Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар туралы түсінік
1.1. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың әлеуметтік . экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

ІІ. Қ.Р. бюджеттен тыс қорлары
2.1. Мемлекеттің бюджеттен тыс қорларының мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6.
2.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

III Бюджеттен тыс қорлардың түрлері
3.1. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары ... ... ... ... ... ... ... ..25
3.2 Қазақстанның инновациялық қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Жалпымемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтанған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды айтады.
Бірақ рыноктық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық-мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ғылыми-зерттеу, табиғат қорғау (экологиялық), миграциялық, құқық тәртібіне жәрдемдесу, мәдени арналым және басқа қорлар, ал басқару деңгейіне қарай мемлекетаралық, мемлекеттік және өңірлік, жергілікті болып бөлінеді.
Бюджеттен тыс қорлардың болуы олардың қарауында шоғырландырылған мақсатты қаражаттарды жедел басқарып, ұйымдастыруға мүмкіндік береді: дүниежүзілік практикада қорлар дербес – биліктің өкілетті органдарының араласуынсыз басқарылады, бұл қорларды басқарудың мемлекеттік органдарына мақсатты қаржыландыру мәселелерін тез шешуге, жағдаяттың өзгерісіне дер кезінде құлақ асуға мүмкіндік береді.
1. Г.Б.Поляка. М.Юнити. Бюджетная система России: Учебник. 2000
2. Дробозина Л.А. Финансы. Учебник для вузов. – М: ЮНИТИ, 2000. – 527 с.
3. Елубаева Ж.М., Бюджетная система Республики Казахстан: теория, практика и направления развития. –Алматы: 2004.-346с.
4. Ильясов К.К., Исахова П.Б. Расходы государственного бюджета. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2003
5. Ильясов К.К., Саткалиева В., Государственный бюджет: Учебник. Алматы 1994
6. К.К. Жуйриков., Бюджет: составление, утверждение, исполнение: Учебник. Алматы 2003.
7. Құлпыбаев С. және басқалары. Қаржы теориясы. Оқу құралы. – Алматы: Мерей, 2001
8. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. Қазақстан Республикасының кодексі. Егемен Қазақстан, 6 мамыр 2004 ж.
9. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі). Алматы: 2002

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар туралы түсінік
1.1. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың әлеуметтік – экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

ІІ. Қ.Р. бюджеттен тыс қорлары
2.1. Мемлекеттің бюджеттен тыс қорларының
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6.
2.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс
қорлары ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

III Бюджеттен тыс қорлардың түрлері
3.1. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс
қорлары ... ... ... ... ... ... ... ..25
3.2 Қазақстанның инновациялық
қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..33

Кіріспе

Жалпымемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті
бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып
табылады.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтанған ақша қорын жасау және оны
ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына
пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде
мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын
экономикалық қатынастарды айтады.
Бірақ рыноктық қатынастарға көшу барысында экономикалық және
әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз
бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды.
Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар
құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық-мақсатты арналымы бойынша да,
басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша
бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ғылыми-зерттеу, табиғат
қорғау (экологиялық), миграциялық, құқық тәртібіне жәрдемдесу, мәдени
арналым және басқа қорлар, ал басқару деңгейіне қарай мемлекетаралық,
мемлекеттік және өңірлік, жергілікті болып бөлінеді.
Бюджеттен тыс қорлардың болуы олардың қарауында шоғырландырылған
мақсатты қаражаттарды жедел басқарып, ұйымдастыруға мүмкіндік береді:
дүниежүзілік практикада қорлар дербес – биліктің өкілетті органдарының
араласуынсыз басқарылады, бұл қорларды басқарудың мемлекеттік органдарына
мақсатты қаржыландыру мәселелерін тез шешуге, жағдаяттың өзгерісіне дер
кезінде құлақ асуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың әлеуметтік – экономикалық мәні
Бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың
қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын
мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік
бюджеттерді оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет
тапшылығын төмендету қажет болды. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің
жұмыс істеуімен тікелей байланысты емес шығыстардың ауыртпалығын шаруашылық
органдарына аударуды қажет етті; бұл мақсатқа Экономиканы тұрақтандыру қоры
(кейін Экономиканы жаңғырту қоры) сай болды. Басқа жағдайларда, рынокқа өту
кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым
сенімді және тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мұқтаждарға жұмсалатын
кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды.
Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сақтандыру қорының, Халықты
әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық-республикалық қорының, Жұмыспен
қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының шешуін қажет етті. Бірқатар
қорлардың – Жол қорының, Әскери өндірісті конверсиялау қорының, түрлі
арналымның инновациялық қорларының және басқаларының өте-мөте тар мақсатты
арналымы болды.
Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықты
әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық-республикалық қоры уақытша қызмет
етті – бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын
қалыптастырудың белгілі бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды
қайтарусыз пайдаланудағы қорды қалыптастыру субъектілерінің
мүдделіксіздігімен түсіндіріледі.
Қорларды қалыптастыру кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге
қайтарусыз тәртіппен ақша қаражаттарының бір бөлігін салудың қосымша
міндеттілігі жүктеледі. Егер мұндай бөлік қосымша өнім (пайда, табыс)
құнының есебінен салынса, онда тікелей кәсіпорындардың экономикалық
мүдделерін шалады – олардың ұдайы өндіріс пен тұтынудағы мүмкіндіктерін
тежейді (мысалы, 1995 жылға дейін жұмыс істеген Кәсіпкерлік пен бәсекені
дамытуды қолдау қорында). Қорларға аударылған аударымдарды өнімнің өзіндік
құнына жатқызған жағдайда, құнның бір бөлігі баға арқылы тұтынушыға аудара
салынады және бұл күш - салмақты жалпы қоғам көтереді. Сөйтіп, бұл қорды
қалыптастыру және пайдалану кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір
бөлігі үшін белгілі бір уақыт межелдемесінде баламасыз болып табылатын
қайта бөлгіштік үдерістер өрбиді, яғни олардың экономикалық мүдделеріне
қысым жасалады. Сонымен бірге бүкіл қоғам ауқымында бюджеттен тыс қорлардың
көмегімен әлеуметтік-экономикалық теңгерімділік пен тұрақтылық қолдап
отырылады, өйткені халықтың жекелеген топтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі
жергілікті және жалпымемлекеттік ауқымның мәселелерін, бүкіл экономиканың
немесе өңірдің мүддесі үшін белгілі бір мақсатты бағдарламаларды орындауды,
әлеуметтік-экономикалық дамуды теңестіруді шешу мүмкін бола бастайды.
Сөйтіп, бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуінде топтық және қоғамдық
мүдделердің қарама-қайшылығы көрінеді. Жалпы бюджеттен тыс қорлардың жұмыс
істеуі сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылады, оны
нығайтуға бағытталған және қаржылық қатынастардың бұл нысанының әлеуметтік-
экономикалық мәні осында.

2.1 Бюджеттен тыс қорлардың мәні

Бюджеттен тыс қорлар – мемлекет қаржы жүйесінің маңызды буыны;
мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде
қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы.
Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық
қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын
қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың
қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын
мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік
бюджеттерді оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет
тапшылығын төмендету қажет болды. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің
жұмыс істеуімен тікелей байланысты емес шығыстардың ауыртпалығын шаруашылық
органдарына аударуды қажет етті; бұл мақсатқа Экономиканы тұрақтандыру қоры
(кейін Экономиканы жаңғырту қоры) сай болды. Басқа жағдайларда, рынокқа өту
кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым
сенімді және тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мұқтаждарға жұмсалатын
кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды.
Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сақтандыру қорының, Халықты
әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық-республикалық қорының, Жұмыспен
қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының шешуін қажет етті. Бірқатар
қорлардың – Жол қорының, Әскери өндірісті конверсиялау қорының, түрлі
арналымның инновациялық қорларының және басқаларының өте-мөте тар мақсатты
арналымы болды.
Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықты
әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық-республикалық қоры уақытша қызмет
етті – бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын
қалыптастырудың белгілі бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды
қайтарусыз пайдаланудағы қорды қалыптастыру субъектілерінің
мүдделіксіздігімен түсіндіріледі.
Қорларды қалыптастыру кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге
қайтарусыз тәртіппен ақша қаражаттарының бір бөлігін салудың қосымша
міндеттілігі жүктеледі. Егер мұндай бөлік қосымша өнім (пайда, табыс)
құнының есебінен салынса, онда тікелей кәсіпорындардың экономикалық
мүдделерін шалады – олардың ұдайы өндіріс пен тұтынудағы мүмкіндіктерін
тежейді (мысалы, 1995 жылға дейін жұмыс істеген Кәсіпкерлік пен бәсекені
дамытуды қолдау қорында). Қорларға аударылған аударымдарды өнімнің өзіндік
құнына жатқызған жағдайда, құнның бір бөлігі баға арқылы тұтынушыға аудара
салынады және бұл күш - салмақты жалпы қоғам көтереді. Сөйтіп, бұл қорды
қалыптастыру және пайдалану кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір
бөлігі үшін белгілі бір уақыт межелдемесінде баламасыз болып табылатын
қайта бөлгіштік үдерістер өрбиді, яғни олардың экономикалық мүдделеріне
қысым жасалады. Сонымен бірге бүкіл қоғам ауқымында бюджеттен тыс қорлардың
көмегімен әлеуметтік-экономикалық теңгерімділік пен тұрақтылық қолдап
отырылады, өйткені халықтың жекелеген топтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі
жергілікті және жалпымемлекеттік ауқымның мәселелерін, бүкіл экономиканың
немесе өңірдің мүддесі үшін белгілі бір мақсатты бағдарламаларды орындауды,
әлеуметтік-экономикалық дамуды теңестіруді шешу мүмкін бола бастайды.
Сөйтіп, бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуінде топтық және қоғамдық
мүдделердің қарама-қайшылығы көрінеді. Жалпы бюджеттен тыс қорлардың жұмыс
істеуі сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылады, оны
нығайтуға бағытталған және қаржылық қатынастардың бұл нысанының әлеуметтік-
экономикалық мәні осында.
Бюджеттен тыс арнаулы қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана
қызмет етуі қаржылық қатынастарды саралауға, олардың бір бөлігін
тармаландандырылған сфераларға бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі
бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік әртараптандыруына жетуге мүмкіндік
береді.
Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық-мақсатты арналымы бойынша да,
басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша
бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ғылыми-зерттеу, табиғат
қорғау (экологиялық), миграциялық, құқық тәртібіне жәрдемдесу, мәдени
арналым және басқа қорлар, ал басқару деңгейіне қарай мемлекетаралық,
мемлекеттік және өңірлік, жергілікті болып бөлінеді.
Экономикалық қорлар – экономикалық дамудың, ал әлеуметтік қорлар
қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған қорлар болып табылады.
Мемлекеттік қорлар – бұл мемлекеттік деңгейде, ал өңірлік қорлар өңірлік
деңгейде қалыптасатын қорлар.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды
ажырата білген жөн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға,
мысалы, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгіліктік,
соның ішінде халықаралық қорларға ұқсас болғанымен өзінің мақсатты арналымы
бойынша өте сан алуан болып келеді. Сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар және
мақсатты қаржыландыру қоры болып ажыратылады, бұл қорлар 1996 жылға дейін
(оны қоса) мемлекеттік бюджеттің құрамында болып келді: жер қойнауын қорғау
және минералды-шикізат базасын толықтырудың республикалық қоры, табиғатты
қорғаудың республикалық қоры. Мұнда қаралған басқа да қорлар мезгіл-мезгіл,
1992-1996 жылдар ішінде мемлекеттік бюджетке енгізіліп, одан шығарылды. Бұл
қаржы жүйесінің қалыптасу үдерісін, оның құрылымының оңтайлы нұсқасын
іздестіруді бейнелеп көрсетеді.
Барлық бюджеттен тыс және басқа қорлар, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қорлары (жарғылық капитал, резервтік капитал,
амортизациялық, валюта, жөндеу, қорлану, тұтыну және басқа қорлар) үшін
қабылдауға болатын арнаулы қорлар термині қолданылуы мүмкін, мұның өзі
олардың мақсатты арналымын баса көрсетеді.
Ұйымдық жағынан қорлар арнаулы аппараттың немесе министрліктің
қарауында болады, бұл қаржы ресурстарының оқшауланған бөлігін басқару,
оларды ұтымды, мақсатты пайдалануға бақылау жасау икемділігіне
жәрдемдеседі. Бюджеттен тыс қорлардың болуы олардың қарауында
шоғырландырылған мақсатты қаражаттарды жедел басқарып, ұйымдастыруға
мүмкіндік береді: дүниежүзілік практикада қорлар дербес – биліктің өкілетті
органдарының араласуынсыз басқарылады, бұл қорларды басқарудың мемлекеттік
органдарына мақсатты қаржыландыру мәселелерін тез шешуге, жағдаяттың
өзгерісіне дер кезінде құлақ асуға мүмкіндік береді.
Бюджеттен тыс қорлар арқылы қаржы ресурстарының едәуір көлемі қайта
бөлінеді: Қазақстан республикасында қайта бөлудің ауқымы 2005 жылдың
басында елдің ішкі жалпы өнімнің 16%-на жетті (Ұлттық қор мен дамудың
мемлекеттік институттарын есепке ала отырып).
Өтпелі кезеңдегі бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы
төлеушілердің қаржылық жайсыз жағдайынан жобаланған көлемдегі олардың
қаржысын қалыптастырудың қиындықтары: олардың көбісінің залалдығы, өзара
берешектер, төлем қабілетсіздігі болып табылады. Нәтижесінде қордың
бюджеттері теңгерімсіз болды және шұғыл әлеуметтік-экономикалық мұқтаждарды
мақсатты қаржыландыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз етілмеді.
Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың жүйесі реформалауға жиі
ұшырады: біраз уақыт олар өзін өзі биледі, мемлекеттік бюджеттің құрамында
Мақсатты қаржыландыру қоры бөлімінде бөлек бөліп көрсетілді.
Бюджеттен тыс қорлардың көздері тұрақты және уақытша болуы мүмкін.
Бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттарын жұмсаудың негізгі бағыттары
мыналар:
жарғылық қызмет;
артық ақшалардың белгілі бір үлесін қаржы активтеріне
инвестициялау;
коммерциялық қызмет;
Арналымы – мына арнаулы мақсатты аударымдар есебінен мақсатты
шараларды қаржыландыру:
а) арнаулы мақсатты салықтар;
ә) қарыз және ақшалай-заттай лотереялар өткізу есебінен;
б) бюджеттен берілетін субсидиялар есебінен;
в) қосымша анықталған кірістер мен үнемделген қаржы ресурстары;
г) ерікті жарналар мен заңи және жеке тұлғалардың
қайырымдылықтары;
Бюджеттен тыс қорлардың көмегімен:
отындық кәсіпорындарды қаржыландыру, қаражаттандыру, несиелендіру
жолымен өндіріс үдерісіне ықпал жасауға;
арнайы белгіленген көздер мен қоршаған ортаны ластағаны үшін
айыппұлдар есебінен қаржыландыра отырып, табиғат қорғау шараларын
қамтамасыз етуге;
зейнетақылар, жәрдемақылар төлеу, жалпы әлеуметтік инфрақұрылымды
қаражаттандыру және қаржыландыру жолымен халыққа қызметтер көрсетуге;
қарыз беруге, соның ішінде шетел мемлекеттерін қоса шетелдік
әріптестерге беруге болады;
Бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеу ұйымы биліктің мемлекеттік
органдарының – орталық, республикалық және жергілікті органдарының
қарамағында болады.
Бюджеттен тыс қорлардың белгілі бір жеңілдіктерінің болуы мүмкін:
а) салық төлеуден босату;
ә) кеден баждарын төлеуден босату (коммерциялық қызмет бойынша
жеңілдіктер болмайды) ауқымдылығымен алдын ала анықталады. Көздердің
әралуандығы мен олардың мөлшеріне сол бір кезеңдегі елдің экономикалық және
қаржылық жағдайы әсер етеді.
Сөйтіп, бюджеттен тыс қорлардың қалыптасу көздерінің салыстырмалы
тұрақты да, сондай-ақ уақытша да сипаты болады. Әкімшілік-аумақтық
бірліктер бойынша ажырай отырып, олар мемлекет аумағында әр түрлі болуы
мүмкін. Бюджеттен тыс қорларға түсетін қаражаттарды жұмсаудың бағыттарына
қорлардың арналымы, нақтылы экономикалық жағдайлар және әзірленген және
іске асырылатын бағдарламалардың мазмұны себепші болады. Қаражаттардың бір
бөлігі құрылтайшылық қызметке бағытталады, сонымен бірге бағалы қағаздарға
салынады. Біріншіден, ақша қаражаттарын пайдалану оларды жасаудың уақытымен
жиі тура келе бермейтіндігіне, екіншіден, инвестициялардан алынған кірістер
тиісті қордың шығындарын қаржыландырудың қосымша көздері болып
табылатындығына байланысты бюджеттен тыс қорлар инвестициялар және қаржы
рыногының қатысушылары болады.

2.2 Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары

Мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар сан алуан әлеуметтік
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мақсатты ақша қаражаттарын
қалыптастыруға және пайдалануға арналған. Олардың құрамы, бағыттылығы
мемлекеттің жүргізіп отырған әлеуметтік саясатымен, қоғам дамуының бұл
кезеңіндегі оның мақсаттарымен, сонымен бірге экономиканың мүмкіндіктерімен
анықталады.
Қазақстанда қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың бұл нысанын
қолданудың тәжірибесі жинақталған. 1995-1998 жылдар ішінде мына әлеуметтік
бюджеттен тыс қорлар жұмыс істеді:
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры;
Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қоры;
Міндетті медициналық сақтандырудың қоры;
Жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қоры;
Олардың жұмыс істеуі Қазақстан Республикасында зейнетақымен
қамсыздандыру туралы, Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы,
Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының
заңдарымен реттеліп отырды, оларда міндетті әлеуметтік сақтандыру
қаражаттары жұмыс берушілердің сақтық жарналары мен басқа түсімдердің
есебінен қалыптасатыны белгіленді. Жарналардың мөлшері Республикалық
бюджет туралы жыл сайынғы бекітілген заңда белгіленіп, қорлар арасында
бөлініп отырды. Бұл нормалар 1998 жылға дейін тұрақты болды және заңи
тұлғалардың еңбекке ақы төлеу қорының 30%-ын құрады. Заңи тұлға құрмай
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар ай сайын әрбір жұмыскерге
келетін бір айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде төлеп отырды.
Жарналарды төлеу бойынша мүгедектердің, еңбекке қабілеттілігі
шектелінген адамдардың, ардагерлердің ұйымдары үшін, бірқатар ізгіліктік
және балалардың ұйымдары үшін жеңілдіктер белгіленді.
Мемлекеттік-жинақтаушы зейнетақы қоры.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері:
а) зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу үшін қаражаттар жинау,

сонымен бірге зейнетақы ісін ұйымдастыру;
ә) аймақтық әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға қатысу;
Зейнетақы қорының қаражаттары мынадай көздерден жасалынады:
1) міндетті зейнетақы жарналары;
2) меншік нысанына қарамастан барлық шаруашылық органдары
төлейтін сақтық жарналары немесе арнаулы салықтар;

3) жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтардың сақтық
жарналары;
4) жоғары органдардың қаражаттары;
5) ерікті зейнетақы жарналары және т.б

Зейнетақы қорының жұмсалу бағыттары:
1) заңнамаға сәйкес зейнетақыларды төлеу;
2) балаға қарау жөніндегі жәрдемақыларды төлеу;
3) материалдық көмектің бір жолғы төлемақылары;
4) зейнетақыларды индекстеуге байланысты оларды көбейтуге
байланысты болатын шығыстар;
5) қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қағаздарға, ғылыми-техникалық
базаны дамытуға және т.б. резервтерді орналастыру;
1998 жылдан бастап зейнетақы реформасын жүргізумен байланысты бұрынғы
зейнетақы қорының – мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының қалыптасу және
пайдалану тәртібі өзгерді.
Міндетті зейнетақы жарналары кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңи
және жеке тұлғалардан (жұмыс берушілерден) табысты төлеу көзінен ұсталынды
және өнімді, жұмыстарды, қызметтерді өндірудің шығындарына жатқызылды.
Жарналардың мөлшері еңбекке ақы төлеу қорының 15%-ы мөлшерінде белгіленді.
Міндетті зейнетақы жарналарынан басқа мемлекеттік емес жинақтаушы
зейнетақы қорларының салымшылары бұл қорларға еңбекке ақы төлеу қорының 10%-
ы мөлшерінде қосымша зейнетақы жарналарын аударып отырды. Сөйтіп, жаңа
зейнетақы жүйесінің қалыптасу кезеңінде жарналардың жалпы нормативті
еңбекке ақы төлеу қорының 25%-ын құрады.
Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры. Бұл қор сақтық
әдісімен жасалады.
Жасалу көздері:
1) кәсіпорындар мен ұйымдардың сақтық жарналары (немесе арнаулы
салық)
2) мемлекеттік бюджеттің қаражаттары;
3) санаторийлерге, демалыс үйлеріне, курорттарға жолдамаларды
сатудан түскен табыс;
4) басқадай көздер;
Қордың қаражаттары мыналарға жұмсалды:
1. Жәрдемақылар төлеуге (еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша;

жүкті болғанда және босанғанда берілетін; балаға оның белгілі бір жасқа
толғанға дейін қарауға берілетін; көмектің басқа түрлері).
2. Санаторлық-курорттық қызмет көрсетуді қаржыландыруға.
3. Кәсіподақтардың қызметін материалдық қамтамасыз етуге.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры еңбекке ақы төлеу қорының 2%
мөлшерінде Қазақстан Республикасы азаматтарының жалақы қоры жайында
шетелдің қатысуымен және шетелдік заңи өкілдікті қоса, жұмыс берушілердің
міндетті сақтық жарналары есебінен қалыптасты. Бірқатар ұйымдар үшін
жеңілдіктер қарастырылды.
Бұл қорларды қалыптастыруға аударылған қаражаттардың аударымдарын заңи
және жеке тұлғалар, ұйымдар мен мекемелер өндіріс пен айналыс шығындарына
кіріктірді және өнімнің, жұмыстардың, қызметтердің өзіндік құнына
жатқызылды.
Халықты жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қоры жұмыссыздық бойынша
жәрдемақыларды, жұмыссыздарды қайта даярлауды және қайта оқытуды, мұқтаж
азаматтарды қолдау үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қаржыландырды.
Міндетті медициналық сақтандыру қорының қаражаттары есебінен
медициналық ұйымдардың немесе жекеше медициналық практикамен айналысатын
адамдардың, келісімшарттардың, шарттарына сәйкес сақтандырылушыларға
медициналық қызметтер көрсету жөніндегі шығыстар өтелініп отырды. Қор
міндеті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасының шеңберінде
медициналық ұйымдарда немесе медициналық қызметтер көрсету жөнінде Қормен
келісімшарттар жасаспаған, жекеше медициналық практикамен айналысатын
адамдарда медициналық қызметтер алған жағдайда сақтандырушылардың
шығыстарын өтеп отырды.
1999 жылдан халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру мемлекеттік
бюджет арқылы әлеуметтік салық алуды және бюджетке оны шоғырландыру
есебінен жүзеге асырылды. Бұдан басқа, мемлекеттік емес зейнетақы жүйесінде
қаражаттардың едәуір бөлігі мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары
арқылы барлық сақтанушылардың (сақтандырушылардың) міндетті зейнетақы
жарналары есебінен шоғырландырылып, жұмсалды.
Әлеуметтік арналымның қорларын қалыптастыруға басқа көздерден
қаражаттар бағытталды.
Міндетті әлеуметтік сақтандыруға төленген жарналар салық заңнамасына
сәйкес жиынтық жылдық табыстан шегерілетін шығыстарға жатқызылды, ал
бюджеттік және басқа коммерциялық емес ұйымдар үшін оларды ұстауға
жұмсалатын шығыстардың сметасында қарастырылды.
Әлеуметтік қорлардың бюджеттерін үкімет бекітетін.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорларының уақытша бос қаражаттарын
инвестициялау тек мемлекеттік бағалы қағаздарға, Ұлттық банктің бағалы
қағаздарына және мемлекеттік банктердің депозитіне жіберілетін.
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына
сәйкес Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры – Қазақстан Республикасының
заңнамасымен белгіленген тәртіппен салымшылардың міндетті зейнетақы
жарналарын жинайтын және алушыларға зейнетақы төлемдерін төлейтін, сондай-
ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырып,
оларды бағалы қағаздарға, банктердің депозиттеріне, халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын заңи тұлға; құрылтайшысы
үкімет болып табылатын акционерлік қоғам нысанында құрылады.
Қазақстанда Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа мемлекеттік
емес жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс істейді. Жинақтаушы зейнетақы
қорлары ашық және корпоративтік болуы мүмкін.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс орны мен тұратын
орнына қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге
асырады. Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары алушылар – осы
жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлері болып
табылатын бір немесе бірнеше заңи тұлғалардың жұмыскерлері үшін құрылады.
Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы – міндетті зейнетақы
жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімшарт жасасқан
және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға.
Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан
Рерспубликасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңмен анықталатын
мөлшерлемелер бойынша міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары төлейтін
жарналары. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес заңи және жеке
тұлғалардың ай сайынғы ақша немесе натуралдық нысандағы табысынан он пайыз
мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары аударылады. Сонымен бірге міндетті
зейнетақы жарналарын есептеуге алынатын ай сайынғы табыс ең төменгі айлық
жалақының 75 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
Ерікті зейнетақы жарналары – бұл меншікті қаражаттары есебінен
салымшылардың немесе жұмыс берушілердің өздерінің бастамасы бойынша
міндетті зейнетақы жарналарына қосымша ретінде төлейтін мөлшері
шектелінбейтін ақшасы.
Міндетті және ерікті зейнетақы жарналарынан басқа Қазақстан
Республикасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджеттен тыс қорлар
Бюджеттен тыс қорлардың мәні
Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары және олардың қызмет ету ерекшеліктерін талдау
Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың қызмет ету жағдайлары
Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларын қарастыру және оларды талдау
Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары
Бюджеттен тыс қор
Бюджеттен тыс қорлар туралы
Бюджеттен тыс қорлар, олардың қаржы жүйесіндегі орны
Бюджеттен тыс қорлар туралы мәліметтер
Пәндер