінде оны белгілі баспагер Ф. Нальд жұмысқа шақырады. Нальд Муссолиниді бұрыннан білетін. Сондықтан оны осы жұмысқа үлкен құрметпен шақырды. Нальдидің корольдің есіктестерімен, ірі алпауыт өндірушілер мен қаржыгерлермен тамыр-таныстығы жақсы еді. Қолында үлкен қаржы мен биліктің шоқпары бар газет қожайыны Муссолинидің шығармашылық өсуіне мүмкіндік жасады. Сонымен “Попало д* Италиа”(“Народ Италия”) газеттің алғашқы нөмері 1914 жылы 15 қарашада шықты. Алғашында газет күнделікті газеті болып саналды.
1. 2 Б. Муссолинидің билікке келуі. Италияда фашизмнің орнауы
Бірінші дүниежүзілік соғыс Италияға төңкеріс әкеліп, басқалардың ойлап жүрген “Ұлы Италия” идеясы құрылады деген армандары іске аспады. Ресми Италияда 1915 жылдың 23 мамырында бірінші дүниежүзілік соғыс басталды. Муссолини басқа көптеген ұлтшылдар сияқты бәрін тастап кеткен жоқ. Газетте бірге істеген әріптестері мен қасындағы достары оны қорқақтығы үшін өзінің реніштерін білдірді. Бірақ Муссолини оларға бәрінің өз уақыты келетіндігін айтын, сендіруге тырысты. Муссолиниді армияға (соғысқа) шақырту туралы қағаз тек тамыз айының соңында ғана келді. Соғыста Муссолин туралы оның батырлығы, өжеттілігі жайлы неше түрлі әңгімелер тарап кетті. Бірақ шын мәнінде Бенито, атап айтарлықтай керемет батырлық жасаған жоқ еді. 17 ай ғана әскери киім киіп жүрді, оның өзінің көп уақытын окоптарда, госпитальдарда, тылда демалыстарда өткізді. 1917 жылдың ақпанында ол аяқ астынан минаның астына түсіп жараланып, жарты жылдан соң еліне оралып, “Пололо д* Италия” газетіндегі жұмысына орналасты.
Муссолин соғыста фроншылардың қызығушылығы мен олардың психологиясын ерекше бағалады. Оларды өзгелермен салыстырды. “Адамның іс-әрекеті” бір идеяның құлы болатындығын және де билікке жету үшін міндетті түрде күшті әскери ұйым керектігін түсінді. Осы мақсатын жүзеге асыру үшін ол 21-наурызда Миландаға бұрынғы интервентистерді, ұлтшылдарды, футуристерді шақырып басын қосып жинады. Олардың барлығы жиналып небәрі 60 адам ғана құрады. Олар осы алғашқы кездесуінде ұйымшылдық танытып “әскери одақ” құру туралы келісімге келді. Ол үшін алдын-ала тағы да кездесулер ұйымдастырылу жоспарланды.
1919 жылы 23 наурызда олар миландық сауда-өндірістік клубының Сан-Се-полькар алаңында тағы бір мәрте жиналды. Екі күн бойы Ұлы Италия мемлекетін құру және елдегі ішкі саяси жағдайға байланысты пікірталастар өткізді. Фашистердің жаңа ұйым болып құрылу туралы декларацияға 54 адам қол қойды. Олардың басым көпшілігі бұрынғы фронтшылар мен нейтралистер болды.
Фашистер өзінің бағдарламасында әлеуметтік мәселелерге ерекше назар аударды. Бағдарламаға сенаттың тапсырмасы, азаматтардың жеке бас-бостандығы, жұмысшылардың 8 сағаттық жұмыс кестесі, жалпы білім тағы да басқа осы сияқты көптеген әлеуметтік мәселер кірді. Сондықтан да фашистер өз кезегінде күллі италияндықтарды саяси-әлеуметтік өзгерістерге әкелетін нақты бағыт ұстануға ұмтылды. Муссолини ешкімнен тайсалған жоқ, өзінің идеясы мен пікірін ашық білдіріп отырды.
1921 жылы мамырда Муссолини Италия парламентіне сайланды. Парламеттегі 35 мандатты алып отырған фашистер саяси билікте саяси ойындар шығара бастады. 1921 жылы қарашасында фашистердің партиясы құрылған кезде, Муссолини партияның бас секретар массабынан бас тартты, ол өзін партия жұмысынан өзін жоғары ұстады. 1922 жылдың қыркүйегінде Италияда екі билік орнады. Фашистер жаңа қалалар мен провинцияларды басып алды. 24 қазанда Неаполдағы Сан-Карло театрында фашистердің кезекті съезі ашылды. Осы жиында Муссолини қатқыл сөз айтып, үкіметке бес министрліктің орны мен авиация комиссариатының шенін фашистерге беру туралы ультиматумдық талап қойды. Сонымен қатар ол өзінің монархияға адал екендігін жеткізіп, монархтардың күшіне сенітіндігін жеткізді. Сол күні кешке “Везуви” отелінің, яғни Муссолини тоқтаған жерде оның жақтастары - фашистердің жедел басқару отряды жиналды. Біраз пікірталастан кейін 27-ші қазан күні жалпы фашистердің мобилизациясы, ал 28-і күні елдің орталығына шабуыл жасалады деп шешілді.
Үш қатарлы сквадратшылар - фашист мүшелерінің соғыс отряды (сквадр) Перуджи жағынан Римге келіп, негізгі министрлердің орнын босату туралы талаптарын қойды. Бірақ үкімет қарсыласып көрді, алайда олар сквадистердің күшін байқап, министрлер кабинетін отставкаға жіберу туралы шешім шығарды.
29-шы қазан күні Миланда болған Муссолини ұйықтайтын вагонмен Римге келді. Фашистердің формасын киіп алған, түсі қатал (қара жейде, қара-жасыл шалбар және краги) ол бірден королге келді. Бірнеше жыл өткеннен кейін Муссолини неміс жазушысы Э. Людвигомен кездесуінде өзін Римге келе жатқан жолда өзін патриот сияқты сезінгендігін айтады. Королмен бірге балконға шыққан ол қара жейделілерге қол бұлғап мәлем берді. Міне, осылай халық ирониямен айтқан “ұйықтау вогонындағы төңкеріс” деп атап кеткен Муссолинидің билікке келу жолы аяқталды.
ІІ тарау
2. 1 Билік басындағы Муссолини
Бенито табиғатынан өте зерек, шыншыл, жігері жасымайтын, алған бетінен қайтпайтын қайратты еді. Ол шет тілдерін білген және скрипкада өте жақсы ойнаған. Оның қатарластары оған “әртістік құбылыс” деп айдар таққан. Бенито көпшіл, саяси сауаты өте жоғары, ортада өте шебер сөйлейтін шешен. Осы қасиетінен де болар алғаш құрған фашистік ұйымы бірден ауыз біршілікте жұмыс істеді.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың басында социологиялық партиядан көңілі қалған Б. Муссолини, 1919 жылы фашистік одақтың негізін қалаушы болып шыға келді. “Күрес одағы” - “Фашино ди компаттименто” деген ұранмен ашылған ұйымның негігі мақсаты - ұлттық мүддесін қорғау. “Италияны құтқару үшін бірнеше ондаған депутаттарды атып тастау керек. Парламет - ұлттық қанына жүгірген бубон чумасы екендігіне мен сенімдімін. Оны жою керек”, - деп батыл да қатал сөйлеген Б. Муссолиниге италияндықтардың басым бөлігі билікке келуіне мүмкіндік берді.
Бірнеше жыл қатарынан Бенито ел ішінде ашық қарсыласа алмай келді, бірақ 1926 жылы ол елдегі барлық оппозицияны түбірімен құртып жіберді. Олардың енді қайтадан бас көтеруіне қатты тыйым салды. Оларға арнап төтенше заң қабылдады. Заңның мәтіндеріне сәйкес, фашистік партиядан басқа саяси партияларға парламетте депутаттары отырмау керек неме сайлауға түспеуі қажет. Бұрынғы париялардың депутатары парламеттен қуылды. Осылау Муссолини Ұлы Италия мемлекетін құру жолында тек фашистердің трибуналын жасады.
Елдегі жоғары заң шығарушы орган - Үлкен фашистік кеңес болды. Кәсіподақтардың мүшелеріне, барлық демократиялық қозғалыстарға елде жүруге ашық тыйым салғызды. Буржуазиялық қоғамның ескі моралі жерге тапталып, керсінше фашистік мемлекеттің мүддесі мен мәртебесі жоғары көтеріле насихатталды.
Билік басына келген Бенито ел басқару тәжірибесінен жұрдай еді. Басқаудың жолдарында білмейтін ол саны бар, сапасы жоқ декреттер мен шешімдер шығарудан бастады. Олардың ішіндегі ең негізгісі 1922 жылы желтоқсанда қабылданған Үлкен Фашистік Кеңес (ҮФК) болды. Олардың мүшелерін Муссолини жеке өзі тағайындады. 1923 жылы фашистердің сквадры Ұлттық қауіпсіздіктің өзі еректі милициялары (ДМНБ) болып аттарын өзгертті. Өз кезегінде Муссолини барлық билікті өз қолына, әсіресе атқарушы билікті алғысы келді.
“Демократия - халықтың өзін қожайын сияқты көрсететін немесе соған сендіретін бұлдыр үкімет”, - деп Бенито Муссолини ұран тастады. Алайда, фашистердің үкіметі халыққа сол сағымды да бере алмады. Муссолини экономиканы сауықтырудың жолдарын көрсетіп ел ішіндегі экономикалық тұрақтылықты ұстап тұруға күш салды.
1924 жылдың жазында унитарлы социолды партияның фашистік лидері Д. Маттеотидің өлтірілуі елде саяси дүрбелең туғызды. Оның өліміне байланысты газетте көптеген мақалалар, көшелерде қарсылық шерулері ұйымдастырылды. Қалың көшшілік лидердің өліміне Муссолиниді айыптап, оның отставкаға кетуін талап етті. Парламеттегі фашистік емес депутаттар өзінің мандаттарын тастап кетіп жатты. Муссалиниге амалсыздан қайтадан Парламент жұмысын қайтадан үйлестіруге тура келді. Ол бұл кездейсоқ саяси оқиға қатты таңқалдырды. Оның көмекшілерінің айтуына қарағанда, ол осы күндері кабинетінде жалғыз отырып, өзін-өзі басынан жұдырықпен ұрып, “Италия фашизімі осымен бітті” деп айқайлап, жатып қалған. Фашистік болонстың басшысы Л. Арпинат пен төрт сквадристер Муссолиниге рухани қолдау көрсету үшін арнайы Римге келген. Кейін біраз уақыт өткеннен кейін Муссолин өзін емдеп жүрген дәрігерге сол кезде психологиялық шабулдың қатты болғандығын, сол кезде отставкаға кетіп қала жаздағанын айтқан.
Бірте-бірте дағдарыстың беті қайта бастап, тағы да буржуазия фашизмнің платформасына шоғырланды. Муссолини 1925 жылы парламетте фашизмге келуге байланысты сөз сөйлеп, оның бағыттарына тоқталды. Қысқа мерззім ішінде “төтенше заң” қабылданып елде фашистік диктатура орнады. Өзінің ұлы идесы туралы Муссолини былай дейді: “Фашизм - бұл адамның моралдық және материалдық күшінің алып мобилизациясы. Біз неге жетеміз? Ол сұраққа ешқандай өтірік қоспай, қарапайым ғана, ұлтты басқару деп айтамыз”, -депті.
2. 2 Муссолини бейнесіндегі патриоттық плакаттар оның фашистік идеологияға әсері
Муссолини билік басына келгеннен кейін өзіне жаңа ресми титул жасады Ол - өзін “Үкімет басшысы” деп аталды. Барлық маңызды құжаттар тек Муссолини келісім бергеннен кейін ғана қол қойылып, іске асуы керек. Заңнамалық пен жергілікті басқаруда қалыптасқан дәстүр бойынша Парламеттің келісімінсіз үкімет заңды мүлде пайдалануға құқығынсыз болып келді. Ал, Муссолини болса, өзінің тәртібін күштеп енгізуге тырысты. Ол өзінің шешімдерін “Киджи” сарайындағы ресми резиденциясының балконынан жариялап тұрды. Сарайдың алдына жиналған “қара жейделілер” Муссолинидің бұйрығын естіп “Иә” деп айқайлап жауап береді. Мұның бәрі Муссолинидің диктаторлық ісін одан әрі асқақтатып жіберді.
Италия үшін 30-шы жылдар Муссолиннің заманы туып тұрған кезең болды. Ол нәзік әрі ақылды диктатор болды. Елде күштеп билік орнатуға болмайтындығын әртүрі саяси жағдайлардан түсінген, Муссолини елде саяси-идеялық құнды қоғамдық, жүйелі фашизмнің басқа формасын кіргізуді ойлады. Бірақ елде барлық нәрсе күштеп жасалып жатты. Ватикан республикасымен қарым-қатынас, қоғамдық келісім қиындай түсті. Әрине, Муссолини өз ретінде “Рим мәселесін” шешуге тырысты. 1870 жылы Римді билеген король, католиктерге елдің саяси өміріне араласуға тыйым салған болатын. Алайда, Муссолини осыны ескере отырып, Рим папасы Пий ХІ-мен барынша бейбіт болуға ұмтылды.
Бірінші кезекте Парламетте сөз алған Муссолини “Рим мәселесін” дұрыс, әр бейбіт шешу керектігін күн тәртібіне шығарды. Бұзылған церквтерді қалпына келтіруге ұмтылды. Бірақ Муссолинидің ісінен саяси стратегиялық тактика байқалып тұрды. 1929 жылы Рим мәселесі шешілді деуге болады. Ресми келісімнің арқасында Ватикан Италиян Королдігі жеке мемелекеттік статус алып, өзінің 44 гектарлық жерін белгілеп алды. Онда барлығы небәрі мыңға жуық адам тұрды. Алайда, бұнымен фашистер мен әулие престолдар арасы жақсы болып кетті деуге бола қоймас, өйткені Муссолини Ватикандағы жағдайды үнемі бақылауда ұстап, олар туралы ақпаратты тыншылар арқылы алып отырды.
Муссолини ел алдына қалай шығу керек, өзіне қалай имидж жасау керектігін ерекше білетін адам. Билік басына келгеннене кейін де ол елдегі газеттерге “ұлы жеңістері” туралы мақтанышпен жариялап жатты. Өзінің суреттерін барлық жерге, үйлердің қабырғаларына, сквер, жарнама афишаларына, жолдарға, аялдамаларға ілдіріп қойды.
Реджо-Эмилииға бара жатқан кезде атақты диктатор: “Италяндықтар, сәл күте тұрыңдар, мен сіздерді жоғары-жоғары көтеретін боламын”, - деп ұран тастады.
Муссолинидің пәлсапасындағы “жоғары адам” қағидасы 1930 жылдардың екінші жартысында қатты байқала бастады. Муссолинидің құрметіне арналып өлеңдер, поэмалар жазылды, әртүрлі фильмдер түсірілді. Италияндықтардың өміріндегі “фашистік стиль” деген атпен жаңа ритуалды ұғым пайда болды.
Фашистер өздерінің арасында әйелдерге шалбар киюге тыйым салды. Ал, жол өтпелерінде сол жақтан ғана жүру тәртібін енгізді. Италиян үкіметінің шешімімен әр аптаның сенбісінде кез келген италияндық жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамай әскери-спорттық және саяси дайындықтан өтулері керек. Муссолини оларға әртүрлі жүгіру жарыстары, күрестерді ұйымдастыру арқылы өзін үлгі етіп көрсетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz